КРЕДИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІ
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І КРЕДИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҒАЛЫМДАР МЕН ТӘЖРИБЕЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОЙ ПІКІРЛЕР
1.1 Кредиторлық және дебиторлық берешек есебінің мәні және олардың қазіргі жағдайдағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі кредиторлық және дебиторлық берешек есебін жетілдіру мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .7
ІІ КРЕДИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІ
2.1 Кредиторлық және дебиторлық берешек есебінің мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Кредиторлық және дебиторлық берешек есебінің құжатпен жабдықталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Кредиторлық және дебиторлық берешек есебін жетілдіру және компьютерлендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе
Қазіргі уақытта кредиторлық және дебиторлық берешек есебіне көп көңіл бөлінеді. Бұл шаруашылық құралының әрдайым шеңбер айналымында болуынан, көптеген есептесудің болуымен түсіндіріледі. Осындай есептесулердің бірі болып тауар, материалдар мен шикізат және де басқа тауарлы материалдық құндылықтар үшін жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу саналады.
Жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу бухгалтерлік есептің негізгі элементі болып табылады.
Бұл есептің негізгі міндеті:
- тауарлы материалдық құндылықтар, көрсетілген қызмет және жасалған жұмыс туралы бухгалтерлік есептің ішкі пайдаланушыларына қажет- жетекшілер, құрлытайшылар, кәсіпорынның мүлігінің қатысушылар және сыртқы инвесторлар, кредиторлар мен басқа да бухгалтерлік есеп пайдаланушылары үшін қажет жабдықтармен мердігерлермен есеп айырысу жағдайы туралы дұрыс және толық ақпараттың құрылуын қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның шаруашылық операциялар жүргізуде және оның мақсаттылығын, міндеттемелер мен құралдардың қозғалысы мен барын, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстары қолдануда Қазақстан Республикасының Заңының орындалуы жөнінде бухгалтерлік есептің сыртқы және ішкі қолданушыларына қажет ақпаратпен қамтамасыз ету;
- кредиторлық берешектың жағдайын бақылау;
- жабдықтаушылар мен мердігерлермен келісім- шарт бойынша есептесу түрінің сақталуын бақылау;
- уақыты өткен берешектың болмауы үшін кредиторлармен есептесуді уақытылы тексеру.
Дебиторлық берешек айналымынан алынған қаражаттың мөлшерiн көрсеткендiктен шаруашылық етушi субъектiнiң қаржы қызметкерлерi дебиторлық берешектың айналымдылығын, өтелу мерзiмiн болжамдайды және берешек адамдардан қаржыларын тарту үшiн жұмыстар жасайды. Әдетте, дебиторлық берешектың төлену мерзiмi 30 күннен 90 күнге дейiнгi аралықтағы мерзiм болып табылады. Бұл мерзiм аяқталғаннан кейiн алынуға тиiс шоттар мерзiмi өткен болып саналады.
Кәсiпорынның жұмысының қаржылық - экономикалық жағдайын жақсарту, дебиторлық берешектың төлену мерзiмiн қысқарту, мүмкiн шығындарды азайту мақсатында жабдықтаушы - кәсiпорын тауарды жабдықтауды сақтандыру ұйымдарында сақтандыра алады немесе талап ету құқығын бере алады.
Талап ету құқығын берудiң кең тараған түрi дебиторлық берешекты факторингтiк компанияға сату болып табылады.
Осы жұмыстың мақсаты кредиторлық және дебиторлық берешек есебі тақырыбын кең қарастыру.
Жабдықтаушылар мен мердігерлер шикізат, материалдар және басқа да тауарлы материалдық құндылықтармен жабдықтайтын сонымен қатар әртүрлі қызмет көрсетумен, жұмыс жасайтын кәсіпорын.
Курстық жұмыстың мақсатына сай келесідей міндеттемелерді шешу қажет:
- кредиторлық және дебиторлық берешек есебінің мәнін және түрін ашу керек;
- есептесу есебі бойынша операциялардың құжаттандыру тәртібін зерттеу;
- кредиторлық және дебиторлық берешек есебін жетілдіру және компьютерлендіру, артықшылықтарын көрсету;
- кредиторлық және дебиторлық берешектың мәнін ашып көрсету;
- кредиторлық және дебиторлық берешектың құрамымен құрлымын талдау.

1.1 Кредиторлық және дебиторлық берешек есебінің мәні және олардың қазіргі жағдайдағы орны
Кредиторлар арасындағы есептесу арақатынасы кредиторлық және дибиторлық берешектардың пайда болғанда және есептескенде болады. Есептесу тәртібіне қатаң сақталуы өндірісті жүргізудің және қаржылық жағдайының жақсаруының негізгі шарты болып саналады.
Кәсіпорын өзінің қызмет жасауы үшін кәсіпорын өндіретін кәсіпкерлермен немесе делдал кәсіпорын келісім шартқа отырады. Өз кезегінде осы кредиторлар кәсіпорынды негізгі қажетті тауарлы материалдық құндылықтармен жұмыс түрімен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынмен және жеке тұлғамен есептесу бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - есептесу тәртібінің орындалуының, кредиторлық берешектың уақытылы төленуін бақылау.
Есептесудің мақсаты тауарлы айналымның, жиынтық өнімнің қозғалысының жақсаруына және есептесу арақатынасының екі жақты мүдделеу және бақылауы үшін жағдай жасалуын, табыстармен шығысын өлшеуін қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қызмет процесінде тауарлы материалды құндылықтар, қызмет жұмысқа байланысты шаруашылықтық байланыс пайда болады.
Экономикадағы нарықтық қатынастың тереңдеу және дамуы қолма- қол ақшасыз есептесудің жүйесін соның ішінде олардың ұйымдастыруының прицепінің өзгеруіне алып келеді. Кәсіпорын меншік түріне байланыссыз ақша қаражаты банк шотында сақталуы қажет және барлық есептесулерді банк мекемелері арқылы жүргізу қажет.
Сонымен қатар, есептесуді жақсы аяқтау үшін тағы да екі принцеппен жетекшілік ету керек төлемнің шұғылдығы және қамтамасыздығы. Бірінші принцеп бойынша есептесу қатаң түрде уақытында жасалу керек. Екінші принцеп бойынша төлеушінің қаражатының болуының кепілдігін көрсетеді және ол біріншімен тығыз байланысты.
Есептесудің құрамында төлем тапсырмасы үлкен орын алады. Бұл есептесу түрі ауыл шаруашылық өнімін жабдықтаушылармен мердігерлердің бюджетпен есептесуі үшін қолданылады.
Таурлы материалдық құндылықтар жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін қолма- қол ақшасыз есептесу акцепт, аккредитив, төлем тапсырмасы, чекпен, вексельмен түрінде жүргізіледі.
Нарық қатынасы жағдайында қолма- қол ақшасыз есеп айырысудың кең тараған түрі - вексель. Вексель белгілі бір анықталған түрде құрастырылған жазбаша келісілген міндеттеме және ол өзінің иесіне мерзімнің аяқталуына байланысты келісілген төлем төлеуге міндеттелген тұлғадан түсімнің орындалуын талап етуге құқық береді.
Төлем талап - тапсырмасымен есептесу. Осы есептесу түрінде қаражатты алушы өзіне қызмет көрсететін банкке төлеушіге тауарлы материалдық құндылықтар, жасалған жұмыс, қызмет үшін берушіге белгілі бір соманың төленуі туралы талабы бар есептесу құжатпен көрсетеді.
Төлем талап тапсырманың төлемі акцептелген және акцептелмеген түрде болуы мүмкін. Есептеудегі акцепт төлеушінің төлем төлеуге келісімін білдіреді. Егер өнім тапсырыс берілмеген, сапасыз, стандартқа сай емес болса акцептен бас тартуға құқы бар. Себепсіз акцептен бас тарту арбитраж саты шешілмеген төлеуші материалдық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бұл есептесу формасының артықшылығы төлеушінің келісім- шартқа сәйкес жабдықтаушылардың шарттың орындауын бақылауға мүмкіндік береді. Кемшілігі жабдықтаушылардың шотына қаражаттың салыстырмалы жай түсуінде.
Аккредитив- клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отыратын кәсіпорын пайдасына берілген банктің сөзсіз орындалуға тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк жабдықтаушылармен төлем жасай алады. Немесе осындай төлемдерді олар кез- келген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банктің жүзеге асыруына өқілеттік бере алады.
Төлем - тапсырмасы онда көрсетілген соманы берушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы- тапсырмасы болып табылады. Қызметпен жұмысты және тауарлы материалды құндылықты өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай- ақ қызмет пен тауарға алдын ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмасын пайдаланады.
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатпен ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол сонны орындау үшін жазылған болса да. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі депозиттермен қамтылған, ал екіншісі қамтылмаған болып бөлінеді.
Чектер атаулы және талап ету бойынша болып та бөлінеді. Біріншіде чек белгілі - бір нақты адамға беріледі және аты- жөні, тегі жазылады. Екіншіде бұлар көрсетілмейді
Чектер мерзімі шектеулі және шектеусіз болып та бөлінеді.
Екі жақты келісілген засетқа негізделген есептесу кезінде, екі жақ айырмашылықты төлейді. Осындай төлем бір ретті немесе көп мерзімге келісілуі мүмкін.
Қорыта айтқанда, елімізде банк мекемелері арқылы жүргізілетін қолма- қол ақшасыз есептесудің бірдей жүйесі жүргізіледі. Шағын кәсіпорындар есептесуді өз кассасында өткізуіне құқы бар. Банк мекемелері арқылы жүргізілетін есептесулер тауарлы және тауарлы емес болып бөлінеді. Барлық есептесулер тұрақты болып келеді және ол нарықтық қатынастарды жақсартуға бағытталған.
1.2 Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі кредиторлық және дебиторлық берешек есебін жетілдіру мәселелері
Нарықтағы қатынастардың тереңдеп даму кезінде негізгі мәселелердің бірі болып төлемнің төленбеуі жатады. Осы кезде негізгі мәселелердің бірі болып төлемнің төленбеуі жатады. кезде кредиторлық және дебиторлық берешектың көлеміне әсер ететін факторларды, тауардың нарықтық дамуын және вексель айналымының принципін, берешектың есептен шығару мерзімімен тәртібін қарастыруымыз керек.
Осы орайда Сейдахметова Ф.С. ұсынады, қазіргі жағдайда кәсіпорындар дебиторлық берешектың жоғары деңгейін төмендету жолдарын іздестіруде, осы кезде олар дебиторлық және кредиторлық берешектың аналитикалық есебінің жүйесін ұйымдастырудың тек мерзімі бойынша емес, сонымен қатар көлемі, географиялық жағдайы, заңды және жеке тұлғалар бойынша жіктеуі қажет. Сонымен қатар кәсіпорын есеп саясатындағы дебиторлық және кредиторлық берешектың есебін түгендеудің мерзімін өзгертуі қажет. Ол тек жыл соңында емес, квартал сайын жүргізілуі қажет.
Дебиторлық және кредиторлық берешек сомасымен байланысты төлемдердің төленбеуін 1994 жылы мемлекет Республикалық несие арқылы шешуді көздеді. Бірақ ол жақсы нәтижеге жеткізбеді. Керісінше, несие алған кәсіпорындар бұрынғыдан да өте қиын жағдайда. Осы жағдайдан шығатын жолды В.К. Родостовец төмендегідей түсіндірді.
Айналымға аудармалы вексель шығару қажет. Бірақ вексель бос емес, кәсіпорынның мүмкіндігімен кепілденген болуы керек. Бір сөзбен айтқанда кредитор жабдықтаушыларға вексель береді. Берешек қысқа мерзімде жабылуы мүмкін.
М.Т. Тятов және В.К. Радостовецтің ұсынысын қолдайды. Бұл инфляцияның көтерілмеуіне жол бермей төлемнің төленбеу мәселесін шешетін жалғыз жол.
Фактурланбаған жабдықтау бойынша есептесудің жағдайын бақылау үшін К.К. Кеулемжаев және О.А. Сергеевтің айтуы бойынша № 6 журнал ордерді жолдағы материалдардың аналитикалық есебі, сублирдігер кәсіпорынмен есептесу есебі бойынша ведомостімен қосымша толтыру керек.
Бұл көзқарас, біздің ойымызша, өте дұрыс және ол есептесу арақатынасын басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп шот жоспары сәйкес кәсіпорында жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу есебі 3410 - жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу шотында жүргізіледі. Бұл шот жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу туралы ақпаратты жинақтайды:
- алынған тауарлы материалдық құндылықтар, жасалған жұмыс және көрсетілген қызметті қабылдау, электр, газ, су тағы басқа қызметтерді, сонымен қатар, материалдық құндылықтарды жеткізу, акцептелген және банк арқылы төленуге тиіс есептеу құжаттары;
- тауарлы материалдық құндылықтар, жұмыс және қызметтер үшін жоспарлы төлем тәртібі бойынша жүргізілетін есептесу;
- жабдықтаушылармен мердігерлермен есептесу құжаттары түспеген тауарлы материалдық құндылықтар, жұмыс және қызмет;
- қабылдау кезінде анықталған тауарлы материалдық құндылықтар артығы;
- жеткізілген бойынша алынған қызмет, соның ішінде барлық байланыс түрлері.
Құрылыс және монтаждық мердігер, ғылыми зерттеу және басқа да осындай кәсіпорындар бас мердігер болғанда, өзінің субмердігерлерімен есептесуі 3410- жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу шотында көрсетіледі.
3410 шот міндеттемені орындағанда, аванстар алынғанда дебеттеледі. Журналды- ордерлі есеп формасында жабдықтаушылар есептесу есебі № 6 журнал- ордер жүргізіледі. Журнал ордерге есептеудің синтетикалық есебі аналитикалық есебімен сәйкес келеді. Жабдықтаушылармен есептесудің аналитикалық есебі жоспарлы көлем тәртібі бойынша нөмер бесінші журнал ведомостісінде жүргізіледі. Ай аяғында ведомостінің мәліметтері №6 журнал- ордер корреспонденциялық шот бойынша жазылады.
Жоғарыда айтылған көзқарасқа экономист А. Муканов қосылады. Оның ойынша, 3410 шотқа келесідей субшоттар ашу керек.
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу
34101 - электр энергиясын жабдықтаушылар мен есеп айырысу.
34102 - тауарлы материалдық құндылықтарға жабдықтаушылармен есеп айырысу.
34103 - орталықтанбаған келісім - шарт бойынша қызмет жабдықтаушылармен есеп айырысу.
34104 - орталықтанбаған келісім- шарт бойынша жөндеу жұмысының мердігерлерімен есеп айырысу.
34105 - орталықтанған жабдықтау бойынша есеп айырысу.
34106 - материалдық емес активтер және басқалай жабдықтаушылармен есеп айырысу.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның берешек және міндеттеме есебі, қазіргі бухгалтерлік есептегі өте үлкен мәселе болып саналады. Көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің көзқарасы бойынша, жабдықтаушылармен мердігерлермен есептесуді басқарудың сапасын көтеру үшін бухгалтерлік есепті жетілдіру керек, соның ішінде аналитикалық есептің сапасын көтеруіміз керек.

2.1 Кредиторлық және дебиторлық берешек есебінің мәні мен міндеті
Барлық шаруашылық субъектілер жақсы өндірістік қызмет үшін қажетті материалдық құндылықтарды алуы керек: материалдар мен шикізаттар. Бұл кезде кәсіпорында жабдықтаушылармен және мердігерлермен қарым-қатынасқа түсіп, есептесу арақатынасы пайда болады. Яғни кредиторлық бережағы немесе бухгалтерлік есеп стандартына сай міндеттеме пайда болады.
"Міндеттемелер" түсінігін қарастырар алдында бухгалтерлік есептің және онда қолданылатын түсініктердің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нормаларына, ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы" заңына және Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына негізделетінін еске салып кету керек.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес "міндеттемелер" түсінігі бір тұлғаның (қарыздардың) басқа тұлғаның (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекеттерді жасау міндеттемесі.Мысалы,мүлікті жіберу,жұмыстарды орындау, ақша қаражаттарын төлеу және тағы басқалар.Кредитор қарыздар тұлғадан міндеттемелерді орындауды талап етуге құқылы.
ҚР Азаматтық кодексінің 7 статьясына сәйкес азаматтық міндеттемелер заңнамамен белгіленген негізде пайда болады,сонымен қатар азаматтардың және заңды тұлғалардың әрекеттерінен азаматтық құқықтар және міндеттемелар туғызады.
Соған сәйкес азаматтық құқықтар және міндеттемелер пайда болады:
- заңнамамен ескерілген келісім-шарттардан және басқа келісімдерден, сондай-ақ заңнамамен ескерілмеген,бірақ оған қайшылық келтірмейтін келісімдер;
- заңнама күшінде азаматтық-құқықтық зардаптарды туғызатын әкімшілік актілерден;
- азаматтық құқықтарды және міндеттемелерді бекіткен сот шешімінен;
- заңнамалық актілермен тыйым салынбаған мүлікті жасау немесе сатып алу нәтижесінде;
- ойлап-табулар,өнеркәсіптік үлгілер,ғылыми шығармалар,әдебиет пен өнер және тағы басқа интеллектуалды әрекеттер жасалу нәтижесінде;
- заңнама азаматтық-құқықтық зардаптардың пайда болуымен байланыстыратын оқиға нәтижесінде;
- азаматтардың және заңды тұлғалардың басқа әрекеттері нәтижесінде.
БЕХС "Қаржылық есепті беруге" сәйкес қаржылық есептің халықаралық стандарттарында міндеттемелер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып классификацияланады.Міндеттеме қысқа мерзімді болады,егер төмендегі кез келген критерияларды қанағаттандырса:
- оны ұйымның қарапайым операциялық циклінде қайтару қаралса;
- ол сату мақсатына арналған;
- ол есеп берген күннен кейін 12 ай ішінде қайтарылуға жатады.
Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде классификацияланады.
Бір уақытта бұндай қысқа мерзімді міндеттемелер жабдықтаушылар және мердігерлер алдында кредиторлық берешек ретінде ұйымның қарапайым операциялық циклінде қолданылатын айналым капиталының бөлігін құрайды. Олар 12 айдан жоғары мерзімде қайтарылуға жатса да қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде бағаланады.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің келесідей түрлерін бөледі:
Нақты міндеттемелер келісім-шарттан, контрактілерден немесе заңнама негізінде пайда болады. Олар дәл есептеліне алады. Нақты міндеттемелер өзіне шоттар, векселдер, төленетін дивиденттер, акцизді жинау, ағымдағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігі, есептелінген еңбек ақы бойынша берешектарды, сонымен қатар компания аванс шотына қоюы қажет сатып алушыдан алынған тауарларға немесе қызметтерге берешектарды қосады.
Бағаланатын берешектар - дәл сомасы белгілі бір күннің түсуіне дейін анықталына алмайтын міндеттемелер (табыс салығы,кепілді міндеттемелер бойынша төлемдер және демалыс бойынша төлемдер).
Шартты міндеттемелер - өткен келісімдерден пайда болған алдағы оқиғаларға байланысты потенциалды міндеттемелер (сот талаптары,займ бойынша кепілді міндеттемелер).
Реттелуі экономикалық пайданы қамтитын ұйымнан ресурстардың жылыстауына әкеп соқтыратын өткен оқиғалардан туындайтын ұйымның берешегі міндеттемелер болып табылады.
Міндеттемелер заңды түрде міндетті шарттың немесе заңнамалық талаптардың салалары ретінде заңды түрде міндетті болады.Міндеттеме сол сияқты қалыпты іскер тәжірибеден,жақсы іскер қарым-қатынасты сақтау салтынан және ықыласынан немесе әділдікпен әрекет етуден туындайды. Мысалы, егер ұйым пайдаланудың кепілдік мерзімі өткеннен кейін туындаған өз өнімдерінің ақаулықтарын жоятын шешім қабылдаса,ендігі сатылған дайын өнімге (тауарға, жұмысқа, қызметке) қатысты ұйғарылып отырған шығындар міндеттемелер болып табылады.
Қазіргі кезде бар және болашақтағы міндеттемелерді айыра білу қажет. Ұйым басшысының болашақтағы кезеңде активтерді сатып алу шешімі осы сәтте міндеттемелердің туындауына әкеп соқтырмайды. Әдетте міндеттеме актив жеткізіліп берілгенде немесе орындалмауының экономикалық салдары, мәселен,елеулі айып пұлдың болуы ұйымға ресурстың басқа тарапқа жылыстауын болдырмауға іс жүзінде мүмкіндік бермейтін оны сатып алуға арналған ұйым бас тартуға жатпайтын шарт жасасқанда туындайды.
Қазіргі кезде бар міндеттемелерді өтеу,әдетте басқа тараптың қуынуын қанағаттандыру үшін экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың жылыстауымен байланысты.
Қазіргі кезде бар міндеттемелерді өтеу әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады:
- ақша төлеу;
- басқа активтерді беру;
- қызметтерді ұсыну,жұмыстарды орындау;
- бір міндеттемені екіншісімен айырбастау;
- міндеттемені жарғылық капиталға аудару.
Міндеттеме сол сияқты бас тарту немесе несие берушінің өз құқықтарын жоюы сияқты басқа түрде өтелу мүмкін. Осылайша дайын өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) сатып алу кредиторлық берешектің туындауына (егер тек жеткізіп беру кезінде алдын ала төлеу немесе ақы төлеу жүргізілмесе) әкеп соқтырады,ал банктік несиені алу оны қайтарып алуға әкеп соқтырады, ал банктік несиені алу оны қайтарып алуға әкеп соқтырады.
Ұйым,клиентердің жыл сайынғы сатып алуы туралы ақпаратқа негізделе отырып, болашақ кезеңдерде міндеттемелер ретінде сатулардан шегерімдерді тани алады. Осы жағдайда өткен кезеңдерде дайын өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) сату міндеттеменің туындауына әкеп соқтырған операция болып табылады.
Кейде міндеттемелер тек нақтылықтың шамалас деңгейімен ғана өлшенуі мүмкін. Кейбір ұйымдар осы міндеттемелерді резерв ретінде көрсететін анықтаманың қалған сипаттарына жауап беретін резервтер,егер олардың көлемі шамамен есептелсе де міндеттеме болып табылады. Қолданыстағы кепілдік міндеттемелер бойынша төлемдерді қамтамасыз етуге арналған резервтер, қызметкерлердің еңбек демалыстары бойынша және тағы сол сияқты резервтер осыған мысал болып табылады.
Тәжірибеде міндеттемелердің пайда болуын бухгалтер кредиторлық берешек арқылы көрсетеді.
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісім-шарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Елдің кең және ауқымды ассортиментіндегі халықтық тауарлармен тұтынудың жабдықталу үздіксіздігі мен барын қамтамасыз ету,ұйымның жабдықтаушылардан қажетті санын сатып алуды,ұйымдастыруды қажет етеді. Негізінен жабдықтаушылар болып заңды тұлғалар, соның ішінен өндірістік және ауылшаруашылық жеке меншік түрдегі мекемелер және жеке тұлғалар.Ұйымның тауарды сатып алудағы қарым-қатынасы құқықтық құжаттармен толтырылады. Оған: жеткізілу келісім-шарты, сату-сатып алу шарты,алқа мүшелерінің келісім-шарты, келісім-шарт шарттары және тағы басқа жатады.
Нарықтық қатынастың дамуы нәтижесінде шаруашылық субъектінің арасындағы есептесулердің көптеген түрлері пайда болады. Дебеторлық кредиторлық берешектың азаюы, айналым құралдарының айналымының жылдамдауы қаржылық жағдайының жақсаруы нәтижесі ретінде кәсіпорында әртүрлі факторлардың қызмет істеуімен анықталады. Соның ішінде есептесулердің ұйымдастыруының рационалдылығы. Осы мәселені шешуде бухгалтерлік есепке үлкен орын бөлінеді.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың негізгі міндеттері:
- есептесу арақатынасының тәртібінің орындалуын бақылау және операцияны дұрыс құжатпен рәсімдеу;
- барлық контрогенттермен есептесудің және дебеторлық және кредиторлық берешек мерзімі өткен сомасы туралы ақының уақытылы жасалуы;
- барлық кәсіпорындармен және тұлғалармен есеп айырысуда есеп регисторында нақты және уақытылы көрсетілуі және дебеторлар мен кредиторлардың есебінің мәліметін кезеңді түрде тексеріп тұр.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысудың есебi Бас Шоттар жоспарының "Қысқа мерзімді дебиторлық берешек" атты 1200 - шы бөлiмшесiнiң активтi шоттарында "дебиторлармен және кредиторлармен есеп - айырысудың есебi ведомоствiсiнде" жүргiзiледi. Бұл бөлiмшенiң құрамына мынадай шоттар кiредi:
1210 "Алынуға тиіс шоттар",
1280 "Алынған вексельдер",
1280 "Басқалары".
1210 "Алынуға тиіс шоттар" шоттында тиелiп жiберiлген өнiмдер, тауарлар (жасалған жұмыс пен көрсетiлген қызымет) үшiн қабылданған төленуге тиiс есеп айырысу құжаттары бойынша есеп айырысулар есептеледi.
Алынуға тиiс шоттар дебиторлақ берешек болып табылады, яғни бiр есептi мерзiм iшiнде алынуға тиiс сомадан тұратын ағымдағы дебиторлық берешек немесе бiрнеше есептi мерзiм iшiнде алынуға тиiс сомадан тұратын ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешек. Бухгалтерлiк есепте сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң есеп айырысуы бойынша келесiдей жазуларды көрсетуге болады.
Жiберiлген (тиелген) өнiмнiң, алынған тауарлардың, көрсетiлген қызмет пен жасалған жұмыстың нақты өзiндiк құнына сәйкесiнше келесiдей шоттары дебиттеледi: 7010 "Сатылған дайын өнiмнiң (жұмыс пен қызметтiң) өзiндiк құны" және келесiдей шоттары кредиттеледi 1320 "Дайын өнiм", 1330 "Алынған тауарлар" 8010 "Негiзгi өндiрiс", 8020 "Өз өндiрiсiнiң жартылай фабрикаттары", 8030 "Көмекшi өндiрiс" және тағы басқалары. Негiзгi құралдарды, материалдық емес активтердi, қаржылық инвестицияны сатқан кезде сәйкес шығындардың шоттары дебиттеледi және активтердiң есебi бойынша шоттары (2410, 2710- 2740, 1110 - 1150) кредиттеледi.
Сатылған өнiмнiң, тауарлардың, жұмыс пен қызметтердiң сату құнына праводка берсек. 1210 - шi шотты дебиттеледi және 6010 "Дайын өнiмдi (жұмыс пен қызыметтi) сатудан пайда", және тағы басқалай шоттары кредиттеледi. Осыған ұқсас шоттар кореспонденциялары негiзгi құралдарды, материалдық емес активтердi, бағалы қағаздарды сатқан кезде берiледi.
Шот - фактурада көрсетiлген қосылған құнға салықтың сомасына: 1210 "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шотын дебиттейдi және 3130 "Қосылған құнға салынатын салық" шотын кредиттейдi.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлерге төлем жүргiзу үшiн ұсынылған есеп айырысу, төлем жүргiзу құжаттарының төлену мөлшерiне байланысты 1050 "Ел iшiндегi валюта шотындағы нақты ақша", 1040 "Есеп - айырысу шотындағы нақты ақша", 1010 "Кассадағы ұлттық валютадағы нақты ақша" және басқа да шоттарды дебиттейдi және 1210 "Алынуға тиiс шоттар" шотын кредиттейдi.
Егер сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер келiсiм- шартқа сәйкес жабдықтаушыға аванс берсе 1050, 1040, 1010 шоттарды дебиттейдi және 3510 "Тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткiзуге алынған аванстар" немесе 3540 "Жұмыстар жасау мен қызмет көрсетуге алынған аванстар" шоттарын кредиттейдi. Сондай - ақ сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер төлем жүргiзген кезде аванспен төленген соманы шегередi. Жабдықтаушы - кәсiпорынның бухгалтериясында алдын - ала төленген авансты есепке алады: 3510 "Тауарлы - материалдық құндылықтарды жеткiзуге алынған аванстар" немесе 3540 "Жұмыстар жасау мен қызымет көрсетуге алынған аваныстар" шоттарының дебитi, 1210 "Алынуға тиiс шоттар" шотының кредитi.
Егер алынуға тиiс шоттар шетел валютасымен көрсетiлетiн жағдай болатын болса, онда олар алғашқы рет теңгемен бағаланып операция жасалған күнгi бағам бойынша есептеледi, ал кейiннен есептi мерзiм аяқталған күнгi бағамды қолданып қайта бағалайды. Пайда болған бағамдық айырмашылықты есепте былай көрсетедi:
1210 "Алынуға тиiс шоттар" шотының дебитi, 6250 "Бағамдық айырмашылықтан пайда" шотының кредитi - сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң шетел валютасындағы бережағынан пайда болған оңды бағамдық айырмашылық сомасына;
7430 "Бағамдық айырмашылық бойынша шығындар" шотының дебитi, 1210 "Алынуға тиiс шоттар" шотының кредитi - сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң шетел валютасындағы бережағынан пайда болған терiс бағамдық айырмашылық сомасында.
Дебиторлық берешек мойындалады, тек онымен байланысты пайда мойындалған жағдайда және берiлген сатудан және бағасынан шегергендегi тауардың құны бойынша және сатылған тауарлардың кейбiреуiнiң кейiннен қайтарылуын есепке ала отырып бағаланса ғана.
Сатудан және бағасынан шегерiм ұсынудың праводкасы 7470 "Шегерiмдер", 7430 "Баға шегерiмдерi" шоттарының дебитi, ал 1210 "Алынуға тиiс шоттар" шотының кредитi. Тауарлардың қайтарылуын 6020 "Сатылған тауарлардың қайтарылуы" шотының дебитi және 1210 "Алынуға тиiс шоттар" шотының кредитi бойынша сипатталады.
Есептi мерзiм аяғында 1210 шот бойынша қалдық сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң тиелген, яғни жiберген тауарлы - материалдық құндылықтар жасалған және қабылданған жұмыстар мен қызыметтер бойынша бережағын көрсетедi.
Дебиторлық берешек айналымынан алынған қаражаттың мөлшерiн көрсеткендiктен шаруашылық етушi субъектiнiң қаржы қызметкерлерi дебиторлық берешектың айналымдылығын, өтелу мерзiмiн болжамдайды және берешек адамдардан қаржыларын тарту үшiн жұмыстар жасайды. Әдетте, дебиторлық берешектың төлену мерзiмi 30 күннен 90 күнге дейiнгi аралықтағы мерзiм болып табылады. Бұл мерзiм аяқталғаннан кейiн алынуға тиiс шоттар мерзiмi өткен болып санал.
Кәсiпорынның жұмысының қаржылық - экономикалық жағдайын жақсарту, дебиторлық берешектың төлену мерзiмiн қысқарту, мүмкiн шығындарды азайту мақсатында жабдықтаушы - кәсiпорын тауарды жабдықтауды сақтандыру ұйымдарында сақтандыра алады немесе талап ету құқығын бере алады, яғни цессия.

Факторинг - қаржы агентi болып табылатын бiр тараптың ақша талап ету құқығын беркi, яғни екiншi тарапқа (клиентке) ақша қаражаттарын бередi немесе беруге мiндеттенедi, ал екiншi жақ өз кезегiнде қаржы агентiне өзiнiң үшiншi жақпен қарым - қатынасынан туындайтын үшiншi жаққа ақшалай талабын беруi немесе беруге мiндеттелуi.
Қаржы агенттерi болып банктер және басқа да несие ұйымдары, сондай - ақ факторингтiк операцияларды қаржыландыратын және берiлген iс - әрекет түрiн жүргiзу құқығына лицинзиясы бар коммерциялық ұйымдар болып табылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz