Ақсуат ауылдық округі


Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бір тармағы-ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру болып табылады. Әлемдік қауымдастық жыл сайын 18 сәуірде Халықаралық тарихи ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күні атап өтеді. 1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес Ассамблеясы осы күнді бекіткен болатын. Басты мақсат - жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз - мәдени мұраларды қастерлеп құрметтеуге шақыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Аталмыш мейрам халықтың назарын мәдени мұраны сақтау және қорғау мәселелеріне аудару үшін қажет.
Тарихи-мәдени ескерткіштер - ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Тарихи - мәдени ескерткіштеріміз еліміздің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, өткеніміз бен бүгінімізді саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Тарих өткен өмірді сөз еткенмен, оның тағылымы күллі ұрпаққа мирас болып қала береді. Тарихы тереңге кеткен, ерлігі елдің ұраны болған өлкелер мен өңірлер елімізде аз емес. Соның бірегейі шежірелі қарт Тарбағатай, ежелгі Барқытбел.
Бүгінгі рухани жаңғыру жағдайында елді елең еткізетіндей тосын жаңалық жасау емес, бабалардан мирас болып отырған орындарды зерттей отыра, Шығыс Қазақстан облысы елді мекендері, мифологияландыру және күнделікті тәжірибеде қасиеттендіру (Тарбағатай ауданы мысалында) тақырыбындағы зерттеу жұмысының орны да ерекше болмақ. Сондай-ақ, Елбасымыздың Жолдауында: «Егер ұлт мәдени кодын жоғалтар болса, ұлттың өзі жоғалады» - дейді. Қазақстанның мәдени ескерткіштері мен тарихи табылып жатқан обалар қазірде барлық жерде бар және соны ары қарай тереңдетіп зерттеліп жаңалықтар ашылса, соның бәрі осы рухани жаңғыру атты бағдарламаға қосқан үлес болып есептеледі. Тарбағатай ауданы мысалында, өңірдің жерін қасиеттендіру және де мифологияландыру арқылы, тарихтың жаңғыруы қазақ халқының тарихи тамырларымен сабақтастырылып, тарихи ойлау деңгейінде сараптау, қазақтың тарихи мәдениеті мен дүниетанымы, қоғамдағы ұлттық рух қуаттанған сайын, өзін - өзі тануға деген мүмкіндігі арта түсіп, рухани жаңғыруға бет бұрған заманауи мемлекеттік саясатымызға байланыстылығын дәйектеу, ғылыми тұрғыда пайымдау, бүгінгі күні өзекті болып табылады.
Жұмыстың негізгі идеялық желісі замана көшінен қалып қоймай, жаңғыру үдерісінің байыпты даналығына түсуі, жаңғырудың өркениеттік өлшемдерін анықтаудың қажеттілігіне көзімізді тағы бір жеткізеді.
Сонымен бірге Тарбағатай өңіріндегі құнды ескерткіштердің жаңғыруының мәні мен мазмұны және тарихи зерттеулерде жаңару механизмдеріне қатысты, модернизациялық үдерістердің өзіндік арнасы мен болмысына байланысты зерттеулердің жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбының өзектілігін тағы да дәлелдей түсті. Осыған орай, жаңғырудың тарихи үрдістерін айқындау - бүгінгі уақыт талабына туындаған, Қазақстан қоғамының жаңа тарихи кезеңге аяқ басуы мен өркениеттік даму бағдарларына сәйкес келетін өзекті мәселе болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ұсынылып отырған диплом жұмысы жаһандану үрдісіндегі қазіргі Қазақстан қоғамының аса маңызды, да күрделі мәселелеріне арналған.
Жұмыстың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен үндес болуымен бірге, Қазақстан - 2050 бағдарламасында анықталған Мәңгілік елдің мақсат мұраттарымен Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған интеллектуалды ұлт жобасында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты» бағдарламалық мақаласында көрсетілген идеялармен сәйкес келеді және аталған бағдарламалардың қолданбалы міндеттерін шешуге өз септігін тигізетіндігі анық.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Шығыс Қазақстан облысы елді мекендері, мифологияландыру және күнделікті тәжірибеде қасиеттендіру (Тарбағатай ауданы мысалында) тақырыбына байланысты нақты мәліметтер кездеспейді. Көбінесе тарихи зерттеулерде, бұл мәселенің кейбір аспектілері ғана қаралады. Сол себептен, аталған тақырыптың мазмұнын ашу үшін жекелеген мәселелерге жауап беру арқылы көтеріліп отырған мәселенің мәнісін анықтауға болады. Негізінен, дерек көздер және кеңес тарихшылары мен қазіргі кезеңнің тарихшыларының еңбектерін пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай өңірінінің елді мекендері, мифологияландыру және күнделікті тәжірибеде қасиеттендіру тақырыбы зерттеліп отыр.
Шығыс Қазақстан Облыстық Мемлекеттік Мұрағатынан алынған 129-қорлардың ішінде айтылған, тарихи-мәдени деректерде сол өңірдің шаруашылыққа байланысты, партиялардың соған құрған саясаты жайлы біраз көрсетіліп кетті. Осы мұрағаттан алынған мәліметтердегі әкімшілік-аумақтық құрылым жөнінде және ауданның тарихы мен аудандық кеңестері жайлы берілген.
Тарбағатай өңірі жайлы және сол жердегі аңыз әңгімелер мен ескерткіштер жайлы, ерте заманнан қазіргі күнделікті тәжірибеге дейін қасиеттендіру жайында Е. Қ. Оралбай, З. Қайсенов, Т. Түсіповтың еңбектерінде жекелеген мәліметтер арқылы көрсетілген.
Ал, Зейнолла Қайсеновтың «Шығыс Қазақстан облысының тарихи-очерктері» еңбегінде, Шығыс Қазақстан облысының мәдени мұраларына, өлкенің археологиясы, көне ескерткіштерге, жоңғарлар кезіндегі тарихи кезеңге тереңірек тоқталады. Осы еңбекте Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Көкпекті аудандарының тарихына сипаттама беріледі. З. Қайсеновтың аталған еңбегінде Тарбағатай ауданына байланысты мынандай мәлімет келтіреді. Ондағы мұрағат мәліметтері бойынша, 1927 жылғы наурыз айында VI Бүкілодақтық Кеңестер съезінде Республика басшыларына экономикалық талдау жасау арқылы, жер жағдайына, табиғатына байланысты, басқару мүмкіншіліктеріне қарай губерния, уез, облыстары қысқарта отырып, оның орнына жаңа құрылым жүйесін тездетіп шешу жұмыстары тапсырылғандығы, бұл жұмыстардың 1928 жылға дейін жалғасқандығын көрсетеді. Әсіресе, Зейнолла Қайсенов еңбегінде Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасына орай, еліміздегі киелі жерлерді көркейту, туристер үшін тартымды етуге байланысты, жалпы Шығыс Қазақстан облысының мәдени мұраларына, өлкенің археологиясына, көне ескерткіштерге, жоңғарлар кезіндегі тарихи кезеңге тереңірек тоқталған сияқты. Дәл, осы секілді, келесі редактор Е. Қ. Оралбайдың «Тарихқа толы Тарбағатай» атты еңбегінде өлкенің археологиясына және өңірдің көне ғасыр ескерткіштерінің қола дәуіріндегі Сабындыкөл, Ескермес, Масалы қорғандары жайлы баяндалған. Автор, әсіресе Ақсуат мұражайында жиналған көне заман ескерткіштері туралы қарастырған. Сол сияқты ертедегі сақ, үйсін, ерте темір мәдениетінің Тарбағатай өңіріндегі ескерткіштеріне де тоқталады.
Ал Тиас Түсіповтың «Тарбағатай - өскен жер» атты еңбегінде Тарбағатай-бәріміздің туған жеріміз деп, өңірдің ұштасқан тау жоталары, шаруашылығы және сол жердегі берілген жер аттарын аңыз арқылы сипаттап көрсеткен. Онда Жетіаралдың жазығы, Сағындықтың, Шорғаның, Қараойдың, Кемердің, Еспенің, Шіліктінің, Қарасайдың жазығы деген көсілген жазықтары, Маңырақтың, Сауырдың, Желдінің, Тарбағатайдың ұштасқан тау жоталары, Майлы мен Күзуіннің асу кезеңдері, Қандысу, Терісайрық, Құйған, Құсты, Теректі, таудан құлап, тастан қарғығын өзендері, әйгілі шалқар Зайсан көлінен басқа, жоғары көтере, әуелете ұстаған сусын толы шарадай Боздың көлі, Жәжәңнің көлі, Қунақтың көлі деп аталған тау билігіне мөлдіреп шығып алған көлдері бар, жер үсті мен астында Әлмисақтан бергі құпияны сақтаған табиғи мұражай, қимас өлке, құтты мекен дей келе негізі күндей күркіреген жауынгер айбынды сақтар туын тігіп, ақ ордалы астана жасаған, ақ берен киіп, алмас қылыш ұстаған ғұн тайпасы батысты бетке алып дүркірей көшкен, ер найманның ұлдары, жаһанның тағына жалғыз өзі отырған хан Шыңғыспен жан алып, жан берісе ұрысқан тарихи өлке және жылнамасында жер-суының атына тұспалдап, тас бетіне бедерлеп жазып кеткен шежірелі жұмбақ жер деп көрсетеді.
Сондай-ақ, «Тарбағатай нұры» аудандық басылымда Мақпал Маратқызының «Ақжарда-тау көтерген Толағай» деген мақаласында жұмыстың тақырыбы бойынша мақалалар кездесті. Ондағы айтылған мақсат, ол Тарбағатай өңірінің ескерткіштерін жөнге келтіру және жоңғар шапқыншылығы кезінде соғысқан батырларды еш қалтырмай оларды да тарихи-мұра қатарына кіргізіп, ескерткіштер салу. Сол секілді, мақалада Тарбағатай өңіріндегі мифологиялық тарихи орындармен ескерткіштер жайлы көрсетілді.
Келесі автор, Ә. Т. Төлеубаев этнографиялық және археологиялық экспедициялармен Қазақстанның көптеген өңірлерінде ғылыми зерттеулер жүргізді. Автор, «Бұзылып жатқан тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу және оларды туристік нысандарға енгізудің өзекті мәселелері» атты мақаласында Семей өңірінің Ақсуат, Тарбағатай, Жарма, Аякөз, Үржар, Мақаншы, Абай аудандарында көне археологиялық жәдігерлерді анықтау, тізімге алу, қазып зерттеумен шұғылданды. Оның осы Тарбағатай өңіріндегі археологиялық зерттеу жұмыстарына үлес қосып, сол жердегі қола дәуірінен, ерте темір дәуіріне дейін жалғасқан күнделікті тәжірибеде қасиеттендіру арқылы 1989 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясының жұмысының барысында Тарбағатайдың терістік бөктерінде орналасқан аудандардың аумағынан Қалба, Шыңғыстау өңірлерінен қола, ерте темір дәуірінің бұрын белгісіз 500-ден астам археологиялық кешенінің, оның ішінде 60-тан астамының қазып зерттелгенін баяндайды. Зерттеу нәтижесінде осы аймақтарда да, Беғазы - Дәндібай, Үйсін мәдениеті жәдігерлері бар екендігі, бұл өңірлердің басқа археологиялық аймақтармен мәдени байланысы, өңірдің мәдени-этникалық ерекшеліктері анықталғандығын көрсетті. Ұлттық тарихи мәдени жадымызды жаңғыртуда Тарбағатай баурайларындағы, әсіресе Шілікті жазығындағы зерттеулердің мазмұны табысты болғандығын көрсетеді.
Сол сияқты, өткен ғасырдың орта тұсында ленинградтық ғалым С. С. Черников басқарған археологиялық экспедициясының қызметімен Шығыс Қазақстанның тарихы тығыз байланысты. С. С. Черников өзінің «К вопросу о хронологических периодах в эпоху ранних кочевников (по археологическим материалам Восточного Казахстана) » еңбегінде Тарбағатай өңірінің археологиялық мұра ескерткіштерін есепке алу, тіркеу, зерттеу жұмыстарымен айналысып, зерттеулерін негізінен Шілікті жазығында шоғырланған «Патшалы оба» қорымдарын зерттеуге бағыттаған.
Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырушылардың бірі ретінде, 1989 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә. Т. Төлеубаевтың ұйымдастыруымен құрылған Семей археологиялық экспедициясы арасындағы сәл үзілістерімен, теріскей Тарбағатайдың тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу ісін жүргізді. Экспедицияның археологиялық зерттеулерінің нәтижесінде ерте көшпелілердің Масалы, Ешкіөлмес, Базаршаты, Боғас, Құлбасы сияқты бірқатар ескерткіштері зерттеліп, Жетісу өлкесінде қалыптасқан үйсін археологиялық мәдениетінің солтүстік-шығыс шекарасы Тарбағатай өңіріне дейін таралғандығы заттай және қытай жазба деректерді өзара негізінде дәлелденгені жайлы көрсетті.
Сол сияқты, Тарбағатай елді мекендеріндегі қасиеттендіру аясындағы ғылыми тәжірибелік жұмыстар жөнінде «Археология институтының Астана қаласындағы бөлімшесі», осы өңірдегі қола, ерте темір және ежелгі түрік дәуіріндегі патшалы обалар мен жартастағы суреттер жайлы анықтайды.
Келесі Қ. Ақжасарова сынды автор, өзінің «Тарбағатай тарихы» деген мақаласында «Мәдени мұра» атты жиынтық кітапшасында жарияланған, қазақ елінің асыл мұралар қазынасында Тарбағатай өңірінің өзіндік үлесі қомақты екендігін көрсете келе, Тарбағатай өңіріндегі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан асыл мұралар ғылыми танымдылықпен зерделене түскендігі жайлы баяндайды. Автор ондағы арғы бергі тарихты түбегейлі зерттеу, жинақтау, насихаттау бағытында, өлкетанудың негізін құрастырып отырған ғылыми зерттеу жұмыстарының бірден бір орталығы - Тарбағатай тарихи - өлкетану мұражайы екендігін және сондағы өлкенің табиғаты мен оның ежелден бергі тұрғындарының қоғамдық даму іс-әрекеттерін, тарихи оқиғаларды, халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін тарихи - мәдени құндылықтары арқылы қазіргі уақыттағы ғылыми мақсаттарды айшықтап отырғанын көрсетеді
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, халықтың санасына одан да маңыздырақ - жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек»- дей келе, ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек», - деп атап көрсетті.
Осыған орай, Елбасының тапсырмасы негізінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің бастамасымен қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау, осындай «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары мен жалпыұлттық қасиетті нысандары» атты еңбекті жарыққа шығару Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының бірлестігімен қолға алынып, Тарбағатай өңіріндегі қасиетті нысандар және жалпыұлттық мәдени мұраға кірген Бөрітастаған ескерткіші мен Ырғызбай Дәулеткерейдің кесенесі және тағы басқа ескерткіштер, кесенелердің тарихы мен орны жайлы көрсетілді.
Тарбағатай ауданының 85 жылдығына орай, 2013 жылы шыққан «Ғасыр көші» атты еңбекте Тарбағатай өңірінің тарихы, шаруашылығы, ондағы колхоздар мен совхоздары және елдегі саяси -әлеуметтік жағдай, кейінгі жылдардағы халықтың жалпы жағдайы баяндалады.
Сонымен қатар, 1998 жылы яғни Тарбағатайдың 70 жылдығына байланысты шыққан «Барқытбелдің баурайында» атты еңбекте, Тарбағатай ауданына байланысты мәліметтер толығырақ қамтылған. Бұл еңбекте ауданның тарихына, Тарбағатай ауданы құрылған кездегі ауданның шаруашылығына, халықтың әлеуметтік жағдайына, елдегі саяси жағдайға және мәдениеті туралы мәліметтер көрсетілген.
Алматы қаласындағы «Қазақ көшпенділер мәдени мұрасының проблемаларын зерттеу» институтының кіші ғылыми қызметкері Серікболсын Садықов «Тарбағатай нұры» аудандық басылымында жарияланған «Тарбағатай баурайындағы Қоңыртау көшпенділердің мұралары жайлы» жазған мақаласында кең байтақ қазақ жерінде табиғи байлықпен қатар, тарихи орындардың да көптеп кездесетіні сөз болады.
Дегенмен, жер көлемінің үлкендігіне орай, әлі де зерттелмеген Отанымыздың ой-шұңқырлары, тарихи орындары, табиғат ескерткіштері көп.
Келесі С. Смағұлова «Тарбағатай нұры» басылымында жарияланған «Бөрітастаған құпиясы: Аңыз бен Ақиқат» мақаласында: «Жәнтікей мен кіндікті ауылдары арасындағы жазықта жатқан Бөрітастаған жартасы туралы Ақсуат өңірінде мекендейтіндердің бәрі халық аузында бұрыннан бері таралып келе жатқан аңызды жыр етіп айтады. Халық жадында сақталған бұл аңызға сүйенсек, жартас жатқан жерге ертеректе бір кемпір отар қойын жайып, күн көріпті-мыс. Бір күні сол отарлы қойына қасқыр шапса керек. Жіп иіріп отырған кемпір қасқырларға қарсы ұршығының тасын алып лақтырып жіберсе керек. Тастың түскен жеріне үлкен тау пайда болып, «Бөрітастаған» аталыпты» - деп мифологиялық түрде өз еңбегін айқындаған.
Сол сияқты келесі автор А. Жанахметов «Дидар» газетінде өзінің «Алтыоба» - сақтар мен ғұндар заманының куәсі» атты тақырыбында «Алтыобадағы» мүрделер сақтар мен ғұндардың араласып, тіршілік еткен кезеңінде, яғни екі мың жыл бұрын жерлеген дей отыра және бұл ертедегі темір дәуірінің соңғы кезеңіне жатады деп айқындады.
Сондай-ақ келесі автор Е. Асқарұлы «Бұл оба қай ғасырдың сырларын бүгіп жатыр?» атты мақаласында, қазақ даласының асты-үсті қазынаға толы екендігі әлмисақтан белгілі. Ол тек табиғи байлықтарына ғана қатысты емес, сан ғасырлар, тұтас дәуірлер сырын бүгіп жатқан ежелгі қалалар мен қаптаған обаларға да байланысты айтылады. Алтын адам, асыл бұйымдар табылған әйгілі Шілікті, Берел, Бөрітастаған қорғандары - деп дәлел көрсетті.
Ал Кәкімұлы Қадырбектің «Тарихи тұлғаға ескерткіш орнатылды» атты мақаласында, Тарбағатай өңіріндегі Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай, Көкжыра ауылында «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында Мүрсәлім Бектенұлына мемориалдық ескерткіш қойылды деп көрсетті.
Сондай - ақ, Кәкімұлы Қадырбектың «Сасан би тұғырға қонды:» атты мақаласында Тарбағатай өңірінің талай тарихи тұлға қайта жаңғыртылып, оларға ескерткіштер тұрғызылып, құнды-құнды жәдігерлер қайта қалпына келтірілді. Сондай ескерткіштердің бірі Құмкөл ауылында үш жүзге билік айтқан, найман ішіндегі Байжігіт руынның Тоғас тармағынан шыққан Сасан Мыңбайұлына арналған Тарбағатай ауданында ескерткіш деп көрсетті.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Шығыс Қазақстан облысы елді мекендері шеңберінде әлі күнге дейін әдебиеттерде, басылымдарда, арнайы зерттеулерде көрсетілмеген тақырып бойынша зерттеу жүргізуге әрекеттене отырып, Тарбағатай өңіріндегі тарихи елді мекендерді ерте заманнан, қазіргі уақытқа дейінгі күнделікті тәжірибеде қасиеттендіру және мифологияландырудың, тарихи ахуалда қаншалықты деңгейде болғанын бұрын тарихи айналымда болмаған мол деректер арқылы саралап, талдай отыра, өлкеміздің ашылмаған тарихнамалық беттерін ашып көрсету. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, осы уақытқа дейін бұрмаланып келген тарихымызға жаңаша қырынан баға беру қажеттілігіне орай, осы өңірдегі қалыптасқан жергілікті жерлерді ғылыми айналымға еңбеген нақты деректер арқылы, тарихта еленбей қалған тұстарын жаңа қырынан көрсету көзделді.
Бұдан шығатын зерттеу жұмысының міндеттері:
- ерте кезден осы кезге дейін Тарбағатай өңірінің қалыптасу жағдайына байланысты, аумақтық - тарихи, жергілікті ескерткіштерге сипаттама беру;
- өңірдің елді мекендерін мифологияландыру және мәдени шараларды іске асырудағы атқарылған жұмыстардың барысын айқындау;
- Шығыс Қазақстан облысы елді мекендері, мифологияландыру және күнделікті тәжірибеде қасиеттендіру (Тарбағатай ауданы мысалында) » тарихнамалық мысалында анықтап, салдарын ашу;
- Тарбағатай ауданының елді мекендері және ондағы мифологиялық ескерткіштердің маңызын айқындау;
- Қасиетті Тарбағатай өңіріндегі мифологиялық ескерткіштердің тарихтағы маңызын зерттеу барысында айқындау;
- өңірдің күнделікті тәжірибеде тарихнамалық деректермен қасиеттендіріп, іске асырудағы атқарылған жұмыстардың барысын айқындау;
- Тарбағатай елді мекендеріндегі қасиеттендіру аясындағы ғылыми тәжірибелік атқарылған жұмыстардың барысын айқындау;
- зерттеу тақырыбының барлық көтерген мәселелерін ашудың негізінде, жүргізілген зерттеу бойынша қорытындылар жасап, жалпы нәтижелерін көрсету, оқиғаны сол қалпында шынайы түрде, сол кезеңдегі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай өңірі тарихына талдау жасап, сипаттау.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Тарбағатай өңірінің тарихын зерттеуде жиналған мағлұматтарды қарастыру барысында жұмыстың әдістемелік негізі ғылыми принциптерге негізделген. Жұмысты орындау барысында жан - жақты зерттеуде ғылымның тарихилық, шынайлық сынды әдістемелік сияқты қағидалар қолданылды. Сонымен қатар, жұмыс нақтылы фактілік, жүйелеу, салыстыру, саралау, қорытындылау әдістері негізінде жүргізілді.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Шығыс Қазақстан облысы елді мекендері, мифологияландыру және күнделікті тәжірибеде қасиеттендіру (Тарбағатай ауданы мысалында) тақырыбына байланысты нақты мәліметтер кездеспейді. Көбінесе тарихи зерттеулерде, бұл мәселенің кейбір аспектілері ғана қаралады. Сол себептен, аталған тақырыптың мазмұнын ашу үшін жекелеген мәселелерге жауап беру арқылы көтеріліп отырған мәселенің мәнісін анықтауға болады. Негізінен, дерек көздер және кеңес тарихшылары мен қазіргі кезеңнің тарихшыларының еңбектерін пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай өңірінінің елді мекендері, мифологияландыру және күнделікті тәжірибеде қасиеттендіру тақырыбы зерттеліп отыр.
Шығыс Қазақстан Облыстық Мемлекеттік Мұрағатынан алынған 129-қорлардың ішінде айтылған, тарихи-мәдени деректерде сол өңірдің шаруашылыққа байланысты, партиялардың соған құрған саясаты жайлы біраз көрсетіліп кетті. Осы мұрағаттан алынған мәліметтердегі әкімшілік-аумақтық құрылым жөнінде және ауданның тарихы мен аудандық кеңестері жайлы берілген.
Зерттеу жұмысының нысаны: Бұл зерттеу Шығыс Қазақстан облысының шеңберіндегі, Тарбағатай өңіріндегі ерте кезден осы кезге дейінгі ескерткіштер мен аңыз әңгімелерге байланысты, жайлы мәліметтер енгізілді.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері. Зерттеу ертерек уақытпен қамтылып, өңірдің бірыңғай мифологияландыру және күнделікті тәжірибеде қасиеттендіруде осы кезге дейінгі кезеңді қамтиды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұрын жеке әлі ешкім қарастырмаған тақырып бойынша, ғылыми зерттеу жүргізуге алғаш рет әрекет жасалды. Зерттеуде тың ғылыми ізденістер жүзеге асырылды. Атап айтқанда:
- жұмыста, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай өңірінің елді мекендері мифологияландыру, күнделікті тәжірибеде қасиеттендіру бағытында көрсетілді;
- Тарбағатай тарихындағы сол өңірдің ескерткіштерін зерттеу барысында нақты мұрағаттық деректер негізінде анықталды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz