Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Қостанайй мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Курстық жұмыс
Ақын-жазушылардың өмірбаянын оқыту
Орындаған: Жақсылықова С. С.
Мамандығы: 5B011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті».
3 курс.
Тексерген: Абдрашева А. Қ.
аға оқытушы,
Гуманитарлық ғылымдарының магистрі.
Қостанай, 2018 ж.
Курстық жұмыс мазмұны:
Кіріспе . . . 3-4 б
1. Әдебиет сабағында авторлардың өмірбаяндарын зерттеудің маңыздылығы . . . 5 б
1. 1. Ақын өмірі - тарих айнасы . . . 5-8б
1. 2. Өмірбаянды оқытудың әдіс-тәсілдері . . . 8-19 б
2. Оқытылатын автордың өмірбаяның шығармашылықпен модельдеу . . . 19 б
2. 1. Жоғары сыныптарда жазушы өмірбаяның оқытудың
маңыздылығы . . . 19-22 б
2. 2. Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары . . . 23-31 б
Қорытынды . . . 32 б
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 33 б
Қосымша мәліметтер
Кіріспе
Мектепте ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі әдебиетті оқудың күрделі бір саласы болып табылады. Қай ақын-жазушыны, суреткерді алмайық, оның шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген ортаның, өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма суреткердің қай өмір кезеңіне байланысты туған, ол шығарманың жазылу себебі не, және тағы сол сияқты мәселелерге де олардың өмір жолы жауап бермек. Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда олардың қабылдау, сезіну қабілеттерімен бірге көркем текстті ғылыми негізде талдай білуге үйретіледі. Бұның өзі жазушы не ақынның эстетикалық және тарихи көзқарасымен, дүниетанымымен, сол өмір сүрген дәуірмен, өзіндік ерекшелігімен тығыз байланысты[1; 16 6] .
Тарих адамға әр қырынан әсер қалдыратын болса, соған орай әр жазушының әсемдік әлемін қабылдауы да, сезінуі де әр түрлі болады. Демек, табиғат сұлулығын, адамның сезім тереңдігін, әсемдігін әр жазушы шығармаларында өзіндік ерекшелігімен танылады. Олай болса, белгілі бір шығарманы өтерде жазушының өмірбаянынан мәлімет берудің маңызы зор. Мұғалімнің сөзі неғұрлым жазушының ой-сезімін, көзқарасы мен өзіндік ерекшелігін танытатындай дәрежеде болса, бұл оқушыларды ойландырады, ізгі әсер қалдырады[2; 22 б] . Тәжірибеде суреткер өмірбаянына арнайы сағаттар бөліп, шығармаларын талдау алдында және оны шығармашылығымен қоса хронологиялық жүйемен оқыту орын алған. Егер мұғалім қосымша материалдар пайдалана отырып, кең көлемде суреткермен алдын ала таныстырып, оның тек өмірі ғана емес, азаматтық тынысы, халқына сіңірген еңбегі, жеке басының қайғы-қуанышына байланысты ұтымды сөз қозғай білсе, оқушыларға шығармаларын оқуда оңайырақ болары сөзсіз[1; 67] .
Тақырыптың өзектілігі: Жаһандану заманында оқушыларға тек шығарманы оқумен шектелмей, сол шығарманың авторының өмірі жайлы мағлұмат беру маңызды. Себебі, жазушы шығармашылығында автордың өмірі айқын көрініс табады, сол арқылы оқырман жазушыны да, авторды да терең тани біледі.
Жұмыстың нысаны: Ақын-жазушылар өмірбаяның оқытуды зерттеушілер мен қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Ақын-жазушылар өмірбаяның оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау. Оқушылардың терең білім алуына қолайлы жағдайларды қарастыру, өмір мен шығармашылықты байланыстырып зерттеу.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеу, сұрыптау, талдау, жалпы базалық материалдар жинақтау. Тақырып мазмұнына байланысты әдістер кешенін көрсету.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі тараудан: біріншісі - автор өмірбаянын зерттеу маңыздылығы жайлы, екіншісі- ақын-жазушылар өмір жолын шығармашылықпен оқыту, әрқайсысы екі тараушадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Әдебиет сабағында авторлардың өмірбаяндарын зерттеудің маңыздылығы
1. 1. Ақын өмірі - тарих айнасы
(С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев шығармалары негізінде)
Жазушының өмірбаянын оқытудың түрлі тәсілдері бар. Мұғалім жазушының өмірін әсерлі етіп баяндағаны жөн. Оның замандастарының жазушы жайында айтқан пікірлерінен үзінділер келтіріп, жазушының өзінің күнделіктері мен жазған хаттарынан немесе оның өмірі жайында жазылған көркем шығармалардан оқып берсе, сабақтың тартымды өтетіні сөзсіз. Мысалы, Ы. Алтынсариннің алғашқы хрестоматиясының «Кел, балар оқылық!», «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңімен ашылуын, С. Тоғайғыров шығармаларындағы ащы мысқыл мен зілді кекесіннің орын алуын ұғыну арқылы оқушылар ақын, жазушы өміріне қатысты кейбір деректерді білумен шектелмей, шығармаларындағы өзіндік ерекшеліктерін аңғарады, сондай- ақ олардың шығармашылығына әсерін тигізген кезең, не бір оқиғаға, болмаса шығармадағы негізгі тақырыпқа оқушылардың көңілін аударады. Ал мұның өзі жазушы шығармаларының идеялық мазмұнын ашуға көмектеседі. Мұғалімнің негізгі көздеген мақсатын айқындайды.
Автор туралы өмірбаяндық мәлімет оның шығармаларының идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін танытатындай дәрежеде берілген жағдайда да ғана көркем текстің идеясы, ондағы бейнелі сөздер оқушыға ұғымдырақ болады[3; 21-26 б] .
Кеңестік ызғарлы жылдары жазықсыз жазаға ұшырап кеткен қоғам қайраткерлерінің шығармаларын соңында қалған ұрпактарына мұра қылып жеткізу және тек қана қазақ баласына емес, өзге ұлт өкілдеріне де таныстыру маңызы зор істердің бірі болып табылады.
Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытұлы - осы қатардағы аса ірі тұлғалар. Олар - ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Мағжан мен Жүсіпбек революциядан кейін туған жаңа кеңестік әдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды. С. Торайғыров та 27 жыл ғұмырында еліне көп еңбек сіңірген аяулы азаматтардың бірі. Туған еліне, жеріне деген махаббатын, жаңашылдығын, елі үшін күйзелісін оның әр шығармасынан көреміз. Егер сұм ажал ерте алып кетпеген болса, Сұлтанмахмұтта М. Жұмабаев мен Ж. Аймауытовтың қатарында болатыны сөзсіз. Оған Сұлтанмахмұттың өмірдегі ұстанымы, шығармаларының тақырыбы және естеліктердегі, архивтердегі құжаттар мен деректердегі сол кездегі зиялылардан қарым-қатынасы дәлел болады. М. Жұмабаевтың поэзиясын өзгеден ерекше, ірі қасиеттері хақында тұжырымдап айтсақ, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - ұлттық ақындығында. С. Торайғыровқа әдебиет бақшасында ұзақ жылдар бойы еңбектенуге тағдыр жазбады. Алайда, оның аз уақыт ішінде қалдырған қордалы дүниелері мәнін жоймақ емес. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ажыратылмас бөлігі - тәсіл болғандықтан, жұмыста әдебиетті оқытудың негізгі тәсілі ретінде түсінік беру арқылы оқытуға баса назар аударылмақ. Өйткені, әдеби шығарманы түсіндіру оқушы мен мұғалімнің біріккен шығармашылық әрекетін қажет етеді. Өз кезегінде, әдебиеттік білімді меңгеру тілдік кедергіні шешетін сөздік жұмыс дайын болған жағдайда толық бағалы болады[4; 33-34] .
С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығын оқу, жалпы мәселелермен біріккен және көркем шығарманы түсінік беру арқылы оқыту жүйесі түрінде құрала алады. Шығарманы мәндік үйрену де сол шығарманы оқытудағы кіретін сабақтардың толық циклінің ортақ мәселесі, түсіндіруді қажет ететін сұрақтар түрінде де беріле алады. С. Торайғыров шығармаларының негізгі тақырыбы қандай? Ол неліктен халықты білімді игеруде шақырады? С. Торайғыров зор күшпен қазақ әдебиетіне енгізген «ішкі қүлдылық» бейнесі нені бейнелейді? Ақын «ішкі қүлдылықты» жеңудің қандай жолын ұсынады? С. Торайғыров өмірі - ерлік үлгісі. Сырттай өмірі шытырман оқиғаларға толы емес. Себебі ол аз өмір сүрді. Сондықтан оқушыларға оның өмірінің шынайы ерлігін корсету керек. Қатты ауырғанына қарамастан, өмірінің соңына дейін халқын қараңғылықтан алып шығудың бір ғана жолын үсынды. Ол жол- білім жолы. Осының өзі оның ерлігі мен батылдығын танытады. Осы жерде лингвистикалық түсіндіру керек: жазушыны психологиялық суреттеуге өте қажет сөздерді бөліп алып, жеткілікті деңгейде түсіндіру керек. Мысалы, Сұлтанмахмүттың шығармаларындағы қүл сөзінің семантизациясына назар аударайық. Бұл сөзді ұғындыру үшін алдымен оның тура мағынасы түсіндіріледі. Содан кейін сөз мағынасы жаңа мәтіндік мысалдардың, түсіндірулердің және жаттығулардың көмегімен кеңейеді. Тура мағынадан соң оқушылар жаңа, ауыспалы мағынаны меңгереді: эгоист - молдаларға қатысты - пенделік сезімдерінің құлдары: халыққа қатысты- белгіленген тәртіпте өмір сүретін құл[5; 12 б] .
С. Торайғыров тұлғасы туралы әңгіме барысында қайсар, «рухының күштілігі» сөздері толық түсіндірілуі керек. Бұл бейнелеулер қазақша түсіндіріліп, орысшаға аударылады, содан кейін мәтіннен қарастырылады. Осылай орыс тілді мектептің оқушылары қазақтың ақын-азаматының ұлттық бейнесінің өзгешілігін түсіндіруді, ал түсіндіре оқыту өнегелілікті тәрбиелейді, эстетикалық идеал қалыптастырады. Оқушылардың қазақша сөйлеуін қалыптастырады жэне дамытады.
Географиялық түсіндіру ақын-жазушылардың туып - өскен жері туралы түсіндіргенде қолданылады. Мысалы, М. Жұмабаев туып-өскен Сасықкол Петропавл облысында орналасқаны айтылады. Көл неге Сасықкөл деп аталған? Сасықкөл «сасық» деген мағынаны білдіргенімен шынында өте әдемі және жайлы жер. Сондықтан, мұндай әдемі жерге коз тимеу үшін сақтанғаннан атаған. Көз тиюден сақтау үшін қымбат нәрсені басқаша атау керек деген сенім болған. Ақын өлеңіндегі Сасықкол- армандаған өлке, жер жаннаты. Сонымен қатар, көп қасіретті көрген жер - патша билігінің жаманшылығын көрген, кейіннен үлкен жайылымдардың бос қалуына, көлдің тазалығының ластануына әкеп соққан революциялық жағдайды көрген.
Ал, Ж. Аймауытов пен С. Торайғыров - әсем табиғаты мен қызыл тастары (Ж. Аймауытов туған Қызыл тау мекені осыдан шыққан), ақ қайындары жэне таста өсетін шыршалы ағаштары белгілі, Торайғыркөлі, Сабындыкөл көлі (су өздігінен сабынды), емдік суы бар Жасыбай көлі, Жасыбай курортымен белгілі Баянауылында туған.
Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы - тікелей өмір сүрген дәуірдің картинасы. Жазықсыз репрессияға ұшырауы, оның басты себебі туралы айтқанда, пәнаралық байланыс, әсіресе, тарих пәнімен ұштастыру міндетті түрде керек. Мағжан өмір сүрген төңкеріске дейінгі кезең - патшаның отарлау саясатының әдбен асқынып тұрған уақыты еді. ұлтжандық ақын, көзі ашық, оқығанақын бұл трагедияға ат үсті қарамады. Сондықтан оның 1912 дылы шыққан «Шолпан» жинағындағы көптеген өлеңдер осы отарлауға қарсы жазылған. Оған дәлел ретінде сол жинақта басылған «Сасықөкөл» өлеңің алуға болады. Ал төңкерітен кейінгі көптеген өлеңдері ақынның Алаш туралы, қлт, азаттық, бостаңдық туралы толғаныстарына негізделген. Мағжан Қазан төңкерісін, елдегі жағдайларды құшақ жайып қарсы алмады. Ақын өлеңдеріндегі элегиялық сипат, кейде торығу себептерін білу үшін, тарихи шындықты оқушыға тұжырымды түрде әңгімелеу, еске түсірудің маңызы ерекше. Тарих мұғаіһлімі ақын өмір сүрген қоғам бейнесінен сыр шертсе, әдебиетші мұғалім оның ақын шығармашылығына әсерін түсіндірер еді.
Ақын-жазушылар өмірін оқытқанда этнографиялық түсіндіруді қолдануға болады. Мысалы, М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын өткенде, оның Қазақстандағы алғашқы ғалым-педагог екенін айтумен қоса, үлттық әдет-ғүрып, мінез-құлық жөнінде де қүнды пікірлер қалдырғанын айта кеткен жөн. Ғалым өзінің «Мектеп және оның бағыттары» атты публистикалық мақаласында: «Жаңа мектепті құрушылар, қазақтардың мінезінің және әлемді қабылдауының ұлттык ерекшелігін міндетті түрде ескертуі керек», - дейді. Сонымен қатар орыс тілді мектептерде қазақтың лирикалық поэзиясын оқыту оқушыларды мемлекеттік тілге үйретудің ұгымды әдісі болып табылады. Егер мұғалім оқушыларды тебіренте алса, поэтикалық бейнелердің шынайы тереңдігін ашып берсе, суреттелгенді автормен бірге сезуге көмектессе, поэзияда өзінің ойы мен сезіміне жауап табуға көмектессе - лирикалық шығарманың тереңдеріне оқушыны бойлатқаны болып табылады. Мектепте қазақ әдебиетін лингвистикалық комментарий арқылы өткізу әдісінің маңызды екендігін айтпақпыз[6; 16 б] .
1. 2. Өмірбаянды оқытудың әдіс-тәсілдері.
Әдебиетті меңгеру кей оқушыларда «психологиялық кедергі» жиі кездеседі. Психологиялық характерлі қиындықтар ұлттық этикалық-эстетикалық дәстүрлерінің әр түрлілігімен байланысты болады. Соңғы жылдары негізгі бағдарламалар мен оқулықтар шығарылды. Оқушылардың әдеби білімінің мазмұнын анықтайтын жаңа бағдарламалар - авторлардың ұсынылған нұсқасы ғылыми негіз беру бағыты жэне республикада аталмыш пәннің оқытылу жағдайын тіркеу, жүмыстың көп жылдық тәжірибесін талдау, мектеп тәжірибесіндегі бағдарламалар мен оқулықтарды тексерудің нәтижесі. Берілген бағдарламалардың нәтижесі оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптардағы қазақ әдебиетінің мазмұнын жэне қазақ әдебиетінің әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістер теориясында талассыз тұрақталған «оқыту тәсілдері» деген үғым жоқ, тек тәсілді әр түрлі саралау бар. Әдебиет спецификасын оқу пәні ретінде және көркем әдеби шығарманы оқудағы негізгі әрекетін ескере отырып, тэсілдерді саралау тізімін түсінік беру арқылы оқыту тәсілімен толықтыруға болады. Мектепте әдебиетті тиімді оқыту оқытылып отырған шығарманы, оның поэтикалық ойын толық ашып берумен байланысты болып келеді. Егер мұғалім жазушы тұлғасы мен шығармашылығын қызығушылық тудыра алмаса, ол жазушымен алғашқы кездесудің соңғы кездесуі болады[7; 31 б] .
Қазақ әдебиеті пәнін түсінік беру арқылы оқыту орыс тілді мектептерде ерекше орын алуы керек. Орыс тілді мектеп оқушысы әдеби шығармаларда бұрын таныс емес қазақи тұрмыстың суреттелуін. түсіндіруді қажет ететін тарихи-мәдени және саяси өмір фактілерін кездестіреді. Сол себепті қазақ әдебиетінің орыс мектебінде басқа ұлт тілі ретінде оқытылуы-көркем шығарманы түсінік беру арқылы оқытудың рөлін арттырады.
Көркем шығарманы оқу мен талдау процесінде түсінік беру-оқушыларға мәтінді дүрыс түсінуге, көркем шығарма ойына енуге, поэтикалық өзгеше сөйлеу ойларын ашуға; оқытылып отырған шығарманың идеялық тақырыптық мазмұнын ашуға көмектеседі. Мұғалімнің түсіндіруі оқытылып отырған шығармаға қызығушылық, қабылдау эмоциясын туғызады. Шығарма тақырыбын, мазмұны, жанры байланысты тілдік құралдарды тандауда оқушылардың қазақ тілі сабағында алған білімдерін пайдалану керек. Алдыңғы қатарлы мүғалімдер тәжірбиесі лингвистикалық қиындықтарды, мәселелерді қарастыру, тілдік құбылыстар мен фактілерді қарастыру. Жазушының тілдік шеберлігін, шығармаларының өзіне тәндігін танып - білуге жол ашады. Көркем шығарма туралы түсініктер мүғалімге кешенді түсіндіру кезінде үлкен көмек береді. Қазақ әдебиетінің түпнұсқа негізінде оқытылуы кешенді түсінік беру ұстанымы болып табылады.
Оны мынадан көреміз:
Тарихи-мәдени түсінік беру . Мұнда оқылып отырған көркем шығармада немесе ақын-жазушы өмірбаянын оқуда жэне орыс мектебі оқушыларына түсініксіз немесе белгісіз жағдайларда көрініс тапқан қазақ тарихы мен мәдениетінің фактілерін ашып беру;
Географиялық - қазақ халқы түратын географиялық (табиғи) жағдайларды (климат, рельеф, жануарлар, өсімдіктер элемі) түсіндіру;
Лингвистикалық түсінік беру - тілдің эр түрлі элементтерін, мағынасын шығармада қолдануын түсіндіру;
Этнографиялық - орыс халқының түрмысында кездеспейтін, қазақ халқының дәстүрлері мен ырымдарын, ұлттың бөлек тұрмысын түсіндіру.
Түсінік берудің жоғарыда көрсетілген барлық түрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Дегенмен, орыс мектебінде қазақ әдебиетін лингвистикалық комментарий арқылы өткізу- оқушылардың екі тілділігін есептеуді талап етеді, белгілі шамада осыған сүйенеді, орыс тілді мектеп оқушысының оның санасында туған тілінің логикасының жүйесі бар, ол басымды болып, екі тілдік жүйе элементтерінің араласып кетуіне әкеледі. Сондықтан лингвистикалық комментарий салыстырмалы талдау элементтерінен тұру керек. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптарында түсінік беру арқылы оқытудың әр түрін қолданып оқытудың әдістемесі бойынша орыс мектептерінің жоғары сыныптарында түсінік беру арқылы оқытудың маңызы жоғары. Түсінік беру арқылы оқытудың түрлері:
а) алдын-ала түсіндіру;
б) талдау барысында түсіндіру;
в) жанрлық түсіндіру.
Оқытудың мүндай түрлерінің тиімділігін арттыру үшін келесі міндеттер қойылады: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, музыка жэне бейнелеу өнері пәндерінің пэнаралық байланысын ажырату;
Көркем шығарманы талдау негізі ретіндегі эвристикалық әңгімелесу; Қазақша мәтіндерді орфоэпиялық дұрыс оқуға жаттықтыру және осы негізде мәнерлеп оқуды үйрену;
Оқушылардың екі тілді сөздікпен жекеше жүмыс жасауы;
Түпнұсқа мен аударманы мына деңгейлер бойынша салыстырып талдау:
а) лексика-семантикалық
в) интонациялық-ритмикалық
б) бейнелі-мағыналы
г) синтаксистік
Ақын немесе жазушының шығармасын оқыту әрқашан оның өмірін оқытудан басталады. Көркем мәдениеттің, ең алдымен, әдебиеттің ірі құбылыстарын толық меңгеру - оны құрастырушылардың рухани әлеміне енуді талап етеді. Көркем шығармада бейнеленген суреттердің терең өзара байланысын тауып, бағалау үшін, әсіресе жазушы шығармаларында бұл суреттерді көру мен тартыстарын бақылау жеткіліксіз. Мұнда сонымен қатар мәтін жолдарындағы автор дауысын ести алу керек және оның қайталанбас шығармашылық жекелігін сезіну керек.
Мұғалімнің жазушы өмірбаянын мазмұндауы - бұл жай ғана өмірді суреттеу емес. Бұл суретші өмірінің, оның шығармашылық жэәне азаматтық қызметінің, қоғам өмірінің сипаттамасы мен прогрессивті дэстүрлі үлттық мэдениетпен байланысты түлғасының қалыптасуын қайта үйымдастырып құру болып табылады. Осыған байланысты түсінік беру арқылы оқытудың толық кешені қолданылады[8; 10-15 б] .
Ақын, жазушының өмірі мен творчестволық қызметіне шолу жасауға арналған лекциялық сабақтардың идеялық дәрежесінің жоғары, мазмұнды, сапалы болып өтуі оқытушының оқушыларға айтып беретін оқу материалдарын толық меңгеріп, терең білуімен шектелмейді. Бұл - жұмыстың бір жағы ғана. Енді оқытушының алдында тұрған келесі міндет - сабақты өткізуге әзірленген лекциялық материалдарды оқушыларға баяндап айтып берудің өзіне тиімді жолдарын қарастырады. Әдебиет оқушыларының жұмыс тәжірибесіне қарағанда, мұның бірнеше жолдары бар екені байқалады. Бір түрінде оқытушы лекциялық материалдың күрделі жоспарын тізеді, жоспар негізгі бөліктер мен тармақтарға бөлінеді. Жоспарда баяндалатын мәселелер айтылу рет тәртібіне қарай жүйеленіп тізіледі, қажетті даталар мен цитаттар, т. б. жоспардың тиісті жерлерінде көрсетіледі. Енді бір түрінде оқытушы лекциялық материалдың қысқаша тезисін жазады. Мұнда да, жоғарыдағы сияқты, айтылған ой мен пікірдідәлелдеуге, тұжырымдауға қажетті фактілер мен даталар, цитаттар мен көркем шығармалардан келтірілетін үзінділер, т. б. тезистің тиісті жерлеріне енгізіліп отырады. Келесі бір түрінде оқытушы лекцияда қамтылуға тиісті мәселелердің бәрін жүйелі түрде түгелдей жазып барады.
Оқытушы үшін бұл жолдардың қайсысы қолайлы, тиімді, қай формасына қолданады - ол мұғалімнің өз еркінде. Алайды, бірінші түрі жоғары кластарда әдебиеттен көп жылдар бойы сабақ беріп ысылған, жаттығып, дағдыланып машықтанған, жұмыс тәжірибесі мол оқытушыларға қолайлы. Екінші түрі әдебиет пәнін оқытуда тәжірибесі аз, әлі ысылып жаттықпаған жас оқытушыларға қолайлы. Үшінші түрі әдебиеттен бұрынды-сонды сабақ беріп көрмеген оқытушыға және студент-практиканттарға қолайлы сияқты. Лекциялық материалды баяндау барысында түрлі цитаттар, шағын шығармалар, үзінділер қолданғанғанда, бұлардың қай-қайсысы да оқу материалының мазмұнын байытады және оқытушының пікірлеуі мен сөзіне ажар, көрік береді. Бұларды оқытушы мүмкін болғанынша жаттап алып, ырғақғһ, сазына келтіріп мәнерлеп жатқа айтып берсе, сабақ онан әрі қызықты, тартымды болады. Кейде оқушыларды оларға таныс емес шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнымен жол-жөнекей таныстырып кетуі қажет. Бұл ретте де оқытушы ондай шығарманың мазмұнын көркемдеп әңгімелеу түрімен қысқаша айтып беруге тиіс. [9]
Жаңа бағдарлама бойынша оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері:
Педагогикалық әдіс-тәсілдер:
- құндылықты-бағдарланған;
- әрекетті;
- тұлғалық-бағдарланған;
- кіріктірілмелі;
- коммуникативті
әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.
Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.
Оқыту әдіс-тәсілдері:
Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz