Әскери экономиканы жасау
Silkway: Халықаралық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысының басталуы
ОРЫНДАҒАН: 120-01 тобының студенті
Жумахан Асел
ҚАБЫЛДАҒАН: Найманбаева Лаура
Шымкент қ. 2020 жыл
Жоспар
Соғыстың басталуы және сипаты: бар күшті жауға тойтарыс беруге жұмылдыру
Әскери экономиканы жасау: ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптік дамулары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Соғыстың басталуы және сипаты. Бар күшті жауға тойтарыс беруге жұмылдыру.
1941 жылы 22 маусыма фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді.
Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-монғол тұқымдас "тазартылған" "герман-территориялық-этностық тұтастығын" құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғы-шарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және "тұтастыққа" немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарын құру белгіленді.1941 жылы аяғында - 1942 жылы басында "қауырт" соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республикаларының "бірігу күшін" әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ- Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк "индустриялық облыстарын" құру жоспары пайда болды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысады. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарлағандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді.
Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды.Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылысында халықтар достығы қалыптасып, нығайды.Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы адамдарға зор ықпал жасады.
Бірақ сол қауырт дамудың көлеңкелі жақтары да боды-ашаршылық, негізсіз жазалау, онсыз ды аз ұлттық интеллигенттердің едәуір бөлігін қырып жіберу, қазақ халқының санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен халықтарды көшіріп әкелетін зонаға айналдыра бастау, міне осының бәрі халықтарды әлсіретті, олардың санасын улады, өлкенің мүмкіндіктерін елдің қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту және пайдалану мүмкіндіктерін тежеді.
КСРО-ға шабуыл жасай отырып, фашистік идеологтардың кеңес үкіметі жазалаған бұрынғы ақгвардияшыларға, бай шаруаларға, капиталистер мен помещиктерге, тоталитарлық жүйенңн жаппай терроры мен зорлық-зомбылығының қорлығы болғандардың бәріне үміт артуы негізсіз емес еді.
Ал кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан аулақ болды. Отанға берілгендік, патриотизм жаңа үниені жасаушылардың саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталинизмнің қайғылы әсерін жеңе отырып, Отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік берді.
1939 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6,2 млн. Адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1196164 қазақстандық сапқа тұрды. Патша өкіметінің 1916 жылғы тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның түпкілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды, оларға Қазақ КСР-нан 700 мыңнан астам адам шақырылып алынды.Республикаға майдан алқабынан әкелінген, 1,5 млн-дай адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикаан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны жіберілді.Мобилизациялау процентінің мұнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі себеп болды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшнлерде тіркелді.Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің 50-дей жеке полктері мен батальондары еді.Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшелері болып құрылды.Мобилизациялық жоспардан тыс, негізінен еріктілерден құралған бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан тұрды, олар майдандағы армияның құрамына берілгенше киім-кешекпен және басқа тиісті заттармен, көлікпен және құрал-сайманмен республика бюджетінің және халықтың еркімен берген қаржылардың есебінен қамтамасыз етілді.
Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау сіне лайықты үлес қосты.1941-1945 ж.ж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді еспублика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды.
Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше ысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындардың пайдасына қайта бөлінді.
Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалдық және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілуі көптеген қиыншылықтар туғызды.1941-1945 жж. Қазақстан батыс аудандардың 532,5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарына өз орнын тапты.970 мыңдай репатриацияланған немістер, поляктар осында келді. Олардың кпшілігі ауылдар мен селоларға таратылып орналастырылды. Ал қалаларда соғысқа дейін қиын болған тұрғын үй проблемасы одан сайыншиелінісе түсті: 1940 ж. Қаланың әрбір тұрғынына 5,1 шаршы метрден келсе, соғыс жылдары 4,3, ал Қарағанды қаласында 2,2 шаршы метрден ғана келді.
Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, ал базардағы баға 10-15 есе көтерілді.Елде халықты нан және басқа да аса маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді, көмекші шаруашылықтар жүйесі, ұжымдық және жеке бақша шаруашылығы кеңейтілді. Мемлекеттің, еңбек ұжымдардың, республика тұрғындарының бірігіп күш жұмсауы арқасында ел азық-түлік проблемасын шеше алды. Молшылық болған жоқ, бірақ жұрт ең аз қажетін өтеді.
Тылды қайта құрудың құрамды бөлігі көшіріп әкелінген кәсіпорындарды оналастыру болды.Қазақстанға 220 фабрика, зауыт, ұстахана, артель және өнекәсіп комбинаты (соғыстың барысында бұлардың 20-сы қайта көшірілініп әкетілді) көшіріліп әкелінді, қатарға қосылды. Олардың көпшілігі (54 зауыт пен фабрика) тамақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары болатын. Әдетте олар өздері тектес кәсіпорындардың базасына орналастырылды. Көшіріп әкелінген әкелінген кәсіпорындардың көпшілігі өз жұмыстарын асығыс ыңғайластырылған үйлерде және типті бастырмалардың астында бастады. Көбінше жаңа орынға бұл кәсіпорындардың бұрынғы жұмысшылары мен инженер - техник қызметкерлердің оннан бір бөлігі ғана келді. Міне осындай жағдайда өнімдердің бұрын шығарылған ескі түрлері ғана емес, қару-жарақ пен оқ-дәріні бірсыпыра жаңа түрлерін шығару жолға қойылды.
Ұжымдандыру жылдарындағы сияқты, 1941-1945 жж. МТС-тар мен совхоздарда саяси бөлімдер, ал трактор және егіс бригадаларында саяси жетекшілер енгізілді. Саяси жетекшілерге көп жағдайда әкімшілік қызметі, "нормаларын әдейі орындамайтындарды, еріншектер мен қыдырымпаздарды" жазалауға дейін шара қолдану құқы берілді. Әкімшілік жүргізу, колхоздар мен совхоздардағы еңбекті әскери тәртіпке көшіру, әйелдер мен жасөспірімдерді жаппай еңбекке тарту, ауылдар мен деревняларда техниканың азаюы, еңбекке ақы төлеудің күрт азаюы, ал көптеген колхоздарда мүлде төленбеуі, колхозшылардың малдарын күшпен контрактациялау, соғыс салықтарының енгізілуі , міне осының бәрі ауыл мен деревня еңбекшілерінің жағдайына ауыр әсер етті, 1943 ж. Солтүстік облыстарда , 1944ж. Ақтөбе облысында ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі комиссия жұмыс істеді.
Халық комиссариаттары мен оның басшыларының құқықтары мен саладағы істің жағдайы үшін жауапкершілігі арттырылды.Мәжілістердің саны азайтылды, оралымдық, іскерлік арттырылды. Осымен бірге жеке адамға табыну практикасы, партияның ішкі өміріндегі былықтар, әсіресе әкімшілік жасау жолына түсуге әкеліп соқты. Сол жылдардағы Конституциялық емес, төтенше органдар құру жөніндегі теріс іс те осыған қызмет етті. Мәселен, Семей және Ақтөбе облысының аудадарында егін егуге басшылық жасауүшін, өртке қарсы күрес, көшіріліп әкелінген халықты орналастыру және т.б. жөніндегі үштіктер мен төтенше комиссиялар құрылған. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанда, Павлодар облыстарының партия комитеттері соғыстың алғашқы кезінде коммунистерді қорқыту, дөрекі әкімшілік көрсету тәсілдері қолданған.
Барлық дәрежедегі кеңестердің қызметінің мазмұны өзгерді.Ең алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің жанынан және облыстарда жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюро, көшіріліп әкелінген халықты шаруашылық жөнінен орналастыру, әскер қызметкерлері жаұяларын қамтамасыз ету және тұрмыс жағынан орналастыру, әскери заказдар мен көшіріп әкелінген жабдықтарды моптаждау жөніндегі бөлімдер ( кейбір облыстарда олар төтенше комиссиялар деп аталды) ұйымдастырылды. 1944 ж. Еңбекшілер депутаттары аудандық, қалақық және облыстық кеңестері жанынан көп балалы және жалғызбасты аналарға жәрдем жөніндегі бөлім құрылды.
Соғыс жғдайында Кеңестердің атқарушылық-жарлық берушілік қызметі күшейді. Қолы бос еңбекке жарамды халықты мобилизациялау, міндетті көлік тасымалын енгізу туралы шешімдер мен жарлықтар қабылдау практикасы кеңнен қолданылды. Қала халқы ұшақ алаңдарын тазалау, кен орындарынан отын тасу жұмыстарына тартылды. Соғыс жағдайындағы Кеңестердің қызметі жеке басшылық жасау, билікті шоғырландыру, жоғары ұйымшылдық, дәлдік пен жеделдік тән болды.
Кеңестердің әкімшілік жасау-заң шығару қызметі күшейіп, мәдени-тәрбие қызметі әлсіреді. Кеңестердің соғыс жағдайында туған жедел - әкімшілік қызметінің күшеюі кейде жалаң әкімшілік жасауға ұласып кетіп отырды.
Соғыс жағдайында әйелдер қозғалысы өрістеді. 1943ж.партия комитеттерінің жанынан әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің кәсіпорындарда, транспортта, колхоздар мен совхоздарда 4300 әйелдер Кеңесінің құрылуы шығыс әйелдерінің социалистік Отанды қорғаудағы белсенділігін арттыруға, еңбекші әйелдерге идеялық тәрбие беру ісін жақсартуға көмектесті.
2. Әскери экономиканы жасау.
Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды. Бұл оның бұрыннан бар салаларда да, қайта құруға тура келген салаларда да бүкілодақтық экономикаға қосқан үлесін арттыруды талап етті.
Қарағандының көміршілері жанқиярлықпен жұмыс істеді. Төрт жыл ішінде олар 34 миллион тонна көмір шығарды -- бассейннің барлық уақытына қарағанда 3 миллион тоннаға көп. Орал-Ембі мұнай өндіру ауданының кәсіпорындарында сұйық отын өндіру 39% - ға ұлғайды, электр энергиясын өндіру екі есе дерлік өсті'.
Республика мыс (35%), қорғасын (85%) өндірудегі жетекші рөлін сақтап қалды және сонымен бір мезгілде барланған кен орындарының базасында металдарды өндіру, байыту және балқыту жөніндегі кәсіпорындарды -- Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Дон хромит кеніштерін, Ақшатау молибде-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттарын және т.б. салды.%-полиметалл кендері. Нәтижелерге қол жеткізуге жұмысшылар, техниктер мен инженерлер Б. Аймуханов, Б. Исмагулов, В. Олардың шәкірттері мен ізбасарлары: Дементюк, А.Казакова, Д. А. Косых, Д. А. Қонаев, М. А. Лукьянова, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz