Алғы дақыл


Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Агрономия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Бөрібұршақты өсіру технологиясы
Дайындаған:
Тексерген:
Жоспар:
- Кіріспе
Дақылдардың халық шаруашылығындағы маңызы
- Негізгі бөлім
- Дақылдардың биологиялық ерекшелігі
- Дақылдарды өсіру технологиясы
- алғы дақыл
- топырақты өңдеу жұмыстары
- себу жұмысы
- күтіп-баптау жұмысы
- жинау
- Ғылыми еңбектер
- Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Кіріспе бөлім
Дақылдардың ауыл шаруашылығындағы маңызы
Бөрібұршақ немесе люпин - бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Оныӊ жер шарында 200 түрі кездеседі. Еуропада 3 түрі (сары люпин, жіӊішке жапырақты люпин және ақ люпин) қолдан өсіріледі. Люпин топырақ талғамайды, өйткені тамыр жүйкесі күшті дамыған, топыраққа өте тереӊге кетеді, нашар еритін минералды қосылыстарды жақсы ерітеді және тамырына азот (1 га-дан 200-400 кг) жинайды. Пісіп жетілу уақыты 80-115 күн. Люпинніӊ тұқымында вегетативтік органдарында 46% протеин, 15-20% май, А, В, В1, В2, С витаминдері және т. б. қоректік заттар болады. [1]
Бөрібұршақ бағалы дәнді бұршақты дақылдарға жатады. Дәндібұршақ дақылдарының ішінде бөрібұршақ дәні мен көк балаусасында ең көп мөлшерде ақуыз (дәнінде 40-50, кейбір түрлерінде 61% дейін) болатындығымен ерекшеленеді.
Бөрібұршақ құрамында ащы және улы алколоидтардың болуынан, көп уақытқа дейін малға жем ретінде пайдаланылған жоқ. Қазіргі кезде біржылдық және көпжылдық бөрібұршақтардың алколоидсыз сорттары бар. Бөрібұршақтың малазықтық құндылығы 9-кестеде көрсетілген.
1-кесте Бөрібұршақтың малазықтық құндылығы
Дәні
сабан
көк балауса
сүрлем
116
32
12
16
30, 0
2, 3
2, 4
2, 3
-
0, 4
10, 0
2, 0
Бөрібұршақ дәнінде ақуызбен қатар, майлар да болатындықтан, оның дәні лак - бояу, пластмасса, сабын қайнату және басқа өнеркәсіп түрлерінде шикізатқа пайдаланылады. Бөрібұршақтың басты маңызы- құм, күлгін және басқа да құнарсыз топырақтардың құнарын арттыру мен физикалық қасиеттерін жақсарту үшін, оның көгінің жасыл тыңайтқышқа пайдаланылуы.
Бөрібұршақ - белсенді азот жинағыш, қолайлы жағдайда тамыры мен көк балаусасында 1 гектар жерден 200-400 кг дейін азот жиналады. Бөрібұршақтың жақсы жетілген және топыраққа тереңге енетін тамыр жүйесінің қиын сіңірілетін фосфаттар мен басқа да қосылыстарды жақсы ерітетін және сіңіретін қабілеті бар. Сондықтан, ол құнарсыз топырақтардың өзінен көк балауса өнімін мол береді және өсімдікті соқамен жыртып тастағанда топырақта көп мөлшерде органикалық заттар қалдырып, егістік жерді азот, фосфор, калий және басқа да қоректік заттармен байытады. Көк бөрібұршақ тыңайтқышы көңді толық алмастыра алады. [2]
II. Негізгі бөлім
- Дақылдардың биологиялық ерекшеліктері
Бөрібұршақ ұзақкүн өсімдігіне жатады. Ылғалға көп талап қояды, жылуға қатынасы түрлеріне қарай әрқалай. Суыққа төзімді формаларының көгі 6 0 С дейінгі үсікті көтереді. Топырақ талғамайды: құмды, сазды және басқа да құнарсыз топырақтарды жақсарту үшін егіледі.
Бөрібұршақтың негізгі түрі - көк немесе жіңішке жапырақты бөрібұршақ (L. angustifolius L) -біржылдық, көбіне өздігінен тозаңданатын, биіктігі 1-1, 5 м өсімдік. Тамыры топыраққа 1, 5-2 м дейін енеді және оның бойын түйнек бактериялары өте көп мөлшерде қаптаған.
Сары бөрібұршақ (L. luteus L. ) - біржылдық, көп жағдайда айқас тозаңданатын, биіктігі 1 м дейінгі өсімдік. 1000 дәннің салмағы 120-150 г.
Сары бөрібұршақтың суыққа төзімділігі төмен, ал вегетациялық кезеңінің ұзақтығы көк бөрібұршаққа қарағанда өте ұзағырақ. Ол құм топырақтарға жақсы бейімделген, топырақ ерітіндісінің қышқыл реакциясына төзімділігі нашарлау.
Ақ бөрібұршақ ( L. albus L. ) -біржылдық, көбіне өздігінен тозаңданатын өсімдік. Биіктігі 1, 5-2 м дейін. Тұқымы - ірі, майы көп (15% дейін) мөлшерде. 1000 дәннің салмағы 400-450 г. Ақ бөрібұршақ - жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа өте төзімді, вегетациялық кезеңі ұзақ өсімдік. Топыраққа көк және сары бөрібұршақтарға қарағанда көп талап қояды, бірақ құм топырақтарда да жақсы өседі.
Көпжылдық бөрібұршақ (L. polyphyllus Lindle. ) -айқас тозаңданатын өсімдік. Оның 3 м және одан да тереңге енетін мықты тамыр жүйесі, ірі жапырақтары және ұзын 40-50 см жететін гүлшоғыры бар. Бұршақбастары- ұсақ, ұзынша келген, ақшыл қою түктермен көмкерілген, піскен кезде ол қараяды. 1000 дәннің салмағы 25-30 г.
Көпжылдық бөрібұршақ-тез пісетін және өте суыққа төзімді өсімдік. Осы қасиетіне байланысты оны дәнге және жасыл тыңайтқышқа ең солтүстік аймақтарға егуге болады.
- Дақылдарды өсіру технологиялары
Алғы дақыл. Біржылдық бөрібұршақтарды негізінен жасыл тыңайтқыш ретінде өсіреді, себебі, олар бір гектарда 35-40 тонна көк балауса түзей алады. Осындай мөлшердегі өсімдік массасын топыраққа сіңіру оның құнарлылығын арттырады.
Бөрібұршақты ауыспалы егістің кез келген танабына орналастыруға болады. Дегенмен, күздік және отамалы дақылдар оның алғы дақылы болып саналады.
Бөрібұршақты бір танапта қайта- қайта өсіруге болмайды, себебі оның өнімі төмендейді. [3]
Топырақты өңдеу жұмысы.
Дәнді бұршақты дақыл болғандықтан, бөрібұршақ егісіне азотты минералдық тыңайтқыштарды қолданбайды. Бірақ, құнарлылығы шамалы топырақтарға егін себу кезінде әр гектарға әсерлі заттар есебімен алғанда 20-30 кг азотты тыңайтқыш берсе, онда дақыл жақсы өсіп жетіледі. Құмдақ топырақтарда калий жетіспегендіктен, сары бөрібұршақ егісінің әр гектарына 60 кг калийлі минералдық тыңайтқыш сіңірсе, онда оның дәнінің өнімділігі жоғарылайды.
Бөрібұршақтың тамыры топырақтағы қиын сіңірілетін фосфор қосылыстарын жеңіл сіңірілетін түрге айналдырып, өзін қамтамасыз ете алатын қасиеті болғандықтан, фосфор тыңайтқыштарын қажет ете қоймайды. Дегенмен, әр гектарға 35-40 кг фосфор тыңайтқыштарын енгізу бөрібұршақтың өнімін көтеруге әсер етеді.
Бөрібұршақ ылғал сүйгіш дақыл болғандықтан, барлық топырақ өңдеу жүйесі танаптағы ылғал қорын молайтуға бағытталуы керек. Сондықтан, күзде топырақ тереңге жыртылып, ал көктемде жер дегдісімен ылағл жабу, танаптағы арам шөптерді жою үшін тұқым себер алдында оны культивациялау жұмысы уақытылы жүргізілуге тиіс. [4]
Тамыр жүйесінің күшті дамуына байланысты малазықтық бұршақ топырақтағы қоректік заттарды жақсы пайдаланады. Соған қарамастан ол тыңайтқыштар қолданғанды тілейді. Әр гектарға 20 тонна көң сіңірсе, онда дақыл дәнінің де, көк балаусасының да өнімділігі артады.
Тұқымды себуге әзірлеу жұмысы оны әртүрлі аурулардан ( асхакитоз, фузариоз, бактериоз және басқалары) сақтандыру үшін препараттардың сулы суспензиясымен немеес дымқылдау әдісімен өңдеу басталады. Бұл үшін тұқым себуден кемінде екі апта бұрын 1 тонна тұқым 5-10 литр суға ерітілген 4-6 кг 70 прценттік тигам, немесе 4 кг 80 проценттік ТМТД препараттарымен дәріленеді.
Малазықтық бұршақ ерте себілетін дақылдардың қатарына жатады. Сондықтан оны ерте көктемде топырақтың тұқым сіңірілу тереңдігі 2-4 0 С температураға қызғанда себеді. Ол үшін СО-4, 2, СУПН-8, СКПП-12 және басқа сеялкаларды қолданады.
Тұқымды сіңіру тереңдігі ылғалы жеткілікті жерлерде 6-8 см, ал ылғалы шамалы танаптарда 8-10 см болады. Малазықтық бұршақты кең қатарлы
әдіспен себеді. [5]
Себу жұмысы.
Тұқым себу мөлшері көп жағдайларда, оның ішінде бөрібұршақтың түрлеріне, себу әдістеріне байланысты әртүрлі болады. Мысалы, жіңішке жапырақты және сары бөрібұршақтың қолайлы тұқым себу мөлшері әр гектарға 1, 0-1, 25 млн өнгіш дән болса, ақ бөрібұршақ үшін 0, 6-0, 8 млн өнгіш дән болады.
Дән алу үшін кең қатарлы әдіспен сепкенде сары бөрібұршақты бір гектарға 0, 45 млн өнгіш дән, ал жіңішке жапырақты бөрібқршақты 0, 7 млн дән сепкен дұрыс.
Көк балауса, сүрлем және жасыл тыңайтқыш үшін бөрібұршақты кәдімгі жай қатарлы әдіспен, ал танапта арамшөптер басым болған жағдайда кең қатарлы ( қатар аралығы 45 немесе 60 см ) әдіспен себеді.
Біржылдық бһрібұршақты тұқым алу үшін ерте сепкен дұрыс.
Көпжылдық бөрібұршақты көктемде бүркемелі дақыл ретінде қолданғанда ылғалды тиімді пайдалану үшін ерте себу керек, ал күзде оны тұрақты суық түскенде сепкен жөн.
Тұқым себудің қолайлы мөлшері бір гектарға 0, 3-0, 4 млн өнгіш дәннен (ылғалы азырақ аймақтар) 0, 6-0, 7 млн өнгіш дәнге дейін (ылғалы мол аймақтар) өзгеріп отырады.
Тұқым себу тереңдігі сары және жіңішке жапырақты бөрібұршақтар үшін құмдақ топырақтарда 3-4 см, ал саздақ топырақтарда 2-3 см. Көпжылдық бөрібұршақты 2 см тереңдікке сіңіреді. [6]
Күтіп -баптау жұмысы.
Топырақ қабыршығын жою үшін тұқым себілгеннен кейін оны тырмалаудан басталады. Егістікті екінші рет тырмалауды бөрібұршақтың 2-3 негізгі жапырағы пайда болған кезде жүргізеді.
Егістіктегі арамшөптерді жою үшін өсімдіктің қатар аралығын бірнеше рет культивациялайды. Бірінші культивациялау 5-6 см тереңдікте бөрібұршақтың үш - төрт жапырағы пайда болғанда, ал екінші рет бірінші культивациялаудан 10-12 күннен кейін 6-8 см тереңдікте жүргізіледі.
Танаптағы біржылдық қос жарнақты және астық тұқымдас арамшөптерді жою үшін егін сепкенге дейін (культиватормен топыраққа сіңіру арқылы) немесе өсімдік көктеп шыққанда ( топыраққа сіңірмей) әр гектарға 3-5 кг 50 проценттік прометрин қолданылады. [7]
Жинау жұмысы.
Бөрібұршақты пайдалану мақсатына байланысты әр түрлі мезгілде жинайды.
Көк азық үшін бөрібұршақты гүлдену мен көгілдір бұршақшалар пайда болу кезеңінің аралығында орады. Сары бөрібұршақтың жинау мерзімі жылтыр бұршақшалар пайда болатын кезең. Тұқым үшін себілген бөрібұршақты екі әдіспен жинауға болады. Бірінші әдіс-бөлектеп ору, оны бұршақтардың 70 % сарғайғанда жүргізеді.
Көп жылдық бөрібұршақтың собығы оңай шытынап кетеді де дәннің оңай ысырап болуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан оны тұқымға жинағанда барлық бұршақтарының жартысы піскен кезде бөлектеп ору керек. Дестеге түсірілген бөрібұршақтың дәні әбден пісіп жетілгенде комбайнмен бастырады.
Собығы шытынап кететін бөрібұршақтарды олардың негізгі сабағындағы бұршақтардың 90-95% сарғайғанда комбайнмен тікелей жинайды. Астық бастырғыш барабанының жылдамдығы минутына 600-700 айналымға тең болуы керек.
Тікелей оруды жақындату үшін бөрібұршақ егісіне дефолиация жүргізеді. Ол үшін тұқымдық бұршақ дәнінің физиологиялық толық пісу кезінде әр гектарға 10-20 кг мөлшерінде 80% уақталған дебос препаратын қолданады. Өсімдікті дефолиациялау егістің пісуін 10-12 күнге жылдамдатады. [8]
Ғылыми еңбектер.
«Егемен Қазақстан» газеті. 17 мамыр 2008 ж., №142-143 (25115) Дәнді-бұршақ дақылдары маңызды дақылдардың бірі. Оған қатысты проблемаларды бүгін шешпесек, ертең кеш қаламыз. Мұрат ӘБЕНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.
Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдары (Агробизнес-2020) агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы бағдарламасында өсірілетін негізгі дақылдардың өнімділігі әлемдік өнімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда төменгі деңгейде екендігі айтылған. Сонымен қатар Бағдарламада жүргізілген сараптамаға сәйкес, қайта өңдеуші сектордың дамуын тежеуші негізгі түрткіжайттар болып қайта өңдеуші орындардың жұмысын толық қамтамасыздандыра алмай отырған төмен сапалы шикізат пен оның жеткіліксіздігі саналады. ҚР Үкіметі мал шаруашылығын азықтық ақуызбен толық қамтамасыз ету туралы міндет қойды. Жыртынды жерлердің астық өндіру үлесіне 60 %-дан астам, ал кейбір аймақтарда 80% дейін келеді. Кейбір дақылдар әлемнің әр түкпірінде кеңінен өсіріледі, ал біздің елімізде бұл дақылдардың өндірілуге мүмкіндігі болса да қазіргі уақытта қолданысын таппай жүр. Оның ішінде: майлы дақылдар, бөрібұршақ, ноқат, жасымық және атбасбұршақ. Бұл баламалы дақылдар бірқатар артықшылықтардың арқасында Қазақстанның ауыл шаруашылығының диверсификациясы үшін жаңа мүмкіндіктер бере алады. Бұршақ дақылдары адам рационында маңыздылығы бойынша дәнді дақылдардан кейін екінші орында. Ақуыздылығы бойынша ет өнімдерінен асып түседі, сондықтан олар етті алмастыра алады. Басқа астық бұршақ дақылдары сияқты, жасымық белсенді азотфиксатор және түйнек бактериялары арқылы 40-90 кг/га азот сіңіре алады, ал бұл оны ауыспалы егісте жақсы алғы дақыл етеді, ал тұқымдары азықтанудың экологиялық таза өнімі болып табылады. Бұршақ дақылдарының агротехникалық маңызы: басқа дақылдарға қарағанда өсімдік ақуыздың көп жиналуын қамтамасыз етеді, топырақты азотпен аз тауысады.
Солтүстік Қазақстан жағдайында дәнді-бұршақ дақылдарының өнімі мен сапасы . М. Мұсынов, А. А. Қыпшақбаева, Б. Б. Базарбаев З. Т. Тлеулина, магистрант Е. Л. Петров., магистрант Мақалада Ақмола облысының күнгірт қара қоңыр топырағында дәнді бұршақ дақылдарының технологиясын жетілдіру бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Дәнді бұршақ дақылдарының өнімінің қалыптасуына әртүрлі сорттардың және себу мөлшерінің әсері зерттелді. Зерттеу нәтижесі бойынша асбұршақтың себу мөлшерін 0, 7-ден 1, 3-ке дейін, ал жасымықтың 2, 0-ден 2, 5-ке дейін жоғарлатқанда өнімділік артты. Зерттелген сорттардың ішінен ең өнімді сорт Аксайский усатый-55, оның өнімділігі-12, 3 ц/га, ол бақылау ретінде алынған Неосыпающийся-1 сортынан 2, 5 ц/га жоғары, сәйкесінше оның өнімділігі - 9, 8 ц/га. Жасымықтың 2, 5 млн өнгіш тұқым себілген Уаис Роуд сорты 22, 9 ц/га және Веховская сорты 21, 3 ц/га жоғарғы астық өнімін құрады. [9]
Морфологиялық сипаттамасы.
Бөрібұршақ (Lupinus L. ) -шөптесін бұршақ дақылы. Көптеген түрлерінің ішінде біржылдық және көпжылдық формалары бар. Өсімдіктің кіндік тамыры топыраққа 2 м тереңдікке дейін енеді. Сабағының биіктігі 1-1, 5 м, бұтақтанады.
Бөрібұршақ-күрделі саусақ жапырақты, гүлшоғыры- жоғарғы ұзынша шашақгүл. Жемісі-бұршақбас. Біржылдық бөрібұршақтың дәні ірі, ақ, сұр, шұбар, алқызыл. Көпжылдықтардікі-ұсақ, көбіне қара. [10]
Агротехникасы. Бөрібұршақты жасыл тыңайтқыш ретінде жаздық және күздік дақылдарға пайдалануға болады. Бірақ, оның сидералды сүрі жердегі рөлі артық. Сидералды сүрі жерге арналған танапты алдыңғы дақылды жинағаннан кейін, дереу 25-27 см тереңдікке жыртады. Қажеттілік болса жырту қабатын тереңдетеді. Келесі жылы көктемде танапты тырмалайды, сонан соң терең қопсытады, немесе қайта жыртып тастайды.
Біржылдық бөрібұршақты ерте жаздық дақылдардан кейін кәдімгі қатарлы тәсілмен себеді. Көк бөрібұршақ тұқымын себу мөлшері гектарына 180-225кг, сарынікі 150-175, ақтікі 200-250 кг болса, көпжылдық бөрібұршақтардікі 30-40.
Жаздық дақылдарға жасыл тыңайтқышқа біржылдық бөрібұршақты көктемде (сүдігер бойынша), қандай да болмасын ерте жинайтын бүркемелі дақылмен қосып себеді. Ылғал жеткілікті жағдайда бөрібұршақты көктемде күздіктерге үстемелеп себеді немесе ерте жиналатын дақылдардан кейін аңызға егеді. Күзге дейін ол көп мөлшерде көк балауса құрап үлгереді де жыртылып, жасыл тыңайтұыш рөлін атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz