Тәжікстанның туризмі
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
I. ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 5
1.1. Географиялық орны 5
1.2. Жер бедері 6
1.2.1. Геологиялық құрылымы. Пайдалы қазбалары 7
1.3. Климаттық жағдайы 8
1.4. Су ресурстары 10
1.5. Фаунасы мен флорасы 11
ІІ. ТӘЖІКСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ.ӘЛЕУМЕТТІК
ЖАҒДАЙЫ 13
2.1. Экономикасының қазіргі жағдайы. Өнеркәсіптік және ауыл
шаруашылық кешені 13
2.2. Халқының этникалық құрамы және демографиялық жағдайы 19
ІІІ. ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ 22
3.1. Туризмінің даму деңгейі, туристік орталықтары 22
3.2. Тәжікстан Республикасының экологиялық жағдайы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ
3
I. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 5
1. Географиялық орны
5
2. Жер бедері
6
1.2.1. Геологиялық құрылымы. Пайдалы қазбалары
7
3. Климаттық жағдайы
8
4. Су ресурстары
10
5. Фаунасы мен флорасы
11
ІІ. ТӘЖІКСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК
ЖАҒДАЙЫ
13

шаруашылық кешені

3.1. Туризмінің даму деңгейі, туристік орталықтары
22
3.2. Тәжікстан Республикасының экологиялық жағдайы
25
ҚОРЫТЫНДЫ
27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
28
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде қоғамның рекреациялық іс-әрекеті
әлемде қатты дамып келе жатыр. Бұл құбылыс қызмет көрсету көлемінің
кеңеюіне, халықтың білім деңгейінің көтерілуіне және халықтың материалды
жағдайының жақсаруына байланысты көптеген дамыған индустриалды мемлекетерде
жүріп жатыр. Қазіргі таңдағы еңбек түрінің өзгерісі, адамның жүйке жүйесіне
әсер ететін қысымның көбеюі, қоршаған ортаның экологиясының бұзылуы,
адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіруге деген
қажеттілігінің өсуі және бос уақыттың болуы жергілікті тұратын жерден тыс
рекреациялық іс-әрекетпен айналысатын халықтың санының өсуіне әсерін
тигізді. Осыған орай қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі – халықтың
демалуына жағдай жасау болып табылады.
Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік
сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдай-ларына әсер
етеді. Сондықтан, осы мамандықта білім алып жатқан болашақ мамандар әлем
елдері туралы толық мағлұматты білуі тиіс.
Жұмыс Тәжікстан Республикасының өзіне тән ерекшеліктерін таныту,
экономикасының артықшықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оның қызмет
көрсету ел ретінде даму әлеуетінің негізгі жолдарын анықтауға арналды.
Зерттеу жұмысы өте маңызды халықшаруашылық мәселелерді шешуге бағытталады.
Зерттеу объектісі Тәжікстан Республикасының географиялық, экономикалықжәне
туристік-экологиялық жағдайы. Зерттеу пәні ретінде ауданның туристік-
рекреациялық ресурстарын туризм мен демалыс саласына пайдалану жолдарын
зерттеу және экономикалық даму сипатын анықтау алынды.
Жұмыстың мақсаты бұрынғы ескі әдебиет құралдарындағы мәліметтердің
қаншалықты өзгергендігін көру, аймақты толығымен сипаттап шығу.
Экономикалық дамуы үшін басты жолдарды анықтау
Осы мақсатқа жету үшін жұмыс барысында жұмыстың келесі міндеттері
анықталды:
аймақтың физикалық-географиялық орнына сипаттама беру;
аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын анықтау;
туризм және экологиялық жағдайын анықтау.
Жұмыстың методологиялық және теориялық негізін физикалық география, туризм
және экономикалық география облысындағы қазақстандық және шетелдік
ғалымдардың еңбектері құрады. Жұмысты жазу барысында Ратанова М.П,
Горбылева З.М. еңбектері, интернеттің жаңа материалдары және статистикалық
мәліметтер пайдаланылды.
Зерттеу әдістері: салыстырмалы-аналитика, жүйелі түрдегі талдау, синтез,
тарихи –мәдени тұрғыдан зерттеу, экономикалық және статистикалық зерттеу
әдістері қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Тәжікстан мемлекеті үшін қарқынды дамуға ие болу үшін кері әсер етіп
отырған факторлар анықталды;
- экономикасының нарықтық сипатқа көшудегі өндірістік сферасының толық
шынайы жағдайына баға берілді;
- Осы факторларды негізге ала отырып, Тәжікстан үшін экономиканы қандай
бағытта дамыту керектігі анықталды;
- Туристік жағдайына баға берілді, туристік орталықтары анықталды;
- Студенттер және оқытушылар үшін өте маңызды статистикалық мәліметтер
келтірілді.
І. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1. Географиялық орны
Тәжікстан – Орта Азиядағы мемлекет. Батысы және солтүстік-батысында
Өзбекстанмен, солтүстігінде – Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен және
Ауғаныстанмен оңтүстігінде шектеседі. 1929-1991 жылдар аралығында КСРО
құрамында болған. Елдің тәуелсіздігі 1991 жылы 9 қыркүйекте жарияланды
(3.1(.
Тажікстанның геосаяси жағдайы біріншіден территориясындағы тау
жүйелерінің орталықтандырылуынан, ал екіншіден бір шекарасының түрік тілді
халықтармен, ал екінші шекарасының ирантілді халықтармен шектесіп жатуына
байланысты күрделі. Осы жер үшін екі ұлы державаның (Ресей және
Ұлыбритания) үлкен дауда болғандығы да осы территориялардың қаншалықты
маңыздылығын көрсетеді.
Елдің географиялық орналасуы әлемдік Мұхиттан алыс болуымен сипатталады.
Бұл әрине Жаңа дүниенің ашылуынан кейін теңіз сауда қарым-қатынасының
дамуына байланысты ел экономикасына айтарлықтай кері әсерін тигізді.
Бүгінгі таңда елдің толыұтай шектеулі күйде қалуына әсер етіп отырған
факторлар:
• елдің таулармен толықтай қоршалуы,
• солтүстік пен оңтүстіктің байланыс жасаудағы қиындығы (теміржолдардың
көп бөлігі Өзбекстан арқылы өтеді);
• Ауғаныстан мемлекетіне қарай оңтүстік қақпасының сенімсіз болуы
• көршілес елдердегі саяси тұрақсыздық жағдайы, 20 жыл көлемінде елде
тыныштық орнамай отыр.
Осы аймақтың маңызы тек бір ғана жағдайда ғана көтерілуі мүмкін:
Ауғанстандағы саяси жағдайы қалпына келтіріп, екі ел инфрақұрылымдық
торлардың трансконтиненталдық жүйесін құрғанда (солтүстік-оңтүстік, батыс-
шығыс) (1(.
Тәжікстанның мемлекеттік шекарасы айтарлықтай күрделі құрылымды. Ол 1920
жылдардағы ұлттық белгілеу нәтижесінде белгіленген. Батыс-солтүстік-
батыстан шығыс-оңтүстік-шығыстың максималды арақашықтығы 725км. Ең ұзақ
шекарасы –Өзбекстанмен. Солтүстігінде Түркістан, Алай және Іле Алай
суайрығымен Қырғызстанмен шекарасы өтеді. Ең күрделі шекара – шығысында,
Шығыс Памирдің Сарыкөл жотасымен өтеді, сондықтан оның Қытаймен шекарасы
қиын. Тәжікстан-Ауғанстан шекарасы таза су жолдарымен өтеді, ұзындығы
-100км болатын Амудария өзені. Шекаралық өзендер байланыстар үшін кедергі
болып табылмайды (3.1(.
2. Жер бедері.
Тәжікстан – толығымен таулы ел. Жерінің барлық бөлігінде су аңғарлары
биік таулы жоталармен алмаса отырып, бір үлкен тау жүйесін құрайды. Соның
арқасында ірі тегістелген жазықтардың шекаралары айқын көрінеді 2.
Территориясының 93%-ын, яғни 910 бөлігін Памир, Тянь-Шань және Гиссар-
Алай тау жүйелері құрайды.
Памир – барлық Еуразия құрлығының орографиялық тау тізбесі болып
табылады. Осы жерде континенттің барлық ірі деген тау жүйелері тоғысады
1. Ол Еуразияның Гиндикуш, Қарақорым, Кунь-Лунь, Тянь-Шань және Гиссар-
Алай сияқты аса ірі тау жүйелері тоғысады.
Памирдың батыс және солтүстік бөлігінде ТМД-дағы ең биік тау жоталары–
Ғылым академиясы және Заалай жотасы орналасқан. Ең биік нүктесі - Исмаил
Самони (Коммунизм шыңы 7495 м), ал Заалай жотасының ең биік жері –Ленин
шыңы, 7134м (1(.
Памир тауының батысында Ванчский, Язгулем, Шугнан, Ишкашим және
Шахдария жоталары созылып жатыр. Жоталар аралығында Ванча, Язгулема,
Бартанга, Гунта, Шахдария және Памир сияқты терің өзен аңғарлары жатыр.
Батыс Памирдың барлық жазықтары Пянджа тамаша пейзажды жазығымен қосылады.
Шығыс Памир – бұл тау алды үстірті. Оның кең аңғарларының тереңдігі
3500 м-ден 4500 м-ге дейін жетеді. Батыс Памирдан айырмашылығы- жоғарғы
бөлігінің қатты тілімденбеуі. Мұзкөл, Солтүстік-Аличур және басқа да
жоталардың абсолютті биіктігіне қарамастан, олар Мургаб, Аличур
аңғарларынан тек 1500-2000м биіктікте жатыр.
Ел территориясының солтүстік-батысында Батыс Памир-Алайдың – Дарваз, І
Петр, Түркістан, Зеравшан сияқты биік тау жоталары жатыр. Соңғы үш жоталар
солтүстікте Ферған шұңғымасына, ал оңтүстігінде –Гиссар жазыға дейін
созылып жатады.
Республиканың оңтүстік-батысында атақты Тәжікстан ойпаты жатыр. Мұнда
Вахш, Кафирниган, Кызылсу жазықтары орналасқан. Олардың арасында орта таулы
жоталар –Вахш, Хазратишох, Бабатаг, Қаратау және т.б. көрініп тұр.
Тәжікстан ойпаты мен тау аралық жазықтардың оазистер ретінде ел
экономикасында алатын орны ерекше.
Таулар бір-бірінен тауаралық ойыстармен, аңғарлармен ажыратылған. Ол
жерлерде халық пен халық шаруашылығының басым бөлігі орналасады. Әсіресе,
Тәжікстанның солтүстігіндегі Сырдария аңғары (Ферған ойпатының батыс
бөлігі), елдің орталық бөлігіндегі Заравшан және де оңтүстік-батыстағы
аласа таулар мен аңғарлар халықпен тығыз қоныстанған (10(.
Тәжікстанда мыңға жуық тау мұздықтары бар. Олардың ішіндегі ең ірісі –
Федченко таулы-далалы мұздығы, оның ұзындығы шамамен 70 км (3.3(.
1.2.1.Геологиялық құрылымы. Пайдалы қазбалары
Жалпы республика территориясының геологиялық құрылымына тау
жыныстарының күрделі құрылымына тән, әсіресе, ежелгі (палеозой және
мезозой) тау жыныстары мен әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты
әртүрлілік тән. Кайназой (65 млн жыл бұрын) дәуірінің шөгінді тау
жыныстарымен елдің Вахш, Гиссар, Яхауй, Ферған сияқты тауаралық жазықтары
пайда болған (2(. Осы территориялардың құрылу процесі өте ұзақ, тіпті
геологиялық уақыттан да ұзақ жүрген. Сондықтан, геологиялық тарихының
әртүрлі кезеңінде бір жерлері қатпарлы тау жүйелері болып, ал кейбір
жерлері мысалы Памир, Палеозой дәуірінде әлемдік мұхиттың түбі болған. Жер
бедеріне жаңа өзгерістерді жаңа тектоникалық қозғалыстар (альпы қатпарлығы)
және денудациялық процестер әкелді (1(. Жүйесі соңғы кайназой (альпі) тау
түзілу кезеңінде өте қарқынды көтерілді. Ол әлі күнге дейін өсу үстінде.
Қазіргі таңдағы жер бедері негізінен жаңа тектоникалық қозғалыстардың
нәтижесі болып табылады. Әрбір тектоникалық зона көршілес зонаға қарағанда
салыстырмалы түрде көтеріледі және оларды бөліп жатқан жазықтар сызығы
бойына күш түседі. Ол – сейсмикалық территория деп аталады.
Жер сілкінісінің күші мен жиілігіне сәйкес Тәжікстан өзге ТМД елдеріне
қарағанда өз ерекшеліктеріне ие. 3-4 баллдық күші бар жер асты дүмпулері
күн сайын тіркеліп отырады десек те болады. Ел территориясында 7-9 балдық
жер сілкіністері болу мүмкіншілігі жоғары. Сондықтан да, Душанбе қаласында
Сейсмикалық құрылыс және Сейсмология Институты құрылған. Ол жер
сілкіністерінің себептерін зерттейді және олардың болу мүмкіншілігіне
сәйкес болжам жасайды. Сол арқылы адамдар мен материалдық заттарды қауіпсіз
эксплуатация жасауға мүмкіндік береді (10(.
Елдің геологиялық құрылымының ерекше болып келуі жер қойнауының әртүрлі
пайдалы қазбаларға бай болғандығынан көрінеді (1(. Тәжіктсан- ежелден
алтын, күміс, мырыш, қорғасын, шпинель, лазурит, тұз шығарған бірден-бір
ел. КСРО кезінде 50-ге жуық пайдалы қазбалардың түрі зерттеу жұмыстарына
жіберілген (2(. Қазіргі тағда 400-ге жуық кен орындары анықталған. Олардың
ішіндегі ең маңыздылары ретінде полиметалл рудаларын, алтын және күміс,
вольфрам, молибден кен орындарын атауға болады.
Тау алды бөліктеріндегі ойыстарда жанғыш пайдалы қазбалар шоғырланған.
Олардың қоры Өзбекстан және Түркменстанмен салыстырғанда өте аз, тек
Қырғызстандағы қорға тең келеді. Тәжікстан территориясында көмірдің 35 кен
орны белгілі, олардың жалпы геоглогиялы ққоры 4 млрд.т. Баланстық қоры –
338,5 млн.т. Көптеген көмір кен орындары шөгуі өте күрделі құрылымды болып
келеді. Олардың өндірісі елдің солтүстігінде (Шураб, Фан-Янгоб)
жүргізіледі.
Мұнай және газ қоры аса маңызды емес. Жалпы балансы 158 млн.т болатын
мұнай құрымен 28 бұрғы орнатылған. Газ бойынша Қызыл-Тұмсық кен орны
ерекшеленеді.
Металл қазбалары (полиметалл кені, вольфрам, уран) көбінесе
республиканың солтүстік-шығысындағы Курамин тауларында шоғырланған. 1990
жылдардың басында Тәжікстан әлемдік сурьма өндірісінің 7%-ын берген болатын
(3.5(. Басқа түсті металлдар ішінен нефелинді сиениттер мен целестинді атап
өтуге болады. Орталық Тәжікстанда қалайы кен орындары бар(Мушистон) (2(.
3. Климаттық жағдайы
Тәжікстан климаты – шұғыл-континенталды, құрғақ (3.1(. Қоңыржай және
субтропикалық белдеулер шекарасында орналасуы, елдің негізгі климаттық
ерекшеліктерін анықтайды. Ол:
1-сызба. Тәжікстан климатының ерекшелігі
Тәжікстан оңтүстік ендікте орналасқандықтан, (Греция және Италия
орналасқан ендікте) күн сәулесінің жылуын көбірек алады. Оның аз бөлігі
субтропикалық температура режиміне сәйкес келеді, ал ол өз кезегінде
өсімдікердің қысқы вегетациялық кезеңіне әсер етеді Дегенмен, бұл
территория әлемдік мұхитттан алыс орналасқан және таулармен қоршалған.
Сондықтан, оның климаты шұғыл континенталдығымен, аз бұлттанушылығымен
(жылына 300 күн ашық болады), құрғақ және жыл мезгілдерінің анық
байқалуымен ерекшеленеді .
Ел территориясының жазықтарында жазы ыстық және ұзақ. Шілденің орташа
температурасы 29 , 310С , топырақтың температурасы 700С-ға дейін қызады.
Таулар мен үстірттерде 8 -160С. Жиі құрғақшылықтар болып отырады. Жалпы
аязсыз күндер 250 күнге дейін созылады, ал ол кеш пісіп-жетілетін егін
шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді. Климатының негізгі артықшылығы
күн сәулесінің тік радиациясының түсетін күз мезгілінде ауа райының ашық
болуы.
Тәжікстан терииториясы бойынша қысқы мезгіл екі ауа массаларының
ықпалында болады: елдің солтүстік-шығысынан соғатын суық және құрғақ ауа
массалары (Азиат максимумы) мен батыс және оңтүстік-батыстан соғатын
ылғалды және жылы ауа массалары. Солтүстіктен соғатын ауа массаларының
әсерінен ауа температурасы -150С-ге дейін төмендеп кетуі мүмкін. Оңтүстік
аймақтардағы қаңтардың орташа температурасы -20С-ден төмен түспейді. Таулы
аудандардағы ауа температурасы -10-120С (1(. Гиссар жазығында -150С. Тауға
әрбір 100 м биіктеген сайын ауа температурасы 0,6-0,80С-қа төмендейді. Ол
климаттың биіктік-белдеулігін анықтайды. Бірнеше сағаттардың ішінде
қалыпты Гиссар жазығынан қар басқан жоталарға көтерілуге болады. Шығыс
Памир –елдің суық полюсі деп аталады. Ол жерде қысқы аяздар -400С-ге
дейін болады. Булынкөл көлінің маңында ең төменгі температура тіркелді:
-630С (2(. Тауаралық шұңғымаларда температураның инверсия құбылысы
байқалады (1(. Ауа температурасы мен жауын-шашын елді мекеннің абсолютті
биіктігіне байланысты өзгеріп отырады. Елдің төменгі бөліктерінде, яғни
Тәжіктсан территориясының батыс бөлігінде, қаңтардың орташа температурасы
+20С, ал шілдеде +300С құрайды. Елдің солтүстік бөлігіндегі аңғарларда
температура төменірек. Тауларда қыс та, жаз да суық; жоғары таулы
аудандарда орташа қаңтардың температурасы -26дан 140С-ге дейін төмендейді,
ал орташа шілденің температурасы 40С-ден 150С-ге дейінгі көрсеткішті
көрсетеді (3.4(.
Тәжікстанның барлық территориясында жауын-шашынның көп бөлігі суық жыл
мезгілдерінің үлесінен келеді. Осы кезде батыстан, атлант теңізінен тұрақты
түрде циклондар келеді. Жауын-шашындар таулармен ұсталанып қалады, ал
олардың біркелкі түспеуі таулардың биіктігіне және бағдарлануына байланысты
болады (2(. Елдің көп бөлігі аридті және семиаридті жағдайларда тұр. Жылдың
орташа жауын-шашын мөлшері Шығыс Памирде 700мм-ден Гиссар жотасында 1600мм
аралығында өзгеріп отырады. Жауын-шашынның максималды мөлшері қыс пен
көктемге келеді, ал жаз бен күзде жауын-шашын сирек болады (3.3(. Ең көп
жауын-шашын түсетін жер осы Гиссар жотасының оңтүстік беткейлерінде. Ал,
Федченко мұздығының үстінде одан да көп жауын түседі. Мұндағы жылдық жауын
шашын мөлшері – 2236мм. Памир тауларының шығысы мен оңтүстігі-батысында
меридианалды бағыттағы тау жоталарының мұхиттардан келетін ауа ағындарын
ұстап қалуына байланысты жауын-шашын азырақ түседі. Оңтүстік-батыс Памирде
жылына 120-350 мм, Шығыс Памирде тек 100мм жауын тіркелген. Шығыс Памирде
қысқы кезеңге қарағанда жазда біршама жауын түседі. Жаздағы жауын-шашын
Үнді мұхитынан тропикалық ауа массаларын (кзимуссондарды) әкеледі.
Елдің климатының мұндай әртүрлі болып келуі көрсеткіштердің үш өлшем
бойынша таралуына байланысты:
1) Жылулық жағдайларға байланысты климат төменнен жоғарыға қарай
–субтропикалықтан қоңыржайға, сосын салқынға өтеді;
2) Солтүстіктен оңтүстікке қарай күн сәулесінің түсу бұрышы өзгереді;
3) Әртүрлі биіктікке бағдарланған тау жүйелерінің болуы жауын-шашынның
түсуіне әсер етеді (2(.
4. Су ресурстары
Тәжікстан үшін су ресурстарының маңызы өте зор. Суды жерді суғаруға және
электр энергиясын өндіру үшін пайдаланады. Ол осы елдің экономикалық
дағдарыстан шыға алатын жалғыз жолдарының бірі (1(.
Тәжікстан территориясы бойынша барлық өзендер Амудария және Сырдария
бассейніне жатады (3.2(. Амудария бассейніне жататын (оның ішінде Пяндж
–Вахш толық ағынды өзендерді қосқанда) Памир және Гиссар-Алайдан бастау
алатын 950 өзен ағып өтеді. Көптеген өзендердің тік құлап ағуына
байланысты, әсіресе, Пянджа және Вахшаның, Тәжікстан суэнергоресурстары
бойынша ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды иеленеді. Сырдария
бассейніне жататын өзендер: Исфара және Ходжа-Бакырган, жалпы ұзындығы
-195км. Бір қызығы ағып өтетін бір ғана өзен әр елдің территориясында
әртүрлі аталады. Мысалы, Ауғанстанда Амударияның бастауы Вахандария,
Памир қзенімен қосылған жерде Пяндж, Қырғызстан шекарасында Қызыл су,
Зеравшан және ІПетр аңғарында Сурхоб, Орта Азияда Амудария (1(.
Маңызды өзендердің қоректену көзі – мұздықтар мен қарлар. Памир-Алай
мұздықтарында 1300 км3 тұщы су қоры бар. Олардан бастау алатын суы мол және
қарқынды өзендер – елдің бағасыз табиғи байлығы. Тәжікстанда 10 км –ден
асатын 947 өзен бар деп есептелінеді, олардың жалпы ұзындығы -28,5 мың км.
Әсіресе, жаз айларында су деңгейі максималды көрсеткішке дейін көтеріліп
кетеді. Жалпы өзендер ағысы бойынша жиынтық су ағыны -95,3 км3, ал оның тек
12 км3 ғана пайдаланылады. Су ресурстарының сомалық әлеуеті 32,3 млн кВт.
Жобаларда Пяндж өзенінің бойында (13 станция), Вахш (8 станция) өзенінің
бойында станциялар салу көзделуде. Елдің ең ірі станциялары Пяндж
өзеніндегі Даштиджум және Рогун болуы керек (1(. Су ресурстарының
шоғырлануы бойынша Тәжікстан ТМД елдерінің ішінде 1 орын алады. Қазір Вахш
өзенінің бойында Нүрек, Рогун, Байпазин және т.б. станциялары бар (2(.
Таулы рельефі бар және климаты құрғақ елде көлдер көп болмауы керек.
Пайда болуына қарай тектоникалық, мұздық және ойысты көлдер кездеседі.
Олардың ең ірі дегендері Памир тауларында орналасқан. Ең ірісі тектоникалық
ойыстағы –Қаракөл көлі (көлемі -380 км2). 4000м биіктікте орналасқан.
Памир мен Гиссар-Алай тауларында Сарез, Яшылкөл, Искандеркөлі бар. Сарез
көлі 1911 жылы сейсмикалық қозғалыс есебінен пайда болды. Қазір көлдің
ұзындығы -75км ге жетті, ал тереңдігі -505м. Жалпы көлемі – 86,5 км2.
Соңғы жарты ғасырда Тәжікстанда бірнеше жасанды суқоймалар жасалды.
Нүрек, Қайраққұм, Қаттай, Муминабад. Олар көбінесе, егін шаруашылығы үшін
пайдаланылады және су реттегіші болып маңызды қызмет атқарады (3.1(.
Ел территориясында минералды сулар да өте көп. Олар: Памир, Дарваз,
Гиссар және Ферган қазаншұңқырының Тәжікстан территориясындағы бөлігінде
шоғырланған. Химиялық құрамы бойынша: көмірқышқылды, күкіртті, йод-бромды,
кремний, радон сулары бар (4(.
5. Фаунасы мен флорасы
Тәжікстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі сан алуан. Мұнда 4,5 мыңға
жуық өсімдіктер түрлері бар есептелінеді. Осындай ғана аз территорияда
соншама өсімдік түрлерінің шоғырлануы – көптеген реликтердің интенсивті
сақталып қалуынан (бұрынғы замандардан бері сқаталып қалған өсімдік
түрлері). Өсімдіктердің ¼ бөлігі –эндемикалық. Тәжікстан флорасы
генетикалық тұрғыдан Жерортатеңіз, Гималай, Тибет және Евразияның солтүстік
аудандарындағы өсімдіктермен байланысты.
Территория мәдени өсімдіктердің: бидай мен арпаның, бұршақтың әртүрлі
сортарының ежелгі ошақтарының бірі. Мұнда абрикостардың тамаша сорттары,
миндаль, жүзім сорттары бар.
Қандай да бір таулы елдегі сияқты Памир-Алайға биіктік-белдеулік тән.
Сондықтан, әртүрлі биіктіктегі өсімдіктер түрлері де әртүрлі. Батыс Памир-
Алайға 4 биіктік-белдеу тән.
2-сызба. Памир-Алай тауларындағы
биіктік-белдеулік
Тәжікстанның территориясының 250 мың га көлемін ормандар алып жатыр.
Олардың жартысынан көбі –аршын ормандары. 42 мың га – жалпақ жапырақты
ормандар( жаңғақ, үйеңкі т.б.)
Памирдың құрғақ аудандарында ормандар мен шалғындар жоқ. Мұнда шөлейт
зонасына тән өсімдіктер өседі. Мұнда 4500м биіктікке дейін өсімдіктер өсе
беруі мүмкін. Таулар мен үстірттердің етегінде ксерофиттер өседі (2(.
Барлық биіктік-белдеулерде емдік, тағамдық, жем-шөптік, шіпшелі және
т.б. өсімдіктер көп. Тәжікстанда жайылым жерлер көп. Мезгіл бойынша олар
күз-қыс-көктем және жаздық жайылымдар болып бөлінеді (4(.
Жануарлар дүниесіне келетін болсақ, өте бай. Сүтқоректілердің -84 түрі,
құстардың -346 түрі, кесіртке тәрізділердің -44 түрі, балықтардың сан мың
түрі және құрт-құмырсқалардың 10 мың түрі кездеседі (5(. Шөлде ақбөкен,
қасқыр, шиебөрі, түлкі, қоян, кесіртке – варан және сарыкесіртке, тасбақа,
жыландардан –эфа, кобра, т.б. Тоғайлы ормандарда қабан, бұқар елігі, қамыс
мысығы, суда жүзетін құстар, кобра, гюрза тіршілік етеді.
Өзендер мен көлдерде, суқоймаларда сазан, сом,ғ форель, маринка, усач
және тағы басқа балық түрлері кездеседі. Нутрия жерсіндірілді.
Тауларда тау қойы( архар), тау ешкілері, ауған муфлоны, қар барсы,
қабан, қасқыр, түлкі, суыр, кекілік, ұлар, гриф және т.б. олардың
жартысынан астамы қыстауға осы жерде қалады.
Тәжікстанда бұрынғы КСРО территориясындағы сирек кездесетін жануарлардың
50%-ы, құстардың 15%-ы шоғырланған (4(.
ІІ. ТӘЖІКСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ
2.1. Экономикасының қазіргі жағдайы. Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық
кешені
Тәжікстан Республикасы экономикасының өзіне тән ерекшелігі оның әртүрлі
профильді болуы, яғни ауылшаруашылық және өндірістік саланың тең дәрежеде
дамуы табылады. Ең нашар дамыған сала – қызмет көрсету -саласы болып
табылады. Оның себебі, 70-80 жылға жуық бұл ел ең оңтүстіктегі шекарада
орналасып, тек КСРО-ның орталық органдары арқылы өтуі керек болды. Бүгінгі
таңда КСРО тарап кеткеннен кейін ол өзінің тәуелсіздігін алып, нарықтық
экономикаға қадамдар жасай бастады (10(.
Тәжікстан Республикасының экономикасына кері әсер берген негізгі 3
факторлар:
3-сызба. Памир-Алай тауларындағы биіктік-белдеулік
Жалпы әлемдік шаруашылық жүйесінде ең басты орынды өндіріс, өнеркәсіп
алатыны белгілі. Жаңа технологиялар бүкіләлемдік экономикалық жүйеге көз
ілеспес жылдамдықпен дамуға мүмкіндік жасап отыр. Тәжікстан Республикасының
экономикасында да ауыл шаруашылығына, қызмет көрсетуге қарағанда өнеркәсіп
басты шешуші рольды иеленеді. Ол өз кезегінде келесідей факторларға
байланысты:
Осы факторларға сайкес, ең біріншіден Тәжікстанға өнеркәсіпті дамыту
керек. Себебі, ол әрі табыс көзі, әрі халықты жұмыспен қамтамасыз ететін
басты орта болмақ.
Жақсы ма, жаман ба Тәжікстанның экономикасы кешенді түрде дамыды.
Дегенмен, оны алда күтіп тұрған КСРО-ның ыдырауы, тәуелсіздік алуы және
ішкі азаматтық шиелістерді шешу елдің өнеркәсібін тез артқа шегіндіріп
тастады. Әсіресе, өңдеуші өнеркәсіп саласы қатты зардап шекті. Егер, елдің
құрылуы кезінде өндіру мен өңдеуші салалардың қатынасы 1:15 болса, ал 2002
жылы осы қатынас 9,6:1 құрады (3.5(. Бұл - ел ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz