Өсімдіктердің мүшелерін зақымдау белгілері


Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы :Түрлердің қорекке бейімделуі
Орындаған:
Қабылдаған :
Алматы 2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Қоректік заттарға мамандану және таңдау.
- Біріші қатардағы бөжектердің қоректік байланысы
- Қоректік заттарды таңдаудың екінші қатары
2. 2. Өсімдік мүшелерімен қоректенуге мамандану.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Биотикалық факторлаға әр түрлі организмдердің арасындағы тіршілік әрекеттері процесінде пайда болатын өзара қарым - қатынастар жатады. Олардың ішіндегі ең негізгілері организмдердің қоректік заттарға қатынасы және соның негізінде туатын өзара қоректік (трофикалық) байланыстар. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады.
Негізгі бөлім
2. 1. Қоректік заттарға мамандану және таңдау.
Бөжектердің органикалық заттардың әр түрлі көздерін талғап алу негізінде туатын қатынастар қоректік заттарға маманданудың бірінші түріне жатады. Маманданудың осы түрі бойынша өсімдіктермен қоректенетін бөжектерді (бітелерді, қалқаншалы қандалаларды, бізтұмсық қоңыздары және т. б. ) фитофагтар деп, жануарлармен қоректенетіндерді зоофагтар деп атайды. Соңғылардың ішіндегі бөжектермен қоректенетіндерді (жыртқыш барылдақ қоңыздары, алтын көзділердің дернәсілдері және ересектерін) энтомофагтар , ал кенелермен қоректенетіндерді (мысалы, жыртқыш трипстерді, фитосейид тұқымдасына жататын кенелерді және т. б. ) акарифагтар деп атайды. Өсімдік текті заттардың шіріп бұзыла бастаған қалдықтарымен қоректенетін организмдерді (подураларды және басқа алғашқы қанатсыз Бөжектер, сауытты кенелерді, нематодтардың көптеген түрлерін) сапрофагтар , жануар текті заттардың бұзыла бастаған қалдықтарымен қоректенетіндерді (өлексе жегіш қоңыздары, өлексе шыбындарының дернәсілдерін және т. б. ) некрофагтар деп атайды. Ал малдың қиымен және құстың саңғырығымен қоректенетін бөжектерді (қи қоңыздары, стафилин қоңыздары мен кейбір шыбындардың дернәсілдері) копрофагтар дейді.
I. Біріші қатардағы бөжектердің қоректік байланысы:
Мицетофагтар - саңрауқұлақтармен қоректенетіндер, олардың өзі саңрауқұлақтың әртүрлі мүшелерімен қоректенуі бойынша :
1. Спорофагтар - саңрауқұлақтың тозаңымен қоректенетіндер
2. Сапромицетофагтар - саңрауқұлақтың шщірінді жіпшумақтарымен қоректенетіндер
Фитофагтар - өсімдік қоректі бөжектер, әртүрлі мүшелермен қоректенуі бойынша, олар:
1 Бриофагтар - мүк қоректілер.
2 Лихенофагтар - қына қоректілер.
3 Альгофагтар - жалбыз қоректілер.
4 Гербифагтар - шөп қоректілер.
• голофагтар - шөптің бүтіндей қоректенетіндер.
• ризофагтар - тамыр қоректілер.
• лимфофагтар - тірі өсімдік сөлімен қоректенетіндер.
• филлофагтар - жапырақ қоректілер.
• антофагтар - гүл қоректілер;
- тарменофагтар - генеративті мүшесімен қоректенетіндер ;
- поллинофагтар - тозаң қоректілер ;
- нектарофагтар - шырын қоректілер;
• карпофагтар - жеміс және тұқым қоректілер.
5 Дендрофагтар - бұта мен ағаш қоректілер:
• ризофагтар - тамыр қоректілер;
• ксилофагтар - дің қоректілер;
• флеофагтар - қабыршақ және қабық қоректілер;
• лимфофагтар - өсімдіктің сөлімен қоректенетіндер;
• филлофагтар - жапырақ қоректілер;
• антофагтар - гүл қоректілер;
- тарменофагтар - генеративті қоректілер
- поллинофагтар - тозаңқоректілер;
- нектарофагтар - шырын қоректілер;
• карпофагтар - жеміс және тұқым қоректілер.
Зоофагтар - етқоректілер ( Carnivore ), әртүрлі жануарлар мен жәндіктермен қоректенетіндер, өз кезегінде олар төмендегідей бөлінеді:
1 Жыртқыштар - шамасы келген жемтігін өтіріп жей бастайды. Бұларға, ірі бөжектер жатады: барылдақтар және коккцениолидтер. Қоректену ерекшеліктері бойыгша төмендегідей болып бөлінеді:
• гельминтофагтар - жұмырқұрт(гелминттер) қоректілер;
• малакофагтар - маллюскі (былқылдақденелілер, ұлулар) қоректілер;
• акарифагтар - кене қоректілер;
• афидофагтар - біте қоректілер;
• кокцидофагтар - қалқанша, сымыр қоректілер ;
• миксоэнтомофагтар - әртүрлі топтағы бөжектермен қоректенетіндер;
• энтомофагтар - бөжекқоректілер;
• оофагтар - бөжектер мен басқада омыртқасыздардың жұмыртқасымен қоректенетіндер.
2 Паразиттер - иелерінің денесінде дамып қоректенетіндер, бұл жағдайда иелері өлмейді. Дененің сыртанда (дамыйтындарды - «эктопаразиттер» -деп атайды
3 Паразитоидтар - бұлар иелерінде дамып, олардың өлуіне себеп болады, оларды: «эктопаразиттер» дененің сыртанда дамыйтындар) және «эндопаразиттер» (денеің ішінде дамыйтындар) --деп атайды.
Сапрофагтар - өсімдіктердің қалдықтарымен және шіріген заттармен қоректенетіндер, олар:
1. Детритофагтар (схизофагтар) - өсімдік пен жануарлардың ұсақ қалдықтарымен қоректенетіндер;
2. Копрофагтар - жануарлардың экскрементерімен(нәжістерімен) қоректенетіндер
3. Некрофагтар - жануарлардың өлгімен, оның қалдықтарымен қоректенетіндер;
• сарконекрофагтар - омыртқалылардың өлігімен қоректенетіндер;
• энтомонекрофагтар - бөжектердің өлігімен қоректенетіндер;
• кератофагтар - жануарлардың мүйізді ұлпалары мен шаштармен қоректенетіндер;
4. Сапроксилофагтар - дің шіріктерімен қоректенетіндер;
5. Сапронекрофагтар - өсімдіктер мен жануарлардың шірінді қалдықтарымен қоректенетіндер;
6. Сапромицетофагтар - саңрауқұлақттылардың шірінділерімен қоректенетіндер.
II. Қоректік заттарды таңдаудың екінші қатары
Жоғарыда көрсетілген қорек көздерінің әрқайсысының ішінен талғап қоректену дәрежесімен байланысты. Бұл жағдайда бөжектерді (басқа организмдерді де) монофаг, олигофаг, полифаг деп аталатын үш топқа бөледі.
Фитофагтардың ішінде өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе туыстығы өте жақын бірнеше өсімдік түрлерімен қоректенетіндері (мысалы, бұршақтың дәнек қоңызы, жүзім филлоксерасы, таңқурай кенесі) монофагтарға , бір тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көптеген түрлерімен қоректенетіндер (мысалы, крестгүлдердің бүрге қоңыздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, астық шыбындарының дернәсілдері және т. б. ) олигофагтарға жатады. Ал полифагтар (мысалы, шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек, жалаңаш шырыштар, кәдімгі өрмекші кене және т. б. ) өсімдіктердің әр түрлі тұқымдастарына жататын көптеген түрлерімен қоректенеді.
Қоректік заттарды таңдаудың осы көрсетілген негізгі топтарынан басқа өсімдік және жануар текті заттардың алуан түрлерімен бірдей қоректенетін организмдер де болады (мысалы, тарақан, айырқұйрық және т. б. ) . Оларды пантофагтар немесе талғаусыз қоректенетіндер деп атайды.
Бөжектер мен кенелер және басқа өсімдік қоректік жәндіктер үшін қоректік өсімдіктердің шеңбері соншама кең болғанымен, әр бір түрдің әуелі көп қоректі зиянкестер тобының ішіндегілердің өте жоғары дәрежелі өсімталдығы мен тіршілігін сақтап қалу қабілеттілігін қамтамасыз ететін өсімдіктер болады. Мысалы, алабота өсімдігімен қоректенгенде күздік көбелектің өсімталдығы бір ұрғашы көбелекке 940-1700 жұмыртқаға дейін келсе, жүгерімен қоректенгенде жұмырқа саны 80-290 дейін төмендейді.
Фитофагтар үшін жоғарыда көрсетілген қоректік маманданудың ІІ түрінде қоректік заттардың басқа түрлерін пайдаланатындар да кездеседі. Мысалы, энтомофагтардың ішінде монофагтарға бөжектердің тек қана бір түрі қан бітесінің денесінде паразиттік тіршілік ететін афелинус мали деген шаншар, олигофагтарға қалқаншалы бақашық қандалалардың жұмыртқасында паразиттік тіршілік ететін жұмыртқа жегіштер теленоминдер, ал полифагтар қатарына, қабыршақ қанаттылар тобының 24 тұқымдастарына жататын бөжектердің 89 түрінің жұмыртқаларында паразиттік тіршілік ететін жұмыртқа жегіштер трихограммалар жатады. Сонымен, қатар тек өсімдік гүлімен, тұқымымен, жапырағымен т. б. ағзалармен қоректенетін түрлер кездеседі. Кейбір бөжектердің, мысалы: зер және мұртты қоңыздардың ересектері өсімдіктердің генеративті ағзаларымен қоректенсе, ал дернәсілдері - тамырымен не ағаштың діңімен қоректенеді(шөл зер қоңызы Julodis variolaris Pall. ) .
2. 2. Өсімдік мүшелерімен қоректенуге мамандану.
Өсімдікті зақымдау белгілері(дөрекі, ойып, таңдап жеу, кеулеп, үңгіп жеу, ширату, деформация, түйіндеу, түйнектеу) .
Өсімдіктердің мүшелерін зақымдау белгілері.
Бөжектер өсімдіктердің барлық мүшелерімен қоректенеді және көптеген жағдайда жеке түрлердің өсімдік мүшелерін зақымдауы өзіндік сипатта болады және басым көпшілігінде бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан зақымдау сипаты немесе белгілері арқылы бөжектердің түрін анықтауға болады. Өсімдік мүшелерін (бүрін, гүлін, жапырағын, өркенін, діңін, тамырын, қабығын т. б. ) зақымдау түрлері бөжектердің ауыз аппаратының құрылысына (кеміргіш не шаншып-сорғыш), даму сатысы мен тіршілік күйіне де байланысты. Кейбір бөжектердің дернәсілдері ферменттер бөліп шығаруына байланысты өсімдік мүшелері өзгеріске ұшырап, пішіні бұзылады (түйіндер, қисаю, ергежейлену т. б. ) .
-Кеміргіш бөжектердің зақымдау белгілері:
Кеміргіш бөжектердің өсімдіктің жерүсті мүшелерін зақымдау белгілері:
• қаңқалау(тек қаңқасын қалдыру) - ұсақ бөжектердің имагосы мен дернәсілдері жапырақтың жұмсақ ұлпаларын қырып жеп, тек жапырақ тарамыс жүйелерін ғана қалдырады. Қаңқалау біржақты немесе екіжақты болуы мүмкін. Біржақты - жапырақтың астыңғы не үстіңгі жағы желінеді, ал екіжақты - жапырақ шұрық тесік болады(жапырақжегіштер, шие шырышты егеуіші) ;
• шетінен жалмап жеу - толық немесе жартылай болуы мүмкін. Біріншісінде жапырақтың пішіні сақталады(емен жапырақжегіші), екіншісінде - жапырақтың тек орталық тарамысығана қалады(көптеген жапырақ кеміргіштер) ;
• кеміріп жеу - кеміруден жапырақ пластинкасында әртүрлі пішінді ірілі-ұсақты тесіктер түседі, ол тесіктердің көлемі зиянкестің үлкендігіне байланысты болады;
• әшекейлеп жеу - жапырақты шетінен бастап әшекейлі ойықтар жасап жейді. (түйнек және жапырақ бізтұмсықтары, жапырақ кескіш аралар) ;
• минала жеу - жапырақ ұлпасын кеулеп жол салып немесе оның паренхимасына тиіспей кең қуыс жасап зақымдау. Мина екіжақты не біржақты болуы мүмкін. Біржақты мина жапырақтың үстіңгі бетінде(қызылша шыбынының дернәсілі, алма күйесінің жұлдызқұрты), не жапырақтың астыңғы жағында болады(терек күйесі) . Екіжақты - жапырақтың астыңғы және үстіңгі жағынан, зиянкестің дернәсілі көрініп тұрады(қайың миналаушы егеуіш, жолақты қайың күйесі) . Миналардың пішіні жолақ, дақ не жұлдызша тәрізді болады;
• жапырақтыңширатылуы- бөжектің бір (имагосы не дернәсілі) не бірнеше дернәсілінің әрекетінен туындайды. Бірінші жағдайда кесілген жапырақтың шеттері өрмек жіппен бүгіліп желімделеді(жапырақширатқыштар, түтікширатқыштар), ал екінші - жапырақтар, өркендер өрмек тормен қапталып, ұяшық жасалынады(горностай күйесі, доланашы) ;
• өркендердің қурауы - өркенді кеміру(бізтұмсықтар, отыншылардың имагосы), не ішінде бөжектердің дернәсілдерінің қоректенуінен болады(өркен күйесі) ;
• өсімдік мүшелеріндегі патолотарялық өзгерістер - түйіндер, пішін өзгеруі, сабақтың қисаюы. Түйіндер мақталы, алматәрізді, қаптәрізді, бүйрекше, сүйелтәрізді т. б. пішінді, бір камералы(бізтұмсықтар, қабыршаққанаттылар) . Бөжектер жасаған түйіндер өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі.
-Өсімдіктің генеративті мүшелерін зақымдау белгілері:
• гүлбүршіктерді және гүлдерді жалмапжеу мен кеміру:бұндай зақымдау жеміс ағаштарының гүлбүршіктерін және гүлдерін қоңыздар (зерқоңыздар, жапырақжегіштер), кейбір бізтұмсықтар, қабыршаққанаттылардың жұлдызқұрттары, крестігүлділердің гүлдерін рапс гүлжегіштерінің имагосы мен дернәсілі зақымдайды;
• гүлбүршіктерді ішінен ойып жеу: алма гүлбүршігін ішінен алма гүлжегішінің дернәсілдері, таңқурай мен қойбүлдірген гүлбүршігін таңқурай немесе қойбүлдірген бізтұмсықтарының дернәсілдері ойып жейді;
• гүлтүйінін(жатынын) және тұқымын жалмап жеу:масақтағы жетіліп келе жатқан дәнді дән түншілерінің жұлдызқұрттары, астық қоңыздары, беденің гүлтүйіндерін беде бізтұмсықтары кеміре жейді;
• гүлтүйінін(жатынын) және тұқымды ішінен ойып жеу:бұршақ қабындағы бұршақ тұқымын бұршақ жемірінің жұлдызқұрттары, әртүрлі дәнжегіштердің дернәсілдері ішін ойып жейді;
• жемісті миналау: алма, алмұрт және өріктің жемістерін әртүрлі егеуіштердің, жемір күйелері, мойыл күйесі, шиені шие бізтұмсығы зақымдайды.
-Өсімдіктің тамырына жақын жерлерін кеміргіш бөжектердің зақымдауы.
• тамыр мойнын кеміру: топырақ бетіне жақын әртүрлі өсімдіктердің өскіндерінің тамыр мойнын түншілердің жұлдызқұрттары, ұзынаяқтылардың дернәсілдері және топырақ мекенді зиянкестердің дернәсілдері (заузалардың, шыртылдақтардың, қараденелілердің) зақымдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz