Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералдық тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім


Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Тыңайтқыштар - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмділігі мен топырақ құнарлылығын арттырудың басты факторы
2. 1 Тыңайтқыштарды жіктеу
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуда топыраққа тыңайтқыштар беру, жерді сапалы түрде дайындау, уақытылы егу жұмысын жүргізу маңызды нәрсе болып табылады.
Тыңайтқыш дегеніміз - өсімдіктің қоректенуін жақсартып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату мақсатымен жерге берілетін зат. Топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру оның физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады, жоғары сапалы өнім алуға көмектеседі. Тыңайтқыш ауыл шаруашылығы дақылдарының ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуына (үсік, құрғақшылық), өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы тұруына көмектеседі. Тыңайтқышты пайдаланудың басты мақсаты - топырақ құнарлылығын жоғарылату, соның нәтижесінде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім жинау.
Тіпті бір фермерлік шаруашылықтың өзінде топырақтың табиғи құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан қоректік элементтерінің мөлшері жағынан олардың айырмашылығы болады. Сол себепті, тыңайтқышты топырақтың агрохимиялық қасиетін ескере отырып бермесе, одан қажетті нәтиже күтуге болмайды, керісінше, мұндай жағдайда ол тек ауыл шаруашылығына ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді.
Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады.
Негізгі бөлім
2. 1 Тыңайтқыштар - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмділігі мен топырақ құнарлылығын арттырудың басты факторы
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткіліті мөлшерде болуы керек, ал, топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып, белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш еңгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады.
Дүниежүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей, өнім деңгейі қолданылатын тыңайтқыштың мөлшеріне тәуелді (1-кесте) .
Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 45-50 пайызы тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50-55 пайызы агротехника, сорт‚ мелиорация т. б. шаралардың үлесіне тиеді.
1-кесте. Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералдық тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім.
Д. Н. Прянишников ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштарды қолдануды және олардың түсімді арттыруға тигізетін әсерін егіншілікте “жаңа континенттердің ашылуы” деп бағалады.
Дақыл өнімін арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолдану да маңызды рөл атқарады.
Тыңайтқыштарды қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді.
Мысалы, фосфор мен калий тыңайтқыштары қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін шамамен 0, 5 пайыздан 1, 2 пайызға дейін арттырады. Азот тыңайтқышы бидай дәнінің құрамындағы белокты көбейтеді.
Қазақстанда 1996 жылғы мәлімет бойынша бір гектар егістік жерге орта есеппен 15, 6 кг минералдық (әсерлі зат бойынша) және 0, 5 т. органикалық тыңайтқыш еңгізілді.
Соның нәтижесінде, ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі күрт төмендеп кетті.
Мысалы, 1986-1990 жылдары астық дақылдардың өнімділігі 10, 8 ц/га, дәндік жүгерінің өнімділігі 34 ц/га, қант қызылшасының өнімділігі 260 ц/га, көкөніс дақылдарының өнімділігі 169 ц/га құрса, 1996 жылы бұл көрсеткіштер дақылдарға сәйкес 6, 3 ц/га, 14, 2 ц/га, 105 ц/га, 92 ц/га дейін төмендеп кетті (2-кесте) .
2-кесте. 1999-2008 ж. ж. Қазақстанда ауылшаруашылық дақылдарына қолданылған тыңайтқыштың мөлшері мен дақылдардың өнімділігі
Статистика мәліметтері бойынша Қазақстанда 1999 жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өнімділігі 13, 0 ц/га, бидай 12, 9, арпа 13, 5, сұлы 14, 0, қарақұмық 4, 6 ц/га болса, ал 2008 жылы бұл көрсеткіштер дақылдарға сәйкес 10, 1; 9, 7; 10, 5; 9, 4; 3, 1 ц/га төмендеп кетті (3-кесте) .
Осы аталған дақылдардың өнімділіктерінің құлдырап төмендеуінің бір себебі минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жеткіліксіз қолдану болып табылады.
Республикамызда техникалық (мақта, қант қызылшасы, картоп), майлы және көкөніс пен бақша дақылдарының өнімділігі біршама артқандығы байқалады. Бұл аталған дақылдар үшін тыңайтқыштарды қоданудың дұрыс жолға қойылып отырғандығын көрсетеді. Мысалы, 1999 жылы мақта өнімділігі 17, 7 ц/га, қант қызылшасы 172, 2; майлы дақылдар 4, 9; картоп 107, 5; көкөністер 134, 1 және бақша дақылдарының өнімділігі 97, 2 ц/га құраса, ал 2008 жыл бұл дақылдардың өнімділігі сәйкесінше: 18, 2; 204, 3; 5, 5; 143, 7; 203, 2 және 158, 9 ц/га жоғарылады (3-кесте) .
Тыңайтқыштарды қолдану деңгейіне келетін болсақ, 1990 жылы егістің 1 га көлеміне 19, 7 кг минералдық, 0, 7 тонна органикалық тыңайтқыштар еңгізілсе, 2008 жылы егістің 1 га көлеміне тек қана 1, 5 кг минералдық тыңайтқыштар, 0, 4 тонна органикалық тыңайтқыштар еңгізілді. Тыңайтылған егістік көлемі 1016 мың гектардан 960 мың гектарға дейін қысқарды. Тыңайтылған егістік көлемінің үлесі 27 % - дан 4, 9 % - ға дейін азайды. (4-кесте) .
3-кесте. 1999-2008 ж. ж. Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі
4-кесте. Қазақстан Республикасы бойынша минералдық (қоректік заты 100% аударғанда) және органикалық тыңайтқыштарды қолдану динамикасы
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдар кезеңінде минералдық тыңайтқыштардың түрлері бойынша қажеттілігі және минералды тыңайтқыштарды өндіру жоспары 5 және 6 кестелерде келтіріліп отыр.
Мысалы, еліміздің ауылшаруашылығына 2009 жылы 978, 0 мың тонна (ә. з) минералдық тыңайтқыштар, оның ішінде азот тыңайтқыштары - 378, 5 мың тонна фосфор мен калий тыңайтқыштары 584, 6 және 14, 9 мың тонна қажет болса, ал 2014 жылға қарай олардың мөлшері, тиісінше: 1059, 7; 410, 1; 633, 4 және 15, 8 мың тоннаға артуы тиіс (6-кесте) .
5-кесте. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдар кезеңінде минералдық тыңайтқыштардың түрлері бойынша қажеттілігі, мың тонн ә. з.
6-кесте. Қазақстан Республикасында 2009-2014 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы үшін қажетті минералдық тыңайтқыштардың мөлшері, мың тонн ә. з.
2. 1 Тыңайтқыштарды жіктеу
Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді.
Тыңайтқыштар - өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.
Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.
Егіншілікте тыңайтқыштың бірнеше түрлері пайдаланылады. Олар бір-бірінен құрамы, өндірілу әдісі, өсімдіктің бойына сіңіретін, әсер ететін заттардың мөлшері бойынша ажыратылады. Құрамы жағынан тыңайтқыштар органикалық, минералдық, органикалық-минералдық, бактериялық болып 4 топқа бөлінеді.
Органикалық тыңайтқыштарға көң, құс саңғырығы, әр түрлі қордалар (компост), жасыл тыңайтқыштар жатады. Көң - маңызды органикалық тыңайтқыш, ол жануарлар қиының қатты және сұйық қалдықтарынан тұрады. Оның құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтердің барлығы бар. Көңді топыраққа сіңіргеннен кейін, ол микроағзалардың әсерінен минералданады. Көңнің құрамындағы көміртегінің үлкен бөлігі топырақта ыдырауының нәтижесінде көмір қышқыл газы күйіне дейін қышқылданады. Ал егер оның сіңіруге дейін ыдырау дәрежесі төмен болса, көмірқышқыл газы топырақта көп болады. Қоректік заттардың негізгі үш элементтерінің (NРК) ішінде көңде калий көп болады. Мұнда оның мөлшері 0, 6 пайызға дейін жетеді.
Фосфор негізінен жануарлардан бөлінген қатты қалдықтарда және төсеніш ретінде пайдаланылған сабанда болады, оның мұндағы мөлшері - 0, 25 пайыз шамасында. Азот көңнің барлық құрамында болады. Көңдегі азоттың мөлшері 0, 3-0, 4 пайыз, бірақ та өсімдіктер сұйық қалдықтың құрамындағы азотты ғана қабылдай алады. Көңнің қатты бөлігіндегі азотты қосылыстарды өсімдіктер минералданғаннан кейін ғана қабылдай алады. Жануарлар көңі төсенішсіз және төсенішті болып екіге бөлінеді.
Төсенішті көңді сақтау технологиясы . Көңді сақтағанда оның құрамындағы бөлшектер әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды. Бұларда ыдырау процесімен (аммиакты азот түзілу) қатар қайта синтездеу (микроағзаларда ақуыз пайда болу) процестері жүреді. Көңде жүретін микробиологиялық процестер органикалық заттардың минералдануына және онда өсімдік сіңіре алатын қоректік элементтердің жинақталуына көмектеседі. Көңді сақтау тәсілін таңдағанда, оның құрамында азот пен құрғақ заттардың көп сақталуына жағдай жасауды ескеру керек. Көңді сақтаудың бірнеше тәсілдері бар.
Оларды малдар жататын жерлерде, көң сақтайтын қоймада немесе тікелей танап басында сақтауға болады. Көңді осылайша сақтағанда, мал қоршау ішінде қозғалып жүріп, төсенішті араластырып, оларды бірте-бірте таптап нығыздайды. Бұл әдістің тиімділігі және үнемділігі, көңді күнде жинап жатудың қажеті болмайды. Малдардың қиын тығыз, тығыздығы бостау және бос күйінде сақтайды. Қиды тығыз етіп сақтағанда оны қабат-қабат үйіп нығыздайды. Осылай сақтағанда көң көмірқышқыл газы және су буымен байытылады да, осының нәтижесінде көмірқышқыл аммонийдың аммиакқа, көмірқышқыл газы мен суға ыдырауына жол берілмейді. Мұндай тәсілді кейде «суық тәсіл» деп те атайды, өйткені көң үйіндісіндегі температура қысқы мерзімде 20-25°С-тан, ал жазда 30-35°С-тан аспайды. Сапасы жоғары көң алу үшін оны осы «суық тәсіл» бойынша сақтаған қолайлы. Көңді тығыздылығы бостау тәсілі бойынша сақтағанда ол 1, 5-2 ай ішінде ыдырайды да, жартылай шіриді. Бос, не «ыстық» әдіс бойынша сақтағанда малдың қиын үйіндіге нығыздамай бос тастайды, соның салдарынан оның ыдырау процесі аэробты жағдайда және жоғары температурада жүреді. Әдетте, осындай жолмен сақтағанда азот пен органикалық заттардың көптеп жоғалатындығы байқалады.
Мал қиы сапалы көң алуға мүмкіндік береді. Қиды қазылған орға немесе жер үсті қоймасында сақтайды. Көң сақтайтын жерді мал қорадан кемінде 50 м қашықтықта және тұрғын үй құрылысынан 200 м алыста биіктеу жерге орналастырады. Көң қоймасының көлемі малдың саны мен көңнің сақталу ұзақтығына байланысты. Көңді қойманың бір шетінен екінші шетіне қарай көлденең орналастырады. Осылай орналастырғанда көң қоймасының бір шетінде көбірек ыдыраған көң, ал екінші басында аз ыдыраған шірік болады.
Көңді танаптарда сақтау арнайы дайындалған биіктеу жерде жүргізіледі, ол жерде қидан үлкен-үлкен үйінді жасалады және азоттың жоғалуын болдырмау үшін оны нығыздайды. Қиды салмас бұрын, ол жерді тазалап, бір қабат қамыс салады. Әдетте, қиды жинауды 1-2 күн ішінде аяқтайды. Органикалың тыңайтқыштарды роторлы шашқышпен немесе көң лақтырғышпен шашады. Органикалық тыңайтқыш себудің негізгі әдісі - оны танапқа сүдігер жыртудың алдында шашу. Органикалық тыңайтқыштарды сүрлемдік, көкөніс, картоп, тамыржемісті дақылдарға береді. Органикалық тыңайтқышты негізгі жер жырту жұмысының алдында беруден басқа, ұяға, жүйекке салуға болады.
Төсеніш көңді мал тұратын қорадан тікелей жинау арқылы алады. Жаңа көңнің құрамында 75-90% су және 10-25% құрғаң зат болады. Құрамындағы су мөлшеріне қарай төсенішсіз көң - сұйық, жартылай сұйық болып бөлінеді. Жылқының және қойдың көңі құрамы жағынан ірі қараның көңімен салыстырғанда бағалы болады. Төсеніш көңнің тыңайтқыштық әрекеті жоғары, себебі онда өсімдікке қажетті қоректік элементтер суда тез еритін формасында болады; шамамен азоттың жартысы аммиак формасында болады, фосфордың 1/3 және калийдің барлығы суда ериді. Бірақ та оларды тасымалдау және сақтау қиын. Сондықтан оларды көбінесе қорда дайындауға пайдаланады. Сұйық қи мен ағымды қидың құрамында патогенді микрофлоралар көп болады. Ұзақ уақыт, бір орында төсенішсіз көңді көп мөлшерде пайдалануға болмайды, өйткені ол малазықтық дақылдардың құрамында нитраттардың көбеюіне, қант қызылшасында қанттың, картоп түйнегіндегі крахмалдың азайып кетуіне әкеліп соғады.
Төсенішсіз көң - жануарлардың сұйық және қатты қалдықтары мен мал астына төселген материалдар. Малдың жататын жеріне төселетін материалдар ретінде қамыс, ағаш ұнтағы пайдаланылады. Бұл материалдар қидың сапасын жақсартады. Қи бос болып сақталғанда тез ыдырайтын болады. Мал жататын жерге төсейтін ең жақсы материал сабан болып есептеледі. Ыдырау дәрежесіне қарай малдардың қилары жас қи, жартылай шіріген, әбден шіріген және шірік болып бөлінеді. Жартылай шіріген қидың әбден шіріген қидан және шіріктен айырмашылығы, оның құрамында органикалық заттар және азот көп болады, ол топырақтың сапасын күштірек жақсартады. Бұған қоса топырақта жартылай шіріген қи ыдырағанда шірікке қарағанда көмір қышқылы айтарлықтай көп бөлінеді.
Құс саңғырығы қоректік әлементтер құрамы жағынан көңнен асып түседі және тез әсер ететін, концентрациясы жоғары тыңайтқыш болып табылады. Құс саңғырығындағы барлық қоректік заттар өсімдіктер үшін тез сіңетін түрінде болады. Ондағы қоректік заттардың сапасы мал азығының сапасы мен мөлшеріне, құстың түріне, олардың тұратын жеріне төсейтін материалға байланысты. Көптеген құс фабрикаларында төсейтін материал ретінде ағаш ұнтағын пайдаланады. Құс саңғырығы үлкен үйінділерде тез қызады да, аммиак күшті бөлініп, үшып кетеді. Құс саңғырығыңан азоттың көп бөлігі оны суыққа қатырғанда және жібіткенде (еріткенде) жоғалады. Сондықтан азотты және басқа да қоректік элементтерді жоғалтуды бәсеңдету үшін оған ағаш ұнтағын, сабан немесе қорда қосады.
Қатты тұрмыстық қалдықтар мен төгінді суағындылары топырақтағы органикалық заттарды толтыратын көзі болып табылады. Қатты тұрмыстық қалдықтарға әр түрлі тағам қалдықтары, қағаз, шүберек, күл және тағы басқалары жатады. Тыңайтқыштық сапасы жағынан тұрмыстық қалдықтар көңге жақын, олардың ыдырау жылдамдығы құрамындағы компоненттердің арақатынасына байланысты. Оларды пайдаланудың ең оңай жолы - қордалау. Көкөніс шаруашылығында қалдықтарды (қоқыстарды) жылыжайларда биоотын ретінде пайдаланады. Ағынды суларда ауыр металдар көп болады. Сондай-ақ, олардың құрамында әр түрлі патогенді микроағзалар бар. Сол себепті оларды егістікке тыңайтқыш ретінде пайдалануға болмайды. Ағынды суды көбінесе орман шаруашылығында пайдаланады. Бұл орайда олар гигиеналық жағынан залалсыз болуы керек, ауыр металл қалдықтары және микроэлементтер көп болмауы керек, өсімдіктерге керекті қоректік элементтерге бай болуы керек.
Минералды тыңайтқыштар . Минералды тыңайтқыштарда қоректік заттар минералдық тұздар түрінде болады. Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар химия өнеркәсібінде табиғи қазбаларды өңдеу арқылы алынады, ал азотты тыңайтқыштардың өндірілуі негізінен ауа азотының сутегімен әрекеттесуінен аммиактың түзілуіне негізделген. Барлық минералды тыңайтқыштарды шартты түрде тікелей және жанама әсер етушілер деп бөледі. Алғашқысында қоректік заттар болады, ал кейінгісі топырақтың қасиетін өзгертіп, өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсартады /әк, ғаныш/. Сонымен бірге тікелей әсер ететін тыңайтқыштар, мысалы, аммиак селитрасы, суперфосфат жанама әсер етеді: топырақты қышқылдандырады, ал фосфорит ұны топырақты бейтараптандырады. Әк, ғаныш топырақ реакциясын өзгертумен қатар өсімдікті маңызды қоректік элемент - кальциймен қамтамасыз етеді. Химиялық құрамы бойынша минералды тыңайтқыштар қарапайым /бір ғана коректік элементі бар/ және кешенді /2-3 элементі бар/ болады. Физикалық күйі бойынша минералдық тыңайтқыштар сұйық және қатты түрде шығарылады, соңғылары кристалды, ұнтақ және түйіршікті болады.
Азотты тыңайтқыштар. Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді. Нитратты тыңайтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі өкілдері натрий және кальций селитралары. Натрий селитрасында 16% азот бар. Ұсақ кристалды ақ түсті тұз суда жақсы ериді, бойына ылғал сіңіргіш. Бұл тыңайтқыштың азотын өсімдік жеңіл сіңіреді, сондайақ, топырақ ылғалы жоғары болса оңай шайылады / әсіресе жеңіл топырақтарда/. Кальций селитрасында 17, 5% азот бар. Кристалды, суда тез еритін тұз. Физиологиялық сілтілі болғандықтан, топырақтың қышқылдығын төмендетеді. Аммоний сульфатында 20% азот бар. Ұсақ кристалды, суда жақсы еритін ақ немесе сұрғылт түсті тұз, өсімдіктер жеңіл сіңіреді. Қышқыл топырақтарға әк немесе фосфарит ұнын қосып қолдануға болады. Хлорлы аммонийда 24-25% азот болады. Ұсақ кристалды ақ немесе сарғылт қышқыл ұнтақ. Қолданылуы шектеулі, себебі хлордың ионы картопқа, зығырға, көкөністерге, жеміс-көкөніс дақылдарына кері әсер етеді. Хлор ионы біршама жуылуы үшін күзде топырақ өңдеген кезде енгізуді ұсынады. Сұйық аммиакта 82% азот болады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарда сақтайды және тасымалдайды. Аммиак суының бірінші сортында 20, 5, екіншісінде 18% азот болады. Түссіз немесе сарғылттау аммиак иісті сұйық. Азот түрінде болады. Бірақ аммонийлық азоттан аммиакты азот көбірек болады. Аммиакты селитрада 34% азот болады. Кристалды ақ түсті зат - әр түрлі дақылдарға қолдануға жарайтын әмбебап тыңайтқыш. Көп жылдар бойы бір жерге қолданса, топырақты қышқылдандырады. Бұл тыңайтқыштың қолайлы қасиеті - өсімдікке зиянды заттардың жоқтығы және тез әсер ететін нитратты және шабан қозғалғыш аммонийлы азоттың болуы. Мочевинада /несеп нәрі/ 46% азот болады. Ұсақ кристалды ақ түсті зат, суда жақсы ериді. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсерінен аммонификацияны тез өтіп, физиологиялық қышқыл - көмірқышқыл аммоний тұзын бөліп шығарады. Сондықтан енгізген алғашқы күндері топырақтың уақытша аздап сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіреді және бірте-бірте нитрификацияланады. Осының салдарынан топырақтың сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіргеннен кейін топырақтың алғашқы /мочевинаны қолданғанға дейінгі/ реакциясы қалпына келеді.
Калийлі тыңайтқыштар . Өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құрамында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұздарынан алынады. Алғашқы калий тұздарының ірі кен орны 19 ғ-дың 40-жылдары Штасфуртта (Германия) табылды. Кейінірек Франция, Канада, АҚШ-та калий тұздары ашылды, хлорлы калий, калий селитрасы, калий сульфаты және т. б. өндіріле бастады. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді, өсімдіктер тез сіңіреді, түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді және дақылдар өнімділігін арттырады. Картоп, қант қызылшасын, көкөніс, темекі дақылдарына Калий тыңайтқыштары көбірек қажет. Калий картоп құрамында крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады. Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың , тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлаукезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий тыңайтқыштарын азотжәне фосфор тыңайтқыштарымен бірге қатар аралықтарына 10 - 12 см тереңдікке (20 - 30 кг/га К2О) шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы/Батыс Қазақстан облысында, Қаратауда, т. б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының мол табиғи қорлары бар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz