Ноқат - маңызды дәнді бұршақ дақылы
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Агрономия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Ноқат өсіру технологиясы.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Алматы 2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Дақылдың ботаникалық-морфологиялық сипаттамасы
2.2. Халық шаруашылығындағы маңызы
2.3. Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
-ноқаттың түршелері
-ноқаттың сорттары
2.4. Дақылдың өсіру технологиясы
2.5. Дақылдың зиянкестері мен аурулары
2.6. Ғылыми зерттеу жұмыстары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дәнді бұршақты дақылдарға-ас бұршақ,май бұршақ,үрме бұршақ,бөрібұршақ,жасымық,ноқат,ноғ атық және т.б жатады.
Ноқат(Cicer arietinum)--Қазақстан халқына онша таныс емес дақыл,ол Үнді,Бангладеш,Пәкістан,Жерорта теңізі елдеріне өте танымал екпе дақылы және сол елдерден шыққан. ХХ-ғасырдың соңына қарай ноқат дәнді бұршақ дақылдарының ішінде маңызы жағынан дүниежүзінде майбұршақ пен асбұршақтан кейінгі үшінші орынға шықты.Ноқат- біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдік. Тек бір түрі мәдени-Cicer arietinum және бұл біржылдық. Ноқаттың маңызы ол тағамдық және мал азықтық мақсатта қолданылады. Ноқат-құнды дәнді бұршақ дақылы болып табылады, себебі бұл дақылға дүние жүзі нарығында үлкен сұраныс бар. Ноқаттың ұсақ тұқымды түрлерінің отаны кіші Азия, ірі дәнді түрлерінің отаны Жерорта теңізі маңайы болып есептеледі. Осы жерлерде ноқатты ерте заманнан өсіріп келген.Дүние жүзінде ноқат 10 млн. гектарға себіледі де,оның 8 млн. гектардайы Азия елдеріне тиесілі.
Негізгі бөлім

Ноқат- бұршақ тұқымдастардың біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдігі. Тек бір түрі мәдени-Cicer arietinum және бұл біржылдық.
Тамыр жүйесі-кіндікті,көптеген жақсы дамыған бүйір тамырлары болады,олар топыраққа терең бойлайды да ұштарында азот фиксациясын жасайтын түйнек бактерияларын қалыптастырады,даму қуаты жағынан ноғатық пен асбұршақтан асып түседі.
Сабағы-тік өседі,қырлы,бұтақты,жапырылмайды,би іктігі 20-60 см және одан да жоғары болады.
Жапырақтары-дара қауырсынды,ұсақ,эллипс немесекері жұмыртқа пішінді.Өсімдігі балауызды түктермен көмкерілген,ал мұның өзі оны көптеген зиянкестердің зақымдпнуынан қорғайды.
Гүлдері-ұсақ,қосжынысты,жекелеген түрде жапырақтардың қолтығында орналасқан. Олардың түстері- ақ,ашық-қызғылт,қызғылт,қызыл,сары.
Жемісі-сопақша ұзарған пішінді,сабан түстес сары немесе күңгірт-күлгін,жиі түрде түкті. Бұршаққаптары піскенде жарылмайды,сондықтан егін жинағанда оның астық ысырабы асбұршақпен салыстырғанда шамалы.
Тұқымы-аздап бұрышты,шығыңқы тұмсығымен ерекшеленеді,беті тегіс,кейде әжімді. Тұқымның түсі негізнен гүлдерінің түсімен байланысты.Тұқымдарында 31%-ға дейін ақуыз, 60%-ға дейін көмірсулар, 4,5%-ға дейін май т.б болады.
1000 тұқымның массасы 250-315 гр.
2.2. Халық шаруашылығындағы маңызы
Ноқат-маңызды дәнді бұршақ дақылы.Азық-түліктік және мал азықтық мақсаттарға өсіріледі.Тұқымындағы белоктың мөлшері 20,1-тан 32,4%-ға дейін өзгереді.Белок жеңіл ериді. Ноқат астығына азықтық ферменттердің жоғары ингибиторлар мөлшері тән, ондай кемшілігін жою үшін түқымдарын жылумен өңдеу ұсынылады. Тұқымдарында көп мөлшерде фосфор, калий мен магний болады. Ноқат - лецитин, рибофлавин (В2 дәрумені), тиамин (В1 дәрумені), никотин қышқылы, колиннің мол көзі. Сортына байланысты тұқымдағы майдың мөлшері 4,1-тан 7,2 %-ға дейін өзгереді, осы көрсеткіш бойынша ноқат, майбұршақтан басқа, барлық дәнді бұршақ дақылдарынан асып түседі.
Ноқатты өсіретін аймақтарда оны азық-түлікке және мал азығына кеңінен пайдаланады, сонымен бірге консерві, макарон және кондитер өнімдерін өндіруде шикізат ретінде де колданады. Нан пісіруде, кондитер және макарон өнімдерін дайындағанда бидай ұнына ноқат ұнын араластырғанда (10-20%) аталған өнімдердің қоректілігі мен дәмдік қасиеттерін арттырады.
Ноқатты тағамға пісірілген және қуырылған күйінде, кофеге суррогат үшін пайдаланады. Азық-түліктік мақсатқа әдетте ақ түсті ірі тұқымдарын, ал күңгірт және ұсақтұқымды сорттарын малды азықтандыруға қолданады.
Құстардың азық рационында ноқатты балық ұнының орнына белокты жемазық ретінде пайдалануға болады.
Балауызды түктермен көмкерілген ноқат сабақтары мен жапырақтарында қымыздық, алма, лимон қышқылдары болады, сондықтан оның жасыл балаусасы мал азығына қолданылмайды десе де болады, тек қана қой мен жылқыға ғана, оның өзінде ұнтақтап берген жөн.
Ноқат-басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл.Дәнді бұршақ дақылдарының ішінде ол барынша құрғақшылыққа төзімді дақыл.Ноқат жылусүйгіш,сонымен қатар суыққа төзімді өсімдік,далалы аймақтыңагроклиматтық жағдайларына бейімделген,өйткені ол құрғақшылық пен аңызақтан аз зардап шегеді де басқа дәнді бұршақ дақылдарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары және тұрақты өнім қалыптастарады.
Ноқат жоғары технологиялық дақыл:егістігі жапырылмайды,кешіктіріліп жиналғанда астығы шашылмайды,тікелей орып бастырылатын дақыл.
2.3. Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
Ноқат асбұршаққа қарағанда жылуға жоғары талап қояды,әсіресе гүлдену және пісу кезеңдерінде,бозқырауға төзімді.
Ноқаттың тұқымдары 3-4 С температурада өне бастайды,оңтайлы температура 16-18 С,мұндай температурада оның егін көгі 9-10-тәулікте пайда болады,орташа мерзімде пісетін сорттары үшін белсенді температура жиынтығы 1500-1700 С. Ноқаттың егін көгі 9-11 С бозқырауды көтеруге қабілетті,ал ересек өсімдіктері күзгі 7-8 С аязды көтере алады.Бұл дақылды Өзбекстан мен Тәжікстанда күзге салым себеді,өсімдіктері-25 С-ға дейінгі аязды көтере алады.
Ноқат тұқымдарының бөртуі мен өнуіне өз массасының әртүрлі мөлшеріндегі суды (110-120%) қажет етеді,ал бұл олардың мөлшері мен химиялық құрамына байланысты.Басқа дәнді бұршақ дақылдарымен салыстырғанда ноқат қуаңшылыққа жоғары деңгейде төзімділігімен ерекшеленелі.Оның қуаңшылыққа жоғары төзімділігі өсімдік тканіндегі көп мөлшерде байланысқан судың болуымен және жасуша шырынының жоғары осмостық қысымымен түсіндіріледі.Қуаңшылық кезеңде ноқат өсуін тоқтатады,қолайлы жағдайлар қалыптасқанда тіршілігін жалғастырады.Ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі-бүрлену және гүлдену кезеңдері,басқаша айтқанда парменді өсу кезеңінде.
Ноқат топыраққа жоғары талап қоймайды,мұның өзі оны Қазақстанның барлық топырақ аймақтарында өсіруге мүмкіндік береді.Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі болғаны жөн.Ноқатқа жарамдылығы шамалы топырақтарға ауырсаздақты,қышқыл батпақтанған топырақтар жатады.
Ноқат астығының сапасын арттыратын негізгі фактор-қоректену элементтері:азот,фосфор,калий.Олард ы өсімдіктер көп мөлшерде сіңіреді. Қоректену элементтерімен салыстырғандағы ноқаттың қиын-қыстау кезеңі-бұтақтану кезеңі.
Ноқаттың түршелер тобына сипаттама
Ноқаттың 4 түртармағы кездеседі,ал ТМД мемлекеттерінде өсетіні-subsp.Eurasiaticum.Бұл тармаққа жататын түршелер мен сорттар биік болады және дәндері ақ түсті. Eurasiaticum түртармағына жататын
түршелер бірнеше жеке топтарға бөлінеді.Олар бір-бірінен өсімдік биіктігі мен түбінің пішіні мен түсі бойынша ерекшеленеді.
1. Биік түпті өсімдік (40-50 см), түйіскен,басына дейін бұтақтанады.Гүлдері қызғылт-сары-Оңтүстік Европа тобы.
2. Биік түпті өсімдік (30-40 см), шашыраңқы.Гүлдері ақ-Орталық Европа тобы.
3. Түбі орташа биіктігі (25-30 см), жоғарғы жағы шашыраңқы.Гүлдері ақ-Анатолий тобы.
Ноқаттың түршелерін анықтау
Ноқат түршелері бір-бірінен негізінен тұқымның пішіні мен түсі арқылы ажыратылады.Пішіні бойынша 3-ке бөлінеді:
-Шар тәріздес тұқымды-ноқат пішіні бойынша ас бұршаққа ұқсас,бірақ кішірек тұмсығы болады.
-Дөңгелек тұқым-жапалақтың басына ұқсас.Тұмсығына қарсы жағы екіге бөлініп тұрады.Тұмсығына қарай тұқым кеңейеді.Тұмсық ілгек тәрізді иілген.Тұқымның сырты-әжемді.Тұқым кіндігі-дөңгелек.Тұқым қабығы боялмаған.
-Бұрышты тұқым-қойдың басына ұқсас.Тұмсығына қарама-қарсы жағы екіге бөлінген.Тұқымның орта жағы кең,ал тұмсығына қарай кішірейеді.Тұмсығы ұзын,әлсіз иілген.Тұқым сырты тегіс емес.Кертігі сопақша.Тұқым қабығы боялған.
Ноқаттың сорттары
Кинельский 17. Орташа мерзімде пісетін сорт,қуаңшылыққа өте төзімді,аурулармен залалдануға төзімді,мол өнімді. 1000 тұқымның массасы 250-320 г. Павлодар облысында аудандастырылған.
Краснокутский 123. Орташа мерзімде піседі.Қуаңшылыққа төзімділігі жоғары,аурулармен орташа залалданады. 1000 тұқымның массасы 250-330 г. ШҚО,Ақмола облыстарында аудандастырылған.
Краснокутский 4. Ресейдің Красноград тәжірибе стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі,қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 260-270 г. Қарағанды облысында өсіріледі.
Юбилейный. Орташа мерзімді пісетін сорт.Қуаңшылыққа,ауруларға төзімді.1000 тқөымның массасы 260-315 г. Ақьөбе,Қарағанды,Қостанай,Оңтүстік Қазақстан,Батыс Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Камила 1255. В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Өзбекстанныі астық ҒЗИ бірігіп шығарған. Вегетация кезеңінің ұзақтығы тәләмдә жерлерде-100 тәулік,суармалы жерлерде-120 тәулік,жапырылмайды.Алматы облысында өсіруге рұқсат етілген.
2.4. Дақылдың өсіру технологиясы
Ноқатты Қазақстанда негізінен суарылмайтын егіншілікте өсіреді. Оған барынша жақсы алғы дақылдар: Республиканың солтүстік және орталық облыстарында таза сүрі жер, жаздық бидай; оңтүстік аудандарда - сүріден кейінгі күздік бидай, тары. Ноқат топырақты терең өңдеуді қажетсінеді. Себу алдындағы топырақ өңдеу БИГ-3 немесе БМШ-15 (БМШ-20) кұралдарымен топырақ бетін тегістеу, КПШ-5, КПШ-9 ж.б. культиваторлармен себу алдындағы культивациялауды қарастырады.
Қазақстанның барлық аймақтарында ноқат фосфор тыңайтқыштарын қажетсінеді. Тұқымды бактериялық тыңайтқыш - нитрагинмен өңдеу жақсы нәтижелер береді. Себуден кем дегенде бір ай бұрын ноқат тұқымын 80% ТМТД улы химикатымен (3-4 кгт тұқымға) ылғалдандыру тәсілімен дәрілейді.
Себу мерзімі ноқат астығының өнімі мен сапасына айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Дер кезінде және сапалы жүргізілген себу жұмысы ең алдымен тұқымның танаптық өнгіштігін арттыратын маңызды фактор. Себу мерзімі мен тәсілін, тұқымның сіңіру тереңдігі мен мөлшерін өзгерте отырып тұқымның өнуі мен көктеу жағдайларын тиімді реттеуге болады. Көкшетау АШҒЗИ-ның төрт жылғы деректері бойынша (В.Л.Винокуров, 1999) қара топырақтарда себу мерзіміне байланысты мынадай астық өнімі жиналды: 10 мамырда - 16,2; 15 мамырда - 12,5; 20 мамырда - 9,1 және 25 мамырда себілгенде - 5,4 цга. Осы деректсрге сәйкес айтылған институт ғалымдары ноқаттың оңтайлы себу мерзімі 10-15 мамыр (себу қабатының температурасы 8-10°С болғанда) аралығы деп есептейді. Бұл ерекшелік ноқаттың көктеуіне ұзақ уақыт қажеттілігімен түсіндіріледі, оның егін көгі бозқыраудан аз зардап шегеді, оның тұқымдары топырақтың сіңіру тереңдігіне 6-8°С жылы болғанда жаппай біркелкі көктейді.
Еліміздің әр аймақтарында жүргізілген көпжылдарғы зерттеу деректеріне сәйкес ноқаттың мынадай оңтайлы себу мерзімдері ұсынылады:
- Қазақстанның Солтүстік және Орталық облыстарында - мамырдың екінші оңкүндігі (10-20 мамыр);
- Оңтүстік облыстарда (Алматы, Жамбыл) - ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде себу тиімдірек.
Себу тәсілі агроклиматтық аймақтар мен аудандарда әртүрлі: себу агрегатының құрамы мен жалпы күйіне байланысты жаппай қатардағы, кең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz