Жүйке жүйесінің аурулары


Орындаған: Айткулова М. ДФ-11 топ студенті
Тексерген: Заркенова Л. С.
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің аурулары.
Сұрақтар:
1. Жүйке жүйесі зақымдалып туғандар, зақымдарының сипаты, клиникасы, болжамы, қосалқы аурулары (мерез, туберкулез, токсоплазмоз) . 2. Менингиттер, арахноидиттер, жұлындық менингит. Ағымы, соңы. Олардың балалық шақтағы ерекшеліктері. Энцефалиттер, ағымы мен соңы. Балалық шақтағы болжамдары.
Тапсырмалар:
1. Лекция материалдарын, ұсынылған әдебиеттер көздерін, интернет көздерін қолданып сұрақтарға қысқаша жауап беріңіздер. Жүйке жүйесі ауруларының себебі (этиологиясы) және негізгі формалары.
2. Жүйке жүйесінің функциональдық және органикалық зақымдалулары.
3. Медициналық терминдерді сөздікке жазу.
Сұрақтар:
1) Мерез ( лат. Syphilis; қыт. 梅毒 ) - жұқпалы созылмалы ауру. Қоздырғышы - Treponema pallidum . Ол тек адамда ғана болады. Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, қылдырық (тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді. Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета (лат. Treponema pallidum) қан арқылы адам организміне толық тарайды . Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады. Мерезбен ауыру организмде бозғылт спирохетаның көбеюімен байланысты. Жүре пайда болған мерездің кіру қақпасы терінің және шырышты қабаттардың тұтастығының аз да болса бұзылған (тырналған, сырылған, кесілген) жерлері болып табылады. Жұқтырылу жыныстық жолмен де, сонымен қатар жыныстық емес жолдармен де таралуы мүмкін: сүйіскенде, ортақ ыдыс, орамал арқылы және т. б. Организмде мерез бірнеше кезеңнен өтеді, бұл инфекцияның біртіндеп дененің әртүрлі тіндері мен мүшелерінде таралуымен байланысты: тері мерезі, ішкі мүшелер мерезі, жүйке жүйесінің мерезі.
Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі - қатты шанкр. Бұл бозғылт спирохетаның адам организміне түскен жерінде пайда болатын, қатып қалған, ауырмайтын түймедей жалақ немесе сызат жара. Әдетте, мерезбен ауырған адамның жыныс мүшелерінде, ернінде, тілінде т. б жерлерінде кездеседі. Мерезбен ауырдым-ау деген күдігі бар адам мұндай жараны йод, көк дәрі арқылы емдемей, тезірек шипагерге қаралуы қажет.
Ауру жұққаннан кейін екі-үш ай өткесін мерездің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде теріге бөртпе қаптап кетеді, бірақ, ол теріні түсірмейді жане науқасқа да айтарлықтай әсер етпейді. Еріннің, ауыздың ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар түседі. Кейде дауыс қарлығуы да мүмкін, сонымен қатар, теріде қызғылт түйіршіктер пайда болады. Жыныс мүшелеріне шыққан майда түйіндер бара-бара үлкейе түседі. Кейде біріне-бірі қосылып, үлкен жараға айналады. Осы жарадан аққан іріңде бозғылт спирохета көбейіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл кездегі ауру адамның басқаларға мерез ауруын тарату мүмкіндігі ерекше күшті болады. Біраз уақыттан кейін алгі белгілер өзінен-өзі жоғалып кетеді. Ауру өзін жазылдым деп санайды. Оны бездерден, қаннан ғана табуға болады. Егер ауру адам емделмесе мерездің екінші кезеңі үш-төрт жылға созылады және әлсін-әлсін жоғарыда айтылған белгілер қайталап отырады.
Осыдан соң мерез үшінші кезеңге өтеді. Бұл кезеңде сырқат организмы мүлде әлсіреп, ми мен жұлын жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып қалады, көзі көрмейді, жүкті әйелдер бала тастайды, жүрек, өкпе, бауыр қызметтеры нашарлайды. Мұрын кеңсірігі опырылып, адам пұшық болып қалады.
Лабораторлық диагностикасы . Зерттеу материалы - шанкрдің, бөртпенің бөлінділері, қан. Зерттеу әдістері - микроскопиялық, серологиялық. Микроскопиялық - трепонемалар анилинді бояуларды нашар қабылдайды. Грам әдісімен бояғанда грам теріс, Романовский -Гимзе әдісімен бояғанда (2 сағ) ашық - қызғылт түске боялады. Формасы спираль тәріздес (бұрандаға ұқсас), 8-12 дұрыс формалы иірімдері (айналымдары) бар. Спора, капсула түзбейді, талшықтары жоқ. Қозғалғыш Ілінген немесе езілген тамшыда қозғалғыштың 4 түрі анықталады: алға қарай жүру, айналу, ирелеңдеп жүру және толқындап жүру. Қозғалғыштық кіндік жіпшелердің (осевая фибрилла) барысымен бағытталған, жиырылу арқылы қозғалады.
Физиологиялық қасиеттері : Қатал анаэроб. Қоректік орталарда нашар өседі, тек ми қосқан қоянның қан сарысуында, оттегісіз жағдайда 37 0 С жақсы өседі. Өскен трепонемалар мінездік, морфогендік, иммуногендік және патогендік қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан диагностика үшін биологиялық әдіс қолданбайды.
Емдеуі - пенициллин және оның дюрантты препараттары (бициллин-1, 3, 5; тетрациклин, олететрин, эритромицин, сифлокс, клофоран) . Антибиотикке қосымша висмут және йод препараттары ұсынылады (бийохинол, бисмоверил, пентабисмол, йодид натрии, йодид калии, кальцийодин) . Емдеуді циклді немесе тұтас үзілмейтін әдісімен жүргізіледі.
Сақтандыруы - арнаулы сақтандыруы жоқ. Жеке бас гигиенасын сақтау, кездейсоқ жыныстық қатынастардан сақтану.
Туберкулез ( лат. tuberculum - төмпешік ), ескіше: құрт ауру, көксау - адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы - микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р. Кох (1843 - 1910) ашты (1882) . Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 - 10, ені 0, 2 - 0, 6 мкм. Жүйке жүйесінің туберкулездік зақымдануы әдетте туберкулез таяқшаларының (бациллаларының) организмде бұрыннан бар туберкулез инфекциясының ошағынан (өкпедегі, лифа түйіндеріндегі) қан арқылы жүйке жүйесіне келіп түсуінің нәтижесінде пайда болады. Туберкулез бациллалары мидың жұмсақ қабығына түскенде туберкулездік менингит дамиды.
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады.
Туберкулездік спондилит кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдануы. Туберкулездік спондилит, яғни жеке омыртқалардың сүйек затының туберкулездік процеспен зақымдануы, көбінесе бұрыннан лимфа түйіндерінің, буындардың, өкпенің туберкулезі бар балаларда дамиды. Бала организмінің әлсіреуі, бірқатар инфекциялармен ауырып шығу, қаназдық (анемия), сонымен қатар омыртқа бағанасының жарақаттары туберкулездік спондилиттің дамуына жағдай жасайды. Бұл аурудың негізінде туберкулезді процестің жеке омыртқалардың сүйек затын бұзып, оның сиреуі мен тарауын шақыруы жатады, соған байланысты омыртқалар өзінің қалыпты пішінін жоғалтып, дене салмағының басу нәтижесінде әртүрлі бүлінуге (деформация) ұшырайды. Бұл омыртқа жотасының қисайып, бүкір болуға әкеп соғады (кифоз) . Омыртқа жотасының деформациясы кейбір жағдайда (әсіресе омыртқалар сынған кезде) жұлын мен оның түбіршектерінің қысылып, зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі ( Манту реакциясы ) . Халықты жаппай флюорографиялық ( рентгенологиялық жолмен ) тексерудің маңызы зор.
Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 - 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т. б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.
Токсоплазмоз - іштен туа бітетін немесе жүре пайда болатын, айқын клиникасында ОНЖ, РЭС-ағзалардың, жүрек, көз зақымымен көбінесе латентты және созылмалы формада өтетін зоонозды жұқпалы ауру. Токсоплазмозды - Т. Гонди деген қарапайымдар тудыратын, көбінесе мысықтар арқылы тарайды. Негізінде бұл өте кең тараған ауру, бірақта әлі күнге дейін дәрігердің көбі оған көңіл аудырмай, тіпті клиникасы мен диагностикасында біліңкіремей қоймайды. Бұл инфенкцияның маңызы келесі жағдайларға байланысты:
- ауру қоздырғышы табиғатта кең тарауда
- көптеген адамдар осы қарапайымдармен инфекцияланған (дүние жүзінде 6-9% аралығында, бұрынғы КСРО-да 25-30%)
- осы инфекция анадан іштегі баласына жұғуы мүмкіндігі өте жоғары. Нәтижесінде баланың ОНЖ зақымданып, кемтар, жарымжан балалар туады
- осы инфекция көбінесе кезде нығаяды ( әсресе СПИД көрінісі)
- бактериологиялық қарулар тобына кіреді
Токсоплазмоз - қоздырғышы бірнеше механиздер мен берілетін, клиникалық белгілері әр түрлі жасырын және созылмалы түрде дамыитын ауру. Қоздарғышы - апельсиннің бір бөлігіне ұқсас, бір шеті үшкірленген, екіншісі - жұмырланған, ұзындығы - 4-7 микрон. Токсоплазмалар барлық сүткөректілердің эритроциттерінен басқа жасаушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейді. Қоздырғыштар бөліну жолымен көбееді және бірнеше жыл тіршілік етеді. Токсоплазмозмамен ластанғыш заттар құрғатылған кезде қоздырғыштар жылдам қырылады. Токсоплазмалар 40-50С температурада 15-20 мин, ал 60-80С-та 5-10 минуттан кейін өледі. 5-8С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік, сутте - 2 тәулік тіршілігін сақтай алады.
Эпидемиологиясы табиғат ошақтарды құратын зоонозды инфекия. Көптеген мал-хайуандарда, құстарда токсоплазмозды жұқтыру қабілеті зор болады. Сырқат көбінесе жылы жақтарда кең тараған. Айтып кеткендей, дүние жүзінде орташа алғанда 20-25% халық токсоплазмоздармен инфекцияланған. Ауру көзі ретінде мал мен құстар шығуы мүмкін. Иттер өздері ауруға мүмкіншіліктері бар, бірақта ауруды таратпайды. Адамнан сырқат жұқпайды, тек анадан-перзентке іштен бітуі мүмкін.
Берілу жолдары:
1) алиментарлы-95-96%
2) тері және шырышты қабаттардың жарақаттарынан-3-4%
3) трансплацентарлы
Патогенезі:
Ас қорыту жолы арқылы-регионарлы лимфа түйіндеріне көбейеді- қабыну өзгерістер - инфекциялық гранулемалар. Лимфа түйіндерінен қанға өтуі мүмкін -бауыр, көк бауыр ОНЖ, миокард, бет, көзге т. б. Цисталар көп жылдар латентты түріне өтнді, сақтылынады. Патогенезінде өте маңызды роль аллергиялық өзгерістер (ГЗБ) 95-98%-инфекцияланған адамдарда - латентті инфекция (ГЗТ+ZdJ) (алл. пр. )
Емі:
этиотропты препараттар тек қана вегетативті формаларға әсер етеді, сондықтан көбінесе жедел формада қолданады:
- тиндури (хлоридин)
- делагил
- аминохинел
- бисептол
- тетрациклин
- спирамицин
Ұзақ курспен емдейді. Созылмалы формасы - этиотропты ем тек қана айқын клиникалық белгілерінде. Көбінесе десенсибилизация, иммуностимуляция әсер беретін препараттармен емдейді. Екі қабат әйелдерде - токсоплазмозға тексерген кезде реакциялар оң болса -«Д» бақылау (3 айда - тексеру) . Реакциялардың титрі үдей түссе емдеу керек. Созылмалы формада - екі қабат кезінде емдеу қажеті жоқ. - Ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын алуға бағытталған.
2) Менингит - ми қабықтарының қабынуы. Бұл ауруды әртүрлі бактериялар шақыруы мүмкін, бірақ көбінесе кокктар тобы (менингококктар, стрептококктар, пневмококктар) шақырады. Менингиттің ең жиі кездесетін түрі цереброспиналдық менингит болып табылады, оны менингококктардың ерекше тобы қоздырады. Бұл ауру көбінесе қысқы және көктемгі уақытта эпидемиялық өршу түрінде таралады. Менингококктық инфекцияның көбею ошағы мен таралу көзі жұқтырылған адам болып табылады. Сыртқы ортада аурудың қоздырғыштары (менингококктар) күн сәулесінің, температураның әсерінен тез жойылады. Сау балалардың мұрнының шырышты қабатында олар біраз уақыт сақтала алады, міне осыған байланысты бацилла тасымалдаушылық кездеседі. Жұқтыру бацилла тасымалдаушының мұрын шырышы онымен қатынас жасаған басқа балалардың терісіне немесе шырышты қабаттарына түскен кезде болады (ойнау кезінде, сүйіскенде, бацилла тасымалдаушы қолданған ортақ сүлгі, беторамал және т. б. заттар арқылы) . Аурудың жедел кезеңіне өзіндік сипаттағы көрінісі тән болады. Әдетте ауру дене қызуының жоғарылауынан басталады, сонымен қатар құсу, терінің бөртуі, қатты бас ауыру ұстамасы, кейде естен тану байқалады. Науқас адамның айрықша дене қалпында болуы осы ауруға тән белгі болып табылады: Желке бұлшық еттерінің патологиялық керілуіне байланысты басы артқа қарай шалқаяды (желкенің тартылуы), науқас тізе буындарында жартылай бүгілген қалыптағы аяқтарын ішіне жинап алып жатады (Керниг симптомы), тері сезімталдығы жоғарылаған болады (гиперестезия), жарыққа шыдамсыздық байқалады.
Менингитке әртүрлі асқынулардың дамитындығы тән. Ол асқынулар аурудың жедел ағым кезеңінде пайда болуы мүмкін немесе ауру біткеннен кейін қалдықтық құбылыс түрінде анықталуы мүмкін. Мысалы, ауру барысында балаларда тырысу ұстамасы пайда болуы мүмкін, бұл патологиялық процесстің тікелей ми затын зақымдағандығын көрсетеді. Қабыну процесі ми қабықтарынан шеткі нервтерге (есту және көру нервтеріне, сирек жағдайда сыртқа әкеткіш және үштік нервтерге) таралып, сәйкес клиникалық көрініс береді.
Менингит құлақтығы іріңді қабыну процесінің нәтижесінде де дамуы мүмкін (отогендік менингит) . Менингиттің туберкулездік және мерездік түрлері де кездеседі. Бірқатар жағдайларда менингит тек қана ми қабықтарының қабынуымен шектелмей, ми затына да таралып, ол жерде әртүрлі патологиялық процестерді шақырады (менингоэнцефалит) . Менингиттен кейін есту мен көрудің бұзылыстары түріндегі қалдықты салдар байқалатын балалардың айтарлықтай бөлігі арнайы мектептерде оқуы тиіс (кереңдерге, нашар еститіндерге, соқырларға, нашар көретіндерге арналған) . Олардың аздаған бөлігі көмекші мектептерге барады. Ал уақытша және жеңіл ақыл-ой бұзылыстары болған балалар сәйкес шаралар жүргізілген жағдайда қалыпты мектепте қалады.
Арахноидит. Арахноидит - бас миы мен жұлынның өрмек тәрізді қабықтарының қабынуы. Қабыну процессі іріңді емес. Өрмек тәірізді қабық астында тамырлардың бір-біріне жабысуынан жұлын-ми сұйықтығының қозғалысы бұзылуынан, бас ішіндегі қысым жоғарлайды. Арахноидит қызылша, қызамық, отит, мұрын ішілік қуыстардың инфекциялық ауруларынан кейін пайда болады. Арахноидит кезінде байқалатын клиникалық белгілер: дене температурасының жоғарлауы, бас ауруы, бастың айналуы, құсу. Арахноидит кезінде көбінесе бас миының үшкіл, беттік, тіл асты жүйкелерінің зақымдалулары байқалады. Қабыну процессі ми көпірі мен мишық арасында орналасса, ауруларды құлақтағы шу, бас айналулары, беттің ауруы, мазасыздандырады. Көру жүйкелерінің қиылысындағы арахноидиттен көру функциясының бұзылуы байқалады. Көру өткірлігі төмендейді. Кейбір кезде тіпті соқыр болуға дейін әкеледі.
Энцефалиттер тобына миды зақымдайтын қабыну процесстері жатқызылады. Олардың орналасуы әралуан болуы мүмкін. Энцефалиттің ағымында жалпы ми симптомдары да, сонымен қатар ошақты симптомдар да байқалады. Жалпы ми сипмтомдарына жататындар: естен тану (жеңіл бұлыңғыр естен танудан толық есін жоғалтуға дейін), бастың ауыруы, бас айналуы, құсу, тамыр соғысының және тыныс алудың өзгеруі. Ошақты симптомдар ауру процесінің мидың әртүрлі аймақтарындағы орналасуына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қимыл-қозғалыс, сөйлеу бұзылыстары, эпилепсия тәріздес ұстамалар орын алуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz