Метрология туралы ұғым


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі
СӨЖ №1
Тақырыбы: « Метрологияның ғылым жүйесіндегі орны туралы».
Тобы: АТП-17Б
Дайындаған: Муханбетов Мақсат
Жаңаөзен қаласы
2018 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
Метрология туралы ұғым . . . 3
Қазақстан Республикасындағы метрологиялық қызмет . . . 4
Метрологияда қолданылатын негізгі ұғымдар . . . 5
Қорытынды . . . 8
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 9
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік экономикаға қадам басуда және келешекте экономика әлемінде көрнекті орындардан көрсетуге ұмтылуда. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орынды алады. Елімізде ғылыми тұрғыдан құндылығы жоғары өңдеу өндірістерін дамытуға бағытталған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы енгізілуде.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру алдында тұр. Біз өмір сүріп жатқан жаһандану және интеграциялану ғасырында, қызметтер мен тауарлардың бүкіләлемдік нарығына халықаралық стандарттарсыз кіру мүмкін емес. Стандарттардын рөлін, мәнін мұқият игермей енудің өзі күдікті мәселе. Бұның себебі қазіргі таңда тұтынушыларды қанағаттандыратын сапа параметрлерін, шығарылатын өнімдердің ережелерін, нормаларын және деңгейлерін реттейтін стандарттаудың бүкіләлемдік мәнін жоғарылатудың қажеттілігін көрсетеді.
Бұйымның сапалық параметрлеріне көзімізді анық жеткізу үшін, оларды өлшейтін құрылғылар, приборлар қажет, бұлар метрология ілімінің үлесіне кіреді. Стандарттарды ұтымды және оңтайлы түрде ендірген абзал. Жыл сайын стандарттау мен сертификаттау үрдісінде метрологияның рөлі, оның қажеттігі арта түседі. Бұл техника мен жоғарыда айтылған ғылымдардың дамуымен және нарықтың талаптарынан байқалуда.
Өнімдер сапасы мен стандарттаудың барлық талаптарының орындалуы үшін, сапаны обьективті тәуелсіз, сәйкестікке бағалау жүргізген жөн. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Қазіргі таңда барлық осы үш ұғым «техникалық реттеу» деп аталатын жалпы терминмен біріктірілген. Техникалық реттеу тек қана тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына, қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігіне техникалық регламенттер арқылы мемлекеттік бақылауды анықтайды, ал қалған жағдайларда тауар өндірушілер өз көзқарастарына орай дамыған нарықтың заңдарын жетекшілікке ала отырып әрекет етеді.
Метрология туралы ұғым
Метрология («метро» - өлшем, «логос» - ғылым деген грек сөзінен
шыққан) өлшемдер, олардың бірлігін және қамтамасыз ету әдістері мен
құралдары, қажет дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Өлшеу деп тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының (арнаулы техникалық құралдар) көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін
анықтауды айтады. Табиғаттың тылсым сырларын ашу жолдарының бірі
өлшеу жүргізу болып табылады. Әртүрлі өлшеу әрекетін жүргізу арқылы біз
айналамыздағы материалдық дүниені сандық жағынан сипаттап, табиғаттың
түрлі заңдылықтарын ашамыз. Метрологияның негізін қалаушы Д. И.
Менделеев былай деген: "Ғылым өлшеуден басталады. Өлшеусіз дәл
ғылымдардың болуын елестету мүмкін емес".
Шынында да өлшеулер жүйесінсіз ғылым мен техниканың ешқандай
саласы өмір сүре алмайды. Мәселен, зерттеуші - химик, технолог - химик,
инженер-химиктердің қызметі түрлі өлшеулерді жүргізумен байланысты
болатыны белгілі.
Ұзындық, аудан, көлем, масса, температура және уақыт сияқты
физикалық шамаларды өлшеу ерте заманнан басталған. Қазіргі кезде
өлшенетін шамалардың саны әлдеқайда көп. Мысалы, механикалық,
жылулық, электрлік, оптикалық, магниттік және басқа физикалық
шамаларды айтуға болады.
Халық шаруашылығында метрологиялық жұмыстар бірнеше бағытта
жүргізіледі. Соған байланысты метрологиялық жұмыстар да бірнеше түрге
бөлінеді. Соның бірі - өлшем жағдайларын талдау. Өлшем жағдайын талдау
жұмыстары халық шаруашылығының әртүрлі саласында пайдаланылатын
өлшем құралдары мен өлшем әдістерінің қазіргі заман талаптарына
сәйкестігін анықтау және кәсіпорындар мен өндірістің метрологиялық
қамтамасыз етілуін жетілдіру мақсатында жүргізіледі.
Өлшем жағдайларын талдап зерттеу өлшемді тексеруден басқаша.
Талдау жұмыстары кемшіліктері үшін кәсіпорындарға жазалау шараларын
қолдану мақсатын көздемейді, талдау нәтижесінде метрологиялық
қамтамасыз етудің жолдары белгіленіп, оларды іске асырудың нақты
мезгілдері тағайындалады. Талдау жұмыстарының жүргізілуін басқарып
бақылайтын органдар салалық метрологиялық ұйымдар болып табылады.
Салалық кәсіпорындарды метрологиялық қамтамасыз етуді талдауды
министрлікте тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді. Комиссияның
құрамына министрліктің, метрология және стандарттау мекемелерінің,
талданатын кәсіпорынның және мемлекеттік қадағалаудың метрологиялық
институттары мен аумақтық органдарының өкілдері кіреді.
Қазақстан Республикасындағы метрологиялық қызмет
Бүгінгі күнде Республикада метрологиялық қызмет «Өлшем бірлігін
қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342
қаулысымен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология
институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (бұдан әрі - «ҚазМетрИн» РМК) құрылды және халықаралық
талаптарға сай өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология жөніндегі
техникалық (эталондық) базаны және нормативтік құжаттардың үйлесімділігін жетілдіру, осы салада мамандарды даярлау және біліктілігін
арттыру бойынша мақсаттарды орындау үшін Қазақстан Республикасындағы
метрология бойынша жалғыз институт болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға
дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын
іске асыру шегінде республикада болып жатқан экономикалық өзгерістер,
метрология қызметінің техникалық негізін - республиканың эталондық
базасын тиісті деңгейде ұстап тұру арқылы қалыптасқан ұлттық өлшем
бірлігін қамтамасыз ету жүйесін тасымалдау қадамдарын жүзеге асыруды
қажет етеді.
Республиканың эталондық базасы экономиканы метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің орталықтандырылған элементі болып табылады.
Эталондық базаның даму деңгейі түпкі қорытындыда барлық техникалық
өлшемдердің деңгейі мен дамуын анықтайды.
Қазіргі уақытта республиканың эталондық базасы эталондардың 98 бірлігінен және эталон жабдықтарынан, 49 мемлекеттік эталоннан, 27 жұмыстық эталон және эталондық жабдықтардың 22 бірлігінен тұрады.
Метрологияда қолданылатын негізгі ұғымдар
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 53-II Қазақстан Республикасының Заңының 1-тарауының, 1-бабында
пайдаланатын негізгі ұғымдар:
• аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға
заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;
• заңдық метрология - метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган
атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем
құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары
бар бөлігі;
• мемлекеттік метрологиялық бақылау - уәкілетті органның және оның
аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын,
метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан
алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын бақылау жөніндегі
қызметі;
• метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;
• метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге
бағытталған субъектілер жиынтығы;
• өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік
жолмен физикалық шама мәнін табу;
• өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде
көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген
шектегі өлшемнің жай-күйі;
• өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем
бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге
асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және
заңды тұлғалардың жиынтығы;
• өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты;
• өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар -
ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар;
• өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;
• өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін
белгілеу (растау) ;
• өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын
салыстырып тексеру жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен
аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы;
• өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін
қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік
дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы;
• өлшем құралдарын тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар мен
ережелердің жиынтығы;
• өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған
метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
• өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метрологиялық
сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық
бақылауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау
мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон
арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты
белгілейтін операциялар жиынтығы;
• өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген
техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау
мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген
заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
• өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы;
• өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау өлшемдерді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz