Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Қазақтан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы
Мәдениеттану курсы бойынша
Реферат тақырыбы: Латын әліпбиіне көшу - заман талабы
Oрындaғaн: Дрaмa тeaтры жәнe кинo әртiсi мaмaндығының 2 курс студeнтi М.С. Гaббaсoвa (2 тoп)
Тeксeргeн: Қaзaқстaн тaрихы жәнe әлeумeнттiк ғылымдaр кaфeдрaсының дoцeнтi, филoс. ғ. к. Б.М.Бoжбaнбaeв
Алматы, 2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1. Латын әліпбиінің қолданылу кеңдіг ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
5
2. Қазақ тілі тарихындағы латын әліпбиінің алған орны ... ... ... ... ... ... ... .
6
3. Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
Кіріспе
Әр халықтың жеке ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында тілі, жазуы және ұлттық дәстүрі өзіндік орын алады.
Халқымыздың тарихындағы әлеуметтік-саяси дамуы мен ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының маңызы зор.
Баршамызға белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында: Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық деп айтқан еді. Латын әліпбиіне ауысу еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, үш тілділікке көшу үрдісін жылдамдатады. Сонымен қатар, латын әліпбиін қолдану қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, табиғи таза қалпының сақталуына мүмкіндік береді.
Кеңес өкіметі орнаған ХХ ғасырдың бірінші жартысында ағарту ісінде үлкен маңызға ие болған халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесінде реформалар жасады. Бұл реформалаудың негізінде қазақ алфавитін ауыстыру 2 рет өзгертілді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби - Біртұтас түркі алфавитін енгізу туралы қаулы қабылдады. Бұл жылы араб жазуының латын жазуына көшуі болды. Бұл шешім 1924 жылы үкімет қабылдап қойған шешімі еді. Осының негізінде латын әлібиі жасалды. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы заң қабылданды.
Қазіргі таңдағы латын қарпіне көшу ол заман талабы болып отыр.
2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуниакциялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек, - деген еді.
Кез-келген халықтың жеке өзіндік ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында тілі, жазуы және ұлттық дәстүрі ерекше орын алады.

Негізгі бөлім
1. Латын әліпбиінің қолданылу кеңдігі мен Қазақстандағы жолы
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген төте жазу пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында - кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.
Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін өзбек тілі араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралағында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып. 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
Өзбек латын тілінің ерекшелігі - арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар). Классикалық латын кириллицамен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылған.
Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті.
Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық - жер, екіншісі - тіл, үшіншісі - мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады.
Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар е әрпі созылыңқы және қысқа айтылуына байланысты мысалы: Liber - тәуелсіз, Liber - кітап сөздердің мағыналары өзгереді.
Түркияның ғалымы Әбдіуақап Қара өзінің Латын әліпби қазақ тілін еркіндікке шығарады атты мақаласында Түркия халқы латынға 1928 жылы өткенімен онда бар-жоғы 29 әріп бар. Олардан бірқатар дауыстылар ескерілмегенін бүгінгі ғалымдар айтып отыр. Негізі түркі тілдерін 34 таңбамен белгілеуге болады. Бүгін түрік латын әліпбиінде 5 әріп кем болып отырғанын айтады. Тіл ғалымдары, солардың ішінде ең ұтымды алфавиттің Қазақстан қолданған кирилл әліпбиі екенін айтуда. Мәселен, түрік ғалымы Хатиже Ширин Ұсер қазақ-кирилл әліпбиі өзге түркі-кирилл алфавитіне қарағанда, таңбаның графикалық және фонетикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты болуы және бір дыбысқа бірден көп таңба берудің болмауына байланысты мұқият дайындалғанын айтады. Бұл тұрғыда қазақ-кирилл әліпбиін дайындаған тіл ғалымы С.А. Аманжоловтың рөлінің зор екендігін атап өтеді.
2. Қазақ тілі тарихындағы латын әліпбиінің алған орны
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, 1917 жылдың мамыр айында мектепті шіркеуден бөлу және барлық мектеп жасындағы балаларды еңбекке баули отырып тегін, міндетті оқуға тарту жөніндегі бағдарлама қабылдануы Қазақстандағы оқу-ағарту саласында елеулі өзгерістерді талап етті. Бұл біріншіден, мектептерге қажетті оқу құралдарын қажет етсе, екіншіден емле мәселесінде өзгерістер енгізудің маңыздылығын айқындап берді.
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері, оқушы жастар, оқытушылар латын әрпіне негізделген жаңа әліпбиге көшу мәселесін көтерді. Бұғанға дейін қазақ жазуы А.Байтұрсыновтың емлесі негізінде жүргізілген еді. Алайда латын қозғалысының кең түрде насихаттала бастауы араб жазуын ығыстыра бастады. Сөйтіп жаңа латын әрібін қолдаушылар мен бұрынғы араб жазуын қолдаушылар арасында үлкен айтыс-тартыс туындады. Бұл, әсіресе, 1924 жылы жазуында Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде айқын білінеді. А.Байтұрсынов бастаған араб әрібін қолдаушылар басым түсіп, араб әрпіне лайықталған қазақ графикасы қабылданды.
Осы съезде А.Байтұрсынов бас баяндама жасап, онда араб әрібінің қай жағынан болса да ыңғайлы, қолайлы әріп екендігін дәлелдеп берген болатын. 1927 жылы латын әрібін алу жолындағы бұл білімпаздардың арасында болған айтыс-тартысын жинақ ретінде Кәрім Тоқтабаев пен Мұхтар Мұрзин Қазақстан жаңа әліппе комитетінің тапсырмасымен Қазақстан мемлекеттік баспасынан Жаңа әліппе жолында деген кітап шығарып, онда латын әліпбиіне қатысты М.Мұрзин, Ә.Байділдин, Т.Шонанов, В.Бартольд, Н.А.Шмарин, Л.Жирков, Жозе және тағы басқа ғалымдар мен зиялылардың ой-пікірлері топтастырылды.
Жаңа әліппе комиссиясының жұмыс нәтижесіне партия мен үкімет қолдау көрсетті. Латын жазуын қолдаушыларының арнайы Жаңа түрік әліппесінің комитеті құрылып, Жаңа түрік әліпбиі атты кітап бастыртып, мектептерде осы кітаппен оқытуды ұсынды. Сондай-ақ газеттерді бірте-бірте латын әрпімен басу мәселесін өз міндеттеріне жатқызды. Комитет мүшелері халық арасында баспасөз арқылы жаңа әліпбидің қалың бұқара үшін араб әрпіне қарағанда пайдасы мен қолайлылығын түсіндіріп, осы төңіректе пікір алмасуға шақырды.
1925 жылдан бастап жаппай Қазақстанның мектептерінде, жеке кәсіпорындарында және мекемелерінде латыншылардың Жаңа әліпбишілер үйірмесі немесе Латыншылар үйірмесі құрыла бастады. Соңғылары тек айтыс-тартыс жиналыстарын ғана емес, арнайы жаңа әліпбиді үйрететін үйірме сабағын да ұйымдастырды, баяндамашылар үшін тезистер құрастырып, жергілікті газеттерге ұжымдық мақалалар жазды. Осы жылы Н.Төреқұловтың Жаңа әліпби туралы атты кітабы басылып шықты.
1926 жылы ақпанда Баку қаласында өткен Бүкілодақтық І түркологиялық съезде латыншылар мен арабшылар арасында қатты қызды. Осы съезден кейін түрік республикаларында жаңа әліпби ұйымдары құрыла бастады. Ұйымдардың басты мақсаты халық арасына латын әліпбиінің қолайлылығын түсіндіру болды. Сондай-ақ Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ латын негізіне қойылған жаңа әліппені алуға декрет шығарды.
1927 жылы түрік республикалары комитеттерінің бастамасымен жаңа әліппенің Бүкілодақтық Орталық комитеті құрылды. Бұл комитет түркі елдерімен бір бағыттағы жаңа әліпби жасау, мектеп жасындағы балалар мен ересектерге арналған әліппелер шығару, латыншыларға жәрдем берерлік нұсқау кітаптарын шығару, баспаханалар үшін жеткілікті латын әрібін дайындау, латыншылар қоғамы мен ұйымдарының ережелерін басып шығару, латыншылар қоғамын, ұйымдарын ашу және жандандыру үшін газет-журналдар арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, әліпби жұмысына басшылық қылатын адамдар даярлау сияқты жұмыстарды тез арада атқаруға тиіс болды.
Комитет қазақ әліпбиінің қажеттілігі турасында пікірталас өткізіп, оның қорытындыларын 5 баспа табақтық қазақ тіліндегі екі кітапта жариялайды. Нығмет Нұрмақов 2 айлық жаңа әліпбидің әрібін терушілер курсын ашуға және бұл курстың үздіксіз адамдарды қабылдауын қадағалады. Сонымен қатар, Жаңа әліппешілер қоғамы Жарғысын қабылдап, өз мақсаттарын қазақ халқының арасында жаңа әліпбидің маңыздылығын түсіндіріп, көшуге үгіттеу деп көрсетті. Бұл мақсатқа жетуде қоғам өз алдына бірнеше міндеттерді қоя білді. Негізінде Жарғы 8 бөлімнен тұрды. Онда қоғамның мақсаты, міндеттері, құқымен қатар қоғамның құрамы, мүшелерінің міндеттері, қоғамға қабылдау және шығару, ЖӘҚ-тің бүкілқазақстандық съезін өткізу, Орталық Комитеті, тексеру комиссиясы, қоғамды тарату мәселелері көрсетілді.
Ескі әліппе мен жаңа әліппе мәселесіне қатысты академик В.Бартольд та өзіндік тұжырым жасаған. Ол латын әліппесінен түрік дыбыстарын таңбалауға ыңғайлау мәселесіне қатысты профессор А.Н. Самойлович баяндама жасап, латын әліппесін алудың қолайлылығын баса көрсеткендігін айта келе, латын әліпбиін алу кезінде оған жаңа бірнеше әріптерді қосуды ұсынды. Оның себебін Еуропа елдерінде әр халық латын әріптерін түрліше қолданатындығын, сондықтан әріптерді бірізділеу арқылы қолдануды дұрыс санады.
Ұлт зиялылары Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Мурзин, Ә.Байділдин және тағы басқалар латын әрібінің ыңғайлылығын насихаттауға белсене кірісті. Латын әрібінің алғашқы нұсқасын жасаушылардың бірі Халел Досмұхамедұлы болған. Ол бастапқыда латын әрібіне қарсы болғандығын: Нәзір айтқандай, менің латын әрпін алуға қарсы екенім рас. Бірақ латынға қарсы екенімді біле тұра маған латын әріптерінің жобасын жасау тапсырған соң, сол жобаны жасағаным рас. Одан кейінгі Қазақ тіліне латын әрібін алу мәселесі деген мақаласында: Түркі халықтарына араб харіфтерін тастап, латын харіфін алу керек деген сөз көптен бар. Әзербайжандар латын харіфтерін қабылдады, жаһұттар да солай қылды. 1922 жылғы съезінде өзбектер де өз тілін латын харіфтерімен пішті. Профессор Поливанов үлгі жасады - деген болатын.
Латын әліпбиі біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Жоғарыда аталған латын әліпбиі туралы дереккөздерді келтіре отырып, қазақ қоғамына, халқына латын әліпбиінің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. Бұл жайына Елбасымыз Н.Назарбаев Жолдауында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу туралы ойларын таратып айтты. Бұл ой еліміз тәуелсіз алғаннан кейін мені жиі мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-пікірі бар. Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны тәрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады - деген болатын.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев әліпбиді латынмен ауыстырғанда біздің ұтатын жақтарымыз деп мынадай пункттерді атап көрсеткен болатын: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz