СТО технологиясының стратегиялары


Мазмұны
КІРІСПЕ3
I БӨЛІМ. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы4
1. 1. СТО технологиясына сипаттама беру. 4
1. 2. СТО технологиясының кезеңдері9
II БӨЛІМ. ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ11
2. 1 СТО технологиясының стратегиялары11
Оқушылармен СТО технологиямен жұмыстың түрлері16
2. 2. Информатика сабағында сын тұрғысы элементің қолдану. 28
ҚОРЫТЫНДЫ30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР31
КІРІСПЕКурстық жұмыстың өзектілігі: Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымына ерекшелік бар. Көп ақпаратты талдай, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқытуда жаттанды ақпараттан көрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуге, талдауға және салыстыруға, ой толғауға және
пікір дұрыс жеткізуге үйренеді.
Курстық жұмыстың міндеті: Сын тұрғысыан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, онын неге қатысты екенін зерттеу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы қөзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сенімме қарау
Күтілетін нәтиже: Бастауыш сынып оқушыларының мүдделерін қорғау, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға көмектесу, оқушыларды жауапкершілікке баулу, өз білімдерін бағалап, қабілеттерін және таланттарының керекті істерге жұмсау, өмірлерін жоспарлауға, мақсат қоюға, оны жүзеге асыруға баулу болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Менің курстық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I БӨЛІМ. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы 1. 1. СТО технологиясына сипаттама беру.Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы əлемнін түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар Американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология ретінде ең озық əдістерді деркезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нəтиже шығара білу - əрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне енгізілуде. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс емес. Бастауыш сынып оқушыларының да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сыни тұрғыдан ойлаудың мақсаты педагогтардың оқытуда жаттанды ақпараттан гөрі, талдауға және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшуіне күш салуы үшін көмектесу. Сөйтіп, осы оқу құралының оқушы өз бетімен ақпаратты қалай табуға болатының, оны қалай өңдеп, өмірде қалай қолдану керектігін білетін, әлемдік стандарт талаптарына толық сай келетін, болашақта жетістікке қол жеткізер азаматтарды дайындау. Оқуды түсінуге бағытталып ойластырылған стратегиялар академиялық мәтіндерді оқу және дәрістерді тыңдау үрдістерін қарқындатуға көмектеседі. Тоғыстырылған механизмдер қатары және ділдік іс -әрекет ауысымы назарды аударуға, қызығушылықты қолдауға және оқудағы сияқты дәріс сабақтарында да түсіну деңгейін көтеруге мүмкідік береді.
Сын тұрғысынан ойлау - бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.
Сын тұрғысынан ойла у - бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.
Сын тұрғысынан ойлау - оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой әрекетінің қызметі.
Сын тұрғысынан ойлау - шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.
Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің түрлері:
- Есте сақтау;
- Қарапайым және қиын ойларды түсінуін;
- Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы;
Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:
- Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;
- Екінші-бұл ойын қорыту;
- Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;
- Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;
- Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты) .
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады.
Сыни ойлаушы
- Өз ойын қалыптастыра біледі;
- Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;
- Тақырып бойынша мәселені шеше біледі;
- Дәлелді пікірталас құра алады;
- Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;
- Кез келген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:
- Осы технологияның мақсаты- оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;
СТО технолгиясының негізі- сабақтың үш бағыттық құрылымында:
- Ой шақыру;
- Ойлау ;
- Кері байланыс;
Ой шақыру тапсырмалары :
- Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту, не болмаса естеріне түсіру;
- Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту;
- Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;
Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар
- Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;
- Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;
Кері байланыстың тапсырмалары-
- Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру;
- Келесі тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;
СТО дамытудың түрі мен құралдары:
- Тақырып бойынша жинақ;
- Мәтіндер талдауы;
- Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;
- Ұжымдық пікірталас;
- Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;
- Дебаттар;
- Пікірталастар;
- Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;
СТО-жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «5 жолды өлең» жинап отыру.
СТО технологиясындағы мұғалім рөлі:
- Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау;
- Түрлі пікірлермен бетпе - бет келеді;
- Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;
- Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;
- Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;
Сыни ойлау - өзіндік ойлау. Сыни ойлау - сұрақ қоюдан жəне шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқытумен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Бұл технология мұғалімдерді несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ-жауап ретінде көрсетейік.
Сын тұрғысындан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы
бойынша ол:
-Шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мəсел \/ елерге
сын көзбенқарау;
-күрделі мəселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауғақұштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделгенқұрылым.
«СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
-Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
- Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің стратегияларыны көптігімен.
- Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалыекендігімен.
«СТО-ды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
- Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы
- қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс.
- Негізгі үш кезеңініңмаңыздылығы.
- Стратегиялардың психологиялық астары менерекшеліктері.
«Оқу мен жазу сын тұрғы с ынан ойлау » сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:
- Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
- Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін
тыңдау.
- Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
«Сын тұрғы с ынан ойлауды дамыту » технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
- Қызығушылықты ояту ( «көпір жасау», ойқозғау) ;
- Мағынаны тану (мағынаны ажырату) ;
- Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады) .
Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту.
Үйрену үдерісі - бұрынғы білетін жəне жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтанда, сабақта қарастырылғалы тұрған мəселе жайлы оқушы ізденеді, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы əсерету жүзеге асады. Осымен байланысты алғашқы топтастырулардың ең танымалы Блум Таксономиясын қарастырамыз және бұдан әрі оған үнемі жүгінеміз. Сонымен бірге, осы деңгейлердің негізінде сабақтағы оқушылардың міндеттерін анықтау, үшін материал бойынша сұрақтар дайындап және бақылау кезінде оқушыға сапалы білім беру.
Америка педагогикасында адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы, таымдық үрдістің бір деңгейінен екенші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделіге біртіндеп өтедідеп саналады.
Блум жүйесі (Orlich, 1990) бойынша, ол төмендегідей көрініс табады.
- Ең төменгі деңгей - бұл БІЛІМ деңгейі, оқыту - есте сақтауға, жаттауға, тануға, еске түсіруге бағытталады;
- Одан кейінгі деңгей ТҮСІНУ, таным мақсаты -мазмұның айту, ақпаратты бір күйден екінші күйге аудару, өз сөзімен жеткізу;
- ҚОЛДАНУ деңгейінде мәселені шешу, нәтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсаты болып табылады;
- ТАЛДАУ деңгейінде - бөліктерге бөлу арқылы тұтас нәрсені көру, қатысымдықтың ішкі құрылымын табу, себептерін анықтау ;
- СИНТЕЗ деңгейінде - ауызша немесе нақты пән ретінде өзіндік, ерекше туынды жасау;
- Ең жоғарғы деңгей БАҒАЛАУ деңгейінде - бағалау пішімдері қабылданады, қарама-қайшы немесе әртүрлі қөзқарастар шешіледі.
Дəстүрлі сабақтар
Оқулық
бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады
Тақырыпқа
шығарма жазуды тапсырады
RWCT сабақтары
Тақырыпқа
қызықтырып бағыттайды
Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой -пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеяла туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін ұжымды бірлесіп жұмыс жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігін әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми біліміндегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға мүмкіндік береді. Тақырыптың негізі өзегін, бағытын, мəн- мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пəнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру əдістерін меңгереді, сөйтіп өзін келесі мəселені талдауға дайындайды.
1. 2. СТО технологиясының кезеңдеріОсы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Əлемді шарлау» , т. б. деген аттары бар əдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-əрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімменұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу) . Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
INSERT . Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу бары- сында V - «білемін», ― - «мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа ақпарат», ? - «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSERТ оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір əңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мəнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға əзірленеді. Бұл əрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Пікірталастар - үшінші және жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізген өте тиімді. Пікірталасастың мақсаты
Ой-толғаныс - тақырып бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен əсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың əр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Əр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған « Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар əр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықталақолданылады.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нəтижелерге кол жеткізеді:
- оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
- басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен жəне
түсіністікпен қарауға үйретеді;
- өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
- керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын
қамтамасыз етеді;
- ең бастысы - оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
Жоба 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде қолданылатын стратегияларға түсінік берейік.
ДЖИК СО - стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығын артады, ұжымды жақсы қарым-қытынас қалыптасады, саналы тәртәп орнайды. Сондай-ақ мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарас үйренеді. Бұл әдісте алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын құдыретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
ДЖИК СО - ұжымдық оқыту əдісі. Мақсаты - жалпы мəселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда əрбір оқушы бір сəт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Əдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл«жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мəтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мəтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мəтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мəтінді тұтас түсіну əр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz