Шаң тұндырғыш камерасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Өнеркәсіптік ластағыштардан атмосфераны қорғау.

Орындаған: Абжалов Н. С

Тобы: ММГ 19-4К

Қабылдаған: Досмаканбетова А. А

Шымкент «2020-2021»

Жоспар:

1 . Атмосфераның ластану және қоршаған ортаға әсерін бағалау

2. Газдарды полидисперсті бөлшектерден гравитациялық және инерциялық камераларда тазалау.

3. Шаңдалған газдарды тазалауға арналған құйынды шаңұстағыштар, циклондар және батареялы циклондар.

4. Сүзгі бөгеттерінің типтері мен газды ағындарды бөлуге арналған материалдар. Сүзгілерде майдадисперсті бөлшектерді ұстаудың тиімділігі.

  1. Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан - тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера - бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т. б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.

Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т. б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді. Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе -* теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді. Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен газдар, т. б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылғажәне тоқсанға жіктеліп « Ақпараттық экологиялық бюллетень» журналы арқылы көпшілікті хабардар етеді. Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі өзгеріп отырады. Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т. б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдарыЛенингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдықтар көп. Алматы мен Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз.

2. Газдарды полидисперсті бөлшектерден гравитациялық және инерциялық камераларда тазалау.

Газдарды гравитациялық тазалау (ауырлық күші әсерінен тұндыру) .

Қатты бөлшектердің газды ортадағы және сұйықты ортадағы тұну заңдылықтары бірдей. Газдың тығыздығы сұйықтың тығыздығынан бірнеше есе аз болғандықтан, газдағы тұну жылдамдық сұйықтағы тұну жылдамдықтан өте көп. Сондада газдарды ауырлық күші әсерінен тұндыру процесінің тиімділігі аз, себебі әсер ететін ауырлық күшінің шамасы ортадан тепкіш және т. б. күштермен салыстырғанда аз. Газдарды шаңнан ауырлық күші әсерінен тазалау үшін шаң тұндырғыш камералары қолданылады.

Шаң тұндырғыш камерасы . Ішіне көлденең бөгеттер орналастырылған камераға шаңды газ беріледі. Газ сөрелер арасында қозғалғанда шаңдар оның бетіне тұнады.

Шаң тұндырғыш камерасы

Сөрелердің ара қашықтығының аз болуы (0, 1-0, 4), қатты бөлшектердің тұну жолын азайтады. Газды сөрелер арасында біркелкі тарату үшін газдың шығу жолына тік шағыстырушы бөгет орнатылады. Газ бұл бөгетті айналып өткенде инерция күшінің әсерінен (бағыты кенет өзгергеннен) қосымша қатты бөлшектер тұнады. Сөрелер бетіндегі тұнған шаң бөлшектері камераның біржағында орналасқан есіктер арқылы мерзімді уақыт сайын қол күшімен тазартылып тұрады. Газды үздіксіз тазалау үшін екі параллель жұмыс істейтін камералар қойылады: біреуінде газ тазаланады, ал екіншісінде сөрелерді шаңнан тазартады.

Ауырлық күш әсерінен тек өте ірі бөлшектерді ғана тұндыруға болады. Сондықтан шаңтұндырғыш камераларды газдарды алдын ала және ірі өлшемді бөлшектерден (α>100 мкм) тазалау үшін қолданады. Мұндай камералардың газдардың шаңнан тазалану дәрежесі 30-40%-тен аспайды.

Шаң-тозаңды тазалауға арналған аппараттары. Тұндыруды химия және мүнайгаз өңдеу өнеркәсіптерінде шаң-тозаңды, суспензияны және эмульсияны ажырату үшін қолданады. Бұл процесс майда дисперциялық бөлшектерді бөлуді қамтамасыз ете алмайды және тұну жылдамдығы онша үлкен болмайды, сондықтанда біртекті емес жүйелерді бөлуге көбірек қолданады. Тұну процесінің артықшылығы оның аппараттарының жай қарапайымдылығы және энергестикалық шығынды аз жұмсайтындығы. Тұнудың мәні шаң-тозаңды, суспензияны және эмулсияны камера арқылы өткізіп, бөлшектерді сал мақ күш арқылы түбіне тұндыру болып табылады. Тұну кезінде екі негізгі талап сақталуы керек: 1) элемент ағынының аппараттағы бөлу уақытысы, бөлшектердің тұну уақытысымен бірдей немесе көп болу керек; 2) аппараттағы ағынның жылдамдығы, тұну жылдамдығынан едәуір аз болу керек.

322224_html_m58e467ab

1-бөгеттер; 2-шаң; 3-шаңға арналған бункер

Тұнбалы газ жүргіш

Бірінші талаптың орындалмауы бөлшектердің тұнып үлгірмеуіне әкеп соғады, ал екіншісінің орындалмауы яғни ағынның жоғары жылдамдығы тұндырылып жатқан бөлшектерді жоғары көтеріп жібереді. Газ ағыны аппарат арқылы үздіксіз өтеді, түбіне тұнған шаң-тозаң онан үздіксіз немесе мерзіммен шығарылып отырады. Бөгеттердің арқасында газ ағынының үйірілуіне байланысты ортада тепкен күш шаң-тозаң бөлшектерінің тұнуына әсер етеді. Жиналан шаң-тозаңды мерзіммен шығарып отырады.

3. Шаңдалған газдарды тазалауға арналған құйынды шаңұстағыштар, циклондар және батареялы циклондар.

Ортадан тепкіш күштердің әсерімен газдарды тазалау. НИИОГАЗ циклонының корпусы тік цилиндр, ал түбі конус пішінді болады . Шаңды газ қүбырша арқылы циклонның жоғарғы жағына үлкен жылдамдықта (20-30 м/с) жанамалап кіреді. Корпустың ішінде шаңды газ ағыны төмен қарай циклонның ішкі қабырғасында спираль бойынша қозғалады. Мұндай қозғалыста ортадан тепкіш күш пайда болады. Бұл күш әсерінен газдағы шаң бөлшектері циклонның ішкі қабырғасына қарай қозғалады, сосын қабырғаға соқтығып өзінің кинетикалық энергиясын жоғалтады да ауырлық күштің әсерінен төменге шаңжинағыш түседі. Мұнда шаң тұнады, ал тазаланған газ спираль бойынша айналу қозғалысын жалғай отырып, жоғары қарай көтеріледі де орталық құбыр арқылы аппараттан шығады.

Расчет фильтрующих центрифуг непрерывного дей ствия - Лекция 21. Фильтрование. Общие сведения

1-корпус; 2-конусты түп; 3-қақпақ; 4-шаңды газ кіретін құбыр; 5-шаң жинағыш; 6-орталық құбыр

НИИОГАЗ циклоны

Батериялы циклон. Егерде газ өнімділігі өте жоғарғы керек болса, онда батареялы циклон пайдаланады. Бір корпустың құрамында қабаттаса бірнеше циклон элементтері орналасқан (d - 250 мм - ге дейін) жалпы саны 120 болады. Барлық элементтері жоғарыдан бір уақытта шаңды газ беріледі, олар бұранды қалақ арқылы айналып өтеді. Бұл қалақтар циклонның шығу құбыршаларына бекітілген. Бөлу процесі жекеленге циклондармен бірдей ортадан тепкіш күш арқылы бөлінеді. Батареиялы циклонның қүрылысы. Шаңды газ бір уақыттың өзінде газ таратушы камера арқылы барлық элементтерге бірдей таралады және оларда тазаланып, элементтердегі газ шығарушы құбырлар арқылы жалпы камераға, сосын орталық құбыр арқылы циклонан шығады. Барлық элементтерден түскен шаң бөлшектері аппараттың төменгі бөлігіндегі бункерге жиналып сыртқа шығарылады. Шаңды газ элементтерге корпус мен орталық құбыр арасындағы сақиналы кеңістіктің үстінен кіреді. Сақиналы кеңістікке газға айналмалы қозғалыс беретін винт орналасқан. Кеңінен қолданылатын батареялы циклондардардың элементтерінің диаметрі 100, 150 және 200мм болып жасалады.

322224_html_1aab0b15

1-корпус; 2-газдытарату камерасы; 3-торлар; 4-циклонды элемент; 5-бункер

Батареялы циклон

Шаңды газ мөлшері көп және бірнеше жай циклондарды қолдану тиімсіз болған кездерде батареялы циклондар пайдаланылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизель қозғалтқышының отын айдаушы сорғысы
Тік тұндырғыштар
Макарон өнімдерін өндіру желісіндегі таспалы кептіру жабдығын жөндеу
Қызылорда қаласының төгінді суларын биологиялық жолмен тазартуды жақсарту
Жылумен жабдықтау жүйелері
ТАЗАЛАУ ҒИМАРАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН (ҚАЗІР ҚОЛДАНЫЛЫП ЖАТҚАН СОЛ ЖЕРДЕ) ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Газдарды сығу және алмастыру (Компрессорлы машиналар)
Кондитер цехы жабдықтары
Ізбесті алу және оны металлургиялық зауыттың ақаба суларын нейтралдау үшін қолдану
Сұйық-ағынды компрессорлық сепарация қондырғыны автоматтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz