Психологиялық денсаулық түсінігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
№2 дәріс.
Тақырыбы: Шетелдік және отандық ғылымдағы психологиялық денсаулықты зерттеу мәселесінің талдануы
Дәріс жоспары:
1. Шетелдік ғылымдағы психологиялық денсаулықты зерттеу мәселесінің талдануы.
2. Отандық ғылымдағы психологиялық денсаулық проблемасының зерттелуі

1. Шетелдік ғылымдағы психологиялық денсаулықты зерттеу мәселесінің талдануы
Психологиялық денсаулық мәселесі көптеген психологиялық мектептердің зерттеу нысаны болған және бұл терминологияға да, зерттелетін мәселенің мазмұнына да көзқарастардың алуан түрлілігін анықтап берді. Көзқарастардың әр қилылығына қарамастан, зерттеушілердің көбі психологиялық денсаулықты, денсаулық және психикалық денсаулық ұғымдарына қарағанда, кеңірек түсінеді. Психологиялық денсаулық тұлғаны тұтас сипаттайды, адам жан дүниесінің көріністерімен тікелей байланыста болып, психикалық денсаулық мәселесінің жеке психологиялық аспектісін анықтауға мүмкіндік береді, деген ойда ғалымдардың пікірлері сәйкес келеді.
Шетелде психологиялық денсаулық мәселесінің түрлі аспектілері К. Киз, Д. Матараццо, М. Мюррей, К. Рифф, Д. Энджел, В. Эванс және т.б. ғалымдармен қарастырылған. Тұлғаның психологиялық теорияларын талдай отырып, психологиялық денсаулықтың келесі анықтамаларын бөліп көрсетуге болады.
Психоаналитикалық бағытта психологиялық дені сау адам - ол рақаттану ұстанымын шынайылық ұстанымымен үйлестіре алатын адам (З.Фрейд). Көпжылдық клиникалық бақылаулардың негізінде Зигмунд Фрейд психологиялық концепцияны қалыптастырды, оның айтуы бойынша адамның психикасы, тұлғасы үш деңгейден, компоненттен тұрады: Ол, Мен, Жоғары-Мен деген. Ол-сексуалды және агрессиялы туа пайда болған биологиялық инстинкті құштарлығы қайнап жатқан қазан тәрізді психиканың бейсаналы бөлігі болып келеді. Ол-либидо атты сексуалды
энергиямен толыққан. Адам тұйықталған энергиялық жүйе, әрбір адамда энергия саны - тұрақты мөлшер. Ол бейсаналы және иррационалды бола тұра қанағат қағидасына бағынады: адам өмірінде бақыт пен қанағат басты мақсат болып келеді. Екінші мінез- құлық қағидасы - гомеостаз - шамалы ішкі теңдікті сақтауға тенденция болады. Сананың Мен деңгейі Ол- мен тұрақты конфликт күйінде болады, сексуалды құштарлықты басады. Мен-ге үш күш әсер етеді - Ол, Жоғары-Мен және адамға өз талаптарын қоятын қоғам. Мен олар арасындағы үйлесілімділікті орнатуға тырысады, қанағат қағидасы бойынша бағынбай, шынайлық қағидасы бойынша бағынады. Жоғары-Мен моральдік стандарттың алып жүрушісі, ол ұят, цензура, критика рөлін жүзеге асыратын тұлғаның бөлігі. Егер де Мен Ол-ға бола, бірақ Жоғары-Мен-ге қарсы бір әрекет жасаса немесе шешім қабылдаса, онда өзін кінәлі, ұят сезінеді. Жоғары-Мен Мен-ге инстинктісін жібермейді, ол кезде олардың қуаттары ығыстырылады, тасымалданады, адамға және қоғамға жағатын іс-әрекеттің басқа формаларына айналады (шығармашылық, өнер, қоғамдық белсенділік, еңбекті белсенділік, мінез-құлықтың: түс, әзіл, босассоциация, ұмыту ерекшеліктері формасында). Егер де либидо қуаты шығу әдісін таппаса, адамда психикалық аурулар, қояншық, қамығу пайда болады. Мен және Ол арасындағы конфликтіден сақтану үшін психологиялық қорғаныстар қолданылады: ығыстыру, басу-санадан тыс еріксіз қажетті емес ойларды, тілектерді бейсаналыққа ауыстыру; проекция- қаламайтын тілектерден, идеялардан бенйсаналы түрде арылу және оларды басқа адамға жүгіндіру; рационализация - ақыл-ой негізінде іске асатын және жағымсыз идеяны дәлелдеудің бейсаналық әрекеті.
Сонымен, біз З.Фрейдтің тұжырымдамасында қарастырылған психологиялық қорғаныстар, тұлғаның психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған әрекет деп түсінеміз.
Аналитикалық психологияда дені сау адам - ол өз санасыздығының мазмұнын қандай да бір басып алушылықтан бос архетиппен салыстырған адам (К. Г. Юнг) .Тән психотерапиясында денсаулықтың невротикалық және психосоматикалық бұзылулары биологиялық энергияның іркіліп қалуының салдарынан болады, сау жағдай энергияның еркін ағымымен сипатталады (В. Райх).
ХХ ғ. 50-жылдарында гуманистік психологияда дені сау тұлғаның мәселелері пайда болды. Денсаулықты әлемдегі үйлесімді болмыстың сипаттамасы ретінде қарастыра келе, мұндай амал адам тұлғасының бірегейлігін көрсетеді, өзін-өзі басқаруда, өзін-өзі жетілдіруде байқалатын құндылықтар мен тіршілік мәнінің, еркіндіктің қажеттігін білдіреді (А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс, Э. Фромм және т.б.).
Гуманистік психология адам орталықтас сананың мақсатын жүзеге асырды, ол үшін өзімдік негіз салушы және басты құндылық болып табылады. В. Франклдың төмендегідей пікірі жақсы белгілі: өзін-өзі маңыздандыру - ол адамның түпкі тағдыры емес: Адамға сыртқы әлемнен табатын мәнді жүзеге асыруға қаншалықты мүмкін болса, ол өзін де соншалықты мөлшерде ғана жүзеге асыра алады... Аңшының тастаған бумерангы нысанаға тимеген жағдайда өзіне қайтып келетіндей, адам да сол тәрізді, өз тағдырынан ауытқып кеткен жағдайда ғана өз-өзіне оралып, ойларын өзін-өзі маңыздандыруға қарай бағыттайды.
Г. Олпорт адам табиғатының проприативтілігі туралы түсінікті енгізе отырып, психологиялық кемелденген тұлғаның бейнесін жасады.
К. Роджерс, адам денсаулыққа және дамуға туа біткен, табиғи талпыныспен бөленген, деген пікірге көндіре отырып, толыққанды жұмыс істеуші тұлғаның бейнесін ашқан. Роджерс ана - бала өзара қарым - қатынасының мәнін баса айтқан, себебі ол баланың өзіндік сана - сезімінің дамуына зор ықпал етеді. Тұлғаның дұрыс дамуының алғашқы және міндетті шарты болып, балаға позитивтік көңіл бөлу болып саналады. Ана баласына өз сүйіспеншілігін көрсетіп, оның қандай да болмасын мінез-құлқына қарамастан толық қабылдауы қажет, әсіресе оның балалық шағында. Тек осындай жағдайда ғана бала тұлғасы, небір сыртқы жағдайларға тәуелді болмай, толыққанды дамиды. Адамға соңында өзіндік маңыздануға жетуге мүмкіндік беретін, жалғыз ғана жол осындай. Өзіндік маңыздану тұлғаның психикалық денсаулығының ең жоғарғы деңгейін білдіреді. К. Роджерс бойынша, адам іс-әрекетінің негізгі түрткісі болып, өзіндік маңыздануға деген талпыныс саналады. Мұндай талпыныс тума қасиетке ие болса да, оның дамуына бала кездегі уайымдар және жөн сілтейтін үлгілер мүмкіндік
беруі (немесе, керісінше, кедергі келтіруі) мүмкін. Роджерс үшін өзінің дамуын белсендендірген немесе психикалық дені сау тұлға келесі қырларымен ерекшеленеді:
кез келген тәжірибеге ашық болу; өмірінің кез келген уақытында толық өмір сүруге деген ниеті;
қоршаған ортадағылардың пікірлері мен ақылдарынан гөрі, көбінесе өз сезімдері мен түйсіктеріне құлақ асу қабілеті;
ойлары мен істеріндегі еркіндік сезімі;
шығармашылықтың жоғары деңгейі.
А. Маслоу тұлға мотивациясы теориясының негізінде өзіндік маңызданған, психологиялық дені сау адамның бейнесін шығарған. Басқа да атағы кем емес аталған авторлардың дәлелдерін қорытындылай келе, адам табиғатына сөзсіз сенім артатын гуманистік көзқарас тарапынан, К. Роджерс тұжырымдамасы Маслоудың өзіндік маңыздану ұғымына едәуір ұқсас келетіндігін айтуға болады. Осы екі автордың арасындағы айырмашылық тұлғаның психикалық денсаулығын әр түрлі түсінетіндіктерінде. Маслоу бойынша, өзіндік маңыздандырылған адамдар қабылдаудың дәлелсіз тиімділігіне ие, бұл олардың дұрыс ойларын, ақиқатты көру қабілетін, олардың ойға қонымдылығын, дұрыс қорытындыға келе алатындығын, яғни
когнитивтік тиімділікті шарттайды. Бұл адамдардың шынайылықпен барынша жақсырақ өзара әрекеттесу қасиеті, олардың сонылықты нәрсіздіктен, нақтыны абстрактіліден қиналмай ажырата білетіндіктерінен байқалады. Олар шынайы әлемде өмір сүруді жөн көреді, олар біздің көптеген замандастарымыз өмір бойы қоныстайтын жасанды абстракциялар әлемін, бапталған ұғымдардың, ойша көріністер мен таптаурындар әлемін қаламайды. Өзін-өзі маңыздандырған адамға өзінің жеке қалауларымен емес, қоршаған ортадағылардың үміттері және қорқыныштарымен, жалған және соқыр сенімдерімен де емес, керісінше, өзінің жанындағы адамдармен,
нақты оқиғалармен және құбылыстармен жұмыс жасаған ұнайды.
А.Маслоумен өзін-өзі маңызды ететін адамдардың келесі көрсеткіштері белгіленген:
1. Шынайылықты қабылдаудың ең жоғары деңгейі;
2. Өзін, басқаларды және әлемді шын мәнінде қандай болса, сондай түрінде қабылдай алу қабілеті;
3. Жоғары спондандық;
4. Мәселеге шоғырлануға барныша дамыған қабілеттілік;
5. Анық байқалатын шеттелу және жалғыздыққа айқын ұмтылу;
6. Айқын көрінетін дербестілік және қандай да бір ғана мәдениетке тартуға қарсы тұру;
7. Қабылдаудың күштілігі және эмоционалдық реакциялардың байлығы;
8. Күйзеліс кезінде жиі кездесетін олқылықтар;
9. Өзін барлық адамзатқа теңеу;
10. Тұлғааралық қатынастардағы өзгерістер (клиницистер жетістіктер деп айтар
еді);
11. Мінездің барынша демократияшыл құрылымы;
12. Жоғары шығармашылық қабілеттер;
13. Құндылықтар жүйесіндегі белгілі өзгерістер.
Егер дамуды тұлғаны толық өзіндік маңыздануға әкелетін түрлі үрдістер жиынтығы ретінде белгілейтін болсақ, онда ол өмір бойы жалғасады деген нақты фактіге сәйкес келетін болады. Бұл мотивацияның өзіндік маңыздану жағына қарай кезеңдік немесе секірмелі жылжу тұжырымдамасын жоққа шығарады (аталған тұжырымдама бойынша, алдымен іргелі сұраныстардың барлығы бірінен соң бірі толығымен қанағаттандырылады, ал кейін санаға одан да жоғарырақ келесі сұраныс енеді). Біз дамуды негізгі сұраныстардың толық жойылуына дейін үдемелі қанағаттандыру ретінде ғана қарастырмаймыз, сонымен қатар сол іргелі сұраныстардан асып даму мотивациясының ерекше түрі ретінде де қарастырамыз. Мысалы, тұлғаның дарындылығын, қабілеттерін, шығармашылық икемдігін, туғаннан бар мүмкіндіктерін дамыту. Осының арқасында, негізгі сұраныстар мен өзіндік маңызданудың, балалық шақ пен кемелдену сияқты, бір-біріне қарама-қайшы келетіндігін түсінуге болады. Бірі екіншісіне ауысып, оның міндетті шартына айналады.
Даму қажеттілігінің ерекшелігі, біз зерттейтін іргелі қажеттіліктермен салыстырғанда, өзіндік маңыздануды қажет ететін және қалған адамдар өміріндегі сапалы айырмашылықтарды клиникалық бақылаудың нәтижесінде белгілі болды.
Төменде қарастырылатын бұл өзгешеліктер жетіспеушілікті жою қажеттілігі және даму қажеттілігі деген ұғымдарда барынша нақты көрсетілген. Дегенмен, бұл мінсіз нақты дәлелдер емес. Мысалы, физиологиялық қажеттіліктердің барлығын бірінші топқа жатқызуға болмайды. Айталық, секс, дәрет сындыру, ұйқы мен дем алу қажеттіліктері.
Өздігінен даму теорияларында жеке адамның дамуы да жеке сәйкестіктің қалыптасуын, тұлғаның өмірлік қатынастарда және кәсіби іс-әрекетте Мен- тұжырымдамасының жүзеге асуын болжайды (У. Джемс, Т. Шибутани, И.С. Кон, Е.Т. Соколова, М.Ф. Секач, А.В. Иващенко, В.С. Агапов және т.б.).
Гуманистік психологияда дені сау адам - қорғаныс амалдарын үнемі қолданатын жан емес, ол жігерлі, ашық, сыртқы ықпалдарға тәуелді емес және өз күшіне сенетін адам.
Оңтайлы белсене отырып, мұндай адам өмірдің әрбір жаңа сәтінде өмір сүреді. Мұндай адам елгезек келеді, өзгермелі жағдайларға тез бейімделеді, өзгелерге шыдамды, эмоционалды және рефлексиялы.
Гештальт-тәсілдемеде психикалық денсаулық, адамның жеке қажеттіліктерін сезіну қабілетінен, мінез-құлқынан, жақсы бейімділіктен және өз-өзіне жауапкершілікті қабылдай алатындықтан байқалатын, тұлғаның жетілгендігімен байланысты болады.
Кемелденген және дені сау тұлға барабар, спонтанды және ішкі еркіндікке ие адам (Ф.Перлз).
Экзистенциалдық психология өкілдерін (Бинсвангер, Босс, Франкл, Лэнг, Купер, Мэй, Бугенталь) дамудың негізі болып, өмірдің мәнін иеленгендік саналады, деген ой біріктірген. Онда тұлғалық даму қалыптасу мен өзіндік трансценденттіктің үрдісі болып табылады. Экзистенциалдық талдау адамның субъективтік тәжірибесі мен ішкі әлемінің ұйымдасуынан құрылады. Тіршілік ету тұрақты қалып емес, ол жаңаның қалыптасу үрдісі. Жеке адам әлемінің құрылымы оның өмірлік тарихы арқылы ашылады.
В. Франкл тұлғаның дамуындағы басты қозғаушы күш ретінде мәнге деген ерікті атайды. В. Франкл ілімінің бостандық еркі туралы негізгі тезисінде, адам бостандығы объективтік себептермен шектеулі болған күнінде де, ол өз өмірінің мәнін тауып оны жүзеге асыруға ерікті, деп айтылады. Еркіндік - ол ие болған бір нәрсе емес, ол оның бар болғандығы. Адам өзі үшін шешім қабылдайды; кез келген шешім өзі үшін жасалады, ал өзі үшін қабылданған шешім - ол ылғи да өзін қалыптастырушылық болып табылады. Ол мәндері таралмаған ақындық өлшемді бөліп көрсетеді. Адамның өз өмірінің мәнін табуға және оны жүзеге асыруға деген талпынысын Франкл барлық адамдарға тән және тұлға дамуының негізгі қозаушы күші болып табылатын, туа біткен мотивациялық беталыс ретінде қарастырады.
Л. Бинсвангердің тұжырымдамасындағы басты ұғым - әлемдік - жоба. Ол адамның белгілі бір жағдайларда қалай әрекет ететіндігін және сол кезде қандай тиісті қасиеттер байқалатындығын анықтайды. Жобаның шегі тар және тығыз немесе кең және шексіз болуы ықтимал. Бинсвангердің пікірінше, әлемдік - жоба - тұлғаның кез келген іс- әрекетінің бағдары. Ол психикалық дені сау адамның өзгеруге қабілетін, өмірлік тәжірибемен бірге жетілуін, жолы болмаған бір жобасына төзіп, басқасына өтуін көрсетеді.
Даму үрдісін, кез келген адамның бойында болатын және оның өмір жолын иректі етіп, самғаулар мен сәтсіздіктердің кезектесуімен, өзіндік құндылықты сезінумен, бір жағынан, өмірдің толыққандылығын, екінші жағынан мағынасыздық пен пайдасыздықты сезінумен қарама-қарсылық пен екі жақтылық арқылы түсіндіреді.
Адам екі түрлі мінезден емес, оның жүздеген, мыңдаған түрлерінен тұрады. Оның өмірі (әрбір адамның өмірі тәрізді) түйсік пен рух немесе қасиетті және адамгершіліктен безушілік сияқты тек екі полюстың арасында ғана өтпейді, ол сарқылмайтын мыңдаған полярлы қарама-қайшылықтар арасында жүзеге асады. Мақсат-мұраттардың мәңгі ауысуы, олардың салыстырмалылығын сезіну, біреуінен екіншісіне жеңіл ауысуы, қандай да бір соңғы мақсаттың болмауы - бұл даму ұстанымы ретінде экзистенциалдық
бағытпен қабылданған тіршілік ету салттары.
Тұлғаның психологиялық денсаулығы мәселесінің негізгі ғылыми зерттеуінің сипаттамасын қарастыра келе, салыстырмалы талдау ұсынамыз.

Кесте 1 - Психологиялық денсаулық ұғымына теориялық көзқарастардың
салыстырмалы талдауы.
Тәсілдеме, өкілдері
Психологиялық денсаулық түсінігі
Психоаналитикалық
тәсілдеме. З.Фрейд

Аналитикалық
психология

Г.Юнг Тәндік психотерапия
(В. Райх)

Дені сау адам - ол рахаттану ұстанымын шынайылық
ұстанымымен қиыстыра алатын адам.

Дені сау адам - ол өзінің бейсаналылығының мазмұнын бейімдеген және қандай да бір архетиптің иемденуінен бос адам.

Дені сау қалыпты жағдай күш - қуаттың еркін жүруімен сипатталады. Денсаулықтың невротикалық және психосоматикалық ауытқулары биологиялық энергияның жүрмеу салдарынан болады.
Гуманистік психология
А.Маслоу

Дені сау адам - ол елгезек, ашық, үнемі қорғаныс реакцияларын қолданбайтын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6- жастағы қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау
Психологиялық денсаулық
Мотивацияның психологиялық теориялары
Аутизм мәселесінің тарихы
Мейірбикелік үрдіс түсінігі
Әлеуметтанудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Қазақстандағы мүгедектердің жағдайы
Тұлғаның денсаулық жағдайының ерік сапаларымен байланысы жайлы теориялық тұрғылар
Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары
Психологиялық консультация жайында
Пәндер