Дәнді дақылдардың тамыршірігі және дақ ауруы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Дейтеромицеттер класының саңырауқұлақтарына жалпы сипаттама
2.2.Дейтеромицеттер класының саңырауқұлақтары туғызатын ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Фитопатология (грекше phyton - өсімдік, pathos - ауру, iogos - оқыту) - өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті - фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бәсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін және оның дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін зерттейді.
Фитопатология пәнінің мақсаты - өсімдік пен патоген арасындағы қатынасты химиялық, молекулалық, генетикалық деңгейде зерттеп, өсімдік ауруының пайда болып, таралуын алдын ала болжау, ауруға төзімді сорттар шығару, химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да әдістерді қолданып, аурулардың алдын алып, олардан келетін шығынды мейлінше төмендету.

II.Негізгі бөлім
2.1.Жетілмеген саңырауқұлақтар класы, немсесе Дейтеромицеттер (Deuteromycetes)
Бұл класқа тек гаплоидты сатыға дейін жетілетін көп клеткалы грибницасы бар саңырауқұлақтар жатады. Саңырауқұлақтардың сақталу және таралу функциясын конидиалдық спора түзу атқарады. Кейбір саңырауқұлақтардың қалталы, немесе базидиалы спора түзумен сипатталатын жыныстық сатысы да жетіледі. Алайда оның айтарлықтай маңызы жоқ. Жетілмеген саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің тіпті конидиалдық та спора түзуі болмайды, олар жыныссыз (стерилді) мицелий күйінде жетіледі.
Жетілмеген саңырауқұлақтар - саңырауқұлақтардың ең үлкен тобы. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шірік, дақ, дақтар, солу, өңез, жара т.б. ауруларын туындататын қоздырғыштарының басым көпшілігі жартылай паразиттерге (факультативті паразиттер мен факультативті сапротрофтарға) қатарына жатады. Конидиалды спора түзу типі бойынша дейтеромицеттер 3 қатарға бөлінеді: Гифомицеттер, Меланкониелілер және Сферопсидалділер, немесе Пикнидиалділер. Ал спора түзбейтіндер Стерилді саңырауқұлақтар қатарына жатады.
-Гифомицеттер қатары (Hyphomicetales). Спора түзу тікелей мицелийде жүреді; оны зақымданған өсімдіктің бетінде өңез күйінде байқауға болады. Бұл қатарға бөлінуі конидиеносцелер мен конидиялардың морфологиясына (тармақталуы, клеткалы болуы, пішіні, түсі т.б.) негізделген көптеген туыстардан тұрады.
Fusarium туысы - конидийлері түссіз, көпклеткалы, орақ тәрізді. Зығырдың солуын қоздырады - F. lini Bolley, асбұршақ ауруын - F. oxysporum Schlecht, астық дақылдарының фузариоз ауруының қоздырғышы - F. graminearum Schw. және басқалары.
Botrytis туысы - конидиеносцылары тарамдалған, конидийлері бір клеткалы, сопақша, конидиеносцыларының ұшында жинақталған. Ең жиі кездесетін түрі B. cinerea Pers - асбұршақ, қызылша, рапс, қырыққабат, сәбіз т.б. дақылдардың боз шірік ауруының қоздырғышы.
Drechslera (Helminthosporium) туысы - конидиеносцылары жақсы жетілген, конидийлері ұзынша, көп клеткалы, зең түстес. Арпаның жолақты дағының қоздырғышы - D. graminea Ito және арпаның торлы дағының қоздырғышы - D. teres Ito осы туысқа жатады.
Cercospora туысы - конидиеносцылары біріктіріп жинақталған, конидийлері ұзын, ұршық тәрізді, түссіз, бірнеше жерден бөлінген. Бұл туысқа қызылшаның церкоспороз ауруының қоздырғышы C. beticola Sacc жатады.
Alternaria, Macrosporium туыстары - конидиеносцылары қарапайым, дара немесе біріктіріп жинақталған, конидийлері шоқпар немесе жұмыртқа тәрізді, қоңыр түсті. Көптеген дақылдардың дақ ауруларын қоздырады, мысалы картоптың макроспориоз ауруының қоздырғышы - M. solani Ell.
-Меланкониелілер қатары (Melanconiales). Спора түзу мицелийдің арнайы түзілімдерінде (жастықша, немесе мицелиалды жатын) жетіледі. Кондиеносцылары қысқа, топталып, шоғырланып орналасқан. Конидийлері бір клеткалы, түссіз. Ең кең тараған ортақ атауы антракноз деп аталатын аурудың қоздырғыштары туыстар - Colletotrichum және Gloeosporium: жоңышқа антракнозы - Colletotrichum trifolii, зығыр антракнозы - C. lini Manns. Бұл ауруға шалдыққанда өсімдік жапырақтарында пішіні, көлемі әр түрлі дақтар пайда болады. Бұндай дақтар өсімдік жемістеріне, тұқымына, сабағына түссе жараға айналады.
-Пикнидиалдылар қатары (Pycnidiales, немесе Sphaeropsidales). Конидиалдық спора түзу шар немесе алмұрт тәрізді пикнидаларда жетіледі. Пикнидалар субстратқа батып тұрады да, бетінде тек қара ноқат күйінде байқалатын сыртқа шығатын саңылауымен кішкене бөлігі ғана болады. Конидийлер, немесе пикноспоралар, пикнидалардың ішінде, олардың қабырғаларында түзіледі. Ауру белгілері дақ (өңезсіз), немесе құрғақ шірік.
Туыстарға бөлінуі пикноспоралар мен пикнидалардың пішіні мен құрылсына негізделеді.
Phoma туысы - пикноспоралары ұсақ, бір клеткалы, түссіз. Бұл туысқа картоптың фомоз ауруының қоздырғышы Р. exuqua Desm.
Ascochyta туысы - пикноспоралары бір, кейде бірнеше бөліктерден тұрады, түссіз. Осы туыстың өкілі асбұршақтың аскохитоз ауруының қоздырғышы A. pisi Lib.
Septoria туысы - споралары түссіз, жіп тәрізді, көп клеткалы. Бұл туыс өкілдері - S. nodorum Berk және S. tritici Rob. дәнді дақылдардың септориоз ауруын қоздырады.
-Мицелиалдылар, немесе Стерилділер қатары (Myceliales). Спора шашпайды. Даму циклінде склероция (сақталу формасы) және вегетативтік мицелийі болады. Картоптың ризоктиноз ауруының қоздырғышы - Rhizoctonia solani Kühn, осы қатарға жатады. Бұл қатарға күнбағыс, үрме бұршақ, пияздың шірігі ауруының қоздырғышттары осы қатарға кіретін Sclerotium туысына жатады.

2.2.Дейтеромицеттер класының саңырауқұлақтары туғызатын ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары
Дәнді дақылдардың тамыршірігі және дақ ауруы
Бірінші және екінші тамыржүйелерінде, жер астындағы буынаралықтарда, эпикотилде, сабақ түбінде тамыршіріктері пайда болады. Өскіндердің өлуіне, өспей қалуына, сабақтардың өлуіне, іші бос масақтардың пайда болуына, дәннің семуіне әкеп соқтырады. Дәнді дақылдар кәдімгі питиоздық, ризоктониоздық, фузариоздық және офиоболездік тамыршірігімен зақымданады. Егіншіліктің топырақты қорғау жүйесі жағдайында кәдімгі және фузариоздық тамыр шірігі аса көп тараған.

Кәдімгішірік. Қоздырғыштары: Bipolaris sorokiniana (Sacc.) Shoemaker. (Deuteromycetesкласы, Hyphomуcetalesќатары).
Ауру жаппай тараған. Барлық дәнді дақылдар залалданады. Бұл ауруға арпа мен бидай жиі ұшырайды.
Тұқым арқылы тараған ауру өскіндерді зақымдап, өзгеріске ұшыратады, оларда қара қоңыр дақтар мен сызыќшалар пайда болады, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Топырақтан тараған аурудың белгілері көктеу - түптену кезінде білінеді, мұндайда сабақ түбімен алғашқы жапырақтың қынабы қоңыр түске боялады. Ауру егістердің сиреуіне, масақтың ағарып кетуіне, дәннің семуіне әкеп соқтырады. Ауру қатты дамығанда өсімдіктер қысқа бойлы болып, масағы дамымай қалады.
Қоздырғыш тұқымда, өсімдік қалдықтарында, арамшөптер де сақталады. Ауруға әлсіз өсімдіктер тез шалдығады.

Фузариоздық тамыршірігі. Қоздырғыштары: Fusarium текті саңырауқұлақтар (Deuteromycetesкласы, Hyphomуcetales ќатары).
Жаппай тараған. Ауру ылғалдылығы жеткілікті аудандарда аса зиянды. Дәнді дақылдардан бидай мен қарабидай қатты, ал арпа, сұлы және тары шамалы залалданады.
Ауру зақымданған тұқымнан, өсімдік қалдықтарынан тарайды. Залалданған тұқымдар өнбей қалады, көктеген кезде олардың өскіні немесе тамыршасы ғана дамиды. Өскіндердің колеоптилі, түптену буыны, тамырлары, эпикотилі қоңырланады. Өсімдіктің өліп қалуыда мүмкін. Өсімдіктердің өсуі мен дамуында артта қалушылық байқалады. Ауру өсімдіктер тамырлары шірігендіктен топырақтан оңай жұлынады. Жоғары ылғалдылықта зақымданған жерде ақшыл-қызғылт өңез пайда болады.
Тамыршірігі мен күресу шаралары: фитосанитарлық мағынасы бар сүрі жер мен бұршақ, рапс дақылдарың ауыспалы егіске енгізу; агротехникалық тәсілдерімен өсімдіктердің дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы олардың тамыршірігіне төзімділігін арттыру; тұқымдарды жылы ауа мен қыздыру; тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде ғана қолдану; мүмкін болса тұқымды терең екпеу; тұқымға фитосараптама жасау (зақымданған тұқымдардың зияндылық шегі 15%); тұқымдарды дәрілеуіштер мен залалсыздандыру;қаракүйеге қарсы қолданылатын дәрілер тамыршірігіне де аса тиімді. Ауру іште болмаса тұқымның ішінде тұқымға сырттан әсер ететін(контактылы) дәрілер қолдану қажет (...пестицидтер тізімі бойынша).

Септориоз.Қоздырғышы: Sеptoria nodorum Berk., S. tritici (Rob. Et Desm) (Deuteromycetes класы,Sphaeropsidales ќатары).
Қоздырғыштың бірінші түрі мен өсімдіктің барлық мүшелері зақымдалады, екінші қоздырғыш жапырақтар мен қынаптарды залалдайды. Көктеу кезеңінен бастап ақшыл немесе қара-қоңыр жиегі бар сұр түсті сопақша дақтар пайда
болады, кейін дақтар тұтасып жапырақ қурайды. Залалданған ұлпа түссізденіп кеуіп қалады. Онда қарадақтар - саңырауқұлақ пикнидтерін көругеболады. Ауру ортаңғы жапырақтарға, одан әрі жоғарғы жағына, кейін масаққа тарайды.
Қоздырғыш өсімдік қалдықтарында, тұқымда сақталады. Өсу кезеңінде ауру желмен тарайды, жаңбыр тамшысы немесе шық аурудың дамуына қолайлы жағдай тудырады. Септориоздың таралуына зақымданған өсімдік қалдықтарының болуы, азот пен қажетінше қоректенбеуі, әлсізденген немесе жиі орналасқан егістер, арамшөптермен ластану мүмкіндік туғызады. Септориоз жауын-шашын көп болған жылдары қатты дамиды.

Жапырақтардың сарыдағы.Қоздырғышы: Drechlera tritici-repentis (Died) (Deuteromycetes класы, Hyphomуcetales ќатары).
Аурудың сыртқы белгілері септориозбен ұқсас. Дақтар бастапқыда ақшыл қоңыр және қоңыр болады. Кейін көлемі ұлғайып, ақшыл жиегі бар қисық шеңбер түрлі даққа айналады. Соңында олар тұтасып кетеді. Аурудың айрықша белгісі - дақтардың қарақоңыр немесе қаратүсті орталық бөлігі.
Патоген өсімдік қалдықтарымен жабайы өсетін даражарнақтылар тұқымдастарында тыныш жатқан мицелий түрінде қыстайды, сондай-ақ тұқымдарда да сақталуы мүмкін. Аурудың дамуын жиі және қатты жауын-шашындар күшейтеді.

Арпаның торлы дағы.Қоздырғышы: Drechslera teres Ito syn. Helminthosporium teres Sacc (Deuteromycetes класы, Hyphomуcetales ќатары).
Түптену - масақтану кезінде жапырақтарда ақшыл-сарыжиегі, торға ұқсайтын суреті бар сопақша қоңыр дақтар пайда болады. Ауру зақымданған өсімдік қалдықтарынан тарайды. Оларда саңырауқұлақ мицелий түрінде сақталады. Бастапқы және кейінгі зақымдану конидиялар арқылы жүзеге асады. Ауру қоңыржай температурамен жауын-шашын көп болғанда қатты дамиды. Споралар жаңбыр мен желдің көмегімен тарайды. Қайталама егістікте, топырақ бетінде егін орағынан кейін қалдықтар қалғанда аурудың таралуына жақсы жағдай туады.
Арпаның жолақдағы. Қоздырғышы: Drechslera graminea (Rab) syn. Helminthosporium gramineum (Deuteromycetes класы, Hyphomуcetales ќатары).
Диффузиялық жолмен дамиды. Залалданған тұқымнан саңырауқұлақ өсу нүктесіне енеді де, өсімдіктің бойына тарайды. Басында жапырақтарда негізгі тарамды бойлай ақшыл-жасыл жолақтар пайда болады. Залалданған ұлпа біртіндеп қараяды да, қуарып қалады, жапырақ негізгі тарам бойымен жыртылып қалуы мүмкін. Ауру өте зиянды. Өсімдіктер қатты залалданғанда бойы өспей қалады, масақтанбайды немесе масағы дамымай қалады. Ауру өсімдіктердің тұқымы нашар көктейді, өскіннің түсі солғын болады. Ауру зақымданған тұқыммен өсімдік қалдықтарынан тарайды. Ауру көктем салқын әрі ұзақ болғанда қатты дамиды.

Қара-қоңыртат.Қоздырғышы: Bipolaris sorokiniana Sacc., syn. Helminthosporium sativum (Deuteromycetesкласы, Hyphomуcetales ќатары).
Ауру жапырақты, сабақты, масақ қабығын, өсімдіктің жерасты органдарын залалдайды. Ауру дөңгелек пішінді, ақшыл түсті дақ болып білінеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік ауруларының белгілері
Мақта аурулары
Бұршақ дақылдарының пероноспороз ауруы
Мақта қоңыр көбелегі
Экологияның техникалық дақылдарға (қант қызылшасы, қартоп) тигізетін әсері
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Дәнді дақылдардың аурулары
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Тары дақылы
Дән микроорганизмдері
Пәндер