Диссертация түсінігі


Орындаған: Ербол Шырынхан
Диссертация жазу ғылыми әдістерін жазу
Жоспар:
- Диссертация түсінігі
- Зерттеу жұмысына түсінік
- Ғылыми әдіс жөнінде
Кіріспе
Диссертация деген термин латын тілінен аударғанда зерттеу, ойлау деп аударылады. Диссертация ғылыми жұмыстардың бір түрі ретінде қарастырылады. Диссертацияны оқу оны бағалау үшін жасалынады.
Диссертация деп ғылыми дәрежені алу үшін ғылыми кенесте автормен қорғалатын ғылыми жұмысты атайды. Диссертация - ол ерекше ғылыми және әдебиеттік-шығармашылық жанр. Оның қүрылымы автордың тұжырымдамасын сипаттайды.
Ғылыми әдіс - жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.
Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура - белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Тәсіл - күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.
Методика - бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.
Жүйе - күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.
Негізгі бөлім
Кез келген ғылыми жұмыс (диссертация, дипломдық және магистрлік жұмыстар) белгілі бір талаптарға сай жасалатын ғылыми шығарма.
Жұмысты жазу барысында тек қана мағлұмат қорытындысын тізбектеп емес, сол белгілі бір әдіс- тәсілдердің негізінде қойылған мақсатқа сай жасалған, жұмыс барысында алынған үрдіс нәтижесі маңызды болып табылады. Осы мәселенің зерттеу тарихына қысқаша тоқталып, оған сын шолу жасау керек және де кейбір жеке авторлардың көзқарасын мазмұндап емес, оларды қорытып беру керек. Мысалы: Мына авторлар тобы (атап шығу керек) мынадай көзқараста; келесі топ (атап шығу керек) басқа көзқараста (әдебиет тізімі) т. с. с.
Зерттеу жұмысының тілі түсінікті, жатық болу керек. Терминдер лингвистикалық зерттеу жұмысының негізін құрайды. Бірақ та терминдер уақыт өте өзгеруі мүмкін, немесе қолданыстан шығып, жаңа терминдердің пайда болуы мүмкін, немесе зерттеуші өзі жаңа термин ұсынуы мүмкін. Қалай болған күннің өзінде терминологияға көзқарасын негіздеу керек.
Зерттеу жұмысының негізгі бөлімі - пікірлер мен мысалдарды жай ғана сипаттау емес, зерттеу мақсатына сай пайымдау, оларды түсіндіру, негіздеу, тұжырымдарды дәлелдеу және мәтінге қойылатын талаптарға, техникалық жағынан рәсімделуге қойылатын талаптарға сай болуы керек.
Диссертация жазу адам қызметінің танымдық түрі. Ол ізденімпаздықты, шығармашылықты, еңбекқорлықты қажет етеді. Бір жағынан ғылыми еңбек тіл туралы бар білім жүйесіне сай келу керек, екінші жағынан ол кішкентай болса да жаңа мәліметтері бар, аз болса да адамзат тілін тану жолына үлесін қосу керек.
Танымдық қызмет белгілі бір тәжірибені қажет етеді және онда қателер болуы мүмкін. Жиі кездесетін қателерге келесі қателерді жатқызуға болады (бұл қателер негізінен дипломдық және магистрлік жұмыстарда кездеседі) : жұмыс басқа авторлардың жұмысынан көшіріп алу негізінде жазылады; зерттеу жұмысын тек өзі жинаған фактілер негізінде ғана жазу, осы тақырып бойынша бар теориялық білімді жете бағаламау және бөтен біреудің ойын сөзбе-сөз беру. Цитатаны қолдануға болады, бірақ та оны өз көзқарасыңызды негіздеу үшін, алған зерттеу нәтижесін бекіту үшін және бар көзқарастарды құптау немесе құптамау үшін қолдануға болады.
Әдіс - бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф. Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әр түрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай -ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау - объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу - объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz