Ежелгі Шығыс философиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Практикалық тапсырма
Тақырыбы: Египет, Вавилон, Қытай, Үндістан елдерінен шаққан философтар, ғалымдар. Олардың еңбектері.
7M02304- Филология
Орындаған:2-курс магистранты: Самалбаева Н.А
Тексерген: PhD.,Қ.Жұбанов ат, АӨМУ доценті,Кушкимбаева А.С.
Ақтөбе, 2020
Үндістан елінен шаққан философтар, ғалымдар. Олардың еңбектері
Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкеп соққан жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдыреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына, осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі ежелгі шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы Шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді. Дегенмен де, табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы өзгерістерді сиқырлы, танылмайтын беймәлім күштердің құдыретінен деп ұғып, адамға ұқсас құдай бейнесін жасау - абстрактілі ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, дүниетанымдық көзқараста философияның жеке бағыт болып қалыптасуына қажетті алғышарты болды. Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай, ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (кастаға) бөлінді: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән әртүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшатрийлерге әскери қызмет, вайшьилерге - ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші Ведаларда (веда - б.д.д.1500ж.) жинақталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: 1-Самхит - құдайларға арналған гимндер жинағы, 2-Брахман - самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т.б. 3-Араньякта (Орман кітабы) - брахманға тән ритуалдың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойланып-толғану сияқты көзқарас. 4- Ведалардың ең соңғы сатысы Упанишадта дәстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі мәнділік - Брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларды брахманмен қатар, синоним ретінде, атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман - тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол - саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі - пуруша және мен. Пуруша (еркек) ол - әлем, адам түріндегі әлем. Сондықтан атман бастапқыда пуруша түрінде болып, мен әлемді жаратамын деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта менді брахманмен, атманмен тең деп түсінгенде ғана, адам өзін Құдаймен, бүкіл әлеммен теңмін деп түсінеді. Ал мен бір бөлек, брахман, атман бір бөлек деп түсінетін болсақ, ол білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы білімділік, Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты - тірі кезінде атман-брахманмен қосылып - бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап-арбаусыз ой кешіп, атманды түсініп-білген адам нағыз брахман болып, Құдайға, әлемдік құрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы - ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білім алуы басты шарт болып саналады. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауына байланысты әртүрлі бағыттарға бөлінді: джайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья, т.б. (Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. Раритет, -- Алматы: 2006, 7-9 беттер). Бұл аталмыш философиялық бағыттар кейін ғылымның одан әрі дамуына септігін тигізген философиялық мектептер ретінде өздерінің лайықты орындарын тапты.
ДЖИНА МАХАВИРА (б.д.д.599ж. Кундапур, Вайшали қаласының маңы - б.д.д.527ж. Павапур) -- джайнизм және джайндік философияның негізін қалаушы. Будда Гаутаманың замандасы, личчхавтар тайпасының көсемі Сиддхартханың баласы. Ақсүйектер (раджакнязьдер) отбасынан шыққан, кшатрийлер кастасына жатады. Каноникалық жазбаларға сүйенетін болсақ, Махавира жастайынан жақсы білім алған әрі батыл, ержүрек ешкімге ұқсамайтын еді. Ата-анасы дүниеден өткен соң, бәрін тастап 30-жасында аскеттік өмірге бой ұрып, ұзақ сапарға аттанады. Сол кездері әртүрлі рухани практикада джайндық канондар айтқанындай көп нәрсенің көзін ашқан. Осыдан кейін ол өзінің ілімін қалыптастырды, кейін ілім ішкі қайшылықтарға қарамастан Үндістанда және басқа да елдерде әбден сіңісіп, бұл күндері аталмыш ілімді пір тұтатындардың саны - бірнеше миллионға жетіп отыр. Махавира (оны ізбасарлары нирванаға сапар шекті деп санайды) күн көтерілуіне бір жарым сағат қалғанда, Пава қаласының маңында (қазіргі Патна деп аталатын жерден қашық емес) қайтыс болды.
Философиялық шығармалары мен көзқарастары: Джайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары Сиддханта деп аталатын кітаптар жинағында келтірілген (б.д.д.III-ғ). Джайнизм (Джина - жеңімпаз) - этикалық ілім. Джайнизм сансараға (жанның бір денеден екінші бір денеге көшіп жүруі), кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Джайнизмнің басты мақсаты - қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Джайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан құтылу қажет. Джайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (акаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады. Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әртүрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады. Джайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп, мәңгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты айқындайды. Ол сансарадан азат болу үшін үш қазынаны сақтау керек. Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім-тиртханкалар деп аталатын 24- әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық-тазалықты, шындықты, сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты, т.б. сақтау. Ал шынайы білім-жанның шынайы мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса, мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның үшінші түрі өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында-жан алшақтағы және ұсақ заттарды түйсінеді, екінші сатысындаөз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жеккөрушілікті жеңген жан адамдардың қазіргі және өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды. Джайналардың пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатында әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта жер, келесі қабатта құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта құдайларға ұқсас джиндар орналасқан. Шындап келгенде, джайналардың пікірінше, құдай жоқ, оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz