Дүниеге көзқарастың тағы бір формасы, жоғарыда атап өткеніміздей - философия
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Философия пәні
№1 семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Философиялық ойлау ерекшелігі
Жұмыстың орындалуы: 23.09.2020 ж.
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Дахиев Жанарыс
Тобы: ЭЭк-19-6
Тексерген: доц., Апашев С.Б.
_______________ _______________ ____ _________2020 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2020
ЖОСПАР
Кіріспе
Дүниеге көзқарас және оның типтері.
Дүниеге философиялык көзқарас.
Ұлттық философия түсінігі және философиялық ойлаудың шарттары.
Әдебиет тізімі.
КІРІСПЕ
Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара-арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, адамның тууы мен өлімінің бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген сияқты мың-сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар жайында түрліше ой-пікірлер, көзқарастар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат деген не, оны жалғаннан немесе қателесуден қалай айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылық дегеніміз не деген сияқты әлеуметті сұрақтар да қалыптаса бастайды.
Бұл сияқты сұрақтарға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым, дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кен көлемді көзқарас, ой-пікір керек. Сондай-ақ адам өзінің іс-әрекетінің мақсаты мен мәнін, ол не себепті басқаша емес, дәл солай жасайтынын түсінуі, бұдан қандай пайда түсетінін т.б. ұғына білуі қажет. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады.
Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниеге көзқарасты құратын рухани құбылысқа философия да кіреді. Дүниеге-көзқарастық проблемаларды шешуде философияның атқарар ролі орасан зор. Міне, сондықтан да философия дегеніміз не деген сұраққа дұрыс жауап беру үшін дүниеге көзқарас дегеннің не екенін анықтап алу керек.
Дүниеге көзқарас - адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл-күй мен мақсат-мүдденің, үміт пен ниеттің т.б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады.
Сонымен, дүниеге көзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтыгы екен. Дүниеге көзқарастың өзегі білім болғандықтан, білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен тереңдігіне, дәлелділігі мен жүйелілігіне қарай ол күнделікті-практикалық және теориялық болып бөлінеді.
Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниеге-көзқарастық ой-пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда да үлкен рөл атқарып келеді. Кейде "өмір философиясы" деп аталатын бұл дүниеге көзқарас стихиялы түрде қалыптасады және қалың бұқара халықтың дүниетанымы мен ақыл-ой байлығын жинақтайды. Күнделікті-практикалық дүниеге көзқарас біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын адамдар да білімі, ақыл-ойы мен рухани мәдениеті, ұлттық дәстүрлері мен діни сенімдері жағынан алуан түрлі. Сондықтан ол "өмір философиясының" ерісі де ерекше кең болады. Оның құрамында сананың аса қарапайым, тұрпайы, тоғышар формаларынан бастап, ғалымдардың, енер иелері мен саяси қайраткерлердің т.б. озат ой-пікірлері болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пікірлер де жоқ емес.
Тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қалыптасатындықтан, олардың мазмұны терең ойластырылған, жан-жақты талданған және делелденген болмайды.
1) Дүниеге көзқарас және оның типтері
Дүниеге көзқарас ұғымы бір қарағанда тым жалпы болып көрінуі мүмкін. Дүниеге көзқарастың нәтижесі танымға алып келетін және дүние туралы белгілі мағлұматтар алуға қол жеткізетін адамзат санасының мәнді құбылысы. Дүниеге көз-қарас - құбылыс, яғни, адамның өзін дүниеден шартты түрде бө-ліп алып қарастыруына байланысты оны тану, білу, ол туралы белгілі бір ұғымдар мен түсініктір жүйесін қалыптастыру қыз-метін атқаратын аса маңызды үдеріс болып табылады. Дүниеден өзін ажыратып алған адам, одан оқшаулану, бөлектену немесе оны жоққа шығаруды емес, керісінше, әлем хақында белгілі бір нақты білімдер жүйесін құрастыруға ұмтылады. Себебі, осы әлемде өмір сүріп жатырғандықтан, ол дүние туралы толығырақ білімдер жинақтауы қажет екендігі сөзсіз.
Дүниеге көзқарас дегеніміз - осы дүние, ғалам, адам, бүткіл тіршіліктің мән-жайы, болмыстың мағынасы хақындағы, адам өмірінің мәні мен мазмұны турасындағы идеялар мен пікірлердің және нақты түсініктердің жүйеленген және өзі дүниеде өмір сүруге бейімделген формаларының жалпылама жиынтығы болып табылады. Шындығында, адам өзіне қажетсіз білімдер жиынтығын құрамайды немесе алған мағлұматтарын өзінің ыңғайына қарай бағдарлауға, бейімдеуге тырысады. Адамзат баласы пайда болып, саналы ғұмыр кеше бастағаннан-ақ дүниенің мәні мен заңдылықтары қандай, ондағы адамның орны неде, жаратылыстың сыры қандай деген сияқты сауал-дарға жауап іздей бастады. Осыған байланысты алған мағлұ-маттарын жинақтап, жүйелей түсу қажеттігі туды. Бұл - дүниеге көзқарас үрдісінің туындауы. Дүниеге көзқарас көне замандар-дан бастау алатын болғандықтан, оны шартты түрде мынадай сатыларға бөліп қарастыру кең орын алған. Ең алғашқы дүниеге көзқарастың формасы - миф болып табылады. Миф - белгілі бір кеңістіктегі халықтардың дүние мен адам хақындағы пікірлері мен түсініктерінің мазмұн арқылы берілуінің және рәміздік, образды, тұспалды тілмен жеткізілуінің мәтіндік бір көрінісі. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдардың санасында байыпты орнығып, дүниеге көзқарастың бірден-бір формасы ретінде қалыптасты. Көне замандардағы адамдардың ойлау ма-шығы қазіргіден әлдеқайда өзгешерек болды. Сондықтан мұны қисындылыққа дейінгі (прологикалық) немесе арғытектік (архаикалық) ойлау деп те атайды. Миф қазіргі біздің түсінігіміз бойынша барынша жалпы ұғым, оған: әфсана, аңыз, ертегі т.б. шындыққа тура сәйкес келмейтін мазмұнды мәтіндер кіреді.
Мифтік дүниеге көзқарасты толығырақ ашу үшін арғы-тектік ойлаудың кейбір ерекшеліктерін былайша түсіндіріп өту керек. Бірінші, дүниедегі жансыз заттар мен басқа да тіршілік иелерін адам кейіптеу, яғни, адами қасиеттерді оған апарып таңу. Бұны ғылыми терминдік салада антропоморфтау деп те атайды. Мәселен, түркі халықтарындағы мәдени мұра батырлар жырындағы баһадүрлердің мініс аттарының сөйлеуі, адамша тіл бітуі. Ал жансыз табиғат құбылыстарын адам кейіптеуге - тау-лардың сөйлеуін мысалға алуымызға болады. Екінші, уақыт пен кеңістік өзінің тұрақты қалпынан ауытқып, өзгермелі (динами-калы) сипат алады. Мәселен, батырлар жырындағы алты ай-шылық жолды алты күнде аттау - кеңістік пен уақыттың сы-ғылуын, қазақ ертегілеріндегі темір етігі теңгедей, темір таяғы тебен инедей болғанша жол жүру - уақыт пен кеңістіктің созылуын білдіреді. Демек, қалыпты уақыт өзінің өлшемдеріне бағынбай кетеді. Үшінші, субъективті көңіл-күйді объективтен-діру - ішкі психологиялық сезімдерді шынайы өмір сүретін бей-нелерге айналдырады. Мәселен, Қызыр Ата - дүниедегі барлық жақсылықтың, ал дәу - барлық зұлымдықтың жиынтық образын білдіреді.
Осындай мифтік дүниеге көзқарас өз дәуірінде әлем мен адам және оның тіршілігі хақында белгілі бір таным көкжиек-терін қанағаттандырып отырды. Бірақ оны тек байырғы дәуірдің келбеті мен шығармашылығы ретінді тарихи тұрғыдан қарас-тырмау керек. Мифтер қазіргі заманда да бар, оны әлеуметтік мифтер деп атайды. Мәселен, Беймәлім Ұшатын Обьект туралы түсініктер, әлі дәйектелмегендіктен, ол әзірге әлеуметтік техно-гендік миф болып табылады.
Дүниеге көзқарастың келесі бір мифтен кейінгі қалып-тасқан түрі - дін. Қазіргі кездегі бір ғана құдайға сенетін моно-теистік діннің пайда болуына дейін оның бастапқы нышандары осыдан жүздеген мың жылдар бұрын қалыптасқан. Оларды алғашқы діни сенімдер деп атайды: тотемизм, фетишизм, ани-мизм, магия, политеизм, генотеизм т.б. Тотемизм - белгілі бір халықтың немесе этностың шығу тегін хайуанаттармен немесе өсімдіктермен туыстық байланыста қарастыру. Мәселен, біздің арғы ата-бабаларымыз ғұндардың таным түсінігінде өздерінің шығу тегін бөрімен байланыстырады. Ол - түпкі ұрпақтарын қасқыр асырап алып, одан бүкіл түркі жұртының өркендеуі туралы аңыздармен көмкерілген. Фетишизм - табиғаттағы жеке құбылыстарға табыну және оны құрмет тұту. Мәселен, жер-суға, жалғыз ағашқа, тау мен тасқа табынуды атап өтуге болады. Анимизм - адамды тән мен жанға ажырата отырып, тән өлген соң жанның мәңгі өмір сүретіндігі туралы түсінік. Ол да әрбір халықта әр түрлі деңгейде түсіндіріледі. Мәселен, көне Грек ойшылы Платон өзінің Еске алу теориясы деп аталатын тұжырымдамасында: адам осы өмірге келгенге дейін жан, рух түрінде өз бетінше өмір сүреді, осы жан тәнге енгеннен кейін кәдуілгі өмір басталып, жан бұрынғы көрген-білгендерін есіне түсіреді. Сонда адамның өмірі жанның бұған дейінгі көр-гендерін есіне түсіру ғана болып шығады деген пікірлермен тия-нақталады. Немесе, көне үнді сенімдерінен бастау алған реин-карнация деп аталатын түсінікте адамның жаны өлгеннен кейін тек басқа адамға ғана емес, жан-жануарлар мен өсімдіктердің жанына барып қоныстануы мүмкін екендігі айтылады. Сондай-ақ қазіргі монотеистік діндердегі жұмақ пен тозақ туралы ұғым-дар да осының куәсі. Қазақ халқында жан, рух аруақ түрінде мәңгі өмір сүре отырып, кейінгі ұрпақтарын желеп-жебеп, өзі-нен кейінгі өмірге де белгілі бір деңгейде тәртіп орнатып оты-ратын құдыретті күш болып саналады. Магия - сиқыр деген мағынаны білдіретін сенімдердің бірі. Оны зиянкестік магиясы, ізеттілік магиясы, шаруашылық магиясы, мантика, хиромантия сияқты салаларға жіктейді. Зиянкестік, яғни, қара магия - қар-ғыс, көз тию, тіл тию сияқты жағымсыз әрекеттер арқылы жүзеге асса, ізеттілік магиясы бұған керісінше жақсылыққа ғана бағдарланады. Магияның бір саласы мантика - бал ашу түрінде анық көріне алады. Мәселен, құмалақ ашу, жауырынға қарап болжау, карта ашу т.б атап өтуімізге болады. Ал хиромантия алақанға қарап адам тағдыры мен болашағын болжау туралы арнайы ілім болып қалыптасқан. Политеизм деп аталатын сенім (поли-көп, тео-құдай деген мағынада) көпқұдайға сенушілік ту-ралы ұғым. Бұл әлемдегі әрбір құбылыстың, әрбір нәрсенің өзінің құдайы бар деп түсінушіліктен туған. Мәселен, көне Грек мифологиясындағы Олимп тауында басты он екі құдай Пантеонға, яғни, құдайлардың мәртебесін айқындайтын орнына орналастырылған. Афродита - сұлулық пен махаббаттың, Посейдон - теңіздің, Гермес - сауда мен егіншіліктің т.б. құ-дайы болып тағайындалған. Осы құдайлар адамша өмір сүріп, қоректеніп, үйленіп, өзара соғысатын да болған. Бұндай кикіл-жіңдердің нәтижесінде бір құдай басымдылыққа шығарылған. Бұны генотеизм деп атайды, демек, бұл - көпқұдайға сене отырып, бір құдайды басымдылыққа шығару сенімі.
Осындай алғашы діни сенім формаларынан кейін моно-теизм деп аталатын қазіргі күнгі бір құдайға табынушылық пайда болды. Бүгінгі күні мынадай әлемдік діндер белгілі: Будда, Христиан, Мұсылман. Әлемдік деп аталуы себебі, олар белгілі бір этностың немесе ұлттың шеңберінен шығып, өзінің өрісін кеңейтіп, бүкіл дүние жүзіне тараған. Осы діндердің рухани қайнар бұлақтары қасиетті деп саналған кітаптар: Буддизмде - Трипитака, Христиан дінінде - Жаңа Өсиет, Мұсылман дінінде - Құран. Осы кітаптарда әлем мен адамзат-тың тіршілігі хақында, жаратылу мен әлемнің пайда болуы жөнінде, өмірдің мағынасы туралы байыпты пікірлер айтылады. Осыдан дүниеге көзқарастың мифке қарағанда барынша жүйе-ленген формасы қалыптасты. Діни дүниеге көзқарас тұғыры осылай құрылған.
Дүниеге көзқарастың тағы бір формасы, жоғарыда атап өткеніміздей - философия. Оның ерекшелігі, мифтік және діни дүниеге көзқарастың негізінде қалыптасып және олардың бірлігін қамтамасыз етуге ұмтылып, өзіндік ғылымиланған жобалар ұсынатындығында. Оның ғылым ретінде қалыптасуын көне Грекиядағы философия деген сөздің шығу кезеңінен (шама-мен б.э.б. 5 ғасырлар) бастауға болады. Әйтсе де, көне Үндіде таза философиялық ойлардың қалыптасуы бұдан да әрірек. Философиялық дүниеге көзқараста бәрі де барынша толығырақ қамтуға ұмтылдырылады және ұсынылған идеялардың дәйекте-луіне баса назар аударылады.
2) Дүниеге философиялык көзқарас
Философиялық көзқарас адамдардың санасыңда бір-бірімен тығыз байланысты да қарама-қарсы екі ұғым - "материалдық" және "идеалдық", "объект" және "субъект" деген ұғымдар қалыптасқаннан кейін пайда болды. Философиялық ойлау бұларды қарама-қарсы қарастырмай, оларды әрдайым белгілі бір қарым-қатынаста қарастырды, атап айтқанда идеяның, сананың материяға, руханилықтың болмысқа қатынасын қарастырды. Бүл философияның негізгі мәселесі деп аталады. Философтардың, жеке адамның дүниеге көзқарасы қандай болсын, ол бүл мәселеден аттап кете алмайды, өйткені олардың философиялық көзқарастарының мазмүны мен сипаты осы мәселеге қарай шешіледі. "Бүкіл философияның, әсіресе ең жаңа философияның үлы негізгі мәселесі -- ойлаудың болмысқа қатынасы жайындағы мәселе" - деп атап көрсетті Ф.Энгельс.
Философияның негізгі мәселесінің мәні шындықтың екі негізгі типінің - объективтік, материалдықжәне субъективтік, идеялық жақтары бар екенін және олардың қайсысы алғашқы, қайсысы кейінгі екенін мойындауда: материя санадан бүрын пайда болған ба, әлде сана материядан бүрын пайда болған ба? - деген сүраққа жауап беруде} Философиял ық көзқарастьщ өзі де осы сүраққа жауап іздеудің барысында пайда болды.
Сананың материяға қатынасы қандай деген сүраққа жауап берулеріне қарай философтар үлкен екі топқа, екі лагерьге бөлінді, деп жазды Ф.Энгельс. Олардың ішінен рух табиғатган бүрын болған дегендері, сөйтіп, сайып келгеңде, дүние- ніңжаратылуын қайткенде де мойындағандары... идеалистік лагерьді қүрды. Ал енді табиғат негізгі бастама деп есеп- тегендер материализмнің түрлі мектептеріне қосылды2.
Философияның негізгі мәселесі материалдық пен рухани- лықтың қайсысы алгашқы деумен гана шектелмейді. Ол сонымен қатар материалдық деп нені, руханилық деп нені түсіну керек деген сүрақты да қамтиды.Осыган байланысты материализмнің ішінде де, идеализмнің ішінде де негізгі философиялық мәселені қоюына, шешуіне қарай түрліше жеке тармақтар пайда болады. Мөселен, Гегель алгашқы бастама деп адамнан тыс ойлауды ("абсолюттік идеяны") түсінсе, Дж.Беркли дүниеде бардың бәрінің негізі түйсік деп санайды.
Көптеген марксизмге дейінгі және марксистік емес кейінгі философтар сананың материяға қатынасын философияның негізгі мәселесі емес деп есептейді. Ф.Бэкон үшін, мәселен, табиғаттың дүлей күштерін игеру философияның негізгі мәселесі болып табылса, XX ғ. Француз философы А.Камю үшін ол негізгі мәселе - өмір сүру қажет пе әлде жоқ па? - деген мәселе болды. Марксизмге дейінгі ойшылдардың ішінде негізгі философиялық мәселенің мәні мен мазмүнын дүрыс түсінуге бәрінен де жуығырақ келгені неміс философы - материалист Л.Фейербах болды. Философияның негізгі мәселесін дүрыс тұжырымдап қоя білген және оны ғылыми тұрғыдан дәйекті түрде шешіп берген Ф.Энгельс болды. Ол бүл мәселені қоғамдық-тарихи практиканың шешуші ролін негізге ала отырып карастырды.
XIX ғасырда материализмнің ең жоғары да жүйелі түрі -- диалектикалық материализм қалыптасты. Диалектикалық материализмнің негізін қалаушылар Маркс пен Энгельс, оны дамытушылардың бірі Ленин. Диалектикалық материализмнің қайнар көздері -- дүние туралы барлық ғылыми жетістіктерге сүйену, оларды тұжырымдау; материализм мен диалектиканы дамытудағы философиялық дәстүрлерді сын көзқарасымен жалғастыру; теорияның революциялық күрестің практикасымен тығыз байланысын қарастыру, оны басшылыққа алу. Осы бағыттағы қағидалар мен тұжырымдар философиялық материализмді, материалистік диалектиканы дамытты, оларды өзара ұштастырды,
Философияның тарихында идеализм материализмнің қашанда болмасын антиподы болды. Идеалистік лагерьдің де екі классикалық түрі бар. Олар объективті және субъективті идеалистік ағымдар. Объективті ағымдағы идеалистік ілім (Веданта, Конфуцианство) діни -- мифологиялық түсініктерден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz