Түркменстан туризмі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

  1. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 5Географиялық орны 5Жер бедері 6

1. 2. 1. Геологиялық құрылымы. Пайдалы қазбалары 6

  1. Климаттық жағдайы 8
  2. Су ресурстары 8
  3. Фаунасы мен флорасы 9

ІІ. ТҮРКМЕНСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК

ЖАҒДАЙЫ 11

2. 1. Экономикасының қазіргі жағдайы. Өнеркәсіптік және ауыл

шаруашылық кешені 11

2. 2. Халқының этникалық құрамы және демографиялық жағдайы 14

ІІІ. ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 16

3. 1. Туризмінің даму деңгейі, туристік орталықтары 16

3. 2. Түркменстан Республикасының экологиялық жағдайы 18

ҚОРЫТЫНДЫ 20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі кезде әлем назары экономиканың пайда әкелуші басты салаларының бірі туризмге ауып отыр. Бұл құбылыс қызмет көрсету көлемінің кеңеюіне, халықтың білім деңгейінің көтерілуіне және халықтың материалды жағдайының жақсаруына байланысты көптеген дамыған индустриалды мемлекетерде жүріп жатыр. Осыған орай қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі - халықтың демалуына жағдай жасау болып табылады.

Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдай-ларына әсер етеді. Сондықтан, осы мамандықта білім алып жатқан болашақ мамандар әлем елдері туралы толық мағлұматты білуі тиіс.

Жұмыс Түркменстан Республикасының өзіне тән ерекшеліктерін таныту, экономикасының артықшықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оның қызмет көрсету ел ретінде даму әлеуетінің негізгі жолдарын анықтауға арналды. Зерттеу жұмысы өте маңызды халықшаруашылық мәселелерді шешуге бағытталады.

Зерттеу объектісі Түркменстан Республикасының географиялық, экономикалық және туристік-экологиялық жағдайы. Зерттеу пәні ретінде ауданның туристік-рекреациялық ресурстарын туризм мен демалыс саласына пайдалану жолдарын зерттеу және экономикалық даму сипатын анықтау алынды.

Жұмыстың мақсаты бұрынғы ескі әдебиет құралдарындағы мәліметтердің қаншалықты өзгергендігін көру, аймақты толығымен сипаттап шығу. Экономикалық дамуы үшін басты жолдарды анықтау

Осы мақсатқа жету үшін жұмыс барысында жұмыстың келесі міндеттері анықталды:

  • аймақтың физикалық-географиялық орнына сипаттама беру; аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын анықтау; туризм және экологиялық жағдайын анықтау.

Жұмыстың методологиялық және теориялық негізін физикалық география, туризм және экономикалық география облысындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрады. Жұмысты жазу барысында Ратанова М. П, Горбылева З. М. еңбектері, интернеттің жаңа материалдары және статистикалық мәліметтер пайдаланылды.

Зерттеу әдістері: салыстырмалы-аналитика, жүйелі түрдегі талдау, синтез, тарихи -мәдени тұрғыдан зерттеу, экономикалық және статистикалық зерттеу әдістері қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Түркменстан мемлекеті үшін қарқынды дамуға ие болу үшін кері әсер етіп отырған факторлар анықталды;

  • елдің толықтай табиғигеографиялық жағдайына сипаттама жасалды;
  • экономикасына толық баға берілді;
  • туристік жағдайына баға берілді, туристік орталықтары анықталды;
  • студенттер және оқытушылар үшін өте маңызды статистикалық мәліметтер келтірілді.

І. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1. Географиялық орны

Түркменстан - Орта Азияның оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Батысындағы шекарасы Каспий теңізімен шайылып жатыр, солтүстігінде - Қазақстанмен, солтүстік-шығысы мен шығысында - Өзбекстанмен, оңтүстік-шығысында Ауғаныстанмен, оңтүстігінде - Иранмен шектеседі. Жалпы жер көлемі - 488, 1 мың км 2 . Халқының саны - 2581 мың адам (1976 жылғы санақ) . Астанасы Ашхабад қаласы.

Түркменстан алғашында 1921 жылы 7 тамызда Түркістан АКСР-ның құрамындағы Түркмен облысы ретінде құрылған болатын. 1924 жылы 27 қазанда ол Түркмен КСР болып өзгертілді. [2] .

Тажікстанның геосаяси жағдайы территориясын толығымен шөлдер алып жатуымен және оңтүстігінде иран тілді елдермен шектесіп жатуымен ерекшеленеді.

1 сурет. Түркменстан картасы

Елдің географиялық орналасуы әлемдік Мұхиттан алыс болуымен және оған шыға алатын жолдарының болмауымен сипатталады [2] .

  1. Жер бедері.

Түркменстан - Орта Азиядағы жер бедері толығымен жазықты болып келетін бірден бір мемлекет. Территориясының 1/5 бөлігі Қарақұм шөлі алып жатқан Тұран жазығында орналасқан. Тек қана оңтүстігінде аласа биіктікті таулар тізбегінің жолағы өтеді. Түркменстан территориясының қиыр оңтүстігінде ТМД-ның ең шеткі нүктесі Кушка тауы орналасқан. Елдің оңтүстігімен Копетдаг (биіктігі 2942м, Ризе тауы) тауы созылып жатыр. Ал олардан солтүстік-батыста екі тау жотасы: Кіші Балхан (777м-ге дейін биіктіктегі) және Үлкен Балхан (1881м) орналасқан. Копетдаг тауларына батысында каспий маңы ойпатымен қоршалып жатқан тауалды жазығы келіп түйіседі. Оңтүстік-шығыстағы Түркменстан шекараларына Мургаб өзенімен бөлініп жатқан Паропамиз тау алды жоталары (биік нүктелері Бадхыз (1267м) және Карабиль (984м) ) кіреді. Ең қиыр оңтүстік-шығысты Гиссар жотасының Кугитангтау (3139м, елдегі ең биік нүкте) сілемі алып жатыр.

Түркменстанның батысында - Красноводск ойпаты (308м), солтүстік-батысында - Үстірттің оңтүстік бөлігі орналасқан. Үстірттен оңтүстікке қарай жазықтармен бөліп тұратын тегісшыңды жер бедерінің шығыңқы бұталы жүйесін құрайтын (Капланкыр, Челюнкры және т. б. ) Заузбой қатпарлы ауданы созылып жатыр. Каспиймаңы ойпаты жанында Небитдаг, Боядаг, Кумдаг, Мондуклы сияқты аласа таулар көтеріліп жатыр. Копетдаг тауалды жазықтарынан солтүстік және солтүстік-шығыс қарай Орталық және Заунгуздық деп екіге бөлінетін Қарақұм алып жатыр. Амудария және Теджен өзендерінің аралығында Оңтүстік-Шығыс Қарақұм орын тепкен. Осы жердегі шөлдерге қатарлы және барханды, жартылай өімдіктер басқан құмдар, тақырлар және сорлар тән. Түркменстандағы Амудария өзенінің маңында аса енді емес Сандықлы құмдары жатыр.

Каспий теңізімен өтетін жағалау сызығы қатты тілімделмеген, ал солтүстігінде шығанақтар (Кара-Богаз-Гол, Красноводск шығанағы, Түркмен шығанағы), түбектер (Красноводский, Дарджа, Челекен) құрайтын ойысты бөліктері бар. Жағалау маңында Огурчинский, Камыш-лыада және басқа ұсақ аралдары орналасқан. [8] .

Тәжікстанда мыңға жуық тау мұздықтары бар. Олардың ішіндегі ең ірісі - Федченко таулы-далалы мұздығы, оның ұзындығы шамамен 70 км [11] .

1. 2. 1. Геологиялық құрылымы. Пайдалы қазбалары

Жалпы республика территориясының геологиялық құрылымына тау жыныстарының күрделі құрылымы тән, ол Жерортатеңіздік геосинклиналдық белдеуге кіреді. Түркменстан екі ірі тектоникалық элементтердің - эпипалеозойлық Тұран плитансы және Альпілік қатпарлы аймақтың бөліктерін құрайды. Тұран плитасының құрылымында: палеозойға дейінгі метаморфтық негіз, жоғарғы палеозойлық - триас кезеңінің эффузивті-шөгінді кешен және мезозой-қайназой платформалық шөгінді қабаты шоғырланған [2] . Осы территориялардың құрылу процесі өте ұзақ, тіпті геологиялық уақыттан да ұзақ жүрген.

Альпі қатпарлы ауданының элементі болып, Оңтүстік Каспий тауаралық ойпатының шығысын құрайтын Батыс-Түркмен ойпаты және Копетдаг таулары табылады. Солтүстігінде олар Оңтүстік Түркменстан шегімен оқшауланған.

Копетдаг және Тұран плитасының арасында Копетдагалды иілімі жатыр. Альпілік қатпарлық палезойғадейінгі метаморфтық негіз үстінде пайда болған, ал оның үстінгі бөлігі мезозой-палеогеннің геосинклиналдары мен геоантиклиналдарымен құрылған. Түркменстан территориясының шығыс бөлігін Гиссар жотасының оңтүстік-батыс сілемінің тау қатпарлары кездеседі. Жүйесі соңғы кайназой (альпі) тау түзілу кезеңінде өте қарқынды көтерілді. Ол әлі күнге дейін өсу үстінде. Қазіргі таңдағы жер бедері негізінен жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесі болып табылады [16] .

Елдің геологиялық құрылымының ерекше болып келуі жер қойнауының әртүрлі пайдалы қазбаларға бай болғандығынан көрінеді [1] . Маңызды пайдалы қазбалары - мұнай жән газ. Олардың кен орындары - Ленинское (Котурдепе), Барса-Гельмес және басқалары - Батыс-Түркмен ойпатының плиоцендік қатпарлығында пайда болған. Газдың маңызды орындары (Шатлык, Ачак, Наип және т. б. ) Түркменстанның шығысындағы платформалық бөлігінің мезозой шөгінділеріне келеді. Түркменстан барланған газ қоры бойынша ТМД елдері арасында 2-орын алады. Юра шөгінділерінде аз мөлшерде көмір қорлары анықталған. Ел минералды тұздарға, олардың ішінде ең бастылары калий хлоридтері және сульфаттар (ангидриттер тобы, гипс, мирабилит және т. б. ) болып саналады. Тұздардың негізгі қорлары Шығыс Түркменстанның ( Гаурдак, Карлюк кен орындары) юра кезеңдік тұз формацияларының нәтижесінде пайда болған. Және де Қара-Богаз-Гол шөгінділерінің нәтижесінде қалыптасқан.

Ртут кендері Копетдаг тауларында кездеседі; металл емес пайдалы қазбалардан - бентонит, озокерит, құрылыс материалдары өндіріледі. Пайдалы қазбалар санағына ішуге жарамды, өндірістік, йодты-бромды және минералды емдік сулар да жатқызылады. Жер асты суларының жаңа көздері 50-240 м тереңдіктен (Қарақұмда) анықталды. Жауын ретінде түсетін тұщы суларды сақтау үшін арнайы тақырларда суқоймалар салу жобалары жүзеге асырылуда[12] .

  1. Климаттық жағдайы

Шұғыл-континенталдық, құрғақ, температураның жылдық және тәуліктік үлкен амплитудасы, ауаның аз ылғалдануы, жоғары буланушылық және жауын-шашынның аз мөлшері Түркменстанға тән климат белгілері. Өте ыстық және құрғақ жаз байқалады. Қысы - аса суық емес, жылы, көктемде ылғалдылық жоғары, ал күзі- өте құрғақ болып келеді. Қаңтардың орташа температурасы солтүстік-шығысында -5 0 С, Атрек ауданында +4 0 С-ді құрайды. Абсолютті минимумы - Ташауз облысында байқалады, 32 0 С. Ал, абсолютті максимумы 49, 9 0 С. Амударияның төменгі ағысында жауын-шашын мөлшері 80мм, Қарақұмда 150мм, тау алаңдары мен баурайларында 200-300мм, таудһларда 40мм-ден жоғары. Қар жамылғысы аса тұрақты емес, негізінен солтүстік аудандарының өзінде бес-алты кұн ғана жатады. Солтүстік-шығыс, солтүстік, солтүстік-батыстан үнемі жел соғып тұрады. Копетдагта жазда гарм-силь атты құрғақ жел соғады. Қоңыржай және Маусымдар ауысқанда шаң дауылдары байқалады. Вегетациалық кезең 200-270 күнге созылады.

Түркменстанның барлық территориясында жауын-шашынның көп бөлігі көктем-қыс жыл мезгілдерінің үлесінен келеді.

  1. Су ресурстары

Түркменстан үшін су ресурстарының маңызы өте зор, себебі территориясының 80%-ы тұрақты су ағындары жоқ. Өзендер тек қана елдің оңтүстік және шығыс периферияларында ғана кездеседі. Басты суы мол өзені - Амудария. Елдің шығыс бөлігі арқылы өте отырып, ол 2 сипатта болады: көктемде - аз( жауын-шашын және аласа жатқан аймақтардағы қар еруден) және жазда - бастысы (биік таулы аймақтардағы мұздықтар мен қарлардың еруінен) . Амудария өз суларында суғарылатын жерлердің өнімділігін арттыратын пайдалы тыңайтқыштар әкеледі [1] .

Оңтүстігіндегі ірі өзендердің бірі Мургаб, Теджен және Атрек (жазда құрғақ арналарға айналады. Олар көктемгі су ағынын әкеледі. Мургаб және Теджен салалры олардың бойында суқойманың салынуымен және Қарақұм каналының көмегімен бақыланып отырады. Копетдаг тауының солтүстік баурайынан көптеген қысқа өзендер ағып өтеді. Ол толығымен жергілікті залықпен жер суғару шаруашылығында пайдаланылады. Жайылымдық мал шаруашылығында суды қамтамасыз ететін бқл - жер асты сулары (көбінесе тұзанып кеткен) . Жер асты сулары қысқы-көктемгі жерүсті суларын арттыратын жауын-шашын есебінен толады. Қарақұм каналы бойымен бірнеше оазистер орналасқан. [8] .

Көлдердің көбісі - тұзды көлдер. Олар Каспий теңізінің жағалауында және Узбой сағасының (олардың ішіндегі ең ірісі - Куули) бойында кезедеседі. Тұщы көлдерден Ясхан (Небит-Даг қаласын сумен қамтамасыз ету жолында қолданылады) және Топитан көлдері ең маңыздылары болып саналады. Тауларда қарстық жолмен пайда болған Коу-Ата және Хорд-жунли көлдері бар.

Маңызды өзендердің қоректену көзі - мұздықтар мен қарлар. Памир-Алай мұздықтарында 1300 км 3 тұщы су қоры бар. Олардан бастау алатын суы мол және қарқынды өзендер - елдің бағасыз табиғи байлығы. Тәжікстанда 10 км -ден асатын 947 өзен бар деп есептелінеді, олардың жалпы ұзындығы -28, 5 мың км. Әсіресе, жаз айларында су деңгейі максималды көрсеткішке дейін көтеріліп кетеді. Жалпы өзендер ағысы бойынша жиынтық су ағыны -95, 3 км 3 , ал оның тек 12 км 3 ғана пайдаланылады. Су ресурстарының сомалық әлеуеті 32, 3 млн кВт. Жобаларда Пяндж өзенінің бойында (13 станция), Вахш (8 станция) өзенінің бойында станциялар салу көзделуде. Елдің ең ірі станциялары Пяндж өзеніндегі Даштиджум және Рогун болуы керек [1] . Су ресурстарының шоғырлануы бойынша Тәжікстан ТМД елдерінің ішінде 1 орын алады. Қазір Вахш өзенінің бойында Нүрек, Рогун, Байпазин және т. б. станциялары бар [1] .

  1. Фаунасы мен флорасы

Өсімдік жамылғысы толығымен шөлге тән. Шөл құмдарында: ақ және қара сексеуіл, қандым, черкез, құм акациясы, астрагальдар өседі. Батпақтармен сорларда -сарсазан, поташник және т. б. өседі, Үстірт қыратында бұталы қараджа-черкез, кевреик, бұйырған, тетір және сұр тікен көп кездеседі. Өзен аңғарларын аралдық тоғай ормандары ( үйеңкі, тораңғы және лох) алып жатыр. Копетдаг тауының баурайында және жазықты тұстарына көбінесе эфемерлік әртүрлі шөптесін өсімдіктер тән. Биіктігі 1000мден аспайтын тау белдеулерінде ковыль өсімдігі толықтай көмкерген, ал 1500м-ден бастап аршалар кездеседі. Батыс Копетдаг тау аңғарлары жабайы өсімдіктер дүниесіне бай: жүзім, алма, алыш, миндаль, гранат, грек жаңғағы, инжир, фисташкалар т. б. Бадхызда фисташкалардың сирек ормандары шоғырланған. Бадхызда жыл бойы пайдаланыла беретін жайылымдар орналасқан [2] . Жануарлар дүниесіне келетін болсақ, шөлде әрине кеміргіштер: суыр, құмтышқандар, тушканчиктер және т. б. өте көп болады. Ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, бархан мысығы, дала мысығы, шиебөрі мекендейді. Құстардан: сексеуіл сойкасы, бозторғай, құм қарғасы, шымшықтар; қосмекенділерден: кесіртке, жылан (эфа, атылатын жылан, дала жыланы, кобра және т. б. ), дала тасбақасы; омыртқасыздардан: қоңыздар, сарышаяндар, қарақұрт, фалангтар көп таралған. Тауалды жотасында бай сүтқоректілер фаунасымен қатар, құстар фаунасы да өте бай: бозторғай, удод, рябки, стрепет, коршун, қара түлкі, леопаард, арқар, ешкі, мүйізді ешкі, жабайы мысық; құстардан: фазан, кекілік, каспий тау түйетауығы (ұлар) және т. б. Бадхызда -құлан, архар, ақбөкен, шибөрі мекен етеді. Амудария аңғарында - қабан, бұқар елігі, шибөрі, ал құстардан фазан бар. Амударя өзенінде көптеген балықтар тіршілік етеді: ақ амур және жалпақбет балық. Жағалау суқоймаларында суда жүзетін құстар мекендейді.


ІІ. ТҮРКМЕНСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ

2. 1. Экономикасының қазіргі жағдайы. Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кешені

Түркменстан Республикасы КСРО-ның құрамында болған кезеңде тек шикізат базасы ретінде танымал болды. Ол басқа республикаларға өңдеу жұмыстары үшін миллиондаған тонна шикізат жіберіп отыратын. 1991 жылдың аяғына дейін басқа елдермен еркін сауда қарым-қатыныстарында бола алмады. 1990 жылдың ортасында ел үкіметі Түұркменстанның сырқы байланыстарын жақсарту жолына түсті.

Ел экономикасындағы елеулі өзгерістер тәелсіздік алғаннан кейін көріне бастады. 1994 жылы инфляция деңгейі 2400% көрсеткіштен асып кетті, осы жылдары елдің ЖҰӨ көрсеткіші 50%-ға дейін төмендеді. Тек 1995 жылы ғана үкімет қалыпты реформалар қабылдады. Соның нәтижесінде инфляция деңгейі жылына 100%-ға дейін түсті, дегенмен елдегі ресми ақша курсы - түркмен манаты шетелдік инвесторлар үшін, халықаралық банк және Халықаралық валюта қоры үшін айтарлықтай қиындықтар туғызды және осы себептен ел экономикасы 1998 жылы дағдарысқа тап болды [13] .

Түркменстанның 2002 жылға ЖҰӨ көрсеткіші 31, 34 млрд долларды құрады. Мұндағы түрлі салалар үлесі төмендегідей болды:

2 сурет. Экономикасының салалар бойынша үлесі

Түрменияда қызметтердің шектелген приватизациясы жүргізілді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығығ энергетика, транспорт және байланыс әлі күнге дейін мемлекеттік секторды құрап отыр. Нәтижесінде көптеген мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі және субсидияға тәуелді.

1991 жылы Түркмен КСР еңбек ресурстары 1, 9 млн. адамды құраған, оның ішінде жұмыссыздар үлесі 0, 3 млн. адам. Егемендік туралы декларация қабылданғаннан кейін өнеркәсіптің көптеген салаларында жұмыс күші үлкен өзгеріске тап болды.

Жалпы ел экономикасының дамып-дамымауы үшін келесідей факторлар әсер етеді: (3-сурет)

3 сурет. Ел экономикасына әсер ететін басты факторлар

Түркменстанның экономикалық дамуына әсер ететін басты факторлардың бірі - су ресурстары. Елдегі су министрлігімен басқарылатын басты су ресурсы - Қарақұм каналы, 44 этраптық (аудандық) және 5 веляаттық (облыстық) суғару жүйесі басқармасы, 6 мыңнан аса суғару каналдары, жүздеген насосты станциялар және көптеген гидротехникалық құрылыстар. Су пайдаланудың тиімділігі өте төмен. Оны жақсарту үшін ел үкіметі 1993 жылы суға төлем ақы белгіледі. Түскен қаржы ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалады деп шешілді. Дегенмен, нәтижесінде төлем алып тасталды [7] .

Осы факторларға сәйкес, ең біріншіден Түркменстанға өнеркәсіпті дамыту керек. Себебі, ол әрі табыс көзі, әрі халықты жұмыспен қамтамасыз ететін басты орта болмақ.

Өнеркәсібінің басты салалары болып, газ, мұнай, химия, жеңіл, май өндіру, шарап жасау және де энергетикалық, құрылыс материалдарын шығару табылады.

Химия шаруашылығы йод, бром, натрий сульфаты, бишофит, эпсомит, глаубер тұзы, суперфосфат, күкірт, күкірт қышқылы, фторлы аллюминий, тұрмыстық техника өнімдерін шығаруды жүзеге асырып отыр. Қара-Богаз-Гол шығанағында «Карабогазсульфат» бірлескен кәсіпорны орналасқан. Одан басқа Чарджоу суперфосфат, Гаурдак күкірт зауыттары да бар.

Машинажасау және металл өңдеу өнеркәсібінің зауыттары: Ашхабад, Марый машинажасау зауыты, «Ашнефтемаш» зауыты бар.

Құрылыс материалдарын шығару өнеркәсібі негізінен шыны, цемент, асбестцементті құбырлар және парақтар шығару, кірпіш жасау жақсы жолға қойылған. Безмеинский, Ашхабадский, Марыйский, Небит-Дагский, Гяурс, Байрам-Али зауыттары құрылыс материалдарын шығаруға маманданған.

Жеңіл өнеркәсібі - мақтаны, жүн, жібекті бірінші реттік өңдеуден өткізетін текстиль өнеркәсібі жақсы дамыған. Тоқу-тігін фабрикасы - Ашхабадта және Мара қалаларында орналасқан. Жібек фабрика және аяқ киім өндіру фабрикасы Ашхабадта бар. Трикотаж өнеркәсібі - Ашхабад және Чарджоу қаларында. Мақта және жүннен тоқу-тігу фабрикасы - Чарджоуда.

Тамақ өнеркәсібі. Май жасау, шарапжасау, нанпісіру, кондитерлік, сырақайнату, тұз өндіру, ет және сүт өндіру салалары бар. Сүт және ет Байран-Али майкомбинатында, Ташауз майэкспеллерлі зауыты және Сарджоу зауытында өндіріледі. Орталықтары: Ашхабад, Геок-Тепе, Карабекаул [15] .

Тәуелсіздік алғаннан кейін ауыл шаруашылығыны жағдайы 1980 жылдармен салыстырғанда өте қатты төмендеп кетті. Сондықтан, осы жағдайда Түркменстан азық-түлік өнімдерін шетелден импортауға мәжбүр болды.

Бүгінгі таңда елдегі бар жыртылатын жерлердің көп бөлігі (810 мың га) мақта өсіруге пайдаланылады. 1980 жылдары Түркменстан жылына 1, 3 млн. т мақта шығаратын. Шығарылатын мақтаның 4/4 бөлігі де жоғары сапалы мақта сортына жатқызылған. Қазіргі кезед мақта шаруашылығын аз мөлшерде бидай өсіру алмастырып келеді. Себебі, мақтаға су өте үлкен мөлшерде керек. Басқа мәдениеттерден жүгері, қауын, қарбыз, жүзім және көкөністер өсіріледі. Үкіметтің ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке бергенімен, көп бөлігі мемлекет қарамағында.

Ел экономикасында мал шаруашылығы да үлкен маңызға ие. Әсіресе, қаракөл қойларын, ешкі, түйе және жылқы өсіру. 1996 жылғы мал шаруашылығының көрсеткіші 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте.

1996 жылы шығарылған өнім мөлшері

Шығарылған өнім
Мөлшері
Жан басына шаққандағы үлесі
№: 1
Шығарылған өнім: Ет
Мөлшері: 111, 2 мың т
Жан басына шаққандағы үлесі: 24, 2 кг
№: 2
Шығарылған өнім: Сүт
Мөлшері: 754, 8 мың т
Жан басына шаққандағы үлесі: 164 л
№: 3
Шығарылған өнім: Жұмыртқа
Мөлшері: 273, 1 млн дана
Жан басына шаққандағы үлесі: 54, 6 дана

2-кесте.

1997 жылы мемлекеттік және жеке меншік кәсіпкерліктердегі мал саны.

Түрі
Саны
№: 1
Түрі: Ірі қара мал
Саны: 1155, 6 мың бас
№: 2
Түрі: Қой және ешкі
Саны: 6138, 2 мың бас
№: 3
Түрі: түйе
Саны: 105, 6 мың
№: 4
Түрі: шошқа
Саны: 38, 7
№: 5
Түрі: Үй құстары
Саны: 4975 мың

Мал шаруашылығында басты саласы ретінде қой шаруашылығын атауға болады. Оның үлесіне ЖҰӨ-нің 30%-ы келеді. Негізінен дәстүрлі түрде қаракөл және сараджин қойлары өсіріледі. Соңғы 10 жылда қой саны 33%-ға, қой етін шығару -57%-ға, ал жүн шығару -22%-ға артқан [13] .

2. 2. Халқының этникалық құрамы және демографиялық жағдайы

Түркменстан халқы өте жоғары қарқынмен өсіп келеді. 1979 жылғы халық санағы бойынша 2759 000 адам, 1989 жылы -3534000, 1995 жылы - 4481000 адамды құраған. 2000 жылы - 5 200 000 адам, 2001 жылдың басында - 5369400, ал осы жылдың аяғында 5, 179 571 адамды құрады. Оның үстіне тек қана түркмендердің саны ғана тез өсуде.

Мұнда түркмендерден бөлек орыстар да тұрады - 313, 1 мың адам, өзбектер-179, 5 мың, қазақтар - 68, 5 мың, украиндықтар -35, 6, армяндар - 23, 1, азербайджан- 16, 8, белуджтар- 12, 3 және т. б. халықтар бар. Елде 40-қа жуық ұлт өкілдері өмір сүреді .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий жағалауындағы Ақтау қаласы
Маңғыстау туризмін дамытуды алға тарта отырып, осы аумақтағы ерекшеліктерді туристік нысан ретінде көркейту және осы арқылы Қазақстанның туризм саласының дамуына үлес қосу мәселелері
«Алтын Керуен» ЖШС – нің мысалында экономикалық және қаржылық жағдайы туралы
Қазақстан Республикасында туризмнің дамуы, оның мәселелері мен өзектілігі
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Ішкі туризм
Қазақстан Республикасында белсенді туризмді дамытудың перспективаларын анықтау
Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Яхталардың жіктелуі түрліше
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz