Педагогикалық жүйе



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

ОМӨЖ №1

Тақырыбы: Педагогикалық жүйе

Орындаған: 7М01101 - педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты Жұбаныш Аружан
Тексерген: доцент, п.ғ.к. Тоғайбаева А.К.

Ақтөбе 2020 жыл
Жоспары
1. Жүйенің табиғаты мен мәні.
2. Педагогикалық жүйенің сипаты.
3. Педагогикалық үрдіс - тұтасқан қозғалыстағы жүйе.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Дүниедегінің бәрі бір жүйеге түскен. Бізді қоршаған ортадағы машина, тірі организм, қоғам немесе олардың әлдебір бөліктері жиылып келгенде өзеріне лайықты жүйе түзгендігін ұғынамыз. Осы жүйелер өз кезегінде түрліше формаға ие. Сонымен, жүйе деген не? Ендеше оған жалпы сипаттама беріп көрелік.
Отандық қазақ басқару ғылымында жүйе тұтас өрілген, өз ішіндегі әр элементке қатысты жаңа қасиетке ие өзара әрекеттестіктегі элементтер жиынтығы деп түсіндіріледі. Жүйенің түрлінше байланысуын байыптай зерттеген ресей ғалымы В.П.Симонов оның төмендегідей түрлерін атап көрсетеді:
:: технологиялық, биологиялық және әлеуметтік;
:: табиғи (адамдар белгілеген объективтік заң, ереже, принциптерге бағынады);
:: ашық (әлеуметтік және қоршаған ортаға қатысты ақпарат алмасу) және жабық;
:: қозғалыссыз (уақытқа қатысты өзгермеушілік ерекшелігі) және қозғалыстағы;
:: орталықтану және жетекші ұйымсыз басқарылу;
:: қарапайым (көп құрылымды) және күрделі (әр құрылымды);
:: жиынтық суммативті (ретке келтірілген элементтерден тұратын жүйелер) және әрекеттестік ( ең құрығанда, екі элемент ретінде өзара әрекеттесетін жүйелер).
Бұдан шығатын, барлық жүйелер ұйымдасқан құрылым мен оның сипатын танытатын қасиетке ие. Құрылымнан бөлініп шығатыны: объекті (субъекті) - бөліктері немесе элементтері, атрибуты (нысандарды құрушы қасиеті), қатынас немесе өзара әрекеттестік (жүйені бір бүтінге тұтастырады) деңгейлік иерархия мен иерархия (кезектестік) деңгейінің болуы деуге келеді.
Сонымен,жүйенің негізгі қасиеттері мынадай:
:: Тұтастық (өзарашарттастық, яғни, жүйені түзуші элементтердің ішкі бірлігі);
:: Сыйысымдылық (тіркесім, бірігу) немесе басқа жүйелер мен сыйыспаушылық:
:: Тұрақтылық (кері байланыстың беріктігі);
:: Бейімділік (қоршаған ортаға бейімделу және оның әсеріне үн қосу);
:: Оқу мен өзіндік жетілуге қабілеттілік болып келеді.
Осылайша, табиғаттағы кез-келген жүйенің эволюциялық дамуы белгілі бір заңға бағынады. Енді соларды тізбектей кетелік:
1. Мақсатқа қол жеткізу заңы. Ол не жүйені басқа күйге түсіруді, не жаңа жүйе тудыруын қамтамасыз етеді.
2. Төңкерісті терістеу заңы. Оны сақтамайтын болсақ: не жүйенің тұрақты өмір сүруі бұзылады, не мүлде құриды.
3. Эволюциялық сілкініс заңы.Ол жүйенің тиімді де, жедел дамуын күшейтуші,әрі үдетуші болып табылады.
4. Үйлесімсіздіктің үстемдік ету заңы. Басқа кеңістік - уақыттық бағытқа өткенге дейінгі аралықтағы орын алған қолайсыз жағдайда тұрақтылықты және сақталынып қалуды қамтамасыз етеді.
5. Күйзелістік бөлікті басқару ұйымының заңы. Ол тұтастықты және тиімді қызмет ету жүйелерінің барша тетігін ашып көрсетіп, қашан басқару ұйымының бөлігі екі ретке кеміген басқаруға көнетін жүйеге көшкенге дейін созылады.
2.Әлеуметтік жүйенің түр өзгешілігінің бірі - педагогикалық жүйе.
Ол- өскелең ұрпақ пен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеу мақсатына бағынған көптеген өзара байланыстағы құрылымдар мен функциялық бөліктерден тұрады.
Педагогикалық жүйелердің өзгеріске ұшырауы, оның қайта құрылуы мен бейімделуіне бағынышты болып келіп, оның кей элементтері аталған сәтте қоғамға әсер етуге; материалдық базаны бекітуге, білім беру мазмұнын жетілдіруге т.т. бағытталады. Егер қайта құрушы элементтер жүйесіз,қалай болса солай жеке дара әрекет етсе, ондай әрекеттердің бәрі түптеп келгенде сәтсіздікке ұшырайды. Педагогикалық үрдіс - өз алдына ұйысқан жүйе десек, онда оны зерттеу мен басқаруда бізден жүйелілікті талап етеді. Педагогикалық үрдістің мәні - тұтастық пен қауымдастықтың негізінде оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың бірлігін қамтамасыз ету. Сол себепті, педагогикалық үрдістің басты сипаттарына тоқталайық.
Педагогикалық үрдіс дегеніміз- тек жиынтықтала реттелген элементтер тізбегі ғана емес, сонымен қатар, оқушының оқу - танымдық әрекетімен бірлікте алынып, осы жолдағы мақсатты бағытталған оқытушының оқу-тәрбиелік қызметі. Педагогикалық үрдісті басқарудың ережесі мен принциптерін есепке алу мақсатында қоғамның (педагогтық) жетістікке жетуі үшін ұйымдастырылады. Педагогикалық үрдіс ылғи да, жүйе ретінде қоршаған ортамен өзінің өмір сүру барысындағы ақпарат және әлеует(потециал) алмасуды жүзеге асырып отырады. Оның өмір сүруінің өзі, дамуының барысы түптеп келгенде осы жүйенің ашықтық деңгейіне байланысты. Педагогикалық жүйенің элементтерінің бірі - коммуникативтік(бәрінің басын қосушы) бөлік. Ол басты да, үстем рөлге ие. Ондағы сәл-пәл өзгерістің өзі бүкіл жүйе өзегінде көрініс тауып, онда біршама ауыс-түйістік өзгерістерді тудырады.
Осы айтылғандардан туындайтыны, педагогикалық үрдіс дегеніміз - қызметтік, жасанды және ашық жүйе. Сонымен қатар, ол нақты да, қозғалыстағы, әрі белгілі бір дәрежеде орталықтанған жүйе болып табылады.Енді осы педагогикалық жүйенің функциялық бөліктерін [мақсаттық (жобалаушы), мазмұндық, қызметтік (ұйымдастыру - басқармалық), сараптама-нәтижелік] қарастыралық:
1. Мақсаттық бөлік өз бойына педагогикалық қызметтің барша көп тұрпатты мақсаты мен міндеттерін жиған. Оған: басты мақсаттан, яғни, жан-жақты және үйлесімді тұлғалық дамудан бастап, тұлғаның жекелеген сапасын қалыптастырудың нақты міндетіне дейінгі аралық енеді. Педагогикалық жүйе дегеніміз - қызметтік жүйе, ал кез-келген қызметтік әрекет белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Сондықтан, мақсат пен міндет - әманда, ең бірінші жүйе түзуші фактор болып табылады.
2. Мазмұндық бөлік өз кезегінде жалпы,ортақ мақсатпен қатар, әрбір нақты міндеттерге қатысты мағыналарды да ашып көрсетеді. Ол өз іс-әрекетімен айқындалған негізгі принциптер мен әдістерді жүзеге асырады.
3. Үшінші жүйе түзуші фактор болып табылатын қызметтіктің аясында біздің түсінетініміз - тәлімгер мен шәкірт арасындағы өзара ұғыныстық, әрі олардың педагогикалық қарым-қатынас барысындағы орын алатын екеуара әріптестіктері, онсыз біз осы салада ешқандай оң нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл - басқарудың бірінші деңгейі балса,ал екінші деңгейге жататыны- оқу орнының басшылығы мен оқытушылар т.т. арасындағы орын алатын өзара ұғыныстық.
4. Педагогикалық үрдістегі сараптама-нәтижелік бөлік болса, оның өзіндік тиімділігін, қалай өткенінің барысын, алға қойылған мақсатқа орай қол жеткізілген ілгерілеушіліктерді жан-жақты ашып көрсете отыра сипаттайды.
Кез-келген жүйенің құрылымын тек қана оның бөліктері бойынша ғана емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде
Педагогикалық менеджменттің құрылымдары
Педагогикалық процесс - педагогикалық теорилның объектісі болатындығын көрсету
Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету
БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ
Жүйе жəне басқару
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Педагогикалық іс-әрекеттің тұлғаға бағытталуы
Білім беру жүйесін басқару ерекшеліктері
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Пәндер