Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Педагогиканың шығуы және дамуы
Жоспар:
1. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
2. Педагогиканың шығуы және дамуы.
1. Педагогика деген сөз,яғни термин,көне грек тілінен шыққан,ол балаларды ертіп жүруші,баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз.Анығырақ айтатын болсақ, Педагогика термині гректің екі сөзінен: пайс- балалар және эгейн- баланы басқару,тәрбиелеу,жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика -бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе түсуде. Сондықтан педагогика- бала тәрбиесі жайындағы ғылым , - деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы- тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие- жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап,оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы: философиядағы ұғымдарға болмыс , материя , қозғалыс ; ал педагогикада - тәрбие,білім беру, оқыту жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі- тәрбие.
Тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын,атап айтсақ : отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу- тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары,баспа орвындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық,мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамдарды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс- әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
Тәрбие терминін тар мағынада Тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада Өмір тәрбиелейді деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие - педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары- мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып,жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып ерекше әді- тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды.Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру- табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И.Пестолоцци.
Білім беру- оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту- білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, біртекті процесс.
1.Оқытушы оқушыларға білім беріп ,іскерлік ,дағдыға үйретеді.
2.Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті,дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино , радио, телхабар, т.б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге дамның жетілуі, даму, өзін -өзі тәрбиелеу ұғымдары да педагогиканың зерттейтін мәселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы- бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін- өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін - өзі тәрбиелеу- адамның саналы түрде ,белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет,мінез-мқұлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық ұғымдар- тәрбие,білім беру, оқыту біріне бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
2. Педагогиканың шығуы мен дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтажынан ,талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой- пікірлер ертедегі шығыс елдерінің ( мысыр, Вавилония, Үнді,Қытай ) философиялық жүйесінде дамып,кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді.Сократ,Платон,Аристотель,Демокр ит саясат,тәрбие,мемлекет,жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.Феодалдық қоғамда орта ғасырда тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді.Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына о дүниелік өмірге дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
15- 16 ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт гуманизм деп аталды ( Ф. Рабле , Т. Мор, Т. Кампанелла) Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды. Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің ( 1592-1670) Ұлы дидактика еңбегімен беки түсті. Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632- 1704) Тәрбие туралы ойлар деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне ,адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы таза тақтаға теңеді . Францияда Жан- Жак Руссо (1712- 1778 ) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп ,баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне қарсы еркін тәрбие идеясын ұсынды. Швецияраның педагог- демократы И.Пестолоцци Лингарг и Гертруда деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады.
Ресейде революциялық - демократияшыл ойдың негізін салушылар:
А.Н. Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Герцен; 19 ғасырдың 60-жылдарында Н.Г.Черневский, Н.А. Добролюбов, 19 ғасырдың 2 жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н.И.Пирогов, К.У. Ушинский,Л.Н.Толстой,т.б. болды.
(1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық - саяс тәрбие мәселелерін ғылыми- теориялық негізде талдады. Н.К.Крупскаяның айырықша көңіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі мектепте оқушыларды тәрбиелеу жолдары
Педагогика ғылымы жайлы
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі
Педагогика ғылымының салалары
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Педагогика негіздері
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс
Педагогикалық әрекет нәтижесі
Пәндер