Үйрену әдеттену деңгейінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

№ апта
Дәріс тақырыбы және тезистер
Сағат көлемі
№ 1
дәріс
Дәріс. Зоопсихология және салыстырмалы психология пәніне кіріспе.
Жоспар: 1. Жануарлар пәні және міндеттері
2.Жануарлар психологиясының ғылыми жүйедегі орны.
3. Зоопсихологиялық зерттеу әдістері.
1..Жануарлар психологиясы, салыстырмалы анатомия мен физиологияны аяқтап жеткізу керек; адамға дейінгі феноменологиядағы сана кенеюің көрсетуге тиіс; оның соңы болып - тарих сала тамырында ағатын өкпеге құйылатың күрен қан, кейін рухани толып ашық қанға айналатындай адам психологиясының бастапқысы болу керек деп А.И.Герцен жазған.
Біздің заманымызда жануарлар психологиясың зерттеумен шұғылданатың арнайы ғылым - зоопсихология.
Зоопсихология объектісі болып-жануарлардың психикалық әрекеттері жатады.
Осының негізінде зоопсихология пәні - адам санасының тарих алды және болжамы болып жануарлардың онтогенездік және филогенездік тегі мен дамуы туралы, жануарлар деңгейіндегі психикалық бейнелеудің эволюциясы мен заңдылықтар көрінісі туралы ғылым екені анықталды. Зоопсихолог адам психикасының пайда болу негізің құрайтың психика эволюциясын тұқымдану формасынан бастап жоғарғы көрінісіне дейін зерттейді.
2.Ғылыми зоопсихология мен салыстырмалы психологияның пайда болуы 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында ірі ғұлама биологтар Ж.Л.Леклерк-Бюффон және Ж.Б.Ламарк аттарымен тығыз байланысты. Кейін жануарлар мен адамның психикалық процестерінің құрылыстарындағы белгілері тегінің бірлігін көрсеткен Ч.Дарвиннің зерттеулері зоопсихология дамуында үлкен роль атқарды. Бірақ, салыстырмалы психологияның алғашқы даму сатысында, жануарлар мен адам психикасының айырмашылығы жайлі сөз қозғалмаған. Дарвиндік кезеннең соң кенінен тараған антропософиялық көзқарастар, ал ғылыми деректер ахуалдары жануарлардың психикасының дамуы адам психикасына ұқсас шала көбік пікірлермен орынын толтырған.
Зоопсихологияның зерттеу әдістері.
Жануарлардың құлқың нақты психологиялық талдау,анық мәселелерді шешу барысында, зоопсихолог, тәжірибе қойылатың жануарлардың қозғалыстарың түгелдей зерттеу жүргізуде ғана жүзеге асады. Бұл мәселелерді, жануарлар қозғалыстарынаң зерттелетің психикалық құбылыстар жайлі тура айталандай етіп қою керек.Соңымен қатар, жануарлардың физиологиялық жағдайларың, тәжірибе қойылатың сыртқы жағдайды және эксперимент нәтижесіне ықпал ететің басқа да негізгі факторларды ескерген жөн.
Зоопсихологиялық зерттеулерде негізгі роль атқаратың табиғи жағдайда жануарлар құлқың бақылау. Мұнда, қоршаған ортаның өзгермелі құбылыстарында жануарлар құлқыныңда болатың өзгерістерді байқау өте маңызды болып келеді.
Лабиринт әдісі. Тәжірибе қойылатың жануарлар алдына тікелей мақсаты қабылданбайтың ің немесе тамақ ретінде берілетін жағдайларға жол табу мәселесің қояды. Қателескен не дұрыс жол таба алмаған жағдайда жануарларға жазалау әдісі қолданылады. Қарапайым түрдегі лабиринт Т-тәрізді келеді, күрделі формаларында көптеген кедергілер тұрады. Бұл әдіс арқылы жануарлардың қозғалыс ептілігің машықтандыру, әсіресе тері-бұлшық ет сезімталдығы, есте сақтауы, жаңа жағдайда қозғалыс дағдысың қолдануы, сезімдік жалпылауы қалыптасуы ролдері арқылы кеністікте бағыталуың зерттейді.
Көптеген сауалдардың бірсыпырасы айналма жолдар әдісің қолдану арқылы зерттелінеді. Бұлардың түрлері (Смолл лабиринті), көпірлерден тұратың лабиринт.
Жіктеулі жаттықтыру (диффиринцировочная дрессировка) атты әдіс бір уақыттың ішінде сыналушы жануар бірізді ұсынған объктілерді белгілері арқылы айыра алуың зерттейді. Мәселен, объектінің көлемін кішірейте отырып олардың жіктей алуың тексереміз. Сөйтіп, жануарлардың қасиеттерің сипаттайтың мәліметтер аламыз.
Жоғары жануарларға ғана қолданылатың жіктеулі жаттықтыру әдістерінің келесі варианты үлгілі таңдау әдісі (выбора на образец).Бұл әдісте, жануар бұрын көрген затың көп объект арасынан тануы анықталады. Осы әдіс жануарлардың сенсорлық шеңберің зерттеуге қолданылады.
Проблемді тор әдісі. Жануарлар алдына қойылатың мәселенің бірі, ол әртүрлі заттар қолданып (рычаг, педаль, затвор) жапқышты ашып тордан өзін босататың амал табуың, немесе керісінше, тамақ бар тор ішіне кіруге ашу амалын істестіруің зерттейді. Бұл эксперименттегі механизмдер күрделі келеді де есте сақтауды талап етеді. Соңымен, осы әдіс арқылы жануарлардың күрделі үйрену формаларың және интеллектуалдық мінез-құлқының моторлық элементтерің зерттейді.
Барлық зоопсихологиялық зерттеулер барысында кенінен фото- және киносъемкалар, дыбыс жазу тағы басқа жануарлар мінез-құлқыларың тіркестіретің техникалық құралдар қолданылады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар:
Жануарлар пәні және міндеттері
Жануарлар психологиясының ғылыми жүйедегі орны.
Зоопсихологиялық зерттеу әдістері.
Лабиринт әдісі.
Проблемді тор әдісі.
Жіктеулі жаттықтыру (диффиринцировочная дрессировка

1
№ 2
дәріс
Жануарлар психикасының даму тарихы
Жоспар:
1. Эволюциялық ілім іргесіндегі жануарлар мәселесің зерттеу (19ғ)
а) Ж.Б.Ламарктің тұжырымдамалары.
б) К.Ф.Рульенің
в) Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.
2. Инстинкт және үйрену мәселелерің қазіргі тұрғыдан қарастыру.

1. Эволюциялық ілім іргесіндегі жануарлар мәселесің зерттеу (19ғ)
а) Ж.Б.Ламарктің тұжырымдамалары.
19 ғасырдың басында инстинкт проблемасымен және сонымен байланысты жануарлардың туа біткен және жүре пайда болған әрекеттік өзара қатынастары үлкен қызығушылық тудыра бастады. Бұл сауалдарға қызығушылықтың тууы, алғашқы эволюциялық теориялардың және трансформизм идеяларының пайда болуымен байланысты.Мінез-құлқыда дайын түрде тұқым қуалап берілетің не, ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасатың не, жалпылы, түрдік (видовой) болып не жатад, ал эволюция процесінде жеке жүре пайда болған мінез-құлқылардың мағнасы қаншалықты, адам мен жануарлар арасының шегі қай жерде өткізіледі деген мәселелерді анықтау көкейкесті болып келген.
Тірі табиғат эволюциясы туралы алғашқы тұтас ілім 19 ғасырдың басында Жан Батист Ламаркпен түсініктеме берілген. Ламарк өзінің эволюциялық тұжырымдамаларында психикалық фактордың бағыттау әрекеті жайлі негізін қалаған. Оның пікірінше, жануарлардың мінез-құлқың өзгерту жолында, сыртқы орта, жануарлардың организміне жанама әсер етеді деген. Осы жанама ықпалдың салдарынан жаңа қажеттіліктер пайда болады да, ол мүшенің жаттықтырылу жолымен ағза құрылымының өзгерісіне әкеліп соғады, әрине мінез-құлқы арқылы. Қаншалықты бұл тұжырымдамалардың жалпы мәселелерінде қателік болғанмен (психиканың бастапқы ұйымдастыру факторы, организмдердің жетілуге ұмтылысы) Ламарктің үлкен үлесі болып эволюция процесінде психикалық қызметтің, мінез-құлқының ролін көрсетуі жатады.
б) К.Ф.Рулье
19 ғасырдың ортасында Ресейде Мәскеу университетінің профессоры, өз заманының ғұлама ғалымы К.Ф.Рулье тірі табиғатты тарихи тұрғыдан зерттеу керегін бірізділі жанып қолдаған. Сол жылдары, табиғи ғылымдарда реакциондық теориялар кенінен тарап, жануарлар мінез-құлқы және психика жайлі сауалдар идеалистік және метафизикалық тұрғыдан жариаланған. Жануарлардың психикалық қызметтері бірден мәңгі өзгерусіз болып қарастырылған; олардың құлқылары мен инстинктерінде табиғат пен үйлесімді еткен жаратушының шексіз даналығы болып көрінеді.
Рулье реакциондық жағдайларға қарамастан,инстинкті табиғаттан тыс қарастыруға қарсы тұрған. Ол, инстинкті жануарлардың анатомиясымен, физиологиясымен және экологиясымен қатар зерттеу керек деген.
в) Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.
Чарльз Дарвиннің эволюция ілімінің женісімен табиғи білімдерде тірі табиғаттың бірлік заңдылықтары, органикалық әлемнің үздіксіздігі туралы ой нығайды. Дарвин жануарлардың және адамдардың психикалық қызмет эволюциясы жайлі сауалдарға мол көніл бөлген. Ол өзінің Выражение эмоций у человека и животных атты іргелі зоопсихологиялық еңбегің, және де жануарлардың мінез-құлқы жайлі бірқатар арнаулы жұмыстарын жазып шығарған.
Дарвин, инстинктің пайда болу тегін табиғи сұрыпталу әрекетімен түсіндірді.

2.Инстинкт және уйрену проблемасында үлкен орын алатың инстинктивті мінезқұлқының икемділігі. Бұл сауал тек инстинктивті мінез-құлқы тегін анықтау үшін ғана емес және де жануарлардың психикалық әрекеттерінің қызметіне де жалпылай қатысты.
Дарвиннің пікірінше, туа біткен морфологиялық негізіне тән инстинктивті икемділік табиғи сұрыпталу жолында инстинктивті мінез-құлқы дамуына жеткілікті деген. Кейіннен көптеген ғалымдар өз күштерін, каншалықты инстинктер тұрақты, регидті немесе өзгермелі және модифицивті (түрленуге) болады екенің зерттеуге бағыттаған. Нәтижесінде,бүгінгі күні, жануарлар мінез-құлқысының икемділігі неғұрлым күрделі, яғни генетикалық бекітілген дайын әрекеттер тұқым куалауда емес, онтогенездегі қалыптасқан қозғалыс реакциялары шегіндегі тітіркену нормасы берілетіні бізге мәлім.
Инстинкт және үйрену проблемасын теренінен зерттеген В.А.Вагнер, әсіресе оның Биологические основания сравнительной психологии (1910-1913) еңбегінде көрсетілген. Омыртқасыздар және омыртқалыларды зерттеген эксперимент және бақылау жолымен алынған мәліметтеріне сүйене отырып, Вагнер, жануарлардың мінез-құлқысының инстинктивті компоненттері пайда болып дамуы ортаның нұсқауы және табиғи сұрыпталу бақылауына байланысты және оңы әрине өзгерусіз, стереотипті деп санауға болмайды. Вагнердің санауынша, инстинктивті (соқыр сезім) мінез-құлқы, ол-сыртқы ықпалмен өзгермелі дамитың пластикалық қызмет.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар:
Ж.Б.Ламарктің тұжырымдамалары.
К.Ф.Рульенің тұжырымдамасы
Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.
В.А.Вагнер тұжырымдамасы
1
№3 дәріс
Жануарлар психологиясы мен салыстырмалы психологияның негізгі даму кезеңдері.
Жоспар:
1.Жануарлар психикасы жайлі ертегі пікірлер
2. Жануарлар құлқының эволюцияға дейінгі қөзқарас (18ғ)
Жануарлар психикасы жайлі ертегі пікірлер.
Жануарлардың мінез-құлқыларының қозғаушы күштерінің негізі жайлі ежелгі ойшылдар, жануарларда рухани бастапқысы бар ма, егер бар болса, оның табиғаты қандай екені туралы ойланған. Эпикур және оның ізбасарлары, әсіресе Лукреций жан материалды деген пікірде болған. Лукрецийдің пікірінше, жануарлар құлқыларының мақсатты әрекеттері,ол табиғи сұрыпталу нәтижесі, яғни пайдалы қасиеттері бар жануарлар ғана өмірге қарсы тұралады деген.
Ежелгі философ-идеалистерде идея әлемі, әлемдік ақыл пікірде болып, ол құдай ұғымымен теңестірілген. Осы универсальды ақылдың жаратылысы адам және жануарлар жаны болады да, Сократтың пікірінше ол тәнмен бірігіп сезімдікке ие болады да өз әрекеттерің құштарлығыңа бағыттайды. Жануарлар құлқы әуестенуі, құштарлықтарымен анықталады деп санаған Платон. Осыдан инстинкт жайлі қадам басталды.
Ежелгі ғұлама ойшыл деп К.Маркс атағандай Аристотель философтар арасында табиғи сынаушының алды болған. Аристотель адамға мәңгілік ақылды жанды жатқызады. Оның пікірінше, жан сөнулі материяны жандандырады, яғни тек дене ғана сеземді құштарлыққа ие деген. Сол себептен ақылы бар, танымдыққа қабілетті еркінді адамға қарағанда, жануарларда тек өлетін сезмдік жан ғана бар. Бірақ ыстық қанды, тірі пенде әкелетің жануарлардың барлығысында адам сияқты бес сезім мүшесіне ие. Жануарлардың құлқылары өзің-өзі сақтау және ұрпақты жалғастыруына бағытталуы, түйсіну, құмарлану, әуестену, қанағаттану түрткілерімен байланысты. Осы мен қатар, жануарлардың құлқы әр жануарлардың деңгейлеріне байланысты ақылы мен анықталады.
Аристотель, өзінің пікірлерің нақты, бақыланған дәлелдермен бікетеді. Мысалы, құмырсқалардың белсенділігі жарықпен байланысты келеді. Бірқатар жануарлардың қатынастарында бірін бірінен үйрену қабілеттері байқалады; көбею кезінде дыбыс арқылы қатынас жасаулары да байқалған.
Аристотельдың бірқатар тұжырымдары стоиктер ілімдерінде біршама өзгерістерге ұшырағанымен әрі қарай дамыған. Стоиктерде инстинкт ұғымы алғашқы рет қолданды да, бұл философтармен жануарлардың әрекеттерін жағымдыға бағыттайтың туа біткен, мақсатты ұмтылысы деп түсіндіріледі. Хризипптің түсіндіруі бойынша, үйректің балапандары тауық басып шығарғанымен жақың көрек бар су стихиясына жүгіреді деген, сөйтіп басқа да инстинктивті жануарлардың мінез-құлқын көрсеткен: құс ұя салуы, ара ұяшықтар құруың, өрмекші өру іскерлігін. Бұлардың барлығың жануарлар бейсаналы атқарады, яғни оларда ақыл жоқ, жануарлар қызметтерің түсініксіз, тек таза туа біткен білім негізінде орындайды деп Хризипп өзінің заманының озық қөзқарастарымен таңқалдырған.
2.Орта ғасыр кезеніндегі мыңжылдық ғылыми ойлардың басендеуінен соң ғылыми шығармашылық өркендей бастады, бірақ тиянақты бақылау және эксперимент нәтижесінде алынған деректердің іргелі тасы болып жануарлардың мінез-құлқын зерттеу он сегізінші ғасырда жүргізіле бастады. Осы ғасырдың орта кезендерінде жануарлардың психикалық қызметтерің ілгері зерттеуге үлесін қосқан ғалымдардың, философтардың және натуралистердің шоқталған еңбектері пайда бола бастады.
Солардың ішіндегі бірі француз философ - материалисі, білімі дәрігер, Ж..О.Ламеттри. Ламеттри жануарлардың инстинкті ойлану мен тәжірибеден тыс мәжбүрлі түрде орындалатың қозғалыстар жиынтығы деп көрсеткен. Соңымен бірге ол себебін білмесе де инстинктің биологиялық бейімделуін айқындаған. Ламеттри зерттеулеріндегі маңызды қасиет болып, жануарлар психикасының қызметің салыстыру қатынасы жатады. Әртүрлі сүткөректілердің және де құстардың, балықтардың, жәндіктердің психикалық қасиеттерің салыстыра отырып, сол қасиеттердің адамға қарай бағытталған прогрессивті күрделенуің көрсетті.
Ірі француз ағартушысы Э.Б.Кондильяк өзінің жануарлар туралы трактаттарында (1755) жануарлар инстинктісінің шығу тегі туралы сауалда арнайы қарастырған. Әдетті әрекеттердің орындалуы инстинктивті әрекетпен ұқсастық тұрғысынан Кондильяк, біртіндеп танымдықты қосу жолындағы саналы әрекет негізінде инстинкт пайда болды деген пікірге келді: саналы құлқы әдетке, ал ақырғысы-инстинктке ауысады.
Мұндай пікірге қарсы болған Ш.Ж.Леруа. Бұл ойшыл, натуралист Кондильяктың белгіленген реттерің кері оқу керек деп дәлелдеген. 1781 жылы басылып шыққан Философских письмах об уме и способности животных к совершенствованию атты еңбегінде, жадыны жаттықтыру және түйсіну әрекеттерінің қайталану нәтижесінде жануарлардың инстинкті негізінде үйретуден ақылдың пайда болуы, мәселесін көтерген. Леруа өзінің діни догмаларға қарсы жоғары психикалық қабілеттердің дамуы тұжырымдамаларың табиғаттағы жануарлар құқысының деректерімен дәлелдеуге тырысты.Осы тұргыдан, жануарлардың өмірлік ортасың еске ала отырып табиғи жағдайда эксперимент өткізіп, олардың психикалық қызметтерінің әсіресе инстинктері осы табиғи орта ерекшеліктерімен байланысты екенің дәлелдеді.
Леруа жануарлар инстинктерінде олардың қажеттілік көрінісің байқады:қажеттіліктерің қанағаттандыру инстинктің пайда болуына соғады.Леруа пікірінше, әдет ұрпаққа беріледі де түбінде табиғи құлқылық комплекске енеді. Ол, мұңы аңшыл иттерде суреттеген, олар өз қылықтарың ұрпағына жеткізеді.
Зоопсихология ғылымының қалыптасуына өте зор үлесін қосқан Ж.Л.Леклерк-Бюффон. Ол жануарлардың психикалық қызметтерің зерттеуде шынайы натуралистік қатынаспен қоймай,өзінің табиғи зерттеулері мен байқауларындағы талдауда жануарлар мінез-құлқысын (19ғ. аяғынағы 18 ғ. басындағы көптеген ғылымдарға қарағанда) антропоморфтық пікірдең аулақ болған. Оның ілімімен келісімде жануарларға (нақты сүткөректілерге) психика қызметінің әртүрлі формалары тән, әсіресе жеке түйсік пен әдеттер, бірақ өз әрекеттерін түсіну деген мағнаны білдірмейді. Сондай ақ жануарлар қарым-қатынас жасауға қабілетті, бірақ тілдері тек сезім қуйзелісін білдіреді.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар:
Ж..О.Ламеттридің инстинг жайлы көзқарастары
Ш.Ж.Леруакөзқарастары
Ж.Л.Леклерк-Бюффон жануарлар мінез-құлқын қарастырған көзқарастары
Жануарлар құлқының эволюцияға дейінгі қөзқарас (18ғ)
Жануарлар психикасы жайлі ертегі пікірлер

1
4 дәріс
Тақырыбы: Психика эволюциясы
Жоспар:
1 Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі денгейі
2 Элементарлы сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі

Элементарлы сенсорлық психика дамуының төменгі денгейіне бірклеткалы жануарлар - қарапайымдылар жатады. Инфузория сияқты қарапайымдылардың кейбір түрлері дамудың біршама жоғарғы деңгейінде болғанмен,керісінше,бірклеткалы жануарлар сияқты дамудың сол деңгейінде тұрған төменгі көпклеткалы жануарлардың түрлері де болады .
Қарапайымдылардың қозғалыстары үлкен саналуандылығымен ерекшеленеді.Дененің кеңістіктегі орын ауыстыруы локомация деп атайды.Қарапайымдыларда локамация кинездер түрінде іске асады.Кинездердің екі түрі бар:ортокинез - ауыспалы жылдамдықпен келу қозғалысы және клинокинез - қозғалыстың бағытын өзгертумен кеңістіктегі орын ауыстыру.Қарапайымдыларға жануарлардың басқа түрлерінде жоқ локомацияның тәсілдері тән. Оларға "амебалық" , "реактивті" қозғалыстар жатады, кейбір түрлер қыл тәрізді аяқтардың немесе талшықтардың - плазматикалық өсінділердің көмегімен орын ауыстырады. Қысқартқыш бірлік миофибриллалардан - көпклеткалы жануарлардың бұлшықеттерінің аналогиясы - мионемалар құралатын болып табылады. Сонымен, кинездер ортаның биологиялық мәнде факторларының интенсивтілігі градиенттерінің тікелей әсер етуінен болатын біршама примитивті инстинктивті қозғалыстар болып табылады. Бұл ортаның жағымсыз жағдайларынан қашуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл қабілеттіліктер ортаға негізгі бейімделу үшін жеткіліксіз. Тітіркендіргіштің бастауы бойынша біршама адекватты бейімделу үшін клинокинетикалық және ортокинетикалық қозғалыстар қосымша түзетулерді қажет етеді. Және осындай бейімделу элементтерімен қарапайымдыларда қарапайым таксистер бар болып табылады. Ортокинездерде кеңістікте ориентация жасау компоненті - сыртқы тітіркендірудің градиентіндегі орын ауыстыру жылдамдығының өзгеруінде көрінетін ортотаксис болып табылады. Клинокинездерде кеңістікте ориентация жасау компаненті - клинотаксистер болып табылады, олар қозғалыстың бағыты өзгергенде , сондай - ақ тітіркендіргіштің әсер етуіне көрінеді.Осылайша, таксистер деп қолайлы (жағымды таксистер) жаққа немесе ортаның қолайсыз жағдайларының жағына (жағымсыз таксистер) кеңістікте ориентация жасаудың тектік фиксацияланған механизмдерін айтамыз. Мысалы, жағымсыз ортотермотаксистер ортаның қолайсыз термикалық жағдайларынан түзу сызықты бөлінуде көрінеді. Қарапайымдыларда термо- , хемо- , гальвано- , фото- , тигмо- ,гео- , және басқа да таксистер кездеседі.
Ортаның өзіне тән жағымсыз компоненттері дистантты түрде танылады ; биологиялық " нейтралды" белгілері, әдетте, сигналдық белгілер сияқты алшақтықта қабылданбайды. Тұтасымен алғанда оларға жағымды тітіркендіргіштерді іздегеннен гөрі, қолайсыз әсерлерден қашу тән болып келеді.
Қарапайымдыларда тіпті фобиялық реакцияларды да бақылауға болады. Мысалы, инфузория көбінше қолайсыз жағдайларға кез болғанда бірден тоқтайды және шабуылға дайындалып, "қорғаныс жағдайын" қабылдайды.
Қарапайымдылардың ең элементарлы формадағы үйренуге қабілеттілігі - әдеттенуге қабілеттілігі дәлелденді. Неміс ғалымы Ф. Брамштедтің экспериментінде бірнеше уақыт бойы үшбұрышты ыдыста ұстаған парамециялар оларды шеңбер ыдысқа ауыстырғанда да үшбұрышты траекторияны сақтап қалған. Әдеттенуді бейімделуден ажырата білу қажет . Әдеттену реакциялары жойылған кезде көрінеді. Мысалы, Н.А. Тушмалованың эксперименттерінде инфузориялар вибрацияға түскен. Бірнеше уақыт өткеннен кейін осындай үнемі әсер етуде олар оған әсерленуін тоқтатты. Бейімделу, керісінше, жаңа реакциялардың пайда болуымен сипатталады. Бұны өте жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге келгенде байқауға болады. Басында көздер қараңғы бөлмедегі заттарды ажырата алмайды, бірақ қысқа уақыт аралығы өткенде көре бастайды. Шартты рефлекстің пайда болуы үйренудің біршама жоғарғы деңгейіне - биологиялық мәнді және "нейтралды" тітіркендіргіштердің арасындағы уақыттық байланыстың қалыптасуымен сипатталатын ассоциативті үйренуге жатады. 140 - 160 сәйкестіктен кейін кейбір инфузорияларда (стенторлар мен сувойктар)жарықтық тітіркендіргішке қысқартылған жауап реакцияларын қалыптастыруға мүмкіндік туды, бірақ қарапайымдыларда ассоциативті үйренудің болатындығы туралы сұрақ ашық күйінде қала береді. Ең жоқ дегенде ол оларда бастапқы түрінде болады.
Бірақ сонда да, примитивті болса да қарапайымдалардың жүріс - тұрыстары микроәлемнің өзінше ерекше жағдайларында өмір сүруге жеткілікті иілгіш болып келеді.Микро әлем ортасы макро әлем ортасына қарағанда азырақ тұрақты, бірақ біршама кедейленген болып табылады. Сонымен қатар, микроорганизмдердің өмір сүруінің қысқалығы (үнемі болып отыратын клеткалардың бөлінуі) индивидуалды тәжірибені жинақтаудың біршама күрделі формаларының даму мүмкіндігін жоққа шығарады.
Қарапайымдылар типіне жататындардың жоғарғы өкілдері көптеген қатынастарда төменгі көпклеткалы омыртқасыз жануарлармен қатар дамиды. Және оларда элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіндегі көпклеткалы омыртқасыздардың (ішекқуыстылар, төменгі құрттар) кейбір формаларына қарағанда тіпті біршама күрделі жүріс - тұрыстар бақыланады. Осы жерде көрнекті тұрғыда мынадай жалпы заңдылық көрінеді: психологиялық классификация зоологиялық классификациямен толығымен сәйкес келе бермейді. Бұл жерде басқа заңдылық көрінеді: психикалық дамудың біршама жоғарғы деңгейінің элеметтері үнемі алдыңғы, біршама төменгі деңгейдің қойнауында туындайды.
Элементарлы сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі.
Бұл деңгейге төменгі көпклеткалы омыртқасыздар - тікентерілер(иглокожие) мен жоғарғы құрттар (сақиналылар) жатады. Сақиналы құрттарға теңіздің көптікенді құрттары, жауын құрты мен сүліктер жатады. Көпклеткалы жануарларда алғаш рет әртүлі ұлпалар мен мүшелерге біріктірілген, түрлі қызметтер атқаратын арнайы клеткалар пайда болады. Алғаш рет примитивті нервтік жүйе - жеке мүшелердің, жүйелер мен организмдердің іс-әрекетінің тұтастай координаторы пайда болады. Төменгі көпклеткалы организмдерде нервтік жүйенің түрлі формалары бар, олар: торшалық(гидралар);шеңберлік(медуза лар);радиальды(теңіз жұлдызшалары); билатеральды (жалпақ құрттар) және "нервтік баспалдақ" (сақиналы құрттар) түрінде кездеседі. Бұл деңгейде сонымен қатар бас (цефализация үрдісі) және бас миы пайда болады - яғни нервтік элементтердің жинақталуы өтеді.
Қозғалыстары.Сақиналы құрттар негізінен теңіздерде және тұщы су суаттарында өмір сүреді, бірақ олардың кейбіреулері, жауын құрты сияқтылар топырақта өмір сүреді. Көпдеген түрлерге конструктивті іс-әрекетке қабілеттілік тән дәне олар өздері жасаған, түтікшелерде - өздігінше "үйшіктерде" өмір сүреді, үнемі сол жерден жем табу үшін "шабуылға" шығады. Құрылыс материалы ретінде ерекше бездерден бөлінген сөлдермен бекітілетін құмдар мен басқа да ұсақ бөлшектер болуы мүмкін.
Жабайы түрлер (көптікенділер) басқа құрттарға, моллюскаларға, шаянтәрізділерге және тіпті салыстырмалы түрде ірі жануарларға да шабуыл жасай алады. Кейбір түрлердің рационын балдырлар немесе түптік үстіңгі жағындағы органикалық қалдықтары құрайды. Сүліктер жақсы жүзеді, жорғалайды, жұмсақ жерлерде жол қазады, кейбіреулері құрлықта жүре алады және өз жемдерін - сүтқоректілерді және адамдарды құрлықтан табады. Сүліктердің қозғалыстарында олардың сорғыштары үлкен рөл атқарады. Алғаш рет өсінділер түріндегі жұп аяқ-қолдар - параподиялар пайда болады, олардан тактильдік және химиялық сезімталдықтың қармалауыштық мүшелері шығады. Ауыз қуысында жақтар пайда болады.
Сезім мүшелері және сенсорлық қабілеттіліктер. Осы деңгейдегі омыртқасыздарда сезім мүшелері әлі әлсіз дифференциацияланған, сондықтан сипап сезудің, химиялық сезімталдықтың және т.б. арнайы мүшелерін бөлу қиын болып табылады. Бұл жерде алғашқы сезім мүшелерінің плюромодалдылығы туралы, яғни жалпы, барлық тірі материяға тән сезімталдық жайлы айтылуда. Бірақ специализациясы энергияның жеке түрлері бойынша эвалюция үрдісінде энергияның бір арнайы түріне специализацияланған унимодальды рецепторлық құрылғылардың пайда болуына алып келе алатын жоғарғы деңгейде болады. Сонымен термо-, хемо-, механо-, фото-, және басқа да рецепторлар пайда болады.
Бұл болжамға сәйкес көпклеткалы жануарлардың барлық сезім мүшелері сипап сезу мүшелерінен - біршама аз дифференциацияланған рецепторлардан дамиды. Ішекқуыстылардың өзінде бұл мүшелер иіс сезу қызметін де атқарады. Бұнда алғашқы плюромодальдықтың қалдықтарын байқау қиын емес. Көз сияқты күрделі сезім мүшелерінің өзі эволюция үрдісінде төменгі қатардағы сезім мүшелерінен - сипап сезу мүшелерінен - "сенсиллдерден" пайда бола алады. Әйгілі отандық зоолог, омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы бойынша маман В.А. Догель айтқандай, басқа жағдайларда кері құбылыста жиі орын алады, онда - омыртқасыздардың қандай да бір рецепторлары жоғарлап кетеді және кейін бірнеше уақыт өткеннен кейін бірнеше өзгерген формада қайтадан пайда болады. Гидра мен жауын құрты жарықты денесінің бүкіл үстіңгі қабатымен қабылдайды. Көру мүшесінің эволюциясын медузалардың әртүрлі формаларының мысалында жақсы зерттеуге болады. Кейбір формаларда көздік дақ түріндегі жарықтық сезімталдық мүшесі болады, ол - жылтыр эпителилік қыртыстың астындағы көру және пигменттік клеткалардың жинақталуы. Басқаларда көздік дақ көздік шұңқыр қалыптастыра отырып, көру клеткаларын зақымданудан жақсырақ қорғау үшін тереңдікке кетеді. Және жоғарғы дифференциацияланған көру мүшесі аналогы - хрустальды көздік көпіршік пайда болады. Бірақ көру әлі де болса фотоскопиялық болып қала береді, заттық қабылдауға қабілеттілік жоқ болып табылады.
Сезім мүшелерінің симетриялық орналасуының арқасында примитивті таксистермен қатар жоғарғы таксистердің де бірнеше формалары бар. Неміс ғалымы А. Кюн мынадай түрлерден тұратын жоғарғы таксистердің классификациясын өткізді; 1 - тропотаксистер - симметриялық орналасқан рецепторлардағы қозудың интенсивтілігін теңдестірудің нәтижесінде қалыптасқан, бірдей әрекет ететін қозғалыс; 2 - телотаксистер - тітіркендіргіштің бір бастауын тандап және соған қарайғы бағытта қозғалу ; 3 - менотаксистер - симметриялық емес тітіркендіруде симметриялық орналасқан рецепторларда бұрышта тітіркендіргіштің бастауына қарай қозғалыс жасалады; 4 - мнемотаксистер - бейімделулерді индивидуалды есте сақтау, ол тек есі дамыған жоғарғы жануарларда ғана кездеседі.
Жүріс - тұрыстың иілімділігі. Көптікенді сақиналы құрттарда отбасылық жүріс - тұрыстың, агрессивтіліктің және қарым - қатынас элементтерінің бастамалары кездеседі. Бірақ негізгі агрессивтілік пен отбасылық жүріс - тұрыс қозғалыстар сигналдық мәнге ие болған кездегі ритуализациясымен сипатталады. Үйрену әдеттену деңгейінде. Ассоциативті үйренудің нәтижелері ұзақ сақталмайды.
Тұтасымен алғанда сақиналық құрттардың жүріс - тұрысы элементарлы сенсорлық психика стадиясына сәйкес келеді, себебі ол тек, Леонтьев бойынша, сигналдардың тіршілік етуге өмірлік маңызды негізгі биологиялық қызметтерінің пайда болғандығы туралы хабарлап отыратын қоршаған ортаның жеке қасиеттеріне ғана бейімделген. Бұл бейімделу тек бір ғана түйсіктердің негізінде іске асады. Заттық қабылдау әлі де бар, бірақ кейбір жерде жүретін жабайы моллюскаларда және полихеттерде осы қабілеттіліктің бастамалары байқалады.
Бұл деңгейдегі жануарларда әлі де болса қолайсыз сыртқы жағдайлардан қашу басым болады, бірақ сонда да жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу жүріс - тұрыс мәнді орын алады. Олардың өмірінде сондай-ақ кинездер мен элементарлы таксистер үлкен рөл атқарады, бірақ сонымен қатар инстинктивті жүріс-тұрыстың күрделі формаларының бастамалары да кездеседі. Алғаш рет кеңістіктегі мәнді біршама дәл және үнемді бейімделуді қамтамасыз ететін жоғарғы таксистер пайда болады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар:
Қарапайымдыларда локамация
Кинездер түсінігі
Ортокинез түсінігі
Клиокинез түсінігі
Элементарлы психика
Сезім мүшелері және сенсорлық қабілеттіліктер

1
№5 дәріс
Тақырып: Перцептивті психика
Жоспар:
Перцептивті психика дамуының төменгі деңгейі
Перцептивті психика дамуының жоғарғы деңгейі

Бұл деңгейде негізгі дағдылар мен қабылдау пайда болады. Элементарлы сенсорлық психикада тек жеке қасиеттердің бейнесі ғана орын алса, бұнда біртұтас бірліктер ретіндегі ортаның заттық компоненттері бейнеленеді. Заттық қабылдау жалпылаудың белгілі-бір деңгейін болжайтын болғандықтан, сезімдік елестер пайда болады.
Бұл деңгейге жоғарғы омыртқасыздар - бас-аяқты моллюскалар мен буынаяқтылар жатады. Мысал ретінде жануарлардың ең көп класы ретіндегі жәндіктерді қарастырамыз. Олар барлық жерлерде - құрлықта, барлық тұщы су суаттарында, сонымен қатар ауада да тіршілік етеді.
Қозғалыстар. Жәндіктердің қозғалысы саналуандығымен ерекшеленеді. Олар барлық жерлерде тіршілік етеді және осыған тәуелді жәндіктердің локомоциялары үлкен саналуандығымен ерекшеленеді. Еркек бөгелектің ұшу жылдамдығы сағатына 122км жетеді, ал кейбір жарғақ қанаттылардың қанат қағуының жиілігі - секундына 1000-ға дейін жетеді. Жәндіктердің бұлщықеттері ерекше жақсы дамыған, специализациялану мен дифференциацияның жоғарғы деңгейінің арқасында, олар өздерінің салмағынан көп ауыр салмақты көтеруге қабілетті болып келеді.
Нервтік жүйе және сезіммүшелері. Жәндіктердің бас миы - күрделі құрылған жұтқыншақ үстіндегі торап - ол үш бөліктен тұрады: 1 - біршама дамыған алдыңғы бөлік (протоцеребрум). Алдыңғы бөлікпен күрделі көзді иннервациялайтын өте ірі көру бөліктерінің жұбы байланысты, 2 - мұртшаларды иннервациялайтын ортаңғы бөлік (дейтоцеребрум), 3 - ауыздық аппаратты иннервациялайтын артқы бөлік (тритоцеребрум). Қол - аяқты моллюскалардың нервтік жүйесі дамудың жоғарғы деңгейіне жеткен. Олар жануарлардың барлық түрлерінің ішінде ең ірі көру мүшесі бар организмдер болып табылады, олардың көру мүшесінің диаметрі - 40 см дейін жетеді. Жәндіктердің өмір сүретін арнайы жағдайлары ( ортаның сапалық әртүрлі агенттерінің көптігі мен саналуандығы ) оларды көптеген, өздігінше құрылған сезім мүшелерінің пайда болуына алып келді. Мысалы , көру мүшесінің құрылысы күрделі болып келеді және ол қабылдау ерекшелігі әлі күнге дейін ғылымға беймәлім болып келген көптеген қарапайым көздерден тұрады. Кейбір түрлерде саны жағынан әртүрлі қарапайым жалғыз көздер де болады. Омматидиялар басқа омматидиялардан дақтық салымшалармен шеттетілген және оларға тәуелсіз қызмет етеді. Әрбір омматидияда аксондары мидың оптикалық ганглилерінде аяқталатын 7-8 көру клеткасынан тұрады. Жеке омматидиялардан келетін көру тітіркендіргіштері біртұтас бейнеге жинақталады, яғни оларда заттық көру бар деген сөз. Олар форма мен түсті оптикалық қабылдауға қабілетті болып келеді.
Жәндіктер ерекше әлемде (микроландшафтлы және микроклиматты жерлерде) өмір сүретін болғандықтан , мысалы, қалақай көбелегінде , айқын көру тек жуықтап алғанда 2-3 см арақашықтықта ғана мүмкін болып табылады. Жәндіктер қозғалмалы заттарды немесе өздері қозғалып бара жатқан сәтте тыныштықта тұрған заттарды жақсы көре алады.
Топтық жүріс-тұрыс пен қарым-катынас. Бұл деңгейдің өкілдерінде негізгі топтық жүріс-тұрыстың өте күрделі формалары байқалады. Оларда сезімталдықтың барлық түрлері жақсы дамығандықтан, олар барлық сенсорлық каналдар бойынша ақпаратты берумен коммуникацияға қабілетті болып келеді. Өз уақытында аралардың тамақтың тұрған орны туралы ақпаратты беруіне көмектесетін олардағы рәсімденген "бидің" тілін шешу үлкен жаңалық болды. Бұл жаңалықты австралиялық ғалым К.Фриш 20жыл бойы бал арасының жүріс-тұрысын зерттегеннен кейін жасаған болатын. Фриш бойынша жүгіріп өту сызығы мен көлденеңнің арасындағы бұрыш ұшу сызығы мен аспандағы күннің орналасқан жерінің арасындағы бұрышына сәйкес келеді. Бұл жерде біз аралардың фотоменотаксистермен геоменотаксистерге транспозиция жасауға қабілеттіліктерімен кездесеміз: күннің орналасқан орнына бекітілген бұрыш жердің тартылыс күшіне ауыстырылады. Транспозиция жануарлардың арасындағы қарым-қатынастың негізінде жатқан трансформациялардың жеке жағдайы болып табылады: қоршаған орта заттарының қасиеттері оптикалық, акустикалық және басқа да сигналдардың түрлеріндегі арнайы кодтың көмегімен жануарлар тіліне трансформацияланады. Қарым - қатынастың инстинктивті формаларының ең жоғарғы деңгейі жүріс - тұрыстың рәсімденуі болып табылады. Рәсімдеу барысында кейбір тектік бекітілген позалар мен дененің қозғалыстары сигналдық, яғни ақпаратты беруші бола бастайды. Осы деңгейдегі жануарларға территорияны маркировкалау мен қорғауда көрінетін территориялық жүріс-тұрыс тән.
Үйрену. Онтогенездегі кез-келген инстинктивті жүріс - тұрыстың қалыптасуы индивидуалды тәжірибені жинақтаумен бірге жүреді, яғни инстинктивті жүріс-тұрыс үйренумен жетілдіріледі. Бірақ бұл деңгейде соңғы орынды инстинктіге қатысты бағынышты жағдай алады. Сонымен, жәндіктердің өмір сүру ортасының ерекшеліктері олардың психикалық дамуының ерекшеліктерінде бейнеленеді.
Перцептивті психикадамуының жоғарғы деңгейі
Перцептивті психика кезеңдері дамуының жоғарғы деңгейіне эволюция үрдісі барысында тек жоғарғы омыртқалылардың өкілдері ғана жетті, олар - құстар мен сүтқоректілер. Осы деңгейде жануарлар әлемінде кездесетін психикалық іс - әрекеттің біршама күрделі көрінулері байқалады. Кеңістіктік бейімделу осы жерде де таксистердің негізінде іске асады, олар: бағдарларды индивидуалды есте сақтаумен сипатталынатын, мнемотаксистер қосылатын, тропо-, тело- және менотаксистер. Жоғарғы омыртқалылардың өмірінде мнемотаксистер ерекше үлкен рөл атқаратын болғандықтан, бейімделудің туа берілген тәсілдері бұл жерде өмір барысында индивидуалды жинақталған тәжірибемен мәнді байиды. Қоршаған ортаның компоненттеріне әсерленудің биологиялық адекваттылығы жоғарғы омыртқалыларда да жүріс-тұрыстың инстинктивті элементтерімен қамтамасыз етіледі. Биологиялық жағдайларға адекватты әсерлену тек белгілердің, обьектілер мен жағдайлардың үнемелігінде ғана мүмкін, бұл жануар кілттік тітіркендіргішке әсерленген кездегі тектік бекітілген, туа берілген негізде өтеді. Сонымен инстинктивті әрекеттер жануарлар үшін әйгілі танымдық мәнге де ие болады, ол оған қоршаған ақиқаттықпен танысқанда көмектеседі.
Инстинктивті жүріс-тұрыс дамуының ерекше жоғарғы деңгейіне жоғарғы омыртқалыларда жануарлардың бір-бірімен рәсімденген қарым-қатынастары жетеді. Қарым - қатынас сферасында жүріс-тұрыстың инстинктивті формалары біршама көп таптауырындыққа қол жеткізіледі. Қатал бекітілген зоопрагматикалық құралдарсыз ақпараттарды беру негізгі бола алмайды. Толық қанды қарым - қатынас сондай-ақ жүріс-тұрыс ауданындағы жоғарғы интеграция үшін - жеке особтардың және тұтас қауымдастықтың жүріс - тұрысының интеграциясы үшін қажетті жағдай болып табылады.
Қозғалыстар. Бұл деңгейдегі жануарлардың локомоторлы қозғалыстары біршама "автоматтанғандардың" қатарына жатады және олардың әртүрлілігі тіршілік етудің арнайы жағдайларына тәуелді болып келеді. Жоғарғы омыртқалылардың алдыңғы аяқтары, негізгі, сүйеніш-локомоторлық қызметтен басқалары, әртүрлі заттармен манипуляция жасауда көрінетін қосымша қызметтер атқарады. Қосымша қызметтер жоғарғы омыртқалыларда ауыз аппаратына да тән, бұнда осы екі эффекторлық жүйелердің арасында қызметтік өзара әрекеттестік болады. Манипуляциялау әсіресе оларға деструктивті әсер етудің барысында заттарды кешендік тексеруге көмектеседі және жануарлардың танымдық қабілеттіліктерін дамытады. Осылайша, алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің прогрессивті дамуы психикалық дамудың факторы болып табылды.
Манипулациялаудың түрлеріне комфортты жүріс-тұрыс та жатады.
Сенсорлық қабілеттіліктер. Жануарлардың сезім мүшелері бұл деңгейде өзінің дамуында жетістікке жетті деп айтуға болады. Белгілі-бір сезім мүшелерінің және олардың әртүрлілік деңгейінің болуы тіршілік етудің нақты жағдайларына және жануарлардың өмір сүру жағдайына тәуелді болып келеді. Сезім мүшелеріне жоғары компенсаторлық мүмкіндіктер тән, мысалы, бір қатар үңгірлік балықтарда көру мүшесі жоқ болғанда олардың қызметін есту мүшесі жақсы атқара алады. Бес негізгі сезім мүшелерінен басқа кейбір түрлерде сезімталдықтың ерекше түрлері болады,мысалы,ультрадыбысқа (жарқанат),инфрадыбысқа (кит), инфа қызыл сәулелерге сезімталдық (шұңқыр басты жылан (ямкоголовая змея)) және т.б
Егер негізі перцепия туралы айтатын болсақ,онда орта компоненттерінен заттық болып келеді.Бұндай қабілеттілік талдау мен жалпылауға тек жеткілікті дамыған қабілеттіліктің негізінде ғана мүмкін болады.Бірақ төменгі(балықтар) және жоғарғы (құстар мен сүтқоректілер) омыртқалылардың арасында қабылдауға қабілеттіліктің сапалы айырмашылықтары бар.Жоғарғы омыртқалылардың тіршілік ету үшін, жекелеп алғанда индивидуалды тәжірбиені бекіту үшін өте маңызды қабілеттілігі олардың көру арқылы жалпылауға (елестерге) қабілеттілігі болып табылады. Бұған дәлел алғаш Л.В.Крушинский бейнелеген,көру алаңынан оның жоғалуынан кейін жемдердің орын ауыстыруын бақылау қабілеттілігі көрінетін жануарлардың жабайы формаларындағы "экстраполяция" құбылыс бола алады.Бірнеше уақыт өткеннен кейінгі реакциялар әдісін қолдана отырып жүргізілген көптеген ғалымдардың эксперименттері көрсеткендей,елестер формасындағы жаалпыланған көру бейнелері омыртқалы жануарлардың арасында кеңінен таралған.Эксперименттің мағынасы,жануардың (шимпанзе) көзінше жемді жасырып қоюдан бұрын,оны басқаға,аз тартымды затқа білдірмей алмастырып қояды және оған оны басқаға оны тек бірнеше уақыт өткеннен кейін ғана іздеуге жібереді.Егер жемді тапқаннан кейін жануар "көңілі қалғандығын" көрсетсе,онда елесте басқа заттың бейнесі болған деп болжам жасауға болады
Сонымен,жоғарғы омыртқалылардың,негізінде елестер қалыптасатын, заттық қабылдауға, талдауға және жалпылауға қаблеттілігі индивидуалды тәжірбиені жинақтаудың негізін құрайтын күделі дағдылардың пайда болуының маңызды алғышарты болып табылады.
Қарым-қатынас.Жоғарғы омыртқалылардың қарым-қатынас үрдісі барлық сенсорлық каналдары пайдаланумен өтеді.Ольфакторлық сигнализаия- химиялық жолмен басқа особтарға ақпарат беру аймақтық жүріс-тұрыста, әсіресе аймақты таңбалауда басым болады.Оптикалық канал- айқын позалар мен дене қозғалысының көмегімен ақпаратты беру, оған рәсімденген жүріс-тұрыс енеді.Мысалы,демонстрацялық жүріс-тұрыс бір-біріне дененің түрлі бөліктерін немесе позаларды демонстрациялауда көрінеді.Осы позалар бағытталған жануардар адекватты түсіне алатын "қорқытып тастау","жақсы көріну" ("импонирования") немесе "бағынушылық" позалары болады.Акустикалық канал дыбыстардың көмегімен ақпаратты беру үшін қызмет етеді.Коммуникация үрдісіндегі белгілі-бір каналдың басым болуы жануарлардың өмір сүруі жағдайына тәуелді.Ақпаратты беретін жануар "экспедиент" деп аталады,ал ақпаратты қабылдайтын жануар-"перцепиент" деп аталады.
Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы.Инстинктивті жүріс-тұрыс эволюция үрдісінде өзіннің мәнділігін жоғалтпайтын болғандықтан,ол принциптік түрде үйренумен алмаса алмайды,өйткені инстинкт-бұл түрлік тәжірбие,ал үйрену-индивидуалды тәжірбие.Бірақ академик А.Н.Северцов көрсеткендей,жоғарғы омыртқалыларда,әсіресе сүтқоректілерде,психика үйрену үрдістерді дамуының арқасында эволюцияның шешуші мәіне ие болады.Бұнда инсинкттердің мәні толығымен сақталады.Сонымен қатар,инстинкттердің біршама жоғары дамуы жоғарғы омыртқалыларда онсыз негізгі ақпарат беру мүмкін емес болатын,қарым-қатынастың тектік бекітілген құралдарынан тұратын рәсімдеу жүріс-тұрыстарында байқалады.Негізгі қарым-қатынас жүріс-тұрыс ауданындағы жоғарғы интеграция үшін қажетті жағдай болып табылады- яғни жеке особтардың және тұтас қауымдастықтар жүріс-тұрысының интеграциясы үшін.Бірақ қарым-қатынастың индивидуалды ерекшеліктерінің қалыптасуында үйрену үрдістері мәнді рөл атқарады.Қарым-қатынастың индивидуалды жинақталған элементтері жануарларға жабық коммуникативті жүйелердің сыртына шығуға мүмкіндік береді және,осылайша,ол нәтижесінде қарым-қатынастың адамға тән формаларының туындауына алғышарт болып табылады.Тек жоғарғы омыртқалыларда ғана олардың жүріс-тұрыстарының иілгіштің және бейімділігін анықтайтын күрделі дағдылар кездеседі.Жүріс-тұрыстың иілгіштігі орта жағдайларының өзгеруіндегі дағдылардың тез қайта құрылу мүмкіндігіне көрінеді.Міне,сондықтан күрделі дағдылар жануарлардың психикалық іс-әрекеттерінің жоғарғы формаларының- интеллектуалды әрекеттердің- дамуы үшін алғышарт болып табылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар:
Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы
Нервтік жүйе және сезіммүшелері
Сенсорлық қабілеттіліктері
К.Фриш зерттеулері
Топтық жүріс-тұрыс пенқарым-катынас
1
№6 дәріс
Тақырып: Психикалық дамудағы инстинкт және үйрену
Жоспар:
Инстинкт түсінігі
Инстинкттің ішкі және сыртқы факторлары
Үйрену
Г.Темброктың классификациясы
М.А.Герд бойынша жаттықтыру үрдісі
1. Инстинкт - бұл түрдің тәжірибесі, ал үйрену - индивидуалды тәжірибе болып табылады. Инстинктивті қозғалыстар табиғи таңдаудың нәтижесі болып табылады, бұл түрдің жинағаны. Инстинктивті жүріс-тұрыс өз кезегінде инстинктивті қозғалыстардан (позалардан) тұратын инстинктивті әрекеттерден (актілер) жинақталады. Бірнеше негізгі инстинктер бар, олар: тамақтық, өзіндік сақтану, ұрпақ жалғастыру, ата-аналық жүріс-тұрыс. Олар тұқым қуалаушылықпен беріледі (тектік жолмен) және түрге тән болып табылады. Егер инстинкті шартсыз рефлекспен салыстыратын болсақ, онда ол шартсыз рефлекске қарағанда өзінің құрылымы бойынша күрделі болып табылады деп айтуға болады. Инстинктің құрылымы оған үйренудің элементтерін енгізуге мүмкіндік беретін иілгіштік береді, ал жеке шартсыз рефлекстер қатар бағдарламаланған болып келеді.
Инстинктивті қозғалыстардың сипаты организмнің морфологиялық ерекшеліктерін анықтайды.
2. Инстинкттің ішкі және сыртқы факторлары. Р. Декарт - инстинктивті жүріс-тұрысты ішкі факторлар түріндегі қозғалмалы күштердің әсерімен түсіндіретін механистикалық бағыттың негізін салушы болған.
Мистикалық бағыт инстинкттің ішкі себептерінен шыға отырып оның мақсатқа бағытталғандығын түсіндіреді. Шын мәнінде кез келген инстинкттің кқрінуінің себептері сыртқы да, ішкі де факторлар болып табылады. Инстинкттің ішкі факторларын қарстырайық. Гомеостаз - организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы, оның өмірлік іс-әрекеті үшін қажетті жағдайы екендігі мәлім. Теңдіктен кез келегн ауытқу гомеостазды қайта қалпына келтіру үшін қзіндік реттеудің физиологиялық механизмдерін (қызметтік жүйелер) әрекетке келтіреді. Теңдіктен осы ауытқулар инстинкттердің ішкі факторлары болып табылады, олар жүріс-тұрыстың қанағаттандыруға бағытталған қажеттіліктерінің кқрінуінде байқалады. Табиғат ырғақты болып келеді және ол организмдегі түрлі үрдістер де ырғақтар түрінде өтеді. Ырғақтар тәуліктік, айлық, мезгілдік, космостық және т.б. болады. Мысалы, тәуліктік ырғақтар ОНЖ ырғағында көрінеді - ол жүріс-тұрыстың уақыт бойынша бейімделуін қамтамасыз ететін биологиялық сағаттар. Қалыпты жағдайларда ішкі ырғақтардың ағымы инстинкттің сыртқы факторлары болып табылатын сыртқы әсерлердің әсерінен өзгереді.
Инстинкттің сыртқы факторлары инстиктивті реакцияны жіберетін негізгі стимулдар болып табылады, бірақ негізгі стимулдарды тануды қамтамасыз ету үшін туа берілген басталу механизмі (ТБМ) (врожденный пусковой механизм ВПМ) бар, ол - ортаның биологиялық белсенді жағдайларына жүріс-тұрыстың үйренгіштігін қамтамасыз ететін нейросенсорлық жүйелердің жиынтығы. ТБМ сәйкес жағдайларда арнайы инстинктивті реакцияларды танудың, бағалауды және интеграциялауды қамтамаыз етеді, одан кейін одақтасуды алып тастау өтеді. ТБМ-ның өзіне тән ерекшелігі - сыртқы стимулдарға, тіпті тітіркендіргіштердің белгілі - бір комбинацисына әсерленудің таңдамалылығы болып табылады.
Жануарлар негізгі тітіркендіргіштерге жүріс-тұрыстың туа берілген формаларының индивидуалды тәжірибесіне тәуелсіз әсерленеді.
Голландиялық зоолог Н. Тимбергеннің тәжірибелерінде күміс түстес шағаланың балапандары тіпті ата-аналық особтың негізгі белгілері бар макетке де әсерленген. Болашақ балапандарын басып жатқан үлкен шағалалар жұмыртқаларды ағаш, әйнек, тас, батпақтан жасалған кқлемі, түсі және салмағы әртүрлі жұмыртқаларға алмастырғанды байқамаған, тек олар дөңгелек және тегіс болуы қажет. Негізгі стимулдар ұзақ уақытты эволюция үрдісі барысында негізгі бола бастады және оған біршама қарапайым, бірақ біршама үнемі стимулдар енді. Мысалы, пингвиндер ешқашанда адамнан қорықпайды, себебі адам пингвиндердің жанында ешқашанда өмір сүрмеген.Инстинктің құрылымы.Американдық зерттеуші У.Крейг инстинктің екі фазасын бөліп көрсетті,олар: іздеу және аяқтау фазалары.
Іздеу фазасы инстинктің иілгіш фазасы болып табылады және айқын көрінетін бейімділік-зерттеу іс-әрекетімен сипатталады.Аяқтау фазасы,керісінше,қатал фаза және бір түрге жататын барлық өкілдерде бірдей өтеді. Инстинкт және қарым-қатынас.Қарым - қатынасқа қабілеттілік эволюция үрдісінде тек жпнуардың кейбір әрекеттері (қозғалыстары) сигналдық мәнге ие болған кезд пайдаболды.Коммуникативті әрекеттердің ақпараттық мазмұны зоосемантика деп аталады,ал әрекет механизімі-зоопрагматика деп аталады.
Позалар,мимика және басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика эволюциясы
Зоопсихология ғылымы
Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Элементарлы сенсорлық психиканың жоғарғы деңгейіне жалпы сипаттама
Элементерлы сенсорлы психика дамуының жоғарғы деңгейі
Инстинкт және қарым-қатынас
Психиканың эволюциясы
Мінез-құлықтың пренатальды кезеңде дамуына жалпы сипаттама
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Элементарлы сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі
Пәндер