Егістік ноғатық


Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
«Агробиология» факультеті
«Агрономия» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ноғаттық өсіру технологиясы
Орындаған:
Тобы: ЗР-
Қабылдаған:
Алматы, 2020жыл
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Халық шаруашылығындағы маңызы
2. 2 Биологиялық ерекшеліктері
ІІІ. Өсіру технологиясы
А) Алғы дақыл
Ә) Топырақ өңдеу
Б) Себу жұмыстары
В) Күтіп баптау жұмыстары
Г) Жинау
ІV. Ғылыми еңбектер
V. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық-өндірістік кешенде жаңа технологиялар жасау мен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен екі саланы -өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоймай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін анағұрлым арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібінде тұрған мәселердің бірі.
Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы - жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Өсімдік шаруашылығының өнеркәсіп өндірісінен айтарлықтай айырмашылығы бар: басты айырмашылығы - маусымдылық (қалыпты жағдайларда өсімдіктер аязсыз кезеңде ғана өнім беруге қабілетті) ; өнім мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі; өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасауда далалық жұмыстардың (топырақ өңдеу, тыңайтқыш жүйесін қолдану, себу (отырғызу), егістікті күтіп-баптау, егінді жинау т. б. ) дер кезінде және сапалы іске асырылуы т. б.
Өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығымен тығыз байланысты: оған ол ірі сабақты, шырынды, құнарландырылған жем азық берсе, мал шаруашылығынан ол тұрақты және мол өнім алу үшін, әсіресе құнарлығы төмен жерлерде, органикалық тыңайтқыштар алады.
Қазіргі кезеңде өсімдік шаруашылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманғы ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану, қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ, неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалуы керек.
Халықтың өскелең талабы, өнеркәсіптің өркендеуі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің үздіксіз ұлғаюын талап етеді.
Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді. Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық (екпе) дақылдарды - дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты (тоқыма) дақылдары ж. б. қарастырады.
Бір ботаникалық бұршақ тұқымдастарына (Leguminosae - Fabaceae) жата отырып дәнді бүршақ дақылдары өсімдіктерінің биологиясында, алынатын өнімнің сапасында және өсіру технологияларында көптеген ұқсастықтар бар.
Дәнді бұршақ дақылдарына ақуызға бай кең ауқымды қосжарнақты өсімдіктер тобы біріктіріледі. Дәнді бұршақ түқымдасы барынша филогенетикалык жас және формалары бойынша аса көптүрлілігімен ерекшеленеді. Оған малазықтық және дәнді дақылдардың көпшілігі (асбұршақ, ноқат, сиыржоңышқа, атбас бұршақ, ноғатық, бадана, жасымық ж. б. ) жатады.
Негізгі бөлім
2. 1 Халық шаруашылығындағы маңызы
Халық шаруашылығындағы маңызы . Ноғатықты азық-түліктік, мал азықтық және техникалық дақыл ретінде өсіреді. Ол асбұршаққа қарағанда ақуызға (белок) бай, бірақ оған пісірілуі мен дәмдік сапасынан аздап жол береді. Ноғатықтың тұқымдары жоғары қоректілігімен бағаланады: белоктық заттар - 23-34 %, көмірсулары - 24-45%, май - 0, 5-0, 7%, күл - 2, 5-3%, және клетчатка - 4, 0-4, 5%; олардан жарма, консерві, ұн, крахмал дайындалады. Ноғатық жоғары ақуызды мал азықтық дақыл: одан құрама жемазық, жасыл балауса, сүрлем, пішен, пішендеме дайындалады. Мал азықтық мақсатқа сұлы, асбұршақ, күнбағыс және басқа дақылдармен қоспа түрінде өсіріледі; оның пішенінде 10-11% қорытылатын протеин (ақуыз) болады. Ноғатық тұқымынан өсімдік казеині (желімдік материал) өндіріледі, ал ол өз кезегінде фанера, пластмасса, мата өндірісінде қолданылады. Оның үстіне ноғатық бал әкелетін өсімдік және көптеген дақылдарға жақсы жақсы алғы дақыл. Оны сидерат ретінде де өсіруге болады. Ноғатық дақылы аурулар мен зиянкестерден аз зардап шегетіндіктен оның шаруашылық құндылығы арта түседі. Ноғатықтың тағы бір ерекшелігі- ол астық жемірлерімен мүлде жарақаттанбайды десе де болады- улы химикаттармен егістік өңделмейді, оның үстіне астығын газациялаудың қажеті жоқ, өйткені онда зиянкестер болмайды.
Ноғатықтың шыққан жері - Оңтүстік Батыс Азия, ал ірі тұқымдылары - Жерорта теңізі орталығы.
2. 2 Биологиялық ерекшеліктері
Ботаникалық сипаттамасы мен морфологиясы. Ноғатық бұрышты асбұршақ деп те аталады. Дақылда егістік ноғатық (Lathyrus sativus) кездеседі. Негізгі сабақтары төрт қырлы, көпшілігі жапырылмалы, шырмалмалы, кейде тік өседі, биіктігі 1, 5 м дейін. Бүйір бұтақтары өскенде негізгі сабақты басып озады. Жапырақтары бір жұпты, қос қауырсынды, кейде 2-4 жұпты, ұзынша ланцетті. Көгілдір күлгін, сары, көкшіл немесе қызғылт гүлді. Ноғатық әдетте өздігінен тозаңданады. Жемісі -қосқанатты бұршаққап, 2-5 тұқымды. 1000 тұқымның массасы 160-230г (Сурет 26) .
Сурет 1. Егістік ноғатық: 1. 2 - гүлдену-жеміссалу және дамыған егін көгі кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 - сабақтың жоғарғы бөлігі; 4 - жемістері; 5 - тұқымдары.
Биологиялық ерекшеліктері. Ноғатық жылуға талапты, бірақ - 8ºC-ға дейінгі бозқырауды (аязды) көтере алады. Тұқымдары 1-2ºC температурада өне бастайды, алайда оңтайлы көктеуге 6-12ºC қажет, вегетативті мүшелерінің қалыптасуына 12-16ºC жылулық оңтайлы деп есептеледі, ал генеративті мүшелеріне - 17-21ºC. Жалпы өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы сорттарына, өсіру ерекшеліктеріне қарай көктегеннен кейін - 70-110 тәулік, белсенді температура жиынтығы орташа мерзімде пісетіндерінде - 1700ºC. Құрғақшылыққа төзімділігі жөнінен ноқаттан ғана қалысады және Қазақстанның қуаңшылықты аудандарында астыққа, жасыл балаусаға, пішенге өсіріледі. Транспирациялық коэффициенті - 400-500.
Салқын әрі жаңбырлы жылдары ол тот, аскохитоз ауруларымен залалданады. Гүлдену кезеңі созылыңқы. Ноғатық асбұршақпен салыстырғанда топыраққа аз талап қояды, ол сортаңдау, қоңыр, жеңіл құмдақ және саздақ топырақтарда өсе алады, бірақ өте ылғалданғанды көтере алмайды, ең жақсылары- қара топырақтар. Ноғатық - ұзақ күннің өсімдігі. Солтүстік Қазақстан аймағы мен Ақтөбе облыстарында ноғатықтың Степная 287 және Кинельская 7 сорттарын өсіруге болады.
ІІІ. Өсіру технологиясы
Астыққа өсіру технологиясы. Ауыспалы егісте ноғатыққа жақсы алғы дақылдарға сүріден кейінгі бидай, отамалы дақылдар жатады. Ноғатық тыңайтқышты жақсы қажетсінеді: фосфор тыңайтқышын енгізгенде оның астық өнімі 3, 0 ц/га дейін, ал толық тыңайтқыштар (NPK) кешенін қолданғанда өнімі 5, 0-6, 0 ц/га дейін артады. Ол себу алдында тұқымды нитрагин бактериалық тыңайтқышымен өңдегенді қажетсінеді. Топырақты негізгі өңдегенде 60 кг/га ә. е. з. мөлшерінде фосфор, ал себу алдында ноғатық тез өсіп даму үшін 30 кг/га ә. е. з. мөлшерінде азот тыңайтқышы енгізіледі. Ноғатыққа топырақ өңдеу жүйесі асбұршаққа ұқсас. Топырақ өңдеудегі негізгі мақсат - борпас топырақ қабатын жасау, ылғал жинау, арамшөптерді құрту. Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылға, танаптардың арамшөптермен ластану дәрежесіне және алғы дақылдың жинау мерзіміне байланысты өзгереді. Ерте көктемде топырақ бетін тегістеу, ылғал жабу және арамшөп тұқымдарын арандату мақсатында тырмалау жүргізіледі. Себу алдында арамшөптерді құртуға тұқым сіңіру тереңдігіне (5-8см) танап культивацияланады. Тұқымды себуге дайындағанда оны дәрілеу маңызды агрошара: 80%-ды ТМТД (3-4 кг/га), 50%-ды фундазол (3кг/га) ж. б. улы химикаттардың бірімен ылғалдандыра дәрілейді. Ноғатықты ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде жаппай қатардағы тәсілмен сепкен дұрыс. Себу мөлшері - өсірілу аймағына қарай 0, 8-1, 5 млн/га өнгіш тұқым ылғалды қабатқа (3-8 см), жеңіл топырақтарда 10 см дейін тереңдетіледі. Егістікті күтіп-баптау-себуден соң тығыздау, егін көктегенге дейін және көктеуден кейін жеңіл тырмалармен тырмалау жұмыстарын қарастырады. Соңынан қажеттілігіне қарай егістік гербицидтерімен өңделеді. Қатты ластанған танаптарға арамшөп көгін құрту үшін ноғатыққа сепкенге дейін немесе сепкеннен кейін 50%-дық Прометрин (3-5 кг/га) немесе оның бак қоспасымен егістік бүркіледі. Ноғатық асбұршақпен жасымыққа қарағанда біркелкілеу піседі, бұршаққаптары жарылмайды, ал мұның өзі оны екі кезеңді жинау тәсілімен көпшілік жемістері піскен мерзімде жинауға мүмкіндік береді. Дестеге шапқаннан кейін 2-3 тәуліктен соң қайта реттелген астық комбайндарымен бастырылады. Егер ноғаттықты дер кезінде жинамаса, онда ол жапырылып қалады
Себу мерзімі ноқаттық астығының өнімі мен сапасына айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Дер кезінде және сапалы жүргізілген себу жұмысы ең алдымен тұқымның танаптық өнгіштігін арттыратын маңызды фактор. Себу мерзімі мен тәсілін, тұқымның сіңіру тереңдігі мен мөлшерін өзгерте отырып тұқымның өнуі мен көктеу жағдайларын тиімді реттеуге болады. Көкшетау АШҒЗИ-ның төрт жылғы деректері бойынша (В. Л. Винокуров, 1999) қара топырақтарда себу мерзіміне байланысты мынадай астық өнімі жиналды: 10 мамырда - 16, 2; 15 мамырда - 12, 5; 20 мамырда - 9, 1 және 25 мамырда себілгенде - 5, 4 ц/га. Осы деректсрге сәйкес айтылған институт ғалымдары ноқаттың оңтайлы себу мерзімі 10-15 мамыр (себу қабатының температурасы 8-10°С болғанда) аралығы деп есептейді. Бұл ерекшелік ноқаттың көктеуіне ұзақ уақыт қажеттілігімен түсіндіріледі, оның егін көгі бозқыраудан аз зардап шегеді, оның тұқымдары топырақтың сіңіру тереңдігіне 6-8°С жылы болғанда жаппай біркелкі көктейді.
Еліміздің әр аймақтарында жүргізілген көпжылдарғы зерттеу деректеріне сәйкес ноқаттың мынадай оңтайлы себу мерзімдері ұсынылады:
- Қазақстанның Солтүстік және Орталық облыстарында - мамырдың екінші оңкүндігі (10-20 мамыр) ;
- Оңтүстік облыстарда (Алматы, Жамбыл) - ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде себу тиімдірек.
Себу тәсілі агроклиматтық аймақтар мен аудандарда әртүрлі: себу агрегатының құрамы мен жалпы күйіне байланысты жаппай қатардағы, кең қатарлы, жолақты болуы мүмкін; бұл ағрошараға жүргізілген және жоспарланған шаралар да әсер етеді (гербицид қолдану, механикалық өңдеу ж. б. ) . Барлық жағдайда да мәселені нақты шешкен жөн.
Жаппай қатардағы себу тәсілінде 0, 7-0, 8 млн/га өнгіш тұқым (175-200 кг/га), кең қатарлы тәсілмен сепкенде - 0, 4-0, 5 млн/га өнгіш тұқым (100-120 кг/га) ұсынылады. Топырақта жеткілікті ылғал қоры болғанда себу мөлшерінің жоғарғы шегін, ал жеткіліксіз болғанда себу мөлшерінің төменгі көрсеткіштерін қолданган дұрыс.
Ноқаттың тұқымдары терең сіңіруді көтере алады, алайда топыраққа, оның ылғалдылығы мен себу мерзіміне байланысты оңтайлы сіңіру тереңдігі 5-7 см, топырақтың беткі қабаты кебіңкіреп кеткенде және кешірек себілгенде - 8 см.
Сепкеннен кейін ноқаттың көктеуін жеделдету үшін танапты бұдырлы катоктармен тығыздау қажет. Себуден кейін топырақ қабыршағы, арамшөптер жіпшелері пайда болса, оларды құрту үшін себу бағытына көлденең тырмалау жүргізіледі (себуден 3-4 тәуліктен соң) .
Арамшөптермен қатты ластанған танаптарға ноқатты себуге дейін гербицидтер қолданылады: себу алдындағы культивация астына Гезогард 50 (прометрин, 50%) гербицидімен (3-5 кг/га) бүркіледі, немесе Пивот, 10% (имазетапир) гербицидімен себуден 2-3 тәуліктен соң, немесе ноқаттың 3-6 жапырақ кезеңінде егістік 0, 5-1, 0 л/га мөлшерде бүркіледі.
Ноқаттың біркелкі пісуі мен бұршаққаптарының жарылмауы егінді біркезеңді тәсілмен жинауға мүмкіндік береді. Егер егістік арамшөптермен ластанған болса, онда көпшілік бұршаққаптары қоңырланғанда екі кезеңді (бөлектеп) жинау тәсілін қолданған дұрыс. Дәнді астық комбайндарын басқа бұршақ тұқымдас дақылдарын жинауда қолданылатын қайта реттеу жұмыстарын ноқатты жинағанда колданған абзал.
Ғылыми еңбектер
«Егемен Қазақстан» газеті. 17 мамыр 2008 ж., №142-143 (25115) Дәнді-бұршақ дақылдары маңызды дақылдардың бірі. Оған қатысты проблемаларды бүгін шешпесек, ертең кеш қаламыз. Мұрат ӘБЕНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz