Өнер мамандарын дарлаудағы Республика өнер қайраткерлерінің рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жұмыста кеңестік модернизация жобасында қазақ өнері мен мәдениетінің дамуы жөнініде және оны қазіргі таңда салыстыру мақсатында қазақ газеті мерзімді басылым беттерін қалай пайдаланғаны жөнінде мәселелер қарастырыларды. Қарастырылып отырған мәселе өзекті, өйткені сол қоғамның әлеуметтік санасы басқаша болған еді, алайда рухани жаңғыра бастаған қазақ жастары өнерге деген шығармашылықтары қалыптасты. Себебі, қысқа уақыт ішінде әртүрлі мәдени байланыстарды өнермен байланыстыра білді. Бұл тұрғыдан әртүрлі газет журналдардың беттерінен жаңа өнер ошақтары мен оған мамандарды дайындау деген ұсыныс тәжірибесі, әдістерді ғана емес, сонымен бірге көрнекі әдістерді де қолдану маңызды және құнды болып табылған еді. Бұған қоса, отандық тарихнамада осы мәселеге қатысты яғни, баспа беттеріндегі бейнелерді қарастыру жұмыстары аз болып келеді. Сондықтан жұмыс тарихнамалық тұрғыда да маңызы жоғары.
Жалпы Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер жан-жақты және әр түрлі. Енді әрине қазіргі уақытта дамып келе жатқан өнердің бірнеше түрлері мен оның жанрын қаса алғанда, бір өзгерістердің және жаһанданудың инновациялық түрлерін, білім алу мен берудің, ғылым және жоғарыда айтқандай мәдениеттің салаларына өзіндік бір үлес қосатын қайта құрудың спектрін ұғынуға болатын сияқты.
Яғни осы зерттеу жұмысының өзектілігін ашар, басты қарастырылатын мәселелердің бірі, ол Ұлы Отан соғысынан бастап, өткен мәдени процестер барысында кездескен тоталитарлық жүйедегі кеңестік дағдарыста және партиялар мен халықтық реализмді айтар едік.
Ал келесі мәселе, ол Сталин қайтыс болғаннан кейінгі, қазақ зиялылары мен қыл қалам шеберлерінің ақталуы, бірден-бір мәдени және өнер саласының ілгері дамуына себепкер болды. Әрине осы мәселерді қарастыра отыра біз болашақ жастардың мәдениетке деген және өнер саласындағы, өткен қилы және даму үдерісін таныстыра отырып, олардың қызығушылығын арттыруға өз үлесімізді қосар едік. Мәселен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар рухани жаңғыру мақаласы тәуелсіз еліміздің іргесін бекемдейтін және ондағы рухани діңгегін нығайтатын, өте бір күшті келешекте тамырына нәр беретін мәдени бағдарлама екенін ерекше атап кеткен еді. Тұңғыш президентіміз жалпы жаңғыруға байланысты 6 бағыт айтқан болатын, оның ішінде бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, яғни ұлттық бірлікті сақтау, білімді шынайы түрде өткізу және еліміз революциялық тұрғыда емес керісінше эволюциялық тұрғыда дамуы; ол санананың ашықтығы деп орынды атап өткен болатын. Бұған дәлел 1970 жылы өздеріне осындай бағыт ұстанып дамыған Малайзия елі, қазірде әлем мойындаған Азияның азулы жолбарысына айналды. Әрине кез-келген жамандыққа төтеп беру ол елдің күш қуаты. Жоғарыда атап өткендей, оның ұллтық коды, діні және берік дүниетанымы. Қазіргі уақыттағы жаңғыру барысында осы аталған аталмыш кодымызды сақтап қалу ол біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Өткен уақыттан келе жатқан өркениетіміз бен төл өнерімізді саф алтындай қорғап қоймай, заман талабына сай мәдени дамып, және ондағы ұлы міндетті - шығармашыл қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен өнер қайраткерлері еншілеп отырғаны біз үшін үлкен мәртебе болар еді. Яғни рухани жаңғыру алдымен ұллтағы зиялы қауымдардың ішінен және олар орындаған туындылардан серпіліс алған, ұлттық сананың кемелденуіне әкелуіміз қажет.
Тарихтың көлеңкесінде қалып келе жатқан кеңесті мәдени және өнер мәселесі жаңа әлеуметтік тарихтың бір бөлігі ретінде оны жоғарыдан төмен қарай зерттеу арқылы өнер тарихының жаңа пәнаралық фундаменті ретінде қарастыру қажет. Өнер тарихын зерттеумен қатар жаңа кеңестік модернизацияның ерекшеліктерін көрсетуді міндет етеді. Себебі тaрихтың көлеңкеciнде қaлып келген қaзaқ өнерінің тaрихы кеңеcтiк модернизaция кезеңiнен кейiн қaншaлықты деңгейде өзгергенi ғылым үшiн маңызды. Қазақ өнері тек елімізде ғана емес, сонымен қатар әлемдік мідени байланысуы қажет. Олай болса тоталитарлық жүйедегі өнердің қоғамдық - саяси жұмысын зерттеу - тәуелсіз Қазақстанның негізін құрайтын ұрпақ тәрбиесінде қазақ өнерінің рөлі зор екендігін танып-білуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдары: Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасымен үндес болуымен бірге, Қазақстан - 2050 бағдарламасында анықталған Мәңгілік елдің мақсат мұраттарымен Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған интеллектуалды ұлт жобасында, Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген идеялармен сәйкес келеді және аталған бағдарламалардың қолданбалы міндеттерін шешуге өз септігін тигізетіндігі анық.
Жұмыстың зерттелі деңгей: Қазақ еліне 60 жылдық деген халықтық жинақта көрсетілген арнайы білім беру және мамандар даярлау, елімзде 20-30 шы жылдардан бастап бұл жұмыстар артта қалған еді. Өйткені, соғыс қарсаңында отанда 20 жоғары оқу орны және 118 арнайы орта оқу орындарының ішіндегі 20 жоғарғы оқу орында осы сала бойынша (әртістер, композиторлар, дирижерлар мен режиссерлар, суретшілер мен скульпторшылар, т.б.) мамандарды даярлайтын оқу ошақтары болмаған. Жанағы аталған сала бойынша санаулы музыка училищесі (1932 ж.), Алматы көркем-сурет училищесі (1938 ж.) және Алматы хореография училищелерін (1938 ж.) болғаны жөнінде осы жинақта қарастырылады [1, с. 210-236].
Алайда, регресс болғаны жөнінде шығармашылыққа байланысты мамандарының жетіспеуі және оқу орындарының аз болуын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, - дейді Б. Гизатов өзінің От кюя до симфонии. Статьи, материалы и исследования зерттеу жұмысында. Өйткені сол уақыттарда Қазақ АКСР-нің орталығы Орынборда ашылған музыкалық училище және басқа қалаларда ашылып жатқанымен кебір жағдайларға байланысты жабылып қалған болатын [2, с. 5-6] Уақыт өте, архив деректерінде 1242-қор, 2 тізбек, 642-іс берілген материалдарға қысқаша талдау жасайтын болсақ, осы өнер ошақтары құрылған уақытта әр өнер саласының бөлімдері анықталды және сол құрылған өнер ошақтарына мәселен өнер қайраткерлері қызметтерін атқарды. Мәселен, 1942 жылы Музхоркомбинатта қазақтың дәстүрлі аспаптарында ойнау класы (қобыз, домбыра) ашылса, онда басшы ретінде ҚазақССр Халық әртісі Л.Хамиди тағайындалған болатын. Алайда соғыс жылдары ашылған бұл комбинатта әртүрлі мәселер мен тарату туралы айтылса, енді бірде соғыс біткеннен кеін ол процесс шешілген екен. Осылайша, бұл қорда осындай мәселер қарастырылған болатын [5] Енді 1950-1980 жж аралығында жазылған архив қорлардың барлығында осы қазақстандағы өнер ошақтары бойынша жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының жүйесі қалай ашылғаны жөнінде және олардың келешекте қалай дамығанын, яғни елде арнайы өнер оқу ошақтарының құрылуына байланысты материалдық-техникалық базалардың көбеюі сияқты мәліметтер қарстырылады. Мәселен жатахана, құрал жабдықтардың жетіспеушілігі және оқып жатқан ошақтың тар көрінуі бұл ары қарай ошақтың дамуына кедергі болмады. Өйткені өнер қайраткелерінің қажымас өайраты мен олардың еңбектерін де саралап өтеді. Сонымен қатар өнер оқу орындағындағы оқу тәрбие процесін ұйымдастыру және жетілдіру үшін маман кадрлардың даярлануы барысында Республика өнер қайраткерлерінің рөлі өте маңызды болған екен. Себебі жоғарыда аталғандай жер аударылып келіп өз ісін жалғастырған болсада, бірақ еңбектерінің арқасында осы салада талай жастардың жолын ашты. Нәтижесінде олар үлкен жетістіктерге жетті және ары қарай өздеріде оқытушы болып қалған жас түлектерде жетерлік екен. Сондай-ақ Қазақстан үшін мәдениет пен өнер мамандарын даярлаудағы Одақтас республикалардың рөлі бұл салада болсын басқада болсын негізі атап өткеніміз қажет өте жоғары болғандығын. Себебі осы бауырлас елдердің біздің мамандарды даярлауда ешбір кедергісіз оқытып маман даярлауы осы көрші жатқан Өзбекстан, Ресей т.б. елдері еді. Тек қана әрине одақтас елдермен шектелмей, осы өздерінің еңбектерінің нәтижесінде халықаралық мәдени байланыс орната білген жас мамандар елімізді әлемге танытқан еді және сол елдерден біздің өркениетімізбен мәдениетімізді тамашалауға сол жылдары бірнеше туристтар ағылған болатын. Яғни 50-80 жж аралығына дейін: рухани жандану мен жаңғырудың сабақтастығы елімзде әртүрлі жолдармен өткен мәселерді қамтыған болатын. Аталмыш өнердің бір түрі ол әдебиетке жақын өңірлердегі ақын, жазушы, лирик атанған қыл қалам шеберлері кеңес уақытында көп шықты. Сол жөнінде қандай оқиғамен байланысты жазған шытырман оқиғаларын бұл архив деректері мен қатар еңбектер жазған Ғ. Мүсіреповтың Заман және әдебиет. Әдебиет туралы ойлар, толғаныстар осы еңбектерінде жазушы мен ғалымдардың зерттеу жұмыстары осы тұлғалардың туындыларын ашық көрсетті. Басты шығармалардың бірі ол кезде Ресейден сыйлық алған М. Әуезовтың Абай жолы туындысы екі томдық романы жарыққа шыққанда сынға түсіп, оған талдау білдіріп және жоғары бағалаған. Оған қоса Мемелекеттік сыйақыға тағайындалған болатын.
Яғни осы төменде берілген архив мұрағаттарынан табылған деректердің нәтижесінде бұл жұмыстың мәнісін көрсете алдық. Себебі кеңес уақытында әртүрлі жағдайларды еліміз басынан кешкені анық. Сонда-да сол кезеңдерге төтеп берген ата-әжелеріміздің еңбегі зор-дур. Яғни осы төмендегі әдебиет тізімінде ұсынылған қорлардың барлығы соның дәлелі десекте болады [12; 20; 30; 40; 50; 60; 70; 80; 90; 100; 115; 121]
Деректер бойынша сол кезде консерваторияның ұйымдасу процесінің аяқталмағандығын; сапалы музыка аспаптары болмағанын, аудиториялардың әлі де дұрыс жабдықталмағанын, қажетті құрал жабдықтардың жоқтығынан концерт залының жабдықталмайтындығын және т.б көрсетеді. Осы жылдары Қазақ ССР Өнер Істері Басқармасының, Қазақ ССР Министрлер Советінің осының алдын алу шаралары барсында қаулысы шығады [23].
1950 жылдарға дейінгі жазылған Өсер әдебиетке өсірер сын керек атты мақаласында халқымыздың мұрасы немесе өз сөзімен мысал келтірсек Қазақ халқы бар тарихын көше жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге де қымбатты мұра - бай қазына!
Сол қазынаға біз не қосып жатырмыз? Қалай қоса аламыз? сынды сқрақтар қойып бірақ оған дереу жауаб қайтарған: Бұрынғы дана қыздарын, бұрынғы батыр ұлдарын, бұрынғы бәйге тұлпарын қазақ халқы жырымен жеткізді бізге.
Бүгінгі дана қыздарын, бүгінгі батыр ұлдарын, бүгінгі жүйрік тұлпарын өзіміз көріп отырмыз. Жаңарған ел, жасарған дүние - жаңа жыр күтеді. Қазынасына қазына қосып кейінгі ұрпаққа ұялмай ұсын дейді [112, б. 143].
Архив құжаттарының материалдық деректер бойынша оқудан шығудың негізгі мәселелері: интернаттарда орнынның жетіспеуі, музыкалық даярлықтың жеткіліксіздігінен нашар үлгерім, оқу бөлмелері мен музыкалық аспаптардың жетіспеуі, т.б. болып отыр.
Сондай-ақ архивтегі деректер көмегімен алғашқы оқуға қабылданушылар, ондағы қазақ ұлтының өкілдерінің саны туралы төмендегідей мәліметтерді беруге мүмкіндік бар [24].
Дегенмен де бізге қалған деректер кейбір жағдайды ашып көрсеткен, мәселен (Семей, Орал, Алматы, Қарағанды) училищелерінде сабақ барысы мүлдем жарамсыз ескі корпустарда өткізілген. Сабақ уақыты сағат 8:00 ден түнгі 23:00 ге дейін жалғасқан оның себебі аудиториялардың жетіспеуі еді. Оған қоса бұл училищелердің жатақханасы болмағандықтан ауыл талантты жастарды тарту мүмкін емес еді [36].
Қазақ ССР Министрлер Советінің бұйрығына сәйкес Қазақ театр мамандарының білімін жетілдіру мақсатында институттың қазақ театр студиясына Алматы театр училищесінің 4-курс студенттері оқуға жіберілген еді.
Енді біз архив қорларынан табылған Мәскеу мен Ленинградтың өнер оқу орындарының 1937 жылғы есептеріне сүйеніп, сол жердегі қазақстандық-студенттер контингенті туралы төмендегідей кесте түрінде мәлімет көрсетуге болады: [100].
Ал Қазақстанда Советтік композитор жастарын тәрбиелеу мәселелері атты Е.Г. Брусиловскийдің 1950 жылы жарық көреді. Мұнда халық шығармашылығының, халық жағдайы мен рухани өмірінің маңыздылығы және қазақ жас композиторын қалай тәрбиелеудегі мәселелеріне тоқталады: Халық творчествосына тереңірек енбей, онымен органикалық байланыс жасамай нағыз композитор өспейді... [42]
Сонымен қатар архивтегі 1242-қор да қарастырылған деректе соғыс қарсаңында ашылған оқу ошақтарында қандай мамандыр болғаны қарастырылады. Яғни қысқаша оларды атап кететін болсақ, ол Кескіндеме-педагогика бөлімі - сурет пен сызудан жалпы білім беретін және арнайы орта, бастауыш көркемсурет мектептерінде сабақ жүргізуге құқылы суретші-оқытушылар және Театр-декоратив бөлімі - театрларда, аудандық, колхоздық, мәдениет үйлері үшін суретші-декораторлар мен Графика бөлімі - республикалық, облыстық және аудандық газеттер мен басылымдар үшін суретші-графиктер сияқты Скульптура бөлімі - архитектуралық обьектілерді безендіру, декаротивтік скульптура жұмыстары үшін скульпторлар бар екені жөнінде осы қорда қарастырылады [13]. Мәселен, біздің елде жиырмажылдық еңбегінің нәтижесінде көркем-сурет шеберлері пайда болғандығы мен оның дамуы және олардың таныстырып өткен деректерде сақталған. Осындай тұлғалардың бірі аты танымал суретші Гульфайрус Исмаилова 1998 жылдың 23 қарашасында Новое поколение газетіне берген өз әңгімесінде ұстаздары туралы айта келіп, А. М. Черкаский жөнінде айтты: Очень блогадарна Абраму Черкасскому - педагогу художественного училища, который аривил фантастическую любовь к живописи, словно влил нам вместо крови мсляные краски... осы жөнінде айтып өткен болатын, бұл да бір біздің зерттеу жұмысымыздың осы өнердің дамуы жөнінде дәлелі ретін көрсетуге болады [48, с. 9]. Келесі өнер қайраткері ол Алматы көркем-сурет училищесінде жұмысын атқарып, мыңдаған мамандарды білім берген Ақрап Құдайбергенұлы Жұбанов. А.Қ. Жұбанов аталған училищеде 30 жылға жуық директор қызметін атқарған. Алғашқы училище туралы А.Қ. Жұбанов 1998-жылдың 20-қарашасы күні Казахстанская правда газетінде интервью берген уақытында былай деп жазады: Стдент ретінде алғаш училище табалдырығын аттағаныма да елу бес жыл өтіпті. Жағдайдың ауыр кезі болды және сол уақытта соғыста жүріп жатты. Екі қабатты біздер оқыған үй ескі, бөлмелерден, пеш жағылатын [52, с. 5] Осыған байланысты А.Қ. Жұбанов өнер шеберлері жайлы былай дейді: Осындай ауыр жағдайға қарамастан училищедегі жағдай керемет жарқын болатын. Мұнда дүниежүзілік өнер туындыларымен таныс творчество иелері еңбек етті: живопись профессоры А.М. Черкаский, өнер, композиция тарихының оқытушысы Л.П. Леонтьев, т.б. Олардың қатарын кейінгі ұрпақтан А.Ғалымбаева, В. Поляков, Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, т.б. толықтырды....
Сондай-ақ Б. Гизатов Музыкальное образование в Казахстане еңбегінде 1953 жылдың 25 ақпан айында Социалистік Қазақстан газетінде Мемлекет қалтасы есебінен өмір сүрушілер деген атпен белгілі үлкен мақала шығып, Консерватория мұғалімдерінің өздеріндегі консерватория негізгі жұмыстарына нұқсан келтіріп, басқа ұйымдар мекемелерде толық ставкада жұмыс жасайтындықтары... сынға алынғандығы жөнінде қарастырып өтті [58, с. 21].
Төменде ұсынылған әдебиеттер тізімінде сайтта берілген журналдарға да сілтеме жасаған болатынбыз. Өйткені онда ұсынылған мәліметтер осы тақырыпқа сәйкес қарастырылған. Ол жерде театр, кино өнерінің қалай дамығаны жөнінде қарастырады [124; 125]
С.Б. Баишев, С. Б. Бесамбаев, Г. Ф. Дахшлейгер (зам. гл. редактора), С.К. Кенесбаев, А.X. Маргулан, Г.М. Мусрепов, А.Н. Нуспеков (главный редактор), бірлесіп жазған История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том V атты кең көлемді тарихи материал негізінде социалистік құрылыстың аяқталуы және дамыған социализмнің құрылуы кезеңінде Кеңес Одағының құрамындағы Қазақ Республикасының тарихы қарастырылады. Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі көрсетілген, тың туралы жыр егжей-тегжейлі баяндалған. Кітапта экономиканың, мәдениеттің дамуы, республиканың еңбекке қабілетті халқының әл-ауқатын жақсарту туралы, Қазақ КСР-нің коммунизмнің материалдық-техникалық базасын құруға қосқан үлесі туралы жалпылама материалдар келтірілген, халықтың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер, жұмысшы табының үнемі өсіп келе жатқан рөлі, жұмысшылардың еңбек және шығармашылық белсенділігінің артуы, тарихы баяндалған. қазақ социалистік ұлтының мәдениеті мен оның КСРО-ның бауырлас халықтарының мәдениеттерімен жақындасуы және біздің елдің өнерінің дамуы жөнінде баяндалған. Әрине қарастырылған мәселелердің бірі сол өнер туындыларының еңбектеріде сипаттайды. Мәселен 1971 жылы Қазақстан Жазушылар одағының жанынан кеңестік неміс әдебиеті жөніндегі кеңес құрылды, ол 1976 жылы республиканың 30 неміс жазушысын біріктірді. Қазақстан баспасында, сонымен қатар республикада жарық көрген Фрейндшфт газетінің беттерінде ондаған 4еңбектер, бірқатар ұжымдық жинақтар, альманахтар жарық көрді. 1977 жылы Қазақстан баспасы неміс тілінде Дала ырғағы деген атпен бірнеше кітап, соның ішінде отыз қазақ ақындарының өлеңдер жинағын шығарды деп атап өткен. Сол сияқты Қазақ адебиеті газетінің шығуы қайта жаңғырып, Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне дайындық кезінде біздің елдегі өнер қайраткерлері мен ұлт зиялылары артып, барлық шындықты көрсете бастаған болытын. Бірақ бұл туындылар бертін жазылса да тексерістен өткен еді. Ал кейбіреуіне заңа сәйкес емес деп жарыққа шығуына мүмкіндік бермеген. Сонда да кейбір таныстардың барысында әйтеуір кейбір туындылар жарық көрді, - деп бұл өткен газет-журналда берген мәліметтерге тоқталып өткен. Әрине біз бұл кітаптан өзіміздің зерттеу жұмысымызға керек материалдарды алып, тың деректермен көрсете білдік деген ойдамын. Өз кезегінде бұл еңбек суреттермен және анықтамалық аппараттармен қамтамасыз етілген. Тарихшыларға, университеттердегі студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ қалың оқырмандарға арналғандығын атап кеткен жөн [126].
Жұмыстың деректік қоры. Кеңес өкіметінің декреттері, нормативтік актілер, заманхаттар, баспасөз материалдары жатады.
Ең алдымен жұмыстың деректік қорына сол кездерде орын алған ресми құжаттарды, заң актілерін қарастырамыз. Кеңестердің Бүкілқазақ съездерінің материалдары ел ішіндегі жағдайдың өнерге қалай әсер еткенін талдағанда және де бұл съездердің, декреттер мен қаулылардың елдің рухани өміріне қалай әсер еткенін сипаттағанда қолдандық. Одан кейінгі кезекте мұрағат қорларындағы 1950-80 жж өмір сүрген қазақстандағы өнер мен мәдениеттің тарихнамасына жеке тектік құжаттарын дерек көзі ретінде қарастырамыз. Және де жұмысымыздың ең негізгі дерек көзі 1940-80жж. шығып тұрған архив деректері біздің тақырыбымыз үшін орны ерекше, өйткені оның беттерінде үнемі қазақ өнерінің келешегі жөнінде жағдайы жазылуымен қатар материалдарда жаңа кеңестік өнердің бейнесін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан архив деректері біз үшін құнды дерек көзі болып табылады.
Жұмыстың зерттеу нысаны. XX ғacырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстан өнерінің дамуы
Жұмысының мерзімдік шеңбері. Зерттеу Ұлы отан сағысы қарсаңынан, ауған соғысы аралығына дейіңгі Қазақстанда дамыған қазақ өнерінің тенденциясын қамтиды.
Жұмыстың пәні. Қазақ өнеріне арналған архивтегі қор беттерінен кеңестік өнер шығармашылығын қалыптастырудағы әдіс - тәсілдер.
Жұмыстың мақсаты. 1950-1980 жж. аралығында дамыған Қазақстан өнерінің архив деректеріндегі қорларда жазылған материалдарға сәйкес, сол уақыттағы қазақ өнерінің прогрессі мен регрес жолдарының қалыптасуын анықтау.
Осы ғылыми жұмыстың алдына қойған мақсатына сай төмендегідей міндеттер жүктеліп отыр:
Мерзімді басылымдарды дерек ретінде талдау;
Архив деректеріне талдау және саралау
Кеңестік модернизация кезеңіндегі мерзімді басылымдар мәселесін қарастыру;
Қазақ өнерінің тенденциясын архив қорларын пайдалана отырып оны айқын көрсету;
Кеңес уақытындағы қазақ өнеріне үлес қосқан бауырлас елдердің және елдегі өнер қайреткерлерінің еңбектерін архивте сақталған деректерге баға беру барысында анықтау;
1950 және 1980 жж аралығында болған өнер ошақтары мен мамандарды төменде берілген кесте арқылы көрсету; (демек, сол кездегі білім алуға келген студенттердің саны мен оқу орындарының санын саралау);
Оқу жүйесінің материалдық және техникалық процесстің алға ілгері дамуында білім сапасының деңгейін ашу;
Қазақстандағы 50-80 жж аралығына дейін: рухани жандану мен жаңғырудың сабақтастығына талдау жасау;
Жұмыcтың методологиялық негiздерi мен әдicтерi: Зерттеу жұмысының методологиялық негізін айқындауда, қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді зерттеудің бірнеше әдістері қолданылды. Тарихи оқиғаларды немесе саяси жағдайлары баяндауда баспасөз материалдарына контент - анализ жасау әдісі пайдалынылды. Сонымен қатар журнал мәтіндеріне анализ жасауда семиотикалық әдіс кеңінен қолданылды.Заманауи әдістердің бірі дене анализі арқылы кеңестік мәдениетті концентуалдық аспектіде қарастыру маңызды әдістердің бірі болып саналады. Тарих ғылымында қалыптасқан мәселені, болған оқиғаны зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдерді мұрағат және журнал материалдары арқылы салыстыра көрсету басшылыққа алынды. Сонымен бірге зерттеу барысында саралау, талдау, және қорыту, тарихи-салыстырмалы, шығармашылық, тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды. Тарих ғылымында қалыптасқан мәселені, болған оқиғаны зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдерді мұрағат және журнал материалдары арқылы салыстыра көрсету басшылыққа алынды. Сонымен бірге зерттеу барысында саралау, талдау, және қорыту, тарихи-салыстырмалы, әлеуметтанушылық, тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды.
Жұмыcтың ғылыми маңызы: ғылыми жұмыс кеңестік билік кезіндегі газет-журналдар мен архив деректеріндегі материалдарды негіздей отырып, сол тұстағы қазақ өнеріне жаңаша тұрғыдан баға беру болып табылады. Ең бастысы қазақ өнерінің рухани маңыздылығын ашу, ғылымда мәдени саламен түсіндіріліп келсе, ендігі кезекте кеңестік қазақ өнерінің шығармашылығын саяси және идеологиялық тұрғыда баға беріледі.
Жұмысының ғылыми жаңалығы. Әрине осы тақырыпқа сәйкес осыған дейінде біраз ізденістер болған. Алайда біз зерттеп отырған бұл тақырып бойынша, ғылыми зерттеу жүргізуде архив деректерін пайдалана отырып, кейбір ашылмаған тұстарын ашып көрсету болды. Зерттеуде тың ғылыми ізденістер жүзеге асырылды. Атап айтқанда:
- Қазақстандағы 1950 және 1980 жж аралығындағы өнердің дамуына байланысты жаңа ғылыми бағыттарын ашу;
- Жұмыс толықтай архив деректерін пайдаланылып жазылды;
- Қазақ халқының сол уақыттағы рухани жандануы мен жаңғырудың сабақтастығын айқындау;
- Ондағы бұрын жарияланбаған, мұрағат деректерінің үлкен шеңберінде құрылып, айналымға алғаш енгізіліп отыр;
- Қазіргі таңдағы өнер сапасына осы жинақтаған материалдарды саралай отырып баға беру;
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдамалар. Зерттеу нәтижесінде
Қазақатсандағы 1950-1980 жж аралығында өткен мәден және өнердің даму процесіне көңіл бөлінді. Атап айтсақ:
- Кеңес уақытында зерттелен республика, тәуелсіздік алғалы тарихымызды табылған заттай және жазба деректермен әлі де жаңғыртып келеміз.
- Демек, бірінші елдің өнері мен мәдениетінің ерекшелігіне назар аударылды. Әрине қазақ өлөңірлерінің ішіндегі табиғи саяжай тамаша географиялық әсем орындардың бірі.
- біз бұл жерде осы өнер қайраткерлерінің отанға деген сіңірген еңбектері мен олардың ерліктеріне назар аудардық.
- бұл өңірдің жалпы өнер ошақтарын ғана зерттеп қоймай, болашақта еліміздің мәдени саласының дамуы мен мүмкіндіктеріне де тоқталдық. Шыққан деректер бойынша жасалған төменде талдауда бар. Әрине елдің өнер саласы бойынша даму сипатының ерекшелігі бір төбе, ондағы мәдени мұра да жеткілікті, көрші жатқан бауырлас мемлекет халықтарының осы жердегі мәдени мұрағның дамуына өз үлестерін қосты.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі: деректерге сәкес зерттелген бұл жұмыстың мәнісін ашу барысында біз қосымша иммидждік мақалалар мен ғылыми мақалаларды жарияладық.
Жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыстың басты нәтижелері мен тұжырымдарын отандық тарих және қасиетті орындарды зерттеу ғылымының дамуына, сонымен қатар, диссертациялық жұмыста келтірілген деректер мен айғақтар, статистикалық мәліметтер Қазақстан өнерінің 1950-1980 жж аралығында өткен мәдени сала бойынша еңбектер жазғанда, тарих, музыка, мәдениет мамандықтарының арнайы курстарында және семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, әр бөлім екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

І. Қазақстандағы өнер ошақтары бойынша жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының жүйесі
1.1 Қазақстанда арнайы өнер оқу ошақтарының құрылуы және олардың материалдық-техникалық базасы

Зерттеліп отырған бұл жылдарда жалпы өнер оқу ошақтарының құрылуы және олардың материалдық-техникалық базасы жөнінде мәселелер қарастырылады.
Яғни, өнер бойынша арнайы білім беру, мамандар даярлау, Республикамыздағы 20-30 шы жылдардан бері экономикалық мәселелерге байланысты назардан тыс қалып келді. Себебі, 1940-41 жылдар отанда 20 жоғары оқу орны, 118 арнайы орта оқу орындары болса, сол 20 жоғарғы оқу орнының ішінде мәдениет пен өнер бойынша мәдени ағарту мекемелерінің қызметкерлерін (әртістер, композиторлар, дирижерлар мен режиссерлар, суретшілер мен скульпторшылар, т.б.) даярлайтын бірде бір оқу орны болмаған. Енді 118 арнай орта оқудың ішінде жанағы аталған сала бойынша санаулы музыка училищесі (1932 ж.), Алматы көркем-сурет училищесі (1938 ж.) және Алматы хореография училищелерін (1938 ж.) ғана атауға болады [1, с. 210-236]
Елдегі артта қалушылықтың осы жоғарыда аталған мәліметтерге сәйкес творчество мамандарының жетіспеуі және оқу орындарының аз болуын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.
Қазақстанда музакалық білім беруді ұйымдастыруға сонау 20-жылдары-ақ әрекет жасалынғанды. Еліміздің алғашқы астанасы - Орынборда ақылы музыка мектебі ашылып, көп уақыт өтпей жабылып қалған болатын жне астананы Орынбордан, Қызылодаға ауыстырмақшы болғанда ол жердегі қазақ балалары үшін ашпақшы болған Шығыс Музыка мектебінің ашылуы жүзеге аспады.
Ал Ақмолада 1919-21 жж істеген музыкалық мектепте мамандардың болмауынан жабылып қалса, Петраповлда Халық консерваториясы осы мектептің тағдырын қайталады [2, с. 5-6]
Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы жылдарынан бастап 1938 жылдың 2-шілдесінен Алматы музыка училищесі өмір сүріп келеді. Ол алғаш екі бөлімнен: музыка және вокалды бөлімдерден тұрып, оқу мерзімі бес жыл болып белгіленеді. Кейін 1940-41 жж бөлімдер саны 4-ке жетті. Вокал бөлімі - орындаушы әншілер, жалпы білім беретін мектептер үшін оқытушылар даярлаған; 2. Оркестр бөлімі - симфония және опера оркестрлері үшін оркестранттар мен барлық мамандық бойынша орындаушылар даярлаған; 3. Фортепиано бөлімі - Музыка мектептері үшін концертмейстер, аккомпониатор және педагогтар даярлаған; 4 Инструкторлық-педагогика бөлімі - жалпы білім беретін мектептер үшін музыка пәнінің мұғалімін, ұлттық инструменттерде орындаушылар мен педагогтар, клуб көркемөнерпаздарының жетекшілерін даярлады [3].
Кейін училище Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты 1941-жылдың 26-тамызындағы (№ 421) Өнер Істері Басқармасының бұйрығы негізінде 1941-жылы құрылған Музхоркомбинат құрамына кіреді [4].
Ал Музхоркомбинат құрамына бұрын өз алдына дербес өмір сүріп келген үш оқу орны кіреді: Хореография училищесі, музыка училищесі және балалар музыка мектебі және ондағы музыка училищесі мынандай бөлімдерден: 1. Вокалды, 2. Дирижер-хор, 3. Композитор, 4. Фортепиано, 5. Үрмелі аспаптар. 9. Музыка теориясы тұрса, хореография училищесі бір ғана классикалық би бөлімдерден тұрды.
Енді, 1944 жылдың 10 наурызында Музхоркомбинат жанынан толық мемлекет қарамағына алынған интернат құрылады.
Сондай-ақ 1942 жылы Комбинатта біздің дәстүрлі аспаптарында ойнау класы (қобыз, домбыра) ашылды және бөлім басшысы ретінде ҚазақССр Халық әртісі Л.Хамиди тағайындалды.
Соғыстан кейін оның оқу бағдармалары мен басқа да мамандарды даярлануына байланысты Музхоркомбинантты тарату туралы мәселе қояды. Әрине соғыс жылдарында туындаған мәселе 1951 жылы ғана шешіледі [5]
1951 жылы 1-шілдеде ҚазақССр Министрлер Советінің Өнер істері Басқармасының бұйрығымен Музыка-Хореография комбинаты жеке үш оқу орынадрына бөлінеді: 1. П. И. Чайковский атындағы Алматы Мемлекеттік музыка училищесі. 2. Алматы Мемлекеттік хореография училищесі. 3. Ә. Қашаубаев атындағы Алматы жетіжылдық балалар музыка мектебі [6]
Ал 1952-1953 жж аралығында оқу жылы музыка училищесі жеті бөлімнен: теориялық, арнайы фортепиано, вокалдық, халық аспаптары, шекті оркестр, үрмелі оркестр мен баян бөлімдерінен тұрды.
Бұл музыкалық училищеллердегі ең үлкен кемшіліктің бірі, ол жергілікті қазақтарды нашар тартуынан болды. Мәселен, 1950-51 оқу жылында қабылданушы жастардың 50 %-і қазақ жастары болуы тиіс болса, ондағы 25 % ғана іс жүзінде орындалды.
Ал 1960 жылдары Қазақ ССР Министрлер советінің Республикадағы арнайы орта оқу орныдары мен сырттай және кешкі білім беруді кеңейту туралы қаулысы мен Қазақ ССР Жоғары және арнай орта білім беру Министрлігінің нәтижесінде 1960-1961 жж аралығы Алматы музыка училищесінде сырттай 30 адам оқуға қабылданды [7].
Комсомол ұйымының инициативасымен музыка училищесінде 1961 жылы тегін жексенбілік музыка мәртебесі ашылып, онда қаланың жұмысшы жастары білім алатын болған.
1966 жылдың 4 шілдесінде Қазақ ССР МИнистрлер Советінің қаулысы негізінде училищеде 14 пен 16 жас аралығындағы талантты жастар үшін даярлық бөлімі ашылды. Бұл жердегі бөлім үш мамандық бойынша енді оқытқан: фортепиано, шекті аспаптар және музыка теориясы. Ал 1967-1968 жж аралығында дайындық бөлімінде - 50 адам оқыса, күндізгі бөлімінде - 540, сырттай бөлімінде - 210 адам, барлығы 800-дей студенттер контингенті болған [8]
Сондай-ақ музыка училищесінен бөлініп шыққаннан кейін театр учиилищесі әрине актерларды даярлау керек болды. Оларға бітірген соң драма театр актері деген мамандық берілген. Оқу жылы 4 жыл болып есептелген екен. Осылайша, соғыс уақытында теат училищесінде 112 адамның ішінде 101-і қазақ болған екен [9]
Ал актерларды даярлаушы театр бөлімі 1954 жылдың қыркүйек айында оны Құрманғазы атындағы өнер институтына беріпті [10, с. 15].
Яғни, 1950 және 1980-жылдары жүргізілген Бүкілодақтық халық санағының мәліметтеріне сүййеніп жасалынған мәдени-ағарту қызметкерлерінің сандық көрсеткіші жөнінде біз төмендегі кестеден киномеханиктердің өздерінің үлес салмағы жағынан кітапхана қызметкерлерінен кейін екінші орында тұрғанын көруге болады: [11, с. 72].
1 кесте
Мәдени-ағарту қызметкерлерінің өсуі

1950
1980
%-тік үлесі
Мәдени-ағарту қызметкеткерлері:
Оның ішінде: кітапхана меңгерушілері, кітапханашылар
Театр, кинотеатр, мәдени және демалу парктерінің, музейлердің директорлары, клуб қызметкер. Киномеханиктер
Басқа мәдени-ағарту қызметкерлері
24357

9409

6270
6964
1714
44134

18195

9496
11686
4761
100 %

39-41%

25-21%
27-29%
7,3-1,7%

Байқап қарасақ кітапхана мамандарынан кейін (39-41%) киномеханиктер 27-29%-пен тұр екен.
1936 жылдан бастап Республикамызға суретші мамандарына сұраныста және оны даярлау мамандарын шақыру мәселесін шешу тек 1937-1938 оқу жылынан қалдырмай Алматыда республикалық көркем сурет училищесін ұйымдастыру туралы мәселе қарастырыла бастады. Сөйтіп, өнер саласы бойынша жалпы отанымызда алғашқы болып 1938 жылы құрылған - Алматы көркемсурет училищесі [12].
Ал 1941 жылы қыркүйек айында театрмен бірігіп, театр-көркемсурет училищесі деп аталды. Оның құрамына 1948 жылы және 1943 жылдың маусым айында ашылған киноактерлер мектебі кіргізілген еді. Ол 1954 жылы қыркүйек айында театр бөлімі ддеп Құрманғазы атындағы Өнер институна беріледі. Осы уақыттан бастап училище Гоголь атындағы көркемсурет училищесі ретінде өз алдына жеке оқу орны ретінде өмір сүріп келеді. Оқу мерзімі бес жыл болып есептелген және мынандыай мамандықтар бойынша мандар даярлаған:
1. Кескіндеме-педагогика бөлімі - сурет пен сызудан жалпы білім беретін және арнайы орта, бастауыш көркемсурет мектептерінде сабақ жүргізуге құқылы суретші-оқытушылар:
2. Театр-декоратив бөлімі - театрларда, аудандық, колхоздық, мәдениет үйлері үшін суретші-декораторлар;
3. Графика бөлімі - республикалық, облыстық және аудандық газеттер мен басылымдар үшін суретші-графиктер:
4. Скульптура бөлімі - архитектуралық обьектілерді безендіру, декаротивтік скульптура жұмыстары үшін скульпторлар [13]
Сондай-ақ алғашы құрылған оқу салаларының бірі мәдениет пен өнер саласында, яғни оның ішінде 1938 жылы музыка-хореография мектебінің (1934 жыл) базасында ашылған хореография училищесі бар еді.
Өнер мамандарын даярлаушы оқу орындарын қайта құру туралы училище 1938 жылдың үшінші мамыр айында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Советінің қауылысна сәйкес осы жылы шыққан 15 мамыр айындағы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Советі жанындағы Өнер істері Басқармасының бұйрығымен (№ 193) Музыка-хореография мектебін бөлу және жаңа оқу орнындарын құру жұмыстарын жүргізу үшін мынадай құрамнан тұратын арнайы комиссия құрылады: Найденов, Еркінбеков, Жасақбаев, Страшкова, Волкова, Круглыхина, Лазарева [14]
Осы жылдың тамыз айында бұл мектеп екіге бөлінеді: Музыка мектебі (жеті жылдық оқу мерзімі бойынша) мен хореография (оқу мерзімі тоғыз жылдық болады.
Яғни бұл уақыттан бастап хореография жеке дара өмір сүріп келеді. Онда екі кластық орта мектеп базасында балет әріптестерін даярлайды [15].
1938-1939 жылы құрылған Хореография училишесінің директоры Демченконың берген анықтамасы алғашықы қалыптаса бастаған жылдағы материялдық-техникалық базасының деңгейі туралы.
Яғни, бес класы бар хореография училищесін балет сабағын өткізетінбір ғана балет залы бар болған. Осы залда бес класс оқушылары кезекпен сабаққа әзірленсе, училище асханасында оқушылар үш аусыммен тамақтанған [16].
Ал 50 жылдардан кейінгі училищенің жылдық есептері мұндағы оқу өндірістік базаның училищенің дұрыс жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз болғандығын айтады: мәселен, би сақатарын пайдаланған кезде онда тек үш би класы бар болса, фортепиано, теория сабақтары үшін кластар мүлде болмаған екен [17].
Сондай-ақ КСРО Халық Комиссарлар Советінің Өнер Істері Басқармасы 1939 жылдың сәуір айында еліміздің арнайы теат, көркем-сурет және музыкалық оқу орындары басшыларының Бүкілодақтық мәжілісі ашылады [18, с. 3]. Осылайша мәжілісте қарастырылған мәселелердің бірі ол әрине үшінші бесжылдықтағы мәдениет пен өнер мамандарының даярлану жолдары, ұлттық республикаалардың орталықтары мен ірі қалаларында 16 музыка училищесі, 8 көркем-сурет-өнеркәсіп және 2 театр училищелердің ашуылуы жөнінде айтылды. Бірақ өкінішке орай ұлы отан соғысы бұл жоспарды аяғына дейін орындалмай қалғаны бәрімізге мәлім еді.
Бірақ мәдениет пен өнер бойынша жоғары және арнайы орта білім беру, музыка мен театр өнерінің дамуы, партияның оған деген қамқорлығы Ұлы Отан соғысы жылдары да үзілмеді.
Бұл уақытта мәдениет саласындағы ірі оқиғасы - үкіметтің музыка өнерін профессионалдық тұрғыдан дамыту, оның болашақ музыкалық жүйелі, жоғары дәрежелі білімі бар өнерпаздарын тәрбиелеу мақсатымен 1944 жылы Алматыда Мемлекеттік консервоториясын ашу туралы шешімі болды.
1944 жылдың 24 шілде айында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Советінің (№ 420) қауылысының барысында Музыка-Хореография комбинатының базасында 1944 жылдың 1 қазанда Алматы Мемлекеттік консервоториясы құрылады және бұл консервотория еліміздегі тұңғыш жоғарғы оқу орны ретінде есептелді [19].
Яғни, үкімет пен партия тұңғыш рет мәдениет пен жоғарғы оқу орнына мынадай міндеттер жүктейді: - жоғары білімді маман-музыканттар даярлау, - отандық және шетелдік музыка мәдениет, Қазақстан музыка мәдениетін дамыту саласында ғылыми зерттеу, жұмыстарымен бірге, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау, - өнер мен халық-ағарту саласында еібек етуші мамандардың білімін жетілдіруге ат салысу, т.б. [20].
Алғаш консерваатория бес факультеттен және сегіз кафедрадан тұрды: оркестр, фортепиано, хор-дирежер, ән-вокал, тарихи-теория факультеттері және Марксизмм-Ленинизм негіздері, хор-дирежер, қазақтың дәстүрлі халық аспаптары, тарихи-теория кафедралары. Бұл кафедраларға белгілі өнер шеберлері, педагогтар, отанымыздағы профессионалдық музыкалық білімның негізін қалаушылар басшылық етіп, еңбек еткен еді. Атап айтқанда, олар Е.Г: Брусиловский, А.Қ. Жұбанов, Л. Хамиди, К.Н. Петров, И.А. Лесман, Л.Л. Кельберг, Б.В. Лебедов, Е.П. Антопольский және т.б.
Бастапқы оқу жылы (1944-1945) бұл консерваторияға қабылдау емтиханы нәтижесінде фортепиано бөлімінде -14, әндік бөлімге -37, шертпелі аспаптар бөлімінде - 3, тарихи-теория бөліміне - 6, тағы басқа бөлімі бар, барлығы бір 112 студент қабылданса, олардың 65-і қазақ жастары болды [21]. Осы жылдары оқуға қабылданған студенттер Алматы музыка училищесінің тұлектері және опера театры мен филармония жастары мен қалған 50-ге жуығы соғыстан қайтқан солдаттар толтырды.
Қалған деректер бойынша консерваторияның алғаш жұмыстарын өте ауыр жағдайда бастиалғанын көруге болады. Себебі, 1944-1945 жылдары оқу корпусы 11 кластық (328м2) бөлмелер мен Марксизм-Ленинизм кабинетінен тұрған. Оған қосымша кітапхана (52,2м2) және музыка шеберханасы (28м2) болған. Консерваторияның жатаханасы, асханасы, оқу залы да болмады [22].
Деректер бойынша сол кезде консерваторияның ұйымдасу процесінің аяқталмағандығын; сапалы музыка аспаптары болмағанын, аудиториялардың әлі де дұрыс жабдықталмағанын, қажетті құрал жабдықтардың жоқтығынан концерт залының жабдықталмайтындығын және т.б көрсетеді. Осы жылдары осының алдын алу шаралары барсында Қазақ ССР Өнер Істері Басқармасының, Қазақ ССР Министрлер Советінің қаулысы шығады [23].
Архив құжаттарының материалдық деректер бойынша оқудан шығудың негізгі себептері: интернаттарда орнынның жетіспеуі, музыкалық даярлықтың жеткіліксіздігінен нашар үлгерім, оқу бөлмелері мен музыкалық аспаптардың жетіспеуі, т.б. болып отыр.
Сондай-ақ архивтегі деректер көмегімен алғашқы оқуға қабылданушылар, ондағы қазақ ұлтының өкілдерінің саны туралы төмендегідей мәліметтерді беруге мүмкіндік бар [24].
2-кесте
Алғашқы консерватория студенттерінің саны

Жылдары
Оқуға қабылдау
(І курсқа)
Қазақтар
1.
2.
3.
4.
5.
6.
1944-1945
1945-1946
1946-1947
1947-1948
1948-1949
1949-1950
112
68
80
73
53
52
65
35
35
35
28
23

Бұл кестеден жыл сайын оның ішінде қабылданушылардың 50%-нің қазақ жастары болғанын байқау қийын емес еді.
Алғаш түскен түлектерін консерватория 48-1949 жылдары аяқтатп шығарады. Ал 1949-1950 оқу жылы тұңғыш рет консерваторияның педагогтары құрамына оның түлектері: Б.Г: Ерзакович, А.Г. Гринфельд, О.И. Гировская, О.А. Юрьева, және А.Д. Турманянды қосылады [25].
Консерваторияның алғашқы түлектерінің ішіндегі қазақ жастарының арасалмағы жөнінде мынадай деректерді де келтіруге болады: [26].
3-кесте
Алғашқы консерватория түлектері


Жылдар
Оқу орнын тәмәмдаушылар
Қазақтар
1.
2.
3.
4.
5.
6.
1948-49
1949-50
1950-51
1951-52
1952-53
1953-54
18
28
26
50
44
37
-
-
13
18
16
14

КСРО Жоғары Білім беру Министрігінің 1957 жылы 10 мамыр айында Алматы Ташкент, Латвия консерваторияларында орта музыка оқу орындары үшін мұғалімдер даярлау мақсатымен 1957 жылдың 1 мамыр айынан сырттай бөлім ашу туралы бұйрығы негізінде 195758 оқу жылы консерватория ішінен сырттай бөлім ашылды.
194445 және 196970 оқу жылдарының аралығында, яғни 25 жылдық тарихында Алматы Мемлекеттік консерваториясы өзінің жиырма екінші түлектерін тәмәмдатып, Республикамыз үшін мыңға жуық мәдениет пен өнер мамандарын даярлап шығарған.
Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы 1954 жылға дейін Консерватория Өнер Істері Басқармасына бағынса, 1954 пен 1960 жылдар аралығында Қазақ ССР Мәдениет Министрлігіне және арнайы орта білім министрлігіне қарайтын болды. Қазақ ССР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігінің 1963 жылдың 31 тамыз айындағы бұйрығымен Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Өнер институты болып қайта құрылды [26].
Музыкалық білім берудің музыкалық тағы бір орталығы - Орал музыка училищесі. Еліміздегі Алматыдағы жалғыз музыка училищесінің Республика таетрлары мен эстрадасының маман-кадрларға сұраныстарын қанағаттандырмауының себепті. Өйткені, 1944 жылы 1 қарашада Қазақ ССР Халық Комиссарлар Советінің 1944 жылдың 25 наурызындағы (№ 474-р) жарлығымен Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласында 1934 жылдан өмір сүріп келе жатқан музыкалық мектеп базасында Орал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Қазақстан үшін мәдениет пен өнер мамандарын даярлаудағы ресей өнер оқу орындарының рөлі (30-50жж.)
Педагогикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздері
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Алаш жолы
Ақтөбе өңіріндегі жалпы білім беру мәселелерінің көтерілуі
Қазақстанның балет өнері
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Пәндер