Қарағай ағашы


Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : Қарағайдың еменмен және еменнің қарағаймен алмасуы
Орындаған:
Қабылдаған :
Алматы 2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Емен ағашы
2. 2. Қарағай ағашы
2. 3. Емен мен қарағайдың арасындағы айырмашылық
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Емен-шамшаттар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар. Емен - діңі жуан әрі мықты, биіктігі 40 метрге дейін жететін, жарық сүйгіш ағаш. Он бес-алпыс жылда жеміс бере бастайды. Дүние жүзінде 450-дей түрі кездеседі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі-кәдімгі емен. Емен ағашы жаңғағы арқылы көбейеді. Сопақтау келген жаңғағының сыртында қоңыр түсті, қатты, жылтыр қабығы болады.
Қарағай-қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгі жасыл өсімдік, 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі қарағай және самырсын қарағайы бар. Қазақстанда ботаникалық бақтарда қарағайдың: сары қарағай, тау қарағайы түрлері қолдан өсіріледі.
Негізгі бөлім
2. 1. Емен ағашы
Сипаттамасы
Емен (лат. Quercus) -шамшаттар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма - сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Емен - діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Биіктігі - 40 метр, діңінің жуандығы (диаметрі бойынша) - 2 метрге дейін жетеді. Емен ағашын таулы аймақтардан, Тобыл өзенінің жағалауынан табиғи түрін көруге болады. Еменнен ғана құралған ормандар ТМД елдерінде ғана бар. Ал, қала көгалдандыруда оны қала көшелерінен кездестіруге болады. Емен гүлдеп жеміс салады. Жаңғақтан өсіп шыққан емен ашық жерде өссе 20 жылдан кейін, ал орманды жерде өссе 50 жылдан кейін гүлдейді. Қызғылттау келген гүлі көктемде жапырағымен бірге шығады. Бұтақтары кең жайылып өседі. Сондықтан жас көшетін бірден кең орынға егу керек. Еменнің жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Жапырағының жиегі ирек, кесік және түзу түрлері де бар. Түсі қызыл, қоңыр, ашық жасыл. Бойы биіктеген сайын көлемі де ұлғайа түседі. Емен алғашқы уақытта жай өседі, 10 жылдан соң жылдық өсімі 0, 6-1 метрге жетеді. Емен биіктігімен қатар жайылып өскенді ұнатады. Кейде бір жыл ішінде жанынан шыққан бұтақтар 2 метрге дейін өседі. Осыған орай, халық арасында «Емен тон киіп өседі» деген сөз бар. Сондықтан оны өзге өсімдіктерге жақын екпеу керек. Емен 800-1000 жылға дейін өмір сүреді.
Кәдімгі емен - шамшаттар тұқымдасына жататын емен түрі. Қазақстандағы туыс түрлерінің жалғыз ғана өкілі, жабайы түрінде тек Батыс Қазақстан облысында ғана кездеседі. Емен отырғызатын жерлер соңғы жүзжылдықта шұғыл қысқарып кеткен. Осылайша, 19 ғасырдың ортасында емен Орал қаласынан оңтүстікке қарай 200 км жерде жай ғана ағаштардың қатарында болған. қазір тек қаланың солтүстік шығысында 30 км қашықтықта Орал және Елек өзендерінің аңғарларында, Республиканың солтүстік шекарасына дейінгі аралықта ғана кездеседі. Олар беткейдегі жарларда өседі. Кейбір анықтамалар бойынша табиғи еменнің Қазақстанда алып жатқан жері 830 га-дан аспайды.
Түр кеңінен таралғандықтан Қазақстан тұрғындары әсіресе, оңтүстік өлке тұрғындары жақсы таныс. Емен - біздің еліміздегі ең мықты ағашболып келеді. Биіктігі 40 метрге жетеді, кәрі емендердің діңдерінің жуандығы бірнеше метрге жетеді. Тамыр жүйесі мықты өзекті тамыры 5 метрге дейін тереңдеп жуан діңнің жетілуіне жағдай жасайды. Жас өркендердің қабығы тегіс, жылтыр, сұр, үлкен емендердің қабығы майлы қызғыштанып жарылып тұрады, қара-қоңыр түсті. Жапырағының пішіні өте әдемі - ұзын тақтасының үстіңгі беті қою - жасыл, астыңғы жағы ақшыл-жасыл, жылтыр, жиектері терең ойықталған, мұндай жапырақ тақтасының пішіні қалың қабыққа, жапырақтың көп мөлшердетүсуін қамтамасыз етеді.
Пайдасы жағынан қарағанда едәуір бағалысы еменнің сүрегі - мықты, қатты, әдемі суретті. Бәрінен бұрын оны кеме жасауда қолданады, сондай-ақ жиһаз, паркет төсеніштер, арнайы ыдыстар (бөшкелер) жасауда қолданады. Бұл ағаштың қабығы пайдалы. Ерте кезден бері тері өңдеуде қолданылады. Осыдан келіп процесстің атауы шығады (дубление) . Бояғыш заттар алу үшін жас қабық, жапырақ, кесілген ағаштардың өңделген кездегі қалдықтары (үгінділері, бұтақтар, қиындылар және т. б. ) қолданылады. "Жаңғақты" жапырақ (насекомдардың зақымдауларынан пайда болған шар тәрізді өскіндер) - жібек пен жүнді бояйтын бояу көзі. Еменнің қабығы біраз уақыттан бері заласыздандыратын дәрілік зат ретінде, қабынуға қарсы (тістің қызыл еті, асқазан және шек) пайдаланылады. Ерте кезде жаңғағы адамдарға азық болған. Қазір кейбір жағдайда олар кофенің орнына пайдаланылады.
Күтімі
Емен ерекше күтімді қажет етпейді. Топырағының құнарлы болғаны дұрыс. Бастапқыдағы қақаған аяз бен ызғарлы суыққа төзімді болуы үшін емен көшеттерінің тамырын терең егу қажет.
Қолданылуы
Көгалдандыру мақсатында қала жағдайында өсірілген емендерден гөрі табиғи жағдайда өсетін емендер көп жасайды. Қабығы мен жаңғағы емдік мақсатта қолданылады. Ал, жас жапырақты бұтақтарынан сыпыртқы жасап, моншада пайдаланады. Діңі мықты болғандықтан, әдемі де қымбат есіктер мен едендер осы емен ағашынан жасалынады. Емен өте мықты ағаш болғандықтан, құрылыста жиі пайдаланылады. Өскенде кеңге жайылып, көлемді орын алатындықтан, оны жеке аулаларға, тарлау жерлерге отырғызған тиімсіз. Көбінесе үлкен саябақтарға, көше, жол жиектеріне егіледі.
Емдік қасиеті
Еменнің дәрілік қасиеті ертеден белгілі болған. Дәрі жасау үшін еменнің жас тамырының қабығын сыдырып алып кептіріп, ұнтақтап, сол ұнтақтың 100 грамын жарты литр спиртке салып, бір ай тұрғызып сүзеді. Мұны әйелдердің жатыры қабынып, одан қан кеткенде күніне бір шай қасықтан 3 рет 2 ай ішкізеді. Парадонтозбен ауырған адам, емен ағашының 100 грамм ұнтағын жарты литр суға салып 15-20 минут қайнатып, ыстықтай қашан тәуір болғанша шайса, өте жақсы көмектеседі. Жемісін күзде қыркүйек айында теріп алып кептіреді. Соның данасын жарты литр суға салып 10-15 минут суға қайнатып, 2 күн тұрғызып, сүзеді. Үстіне 100 грамм алма сірке суын қосып араластырып шайқайды. Дәрі даяр. Мұны жатырдан қан аққанда, жатырға суық тиіп қабынғанда күніне 30 грамнан 3 рет 2 ай ішіп, 10 күн демалып, қашан тәуір болғанша қайталап пайдаланады.
2. 2. Қарағай ағашы
Бұл жоғары сатылы өсімдіктердің ең ертедегі тобы. Жер бетінде 350 млн жыл бұрын пайда болған. Ашықтұқымдылар (жалаңаштұқымдылар) 700-дей түр жатады. Олар-тұқымдары арқылы көбейетін ағаштар мен бұталар. Ашықтұқымдылар бөлімі 6 кластан тұрады, олардың екеуінің өкілдері түгелдей жойылып кеткен. Қалған төрт класының өкілдері қазіргі кезде кездесетін өсімдіктер.
Ашықтұқымдылардың жалпы сипаттамасы:
-600 шамасында түрлері болса, оның 100-ге жуығы қарағай түрлерінің
үлесіне тиеді
-ағаштектестерге жатады, алайда бұта тектестерде кездеседі
-жапырақтары ине тәрізді
-мәңгі жасыл өсімдіктер
-гүлі және жемісі болмайды
-негізгі тамыры болмайды
-әртүрлі жынысты өсімдіктер
-ұрықтану судың қатысуынсыз жүреді
-аталық гаметалары-қозғалыссызспермалар
-көбеюі тұқым арқылы жүзеге асады
Сипаттамасы
Қарағай (лат Pinus) -қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгі жасыл өсімдік, 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныңкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қалқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады.
Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2-5-тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2-3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2-3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы-қара не сұр түсті, қантты кейде қантсыз болады. Қарағай ағашы 300-500 жыл жасайды. Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтар мен Солтүмтік Америкада өсетін 100-ге жуық түрі белгілі.
Қарағай түрлері:
-кәдімгі қарағай
-қарақарағай
-бозқарағай
-тауқарағай
-майқарағай
-Балқарағай
-қырым қарағайы
Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі қарағай және самырсын қарағайы бар. Бұлар Республиканың солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда ботаникалық бақтарда қарағайдың: сары қарағай, тау қарағайы түрлері қолдан өсіріледі.
Самырсын қарағай - жаңғағы жеуге жарамды қарағайдың түрі. Қылқан жапырағы бес - бестен қысқа өркеніне топтанған ағаш. Бүрі қақырамайды, 2 - жылы пісіп жетіледі, түгелдей түседі. Дәні ірі, үлпілдек қанатсыз (кейде түсіп қалатын қанатты), сырты қатты қабықты. КСРО - де Сібір самырсын қарағайы өсті. Бұның биіктігі 35 метр (кейде 1, 5-2 метр) диаметрі 1, 8 метрге дейін, бөрік басы қомақты сүйір. Қылқанның ұзындығы 6-13 сантиметр, 3 қырлы, көкшіл түсті, 3 - 5 жылда түсіп қалады. Дәні қара қоңыр, ұзындығы 10 - 14 мм, ені 6-10мм, 5- 6 жасында көп жаңғақ шығады. Самырсын қарағай 500 жыл тіршілік етеді, 20 - 70 жасынан 250 жылға дейін жеміс береді, дәнінен самырсын майы алынады. Орал, Батыс Сібір, Якутияда жаңғағы көп жиналады. Тау беткейлерінде майқарағай, үйеңкі, жөкемен бірге өседі. Самырсын қарағай тобына самырсын стланник, еуропа қарағайы, италия қарағайы жатады.
Күтімі
Жас көшетін ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа отырғызу керек. Жыл сайын көктемде қылқанжапырақты ағаштарға арналған минералды заттармен қоректендірген жөн. Қоректік заттары жеткілікті қарағай қылқанның түсі қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді.
Емдік қасиеті
Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағайдан терпентин майы, скипидар, сірке суы, жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир май алынады. Сондай-ақ әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.
Қарағай-табиғаттағы дәрігер. Қарағай өнімдері медицинада толығымен емдік қызмет атқарады. Қарағайдың пайдасы-демікпені емдеу, өкпе туберкулезі, иммунитет, асқазан ауруы, жөтел, қан тоқтату, аллергия, жараларды жазу, суық тию, ағзаның жалпы жағдайын жасау.
-Қарағай шайырын тіс пен қызыл еттің мықтылығын және тазалығын сақтау үшін шайнауға болады. Қарағай өнімі қан тоқтату мен аллергияны да емдеуге пайдаланылады. Қарағайдың бүршіктері,
-Қарағайдың бүршіктері мен шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады.
-Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.
2. 3. Емен мен қарағайдың арасындағы айырмашылық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz