Сералы шаруашылығындағы қойлар


Мазмұны
Аннотация . . . 2
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Кіріспе . . . 4
1 Кәсіпорынға (шаруашылыққа) сипаттама . . . 6
2 Аналитикалық бөлім . . . 11
2. 1 Қой шаруашылығы . . . 11
2. 2 Қой тұқымдары . . . 15
3 Технологиялық бөлім . . . 20
Жеке тапсырма . . . 20
3. 1Ұрық беруші қошқарды азықтандыру . . . 20
3. 2 Лабароториялық бөлмедегі дайындық жасау технологиясы . . . 20
3. 3 Аталық қошқарлардан ұрық алу технологиясы . . . 22
3. 4 Ұрықты сұйылту және сақтау технологиясы . . . 27
4. Техникалық қауіпсіздік . . . 31
Қорытынды . . . 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Аннотация
ЖТ-17-7тк тобының студенті Айтбай Мұсабек «Қойды қолдан ұрықтандыру технологиясы» тaқыpыбындaғы іс-тәжірибелік жұмысындa жaңa мaл тұқымын aлy мaқcaтындa бyдaндacтырy әдici нәтижесінде алынған жаңа мал тұқымы Ордабасы қойына жалпы сипаттама көрсетілген.
Cтyдeнт Айтпай Мұсабек Opдaбаcы қoй тұқымының өсу ортасын, жeтiлyiн, биoлoгиялық epeкшeлiктepiн, мaлдың өнiмдiлiк cипaтын зерттeй кeлiп, олaрдың бaсқa дa бyдaн нәтижeлeрiнeн aлынғaн малдардан aйырмaшылығын анықтағанн. Яғни, қойдың мұндай жаға тұқымы ыстыққа, суыққа төзімді кедетінін, шөлге шыдамды екенін анықтaғaн.
Қойды қолдан ұрықтандыру бекетінің құрылымымен танысу, қойды қолдан ұрықтандыру жұмыстарына дайындау. Қошқарларға алжапқыш байлау. Күйлеген қойларды отардан іздегіш қошқарлар арқылы іздеп, бөліп алу. Күйлеген қойларды жеке бөліп, азық беру. Бөлмедегі ауа температурасын реттеу. Қойды қолдан ұрықтандыру бекетіндегі құрал-жабдықтармен танысу және оларды жұмысқа даярлау. Ұрық беруші қошқарлардан ұрық алу. Күйлеген қойларды қолмен ұрықтандыру. Ұрықтанған қойларға белгі беру. Қойды қолмен ұрықтандыру пунктін санитариялық тазалаудан өткізу. Ұрықтандырылған қойларды белгілері бойынша жеке бөлу. Ұрық беруші қошқарларды азықтандыру. Ұрықтандырылған қойларды жайылымға жайып келу.
Aлынғaн мәлiмeттер бұл мал тұқымының сапасын одан әрі жақсартуға мүмкіндiк бeрeтiндігін көрсетті.
Нормативтік сілтемелер
- МЕМСТ 2. 701 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері.
- МЖМБС 2. 301 - 65 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
- МЖМБС 2. 01 - 80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
- МЕМ СТ 2. 104 - 68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
- МЖМБС 2. 321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
- МЕМ СТ 2. 6304 - 81 Сызбалық шрифттер.
- МЕМ СТ 2. 601 - 95 (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
- МК (ГК) Қ. Р 04 - 2003. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің класифакаторы (ӘҚТБӨК) .
- СТ ОҚМУ 4. 02-2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі, құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
- СТ ОҚМУ 7. 11-2008. Университет стандарттары. Оқу әдістемелік процестерді басқару
- «Мал өсіру және селекциясы» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешені оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін кесімді - құқықты құжаттардың талабына сай бекітіліп өңделген:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартына;
- 5В080200 - «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологисы» мамандығының типтік оқу бағдарламасы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламасына 138 қосымшасына;
- М. Әуезов атындағы ОҚМУ университет стандартына «Пәннің оқу әдістемелік кешенін дайындауға және өңдеуге жалпы қойылатын талаптар»;
- М. Әуезов атындағы ОҚМУ университет құжаттық процедураға «Пәннің оқу әдістемелік кешенінің құрамы мен құрылысы» сәйкес дайындалған.
Кіріспе
Қойлардың өнімдеріне және сырт пішініне қарап бағалағанда ең алдымен оның ерекшеліктеріне өнім сапасына және түрлеріне аса мән беріледі. Жүн-қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың иіру немесе ұйыстыру (басу) арқылы әр түрлі бұйым жасауға жарайтын түгі, өнеркәсіп шикізаты.
Негізгі өнеркәсіптік шикізат ретінде жүн қойдан өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты жүннің талшықтары биязылығы, ұзындығы әр түрлі болады. Жүн талшықтары мына төмендегі түрлерге бөлінеді: түбіт, жай қылшық, аралық қылшық, қүрғақ қылшық, өлі қылшық, тікенек қылшық.
Қой жүнің құрамына байланысты біркелкі және әркелкі деп екі түрге бөледі. Жүн-қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың иіру немесе ұйыстыру (басу) арқылы әр түрлі бұйым жасауға жарайтын түгі, өнеркәсіп шикізаты.
Біркелкі жүн біртекті жүн талшықтарынан бірегей түбіттен немесе аралық қылшықтан түрады. Бірегей түбіттен тұратын біркелі жүнді биязы, біргей аралық қылшықтан тұратын жүнді биязылау деп атайды. Биязы жүн диаметрі 25 микроннан аспайтын түбіттен тұрады, ұзындығы 6-9 см, бұйра, ақ, тығыз, шайырлы. Мұндай жүн алтай, совет мериносы, қазақтың оңтүстік және солтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың биязы жүнді қойлары сияқты биязы жүнді қойлары сияқты биязы жүнді қой тұқымдарынан қырқылады.
Биязылау жүн диаметрі 25 микроннан артық, ірі түбіттен немесе аралық қылшықтан, не болмаса олардың аралық қоспасынан тұрады. Ұзындығы 8-15 см, кейбір қой тұқымдарында 25-30 см, ирегі үлкен, жылтыр, шайыры орташа. Ол цигай, линкольн, роминмарш, солтүті кавказ, тянь-шань қойлары мен кроссбред (биязы жүнді саулық пен биязылау жүнді қой қошқарларының буданы) қойларынан қырқылады.
Әркелкі жүн әр текті жүн талшықтарынан-түбіттен, қылшықтан және аралық қылшықтан тұрады. Олардың бір-бірінен жуан-жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы, кейде тіпті түсінен де көзге айқын, үлкен айымашылықтары бар. Әркелкі жүнді де қылшық және ұяң деп екі түрге бөледі
Іс- тәжірибе мақсаты, қойларды сырт пішініне, өнімділігіне қарап бағалау. Бұл салада ең алдымен қойлардың өнім сапаларына және одан алынатын өнім түрлеріне аса мән берілед. Қойларды бағалаудың өзі оның өнімділік көрсеткіштерін арттыру мақсатында жүргізіледі. Бағалауда ең бірінші оның асыл тұқымды болуына мән беріледі. Жүннің қалыңдығы бойынша мынадай түрлерге бөледі: биязы, биязылау, жартылай қылшық және қылшық. Технологиялық жағынан биязы жүн - өте бағалы шикізат. Олардан өте жоғары сападағы тоқыма заттарын дайындайды. 1 кг биязы жүннен қылшық жүнге қарағанда шамамен 3 есе артық мата жасайды. Биязы жүндерге, қалыңдығы орташа есеппен 25 мкм-нен аспайтын немесе 60 сападан ожар болмайтын талшықтар жатады. Биязылау жүн шұға жасап шығаруға пайдаланылады. Биязылау жүннің құнды түрі болып жүннің кроссбредтік түрі болуында. Биязы жүнге 48-ші сападан ожар болмайтын, қалыңдығы орташа есеппен 31 мкм болатындар жатады, мұнда кейбір тұқымнан басқасы (цигай қойының сапасы - 44 сападан ожар болмайтын, талшық қалыңдығы 36 мкм болады) . Қылшық жүн техникалық қасиеттері бойынша, биязы, жартылай биязы және қылшық жүндерден біраз қалыс калады. Саулықтарынан орта есеппен 3, 5-4 кг, қошқарларынан 4-5 кг жүи кыркылады. Қазақы қой сияқты сараджа қойы да шөлді, шөлейтті аймақ жағдайында өседі.
Тұқымды зерттеудің материалы болып жануарлардың: экстерьері мен конституциясы, ет және де басқа өнімділігі болып табылды. Жануарлардың экстерьері мен конституциясын әр түрлі әдістермен зерттейміз.
Іс-тәжірибеге бару мақсатымыз: қойды қолдан ұрықтандыру технологиясын үйрену.
Мақсатымызды орындау үшін төмендегі міндеттерді қойдық:
- Қойды қолдан ұрықтандыру бекетін ұрықтандыру жұмыстарына дайындау.
- Қошқарларға алжапқыш байлау.
- Күйлеген қойларды отардан іздегіш қошқарлар арқылы іздеп, бөліп алу.
- Күйлеген қойларды жеке бөліп, азық беру.
- Бөлмедегі ауа температурасын реттеу.
- Қойды қолдан ұрықтандыру бекетіндегі құрал-жабдықтармен танысу және оларды жұмысқа даярлау.
- Ұрық беруші қошқарлардан ұрық алу.
- Күйлеген қойларды қолмен ұрықтандыру.
- Ұрықтанған қойларға белгі беру.
- Қойды қолмен ұрықтандыру пунктін санитариялық тазалаудан өткізу
- Ұрықтандырылған қойларды белгілері бойынша жеке бөлу.
- Ұрық беруші қошқарларды азықтандыру.
- Ұрықтандырылған қойларды жайылымға жайып келу
1 Кәсіпорынға (шаруашылыққа) сипаттама
«Сералы» шаруа қожалығы (1-сурет) Түркістан облысы, Ордабасы ауданында қарасты «Бадам» ауыл аймағынан солтүстікке қарай 23 километрдей қашықтықта орналасқан. 2003 жылы ұйымдастырылған.
Сурет 1. «Сералы» ЖШС тәжірибе жайы
Республикалық деңгейдегі Шымкент қаласының батыс жағында Бадам өзенінің оң бет аңғарында орналасқан. Жер бедері жазықтау келеді, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған құм төбешіктері кездеседі.
Шаруашылықта 680 бас ордабасы қой тұқымының қойлары және 12 бас қошқарлары бар. Олардың 5 басы ұрық беруші және қалған 7 бас белсенді қошқары бар. Шаруашылықта қолдан ұқрықтандыру әдісі қолданылып, жылына 100 аналықтан 92 бас төл алынады. Сонымен қатар шаруашылықтың меншігінде 150 га жайылым және 50 га суармалы жерлер бар. Егіншілікте пайдаланылатын 1 КАМАЗ автокөлігі, 1 дана К-700 тракторы, 1 тасымалдау және «Нива» автокөлігі бар.
Шөл аймақтың физикалық-географиялық жағдайының біркелкі болмауы мұнда түрлі топырақ түрлерін қалыптастырған. А. Н. Байрашев кезінде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түбегейлі жақсарту кезінде топырақтың он төрт түрімен жұмыс істеуге тура келеді деп атап өткен болатын. Мұны, Оңтүстік Қазақстан облысының жамылғысын жан-жақты зерттеген Г. А. Жихарева, А. Б. Құүрманғалиев, А. А. Соколов еңбектерінен де көруге болады.
Тәжірибе жайының негізгі таралған құмдауытты боз сұр топырақтың жоғарғы қабатында Топырақтану иниституты анықтап берген мәліметтер бойынша қарашірік мөлшері 0, 32-0, 79% аралығында ауытқиды.
Бұл топырақтың бір ерекшелігі 1, 2 м дейінгі тереңдікте тұздар қосынды-сының азығы - 0, 043-0, 181%. Кестеден көрінгендей тұздар қосындысының жоғарғы көрсеткіші топырақтың төменгі қабаттарына тән 0, 548-0, 727%. Топырақ реакциясы сілтілі (РН 8, 8-8, 9) .
Климат, ауа райы климаттық жағдайы далалы алқаптың табиғатына тән өте құбылмалы және континентальды. Жауын-шашын түсімінің орташа жылдық нормасы 260 мм көлемінде. Жаз мезгілінде ең жоғарғы температура +45°С, қыс мезгілінде температура -25 0 С.
Қыс мезгілі салыстырмалы түрде қысқа, жерді қардың басып қалуы ұзаққа созылмайды, кейде аяз болған кезде температура -15-20 0 , сондықтан мал көбінесе жайылымды пайдаланады. Қар желтоқсан айының соңы мен қаңтар айларында 8-12 см-дей жауып еріп кетеді. Көп жылғы метрологиялық көрсеткіш бойынша қар қыс айларында 55-60 тәуліктей жатуы мүмкін.
Көктем мерзімі қысқа әрі жылы. Жауын-шашыны молдау болып келеді. Орташа айлық температура наурыз айында +9 0 С, сәуір айында +14 0 С. Кейбір жылдары сәуір айының басында температура 0 0 С-қа төмендеп суытып тұратын кездері де болады. Мұнда түсетін ылғалдың мөлшері 130 миллиметрден 180 миллиметрге дейін ауытқып тұрады.
Климатының өзі бір қолайсыз жағдайы - сәуір айынан бастап солтүстік-батыстан ұзақ уақыт секундына 3-5 м жылдамдыққа дейін жел соғып тұрады. Кейде оның жылдамдығы 14 м/сек-қа жетеді.
Жазы ұзақ, құрғақ та ыстық. Бұл кезде түсетін ылғалдың саны жалпы жылдық мөлшердің 4%-ын құрайды. Жылдың ең ыстық мезгілі шілде айы, температура бұл кезде +46 0 С-қа дейін көтеріледі. Жер қыртысы негізі - далалы жерлерге тән сары топырақты болып келеді.
Шаруашылық өсімдіктері эфемерлі - әр түрлі шөпті ассоциациялармен анықталады. Олардың өсіп шығуы сәуірдің басынан басталады. Соңғы жылғы мәліметтерге сүйенсек, табиғи шөптердің орташа түсімі 8, 5 ц/га мөлшерінде болып отыр. Эфемерлердің құрамында қоңырөлең (Carex phusodes), келіншекбоз (Carex pachystiles), тоты көкнәрі (Papaver honinyt), жіңішке таспашөп (Astragalus filicankes), қызғалдақ (Тulipa greigi) кездеседі. Эфемердің өсу кезеңі қысқа, әрі кеткенде мамыр айының ортасына дейін созылады. Маусым айының басынан жайылымда дәнді өсімдіктер: жуашықты қоңырбас (Роа bulbosal), жалпақ арпабасы (Bromus scoparins), тарақбоз (Bromus tectorum) өсе бастайды.
Шілде айының басында өсімдіктер қурап кетеді де олардың орнын жылдық сүйекті аққурай (Psoralea drupacen), сасық кеурек (Ferulla foetida), боз жусан (Arte misia glocuca fall) мен қара жусан (Artemisia pauciflora) алмастырады.
Жайылым өсімдіктері осы аймақтағы малдардың негізінен көктемгі және жазғы қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Ал, күзгі және қысқы қажеттіліктер арнайы дайындалған пішендемелер мен қоспа жем есебінен толықтырылып отырылады.
Түркістан облылының шөл аймағының климаты күн сәулесінің молдығымен, оң температура қосындысының жоғары келуімен, жауын-шашынның басым бөлігі қыс-көктем айларына тура келуімен ерекшеленеді. Жылдық орта температурасы жазық шөлде теңіз деңгейінен 215 м орналасқан «Сералы» ауа райы бекетінің өткен жылдары алынған деректері бойынша 11, 80С және 12, 10С болса, «Шымкент» бекеті бойынша бұл көрсеткіштер сәйкесінше 11, 80С және 11, 90С көтерілген. Жауын-шашын мөлшерінің де жоғарлағаны байқалған. Егер «Бағ-Мир» бекетінің жылдық жауын-шашын мөлшері 206 мм болса және 243 мм, «Шымкент» бекеті бойынша тиісінше 488 және 582 мм құраған. Бұдан шығатын тұжырым, кейінгі жылдары жауын-шашынның мол түсуі байқалады. Бізді қызықтыратын оның маусымдық түсуі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда жауын-шашын мөлшерінің басым бөлігі 76-84% қыс-көктем айларына, яғни буассье шытыршығының негізгі өсіп-даму кезеңіне тура келеді. Шымкент жағдайында наурыз айы ылғалды келіп, 80, 7 мм жаңбыр жауды. Дегенмен екі бекет бойынша да жылдық ылғал мөлшері көпжылдық орта көрсеткіштен 37, 6 және 153, 2 мм артық.
Өсімдік жамылғысы. Тәжірибе жұмыстары жүргізілген алқаптардың экологиялық ортасының біркелкі болмауы мұндағы өсімдіктер жамылғысының өзіндік түрлерін қалыптастырған.
Оңтүстік Қазақстанның өсімдік қорын анықтау бағытында істелінген жұмыстар жетерлік.
Жалпы шөл аймақтың өсімдік түрлерін жан-жақты зерттеген Н. Т. Нечаева, Л. С. Гаевская еңбектерінде олардың тіршілік нышандары анықталған. Бір ерекшелігі табиғи жайылымдардағы өсімдіктердің басым бөлігі өсіп-дамуы күз-қыс-көктем кезінде өтетін эфемер және эфемероид тіршілік нышандарына жатады. Сондықтанда 1982 жылы жарық көрген Қазақ ССР атласында тәжірибе жүргізілген жерлердің өсімдік жамылғысы қияқ-өлеңді қоңырбасты және қоңырбасты - қияқөлеңді эфемероидты түрлеріне жатқызылған. Ал соңғы жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесі «Сералы» тәжірибе жайының өсімдік жамылғысы гүлқайыр және көбенқұйрық аралас эфемероидты жусанды, физиологиялық кешендікі эфемерлі эфемероидты - жусанды - қоңырбасты жартылай саванналық қамтыған аймақтарға қарайды.
Біздің жүргізген көп байқаулардың нәтижесінде «Бағ-Мир» тәжірибе жайында саздақты және құмды жерлерде өсетін өсімдіктер, ал физиоло-гиялық кешенде саздықты аймақтарда кездесетін түрлердің басымдау келетіні анықталды.
«Сералы» ЖШС жайындағы өсімдіктер түрлердің басым бөлігі оңтүстік шөлге тән эфемерлерден тұрады. Жылма-жыл тұрақты өсетін және кең тараған түрлерге татар шөпжияры (Uxioliron tatarricum), жапырақты сарғалдақ (Ranunculus polithirus), шөл жауылшасы (Alyssum desertorum), түркістан айқайыны (Malcolmia turkaestanica), нохатек (Trigonella orthoceras), шөл жауылшасы (Alyssum desertorum), тоты көкнәрі (Papvez croceum) және басқалар жатады. Келесі тіршілік нышандары біржылдық шөптесін өсімдіктерден қарсыгүл сағаны (Gizgensohnia oppositiflora), түйе сары тікен (Horaninovia anomala), құм ебелегі (Ceratocarpus arenarins), екіжылдық шөптесін өсімдіктерден шашақты жусан (Artemisia scopania), көбенқүйрық (Cousinia) жэне басқалары кездеседі. Бұлардың өсіп-дамуы күзге дейін барады.
«Сералы» ЖШС жайылымдағы басым (доминант) тіршілік түріне эфемероидтар, яғни көпжылдық, бірақ өсіп-дамуы эфемерлер сияқты жаздың бас кезінде аяқталатын шөптесін және жартылай бұталар жатады. Олардың арасында ең көп тарағаны және бағалы мал азықтык өсімдік түрлеріне жататыны жуышықты қоңырбас (Роа bulbosa), толық қияқөлең (Саrех pachystylis) және құм төбешіктерде тараған даражапырақ таспа - Astragalus unifoliolatus.
Мал азықтың құндылығы жоғары бұршақ тұқымдасқа жататын қаргүл таспасы (Astragalus chinoanthus), имек таспа (А. flexus), турчанинов таспасы (А. turczaninovii), сондай-ақ шырыш (Eremurus anisopterus), ерте гүлдейтін құртқа түрлері (iris tenuifolia, J. Longiscapa), қазжуа (Yagea graminifolia), қызғалдақ (Tulipa), сасық сасыр (Ferula foltida), рауғаш (Rheum tataricum) түрлері сирек өседі.
Кейінгі жылдары «Бағ-Мир» тәжірибе жайында өсіп-даму мерзімі жаз айларына дейін созылатын көпжылдық шөптесін өсімдіктерден түлкіше (Astragalus alopecias) және домалақбас таспа шөбі (А. globiceps) түрлері кеңінен тарала бастады. Бір ерекшелігі домалақбас таспашөбінің таралу аймағы механикалық кұрамы жеңіл (құмдауытты, құүмды топырақтармен шектеледі.
Бұта және бүташық тектес өсімдіктерден таралғаны ақ шеңгел (Halimodendron), басты жусан (Artemisia diffusa) ара-кідік дермене (А. сіnа) өседі.
Тәжірибе жайынан солтүстікке қарай 3-4 шақырым жерде эверсман теріскені (Krascheninuikovia eversmanniana), шоған (Holathammus subaphyllus) түрлері кездеседі.
Өсімдік жамылғысында көпжылдық шөптесін өсімдіктер түрі басым. Мұндағы кең тараған түрлерге қызыл таспа (Poligonum corrigioloides, P. agreste), ажырық (Cynodon dactulon), шашыратқы (Cichorium intybis) жэне басқалар жатады. Бадам бидайығы (Agrophiron badamence), тянь-шань жоңышқасы, сары түйежоңышқа түрлері кездеседі. Біржылдық түрлерден кәдімгі мыңжапырыақты (Achillea millefolium), қылтан шөпті (Aegilops triuncialis), сүттігенді (Euphozbia), дала жауылшасын (Alyssum campestre) атауға болады. Жартылай бұталы түрлерден қаратау мен тянь-шань жусандары (Artemisia karatavica, A. Tianschanica), жасылдау немесе тянь-шань изені (Косһіа tianchanica) өседі.
Тау бөктері жазығындағы көптеген жерлердің астық және басқа тәлімі дақылдарды егу үшін айдау есебінен мал өрісі тарылып, нәтижесінде жайылымдардың тозуына алып келді. Көптеген арам шөп түрлері тарады. Оларға қалуен (Sonchus awensis), аққурай (Psolalca drupacea), парсы қоңыраушасы (Hulthemia persica), итсигек (Anabasis aphalla), дірілдеуік (Salvia), сарықалуен (Cirsium) жатады.
Жазық шөлдегі тозған жайылымдарда шашақты жусан (Artemisia scoparia), ақшыл жусан (А. leucodes), адыраспан (Peganum harmala), қылтан шөп (Aegilops) түрлері кең тараған.
Тәжірибе жайлары орналасқан алқаптардың табиғи жайылым түрлері әр алуан. Жазық шөлде негізінен эфемерлі және жусан-эфемерлі жайылым, тау бөктерінде жусанды-астық тұқымдас, эфемерлі - жусанды жайылымдар алып жатыр. Бұл жайылымдардың барлығы маусымды және өнімділігі әр жылдары өзгеріп отырады.
Сурет 2. Сералы шаруашылығындағы ұрықтандырылатын қойлар
2 Аналитикалық бөлім
2. 1 Қой шаруашылығы
Қой шаруашылығы Қазақстан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, және солай бола береді. Оның себебі, қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180 млн. га жуық жайылымын тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтижесінде ең арзан жүн, ет, тері және басқа да өнімдерді өндіруге болады.
Сурет 3. Сералы шаруашылығындағы қойлар
Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына қой жөніндегі ғылым сан алуан жаңалықтарымен, жаңа технологияларымен, селекция әдістерімен байытылды.
Қазақстан - еліміздегі ең ірі қой шаруашылықты аудандардың бірі. Республикада еліміздегі барлық қой санының үштен біріне жуығы шоғырланған. Республикамызда алдағы жылдары қой шаруашылығын онан әрі өркендету жөніндегі көптеген ауқымды міндеттер белгіленген.
Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Қой малы адамға қажетті көп түрлі өнім өндіретіндігімен қатар, биологиялық қасиеттеріне байланысты дүние жүзінің барлық континенттерінде өсіріледі. Сондықтан ең көп тараған үй малдарына жатады. Дүние жүзінің елдерінде үшінші мыңжылдықтың басында 620 -дан астам кой тукымдары, 1. 300 қой малы өсіріледі. Мысалы, сапалы, өнімділігі жоғары қой шаруашлығы Австралияда (169 млн), Жана Зеландияда (62 млн), Улыбртитанияда (30 млн), қалыптасқан, дегенмен соңғы он -он бес жылды-он бес жылдың басынан ең алдыңғы қатарға Қытай (200 млн), Ундистан (165 млн. ) Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия (50 млн. ) шығып келеді.
Қой санының артуымен қатар одан өндірілетін өнім де молая түсті. Қой жүнінен кілем, алаша, гобелен, қолғап, байпақ, трикотаж, костюм алынса, ет өндіруде де өзіндік орыны бар. Сонымен қатар сүтінің де адам тамақ өнеркәсібінде маңызы зор. Ол қою әрі майлы. Одан сыр, брынза, айран, сүзбе, құрт, ірімшік өндіреді. Ол әсіресе, Түркия, Франция, Италия, Иран, Греция, Румыния, Болгария мемлекеттерінде көп өндіріледі. Терісінен де бағалы тондық, мехтық, былғарылық бұйымдар жасалады.
1 кесте. Соңғы жылдардағы қой шаруашылық өнімділігінің артуы
2. Биологиялық ерекшеліктері - бұл қоршаған орта, жағдайында организмнің жауап беру (реакциясы) ерекшеліктері мен белгілі бір мөлшердегі өнімділігін айқындайтын, морфофизиологиялық, қасиеттердің жиынтығы. Мал өнімділігінің генетикалық потенциалын толық пайдалану үшін, осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, оларды азықтандыру, күтіп- бағу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz