Құқықтың ендігі бір белгісі мемлекеттің күшіне сүйенуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: "Құқық нормалары түсінігі, түрлері"

Жоспар:

Кіріспе

Құқық түсінігінің маңызы
Құқық жүйесі және нысаны
Құқықтық нормалардың түсінігі, элементтері және белгілері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Біздің қоғамымызда құқықтық нормалардың ролі қазіргі кезде айрықша деп айтуға болады. Себебі, бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатыьастарды реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бap, ең бір жарқын құбылыс деп айтуға болады.
Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы және құқықтық нормалар туралы ғылыми зерттеулер аз болған жоқ соған қарамастан бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ деп айтқан болар едім. Сол себептен де, меніңше құқықтық нормалардың ұғымы мен мәні туралы тағы бір теориялық талдау жасап кетудің ешбір артықшылығы бола қоймас деп білемін.
Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.
Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнгі өркениетті қоғам үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты құралына айналған деп айтқан болар едім.
Мен өзімнің осы жұмысымда құқықтық нормалардың ұғымына жете тоқталып өтіп, оның мәнін теориялық тұрғыдан жан-жақты толығырақ қарастырып өтуді өзіме басты мақсат етіп, белгілеп отырмын.

1. Құқық түсінігінің түрлілігі
Құқық ұғымы көп мәнді.
Құқық терминін түсіндіру мүмкін болатын келесі мәндерді атап өту қажет:
1) Құқық - бұл заң нормалары түрінде ресімделген қоғамның барлық мүшелері үшін жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы;
2) құқық индивидтің ажырамас тиесілігі ретінде, субъективті құқық (мысалы, конституциялық құқықтар - еңбек ету құқығы, тұрғын үй құқығы және т.б.).
Осылайша, ғылымда құқық ресми түрде көрсетілген және мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекет белгілеген жалпыға міндетті нормалардың жиынтығы ретінде қарастырылады.
Құқықтың мәні өте үлкен: ол қоғамдағы экономика, саясат және өзге де қатынастар салаларындағы қатынастарды реттейді; азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Дәл осы құқық заңдылық пен құқық тәртібінің, қоғамның барлық құқықтық жүйесінің нормативтік негізі ретінде әрекет етеді.
Белгілері:
а) нормативті, жалпы сипаты, жалпыға міндетті, өйткені қоғамда құқықты қолдану арқылы қоғамның барлық мүшелерінің бірыңғай және тұрақты тәртіп ережелері белгіленеді;
б) формальды айқындық, өйткені құқық заңдарда және заңда көзделген өзге де дереккөздерде өз көрінісін табады. Оларды басып шығару және олардың орындалуын бақылау құқығы мемлекетке тиесілі.
Құқық функциялары мемлекеттің функцияларына сәйкес келеді. Осы ұқсастықты негізге ала отырып, бірінші жіктемеге сәйкес экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да функцияларды бөліп көрсетуге болады.
Егер құқық белгілері мен қоғамдық қатынастарға ықпал ету тәсілдеріне сүйенетін болсақ, онда келесі функциялар бөлінеді:
1. Реттеушілік-нормативтік-құқықтық актілерде қоғамдық қатынастарды бекіту арқылы іске асырылады. Бірақ бұл ретте қоғамдық қатынастардың еркіндігі мен ұйымдастырылуы қамтамасыз етіледі;
Құқықтың реттеушілік функциясы келесі жолдармен іске асырылады:
1) осы қатынастарды нормативтік-құқықтық актілерде бекіту жолымен жүзеге асырылады. Құқықтық нормалар қоғамның қалыпты жұмыс істеуінің негізін құрайтын қатынастарға жалпыға міндетті форманы береді;
2) қоғамдық қатынастардың жоғары еркіндік дәрежесі мен ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, оларды үздіксіз жетілдіру мен дамытуға ықпал ету жолымен жүзеге асырылады.
2. Ол оң құқықтық қатынастарды қорғауға және құқыққа қарсы мінез-құлықтың жолын кесуге бағытталған.
Қорғау функциясы құқыққа қарсы әрекеттер жасауға тыйым салу арқылы іске асырылады.
"Құқық" терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде қызмет бабында қолданылады. Кең мағынасы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандайда пікір қалыптасатыны сөзсіз. Заң ғылымында "Құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады: "Құқық" ресми түрде танылған және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы: адамдардың еңбек етуі, білім алу меншікке ие болу тағы басқа заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайда "Құқық" түсінігі субъект (тұлғалар) мағынасында қолданылады Субъективтік құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мысалы: әр адамның оқып, білім алуға құқығы бар. Сол оқу орынның ішкі тәртібіне бағынуға тиісті..Екіншіден "Құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективті мағынада құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен объективтік мағынадағы құқық және нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. "Құқық" туралы Конституцияда былай делінген: Қазақстан Республикасында қолданатын құқық қазақстанның, соған сәйкес заңдардың, өзгеде нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықтық шарттық және өзгеде міндеттерінің сондай -ақ Республика Конституциялық Кеңесінің Жоғарғы Соты
Үшіншіден "Құқық" термині оқу пәнін білдіретін ретінде қолданады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: Конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық құқық тағы басқа. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалардың жиынтығы. Мысалы: азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық нормалар жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Төртіншіден "Құқық" термині тұлғалық құқық пен объективті құқық ретінде қолданады. Осыған байланысты "Құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда. Сонымен құқық дегеніміз - мемлекет белгілеген санкциялаған жалпыға бірдей нормалардың жиынтығы.

2. Құқық жүйесі және нысаны
Құқық бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құбылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұнда адаммен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік құқық талаптарымен анықталады. Мысалы: адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ". Құқықтық жүйенің екінші бөлігі мемлекеттегі қолданатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі субъективтік құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен - бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы: тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асыруы қамтамасыз етілмесе, адамның өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі белгіленіп аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қойған болар еді.
Адамның әлеуметтік құқықтық талаптарының мағынасы оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты - құқық негізгі белгілерінің бірі құқық қағидалардан, ережелерден рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез - құлықтары туралы ереже. Сондықтан құқықтық нормалары - тұлғалардың іс - әрекетінің, мінез құлқының үлгісі. Мысалы: әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға, қай дінге жататынын өзі анықтауға, оны көрсетпеуге - көрсетуге хақылы .
Формальды анықтамалығы құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқық- оны құрайтын заңдарды, басқада нормативті актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы.
Құқықтың ендігі бір белгісі мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемелекет қағидалық жүзеге асырылуына, дұрыс қолдануын қамтамасыз етпесе, солар тек қағаз бетінде ғана жазылып қойылған болар еді. Мемлекет оның органдары тұлғалардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемді жағдай жасайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі. Егерде адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұқса, мемлекет оларды қорғайды.
Құқықтың тағы бір белгісі - адамдардың еркін білдіру. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы халық. Халық билікті тікелей республикалық референдуммен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай - ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3 бап).
Адам қажеттіліктері сай алуан болуы яғни, байланыстар туындайды. Осы қажеттіліктерді реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз - мінез - құлықтар, жүріс тұрыстың мөлшері, үлгісі. Мінез - құлық үлгісінің эталоны.
Құқықтың реттеу фунциясы-нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі әдіс - тәсілмен орындалу жолдарын,бағыттарын анықтап отыру. Бұл қызмет екі әдіс - тәсілмен орындалады:біріншісі - құқықтық нормада қатынастын орындалу жолдарын, бағытын көрсету,екіншісі - нормативтік актіде субьектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету.
Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Бұл функция әдіс-тәсілдері:
-қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау
-құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету
-жауапкершіліктің түрін көрсету
-жасаған қателіктер үшін субьектілерді жауапқа тарту
Құқықтың функциясы дегеніміз- адамдардың іс әрекетіне, мінезіне, тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері, сол арқылы қатынастардың дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтың мазмұнына, нысанына, белгі - нышандарына,функцияларына, қағидаларына жан-жақты түсінік беруді аяқтап, енді құқықтың қоғамдағы құндылығына қысқаша тоқтала кетейік. Құқықсыз қоғам дұрыс емес, прогрестік жолмен жақсы дами алмайды. Құқық пен мемлекет қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, дұрыс басқарып, дамытып келеді.Бұл обьективтік процесс.Құқықтың әлеуметтік құндылығы.
Құқық нормасы -- бүл шығу элементі, былайша айтқанда кірпіш, одан барлық құқық қүрылған. Объективтік құқық және құқық нормалары қатынаста болып, оның толығымен түтас бір-бір бөлігін қүрайды, ал анығырақ -- жүйе және оның элементі. Бүл жерде, әрине құқық қасиеттерімен түтас оның элементтерінің арасына -- құқық нормаларына бірдейлік қоюға болмайды (мысалы, үйдің қасиеті мен сапасын элементтердің өздерінің қүрылған қасиетімен салыстыруға болмайтын сияқты).
Құқық нормаларының қасиеті екі жағдайға байланысты белгіленеді:
а) құқық нормаларының әлеуметтік нормаларға қатыстылығымен;
ә) құқық нормаларының заңдық табиғатына байланысты. Әлеуметтік нормаларға қатыстылығы -- заң нормаларының мынандай сапасын қамтамасыз етеді:
1) ол қоғамдағы адамдардың тәртібін білдіреді;
2) нормативтік қасиеті бар -- тәртіптің кейіптік (типтік) өлшемі (эталон; үлгі);
а) адамдардың ортасы кейіптік белгілермен (жасы, есі дұрыстығымен) белгіленген, т.с.с;
ә) тежеусіз сандағы бір кейіпті (типті) оқиғаға есептелген;
б) кезеңдерге байланысты әрекетке кіріседі (әр уақытта, оқиға пайда болғанда, гипотезада көрсетілгендей).
Құқық нормаларының заңды табиғаттары олардың мынандай арнайы белгілерін белгілейді:
1. Құқық нормасы тікелей мемлекеттен шығады, не болмаса онымен санкция беріледі.
2. Ол мемлекеттік биліктің нұсқауы.
3.Мемлекеттің күшімен қорғалады, мемлекеттік мәжбүрлеудің мүмкіндігімен іске асырылады.
4. Құқық нормасы -- жалпыға бірдей тәртіп жолы (ол адамдардың бәріне бірдей міндетті, өзіне қатынасы бар адамдардың қоғамдық жағдайларына, заңды үйғарымдарға деген қатынастарынан тәуелсіз).
5. Құқық нормаларының формальды белгілігі бар:
а) ішкі үйымдастыру жағынан (ішкі нысандағы) ол дәл болуы қажет және анық үйғарымдарға сай болады;
ә) сыртқы нысандарына байланысты ол құқықтың арнайы қайнар көзі де болуы керек (нысанда) және нормативтік-құқықтық актілерде.
6. Ол тәртіптің интеллектуалды еріктегі реттеушісі ретінде әрекет етеді. Мүнда екі жағдайды ескеруіміз керек. Біріншісі, құқық нормаларының әрекетітетігінің өзімен байланысты.Құқық нормалары адамдардың тәртібін, тек олардың түсінігіне (интеллектуалды сәт) және олардың еркіне өзінің билікті мазмүнымен ықпал ету арқылы реттей алады (ерікті сәт). Екіншісі, құқық нормалары ерікті сипаттан түрады, ол түтасымен құқық сияқты мемлекеттік ерікті көрсетеді.
7. Құқық нормалары, тәртіпті тікелей реттеуде (ондай нормалар өте көп) рұқсат беру -- міндеттеу сипатында болады, яғни құқық субъектілеріне заңдылық құқықты беру және оларға заңды мін-деттерді жүктеу арқылы әрекет етеді.
Құқық нормалары әртүрлі негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Бірінші және көбірек белгілі топтастыру -- құқық нормаларының қай құқық саласына сәйкестігіне байланысты: азаматтық-құқықтық нормалар, әкімшілік-құқықтық нормалар, еңбек құқығы нормалары.
Заңды нормаларды құқықтың фукнциясына байланысты реттеушіге және қорғаушыға бөлуге болады. Реттеуші нормалар тәртіпті реттеудің позитивті жағын қамтамасыз етеді, ал қорғаушы -- оларды бүзылған кезде қорғайды.
Нормативтік-құқықтық актідегі жазылу сипатына байланысты заңды басқаруға, міндеттеушіге және тыйым салушыға бөлінеді. Бүл бөлу, жеткілікті түрде шартты, себебі қай норма болмасын, тікелей реттелетін тәртіп, заңды басқару -- міндеттеуші сипатта болады. Құқық жүйесінен арнайы нормалардың тобын бөлуге мүмкіндік бар. Олар өздері тәртіпті тікелей реттемейді, бірақ оларға құқық жүйесінің байланысы арқылы көмектеседі. Ондай нормаларға мыналар жатады:
а) жалпы нормалар (мысалы, міндетті орындауға жалпы жағдайды жасау, құқықтық субъектілік нормалар);
ә) дефинитивті (дефиниция нормалары), түсініктерді заңды түрде қүрушы (қылмыстың түсінігі, заңды түлғаның түсінігі, т.б.);
б) декларативтік (принциптер нормалары);
в) оперативтік -- құқық нормаларын жояды, оның әрекетін басқа аяға жаяды, олардың әрекетін созады, т.б.
г) коллизиондық -- нормалар арасындағы коллизиялық соқтығысуды шешеді, яғни нормалар арасындағы келісімділікті реттейді.
Заң нормалары өздерінің әрекет жасайтын аясына (ортасына) байланысты жалпылық және уақытша болып бөлінеді.
Әрекеттерінің уақытына байланысты -- жалпылық (белгісіз уақытқа белгіленген) және уақытша (белгілі уақытта ғана әрекет етуге).
Адамдардың бостандық деңгейіне байлапысты императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Біріншісінің мүлдемдік үйғарымы бар, яғни жақтардың ойлануына орын берілмейді. Екіншісі, өз еркімен әрекет жасайды, себебі, жақтардың келісімдері бойынша басқа ештеңе көрсетілмеген.
Заңдылық күшіне байланысты заң нормалары және қосымша актілердің нормалары болып бөлінеді.
Заң нормаларының құрылысы туралы мәселе -- оның құрылымы туралы. Құрылым -- жүйелі келу категориясына жатады және оны жүйенің элементтерінің арасындағы тиімді байланыс ретінде түсінеміз. Дегенмен, қүрылыммен қоса, қандай да болмасын жүйеде оның басқа жағы болады -- құрамы, яғни қажетті және жеткілікті элементтер жиынтығы (құрылым оларды соған сай байланыстырады). Сондықтан, қандай да болмасын тұтас объектінің құрылымын (жүйені) ашу үшін, оның құрылысы (элементтердің объектідегі байланыс жолдары) туралы және оның құрамы -- элементтердің өзі туралы айту керек. Алайда, дәстүрлі заң әдебиеттерінде құқық нормаларының құрылымы туралы мәселеде тек оның құрылысы туралы сөз болады.
Заң нормалары құқық жүйесінен шыққандықтан (элемент) өз жағынан жүйе ретінде көрсетеді (мини-жүйе), онда өзінің элементтері мен элементтер арасындағы байланысты табады.
Көңіл аударатын нәрсе, құқық нормаларының құрылымы мәселесі, шын мәнісінде, тек тікелей тәртіпті реттейтін нормаларға жатады, яғни өкілетті міндеттеушілерге. Әдебиетте көрсетілгендей, бүл сәт есепке кірмейді. Ал құқық жүйесінде басқа нормалардың түрлері бар. Мысалы, дефиниция нормалары, принципті нормалар, т.б.
Ертедегі дәстүр бойынша, құқық нормасынан үш элементті бөліп көрсетеді, оларды гипотеза, диспозиция және санкция деп атайды. Гипотезага нормалардың әрекетке араласатын жағдайын көрсететін нормалар бөлігі кіреді (заңды фактілерді сипаттайды).
Диспозиция нормалардың тәртіп жолының нұсқау көрсететін, яғни субъектілерде пайда болатын заңды құқықтар мен міндеттерді көрсетеді (С. С. Алексеев). Санкция нормалардың құқықтық мәжбүрлеу шараларының мөлшерін көрсететін бөлігі, яғни диспозицияны бүзғандығы үшін және ондай келудің сөз схемасы былай көрінеді егер..., онда..., ал қарсылық жағдайда....
Құқық өзінің өмірі үшін, заң нормаларының құрылымына басқаша да келуді қажет етеді. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін (өзгерді, тоқтады) екі элемент жеткілікті:
а) белгілі маңызы бар заңды жағдайларға нұсқау;
ә) сол жағдайларды туғызатын құқықтық нәтижелерге нұсқау;
Сондықтан, егер нормативтік-құқықтық актілердің сараптау мақсаты құқықтық нәтижелерді түсіндіру болса, яғни әртүрлі заңды фактілерді түғызса, онда құқықтық норманың екі элементтен түратын конструкциясы схема бойынша жеткілікті: егер..., онда....
Екінші жағынан, үш бөліктен түратын нормалардың құрылымын анықтап қарасақ, онда тағы да бір элементтің жоқтығын байқауға болады, ол -- санкцияның әрекетіне жасалатын жағдай туралы нұсқау. Өйткені, құқықтық қатынастар диспозиция негізінде қалай туса (позитивтік, реттеу құқықтық қатынастары), тура солай санкцияның негізінде де туады (қорғаушылық, күзетушілік құқықтық қатынастары). Ал құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Құқықтық норма ұғымы
Құқықтың психологиялық теориясы
Құқық пен мемлекеттің арақатынасы
Құқықтық норма түсінігін игеру
Құқықтық норма туралы
Құқықтың негізгі белгілері
Құқық теориясының негіздері
Құқықтың шығу теориялары
Құқықтық шығармашылықтың түрлері
Пәндер