Дақылдың өсіру технологиясы


Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Агрономия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы :Ноқат өсіру технологиясы.
Орындаған:
Қабылдаған :
Алматы 2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Халық шаруашылығындағы маңызы
2. 2. Дақылдың биологиялық ерекшелігі
2. 3. Дақылдың өсіру технологиясы
III. Қорытынды
IV. Ғылыми әдебиеттер
I. Кіріспе.
Ноқат (Cicer arietinum) - бұршақ тұқымдастардың біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдігі. Құнды дәнді бұршақ тұқымдас дақылы ноқатты болып табылады, себебі бұл дақылға ел ішінде де, дүние жүзі нарығында да үлкен сұраныс бар. Жалпы дала аймақтарында ноқаттың тұрақты жоғары өнімділі агроценоздарын құрудың нақты мүмкіндігі бар. Ноқат дақылын көлемдерін ұлғайту бұл дақылды өсіру технологиясы туралы ақпараттың жеткіліксіздігімен тежелуде. Жалпы құрғақшыл жағайларына бейімделген ноқат өсіру технологиясы бойынша ұсынылып отырған ұсынымдар осы дақылдың егістіктерін ұлғайтуға, тұрақтандыруға және шаруашылықтардың экономикалық ауқаттылығын нығайтуға ықпалдасады деп үміттенеміз. Ноқаттың аралас егістерінде гүлдеу кезеңінен жеміс салу басталғанға ноқат газа егістерден қалыс қалған. Астық тұқымдастар туралы айтар болсақ, аралас егістердегі оның өсімі қарқынды екені байқалған астық тұқымдастармен және басқа қоспасында оның өсімдіктері төменгі қабаттарда орналасатыны байқалған, өсімдіктердің бұлайша орналасуы агрофитоценоздардың күн сәулесін жақсы пайдалануға септігін тигізеді. Ноқаттың маңызы ол тағамдық және техникалық дақыл ретінде.
II. Негізгі бөлім.
2. 1. Халық шаруашылығындағы маңызы.
Ноқат, бұл - біздің өңірімізде жаңадан қолға алынып, егіліп, өсірілуі келештекте жаппай өндіріске енгізіледі деп күтіліп отырған дақыл. Ол әр елде әрқалай аталады. Оның нут, ноқат, қойбұршақ, қос дәнді бұршақ, түрік бұршағы, мухорта, наут, мохнатка, гнуг, пузырник секілді 39 түрі бар. Негізінен олар Азияның орталық және батыс аймақтарында өсіріледі. Ал дәнді дақыл есебінде бір-ақ түрі егіледі. Біздің елімізде жабайы түрі мүлде жоқ десе де болады. Ноқаттың дән құрамында 25% ақуыз, 46% азотсыз экстрактілі заттар, 45% май, 4 жасуша және 3, 5% бейорганикалық заттар бар. Масақты дақылдардың дәнінен ноқаттың дәнінің айырмашылығы оның құрамында адам және жануарларға қажетті аминқышқылдардың бәрі бар және де бұршақ тұқымдастар дәнінде олардың тағамдық, әрі азықтық қасиетін арттыратын түрлі A, B B., С т. б. Витаминдері бар.
Оны тамаққа, малға жем есебінде пайдалануға болады. Сондай-ақ, көк бұршақ консервісі шығарылады, басқалай да жолмен тамақ өнеркәсібінде көп қолданылады. Ноқат ұны күнделікті тамаққа пісіріліп те, қуырылып та пайлаланылады. Ноқатты өсіретін аймақтарда оны азық-түлікке және мал азығына кеңінен пайдаланады, сонымен бірге консерві, макарон және кондитер өнімдерін өндіруде шикізат ретінде де колданады. Нан пісіруде, кондитер және макарон өнімдерін дайындағанда бидай ұнына ноқат ұнын араластырғанда (10-20%) аталған өнімдердің қоректілігі мен дәмдік қасиеттерін арттырады. Диета сақтау, балалалар тағамы және халуа жасау үшін тағамның түр-түріне қосып пайдалануға әбден болады. Ноқат ұны медицинада асқазан ауруларына көп жәрдемдеседі. Ал мал шаруашылығында ноқат жоғары ақуызды қоспа түрінде қолданылады. Сауын сиырының сүтін, сүттің майлылығын көбейтуге, жас төлдің, бордақыға қойылған малдың салмағын арттыруға, қойдың жүні мен салмағын өсіруге бірден-бір керекті мал азығы. Ноқаттың ашық түсті сорттары азық-түлікке, ал қоңыр тұқымдары- мал азығына пайдаланылады. Ноқаттың көк балаусасын мал (қойдан басқасы) онша жемейді, өйткені оның өсімдіктерінің құрамында қымыздық және алма қышқылдары болады. Ноқаттың 100 кг дәнінде 115, 3 а. ө. және 16, 5 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде- 57, 2 а. ө. және 9, 8 кг қорытылатын протеин болады. Ноқатта адамға және мал организіміне өте қажетті амин қышқылдары мөлшері (тиразин, триптофан, лизин т. б. ) жөнінен басқа бұршақ дақылдарынан кем түспейді. Оның дәнінде 50 пайыздан астам амин қышқылдары кездеседі. Ноқат өте жоғары белокті жемшөп ретінде жүгері немесе арпа дәндерімен араластырып малға беріледі. Сонда сауын сиырлардың сүттілігі, тауықтардың жұмыртқалағыштығы артады. Малға азық ретінде ноқаттың сабанын да береді. Оны ұсақтап, булап берген пайдалы. Ноқат сабанында 5, 5% белок, 43, 3 азотсыз экстрактивті заттар, 45, 1% клетчатка және 6, 9% күл бар.
Ноқат - басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл. Дәнді бұршақ дақылдарының ішінде ол барынша құрғақшылыкқа төзімді дақыл. Ноқат жылусүйгіш, сонымен қатар суыққа төзімді өсімдік, далалы аймақтың агроклиматтық жағдайларына бейімделген, өйткені ол құрғақшылық пен аңызақтан аз зардап шегеді де басқа дәнді бұршақ дақылдарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары және тұрақты өнім қалыптастырады. Ноқат жоғары технологиялық дақыл: егістігі жапырылмайды, кешіктіріліп жиналғанда астығы шашылмайды, тікелей орып бастырылатын дақыл.
Дақылдың шығу тарихы . Ноқат Қазақстан халқына онша таныс емес дақыл, ол Үнді, Бангладеш, Пәкістан, Жерорта теңізі елдеріне өте танымал екпе дақылы және сол елдерден шыққан. ХХ-ғасырдың соңына қарай ноқат дәнді бұршақ дақылдарының ішінде маңызы жағынан дүниежүзінде майбұршақ пен асбұршақтан кейінгі үшінші орынға шықты. ФАО деректеріне қарағанда ноқат егістігі 15 % иеленеді.
Ноқаттың ұсақ тұқымды түрлерінің отаны кіші Азия, ірі дәнді түрлерінің отаны жерорта теңізі маңайы болып есептеледі. Осы жерлерде ноқатты ерте заманнан өсіріп келген. Дүние жүзінде ноқат 10 млн. гектарға себіледі де оның 8 млн. гектардайы Азия елдерінде себіледі. Ноқаттың аздаған көлемі балқан түбегіндегі елдерде, Францияның оңтүстігінде, Испанияда, Мексикада себіледі. Және де ноқат ерте заманнан Орта Азияда, Сырт Кавказда себіліп тамаққа, мал азығына пайдаланылып келген.
2. 2. Дақылдың биологиялық ерекшелігі.
Ноқат, әсіресе гүлдену және дәндеу кезеңдерінде бұршаққа қарағанда жылу сүйгіштігімен ерекшеленеді, бірақ жас өскіндері суыққа төзімді келеді.
Ноқат өзге бұршақ тұқымдастардан гөрі топырақ ылғалсыздығына және ауа қуаңшылығына шымдамды болады, әрі дән құрттарымен (зерновка) сирек жарақаттанады.
Ноқат- жылуды басқа бұршақ тұқымдас өсімдіктеріне қарағанда көп қажет етеді. Тұқымы 3-4°С температурада өне бастайды. Біркелкі көктеп шығуына ең қолайлы температура 7-8°С. Ноқат өскіндері 8°С дейінгі үсікті көтере алады. Гүлдеу-дән байлау кезеңдеріндегі жоғары температура оның өніміне кері әсер етеді. Ноқаттың дәні 3-4 С жылылықта көктей береді. Тәуліктік орташа жылылық 5-6 С болғанда ноқат 20-25 күнде көктеп шығады, жылылық 10-12 С болғанда бұл кезең 10-12 күнге, ал 15 С болғанда 7-8 күнге дейін азаяды. Көгі 8 С дейінгі суыққа шыдайды. Сонымен, ноқат үшін жылылықтың биологиялық минимумы 6-7С . Ноқаттың өніп - өсуі үшін ең қолайлы жылылық 18-22 °С деп саналады, жоғары жылылық 35 С. Бұдан жоғары температурада өсімдіктің өсуі тоқталады, ал ноқаттың сортына байланысты дәннің толық пісіп жетілуі үшін тәулікті орташа жылылығының жалпы жиынтық мөлшері 1100-1400°C болады.
Өсіп-жетілу кезеңнің орташа ұзақтығы 70-тен 140- күнге дейін.
Ноқат ылғалға шыдамды өсімдік, сондықтан оны Оңтүстік Қазақстан өңірінің тәлімі топырақтарында өсіруге болады. Оның дәні бөрткен кезде бойына салмағынан да көбірек ылғал сіңіреді. Бөртуі үшін өз салмағының 60% мөлшеріне дейін ылғал қажет ететін сорттары бар. Өсімдік әсіресе шашақтану-гүлдену кезеңдерінде ылғалды көбірек тілейді. Бұл кезеңде ноқат өнімді жеделдете құрады, бұл тұста ылғалдың тапшы болуы өсімдіктің дамуына кері әсер етеді өнімін кемітеді.
Транспирациялық коэффициенті 350-400.
Ноқат үшін бейтарап немесе әлсізсілтілі реакциялы (рН 6-7) қара және қоңыр топырақтар жақсы. Жоғары агротехникада ноқат шымды-күлгін топырақтарда да жақсы өнім береді. Құм, сортаңдау және қышқыл батпақтанған топырақтар ноқат өсіруге жарамсыз. Өсімдіктің ауа азотын фиксациялаушы қасиетінің болуына байланысты азот элементін тек өсімдіктің алғашқы даму сатысында ғана енгізуді қажет етеді. Фосфор (Р. О. ) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, жалпы өнімдері астық үлесін арттырады, қуаңшалыққа төзімділігін күшейтеді, су пайдалану коэффициентін төмендетеді.
Тамыр жүйесі . Кіндікті, көптеген жақсы дамыған бүйір тамырлары болады, олар топыраққа терең бойлайды да ұштарында азот фиксациясын жасайтын түйнек бактерияларын қалыптастырады, даму қуаты жағынан ноғатық пен асбұршақтан асып түседі.
Сабағы- тік өседі, қырлы бұтақты, жапырылмайды, биіктігі 20-60 см және одан да жоғары.
Жапырақтары -дара қауырсынды, ұсақ, эллипс немесе кері жұмыртқа пішінді. Өсімдігі балауызды түктермен көмкерілген, ал мұның өзі оны көптеген зиянкестердің зақымдануынан қорғайды.
Гүлдер- ұсақ, жекелеген түрді жапырақтардың қолтығында орналасқан. Олардың түстері ақ, ашық-қызғылт, қызғылт, қызыл, сары.
Жемісі -сопақша - ұзарған пішінді, сабан түстес сары немесе күңгірт-күлгін, жиі түрлі түсті. Бұршаққаптары піскенде жарылмайды. Сондықтан егін жинағанда оның астық ысырабы асбұршақпен салыстырғанда шамалы. Ноқаттың тұқымдары аздап бұрышты, шығыңқы тұмсығымен ерекшеленеді, беті тегіс кейде әжімді. Тұқымның түсі негізінен гүлдерінің түсімен байланысты.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары:
Юбилейный -Ресейдің Краснокут селекциялық стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімді, шашылмайды, жапырылмайды. 1000 тұқымның массасы 260-315 г. Ақмола, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Краснокутсий 123 . Ресейдің Қраснокут селекциялық станциясында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 256-330г. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Камила 1255 . В. Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Өзбекстанның астық ҒЗИ бірігіп шығарған. Вегетация кезеңінің ұзақтығы тәлімі жерлерде 100 тәулік, суармалыда-120 тәулік, жапырылмайды. Алматы облысында өсіруге рұқсат етілген.
Красноградский4. Ресейдің Красноград тәжірибе станциясында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 260-270 г. Қарағанды облысында өсіріледі.
2. 3. Дақылды өсіру технологиясы.
Ноқатты Қазақстанда негізінен суарылмайтын егіншілікте өсіреді. Оған барынша жақсы алғы дақылдар: Республиканың солтүстік және орталық облыстарында таза сүрі жер, жаздық бидай; оңтүстік аудандарда - сүріден кейінгі күздік бидай, тары. Ноқат топырақты терең өңдеуді қажетсінеді. Себу алдындағы топырақ өңдеу БИГ-3 немесе БМШ-15 (БМШ-20) құралдарымен топырақ бетін тегістеу, КПШ-5, КПШ-9 ж. б. культивациялауды қарастырады. Қазақстанның барлық аймақтарында ноқат фосфор тыңайтқыштарын қажетсінеді. Тұқымды бактериялық тыңайтқыш - нитрагинмен өңдеу жақсы нәтижелер береді. Себуден кем дегенде бір ай бұрын ноқат тұқымын 80% ТМТД улы химикатымен (3-4 кг тұқымға) ылғалдандыру тәсілімен дәрілейді.
Себу мерзімі ноқат астығының өнімі мен сапасына айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Дер кезінде және сапалы жүргізілген себу жұмысы ең алдымен тұқымның танаптық өнгіштігін арттыратын маңызды фактор. Себу мерзімі мен тәсілін, тұқымның сіңіру тереңдігі мен мөлшерін өзгерте отырып тұқымның өнуі мен көктеу жағдайларын тиімді реттеуге болады.
Көкшетау АШҒЗИ-ның төрт жылғы деректері бойынша (В. Л. Винокуров, 1999) қара топырақтарда себу мерзіміне байланысты мынадай астық өнімі жиналды: 10 мамырда - 16, 2; 15 мамырда-12. 5:20 мамырда-9, 1 және 25 мамырда себілгенде - 5, 4 цга. Осы деректерге сәйкес айтылған институт ғалымдары ноқаттың оңтайлы себу мерзімі 10-15 мамыр (себу қабатының температурасы 8-10°С болғанда) аралығы деп есептейді. Бұл ерекшелік ноқаттың көктеуіне ұзақ уақыт қажеттілігімен түсіндіріледі, оның егін көгі бозқыраудан аз зардап шегеді, оның тұқымдары топырақтың сіңіру тереңдігіне 6-8°С жылы болғанда жаппай біркелкі көктейді. Еліміздің әр аймақтарында жүргізілген көпжылдарғы зерттеу деректеріне сәйкес ноқаттың мынадай оңтайлы себу мерзімдері ұсынылады:
- Қазақстанның Солтүстік және Орталық облыстарында - мамырдың екінші онкүндігі (10-20 мамыр) ;
- Оңтүстік облыстарда (Алматы, Жамбыл) - ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде себу тиімдірек.
Себу тәсілі агроклиматтық аймақтар мен аудандарда әртүрлі: себу агрегатының құрамы мен жалпы күйіне байланысты жаппай қатардағы, кең қатарлы, жолақты болуы мүмкін; бұл агрошараға жүргізілген және жоспарланған шаралар да әсер етеді (гербицид қолдану, механикалық өңдеу т. б) . Барлық жағдайда да мәселені нақты шешкен жөн. Жаппай қатардағы себу тәсілінде 0, 7-0, 8 млнга өнгіш тұқым (175-200 кгга), кең қатарлы тәсілмен сепкенде - 0, 4-0, 5 млнга өнгіш тұқым (100-120 кгга) ұсынылады. Топырақта жеткілікті ылғал қоры болғанда себу мөлшерінің жоғарғы шегін, ал жеткіліксіз болғанда себу мөлшерінің төменгі көрсеткіштерін қолданған дұрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz