Адамгершілік тәрбиесі арқылы балаларды рухани тәрбиенің негізі қаланад



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулер
2. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі балабақшадан қаланатыны белгілі. Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәриелеу - біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Балалардың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беруші - тәрбиеші. Балабақшадағы білімнің мемлекеттік стандартында балаларды ғылымдар негізімен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажетті тәрбие беріп, оны тәжірибеде қолдана білу үшін өздігінен жұмыс істеуге, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру талап етіледі. Бүгінгі заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерінің анықтауы бойынша балабақшадағы кезең баланың қай жағынан болса да ең қарқынды дамитын кезеңі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуы қажет деп көрсетілген. Бұл міндетті шешуде адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктері негізінде білім беру арқылы балалардың бойында дүниетанымдық көзқарас этикасын, адамгершілік білімділікті, адами қарым-қатынас, адами қасиеттер мен сезімдерді дамыту алға қойылады.
Адамгершілік тәрбиесі мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және
адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі - деген анықтама берілген.

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық зерттеулері

Қазақстан Республикасының Ұлттық энциклопедиясында адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. Кісілік, Ізгілік, Имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымынан тартылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық, т.б. [5-126б.].
Адамгершілік тәрбие дегеніміз - балалардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып табылады.
Мораль - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз - адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан принциптері мен ережелердің жинытығы. Бұл принциптер мен ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық деген ұғымдардың тұрғысынан қаралып, адамдардың мінезі мен іс-әрекеттерін бағалаудың өлешушісі болып табылады. Бұлар адамдардың бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, үй-іші адамдарының бір-біріне деген қарым-қатынастары ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Қоғамның дамуымен және экономикалық құрылыстың өзгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады. Керісінше, мораль адамның еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның экономкалық дамуына әсер етеді. Моральдың қалыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық, көркемөнер, дін ықпал етеді.
Барлық заман мен барлық халықтарға бірдей жарамды ереже болмаса да, жалпыға бірдей кейбір моральдық ережелер бар. Мұндай ережелерді қоғам тәртібінің ең қарапайым ережелері деп атаймыз. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп отыру моральдық борыш - деп есептелінген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата-аналарды, ата-анасы алдында өз борышын ұмытатын балаларды мораль атаулының бәрі де айыптайды, қоғамдық орындарда ең қарапайым тәртіпті сақтау, жасы кішілердің үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті осы ережелер арқылы баянды етіледі.
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз - оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы - моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді.
Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен көрініс табады. Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын моральдық сапаларын, мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай білу қабілетін дамытып, қарапайым да күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.
Баланың алғашқы адамгершілік түсініктерін аңғарып, мінез-құлқы мен тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ - ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей өмір тәжірибесінде ненің жақсы ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді.
Психология ғылымы да баланың айналадағы болмысты дұрыс түсінуі мектеп жасына дейінгі қалыптасатынын, олар өз айналасындағы адамдардың көзқарасы мен талпынысынан, мұраттарынан жастайынан-ақ үлгі алатынын дәлелдеді. Бірақ бұл өзгерістердің бәрі де өзінен-өзі немесе жүйкенің туа біткен заңдылық күші арқылы емес, әдейі мақсат көздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие үстінде іске асады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:
1) балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
2) адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттлігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;
3) балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз ауылына, қаласына, туған-туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына балаларды интернационалдық рухта тәрбиелеуде жатады, өйткені ол адамгершілік тәрбиесінің негіздерінің бірін құрайды. Балабақшада көптеген ұлттың балалары бар, олардың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі-ақ балалардың бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.
Тәрбиеші суреттерді, көркем әдеби шығармаларды, әр ұлттың балалар әдебиетін пайдалана отырып, Қазақстанды мекендейтін сан ұлттың өмірі, тұрмысы, еңбегі, өнері жөнінде әңгімелейді, соның негізінде ұлттарға, халықтарға, жалпы адамзатқа деген сүйіспенішілік сезімін дамытуға мүмкіндіктер туады. Балалар арасында дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, тату балалар ұжымын құру - балабақша педагогінің негізгі міндеттерінің бірі. Балалар ұжымын тәрбиелеуде тәрбиеші адамгершілік принциптеріне сүйенеді.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жатады, әсіресе олардың үлкендерді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік шақтан басталады.
Жас бала - жас шыбық тәрізді қалай исең солай майысады. Сондықтан да білім негізі балабақшада қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиісті көңіл бөлу керек екенін заман талабы, тәрбие кепілі деп түсінуіміз керек.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, психологиялық және рухани-адамгершілік ахуалдың оң өзгеріске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгінде Қазақстанның білім беру жүйесі дүниетанымдық адасудан арылуда.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің даму динамикасы, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-рухани білім беруде бастапқы идеал құндылықтары, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етеді.
Балабақшада баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, адам және қоғам байланысын қалыптастыруда, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттілігін сезінуде, адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыруда, тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыруда, адамның басқалармен қарым-қатынасындағы жоғары мәдениеттілік пен адамгершілік әдеттерді бекітуде тәрбиенің маңызы зор.
Кейбір еңбектердегі анықтамалар адамгершілік тәрбиесінің негізгі бөліктерін атап көрсетумен шектелген. Мәселен, В.В.Макаев адамгершілік тәрбиесі мынандай негізгі бөліктерден тұрады дегенді айтады:
а) адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;
ә) адамгершілік сезімдерді дамыту;
б) адамгершілік сенімдерді қалыптастыру;
в) мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру;
г) өзін-өзі тәрбиелеу;
д) жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптастыру.
Бұл көзқарастың құндылығы адамгершіліктің бірі ретінде өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне мән берілген. Сонымен бірге Б.Т.Лихачевтың адамгершілік сезімдер негізін қалаушы басты категория болып табылады деген пікіріне де қосылуға болады .
Мораль нормалары баланың оларды сезім арқылы меңгеруі арқасында ғана адамгершілік субъектісіне айналады.
Адамгершілік тәрбиесі барлық тәрбие жүйесіндегі негізгі тәрбиенің көзі болып табылады. Адамгершіліксіз табиғатты, қоршаған ортаны, адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру мүмкін емес. Адамгершілік тәрбиесі арқылы балаларды рухани тәрбиенің негізі қаланад. Руханилық баланың ішкі болмысы, жан дүниесінің азығы, мінез-құлқының тірегіші болып табылады. Руханилық пен адамгершілік араласып, бір-бірімен сабақтастықта байланысқан ағайындас ұғымдар. Мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдалану, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалық қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет-дағдылары қалыптасады.
Мектеп жасындағы балаларға адамгершілік әліппесі ойын арқылы меңгертіліп, баланың әлеуметтік саналылығын дүниетанымын, этикалық талғамын,ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар өткізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды қалыптасуына тиісті адамгершілік-гуманистік қасиеттер:
1. Гуманистік қасиеттер: қайырымдылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, рақымдылық, ізеттілік, имандылық, мейірімділік;
2. Ұжымшылдық қасиеттер: ұжымшылдық сезім, өзара сыйластық, ынтымақтастық, достық, жолдастық, жауапкершілік:
3. Еңбексүйгіштік қасиеттер: еңбексүйгіштік, еңбек тапсырмаларына адал ниетті қатынас,өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау, қанағатшылдық.
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т.с.
Қазір балабақша бағдарламаларында адамгершілік қасиеттерді бала бойына қалыптастыруға арналған шығармалар іріктеліп алынған. Ол шығармаларда сөз болатын негізгі қасиеттер: әдептілік, ұят пен ар, шындық пен әділет, ынтымақ пен бірлік, жолдастық пен достық, құмарлық т.б. М.Әуезов: Адам баласынан жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнеге білетіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет - деген.
Баланың адамгершілік санасының дамуы өзара қатынастар мағынасын қабылдау және ұғынуы арқылы іске асады. Мұндай қатынастарға ата - аналармен, педагогтармен, қоршаған орта түсе алады. Бала санасында сыртқы ықпал жеке мағынаға ие болады, осылайша оған деген субъективті қатынас қалыптасады. Осыған байланысты тәрбие себептері, шешім қабылдау және өз істерін баланың адамгершілікпен таңдауы қалыптасады.
Баланың ақыл - ойы мен еркін тәрбиелей отырып, тәрбиеші өз ұмтылыстарының адамгершілік нәтижелерін де есепке алуы керек. Тәртіп түсініктері мен себептерін, адамгершілік құндылықтар жүйесін, рухани қажеттіліктерді қалыптастыра отырып, сонымен бірге тәрбиеші жеке адамның барлық жақтарына әсер етеді және ақыл-ой, еңбек, эстетикалық тәрбиесінің міндеттерін орындайды.
Балалардың адамгершілік дамуының деңгейі оқу ісін табысты іске асыруына ықпал етеді. Оқу ісінің өзі, мазмұнының, әдістерінің этикалық бағыттылығы және оқу үдерісін ұйымдастыру мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесі дамуының негізгі көзі және тәсілі болып табылады. Оқыту үдерісінде танымдық әрекет, қабылдау, зейін, қиял, ойлау есте сақтау дамиды. Бұл балалардың қоғамдық өмір құбылыстарына қызығушылықпен қарауын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

2.1. Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлері және олардың тәрбиелік мәні
Қазақ халқының өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Оның бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы егеменді еліміздің мүддесі, халқымыздың талабы.
Халқымыз тәрбиелеу және оқыту ісін баланың неғұрлым жас кезінен бастау керек деген қағиданы жоғары қойған.
Егемендi ел болғаннан берi жас ұрпақты адамгершiлiкке, парасаттылыққа, саналықпен, жауапкершiлiк тәрбиесi арқылы жеке тұлғаны қалыптастырудың сипаттарына: жауапкершiлiк, көздеген мақсатқа жету, кiсiлiгiн қадiр-қасиетiн сақтау, сенiмдiлiк жатады. Адамның жеке тұлғалық қасиеттерiн жетiлдiруi оның өзiн-өзi құрметтеуiне, өмiрде табысқа жетуiне үлкен ықпалын тигiзедi.
Адамгершiлiкке тәрбиелеу iсi бiлiм берумен ғана шектелмейтiндiгi айқын. Бұл балаланың сана-сезiмiне әсер ету арқылы, iшкi жан-дүниесiн оятудың нәтижесiнде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Баланың сана-сезiмiн, адамгершiлiк мұраттарын қалыптастыру - тәрбиенiң ең бiрiншi мiндетi. Тәрбие барысында әрдайым осы мұраттарды басты нысана етiп ұстау қажет. Себебi баланың көзқарасы оның күнделiктi iсмен сәйкес келмесе олар ойлауға шебер, бiрақ iске жоқ адамдар болып қана шығады. Баланы имандыққа баулып, мейірiмдiлiк, қайырымдылық, кiшiпейiлдiлiк, қамқорлық, iзгiлiк сияқты қасиеттердi бойларына сiңiру - әрбiр отбасы мен тәрбие беретін ұйымдардың басты парызы.
Дана ақын, халықтың ырысы Құтты бiлiктiң негiзiн қалаушы Жүсiп Баласағұн - адамның мiнез-құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады. Адам - бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы iсiн қалдырып отыруы қажет. Ол үшiн әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүрiп-тұруы тиiс деген ойлары бiзге жақсы мәлiм.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы түрлі жақсы-жаман қасиеттер туралы Жүсіп Баласағұнның атақты Құтты білік поэмасында кеңінен баяндалған. Ұлы ойшыл осы шығармасында жоғары мұратты қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-құлық нормалары мен ережелерін, әр түрлі қоғамдық дәрежедегі жіктердің басқарудағы міндеттері мен қызметтерін белгілеп берді.
Ендеше балаларды адамгершiлiк тәрбиесi арқылы толыққанды жетiлген азамат етiп тәрбиелеу - қоғамыздың басты мақсаты. Рухани тәрбие, бiлiм беру адам дамуының рухани үйлесiмдiлiгiн түсiнудi қамтамасыз етедi. Рухани тәрбиенiң адамның iзгiлiк, имандылық ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой мен iс-әрекеттерiн iзгiлiк мұраттарға бағыттап, рухани көз қарастарын қалыптастырады.
Балалардың бойында тәртiпке бойсыну сезiмдерi мен дағдыларын қалыптастыруда Абай шығармаларынан көптеген материалдар тауып пайдалануға болады. Абай шығармаларын еңбек тәрбиесiне қатысты тәрбиелiк iс-шараларды жүзеге асыруда пайдалану мүмкiндiгi көптен берi айтылып келе жатқандықтан, ол ұстаздарға таныс. Мәселен, ең алдымен тәрбиеленушілерге еңбектiң қай түрi болмасын бiр нәрсенi игеруге бағытталады:
Түбiнде баянды еңбек егiн салған,
Жасынан оқу оқып, бiлiм алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектiң бұдан өзге бәрi жалған - деген өлең жолдарын қазiргi заман тұрғысынан түсiндiру, мәселен, оқудағы мақсат бастық болу қазақ арасында кең тараған сөз менiң балам бастық болады деп емес, ең алдымен бiлу үшiн, оқимын оқисың деген пiкiрдi баланың санасына ендiру. Бұл басты мақсат. Одан соң не нәрсенi болмасын игеру үшiн еңбектену керек.
Тәрбиелік тұрғыда аса мазмұнды мәтіндермен байытылған оқу кітаптарына зор маңыз берген жөн. Оқуға арналған кiтаптарды талдау бұл жайлы растай түседi. Тәрбиешінің қолында тәрбие мақсатында шебер пайдалана бiлген жағдайда балалардың негiзгi адамгершiлiк түсiнiктерiн қалыптастыру жолында тұрақты жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн бай материалдар бар. Оқулықтағы мәтіндерді авторлар осы жастағы балаларға сай iрiктеген. Мәтіндермен жұмыс iстегенде тәрбиеші мейлiнше айқын бейнеленген көркем образдарға баса көңiл аударады, әр бала оны қабылдай бiлуi, түсiне және сезiне бiлуi керек. Балалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Рухани адамгершілік білім беру және тәрбие негіздері
Адамгершілік
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Адамамгершілік сапаларының тұлға дамуындағы рөлі
Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Пәндер