Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ө.А. БАЙҚОҢЫРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕЗҚАЗҒАН УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты

Қабылдаған: доцент Хамитова Э.А.
Орындаған: студент Жунисова М.Ж.
КЯЛ-18 еж (сырттай бөлім)

Жезқазған, 2020 жыл
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 СЫН ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.1 Сын есімнің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 СЫН ЕСІМНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ
0.1 Сапалық сын есімдердің семантикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
0.2 Қатыстық сын есімдердің семантикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Қазақ тілінің мемелекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісінің кеңейіп, жан-жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі.Осы ретте тілдің дамып, өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы қарастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым-қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық, синтаксистік үйлесімде айтылған ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады. Сөз мағынасы өзге сөздермен тіркескенде әр қырынан көрінеді. Қазақ тілінің сөздік байлығынан ерекше орын алатын заттың сын, сапа, белгі қасиеттерін білдіретін сын есім сөздердің қолданылу аясы кең.
Сын есімдер дамуының ерекшелігі - түбірдің мағынасының көбеюі, жіктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы.
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді.Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр - реңін) және басқа сол сияқты сыр- сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңарын құрайтын сын есім сөз табы зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Осы уақытқа дейін қазақ тілінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, сапалық сын есімдердің шырай категориясы, сын есімдердің семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметі мен тіркесімдік қасиеті бірнеше зерттеу жұмыстарына арқау болғандығы, сондай-ақ соңғы кездері сын есім сөзжасамдық тұрғыдан қарастырыла басталғандығы белгілі. Бұл орайда қазақ тіл білімінде Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдар, А.Ысқақов, М.Томанов, Ә.Төлеуов, С.Исаев, Е.Жанпейісов, Т.Сайрамбаев, Ж.Шәкенов, Ф.Оразбаева, Е.Ағманов, Ж.Сарбалаева, М.Жолшаева , Б.Омар зерттеулерін атау өтуге болады. Дегенмен сын есімдерге қатысты әлі де жүйелі зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі- олардың семантикасы. Әрбір сөз табының, оның ішінде сын есімнің де грамматикалық сипатымен қатар семантикасын жан-жақты қарастыру сөз таптарының табиғатын айқын тануға мүмкіндік береді. Тіл байлығы сөз санымен емес, сөз мағынасымен де айқындалады. Сын есім мағынасының құрылымдық, элементтерінің көрсетілуі сапалық сын есімдерге қатысты сигнификаттық мағына, эмоциялық мағына мәселелеріне тоқталу, сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есімдер деп саралауда негізге алынатын өлшемдерді айқындау, сапалық, қатыстық сын мағыналардың дамуына әсер ететін факторларды жан-жақты қарастыру зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Зерттеу жұмысының нысаны: қазақ тіліндегі сын есімнің симантикалық
және граматикалық сипаты болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тіліндегі сын есімдердің симантикалық топтарының қызметін, граматикалық сипатын айқындап, оның құрылымдық элементтерін көрсету.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
-Сын есімдердің зерттелу мақсатына шолу жасау;
-Сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есімдер деп ажырату жолдары мен оларды саралауда ұстанатын принциптерді көрсету;
-Сын есімдердің лексика-семантиклық топтары және оларды саралауда ұсталынатын негізгі принциптерді айқындау;
-Сапалық және қатыстық сын есімдердің мағыналық құрылымын көрсету;
-Сындық мағынаның дамуы мен қалыптасу жолдарын анықтау.

1 СЫН ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

0.1 Сын есімнің зерттелуі

Бірсыпыра зерттеушілер сөз талтарының шығуын сөйлем мұшелерімен байланыстырады. Мысалы, академик И.И Мещанинов өзінің Сөйлем мүшелері мен сөз таптары атты еңбегінде былай деді: Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер - пысыктауыш, етістіктер - баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сын есім сөйлем мүшесі болу арқылы бөлініп шықты, жасалынды. Сын есім сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасты. Бұл ойды тіл білімінің өкілдері А.А.Потебня мен В.М.Жирмунскийлер де жан-жақты қарастырған. Мәселен, А.А. Потебня: Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің атрибутивті мүше (анықтауыш) ретінде қолданылуы -деп жазды өзінің 1899 жылы шыққан Из записок по русской грамматике деген еңбегінде. Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк әрі зат есім, әрі сын есім болуы сол көне құбылыстың ізі екенідігін көрсетеді.
Құдадғу билиг пен һибат-ул хакайиқ тіліндегі сын есімдер. Ж.Баласағұнның Құдадғу билиг (Бақытқа бастайтын білім) дастаны мен А.Йүгінекидің һибат-ул хакайиқ (Ақиқат сыйы) дастандарының көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу тарихын жасаған. Аталған ескерткіштерде сын есімдердің шығу тегіне, мағыналық арақатынасына, олардың қалай қолданылатындығына назар аударған. Олардың есептеуі бойынша, екі ескерткіштегі сын есімнің жалпы саны - 284. Бөліп айтсақ Құдадғу билигте -176, һибат-ул хакайиқта - 96 сын есім бар. Екі ескерткішке ортақ сын есімдер саны -12. Ортақ сөздердің мағыналарынан алшақтық байқалмайды, қазіргі тілдегі мағыналарымен көпшілігі сәйкес келеді. Құдадғу билиг және һибат-ул хакайиқ ескерткіштері тілінің сөздік қоры - жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер. Ескерткіштерден сын есімдерді қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда, мағыналық жағынан басым бөлігі болып келеді. Олар сондай-ақ, қазіргі туыстас түркі тілдерінде де осылайша өз мағынасын сақтап қалған.
Академик В.В.Виноградов сөз табын морфологияның нысаны, сонымен тығыз байланысты, оған тікелей қатысы бар екендігін айтады. Олай болса, сын есімнің грамматикалық белгілерінің сырын ашпай, сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін дәлелдеу мүмкін емес. Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда керекті бір белгі - сөздердің формалық белгісі. Бірақ тіл фактісінде бұл барлық тілдерде бірдей дәрежеде бола бермейді. Қазақ тіліндегі сын есімдердің аффикстерін шолғанда, назар аударатын бір ерекшелік - есім түбірден сын есім жасайтын қосымшалардың қазіргі тілімізде түгелге жақын өнімді тәсіл есебінде сақталуы.
Түрік тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихы.
Түрік тіліндегі сын есім категориясының зерттелуі XIX ғасырдан басталады, соның өзінде сын есім категориясы дербес зерттелген емес, онымен байланысты мәліметтер жеке грамматикаларда болмаса, басқа әдебиеттерде кездеспейді. Түрік тілдерінде сын есімді алғаш сөз еткен профессор - Казем Бек. Бұл жөніндегі кейбір мәлімет профессор А.Казем-Бектің Түрік-татар тілінің грамматикасында беріледі. Мұнда автор -рақ, -рек арқылы жасалған салыстырмалы шырайды түрік тілдерінің өзіндік бір ерекшеліктері деп көрсетеді. А.Казем-Бектің шырай туралы айтқандарынан түрік-татар тілдерінде үш шырай бар екендігі аңғарылады: жай шырай, салыстырмалы шырай. Жай шырай сын есімнің бастапқы қалпы есебінде беріледі. Салыстырмалы шырай -рақ, -рек жұрнағы арқылы (мысалы, эски - старый, эскирек - старее т.б.) айтылады. Бұдан басқа, сын есімге шырай жұрнақтарын қоспай-ақ оған салыстырмалы шырай мағынасын беруге болатынын айтады (мысалы, андан бюк - тоже что, андан бюк - рек - больше его).
Таңдаулы шырайдың түрік тілдерінде кейбір үстеу сөздер арқылы (мысалы, ең күшті т.б.) жасалатынын кейде таңдамалы екі заттың алғашқысын атауға, кейінгісін ілікке қойып, сын есімге III жақ тәуелдік жалғауын жалғап та таңдаулы шырай жасауға болатынын тұжырымдайды. А.Казем-Бектің сын есім категориясымен байланыстары осы. Сын есімді ол зат есім бөлімінде сөз етеді, соған қарағанда, автор сын есімді зат есіммен бір қараған, ал оның шеңберіне сыймаған шырай болғандықтан, сын есім шырайларын жеке сөз еткен деп те жорамалдауға болады.
Алтай тілінің грамматикасында сын есім туралы бірқатар мағлұмат айтады. Мәселен, әрбір сапалық сөз түбір күйінде әрі сын есім, әрі үстеу сөз болатыны, жақсы (хороший, хорошо), сол сияқты кейбір сөздер әрі зат есім, әрі сын есім орнына жұмсалатыны, мысалы, жарық (светлый, свет), қарт (старый, старик) келтіріледі. Алтай тілі грамматикасының авторлары сөздердің екі түрлі жолмен түрленетінін келтіреді. Сөздер не септеледі, не жіктеледі. Осымен байланысты сөздерді олар есім етістік тобы етіп екіге бөледі де, сын есімді есім тобына жатқызады. Одан әрі сөздерді сөз таптарына қарай жүйелеу жоқ. Сын есімнің жұрнақтарын да сан есім тобында түсіндіреді.
И.А.Батманов Қырғыз тіліндегі сөз таптары деген еңбегінде автор сын есімді басқа сөз таптарынан ажыратарлық белгінің жеткіліксіздігіне тоқтала келіп, оны зат есімнен, сондай-ақ үстеуден ажырату тіпті қиын. Мәселен, сөйлемде көк бірде зат есім мағынасын білдірсе, бірде сын есім мағынасын білдіреді. Сол сияқты жақсы бірде атрибутивтік қызмет атқарса, бірде пысықтауыштық қызмет атқарады, бірақ бұл сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін жоққа шығармайды.
Сын есім тудыратын жұрнақтардың болуы, оның сөйлемде белгілі сөйлем мүшелерінің қызметін атқаруы грамматикалық жағынан қалыптасқан сын есімнің барлығын білдіретіндігін сөз еткен. Сонымен, И.А.Батманов қырғыз тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы бола алады деп қарайды. Осындай еңбектердің бірі - Н П.Дыренкованың Шор тілінің грамматикасы атты еңбегі. Автор сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын белгілерге тоқталады. Ол белгілер:
Біріншіден, сын есімнің күшейткіш буынға ие болуы.
Екіншіден, шырай жасауы.
Үшіншіден, сын есімнен болған анықтауыштың атау формада анықтайтын сөзімен байланысуы. Бұл әрине, Н.П.Дыренкованың пікіріндегі бір көңіл аударатын мәселе деп қарау керек. Сын есім туралы бірқатар материал А.Н.Кононов еңбектерінде де беріледі. Ол өзінің Өзбек тілінің грамматикасы деген еңбегінде сын есімнің өз алдына сөз табы болатындығын айтып, оның басты мәселелерін негізінен дұрыс баяндайды. Тұлғасына қарай сын есімді негізгі, туынды деп екіге бөліп, оның жасалу жолдарына тоқталады. Есім түбірлесін бір бөлек, етістік түбірлесін бір бөлек түсіндіреді; сын есімдерді мағынасына қарай да жіктейді. Өзбек тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы деп тануда автор негізгі үш нөрсені межелік белгі етіп ұстайды.
Бірінші - сөздің семантикасы.
Екінші - морфологиялық белгісі.
Үшінші - синтаксистік қызметі.
Сын есім туралы құнды пікірлер А.Н.Кононовтың Қазіргі түрік әдеби тілінің грамматикасы деген еңбегінде беріледі. Мұнда автор түрік тіліндегі сын есімді өз алдына сөз табы деп қарайды. Зат есім сын есімнің өзіндік ерекшелік жақтарын көрсетуге тырысады. Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірде-бірінің (сандық, септік, тәуелдік т.б.) түрік тіліндегі сын есімдерге ешбір қатысы жоқтығын, заттардың тегін білдіретін күміс (күміс қасық), ағаш (ағаш үй тәрізді сөз тіркесіндегі) деген сөздердің затты да, қимылды да атайтынын, ал сын есім болса, ол затты да қимылды да аныктайтынын айтады. Ақырында сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын белгілерді түйіндеп қараудың қажет екендігін көрсете келіп, межелік белгі есебінде:
а) Сөздің морфологиялық белгісі;
ә) Семантикалық мағынасы қай мағынада жиі қолданылады;
б) Сөйлемдегі қызметін (анықтауыш болғанда изофеттік формада ма, жоқ изофетсіз бе) ұсынады.
Қазақ тіл білімінде Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкенов, Ә.Төлеуов, М.Томановтардың еңбектері сын есімнің тарихына қосылған елеулі үлес болып табылады. Мысалы, Ж.Шәкеновтің Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы атты монографиялық жұмысында сын есімдерге қатысты пікірлер қамтылып, сын есімдер лексика-грамматикалық тұрғыдан сөз болады. Онда сын есімдердің сөз табы ретінде тұлғасы, олардың мағыналық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметінің өрісі, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері ғылыми тұрғыда жеке-жеке қарастырылады. Сонымен бірге Ф.Мұсабекова:, Ф.Оразбаева, С.Сарбалаев, Г.Мамаевалардың сын есім категориясын әртүрлі қырынан зерттеген еңбектерінде сын есімді сөз табы ретіндегі жекелеген ерекшеліктері, өзге сөз таптарымен арақатынасы, сын есім сөзжасамдағы негізгі сөз тудырушы тәсілдері мен заңдылықтары қарастырылады. Сын есімдерді құрамына қарай түбір және туынды деп екіге бөліп қарастырумен бірге олардың синтаксистік қызметі де көрсетіледі .
Сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену құбылысы
Конверциялық процестің тілімізде жаңа сөздер қалыптастырудағы маңызы зор. Оның тек жекелеген сөздердің ғана емес, барлық сөз таптарының пайда болуы, қалыптасуында алатын орны ерекше. Конверциялық тәсілдің әр түрлі сөз тудыру формалары арқылы жаңа сөздер қалыптасады. Сондай құбылыстардың бірі - адъективтену, яғни басқа да сөз таптары бірліктерінің сын есімге ауысуы. Адъективация - тілдің дамуы барысында басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін лингвистикалық процесс. Тілдегі сын есімдер тобы өз дамуында сөз тудырудың лингвистикада әбден орныққан лексика-семантикалық, синтетикалық тәсілдермен ғана толығып қоймайды, ол сонымен бірге басқа сөз таптарынан сөз қабылдап алуы арқылы да көбейіп, өз өрісін үздіксіз кеңейтіп отырады. Соңғы кездегі кейбір ғалымдар сын есімді сөз табы ретінде қалыптасуын зерттей отырып, адъективтену құбылысының алатын орны үлкен екенін айтып, зерттеу нысанасына ала бастады. Мысалы, М.Томанов алғаш рет сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену процесінің зор рөлін айта келіп, басқа сөз таптарының сын есімге айналу процесі (адъективация) тілдің кемеліне келген, сөздердің қолданылу сферасының кеңейген дәуірінде ғана емес, ескі кезеңнен басталған деп көрсетеді. Ж.Сарбалаевтың адъективтену құбылысы жөнінде зерттеу еңбегінде тек қазақ тілі аясында ғана емес, түркітану ғылымында алғаш рет жан-жакты, тереңірек қарастырып, анықтамалық түсініктер береді. Көптеген түркітанушы ғалымдардың көзқарастарын салыстырып, нақты тұжырымдар келтіреді. Адъективтену басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін конверциялық процесс. Қазіргі түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де сын есімнің өз алдына бөлек, дербес лексика-грамматикалық категория болып қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі орасан зор екенін айтады. Әр сөз табының өзіндік қалыптасу, даму тарихы болады. Сол сияқты сын есімнің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасу тарихы бар. Сын есімнің тарихи қалыптасу тұлғалары адъективтену құбылысымен тікелей байланысты. Адъективтену құбылысы - сын есімнің қасиетін танытантын процесс.
Грамматикалық жағына да, семантикалық жағынан да сөз таптарының бай бөлігі - сын есімдер. Алғашқы зат есімнен етістік сөз табы пайда болды десек, олардың түрленуінен, яғни қосымша жалғануынан, көнеруінен сын есімдер қатары қалыптасты. Мысалы, көнеден келе жатқан, негіз түбір сын есім деп жүрген қызыл, жасыл, ұзын, арық, суық т.б. сөздер түбірінің этимологиялық жағынан қарасақ, олардың зат есім, етістік түбірден пайда болғанын көреміз.
П.М.Мелиоранский сын есімді зат есімнен бөліп қарастырмағанымен, бұл екі сөз табы бірдей дегенді айтады. Сын есімді түбір және туынды түрлерге бөлінеді. Туынды түбірлер жұрнактар арқылы жасалады деп, оларға тоқталады. Ал, М.Трентьев болса сын есімді өз алдына сөз табы деп алып, оның ерекшеліктеріне тоқталады. Сын есім зат есімнен бұрын тұрады, түрленбейді. Егер ол зат есімсіз қолданғанда септеледі, салыстырмалы шырай -рақ жұрнағы арқылы және ең, тым деген сөздерден жасалады деп түсіндіреді. Автор сын есімге жалпы тоқталмағанымен, оның табиғатын ашуда дұрыс пікірлер береді.
М.Томановтың Қазақ тілінің тарихи грамматикасы атты еңбегінде сын есімнің тарихына үлес қосқан.
Сын, сапаны білдірудің лексикалық грамматикалық тәсілдерінің қалыптасуы.
Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында субъективті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттықта мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметінің бір түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категорияның қалыптасу бір заты екінші зат арқылы ұғынуға негізделді. Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілері мен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Түркі тілдерінің үлкен ерекшелігі - сын, сапа категориясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Түркі тілдері сөздердің ондай грамматикалық класын басқа жолмен қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын, сапаны білдіретін тобы болып тұрақталды. Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есім синкретизмінен басталды, етістіктің есім тұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын біршама аффикцация жүйесі қалыптасты.
Негізгі сын есімдер
Қазақ тілінде, жалпы түркі тілдеріндегі сияқты, байырғы түбір қалпындағы сын есімдер көп емес. Байырғы сын есімдерді салыстыра қарағанда, олардың дамуында екі түрлі ерекшелікті байқауға болады. Біріншіден, кейбір сын есім сөздер әрі тура мәнде (сын есімдік), әрі заттық мән береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара сөздері сондай. Мұндай сөздердің көне дәуір ескерткіштерінде де осындай екі қилы қолданысы бар. Тіл білімнің зат пен оның сын-сипаты жайындағы ұғым бір дейтін тезисі осындай фактілерге негізделеді. Бүл тезис қазіргі тіліміздің фактірлерімен де дәлелденеді. Кейбір сын есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы - о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы.
Түркі тіліндегі сын есімдер мен зат есімдердің бір-бірінен саралануы көне дәуірде болған процесс. Енисей-Орхон жазбаларының тіліндегі сын есімдер соншалық көп болмаса да сараланған, дербестелінгендігі байқалады. Ол тілде бірсыпыра туынды сын есім жасайтын аффикстер де өз алдына жіктелген топ есебінде көзге түседі. Сын есімдер дамуының екінші бір ерекшелігі - байырғы түбірдің мағынасының кеңеюі, жүктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы. Мысалы, көк сөзі. Көне түркі тілінде осы сөз заттың түсі мағынасында екі түрлі мәнерді (синий, голубой, көк түрк), сонан ара жігі айқын байқалады, бір-бірінен оңай бөлінеді. Бұл ретте етістік түбірден тікелей сын есім жасалуы емес, етістіктен туынды есім, сол туынды есімнен басқа бір аффикс арқылы сын есім жасалуы туралы ғана айтуға болады. Мұнда туынды сын есім үш сатылы жолмен пайда болады: етістік түбір - туынды есім - туынды сын есім.
Күрделі аффикстер
Сын есімдер дамуының қашан да зат есімдерге байланысты болуының тағы бір дәлелі әдетте күрделі аффикстер деп аталады.
Қазіргі тіл нормасы тұрғысынан байырғы сын есімдер деп қаралатын сөздердің барлығы бірдей тарихи тұрғыдан тек қана түбір бола бермейді. Тарихи тұрғыдан жіктеуге келмейтін түбір сөздер тілімізде көп емес. Қазіргі грамматика оқулықтарында байырғылар тобына жатқызылып, негізгі деп
аталатын сын есімдердің едәуір бөлігі не түбір не қосымшаның тарихи кірігіп, жымдасуынан жасалғандығы немесе басқа сөз табынан ауысып сын есімнің мәні мен қызметіне ие болғандығы (адъективация) байқалады. Айталық жатаған, тебеген, сүзеген (сиыр), кебу (отын), ауру (кісі) т.б. сөздер о баста есімше, тұйық етістік болған, қолдану ерекшелігіне байланысты сын есімдер тобына ауысқан.
М.Оразов: Әртүрлі заттардың түрлі формасын білдіретін сөздерде нақтылы мағына болмауы мүмкін емес дейді. Сондыктан сын есімдерге заттардың түр-түсін, табиғатын, сыртқы, ішкі қасиетін білдіретін мағыналық түрмен бірге, оған баға беріп айтушының көзқарасын білдіретін реңк те бар. Соған қарамастан, сапалық және қатыстық сын есімдер бір-бірінен ерекшеленеді .
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Көне түркі жазба әдеби ескерткіштерінде заттың сынын, белгісін білдіретін сын есімдер кездеседі.
Ол - ерте заманнан бастап-ақ, морфологиялық ерекшеліктерімен де, сөйлемдегі қызметі жақтарынан да сараланған, қалыптасқан сөз табы. Ескерткіштердегі сапалық сын есімдерді былайша саралауға болады:
а) түр-түсті білдіретін сын есімдер;
ә) сын мен сапаны білдіретін сын есімдер;
б) көлем мен аумаққа байланысты сын есімдер.
Сапалық сын есімдерге жататын түр-түс атауларының көпшілігі көне замандардан келе жатқан түркі тілдеріне ортақ болып келеді. Осыған орай тіл ортақтығы болатыны сөзсіз. Түр-түс мәселесін жан-жақты зерттеп, түркі тілдерінің фактілері негізінде тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін ашатын еңбектер көп емес. Бұған байланысты А.Н.Кононовтың Семантика цветообозначения, Способы и термины определения стран цвета у тюрксих народов, О семантике слова ңкараң, и ңакң в тюркской географической терминологии, М.Ганиходжаеваның Прилагательные цвета узбекского языка в сравнительно-историческом аспекте, шетел түркологтарынан В.Банг, А.Габэн, ГДерфер сияқты зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. Түр-түс атаулары сан жағынан қаншалықты көп болғанымен, сұрыптай келгенде бір топ негізгі сөздің шеңберінен шықпайтыны байқалады. Қалғандарының бәрі ұйытқы болып отырған жиырма шақты түбір сөздің негізінде дамып, туынды түбірлерге, сөз тіркесіне айналған жай және күрделі атаулар болып саналады. Түр-түсті білдіретін сын есімдердің бойында полисемиялық қасиеті қасиет жоқтың қасы. Сондықтан да бұл топтағы сын есімдер әрқашан өзінің тура мағынасында қолданылады. Бұл олардың символдық қолданыс нәтижесінде семантикалық шеңберінің кеңеюімен байланысты болып келеді. Бірақ бұл барлық түсті білдіретін сын есімдерге тән қасиет емес. Мұндай құбылысқа ақ, қара, қоңыр сын есімдері қатысады. Қазақ тіліндегі көптеген түр-түс атауларының шығу тегі бүгінде белгісіз. Олардың кейбіреулерін этимологиялық жолмен анықтауға болса, ендігі бір тобының құпия сырын ашу мүлде мүмкін емес.
Адам баласын сәби кезінде заттардың, нәрселердің өңін, ажарын ажырата алмаған. Бірақ сапалық сипат (түр-түс) үшін бір-ақ түбірді пайдаланған. Ол түбір - қазіргі кездің тұрғысынан мәні аса жалпыланып кеткен түр-түс қос сөзі.
Сын есімдер дамуының ерекшелігі - түбірдің мағынасының кеңеюі, жіктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы. Мысалы, урүң сөзі қазіргі тілдік қолданысымызда жоқ. Ескерткіштер тілінде бұл сөз ақ сын есімімен синонимдес болып келеді. Бірақ тілдік даму барысында ақ сөзі үрүң сөзін қолданыстан ығыстырып шығарған. Бірақ сол кездің өзінде-ақ үрүң сөзі тек түр-түсті ғана білдіріп қоймай, бұрын тіркеспейтін бег сөзімен байланыста айтылып жаңа сөз тіркесін құраған, соның нәтижесінде бұл сөз жаңа мағынаға ие болып, сөз мағынасы кеңіген. Үрүң бег дегенде үрүң сөзі адал мағынасын білдіреді.
XX ғасырдың 40-жылдарына дейінгі сын есім туралы мәселе көтеріп, сөз еткен жекелеген тілдердің грамматикалы болды. Мысалы, Х.Габидов Морфология башкирского языка (1925), Қ.Жұбанов Қазақ тілінің грамматикасы (1936), С.Аманжолов Қазақ тілінің грамматикасы (1939) т.б. еңбектерде сын есім сөз табының өзіндік ерекшелігі, семантикасы, сөз жасау тәсілдері ашып көрсетіледі. Олардың сөйлемдегі рөлі, өзіндік қасиеттері айқындалады. Сонда да аталған зерттеушілердің тарапынан сын есімге деген ғылыми болжамдар әлі де бір жүйеге түсе қоймаған еді. Мысалы, сөз таптарының ара жігінің толық ажырату белгілері, жалпы сын есімнің теориялық тұжырымы мен сөзжасамдағы кейбір ерекшеліктердің басы ашылмады. Жоғарыдағы аталған ғалымдардың ішіндегі тың пікірлермен ерекшеленетін С.Аманжоловтың Қазақ тілінің грамматикасында сын есімнің жасалуын үшке бөледі. Екі зат есім қатар айтылғанда алдыңғысы сын есімге айналады деп, мысал келтіреді: темір күрек (мұнда темір күректің сыны дейді). Бұл қазіргі адъективтену құбылысына сай келеді. Мағынасына қарай сын есімді белгі және қатысты деп екіге бөліп, ал шырайды төртке бөледі. Ғалым аталмыш сөз табының жасалу жолына да көңіл аударады. Сын есім жүрнақтарын үшке бөліп көрсетеді. Сын есім қосымша қабылдайды, бірақ зат есімге айналады дейді. Сонымен бірге сын есімнің сөйлемдегі қызметін де аныктап береді. Сөйтіп, сын есімге жалпы сипаттама берген автор оның түрленбейтіндігін, егер түрленсе, басқа сөз табының қызметінің атқаратындығын айтады. Қорыта айтқанда, сын есім категориясы жан-жақты зерттелген, қарастырылған мәселелердің бірі.

2 СЫН ЕСІМНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ

2.1 Сапалық сын есімдердің семантикасы.

Есімдер деп аталатьн сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса. сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан банланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін(түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерешеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар.
Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең. салмақ. көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбенді, көптелмейді және септелмейді.
Зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т.б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қолдау ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше кызмет ет, ескіге жаңа, жаңаға ескі - өлшеуіш т.б.) жалғана береді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категориялары болғанымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те - сын есімнің зат есімнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екені дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (С.Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп семіз шық (мақал). Сын есімде шырай категорияларымен қатар, адгективтік және адвербиалдық қызмет барлығы да көрінеді.
Сын есімде өзге сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен, үстеумен т.б.) әрі ортақ, әрі формалас сөз тудыратын жұрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жасайтын арнаулы жұрнақтар бар: сын есімнен сын есім тудыратын шырай жұрнақтары бар. Бұлар да сын есімнің морфологиялық формалары болып есептеледі.
Синтаксистік жағынан қарағанда сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға лайық. Өйткені кандай белгі болса да, заттың қасында болады да, дәйім затқа шек сүйейді. Мысалы. Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек(Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да
ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ.Мүсірепов). Ол тапал, төртпақ екен де, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә.Әбішев).
Зат есім мен сын есімнің тіркесу қабілеттерінде де елеулі айырмашылық бар. Мысалы: зат есімге септеулік шылаулар тіркесе береді. Ал сол септеулік шылаулардың ішінде тек сияқты, секілді, тәрізді, сықылды дегендерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, өз қызметінде жұмсағанда, сын есімге тіркеспейді. Керісінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан. ересен, т.б.) сын есімге еркін тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын есімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркеспеуі, сондай-ақ, сапалық үстеулердің сын есімге тіркесіп, зат есімге тіркеспеуі, бұл екі сөз табының - зат есім мен сын есімнің синтаксистік жағынан бір-бірінен ажырайтын ерекшеліктері болып саналады.
Егер де екі я одан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатьсты болады, демек, өздерінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ызғырық суық сұр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б.Маилин): Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғ.Мұстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сұр деген сапалық сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы тікелей бұлт деген зат есімді әр тұрғыдан анықтап тұрғаны сияқты, екінші сөйлемдегі түзу, ұзын, биік, кең деген сын есімдер де бір-біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімін әр түрлі сипатын білдіріп тұр.
Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де
басқа заттардың қатынастары арқылы да білдірді. Осындай жалпы
сипаттарымен байланысты, сын есімдер симатикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және катыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.
Сапалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары
Зерттеудің практикалық мәні
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Қабыса және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Қатыстық сын есімдер
Көне түркі тіліндегі есім сөздер
ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Сын есімді оқытуда тіл дамыту жұмыстарының тиімділігі
«Китаб муқаддима» ерекшеліктері
Пәндер