Тұлғаның денсаулыққа қатынасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
№ 3 Дәріс.
Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі психологиялық денсаулықтың түсініктері
Дәріс жоспары:
1. Қазіргі кезеңдегі психологиялық денсаулық проблемалары
2. Психикалық, физикалық, рухани денсаулық түсініктері

1. Қазіргі кезеңдегі психологиялық денсаулықтың проблемалары
Денсаулық - бұл өз мәні бойынша күрделі, жүйелі ұғым. Медицина ғылымы дәстүрлі түрде патология, яғни денсаулық жоғалған кездегі жай-күй мәселелерімен айналысып келді, бірақ шипагерлік мақсаты тек емдеу ғана емес, керісінше адамға денсаулық жай-күйін қайтару.Психикалық денсаулық мінездемелер туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл-ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді. Ал А.Ф. Лазурскийдің айтуы бойынша тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан саулығының басты көзі ол ойын,
эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді.
Психологиялық денсаулық мәселесінің даму тарихы мол болғанымен, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап белсенді түрде жетілдіріле бастады. Аталған мәселені зерттеуге басынан бастап авторлардың онтологиялық ұстанымдарын анықтайтын негізгі жолдары белгіленді. Қазіргі кезде ғалымдармен психологиялық денсаулық мәселесінің әдіснамалық және мазмұндық эклектикалығы көрсетіледі.
Денсаулық - зор байлық дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары; мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика, макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема. Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Бұл туралы біздің ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікті. Сонымен 2002 жылы - денсаулық жылы деп атаудың өзі нені аңғартады.
1948 ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысындағы кіріспе сөзбасында көрсетілген анықтамаға сәйкес, денсаулық - бұл тек аурулар мен физикалық кемшіліктердің жоқтығы ғана емес, сонымен қатар ол адамның толық физикалық, жан саулығы және әлеуметтік сау күйі. Басқаша айтқанда, денсаулық - ол тек медициналық диагноз емес, оны бағалауға және оған әсер етуге болатын физикалық және әлеуметтік өлшемдер жиынтығы.
Норманың жас шамасы мен жыныстық көрсеткіштерінен ауытқулар тіркелмеген адам, абсолюттік дені сау адам болып есептеледі. Кейбір ауытқуларға қарамастан ортаның тиісті жағдайларында, еңбек жүктемелерімен қатар ағзасы жақсы жұмыс істейтін адамды іс жүзінде дені сау адамдарға жатқызады.
Психикалық (психологиялық) денсаулық тұрақсыздығының факторлары ретінде ғалымдар адамның психикасына, жүйке жүйесіне түсетін жүктемелердің өсуін көрсетеді. Ақпараттық көлем, өмір ырғағының жылдамдығы, адамдар арасындағы қатынастардың жағымсыз динамикасы (тұйықтық, әлеуметтік қолдау деңгейінің төмендеуі, күйзелісті ықпалдардың өсуі және т.б.) және қазіргі өмірдің басқа да патогендің ерекшеліктері тек ересек адамдарды ғана емес, сонымен қатар балаларды да аса эмоционалдық жайсыз сезімдерге әкеледі. Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымының сарапшылары жүйке-психикалық бұзылулардың балаларда ғана емес, сонымен қатар балалармен жұмыс істейтін ересек адамадарда да кең таралғандығын көрсетеді.
Ғалымдармен толық аман-саулық ұғымының кейбір көмескілігі байқалады. Жеке адамның денсаулығы өмірлік күштердің, өмір түйсігінің толықтығымен, әлеуметтік белсенділіктің жан-жақтылығымен және ұзақ мерзімділігімен және тұлғаның дамуындағы үйлесімділікпен сипатталады. Денсаулық - әр түрлі ғылыми бағыттармен зерттелетін пәнаралық категория. Қазіргі медицина адамды бірқатар аурулардан емдей отырып және хал үстіндегі адамдарды құтқаратындығымен, денсаулықты немесе ағзаның қорларын белсенді түзетуге әлі толық қатыса алмайды, ал дені сау адамдардың денсаулығын бақылауда ол әзірше емханалық, тар шеңберде мамандандырылған, госпитальдық болып қала береді. Мәдениетте және психологиялық ғылымда денсалуық феноменологиясының терең талдауы О.С. Васильева, Ф.Р.Филатовпен және т.б. жасалды. Зерттеліп отырған әдебиетте денсаулық пен норманың анықтамасында үш түрлі идеология белгіленген: дәстүрлі медициналық, валеологиялық және психологиялық. Медицина норманы аурудың пайда болуының мүмкіндік шарасы ретінде қарастырады, валеология - ағзаның сыртқы ортамен теңдестігі ретінде, ал
психология - денсаулықты қамтамасыз ететін позитивті тұлғалық күштердің қалыптасу тұрғысынан қарастырады.
О.С.Васильеваның, Ф.Р.Филатовтың тұжырымдамасында тұлға денсаулығының мәнділігі әрбір адамның психикасында патогендік қызмет атқаратын санасыз кешендермен қатар тұлғаның сауығуына қажетті қорларында, деп айтылады.
Клиникалық психология тұрғысынан норма, денсаулық ұғымдарын белгілеудің негізінде анықталыған психикалық денсаулық ұғымы басымдыққа ие. Дамыту психологиясы және педагогикалық психология тұрғысынан тұлғалық даму және тұлғалық кемелдену категорияларымен көбінесе байланысатын психологиялық денсаулық ұғымы негізгі болып табылады.
Бұл жерде бірінші және екінші тәсілдемелерде де ауытқулардың детерминдеушісі ретінде сыртқы орта факторын бөліп көрсету маңызды. Сонымен қатар екі бағыттың өкілдерімен психикалық норма, психологиялық норма ұғымдарын диагностикалық мақсаттарда да, адамдардың психологиялық денсаулығын дамытудың жолдарын анықтау үшін де бөліп көрсету маңызды болып табылады. Психологиялық денсаулық
үшін норма - бұл қоғамға бейімделуге мүмкіндік беретін белгілі тұлғалық
сипаттамалардың болуы ғана емес, сонымен қатар өзін дамыта отырып, оның дамуына да ықпал ету. Норма - ол оған жетудің педагогикалық жағдайларын ұйымдастыруға бағдар болып табылатын қандай да бір бейне. Психологиялық денсаулық жағдайында норманың баламасы - тіршілік ету үрдісінде дамуға мүмкіндіктің жоқтығы, өзінің өмірлік міндеттерін орындауға қабілетсіздік.
Адамның психологиялық денсаулығының негізін онтогенездегі субъективтік шынайылықтың қалыпты дамуы құрайды. Аталған жағдайда норма ұғымының өзі - бұл қандай да бір қабілеттің дамуының орта статистикалық деңгейінің сипаттамасы емес, айқын көрінетін патологияның, жоғары бейімділіктің жоқтығына сүйенгендік емес, керісінше белгілі жаста жоғары жетістіктердің мүмкін болуын көрсету.
Субъективтік шынайылықтың дамуын интегралдық кезеңдерге бөлуіне сәйкес дамудың кез келген кезеңдері, баспалдақтары, шақтары өзінің жеке формасына ие. Мұнда дамудың нәтижелері белгілі қабілеттердің жиынтығы ретінде субъектіліктің атқарымдық мүшелері болып біріктіріледі. Олардың нақты құрамы психологиялық денсаулықтың шамаланған жастық нормаларын құрайды. Жеке шама, Г.А. Цукерманның айтуынша, ол нақты бір жаста нақты бір адам үшін дамудың тиісті жағдайларында мүмкін болатын нәрсе.
Осы екі ұғымды саралай келе, егер психикалық денсаулық жеке психикалық үрдістерді және механизімдерді сипаттайтын болса, онда психологиялық денсаулық тұлғаға тікелей қатысты, адам жан дүниесінің жоғарғы құбылыстарымен тығыз байланыста болады, деп белгіленген.
Отандық ғалым А.Р.Ерментаева өз еңбегінде денсаулық психологиясының субъектілік мәселесін қарастыруда, келесі ойларын атап өтеді: ... субъектілік денсаулықты нығайтып, арттырудың әлеуметтік сипатын айқындайды. Өзінің денсаулығын сақтап, арттыруда субъектілік танытатын тұлғаның бейнеленуі, басқа адамдардың көзғарастарының, дүниетанымының, қатынастарының, ұстанымдарының оңды өзгерісіне ықпал етуі орын алады. Тұлғаның денсаулыққа қатынасы 1) басқаларға және 2) өзіне құндылық ретінде қарап, өзін субъект ретінде қабылдауы арқылы бейнеленеді. Тұлғаның денсаулық деңгейіне субъектілік анықтауыш, психологиялық механизм және қажетті шарт болып табылады, делінген.
Сонымен қатар, психикалық денсаулықтың мәселесі бойынша Қ.Н.Нығыметова психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін Балалардың психикалық денсаулығына экологиялық ортаның ықпалы атты диссертацияны зерттеп, дайындаған. Аталған еңбекте теориялық тұрғыдан психикалық денсаулық проблемасының негіздерін анықтап - денсаулық мәселесіне арналған теориялық материалдарды талдау негізінде іске асырылды. Соның нәтижесінде жалпы денсаулық мәселесі, оның ішінде психикалық және психологиялық денсаулық мәселелері талданып, психикалық денсаулықтың үш деңгейлі құрылымы: тұлғалық- мәндік немесе тұлғалық денсаулық; даралық немесе жеке-даралық психологиялық денсаулық; психо-физиологиялық денсаулық - деп анықталғаны көрсетіледі.
Ғылыми-теориялық және қолданбалы сипатта экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа әсерін қарастыруда қоршаған ортаның түрлері анықталынып, адамның табиғатпен байланысы Адам-орта, Адам-табиғат, Индивид-орта жүйелерінде нақтыланған екен. Кез-келген адам бір этностың өкілі ретінде қарастырылынып, соның негізінде адам тұлғасы - биоэтнопсихоәлеуметтік бірлік деген тұжырым жасалынған.
Экспериментті зерттеу барысында экологиялық қолайсыз Арал аймағының - балаларының да, ересектердің (ата-аналар) денсаулығына айтарлықтай ықпалы бар екені көрсетіліп, экологиялық ортаның ықпалы бала тұлғасының негізгі үш сферасы: танымдық, сезімдік-эмоциялық және еріктік сфераларында көрініс беретіні, арал балаларының зияттылық деңгейі төмен болса, мазасыздану, тынышсыздану деңгейлері анағұрлым жоғары екені, сонымен қатар эмоциялық күйлері ата-аналарының жағдайымен байланысты екені де көрсетілген.
Білім беру саласында психикалық денсаулықты нығайтуға бағытталған Превентивті бағдарлама ұсынылып, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білімін жетілдіру мақсатымен (психикалық денсаулықты сақтаудың жолдарының бірі ретінде) арнайы авторлық экологиялық бағдарлама жасалынып, студенттерге арналған Денсаулық психологиясы арнаулы курсы ұсынылған.
С.М.Жақыповтың жетекшілігімен Н.Д.Унарбекова 6-7 жастағы қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету мен жолдарын зерттеуінде, психологиялық денсаулықты қамтамасыз ету жолдарының бірі-тренинг әдісі, ал оны ұйымдастыру-бірлескен-диалогты танымдық іс-әрекетті қалыптастыру амалы арқылы жүзеге асатындығын нақтылады. Автордың пікірінше, оқуға келген кезеңнен бастап балаларға психологиялық денсаулығын дамытуға көмек көрсетілмейтін болса, адаптациялық деңгейдегі балалардың одан төмен ассимиляциялық-аккомодациялық деңгейлерге ауысуы байқалады.
Креативтілік деңгейдегі балалардың психологиялық ерекшеліктері-ортаға жақсы бейімделген, стресс жағдайларын жеңуге күш-қуаты бар, іс-әрекетке шығармашылық қатынасы бар балалар. Эксперимент барысында, бастауыш сыныпқа оқу барысында креативті деңгейдегі балалардың саны тұрақты сақталатыны көрсетілген. Автордың пікірінше, психологиялық денсаулықтың креативтілік деңгейін көрсеткен балаларда тұлғалық даму потенциалы бар, ал психологиялық денсаулықтың адаптациялық, ассимиляциялық-аккомодациялық деңгейін көрсеткен балаларда оқу үрдісі кезінде қалыпты даму жүзеге аспай, мектепке дезадаптация пайда болады.
Диагностикалық эксперимент нәтижелерін жалпылағанда 6-7 жастағы қазақ балаларының 58,7 % психологиялық денсаулығы төменгі деңгейде екендігі, қамтамасыз ету көмегін қажет ететіндіктері анықталып, балалардың ұлттық санасын, жас епрекшелігі ескере отырып тренингтік сабақтың жаңа нұсқасы жасалған.
Психологиялық денсаулық туралы қазіргі түсініктерді қарастыруды жалғастырсақ, денсаулықтың психологиялық деңгейінің мәні физикалық денсаулықтың алғышарттары ретінде Г.С. Никифоровтың еңбектерінде көрсетіледі. Автордың айтуынша, денсаулық толық көлемінде тек әртүрлі деңгейлерде ғана қарастырыла алады: физикалық, әлеуметтік және психологиялық. Осы аталған барлық деңгейлер өзара байланысады және бір-біріне әсер етеді. Денсаулық психологиясының қағидаларына сүйене отырып, әсіресе психологиялық денсаулық физикалық денсаулықтың алғышарты болатындығын болжауға болады. Егер генетикалық факторлардың немесе табиғи апаттардың, қираулардың және т.б. әсерін жоққа шығаратын болсақ, онда психологиялық дені сау адам физикалық тұрғыда да сау болуы мүмкін. Г.С. Никифоров психикалық пен соматикалықтың арасындағы өзара байланыс медицинада ежелден белгілі болғандығы туралы жазады: Көзді бассыз, басты денесіз емдеу, тәнді жансыз емдеу сияқты қате болып табылады (Сократ). Ары қарай Г.С. Никифоров қазіргі кезде барынша жетілдірілген бағыт бар деп көрсетеді. Ол психиканың дене қызметтеріне ықпал ету механизмдерін қарастыратын, психосоматикалық бұзылуларды жүйеге келтіретін, оларды емдеудің және алдын алудың әдістерін анықтайтын психосоматикалық медицина. Психосоматикалық аурулар спектрінің кеңею тенденциясын байқауға болады, яғни ғылымның дамуына қарай, психикалық аурулардың саны да артқан. Психикалық бейімділіктің негізінде пайда болған аурулардың мысалы ретінде ол жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын келтіреді (вегетативтік-тамыр дистониясы, жүрек ырғағының бұзылуы), ішек-қарын жолының бұзылулары (асқазан және ұлтабар жарасы), жалған неврологиялық бұзылулар (психикалық гипертензия, бастың психогендік аурулары) және т.б. Онкологиялықаурулардың кейбір психикалық шарттастықтары туралы жазылған зерттеулер бар. Ал жағымды мысал ретінде - психикалық фактордың аурудың пайда болуына емес, адамның толыққанды қызмет атқаруына әсері - 80-90 жасқа дейін аман-есен жеткен адамдардың психологиялық мінездемелерін зерттеген Джюэтт зерттеулерінің нәтижелерін келтіруге болады. Олардың барлығы болашаққа сеніммен қарап, эмоционалдық сабырлылықты сақтаған, қуану қабілетіне ие болып, күрделі өмірлік жағдайларға бейімделе білген екен. Бұл көптеген зерттеушілермен көрсетілген психологиялық дені сау адамның кейпіне тән келеді.

2. Психикалық, физикалық, рухани денсаулық түсініктері
Біздің мемлекетімізде денсаулық сақтау ісімен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологаялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасында емдеупрактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен поликлиникаларынан тегін алады. 3 жасқа дейінгі балапар консультация орындарының бақылауында болады. Денсау-лык дегеніміз -- ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларыт бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып,ол дами түседі. Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды.
Олар:
1.Физикалық денсаулық - ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді. 2.Соматикалық денсаулық - Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді. 3.Психикалық денсаулық - ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
4.Рухани денсаулық - ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады.
Олар:
1. Соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін өзім жасай аламын деп көрсететін критерий;
2. Психикалық денсаулықтың, критериі - маған қажет заттардын. Бәрін өзім тауып аламын;
3.Рухани денсаулықтың негізгі критерийі - мен өзім жасауым керек.
Денсаулыкты көрсететін негізгі белгілер:
1)Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және арнаулы емес түрде пайда болып қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факторларға денсаулықтың қарсы тұра алатындығы;
2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;
3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер.
4)Әр түрлі дефектілерге байланысты дамымай қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың болмауы және денсаулық деңгейі;
5)Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі. Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; - денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.
Кесте 2 - Психикалық денсаулық және психологиялық денсаулық ұғымдардың салыстырмалы талдауы

Психикалық денсаулық
Психологиялық денсаулық

Нәтижесі болып өнімді іс- әрекет саналатын психикалық функциялардың табысты орындалуы, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату және өзгерістерге бейімделе алу қабілеті,
жайсыздықтарды жеңе алу
Психологиялық денсаулық- жалпы тұлғаға қатысты. Психологиялық денсаулық адамның өмір сүру барысындағы толық қызмет атқарып дамуының қажетті бастамасы мен жағдайы
болып табылады.
Адам өзінше барымен қанағаттана-тын және өмірге, өзін-өзі реттеуге деген қызығушылықты сезінетін болмыстың айтарлықтай тұрақты жағдайы табиғат түсінігін және оны сақтаудың механизмдерін қамтитын, жеке адамның психикалық қызме-тінің интегралдық сипаттамасы
Психологиялық денсаулық адамға өмір бойы оның үздіксіз дамуына мүмкіндік береді. Дамудың үздіксіздігі психологиялық денсаулықтың маңызды қасиеті және кәсіби рөлдерді тиісті атқарудың жағдайы болып табылады
Сырқатты психикалық көріністердің жоқтығымен сипатталатын, шынайылық жағдайларына барабар мінез- құлық пен іс-әрекетті
қамтамасыз ететін, жанның жайлы жағдайы
Психологиялық дені сау адам - ол, алдымен спонтанды және шығармашыл, жарқын және
көңілді, ашық, өзін және қоршаған әлемді ақыл-парасатымен ғана емес, сонымен қатар сезімдер мен интуициясы арқылы да танушы адам. Ол өзін толығымен қабылдайды және оны қоршаған адамдардың құндылығы мен бірегейлігін толық мойындайды. Психологиялық денсаулық жеке адам мен қоғам сұраныстарының арасында үйлесімділікті қамтамасыз ететін, тұлғаның өзінің өмірлік міндеттерін орындауға бағдарлануының алғышарты болып табылатын, адамның психикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын білдіреді

Өз кезегінде, А.А. Лифинцевамен психикалық және психологиялық денсаулық ұғымдары арақатынасының талдауы жасалған [128]. Автордың айтуынша, АҚШ пен Ұлыбританияда (және барлық ағылшын тіліндегі басылымдарда) "mentalhealth" сөз тіркесі, өнімді іс-әрекетті, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуды, өзгерістерге бейімделе алуды және сәтсіздіктерді жеңе алуды нәтижесі ретінде санайтын, психикалық қызметтердің оңтайлы атқарылуын білдіреді. Балалық шақтан бастап өмірдің соңғы кезеңдеріне дейін психикалық денсаулық интеллектуалдық іс-әрекет пен коммуникативтік дағдылардың, үйренудің, эмоционалдық дамудың, тұрақтылықтың және өзін-өзі құрметтеудің негізі болып табылады.
Басқа анықтамаларда, психологиялық денсаулық - ол, жеке адамның өз-өзімен қанағаттанатын және өмірге, өзін-өзі реттеуге қызығушылық сезінетін, болмыстың біршама тұрақты жағдайы, деп көрсетілген. С.М.Громбахтың көзқарасы бойынша психикалық денсаулық, табиғатты және оның механизмдерін түсініп қолдаудан тұратын, жеке адамның психикалық қызметі толымдылығының интегралдық сипаттамасын білдіреді. Ол тұлғаның өмірге деген жеке қабілеттілігі және бұл арада онтогенездің барлық кезеңдерінде психикалық денсаулықтың негізін, жоғарғы психикалық қызметтердің, психикалық үрдістердің және механизмдердің толық дамуы құрайды.
Психологиялық денсаулық ұғымы ғылыми сөздік қорына И.В. Дубровина енгізген. Оның пікірінше, егер психикалық денсаулық термині жеке психикалық қасиеттерге және механизмдерге қатысты болса, онда психологиялық денсаулық термині - тұлғаға тікелей қатысты, адам жан дүниесінің жоғарғы құбылыстарымен тығыз байланыста болады және медициналық, әлеуметтік, философиялық және т.б. аспектілерге қарағанда психикалық денсаулық мәселелерінің жеке психологиялық аспектілерін шешуге мүмкіндік береді.
Осылайша, психологиялық денсаулық адамның тіршілік әрекетінің барысында оның дамуы мен толық қызмет атқаруының қажетті жағдайы мен күнкөріс амалы болып табылатындығы туралы қорытынды жасауға болады. И.В. Дубровнина, В.Э. Пахальян, О.В. Хухлаевалардың зерттеулері психологиялық денсаулықты, бір жағынан, адамның өзінің жасерекшелік, әлеуметтік және психологиялық рөлдерін ойдағыдай орындаудың жағдайы ретінде, екінші жағынан, адамға өмір бойы үздіксіз дамуға мүмкіндік береді, деп көрсетеді. Дамудың үздіксіздігі психологиялық денсаулықтың маңызды қасиеті және кәсіби рөлін барабар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы
Қылмыстың субъективтік жағы
Абайсыздықтардан жасалынған қылмыстар және қасақаналықпен жасалынатын қылмыстар туралы түсінік
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Кінә
Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа ықпалы
«Жеке тұлға» картасы
Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер