Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

Лекция № 1

Тақырыбы: Кіріспе

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

«Қазақ әдебиетін окыту әдістемесі» пәнінің мақсаты - әдебиетгің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны «халқымыздын көркем тарихы», «өмір окулығы» дәрежесінде оқып үйрету. Оқушылардьщ рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, азаматтық тәрбие беру. Әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалык түрғыда кабылдауға қажетгі білім және білікпен қаруландыру, дара тұлғаны дамытуды көздейді.

Пәннің негізгі міндеттері

  • Әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, туған әдебиеттің ұлттық сипатын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық- адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру;
  • дара тұлғаның эмоциялық мәдениетін дамыту;
  • әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту.

Жоспары:

1. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты

2. Пәннің негізгі міндеттері

3. Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары

Лекция мақсаты : Студенттерге қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттерін ұғындыру, қазақ әдебиеті пәнінің өзіндік ерекшеліктерін таныту. Пәннің тоқталу маңызына тоқталу.

Лекция мәтіні: (қысқаша)

Әдебиет әдістемесінің қамтитын обьектісі, мәселелері- педагогикалық үрдіс яғни мектептегі әдебиетті оқыту сабағы кезінде мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие процесіндегі өзара қарым-қатынасы. Әдебиеттік материалды оқып-үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен адами тәрбие жөнінде туатын заңдылықтарды қарастырады.

Әдебиет әдістемесі педагогика сияқты, мектеп, тәрбие мәселелерін тура алып қарамайды. Тек көркем әдебиетті оқып-үйрену жөнінде оқушыларға берілген білім мен тәрбие мәселелерін орындайды.

Әдебиет әдістемесі дегеніміз-нақты оқу-педагогикалық үрдісте оқушыларға әдеби білім мен тәрбие берудің ғылыми және тиімді жолдарын үйрететін оқу пәні.

«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А. Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж. Аймауытұлы айқындап айтқан.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты: Әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны «халқымыздың көркем тарихы», «өмір оқулығы» дәрежесінде оқып үйрету. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, азаматтық тәрбие беру. Әдеби мұраны және бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім мен білікпен қаруландыру, дара тұлғаны дамытуды көздейді.

Пәннің негізгі міндеті:

  • Әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, туған әдебиеттің ұлттық сипатын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру;
  • Дара тұлғаның эмоциялық мәдениетін дамыту;
  • Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі университеттер мен педагогика институттарының филология факультеттерінде жалпы білім беретін орта мектептер үшін мұғалім даярлайтын, олардың тәжірбиесі мен іскерлік дағдыларын қалыптастыратын негізгі пәндердің қатарына жатады. Әдебиетті мектепте оқыту әдістемесінің алдында қояр мақсаты- әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәжірибелік мәнін тиімді пайдалану, шәкірттерді өз беттерімен көркемшығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастырып өз тарапынан ойланып толғануға тәрбиелеу, таным әдісіне үйрету.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің басты мақсаты мен негізгі міндеттері

2. Мектепте оқылатын әдебиет пәнінің мәні мен маңызы

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1969

2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997

3. Әріпова Б. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы. А., 2001

4. Байтанасова Қ., Айтуғанова Ш. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А., 2008

Қосымша:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген) . www. akorda. kz.
  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген) . www. akorda. kz.
  3. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы. www. akorda. kz.

Лекция №2

Тақырыбы: Кіріспе

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән екендігі. Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері. Теориялық, методологиялық негіздері. Философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология, т. б. ғылым салаларымен байланыстылығы.

Әдебиетті ғылым және сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, бейнелеу өнері, т. б. мен сабақтастығы. Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.

Жоспары:

1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән екендігі

2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық және методологиялық негіздері

2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы

Лекция мақсаты : Студенттерге қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттерін ұғындыру, қазақ әдебиеті пәнінің өзіндік ерекшеліктерін таныту. Пәннің басқа ғылым саларымен байланысына тоқталу.

Лекция мәтіні (қысқаша)

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қамтитын нысаны мектептегі әдебиет пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады.

Сөз өнерін, көркем әдебиеттің өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік, имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі.

Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.

Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады. Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.

Осы негізде мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге негізделеді.

Әдістеме ең алдымен мұғалімнің шығармашылық әрекетінің жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс», -дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ. Бітібаева.

Әрбір пән өмір құпиясын өзінше бедерлейді. Оның ішінде әдебиет пәні «өміртану құралы» бола отырып, ондағы көкейкеті мәселелерді, адам тіршілгі мен болмысына тән сипаттарды терең ашады. Білім мекемелерінде оқытылатын пәндер жүйесінде әдебиеттің алатын орны айрықша. Әдебиет өмірге деген көзқарасты, зстетикалық талғам мен рухани ізгі мұраттарды қалыптастырады.

Әдебиеттану -көркем әдебиетті, оның түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым. Яғни, әдебиеттану - көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік бейнелілік тұрғыдағы ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғатын, негізгі қызметін, әдеби әдіс-тәсілдің жалпы және нақты даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың болмысын, қызметін, қоғамдық міндетін зерттеп, көркем мәтінді талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін анықтайды.

Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымындағы көркем сөз өнеріні даму жолын, идеялық бағыт-бағдарын, әдеби ағым-тәсілдерді, олардың қоғамдық әлеуметтік ортамен байланысын танып білуге бастайды.

Әдебиет сыны - көркем туындыларды талдап, саралап, баға беретін, олардың көркемдік идеялық мәнін, әдеби үдерісте алатын орнын зерделеп, анықтайтын әдебиеттанудың бір саласы.

Жалпы алғанда филология -адамзаттың рухыни құндылықтарының маңызын, тарихи жазба мәтіндерді тілдік, әдеби және стилистикалық тұрғыдан тануға негізделген әдебиеттану, лингвистика, тарих тағы басқа гуманитарлық пәндердің жиынтығы.

Әдебиеттің мәні осы салаларды қамтып, іргелес тұрған тіл, тарих, музыка, бейнелеу өнері, психология, педагогика пәндерімен үйлесіміне қарай байланыстыра білім берумен анықталады.

Әдебиеттің басқа өнер түрлерінен айырмасын атауға болады: алдымен оның ішкі, сырт пішіні болады. Яғни көркем шығарманың пішіндік (стиль, жанр, композиция, көркем тіл, ырғақ) және мазмұндық (тақырып, фабула, конфликт, характер, идея, ағым) сипаты бір-бірімен байланысты. Мазмұн да пішін де тарихи категория. Әр жаңа дәуір көне мазмұн, тың пішін тауып, жаңғырып, жаңа дәуірге сай, сол қоғам шындығын бойына жиып, жаңа мазмұн тауып отырады+. Ендеше әдебиет өзгермелі, дамып отыратын ғылым. Оның осы қасиетіне сай оны оқытып үйрету бағытындағы әдіс-тәсілдер үнемі жетіліп отырады. Қазіргі әдебиетті оқытуға қойылатын басты талап - жастарға берілетін білімнің нәтижелілігі, шығармашылық түрде әрі қарай жетілдіруге, жастардың санасын ізгілендіруге бағыттап отырады. Осы ретте әдебиетті жастардың санасына серпін әкелетін, адамгершілік ізгі мұраттарға бастайтын, рухани дүние деп қабылдауымыз керек.

Мектепте өтілетін оқу пәндерінің ішінде тіл біліміне тікелей қатысы бар пән әдебиет болып табылады. Бұл көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігнен келіп туады. Себебі тіл көркем шығарманы талдауға жататын құрамды элементтерінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады.

Басқа халықтар сияқты қазақ халқының әдебиеті де тарих ғылымымен тығыз байланысты. Өйткені әрбір халықтың көркем әдебиеті сол халықтың көркем шежіресі, көркем тарихы болып табылады. Қазақ әдебиетінің әр дәуір, әр кезеңдегі кейбір әдебиеттік құбылыстарын дұрыс және айқын ұғыну үшін тарих ғылымына, Қазақстан тарихына жүгінеміз.

Мектепте әдебиет пәнін ғылыми жолмен оқытуда психология ғылымы аса маңызды роль атқарады. Мектептегі барлық пән сияқты әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулық пен хрестоматиялары, оқу-тәрбие үрдісі барлығы психологиялық заңдылықтарға негізделеді. Оқушылардың жалпы дамуы, жас ерекшеліктері осы ғылымның жүйелері арқылы ескеріледі.

Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдар саласына жататын ғылыми пән болғандықтан, ол өзінің теориясын педагогика ғылымына негіздейді.

Бақылау сұрақтары:
1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсатын көрсетіңіз.
2. Әдебиетті оқыту әдістемесін «Көркем тарихы», «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып - үйретудің өзіндік ерекшелігі.
3. Әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту.
4. Әдебиетті оқыту әдістемесін басқа пәндермен байланыстыра оқыту.
Әдебиеттер тізімі:

Негізгі: .
1. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. - А., Мектеп, 1985.
2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. - А., Мектеп, 1969.
3. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., Мектеп, 1993.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. - А., 1997.

5. 4. Байтанасова Қ., Айтуғанова Ш. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А., 2008

Қосымша:

1. Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік негіздері. А., 1995.
2. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. - А., 1981.
3. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. - А., 1994.
4. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбіп мәселелері. - А., 1994.

Лекция № 3

Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің өмір сүргендігі. Олар, атап айтқанда:

Қадым мектебі: оның өзіндік ерекшеліктері, білім берудегі көздеген мақсаты, пайдасы мен кемшіліктері.

Жәдит мектебі: оның қадымша оқытудан айырмашылыктары, білім берудегі артықшылықтары мен жетімсіз жақтары.

Медреселік білім беру жүйесі: оның прогресшіл жактары.

Ыбырай Алтынсарин - ағартушы ұстаз, тарихи тұлға. Онын окыту әдістемесі ағарту салаларындағы тарихи тәжірибесі. Ыбырайдын ағартушьшық көзқарасының қазактың дәстүрлі мәдениетімен және орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. А. Корф, Л. Н. Толстой, т. б. тәжірибелерімен байланыстылығы. Ыбырайдың окыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.

Қазақтың ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі: Шоқан, Абай, Шәкәрім, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, т. б.

Жоспары:

1. Қазақстандағы оқыту жүйесіне тікелей отаршылық саясатының әсері.

2. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері.

3. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы

3. Білім беру жүйесіндегі реформалар. Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасы.

Лекция мақсаты: Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихын жүйелеу барысында оның басты даму кезеңдері туралы студенттерге білім беру, әдістемелік ой-пікірлердің өзіндік ой өзегін аша отырып, қазақ әдебиеті әдістемеіні қалыптасуына өз үлестерін қосқан қаламгерлер мен әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне тоқталу.

Лекция мәтіні (қысқаша) :

Қазақ әдебиеті әдістемесі өзінің қалыптасу және даму тарихында мектепте әдебиетті оқытуды оқу-әдістемелік тұрғыдан қаматамасыз етуге қызмет ете отырып, өзгеріп отыратын дәуір талаптарына сай белгілі бір бағыттарда басым дамығаны байқалады. 1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектеп өмір сүрген. Олар: қадым мектебі, жәдит мектебі және медреселік білім беру жүйесі.

Жалпы қарапайым халықтың сауатын ашатын, жүйелі білім беретін мектептер болмады. Қазақ даласына келген орыс демократтарының оқу жүйесіне негізделген мектептер ашыла бастады. Торғай өңірінде тұңғыш ашылған қазақ мектептері елге жаңа серпіліс әкелді. Халықтың сауаттылығын ашуға, білімін жетілдіруге мүмкіндіктер туды. Тіпті, қазақ қыздарының да білім алуына жағдайлар туды. . Арнайы кәсіптік білім беру орындары ашылып, белгілі бір мамандық алуға да болатын еді.

Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы - оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі - мұғалім, - деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды".

Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды . . . қазақтың өз тілінде . . . басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.

А. Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын . . . білімнің ұзақ жолы үшін . . . балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», - деп жазған А. Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А. Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған.

М. Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М. Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.

Көрнекті әдіскер ғалым В. В. Голубков : «Әдістеме дегеніміз уақытты үнемдей білу, оқушы күш -жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалының негізгі және басты мәселелерін таба білу, ұжым болып табылатын сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын ала ойластыру». Әдістеме «не үшін, нені, қалай»деген негізгі үш сұраққа жауап береді.

Қазақ әдебиеті әдістемесінің іргетасын қалаушылар Байтұрсынов, Мағжан, Аймауытов, М. Әуезов, С. Мұқанов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Ғ. Мүсірепов, С. Сейітов.

Қырқыншы тоқсаныныншы жылдар арасында С. Қирабаев, Ә. Қоңыратбаев, А. Көшімбаев, Ш. Кәрібаев, Қ. Жұмалиев, Ш. Аманов, Т. Әбдірахманова, Е. Ысмайылов, М. Базарбаев, Н. Ғабдуллин, Т. Ақшолақов, М. Мызахметов, Ә. Дайырова, Р. Нұрғалиев, А. Нұрхатов, Б. Сахариев, Ә. Дербісалин, Т. Жұмажанова, С. Мақпыров, Қ. Мырзағалиев, Б. Сманов.

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретінде қалыптасу, даму тарихы:

2. Қазан төңкерісіне дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің қатар болғаны.

3. Ыбырай Алтынсариннің демократиялық оқу-ағарту жүйесіндегі мектептері, олардың халық мектебі саналуының себептері.

Әдебиеттер тізімі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың ауызекі әдістері
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗЕКІ ӘДІСТЕРІ
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің алғашқы қадамдары
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүргізудің әдістемесі
Мектептегі информатика пәнін саралап оқыту әдістері
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Батырлар жырын оқыту
Әдебиет сабағындағы көрнекілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz