Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:

Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру

Орындаған:Халматова. Р.

Тобы:МДО-181/Б

Қабылдаған оқытушы:Нурметова. Д.

Ақсукент 2020ж

Жоспар

І . Кіріспе

1. 1 Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы.

1. 2 Әртүрлі жастағы балалардың табиғатпен таныстыру ерекшелігі мен міндеттері.

1. 3 Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі, қалыптасу жолдары.

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту.

2. 3 Тәжірибелік жұмыс

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Адам өмірі абиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінің сан алуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсуіне ерте заманның өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат - бұл әртүрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Зертттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру.

Зерттеудің міндеті:

-Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.

-Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.

-Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы Республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламада «Баларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. К. Д. Ушинский - баланы табиғат пен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен

Ал табиғатпен таныстыру - балардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.

Қорщаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылық пен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, мектеп алды даярлықтардың өнегесі арқылы дүниені таниды көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірмен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

  1. Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшаның тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру - балардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау- экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңызды. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді, бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайрымдылыққы тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, мектеп алды даярлықтарға байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат, мұражайларға бару, мақсаттық серуен, телебағдарламалар, бейнефильмдер, табиғат туралы көркем әдебиеттер, суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау, музыка тыңдау, дидактикалық ойындар, мақал мәтелдер.

Экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

-табиғаттағы әр түрлі оқиғалар бейнеленетін немесе табиғатты қорғау, көренйту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын,

-балабақша алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жузеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу, (ойыншықтар, кітаптарды және т. б жөндеу) іс-әрекетті;

-табиғатта алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелу өнерінің туындыларын жасау;

-табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жанауарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау - бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитып кешенді іс-әрекет;

-тәжірибе жасау - бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс-әрекет жүзіндегі танымдық іс-әрекет;

-тіл, сйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диологқа қатысу;

-табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөніндегі пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;

-табиғат жайындағы мазмұнды телехабарларды, көріп тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет жасау;

-бақылау -өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету:

Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады.

Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты.

Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі. Ал баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді.

Балалармен экологиялық бағытта іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерін игеруін қамтамасыз етеді.

Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету - әр әдіс түрінің тәжірибе мен млдельденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделіленіп, іс-әрекетінің мазмұны мен формасы нығайып жетіле түседі. Негізінен бұл жастағылардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады. Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс татабады. Табиғат аясында тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуына бейімделуіне ықпал етеді. Кішкентай балаларға қарағанда мектеп алды даярлық жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады.

Мекиеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыруда олардың жас кезеңдерінің, ыңғайлы кезең екендігін, нақты компоненттерді тірек ете отырып(мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-сезімдік, іс-әрекеттік) шешімін іздестіруге болатынын дәлелдейміз.

Балабақшада балалар табиғатпен жан-жақты терең таныстырып отыру тек экология оқу іс-әрекетінде ғана емес, тіл дамыту оқу іс-әрекетінде де өз жалғасын табуы қажет. Ол үшін балалардың жасына, тәрбиеленетін тобына байланысты.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

-педагогтар экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

-баларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата-аналарына насихаттау;

-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар өлі және тірі табиғат арасында организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғат пен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор ьолып табылады. Ол әр түрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу онерін дамытады.

Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойындатабиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;

2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;

3. Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойыншықтарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;

5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.

Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологтялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық салалардықалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде мектеп алды даярлықтар тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгерщілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншіліккежәне соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптасады.

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді.

Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болуымен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенінушқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлщегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсінуге әрекет жасап көр.

Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен-кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейрімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық.

«Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді», демекші, барша байлықтың анасы- Жер, жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарды игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.

1. 2 Әртүрлі жастағы балалардың табиғатпен таныстыру ерекшелігі мен міндеттері.

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру - олардың санасында қоршаған табиғат жөніндегі білімдерді беру құралы, мұның өзі сезімдік тәжірибеге және табиғатқа деген дұрыс көзқарасқа негізделген. Балаларды табиғатпен таныстыру процесінде өзара тығыз байланысты білімді және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады.

Табиғатқа деген ынта-ықыласты да тәрбиелеу қажет. Тәрбиеші жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы түріне, қимылына, қылықтарына балалардың назарын аударып, қалай бақылау керектігін көрсете отырып, балалардың табиғат жөніндегі білімін ғана емес, жануарларға деген көзқарастарында қалыптастырады.

Балалар табиғатта болып, еңбек етуін олардың денсаулықтарын нығайту мен денелерін жетілдіру үшін пайдалану керек. Табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралы болып табылады.

Сәбилер тобындағы балалардың табиғатпен таныстырудың міндеттері:

1. Балаларға жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.

2. Балаларды қолжетімді табиғат құбылыстарымен таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықтарын қалыптастыру, тіршілік иелеріне оң қарым-қатынас ын тәрбиелеу, қарапайым эстетикалық сезімдерін ояту қажет.

Сәбилер тобында табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыруда баланың айналасында өмір сүретін жануарлармен таныстыру аса маңызды.

Кіші топта әнші құстарға, аквартумдағы балықтарға құстарға және (ит, мысық, көжек, тотықұс) бақылаулар жүргізу, 2 жасқа қарай бірнеше жануарлардың болмысын сүреттейтін, ойыншықтардан(құс, тауық, мысық, ит) танып көрсетуге, оларды атауға, дауысын еліктеуге үйрету, осы белгілермен қатар нақты атауларын беру. Балалармен бірге жануарлардың кейбір ерекше белгілеріне, дене мүшелеріне (басы, құйрығы), қимылына (жүгіреді, ұшады) назарларын аудару қажет.

Бір жарым жастан асқан балалармен бірге табиғат құбылыстарын бақылау, оларды атай білуге ынталандыру, белсенді сөздік қорларын толықтыруғп көп көмегін тигізеді.

Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратады, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аударады. Екі жасқа қарай тәрбиешінің нұсқауымен белгілі түстегі гүлді тауып алуға, мектеп алды даярлық адамның көмегімен гүлдерді, ағаштар мен шөптерді көрсетуге үйренеді.

Балалар күнделікті өздері көріп, жеуге болатын, (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкеністер мен жемістер туралы түсініктерін бекітіп, оларды болмысынан және суреттерден тануға жаттығады.

Су туралы түсініктерін бекітуде: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынады, және суға шомылады деген сияқты ұғымдармен танысады.

1 жас 6 айдан асқан балалар ды құмның қасиетімен таныстыруда: құрғақ болса сусылдайды; ылғал болғанда, пішінді жақсы сақтайтындығын меңгереді.

Жыл соңында бағдарламалық материялдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

-бірнеше жануарларды табиғи болмысын, суреттерден танып көрсету және олардың аттарын атау, дауыстарын келтіру;

-табиғат құбылыстарын атауды;

-ағаштар, гүлдермен шөптерді ажырату, оларға қамқорлықпен қарауды;

-белгілі түстегі гүлді тауып алу, мектеп алды даярлықтардың көмегімен гүлдер мен шөптерді көрсетуді;

-балаларға күнделікті көріп, жеуге болатын (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкеністер мен жемістерді ажырату, оларды табиғи түрлері мен суреттерден тануды;

-су туралы түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынып, шомылатынын;

-құмның қасиеттерін білу: құрғақ болса сусылдайды, ылғал болғанда пішінді жақсы сақталатынын білу тиіс.

Ортаңғы топ балаларын табиғатпен таныстыру міндеттері:

1. Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері
Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz