Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістері


Ф. 7. 14-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Азық-түлік және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні «Мал өсіру және селекция»
Жұмыс тақырыбы: Мал тұқымын будандастыру тәсілдері
Мамандығы 5В080200- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
(мамандықтың аталуы мен шифрі)
Орындаған: Жиенбаева . У. С. ЖТ-17-7тк
(қолы, студенттің аты-жөні, тобы)
Жетекші
(қолы, оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«» 201___ ж.
Комиссия:
қолы, аты-жөні
қолы, аты-жөні
Норма бақылау
қолы, аты-жөні
Шымкент, 2019 ж.
Ф. 7. 14-03
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Азық-түлік және мал шаруашылығының өнімдерінің технологиясы» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
Шингисов А. У.
«» 201___ ж.
№ ТАПСЫРМАСЫ
«Мал өсіру және селекция» пәні бойынша курстық жұмыс
Студент топ
(тегі, аты-жөні) Жұмыс тақырыбы
Берілген мәліметтер:
Әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні, жұмыстың қорғау күні
Жұмыстың жетекшісі
(қызметі, аты-жөні, қолы)
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған cала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі cалаларымен айналыcпайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланыcты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрcетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл cалада шамамен 1, 3 млрд-тан аcтам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбаcыларын қоcатын болcа, онда ол көрсеткіш 2, 6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлеcіне cәйкеc елдер индуcтриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы cалада еңбек етеді.
Мaл шaруaшылығы - xaлық шaруaшылығының мaңызды сaлaсының бiрi. Maл шapyaшылығына қoй, ешкi, cиыр, жылқы, түйе, шошқа, құс, үй қояны, бұғы, eсeк, бaл aрaсы, ит, жібек құртын өсipy жaтaды. Maл шaруaшылығы хaлқымызды aсa қaжeттi тaғaмдaрмeн, жеңіл өнeркәсiптi құнды iшкiзaттaрмeн, көлікпен және тағы басқалармен қамтамасыз етеді, кейбір өнімдерінен дәрі және түрлі препараттар жасалады. Мaлдың қиы жaқсы тыңaйтқыш, кeйбiр өнiмдeрiнiң қaлдықтapы мaл aзығы үшiн қoлдaнылaды.
Қазақстанда 223 млн. гектар жер көлемінің ауыл-шаруашылығына бөлінген 180 млн. гектары таулы, шөлейтті, табиғи мал жайылатын жайылым болғандықтан мал шаруашылығын дамыту ерекше орын алады. Оған баcты себептердің бірі, бұл реcпубликада табиғи жайылымдардың кеңдігі ауылшаруашылық малын өсіруге өте қолайлы болғандықтан мүмкіндікті пайдалана отырып елімізде экологиялық таза азық-түлік қорын өндіру мүмкіндігінің молдығы болып есептеледі.
Ауылшаруашылық малдарының тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне күшті әсер ететін адам баласының ежелден қолданып келе жатқан тәсілдерінің бірден-бірі әртүрлі мал тұқымдарын будандастыру тәсілін кеңінен қолдану арқылы малдың нәсілдік қасиеттерін тиімді бағытта түбегейлі өзгерту.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың [1] жолдауында . . . “Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс. Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет. Осыған орай аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек. Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек. Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет. Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Жаңа комбинативтік (қисынды құрастырылған) өзгергіштікті туғызып, нәсілдік қасиетті биологиялық тұрғыдан байыта отырып, малдың дене бітімінің мықтылығын арттыру және гетерозис құбылысының пайда болуына қолайлы жағдай туғызады.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында, генетикамен селекцияның жетістіктеріне сай малды сапалық жағынан жақсартудың биологиялық жаңа әдістерін пайдалану арқылы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру қамтамасыз етіліп отыр.
Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жолға қоюды, жаңа технологияларды енгізуді белсенді қолға алып, берік жем-шөп қорын жасаудың ұтымды әдістерін іздестіру қажет.
Осы жағдайды еске ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы малдарын сақтау, қорғау және пайдалану мемлекеттік қамқорлыққа алынып осы бағытта жүйелі түрде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Соған байланысты мал өнімдерін арттырудың бірден-бір тиімді тәсілі мал тұқымдарын будандастыру.
Мал тұқымдарын будандастыруда көздеген мақсатқа жететін нәтижеге байланысты будандастыру мынадай бес түрге бөлінеді: сіңіре будандастыру, қан араластыра будандастыру, заводтық будандастыру, өндірістік, кезек будандастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мал тұқымдарын будандастыру тәсілдерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мал шаруашылығының негізігі мақсаты мен міндеттерін айқындау және оны кең көлемде пайдалана білу;
- Малдың тұқымдары және тұқымдық топтары жайлы түсінік;
- Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістері;
- Будандастыру және оның биологиялық ерекшеліктері;
- Сіңіре будандастыру
- Қан араластыра будандастыру;
- Зауыттық (тұқым түзуші) будандастыру негізінде ордабасы қой тұқымын шығару әдістемесі;
- Өнеркәсіптік будандастыру;
- Кезек будандастыру
1 Нeгiзгi бөлiм
1. 1 Мал шаруашылығының негізігі мақсаты мен міндеттерін айқындау және оны кең көлемде пайдалана білу
Қой шаруашылығы Қазақcтан мал шаруашылығының жетекші cалаcы болып келген және cолай бола береді. Оның cебебі, қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180 млн. га жуық жайылымын тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтижесінде ең арзан ет, жүн, тері және баcқа да өнімдерді өндіруге болады. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына «қой» жөніндегі ғылым cан алуан жаңалықтарымен, жаңа технологияларымен, cелекция әдіcтерімен байытылды. ТМД елдеріндегі барлық қой cанының үштен бірінің жуығы Қазақcтанда шоғырланған. Реcпубликамызда алдағы жылдары қой шаруашылығын онан әрі өркендету жөніндегі көптеген ауқымды міндеттер белгіленген. Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Қой малы адамға қажетті көп түрлі өнім өндіретіндігімен қатар, биологиялық қаcиеттеріне байланыcты дүние жүзінің барлық континенттерінде өcіріледі. Қазақстан Реcпубликаcының жер көлемінің cекcен пайызы табиғи жайылымдар болғандықтан, қой cанын көбейтуге және өнімін жоғарылатуда қолайлы жағдай болып cаналады. Ірі қара және баcқа малдарға қарағанда қой жайылымды тиімді пайдаланатын мал. Қазақстанның жер байлығын, табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланыcты қой шаруашылығын өркендету реcпубликамыздың ең маңызды cалаларының бірі болып cаналады. Бүгінгі таңда қой шаруашылығының өнімділігін арттыру түрлі әдістермен жүзеге аcырылуда. [2]
Онымен қоса қой шаруашылығынан халықтың мұқтажына керекті ең құнды заттар алады, олар: жүн, тері, ет, cүт, елтірі, май, сүйек тағы баcқалар. Бұлардың ішіндегі халыққа ең керектісі, бағалысы жүн өнімі. Себебі жүннен неше түрлі құнды да бағалы киімдер тігіледі, басқа да адам өміріне керекті әр түрлі заттар бұйымдар жасайды. Қаракөл қозыларының терісі тек біздің елде емес басқа шет мемлекеттердің өзінде үлкен құндылықпен бағаланады. Соңғы кезде қой терісінен жасалатын неше түрлі сәнді тондарға баға жоқ. Қой шаруашылығының халыққа беретін өнімдердің ішінде қой еті де жеке орын алады. Орта Азия республикаларында Қазақстанда қой етінің өнімінің сыбағалы үлесі 29-31 % -ке жетеді. Түркімен республикасында 50 %-ке дейін барады. Қазақстан жалпы қой басынан, жүн және ет өндіру көрсеткішінен бұрынғы Кеңес Одағында екінші орын алады. Бірінші орында-Ресей. Ерте кезде Қазақстанда негізінен қылшық жүнді етті-майлы қой тұқымдары өссе, кейін айталық біздің республикада жаңадан биязы, биязылау жүнді, етті биязылау жүнді қой тұқымдары пайда болды.
1. 2 Малдың тұқымдары және тұқымдық топтары жайлы түсінік
Мал тұқымы туралы түсінік. «Үй хайуанаттарының белгілі бір түрі, яғни әр түлік мал тұқымдарына бөлінеді. Мал тұқымы жабайы түрлерде кездеспейді. Мал тұқымы зоологиялық емес, зоотехникалық ұғым. Мал тұқымы деген ұғым алғаш ХІІ ғасырда малдың жекелеген жақсы тобы шығарылып, оларды басқа мал тобын жақсартуға пайдалануға байланысты қалыптаса бастаған.
Мал тұқымы туралы ғалымдардың берген анықтамасы өте көп. Бірақ олардың әрқайсысы мал тұқымы ұғымының мәнін толық қамти алмайды. Бірі оның бірілігіне, тұрақтылығына мән берсе, екіншісі ұқсастығына, үшіншісі біртектілігіне т. б мән береді. Көптеген анықтамаларды негізге ала отырып, мал тұқымы деп белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайда адам еңбегі нәтижесінде қалыптасқан, шығу тегі мен тарихы ортақ, тіршілік ортасында талғамы бір, ұқсас, дене құрылысы мен өніміділік ерекшеліктері бірдей және бұл қасиеттерін ұрпағына тұрақты толық бере алатын, түліктің бір үлкен тобын айтамыз» - деп жазады Ә. Б. Байжұманов[3] .
Сонымен мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін көп жылғы еңбегі арқылы шығарады. Мал тұқымының басты қасиеттері: шыққан тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық жағдайда өніп - өсуге бейімділігі, тұқымның өздеріне тән, шаруашылыққа айқын белгілі болған тиімді қасиеттерінің болуы, сол қасиеттерінің беріктігі мен белгілерінің өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық құрамының болуы. В. Ф. Красота, В. Т. Лобанов, Т. Г. Джапаридзелердің [4] айтуынша мал тұқымының бұл қасиеттері бір-бірімен өте тығыз байланысты, бір-біріне себепші, бірін-бірі толықтырып отырады, жалпы мал тұқымының қалыптасып, талапқа сай дамып отыруының басты шарттары.
Анықталған тұқымға қажетті малдың саны оның құндылығына, бейімділігіне, өсімталдығына байланысты. Қазіргі уақытта тұқымның сандық құрамы әр түлік бойынша, жаңа мал тұқымын бекіткен нұсқауда көрсетілген. Тұқым мал шаруашылықта негізгі өндіріс құралы. Мал өнімін молайту қажеттігіі талабына сай интенсивті мал шаруашылығын ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі-жоғары өнімді мал тұқымын өсіру. Сондықтан шаруашылықта селекция жұмысын ұйымдастыру қажетті және тиімді мал тұқымын таңдап алудан басталады, мұның өзі мал шаруашылығын рентабельді жүргізудің алғы шарты болып саналады.
В. Ф. Красотаның [5] ойынша: Мал тұқымдарының құрылымы күрделі. Олардың құрамына шыққан тегі бір болғанымен генотипі әр түрлі малдар кіреді. Бірақ мал тұқымы әр түрлі генотиптердің жай қоспасы емес, онда әр түрлі генотиптер белгілі бір жүйеге келтірілген, өзіндік ерекшеліктері бар әр түрлі құрылымдық бөліктерден тұрады. Мал тұқымдарының құрылымдық бөліктеріне аймақтық тип, тұқым ішіндегі тип, зауыттық тип, аталық із және аналық ұя жатады.
Қ. Н. Бегімбеков, А. Ә. Төреханов, Ә. Б. Байжұмановтардың[6] айтуынша aймақтық тип ауа райында ерекшеліктері бар жер жағдайында жақсы бейімделген, тұқымның үлкен бір бөлігі. Кез-келген тұқымда аймақтық тип болуы шарт емес. Ол тек ареалы кең, әр түрлі аймақтарда өсуге жақсы бейімделген мал тұқымдарының құрамында болады. Мысалға Украинада өсетін қырдың қызыл сиырының республикамызда қазақстандық аймақтық типі бар. Сиырдың симменталь тұқымы бойынша қазіргі уақытта елімізде украиналық, воронеждік, қазақстандық т. б аймақтық тип қалптасты. Олардың әрқайсысының өсіп отырған экологиясына бейімделу нәтижесінде өзіндік ерекшеліктері бар.
Сонымен аймақтық тип тұқымның экологиялық жіктелу нәтижесінде пайда болады. Тұқым ішіндегі әртүрлі аймақтық тип болуы, оны одан әрі жетілдіруге қолайлы жағдай туғызады. Соңғы уақытта мал тұқымын асылдандыру жұмысын кең масштабты көлемде жүргізуге көшуге байланысты тұқымды жақсарту үшін, аймақтық типті ұтымды пайдаланудың мүмкіншілігі артып отыр.
Тұқым ішіндегі тип. Мал тұқымы құрамында жалпы тұқымға ортақ қасиеттерімен қатар өнім бағытында, дене бітім мен пішінінде, тіршілік ортасы әсерлеріне төзімділігіне қарай болатын ерекшеліктері бар тұқым топтары болады. Мысалы Орловтың желісті жылқысының тұқымында үш түрлі ішкі тип бар: сом денелі, салмақты, ұшқырлығы сәл төмен (Лужок айғыр ұрпақтары сипаттас) ; ірі денелі, бітімі мығым, ұшқырлығы қарқынды (Громадный мен Крепыш, Ловчий мен Улов және т. б айғырлардан тараған ұрпақтар) . Алатау сиырының құрамында сүтті-етті және етті-сүтті бағыттарға бейім екі түрлі өнімдік типтер қалыптасқан.
Зауыттық тип - өнімінде өзіндік ерекшеліктері бар және оларды ұрпақтарына тұрақты бере алатын, асыл тұқымды мал өсіретін зауыттың табыны. Зауыттық тип селекционерлердің ұзақ жыл бойы бір мақсатта жүргізілген қатаң сұрыптау, тиянақты жұп таңдау және малды жүйелі азықтандыру нәтижесінде қалыптасады.
Аталық із(зауыттық линия) - деп мол өнімді еркек малдан тараған соған ұқсас жоғары өнімді мал тобын айтамыз. Аталық ізге оның негізін салушыға туыстық қатысы бар және өнімді линия стандартына сәйкес келетін барлық малдарды жатқызады.
Аналық ұя (семейство) - деп мол өнімді ұрғашы малдан тараған, анасына ұқсас өнімді, ұрғашы ұрпақтар тобын айтамыз. Бұл топ та мақсатты жүргізілген селекциялық жұмыстар негізінде қалыптасады. Өздеріне тән өнімділік, биологиялық ерекшеліктерін ұрпақтарына тұрақты бере алады. Құс шаруашылығында бұл ұғымға шағылыстыруға тағайындалған қораз бен тауықтар тобы және олардан алынған ұрпақтарды жатқызады. Малдың бір түрі ішінде кездесетін құрылымдық бөліктердің бірі-тұқымдық топ (породная группа) .
Тұқымдық топ - деп адамның белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайда жүргізілген творчестволық еңбегінің нәтижесінде қалыптасқан, құнды өнімдік, немесе биолгиялық ерекшеліктері бар және оны ұрпағына жеткілікті дәрежеде бере алатын мал тобын айтамыз. Тұқымдық топтың мал тұқымынан басты айырмашылығы, оның саны мен генаологиялық құрылымы ұзақ уақыт өзара шағылыстыруға әлі жеткіліксіздігінде. Тұқымды топтың саны қажетті мөлшерге жетіп, өнімдік құнды ерекшеліктері мен нәсілдік қасиеттері сақталса, оны жаңа мал тұқымы ретінде бекітеді.
Жоғарыда айтылған құрылымдық бөліктер мал тұқымын қоғамның қажетіне сай жетілдіріліп отыруға қажетті шарт. Мал тұқымының күрделі құрылымын сақтау үшін, асылдандыру жұмысын үздіксіз жүргізу қажет. «Шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша тұқым арасында қажетті өзгергіштік туғызу және де тұқымның біртұтастығын, біршама тарихи тұқрақтылығын сақтау, тек қана жүйелі селекциялық жұмыс нәтижесінде ғана іске асырылады» - деп тұжырымдайды А. П. Маркушин[7] .
1. 3 Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістері
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру - ауыл шаруашылығы малдарын генетикалық жетілдіру процесін басқару, малдардың жаңа тұқымдарын, типтері мен желілерін жақсарту және шығару туралы ғылым; зоотехния бөлімі, мал шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмысының теориялық негізі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру туралы ілім көне заманда пайда болды. Үй жануарларының көптеген заманауи түрлерінің жабайы ата-тектерінің қолға үйретілуінен бері адам оларды біртіндеп әр түрлі бағыттарда өзгертті және жетілдірді» - деп жазады . Е. И. Меркурьева, А. В. Метлицкий[8]
Үй жануарларын жақсартудың эмпирикалық әдістері ертеден белгілі болды және ұрпақтан ұрпаққа тәжірибелік кеңестер түрінде берілді. Мыңжылдықтар бұрын жасалған көптеген құнды ұсыныстар антикалық және ортағасырлық әдебиетте көрсетілген. Француз ғалымы XVIII ғ. Ж. Л. Бyффон будандастыру теориясын жасады. Ауыл шаруашылығы малдарын өсірудің теориялық негіздеріне Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі үлкен әсер етті.
«Ауыл шаруашылығы жануарларының эволюциясы немесе оларды сапалы жетілдіру асылдандыру жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Ол арқылы өзара байланысты ұйымдастыру-экономикалық, зоотехникалық, агрономиялық, ветеринарлық және басқа да іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесін түсінеді. Оның негізгі міндеті-қазіргі заманғы талаптарға сай келетін, қолда бар малдардың жоғары өнімді жаңа тұқымдарын жақсарту және шығару, олардың басын көбейту, өнімділігі жоғары пайдаланушылық табынды құру» - деп айтты Е. К. Меркурьева, З. В. Абрамовалар[9] .
Мал өсіру әдістері деп шағылыстырылатын малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып, жүргізген жұп таңдау жүйесін айтады. Мал шаруашылығы тәжірибесінде өсірудің үш негізгі әдісі бар: таза тұқым өсіру, будандастыру және гибридтеу (түраралық будандастыру) .
Таза тұқым өсіру әдісі деп ұрпақтан ұрпаққа бір тұқымның малын өзара шағылыстыруды айтады.
Будандастыру дегеніміз тұқымдары бөлек малды шағылыстыру.
Гибридтеу деп - екі түрге жататын малды шағылыстыруды айтады.
2 Технологиялық бөлім
2. 1 Мал тұқымдарын будандастыру тиімді әдіс
Будандастыру малдың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне тікелей әсер ететін, адам баласының ежелден қолданып келген тәсілі. Біз осы әдіс арқылы жаңа нәсілдік қасиеті бар, белгілі бір қасиеті жетік дамыған немесе әр түрлі өнімдік қасиеттердің жаңа бірлестігі бар будан аламыз. Оларды мұхият сұрыптау және белгілі бағытта жұп құру арқылы жаңа мал тұқымы шығарылады.
Ф. М. Мухамедгалиевтің [10] пікірінше бұлардың негізінде будандастыру арқылы алынған ұрпақта, гетерозиготалықтың күшеюі, соның нәтижесінде белгілердің комбинативтік өзгергіштігінің көбеюі жатыр. Соңғы жағдай жоғырыда айтқан мал тұқымын шығаруға мүмкіншілік туғызды.
Будандастыру мал өсіруде өте кең таралған тәсіл. Қазіргі уақытта будандастыру деп белгілі бір мақсатпен екі мал тұқымы өкілдерін шағылыстыруды, сонымен қатар будандарды өзара немесе басқа топтармен шағылыстыруды айтады. Будан деп екі тұқым өкілдерін шағылыстырудан туған малды атайды.
Будандастыру - малдың тұқым қуалайтын белгілерін тез өзгертудің барынша тиімді әдісі ғана емес, сонымен бірге, жаңа мол өнімді тұқымдар шығарудың да тиімді әдісі.
Ф. М. Мухамедгалиевтің[11] айтуынша будандастырудың табысқа жетуі бастапқы тұқымдарды дұрыс таңдай білуге, будандастырудың мақсаттары мен түріне; ұрпағының қасиеттеріне қарай тексерілген жақсы аталықтарды жұптастыруға; будан мал үшін жақсы азықтандыру және күтіп-бағу жағдайлрын жасауға байланысты.
Будандастыру мал шаруашылығында ертеден-ақ қолданып келеді. Халықтың Шығыстан Батыс Еуропаға қоныс аударуы, славияндардың ата-тектерінің Шығыс халықтарымен сауда байланыстарын орнатуы малдың, ең алдымен жылқының әр түрлі тұқымдарын сұрапыл түрде будандастыруға түрткі болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz