Созылмалы катаральді эндометрит



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жіті эндометрит

Орындаған 4-ші курс студенті
Тілеуғабыл Н

(аты, жөні)
Тексерген Бисенгалиев Р
(аты, жөні)

Нұр-Сұлтан 2020

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1 Жатырдың кілегейлі қабатының созылмалы қабынуы ... ... ... ... ...10
2.2 Жатырдың кілегейлі қабатының жіті қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ...15
III. Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3.1 Шаруашылыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.2 Ауру тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.3 Жалпы зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.4 Курация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..23

Кіріспе

Малды өз төлінен өсіру бүгінгі таңдағы ең қиын да әрі көп күш қажет ететін жұмыс.Қазақ атам заманнан мал баққан халық, мал өсірудің қыр сырын жетік білген.Дегенмен, бұрынғы кеңес үкіметінің тұсында, тоқырау заманында мал шаруашылығын өндірістік негізде жүргіземіз деп ірі сүт кешендерін салып, қойшылар бригадасын құрып, тағы басқа жұмыстардың атқарылғанына қарамастан, мал басының саны қысқарып, одан алынатын өнім күрт төмендеп кетті.Республикада жыл сайын аналық малдардандың 30-40 пайызынан төл алынбай қалады.Оған жаңа туған төлдің шығынға ұшырауын қоса есептесек, мұның халқымыздың шаруашылығына келтіретін зияны орасан зор.
Малды күтіп - бағудың ережелерін сақтап, ғылыми тұрғыдан азықтандырып, оргонизмде болатын физологиялық, биологиялық үрдістерді дұрыс пайдалана отырып әрбір 100 бас сиыр мен құнажыннан жыл сайын 105-110 бұзау және жоғарғы сапалы өнім алуға болады.
Малдың бедеу немесе қысыр қалу себептерін анықтап, ауырудың тиімді емдеу тәсілдерін қолдана білу қажет. Ол үшін малдәрігерлік акушерлік және геникология пәнін оқып үйренудің маңызы зор.
Малдәрігерлік акушерлік (француздың acconher-туу) - жыныстық оргондардағы қалыпты жағдайда өтетін үрдістерді және ауруға шалдыққан кезде болатын өзгерістерді(ұрықтандыру, ұрықтану, туужәне туғаннан кейінгі кезенде), жана туған төл мен желін ауруларын зертейтін клиникалық пән.
Малдәрігерлік акушерді дайындау өмір талабынан келіп пайда болған қажеттілік. Ол сонау ерте заманда жабайы хайуандарды қолға үйрету кезеңінен-ақ, туа алмай жатқан малдың төлін тартып шығару, қағанақ қабықтарын жарып жіберу, төлдің кіндігін үзу немесе кесу деген сияқты қарапайым көмектерден басталды. Жыл өткен сайын ондай тәжірбиелер жинақталып атадан балаға берілетін кәсіпке, үлкен ілімге айналды.
Өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде негізгі мақсат әрбір аналық малдан неғұрлым көп мөлшерде төл алып оны сақтау. Көп жағдайда бұл мақсатқа жету жолында аналық малдардың репродуктивті функциясының бірнеше ауытқулары, яғни аз ұрықтылық, бедеулік, іш тастаулар, өлі туған төлдер немесе туған төлдердің өмірсүргіштігінің төмендігі сияқты көріністер кедергі жасайды. Осы ауытқулар ұйымдастыру-шаруашылық және зоотехникалық кемшіліктер малдарды асырау, ұстау және пайдалану, ұрықтандыру тәртіптерін бұзу т.б., сонымен қатар өндіру жұмыстарының тиісті мал дәрігерлік бақылауының болмауынан туады.
Аналық малдың тікелей көбею қабілетінің төмендеуіне немесе толығымен жойылуына буаздылық, туу, төлдеуден кейінгі уақыттарда пайда болатын патологиялық процесстер немесе жыныс органдарының аурулары себеп болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Біздің негізгі мақсатымыз малды қысыр қалдырмай, одан мол өнім алудың теориялық негіздерінен білім алумен қоса, сол білімімізді тәжірбие жүзінде қолдана алатындай машықтанып,шыңдалып, еңбекке үйрену.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Ауру малдарды анықтау, кейін оларды емдеу.
2. Аналық малдардың буаздылық процессінің дамуын қадағалау
3. Төлдеу кезінде малдарға акушерлік көмек көрсету.
Мал дәрігерлік гинекология - аналық мал организімінде кездесетін жыныс және басқа органдарының төлдеу мезгілі аяқталғасын пайда болатын, соның салдарынан бедеулікке әкелетін патологиялық процесстер жөніндегі ілім.

I.Әдебиетке шолу

Мал дәрігерлік акушерлік пен гинекология басқа пәндермен тығыз байланысты. Клиникалық пән ретінде ол физиология, зоология, фармакология, микробиология, хирургия, індеттану, паразитология, терапия және де басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
К.А. Тимирязевтің, И.В. Мичуриннің, И.П. Павловтің еңбектері осы пәннің теориялық негізін құрды. Акушерлік ғылымның дамуына А.В. Квасницкийдің, А.И. Лопыриннің классикалық еңбектері де үлкен әсерін тігізді.[1]
Акушер мамандармен бірге ірі биолог ғалымдар А.А. Машковцев жыныс циклінің жүйке эмоционалдық теориясын құрушы және Е.Ф. Поликарпов тығыз байланысты жұмыс жүргізді.[2]
Акушерлік індеттану пәнімен де байланысты, себебі профессор П.А. Волосков малдардың жыныстық жұқпалы аурулары мен бедеулігі деген кітаптардың авторы болып табылады. Осы ғалымның зерттеулерін ары қарай профессорлар А.А. Сысоев пен Н.Н. Михайлов дамытты. Ал профессор А.А. Сысоев болса "Індеттану және ауылшаруашылық малдарының жұқпалы аурулары деген кітаптың авторы болып саналады.[3]
Оперативтік акушерлік бөлімі негізінен атақты хирургтер Б.М.Оливков, И.И. Магда, В.В. Мосиннің ғылыми еңбектерімен байытылды.
1931 жылы профессор Н.Ф. Мышкинның мал дәрігерлік акушерлік деген кітабі басылып шықты. Осы жылы профессор В.В. Контенің ауыл шаруашылық малдарының бедеулігімен күресу деген еңбегі, ал 1932 жылы мал дәрігерлік акушерлік курсы жарық көрді.[4]
Профессор А.Ю. Тарасевич биелердің буаздығын анықтайтын жаңа клиникалық тәсіл тапты, және гинекологиялық ауруларды емдейтін біраз тәсілдер ұсынды балшықпен емдеу, аналық жыныс безінің қуысына пункция жасау тағы да басқалары. Ол ғылыми түрде күйіттеуші-айғырларды биелердін жыныстық күйлеуін білуге, және олардын жыныстық әсерін тигізетінін дәлелдеді: ең бірінші рет ішек арқылы овуляцияны қадағалап, биелерді қолдан ұрықтандыруды ұсынды. Осы ұсыныс Х.И. Животковтың, В.К. Кедровтың, П.И. Шаталовтың еңбектерінің нәтижесі ретінде қазіргі уақытта да кеңінен қолданылады.[5]
Өзінің енбектерінің нәтижесін және бай тәжіребесін А.Ю. Тарасевич "Ауыл шаруашылық малдарының бедеулігі" (1936) деген монографиясында көрсетті. Профессор А.Ю. Тарасевич мал дәрігерлік акушерлік мектептерді ашудың негізін қалады. И.А. Бочаров, Н.А.Флегматов және басқалар.
Профессор И.А. Бочаров (1901-1975) өз шәкірттерімен мал бедеулігін зерттеп "Ауылшаруашылық малдарының бедеулігі" деген кітабын (1956) шығарды. Осы кісінің редакциясымен мал дәрігерлік оқу орындарына арналған мал дәрігерлік акушерлік кітабы 1967 жылы жарық көрді.
Профессор Н.А.Флегматов (1903-1986) есектердің буаздығын анықтайтын тәсіл ойлап тапты шу туспегенде қағанақ суларын пайдаланудың ықпалды нәтижелі жолын ұсынды. Өз әріптестерімен бірге мал көбеюінің физиологиясы мен патологиясы туралы біраз маңызды зерттеулер жүргізді. Осы зерттелген мәселелер "Ауылшаруашылық малдары деген жинағына енді, ол (1959) жарық көрді.[6]
Профессор Я.Г. Губаревич "Ұсақ малдардың акушерлігі" деген монография және техникумдарға арналған акушерлік кітап жазды.
Професор П.И.Шаталов жыныс циклы және биелердің төлдегеннен кейінгі уақыты жөнінде, кейбір бедеуліктің түрлеріне буаз биелердің қан сары суы (СЖК) мен қанды (КЖК) қолдану туралы маңызды зерттеулер жүргізді және отандық гравогормон деген синтез арқылы жаңа препаратты бөліп алды.[7]
Акушерлік ғылымның дамуына атақты ғалым,ВАСХНИЛ-дың корреспондент мүшесі, профессор А.П.Студенцов көп еңбегін сіңірді. Осы кісі біраз ғылыми еңбектер, жолдамалар жыныс цикл жөнінде, бедеулік, іш тастаулар, желінсаулар т.б. сүт безіне және жыныстық органдарға жасалынатын операциялардың ыңғайлы түрлерін ұсынды, "Мал дәрігерлік акушерлік және гинекология" деген кітабын 1949 жылы жазып шығарды. Өз өмірінде осы оқу кітабы үш рет қайта басылып, 1952 жылы Мемлекет сыйлығына ие болды.[8]
А.П.Студенцов өз еліміздегі акушерлік саласындағы бірінші ғалым докторы (1937). Оның көптеген еңбектері (300-дей) отандық мал дәрігер акушер санының өсуіне көп әсерін тигізді. Осылардың арасында мал дәрігерлік акушерлік Львов мектебін құрушы профессор Г.В.Зверева да бар. Ол сүт безінің аурулары жөнінде, акушерлік физиология мен патология, бедеулік және малдарды қолдан ұрықтандыру жөнінде маңызды зерттеулер жүргізді.[9]

II. Негізгі бөлім

2.1 Жатырдың кілегейлі қабатының созылмалы қабынуы.\

Патологиялық үрдістердің және жиналған экссудаттың сипатына қарай бұл ауру:
1.Созылмалы катаральді эндометрит;
2.Созылмалы іріңді катаральді эндоетрит;
3.Созылмалы жасырын (субклиникалық) эндометрит болып бөлінеді. Ауру бірнеше айға созылуы мүмкін.
Себептері: Ауру көбінесе жіті эндометриттің жалғасы болып келеді, атап айтқанда, шу түспей қалғанда, аборт болғанда, субинволюциядан кейінгі жатырдың қабынуы, созылмалы эндометритке айналуы мүмкін. Сондай-ақ шағылысуы кезінде, немесе қолдан ұрықтандыру кезінде жатыр ішінде шәуетпен бірге инфекция түсіп кеткенде, жіті эндометритті дұрыс емдегенде, туберкулез, бруцеллез, трихомонозор, кампилобактериоз сияқты жұқпалы ауру кезінде де, созылмалы эндометритті байқаймыз.
Клиникалық белгілері.Ауру малдың жыныс органдарынан сыртқа қою ақ немесе сарғылт тартқан іріңді, шырышты экссудат (жалқаяқ)ағып жүреді.
Малдың жалпы көңіл-күйіне көп өзгеріс жоқ, жыныс циклі ретімен келіп отырса да, бірнеше рет ұрықтандырып ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Қынап арқылы зерттегенде жатыр мойны көбінесе, ашық, жалқыаяқ жиналғандықтан былқылдап тұрады. Жатыр қабырғасы қалыңдаға, тығыз. Жатырдың екі тармағы да үлкейіп, құрсақ қуысына салбырап түсіп тұрады. Ұстап сипалап қарағанда, жатыр ауырлайды, жиырылуы әлсіз ғана білінеді.
Кейде ауру малдың жыныс органдарынан ешқандай экссудат ақпайды, жатырдың көлемі әдеттегідей жамбас қуысында, тек мал күйлеген кезде, оның жыныс органдарынан әдеттегіден тыс көп мөлшерде қою бұлыңғыр түсті шырыш ағып тұрады, құрамында ақ түйіршіктер болуы мүмкін. Мұндай жағдай созылмалы жасырын эндометритке тән белгілер.
Диагнозды дұрыс қою үшін мұндай жағдайда эндометрияға биопсия жасап гистологиялық зерттеулер жүргізеді. Жасырын эндометрит болса, кілегей қабығының эпителийі дистрофиялық өзгерістерге ұшырап көшіп түсіп жатқанын көреміз. Одан басқа биопроба жасап көруге де болады.
Ол үшін төсеніш шыныға шәуеттің бір тамшысына жатырдан аққан шырыштың бір тамшысын араластырып микроскоппен қарағанда, спермиялардың белсенділігі күрт төмендеп, бүрісіп өле бастайды. Бұл жатырда жиналған спермиятоксиндер мен спермиолизиндердің әсері, яғни мал ауру деген сөз.
Ауру ұзақ уақытқа созылғандықтан жатыр эндометриясында қайтып қалпына келмейтін, терең морфологиялық өзгерістер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мал ұрықтанбайды, ұрықтанған жағдайда буаздық көпке бармай үзіледі, яғни эмбриональді аборт болады. Патологиялық процесс онша тереңге кетпей тұрғанда емдеуге кіріссе, ауру мал жазылып, төл беру қабілеті қалпына келуі мүмкін.
Емдеу әдістері, негізінен:
А) Оқтын - оқтын жатыр ішін жиналған экссудаттан тазартып отыру;
Ә) Ауру қоздырғыш микробтардың зиянды әсерін әлсіретіп, немесе мүлдем тоқтату;
Б) Жатырдың тонусын күшейту;
В) Организмнің жалпы резистенттігін көтеру бағытында жүргізіледі.
Жатыр ішін жуып - шаю үшін әртүрлі дезинфекциялық ерітінділерді пайдалануға болады, атап айтқанда, марганец қышқылды калий 1:100; фурацеллин 1:5000; этакридин лактат 1:100; қос көмірқышқылды натрий 2% (сода) ерітіндісін қолданады. Бұған қосымша жатырды уқалап массаж және ыстық қынап ваннасын жасайды.
Жуып тазартылған жатыр ішінде микробтарға қарсы препараттар саламыз, бұл мақсатта көбінесе, антибиотиктер мен антимикробты препараттар қосылған май дәрілер қолданылады, атап айтқанда Вишневий бальзамын, синтомицин, левомицитин, стрептоцид, йодвисмутсульфат эмульсиясын 50 - 100 мл шамасында 2 - 3 күнде бір рет салып отырады, сондай - ақ Вагитол, Люголь ерітіндісі де пайдаланылады.
Жатыр тонусын күшейту үшін питуитрин, окситоцин, эстрофан, энзопрост сияқты препараттар салады. Созылмалы эндометрин кезінде жатыр мойны көбінесе, жабық болғандықтан алдын ала синэстрол жіберген дұрыс.
Тек қана жатырдың тонусын күшейтіп қою жеткіліксіз, сонымен қатар бүкіл организмнің тонусын, резистентілігін күшейту керек. Ол үшін рационның сапасын жоғарылату керек, малды күнделікті серуенге шығарып отырады, әсіресе, күні бойы далада жайылымда болғаны өте пайдалы. Бұған қосымша күре тамырға (венаға) глюкоза, хлорлы кальций ерітіндісін, бұлшық етке витаминді препараттарды салады (тривитамин), ихтиолдың 7% ерітіндісін, Попков сұйығын, өз қанын өзіне құю (аутогемотерапия), тері астына уыз, АСД- нің 5% ерітіндісін жіберу, сондай ақ новокаин тосқауылдарын қолдану да жақсы нәтиже береді. Әрине, оларды қолданудың әртүрлі варианттары болуы мүмкін.
Созылмалы жасырын эндометритті мал күйлеп жүрген кезде емдеген дұрыс, жатыр мойны ашылған кезде оның ішіне антимикробты дәрі салып жібереді де келесі күйлегенге дейін ұрықтандырылмайды. Жыныстық цикл 18 -21 күннен кейін қайталап, мал күйлеген кезде ұрықтандырар алдында жатыр ішін 1% сода ерітіндісімен бір рет қана жеңілдетіп шайып тастау керек.
Көп жағдайда жатыр мойны жабық болады да ішіне көп мөлшерде экссудат жиналып пиометра (Pyometra-ірің жиналған), миксометра (Myxometra кілегейлі сұйық жиналған) немесе гидрометра (Hydrometra- сірнелі сұйық жиналған) сияқты ауруларға асқынады. Бұл аурулар кезінде жатырдың қабырғасы жұқарып, мүлдем жиырылмайтын болады, ішіндегі сұйық мөлшері 10-15 литрге дейін жетеді. Тәжірибесі аз маман мұндай жағдайда сиырды буаз мал деп санауы да мүмкін.
Пиометра, миксометра немесе гидрометрға ұшыраған сиырлар емдеуге келмейді, оларды төл алуға жарамсыз деп тауып етке өткізеді.

2.2 Жатырдың кілегейлі қабатының жіті қабынуы

Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдалуымен сипатталатын жатырдың қабынуы (метрит) эндометрит деп аталады.
Туудан кейінгі эндометрит жыныс мүшелері ауруларының кең тарағаны болып саналады және барлық жануар түрінде кездеседі.
Себебі. Туудан кейінгі эндометрит эндометрийдің жарақаттануы және патологиялық туу, шудың кешігуі, жатыр субинволюциясы кезінде туу жолдары арқылы жатырға түрлі микроорганизмдер түсуі салдарынан пайда болады. Жатырдың қабынуы іріңді вагиниттің асқынған түрі ретінде жиі байқалады. Ағзаның резистенттілігінің төмендеуіне мына факторлар себеп болады: толық қанды емес азықтандыру, буаздық кезінде серуендетпеу, күтіп-бағудың антисанитарлық жағдайы.
Белгілері. Туудан кейінгі эндометрит бастапқыда катаралды түрде байқалып, кейіннен іріңді-катаралды немесе іріңді түрге ауысады. Жатырдың кілегейлі қабығында гиперемия, ісік, қан құйылулар, аздаған жаралар пайда болады, жатыр қуысында экссудат жиналады. Жатыр тонусы мен жиырылу қабілеті төмендейді. Ағзаның интоксикациясы дамиды.
Ауру туғаннан кейінгі 2-5-ші күні байқалады. Эндометрит жеңіл өткенде жануардың жалпы жағдайы өзгермейді. Қабыну үрдісінің қарқынды дамуында жануардың күйзелуі, дене температурасының 0,5 -- 1,0°С-қа көтерілуі, тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы, сүт бөлінуінің төмендеуі байқалады. Сыртқы жыныс мүшелерінен шырышты-іріңді немесе сұйық күңгірт сұр түсті, кей жағдайда қан аралас немесе жағымсыз иісті экссудат бөлінеді. Кейде экссудат сары-күрең түсті, құрамында фибрин үгінділері бар болып келеді (фибринозды эндометрит). Эндометритте вагиниттен айырмашылығы, сарпайдан ағатын бөлінділер көп мөлшерде бөлінеді, жануар жатқан кезде күшейе түседі. Иттер мен мысықтарда құрсақ қабырғасын пальпациялағанда жатырдың көлемінің ұлғайғанын, мүйізшелерінің қалыңдауы мен болбырлығын, кейде флюктуациясын анықтауға болады. Құрсақ қуысын пальпациялаған кезде жыныс қуысынан экссудат бөлінуі күшейе түседі.
Өтуі және болжау. Уақытылы және дұрыс емдегенде әдетте жануар жазылады. Ағзаның резистенттілігі төмен болып, жатыр қабырғасының жарақаттануы байқалса, қабыну үрдісі оның бұлшық етті қабатына (миометрит дамиды) немесе сірлі қабықшасына (периметрит) да жетеді. Мұндай жағдайда болжауды абайлап жүргізген жөн, себебі жануар сепсистен өліп кетуі мүмкін. Кеш және жүйесіз емдегенде жіті эндометрит атрофиямен және жатыр бездерінің кисталық зақымдалуымен, жануарды бедеулікке ұшырататын жатырдың шырышты және бұлшық етті қабықшасындағы дәнекер ұлпасының өсуімен және т.б. өзгерістермен сипатталатын созылмалы түріне айналады. Кей жағдайда қабыну үрдісі жұмыртқа жолы мен жұмыртқалықтарда дамиды, соның салдарынан сальпингит және оофорит дамиды.
Емдеу ағзаның жалпы тонусын жоғарылатуға, жатырдың жиырылу қабілетін көтеруге, оның қуысынан экссудатты жоюға және жатырда антисептикалық жағдайлар тудыруға бағытталған, кешенді болуы тиіс.
1. Ауру жануарларды оқшаулап, оларды ұстау және күтіп-бағу, азықтандыру жағдайын жақсартады.
2. Жатыр жиырылуын күшейту үшін және оның қуысынан экссудат шығуын тездету үшін тері астына немесе бұлшық етке окситоцин (рец. 113), гифотоцин, маммофизин итке-2,5-10 ӘБ, мысыққа - 2-5 ӘБ мөлшерінде, прозериннің 0,05%-ды ерітіндісін (рец. 91) немесе пахикарпин, прегнантол, эрготал, эргометрин және басқа да жатыр препараттарын тағайындайды. Препараттарды арасына 12-24 сағат салып 3-5 күн ішінде енгізеді.
3. 3 - 5%-ды натрий хлориді ерітіндісімен, 1:1000 қатынасында этакридин лактат ерітіндісімен (рец. 8), фурациллинмен 1:5000 (рец. 9), фуразолидонмен (1:1000) жатырды жуады. Содан соң енгізілген ерітіндіні сорғыш құралдармен (резеңке түтікпен жалғанған шприц және т.б.) немесе құрсақ қабырғасына массаж (уқалау) жасау арқылы сыртқа шығарады.
4. Жатырда патогенді микрофлораның дамуын тоқтату үшін микробтардың қолданылатын препаратқа сезімталдығын ескере отырып, жергілікті сепсиске қарсы терапия қолданады. Жатыр қуысына енгізу үшін антибиотиктердің үйлесімді комбинациясы, сулы (рец. 148, 149) немесе майлы (өсімдік, вазелин майы немесе балық майы) негізде дайындалған суспензия түріндегі сульфаниламидті және нитрофуранды препараттар белсенді әсер етеді.

148. Rp.:Fuuacillni -1,0
Furazolidoni -0,5
Neomycini sulfatis - 1,5
Benzilpenicillini-natrii-1,0
Norsulfazoli solubilis -5,0
Aquae destillatae ad 100,0
M.f. Suspensio
D.S. Жатыр қуысына енгізу үшін.

149. Rp.: Oxytetracyclini hydrochloride- 1,5
Neomycini sulfatis - 1,5
Polimixini M sulfatis-0, 15
Norsulfazoli solubilis -5,0
Benzilpenicillini-natrii-0,5
Streptomycini sulfatis -1,0
Olei Helianti ad 100,0
M.f. Suspensio
D.S. Жатыр қуысына енгізу үшін.

Сонымен қатар балық немесе өсімдік майындағы 5-10%-ды трициллин, құрамында антибиотиктердің қоспасы бар стрептоцидтің 5%-ды линименті, септиметрин эмульсиясы және т.б. тиімді әсер етеді. Аталған дәрілік формаларды мынадай мөлшерде қолданады: итке-3-15, мысыққа - 3-4 мл, 3-5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы катаралді эндометритті балау
Жатыр аурулары
Сүт безінің аурулары
Сойып ашу хаттамасы
Жіті эндометрит
Сүт безінің жағдайын анықтау
Созылмалы эндометрит туралы
Ірі қараның эхинококкозы
Желін терісінің аурулары
Аналық ұрық безі
Пәндер