Шығыс Қазақстанның киелі ескерткіштерінің зерттелуі


ӘЛ - фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
ӘОЖ 94 (574. 4) "652/653"
НАДЫРБЕКОВ НУРСТУЛТАН КЫТАЕВИЧ
Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның сакральды топографиясы
6М020300 - «Тарих» мамандығы
Ғылыми жетекшісі:
т. ғ. д., профессор Ноғайбаева М. С.
AЛМAТЫ, 2020
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРЛІК ЖҰМЫС
Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның сакральды топографиясы
Орындаған Надырбеков Н. К. « » 2020 ж.
Ғылыми жетекші
т. ғ. д., профессорНоғайбаева М. С. « » 2020 ж.
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі,
т. ғ. д., профессор Карибаев Б. Б. « » 2020ж.
AЛМAТЫ 2020
ТҮЙІН
Магистрлік жұмыс археологиялық материалдар арқылы жаңа сакральды орындар жөнінде мәселелерді қарастырады. Жұмыста кеңес және посткеңестік аралықта өткен тәжірибелік жұмыстарды зерттеу мақсаты анықталады. Сонымен қатар бұл өлкедегі ежелден, ортағасырға дейінгі сакралдьды тапографиялық ерекшеліктерді анықтау және осы жерлердегі топоним аттары қойылған атауларға мифологиялық аңыз әңгімелермен оның мәнін ашу. Яғни осы мәліметтерді пайдаланып өлкенің қаншалықты туристтік сала бойынша, болашағы мен оның мүмкіндіктерін көрсету болды.
Кілт сөздер: сакрализация, тапография, археология, география, киелі орындар, мифологиялық аңыздар.
РЕЗЮМЕ
Магистерская работа рассматривает вопросы новых святых мест с помощью археологических материалов. Работа определяет цель изучения практической работы в советский и постсоветский период. Необходимо также выявить сакральные топографические особенности региона с древних до средневековых времен и раскрыть его сущность с помощью мифологических легенд и рассказов с названиями топонимов в этих местах. То есть, используя эти данные, чтобы показать масштабы региона с точки зрения туризма, его перспективы и возможности.
Ключевые слова. сакрализация, топография, археология, география, сакральные места, мифологические легенды.
RESUME
The master's work examines the issues of new holy places with the help of archaeological materials. The work defines the purpose of studying practical work in the Soviet and post-Soviet period. It is also necessary to identify sacred topographic features of the region from ancient to medieval times and to reveal its essence with the help of mythological legends and stories with the names of toponyms in these places. That is, using this data to show the scale of the region in terms of tourism, its prospects and opportunities.
Keywords . sacralization, topography, archeology, geography, sacred places, mythological legends.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның киелі топографиясы және зерттеу проблемалары . . . 11. Шығыс Қазақтанның тарихи - географиялық топографиясы: сипаттамасы, ерекшеліктері мен типологиясы . . . 11
1. 2 Шығыс Қазақстанның киелі ескерткіштерінің зерттелуі . . . 20
2. Шығыс Қазақстан өңірінің киелі нысандары: тарихы мен маңызы . . . 33
2. 1 Ерте темір және түркі дәуірі ескерткіштері және киелі нысандар . . . 33
2. 2 Абайдан Алашқа дейін: рухани жандану мен жаңғырудың сабақтастығы . . . 43
3 Шығыс Қазақстанның киелі жерлері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы . . . 56
- Шығыс Қазақстан өңіріндегі киелі мекендер: аңыз бен тарихтың үндестігі . . . 56
- Аймақтағы туризм мен өлкетану жұмыстарын жандандыру: болашағы мен мүмкіндіктер . . . 84
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 101
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 104
ҚОСЫМША . . . 112
Қысқартылған сөздер тізімі
ЮНЕСКО - (англ. UNESCO; United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) - специализированное учреждение Организации Объединённых Наций по вопросам образования, науки и культуры.
ҚР - Қазақстан Республикасы
ШҚО - Шығыс Қазақстан Облысы
ЖТК - Жаңа таң кітабы
ҚазМУ - Қазақ Мемлектеттік Университеті
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
КСРО - Кеңес Социалистік Республика Одағы
СПА - сауықтыру (балама емдеу)
ШҚММ - Шығыс Қазақстан Мемлекттік Мұрағаты
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: «Біз - кең-дала алқап жері мен аса бай рухани және мәдени-тарихы бар рухы биік елдің қатарындамыз. Бұл өңірлердегі әр елді мекенмен, аймақтардың бір өзіндік ерекшелікері мен тарихи рөлі бар. Бір қуанатынымыз осындай географиялық рухан белдеуде жатқан халықтың әрқашан бірлігі бұзылмаған. Біз мәдени-тарихымызда осындай әсем, көркем, рухани, қастерлі болып саналатын жерлеріміздің біріңғай желісін бұрын-соңды істелмеген екен. Бұл жердегі мәселеде, елдегі ескерткіштер және одан табылған көне жәдігерлер мен қалаларды қайта реконстрикциялау емес еді. Керісінше ойдың төркіні, Ұлытаудың төріндегі көне жәдігерлер мен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және Алтайдағы көне қорғандар мен Жетісудың киелі мекендері сияқты барлық Қазақстан өңіріндегі елді мекендерде киелі деп саналатын ескерткіштерді өзара байланыстыра отырып, оны ұлт есінде біріңғай кешен ретінде сақталу ойын көздеген еді. Мұның бәрі бірлесе келгенде, еліміздің бірегейлігі мен оның мызғымас негізін құрайтын болады. Ұлтымыздың тереңге кеткен тарих қойнауынан атадан балаға, ғасырлардан ғасырға өшпес мұра ретінде қалып келген асыл қазынасы: әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, өркениет - мәдени және рухани құндылығымыз, шындығында баға жетпес мәңгілік алтындай асыл қорымыз секілді. Әрине мұның бәрі оңай келмегенін білеміз, оның бәрі ата - бабаларымыздың қан мен терінің арқасында, сондықтан бізге әрбір тау-тасы, үңігірі, ондағы өзен көлдер мен жазық далада қасиетті және сакралды топография ретінде есептеледі. Бұл өңірлерде тұрып жатқан әр азаматтың табиғатқа деген өзіндік дүниетаным көзқарасы ерекше. Сол қоршаған ортамызға қиянат істемейтіндей тәрбиелеу, ол біздің көнеден қалған ырым мен тиымдардың арқасы. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жазылған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір мәдениеттің баршаға ортақ сакральды топографиялық жерлері болады және оны әрбір азамат біліп өседі. Бұл өз кезегінде рухани дәстүрдің алғашқы прициптарының бірі. Әрине біздің елдің шекаралық аймақтарына дейін орналасқан кең-байтақ алқап жерлер мен аса бай рухани ел екенімізді ұмытпауымыз жөн. Бұл өз кезегінде әр қазақтың жүрегіне түймедей түйілуі керек.
Сондықтан бұл өлкедегі бірнеше ғасыр өмір сүрген тарихымызды көрсетіп, осындай ауқымды жобаны жүзеге асыруға тиіспіз, - деп нақтыланды. Бұл өз кезегінде жұмыстың ауқымы өте кең және маңызы зор екендігін айғақтайды. Тұңғыш Елбасының осығай орай жоғарыда аталған мақаласы қазіргі Ұлы Даланың басты рухани құндылықтарының бірі. Осыған орай, берілген елбасымыздың тапсырмалары да бар. Мәселен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі орын алатын Қазақстанның сакралдьды топографиялық аймақтарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Басты мақса, ол осы өңірлердегі сақральды топографиялық елді мекендерді көрсете отырып, еліміздің рухани құндылықтарын жаңғырту болатын. Сол үшін бұл жұмысқа барлық музей қызметшілері мен өлкетанушы және университет табалдырығында жүрген ғалымдардың біріге отырып, жасайтын жұмысына айналды. Жергілікті өңірдегі елді мекендерді тәжірибелік зерттеу барысында құрылған археологиялық экспедициялардың материалдарының нәтижесінде, Шығыс Қазақстанның түрлі аймағындағы тұрғындардан сакральды топографиялық жерлер туралы мәліметтер мен ой-пікірлер жинақталды.
Яғни, жер шежіресі - ел шежіресі. Бұл еңбекте көпшіліктің пір тұтып оған тағзым ететін және ем сұрап зиярат ететін сакральды жерлер мен орындар енгізіліп, ата-бабаларымыздың ежелгі тарихынан ақпар беретін және ұлттар мен өркениеттерді бір горизонтта тоғыстырытан маңызды әрі құнды орындармен өңірдің сакарльды орындарында ұлтқа, дінге байланыспайтын қасиетті жерлерде көрсетілді. Бұл дисертациялық жұмыс - болашақ зерттеулер мен ізденістердің жолашары. Енді бұл жұмыспен бакалавр кезінен бастап айналысып келе жатқандықтан кейбір сакральды орындардың тізіміне енбей қалған нысандар әлі де бар деп ойлаймыз. Болашақта осы сакральды жерлердің тізімі толықтырылып, ізденіс жұмыстары одан әрі жалғасады.
Бұл тізімге кірген нысандар болашақта ғылыми тұрғыдан әрине зерттеуді талап етеді. Алғаш рет қолға алынған бұл зерттеу жұмысы экспедиция материалдары, елді мекендерді зерттейтін, өлкетанушылардың еңбектері пайдаланылады [77, б. 6-9] .
Жұмыстың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдары : «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен үндес болуымен бірге, Қазақстан - 2050 бағдарламасында анықталған Мәңгілік елдің мақсат мұраттарымен Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған интеллектуалды ұлт жобасында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты» бағдарламалық мақаласында көрсетілген идеялармен сәйкес келеді және аталған бағдарламалардың қолданбалы міндеттерін шешуге өз септігін тигізетіндігі анық.
Жұмысының зерттелу деңгейі: Зерттелу жұмысының бірінші тарауындағы көрсетілген бірінші бөліміне сәйкес Шығыс Қазақстанның көркем және өте қолайлы географиялық топографиясына байланысты, осындай елді мекендерде тұрмыс тіршілігі әртүрлі халықтар өмір сүретіндігі анық. Яғни, Қазақстан жерлеріндегі тайпалардың шаруашылықтары бірдей болғанымен, діни ғұрыптық салт-санасы әртүрлі ежелгі сақ тайпалары бұл өңірде тіршілік еткен. Еліміздегі мәдениет пен тарихтың географиялық ше-шекарасы қазіргі таңдағы еліміздің геосаяси аймақтармен шектелмейді. Мәселен, ерте темір дәуіріндегі еліміздің батысы мен шығысы және солтүстік Шыңжан аймағында антикалық және Қытай жазба деректерінде аталған патшалық тиграхауда сақтары және «алтын қорыған грифтер» елі, үйсін тайпалары мекендеген. Оған дәлел ретінде, осы аталған тайпалардың мәдениеті мен тұтынған тұрмыстағы бұйымдары және қару-жарақтарының ұқсас келуі сол ескерткіштерді қалдырған тұрғындардың этникалық, мәдени және т. б саласынан бізге хабар беретіні анық, - дейді, М. В Пекевич «Строение поверхности в Горный Алтае» деген еңбегінде.
Сондай-ақ осы аталған еңбегінде ғалым табиғаттың ерекшелінгінде сипаттап кетеді. Мәселен, субареалды кезең Еуразия үшін салыстырмалы түрде салқынырақ болған. Яғни, атлантикадан алыс жатқандықтан Алтай мен Батыс Сібір аумағында ауа құрғақ болып келеді. Себебебі, Иткөл көлі терассаларындағы әктәс шөгінділері дәлел бола алады, өйткені ол құрғақ климатты көрсететін бірден-бір индикатор болып табылады деп көрсетті [1]
Ал, С. Г. Кляшторный, Д. Г. Савиновтың «Древние культуры Центральной Азии и Санкт-Петербург» атты осы еңбегінде «К предыстории хунно-юечжийских воин» мысалында көрші жатқан Жетісудағы үйсін тайпаларымен, Ертістің жоғарғы ағысын жайлап келе жатқан Угэ тайпасы арасындағы қарым-қатынасты ашып көрсетеді. Ал енді батыста Шыңғыстауда, Ертістің жаңағы айтқандай, керісінше төменгі ағысында және солтүстік Алтай жерлерінде жерлеу ғұрпымен олардың әртүрлі ерекшеліктеріне қарасақ, бұл жерлерде басқа тайпаларда өмір сүргені мәлім. Яғни археологиялық зерттеу жұмысынан табылған заттай деректердің арқасында жазылған құжаттарды жоғарыда көрсетілген ғалымдардың талдауы мен сараптамасының нәтижесінде юэчжи тайпалары өз мәдениетін (пазырық) қалдырған, - деп, бір мәмлеге келген екен [15, с. 64-81] .
Зерттеу барысында қарастырылған мәселелердің археологиялық экспедиция жұмыстарын 2 кезеңге бөлген едік. Яғни кеңес уақытында зерттеген С. С. Черниковтың «Восточного Казахстанской экспедиции» еңбегі және қазіргі таңда зерттеп жүрген Зейнолла Самашевтың «Берел (с 1998-по 2010 гг. ) » [31] атты археологиялық материалдары сол кезеңдегі табылған көне жәдігерлер мен қазіргі тағдағы оның сакральдылығын біршама объективті ашуға көмектеседі [19, с. 146-151] . Мысалы, тәуелсіздіктен кейінгі аралықта 1988 жылы З. С. Самашевтың басшылығымен Шығыс Қазақстандағы қазба жұмыстарының нәтижесінде, сол уақыттағы әр дәуірге қатынасы бар Құрық І, Құрық ІІ, ескерткіштерін зерттеген болатын және сол уақытта ЮНЕСКО-қатарына кіретін 13 жирен атты дәл сақтаулы күйінде тапқан болатын. Бұл жөнінде жазылған деректер Археологиялық институттың архивінде сақталған [28] .
Ал, кеңес уақытындағы 1959 жылы С. С. Черников бастаған археологиялық экспедиция [18] жұмыстарының далалық, күнделік, қазба сызбалары және фото түрінде берілген материалдары Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатында сақталған екен [20] . Яғни, осы Шіліктідегі экспедиция жұмыстары 1971 жылы өз мәресіне жетті [21] . Бұл жөнінде археологиялық экспедицияларға қатысып, өзінің құжаттарында деректер қалдыра білген С. С. Черниковтың: « . . . Андроновтық негізде қалыптасқан қазақтардың антропологиялық типі Шығыс Қазақстанда анық байқалады, ал пазырықтықтар мен қазақтардың ою-өрнектерінің ұқсастығы қандай да болмасын тайпалар мен рулардың жылжуына қарамастан Қазақ халқының мәдени тамыры осы уақытқа дейін емес, тіпті ежелгі кезге дейін кетеді» - деген қорытынды пікіріне толықтай қосыламыз [11] .
Сондай-ақ, кеңес уақыытындағы зерттеушілердың бірі, Қазақ КСР ҒА Тарих, Археология және этнография институты ұйымдастырған Ә. М. Оразбаев еді. Ол жетекшілік еткен Бұқтырма археологиялық экспедициясының 1958 жылғы мақсаты Ертіс маңайындағы бұған дейін қарастырылып келген археологиялық жұмыстардың нәтижесінде, сакральды деп есептелетін жерлердегі Зайсан көліне қарасты солтүстік бойының бірнеше дәуірге кіретін ескерткіштерді табу және ерекше көзге түсетін басқада қорған қоршауларына археологиялық жұмыстарды жүргізу керек болған. Нәтижесінде Шығыс Қазақстанның Күршім, Самар, және Ұлан аудандарында қазба жұмыстары атқарылған [16] .
Енді келесі кезекте, С. С. Сорокинның «Большой Берельский курган; Труды Государственного эрмитажа» [17, б. 208-236] 1969 жазылған және Ғ. Қ. Омаровтың Шілікті мен Шағаноба «Қазақстандағы этностардың дәстүрлі мәдениетіне қатысты музей жинақтары: зерттеу мәселелері мен сақтау перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарының материалдарына да зерттеу жұмысына байланысты болған соң, қысқаша қарастырып өттік. Онда осы берел қорғанына байланысты және Шілікті мен Шаған обаны зерттеп өткен Радлотың еңбегін жалғастырғаны және сол жердегі табылған қорғандардың құрылысы туралы археологиялық экспедиция жұмыстарының есептік құжаттары көрсетілген [18, б. 82-84] .
Жалпы көшпелі өркениеттің, сол кездегі табиғат пен гографиялық климаты жоғарыда аталған тайпалардың дәстүрлі мәдениеті бұл жағдайды қалай қабылдайды, яғни бірінші олардың біріңғай семантикалық процессте өткенін көруге болады. Себебі Б. З. Нанзатов, Д. А. Николаева, М. М. Содномпилова, О. А. Шаглановтардың «Подробно вопросы восприятия пространства у номадов освещаются в недавно вышедшей монографии: Пространство в традиционной культуре монгольских народов» атты жазылған монографиялық еңбектерінде, осы көшпелі түркі мемлекеттердің сакральды топографиялық проблемалары жөнінде зерттеу басты мақсат ретінде көзделгенін аңғару болады [51] .
Ал Н. Л. Жуковская өзінің «Пространство и время в мировоззрении монголов (Мифы, культы, обряды народов зарубежной Азии) » атты 1986 жылғы еңбегінде Алтай жерінде мекен еткен түркі тайпалары мен моңғолдардың арасындағы мәдени ұқсастық, тілдік принциптер мен діни байланыстылық және археологиялық ерекшеліктер жөнінде салыстырып көрсеткен болатын [52] .
Үрімшідегі ұйғырлар деректері бойынша жазылған «Жаңа Таң кітабы»: «Ұлыс тоз-тоз болды. Уәзірі Сапшық пен Пан текін он бес тайпа елін бастап, қарлұқтарға паналады. Қалған қалдық бұқара Түбіт пен Ансиге қосылды, » - дейді. Бұл жөнінде тарихшылар ұйғырларды батысқа қарай көшкен кезде үш бағытқа қарай көшкен деген. Яғни оның ішіндегі ең негізгі бағыттың бірі ол қарлұқтар иелігіндегі тарбағатай мен жетісуға қарай көшкен көш деп есептелген екен. Әрине халықтың көпбөлігі де осы аймақпен жүріп өткен. Себебі, басшылық еткендер бұрыннан елдікке мұрындық болған қаракөктің тұқымдары. Ал, сол көштегі қарлұқтар туралы Қытай деректерінде «олар бесбалықтың терістік батысына, Алтынтаудың (Алтайдың) батысына, Бүркітшін суының екі қапталынан арғы Тадат асуын қамтыған Қабы ұлысына жапсарлас кең өлкеге қоныстанған» - дейді. Бұл олардың алғаш табан тіреген жері болса керек. Өйткені «Таң кітабында» тағы да «чжэдэ жылдарынан (756-758) бастап, қарлұқтар бірте-бірте күшейіп, ұйғырлармен бой таластырып, он оқ қағанының ескі қонысына көшіп барып, Сұяб, Талас қамалдарын басып алды. Алайда бәрібір ұйғырлардың шылауында боғандықтан сарайға дербес қол тапсыра алмады», - делінеді [58] .
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан Облысының мемлекеттік мұрағатымен Ресей Федерациясының және Зайсан мұрағаттарындағы берілген деректерге сәйкес жазылған ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Шығыс Қазақстан, Ресеймен тікелей байланысы болғандығын айтады және сол процесстің осы аймақта қалай өткені жөнінде қысқаша сипатталған. Мысалы жүздердің кіріуімен қазақ жеріне зерттеу жұмыстарының басталуымен бейнеленеді. Яғни қазба байлыққа толы осы өңірдің патша жарлығымен бұл мекен Ресей қазынасына айналғандығы жөнінде және сол кездегі өңірдің ақырындап уездердің салыныуымен әртүрлі жұмыстардың арқасында қаншалықты модернизация барысында жаһанданғаны жөнінде қарастырылды [63; 64; 65; 66; ]
Ғ. Әнуарбекқызы, Р Жантыкеев зерттеген мифологиялық аңыздардың тарихи үндестігі жөнінде қариялардан қалған әаңыздардың ауыздан ауызға тарап, ауызша дерек ретінде есептелетіні бізге мәлім. Ал енді сол аңыздардың бірі Шығыс Қазақстан ежелгі ошағы Алтай жөнінде аңыз болып табылады. Сонымен қатар бұл өңірдегі күршім туралы топонимдық аңыз жер атауына байланысты қойылғаны жөнінде қарастырылады. Бұл аңыздар осы мекенде өмір сүрген көшпелі түркі мемлекеттері мен жоңғар дәуіріндегі болған шайқастар мен талас-тартыстан қалған аңыз ертегілер болып есептеледі. Өйткені ауыздан ауызға тараған бұл аңыз қазірде осы өңірдегі елді мекендердің атауына бір себеп болады [96; 100] .
Келесі зерттеу жұмысының деңгейіне берілген А. А. Кайгородцевтың «Перспективы кластерного развития туризма в Восточном Казахстане» атты ғылыми еңбегінде осы аймақтың туризм жұмыстары бойынша оның болашағы мен мүмкіндіктері жөнінде қарастырған. Онда туризм саласы барысында бәсекеге қабілетті жерлердің бірі деп есептелетін жерлерді атайды және оның қандай келешекте болашағы бар сол жөнінде кесте мен диаграмма арқылы төменде көрсетілді. Шығыс Қазақстанның барлық өңірдегі елді мекендердің ең танымал және үздік жерлеріне барлау жасалған болатын. Ондағы табылған сакральды ескерткіштердің өзі ертең туриссттерді тартуына бір себеп. Бұл өңір үш мемлекеттің шетінде жатыр. Яғни Қытай, Ресей және Моңғолия, осы тарапты егер бақылай алса, онда келешекте бір топ туристтердің осы аймаққа ағылып жататынына сенімдіміз, - дейді. [105, с. 5] .
Жұмыстың деректік қоры. Алғаш рет қолға алынған бұл зерттеу жұмысы экспедиция материалдары мен ғалымдардың, өлкетанушылар мен жазушылардың зерттеулері және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар деректік көз ретінде табылады.
Ең алдымен жұмыстың деректік қорына сол кездерде орын алған ресми құжаттарды қарастырамыз. Ерте темір дәуірі уақыты мен Абайдан Алашқа дейінгі аралықтағы рухани жандану мен жаңғырудың сабақтастығы осы Шығыс Қазақстан өңіріндегі сакральды топографиялық жерлерге қалай әсер еткенін сипаттағанда қолдандық. Одан кейінгі кезекте мұрағат қорларындағы өмір сүрген көшпелі тайпалардың жеке тектік құжаттарын дерек көзі ретінде қарастырамыз. Және де жұмысымыздың ең негізгі дерек көзі жоғарыда аталған ғалымдардың археологиялық зерттеген географиялық климаты мен тайпалардың әдет ғұрыптары және салт санасы тақырыбымыз үшін орны ерекше болмақ, өйткені оның беттерінде үнемі көшпелі түркі тайпалардың жағдайы жазылуымен қатар басқа да тұрпатын ашуға көмек береді. Сондықтан бұл деректер біз үшін құнды дерек көзі ретінде саналады.
Жұмыстың зерттеу нысаны. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның сакральды топографиясы.
Жұмысының мерзімдік шеңбері. Ежелден орта ғасырға деіңгі аралықта қалыптасқан Шығыс Қазақстан өңірінің күнделікті тәжірибеде қасеттендіру.
Жұмыстың пәні. Шығыс Қазақстанға арналған материалдардан Ежелгі және орта ғасырлардағы өңірдің сакральды топографиясын қалыптастырудағы әдіс - тәсілдер.
Жұмыстың мақсаты. Шығыс Қазақстан облысы елді мекендері шеңберінде әлі күнге дейін әдебиеттерде, басылымдарда, арнайы зерттеулерде көрсетілмеген тақырып бойынша зерттеу жүргізуге әрекеттене отырып, ежелден орта ғасырға дейінгі аралықта, өңірдің сакральды топографиясын анықтау және тарихи ахуалда қаншалықты деңгейде болғанын бұрын тарихи айналымда болмаған мол деректер арқылы саралап, талдай отыра, өлкеміздің ашылмаған тарихнамалық беттерін ашып көрсету. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, осы уақытқа дейін бұрмаланып келген тарихымызға жаңаша қырынан баға беру қажеттілігіне орай, осы өңірдегі қалыптасқан жергілікті жерлерді ғылыми айналымға еңбеген нақты деректер арқылы, тарихта еленбей қалған тұстарын жаңа қырынан көрсету көзделді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz