Қазақстанның Болон процесіне қосылуы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Болон декларациясы біріңғай еуропалық білім кеңістігін құру, еуропалық жоғары білім беру жүйелері, Болон декларациясының негізгі қағидалары
Орындаған:Бижанова Н.К
Тексерген:
Тобы:ПиП + б.б менеджмент
Жоспар
1.Кіріспе
2.Болон декларациясының қабылдануы.
3. Қазақстанның Болон процесіне қосылуы.
4. Болон үдерісі ұлттық ерекшелікті ескере ме?
5.Қорытынды
Кіріспе
Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 48 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады.
Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.
Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы ЖООлардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.
Болон процесі - еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.
Білім беру жүйесін ортақтастыру Еуропа елдерінде жетпісінші жылдардан-ақ бастау алған. Ал әлемдегі озық үлгідегі университеттердің ұлы хартияларының бірі - Сорбон декларациясы 1998 жылы 25 мамырда қабылданды. Арада бір жыл өткенде Еуропаның 29 мемлекеті қол қойған Болон декларациясы қабылданып, жоғары білім беру жүйесінде Болон процесі деген түсінік қалыптасты. Қазақстанның Болон үдерісіне қосылғанына да бес жылға жуық уақыт болды. Еуропа елдері арасында кең тараған Болон үдерісі дегеніміз не? Осы уақыт аралығында жоғары оқу орындарындағы бұл үдеріс отандық білім саласына қандай жаңалық әкелді? Қарапайым халық арасында әлі күнге дейін бұл сауалдарға толыққанды жауап табылмады. Сол себепті, біз қазақстандық білім жүйесіне енгізілген Болон процесінің қыр-сырын зерделеп көруді ұйғардық.
Болон декларациясының қабылдануы.
Болон үдерісі алғашқы еуропалық университеттің отаны Италиядағы Болонья қаласының құрметіне аталған. 1999 жылы 19 маусымда Болонья қаласында білімге жауапты жиырма тоғыз еуропалық министрдің Бірінші конференциясы өтті. Осы конференцияда Болон (Еуропалық жоғары білім аймағы) дек - ларациясы қабылданды. Болон декларациясы - Еуропа елдерінің ортақ білім беру жүйесін құруды мақсат етіп, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша қабылданған декларация. Болон үдерісі де осы декларациядан бастау алған. Болоньяда алғаш бас қосқан министрлер Болон декларациясын қабылдағаннан кейін, екі жыл сайын тұрақты түрде бас қосуды күн тәртібіне қойды. Білім министрлерінің кездесуі 2001 жылы - Прагада, 2003 жылы - Берлинде, 2005 жылы - Норвегияның Берген қаласында, 2007 жылы - Лондонда, 2009 жылы - Лувен-ла-Невада, 2010 жылы - Будапеште, 2012 жылы - Бухаресте өткен болатын. Министрлердің жыл сайынғы кездесуінен кейін Болон процесіне қосылған елдердің қатары арта бастады. 2003 жылы Берлиндегі білім министрлерінің бас қосуында Болон декларациясына қол қойған мемлекеттер саны қырыққа жетті. Араға екі жыл салып, 2005 жылы Бергенде өткен басқосуда Болон үдерісіне көшуге бұрынғы Кеңес Одағының алты елі келісім берген. Қазіргі кезде Болон үдерісіне әлемнің 47 елі қосылған.
Жалпы, Болон процесі дегеніміз - жоғары білімнің еуропалық жүйесінің құрылу процесі. Болон үдерісі еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату, ұлттық білім жүйелерін жақындастыру, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу, академиялық кредиттер жүйесін қабылдау, білім сапасын бақылау және студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейтуді көздейді.
Болон үдерісі жоғары білім беруді бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш саты бойынша бекітеді. Еуропалық жаңа үдеріс бойынша оқу процесін ұйымдастыру және студенттердің білім үлгерімінің қорытындысын бағалау еуропалық кредиттік жүйе арқылы жүзеге асады, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен акредиттеуді дамытады. Болон үдерісі бойынша білім беретін оқу орындарының студенттері мен профессорлары Еуропа елдері мен университеттері арасында еркін алмасуға ие бола алатындығы да процестің бір игілігі болып саналады. 2005 жылдан бастап Болон декларация - сына қол қойған мемлекеттердің жоғары оқу орнын бітіруші барлық түлектеріне бакалавр және магистр дипломдарына бірдей үлгідегі тегін еуропалық қосымша берілуде. Еуропалық үлгідегі қосымша беру - Болон үдерісінің негізгі параметрлерінің бірі. Бұл қосымша Еуропалық комиссия, Еуропа кеңесі және ЮНЕСКО бірлесіп дайындаған бірыңғай стандарттық құжат. Бұл құжат жоғары оқу орнының түлектері оқуын жалғастыруды көздеген жағдайда шетелдік университеттерде, жұмысқа орналасу кезінде шетел компанияларында мойындалады.
Білім мазмұнын дайындық бағыттары бойынша үйлестіру, студенттерді өздері таңдаған курстары арқылы оқыту, модульдік жүйе, қашықтықтан оқыту және электронды курстар - Болон процесінің негізгі өлшемдері. Міне, осындай өлшемдер арқылы жұмыс істейтін Болон үдерісі жоғары оқу орындарының автономдығын қуаттайды. Қазіргі уақытта әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің көпшілігінде автономды басқару моделі қалыптасқан. Автономды басқару моделі ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз етуді көздейді. Ол - жекешелендіру емес, жоғары оқу орындарының басшыларына құзырындағы мәселелерді өздігінен шешуге мүмкіндік беру.
Әлемнің көптеген елдерінде түрлі кредиттік оқыту жүйелері бар. Бұл жалпы оқыту жүйесін сипаттайды, яғни, студент белгілі бір мамандық алып шыққанға дейінгі оқу процесінің негізін көрсетеді. Ал Болон үдерісі бойынша жоғары білім беруде ECTS кредиттік жүйесі қолданылады. ECTS кредиттік жүйесі - халықаралық қолданыстағы өлшем. Дегенмен, әр мемлекет халықаралық стандарттағы өлшемді қолданса, ол өз еліндегі ұлттық білім өлшемінен бас тартсын деп міндеттелмейді. Тек қана студенттердің білім деңгейі ECTS кредиттік жүйесі арқылы есептеледі.
Аталған кредиттік жүйеге көшу студенттердің өздігінен білім алуына жағдай жасау үшін әзірленген. Студенттердің өз бетімен білім алуы үшін бос уақыт беру арқылы олардың оқуға деген көзқарасын, өз біліміне деген жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік беруді көздейді. Кредиттік оқыту технологиясы - оқытудың бағытсыз жүйесі. Яғни, білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Оқыту жүйесінің бұл түрі студенттерге оқытушыларды таңдау еркіндігін де береді. Осы арқылы оқытушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігі туындайды. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, оқытушылар студенттердің сұранысын қанағаттандыратын және олардың білім деңгейі қазіргі заманның талаптарына сай үнемі жетіліп отыруы тиіс. Кредиттік жүйе бойынша міндетті пәндер мен таңдау пәндеріне арнайы кредит бөлінеді. Әр кредиттің белгіленген құны бар. Болон процесіне байланысты кредиттік оқыту жүйесі дамыған еуропалық елдердің көпшілігінде қолданылуда. Бұл жүйе жалпы пәндерді оқытуда тиімді болғанымен, қазір жоғары оқу орындарында мамандықтың ерекшелігіне сай классикалық бағалау түрлері қатар жүзеге асады.
Болон процесінің негізгі мақсаты - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz