Саңырауқұлақ денесі плазмодий



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырып:Плазмодиофорамицеттер және хитридиомицеттер кластарының саңырауқұлақтары қоздыратын ауылшаруашылық дақылдарының аурулары.

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

Алматы 2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Саңырауқұлақтардың жіктелуі
2.2. Шырыштылар бөлімі
2.3. Плазмодиофора класы
2.4. Нағыз саңырауқұлақтар бөлімі
2.5. Хитридиомицеттер класы
2.6. Хитридий қатары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Саңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгілі,олардың ішінде 10000 жақын түрі ауру қоздырғыштары.Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтар сапрофиттер және паразиттер деп бөледі.Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді,ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.
Саңырауқұлақтар морфологиялық, биологиялық, физиологиялық жəне т.б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.Қазіргі классификация биологиялық ерекшеліктері бойынша саңырауқұлақтарды екі бөлімге бөледі: шырыштылар (Myxomycota) жəне нағыз саңырауқұлақтар (Eumycota).

Негізгі бөлім
Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі,ал бір мыңнан аздауы жануарлармен адамдардың паразиттері. Саңырауқүлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді.Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен де селбесіп өмір сүруі жиі байқалады. Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады.Ақ саңырауқүлақтардың қайыңның, қарағайдың, шыршаның және емен ағашының түбінде, рыжиктердің қарағайлы және шыршалы ормандарда, подосиновник- тердің көк теректің түбінде өсетіндігі белгілі.Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі.Симбиоз түзілуден немесе селбесіп өмір сүруден өсімдіктердің екеуінеде пайдалы жағдай қалыптасады.Мицелийдің жіпшелері тамырды тығыз орап, кейде тіптен оның ішіне өтеді.Мицелийлер топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды сорып алады да, оларды ағаштардың тамырларына жеткізеді.Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады. Ал ағаштардың тамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.
Құрылысы.Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады.Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жшшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең пер- делер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады.Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады.Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозадан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының қүрамы біршама күрделі болады:төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан,ал жоғарғы сатыдағыларының-целлюлозаға жақын углеводтардан және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады.Клетка қабықшасының астында протопласт жатады.Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады,крахмал ешуақытга түзілмейді.Гифалары жоғарғы ұшы арқылы өседі.Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі.Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа-плехтенхима түзеді.Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзіледі.Саңырауқүлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды.Сондықтанда олар тек ылғалды жерлерде өседі.
Қоректенуі.Саңырауқұлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді.Бұл жағдайда саңырауқұлақтардың мицелийлері органикалық заттардың бір бөлігін сумен бірге және ылғалды қарашірінділерге бай орманды жерлердің топырағынан минералды заттармен бірге сорып қабылдайды,ал екінші бөлігін өздері өсіп тұрған жердегі ағаштардың тамырларынан алады. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады.Мысалы, қыналар, микориза.
Көбеюі.Саңырауқұлақтарда жыныс процесі редукцияға ұшыраған,соған байланысты оларда вегетативті және жыныссыз көбеюдің түрлері ерекше көп.
-Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы,артраспоралары (оидийлері) арқылы-клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған бөлігі,хламидоспоралары арқылы -қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар,бүршіктенуі арқылы-гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею.
-Жыныссыз көбеюі әртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады: зооспорангияның ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішіңде жетілетін спорангиоспоралары,ерекше гифалардың бүрш іктенуінің нәтижесін де экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы. Кейбір саңырауқұлақтардың өмірлік циклында жыныссыз споралардың түзілуінің бірнеше формалары кездеседі.
-Жынысты көбеюі.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады:изогамия,гетерогамия,оогамия , зигогамия.Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді.Өсер алдында зигота мейоз жолымен бөлінеді.Көптеген төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірі гаплоидты фазада өтеді,тек зигота ғана диплоидты болады.
Жоғары дәрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді:гаметангиогамия-сырт құрылыстары әртүрлі болып келетін жыныс органдарының ішіндегі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы;самотогамия-вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы; спермати- зация-аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен (спермациямен) ұрықтануы. Ядролар әдетте бірден қосылмайды.Қарама-қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі.Дикариондардың саны оларды түзетін ядролардың синхронды бөлінуінің нәтижесінде көбейе түседі.Біраз уақыттар өткеннен соң дикарионның ядролары косылады да диплоидты ядро түзеді.Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де,гаплоидты ядролар береді. Олардың әрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады. Сонымен жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі ядролық фаза алмасып келіп отырады:гаплоидты,дикарионды және диплоидты.Оның ішінде диплоидты фаза өте қысқа болады, ал өмірлік циклдың негізгі бөлігі гаплоидты және дикарионды фазаларда өтеді. Жыныстық көбею спораларының екі типі бар: 1) аскаспоралар, эндогендік жолмен ерекше клеткаларда-қалталардың ішінде пайда болады.Бұл әдетте дикарионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз жөне митоз процестері арқылы іске асады.Жыныстық көбею спорасының екіншісі -базидиоспоралар, олар экзогендік жолмен, көп жағдайда төртеуден ерекше клеткалардың ұшында пайда болады.Бұл да дикарионның ядролары қосылғаннан кейін жүретін мейоз процесі арқылы іске асады.Саңырауқұлақтарда жыныстық споралардың түзілуі әдетте олардың өмірлік циклының аяқталуьн көрсетеді.
Классификациясы.Саңырауқұлақтар бөлімі алты класқа бөлінеді: хитридиомицеттер класы (Chytridiomycetes), оомицеттер класы (Oomycetes), зигомицеттер класы (Zygomycetes), аскомицеттер класы (Ascomycetes), базидиомицеттер класы (Basidiomycetes),жетілмеген саңырауқұлақтар класы (Deuteromycetes).Алғашқы үш кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады,өйткені олардың мицелийлері көлденең перделері арқылы жекелеген бөліктерге бөлінбеген немесе мицелийлері мүлдем болмайды.Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.

2.1. Саңырауқұлақтардың жіктелуі
Саңырауқұлақтар морфологиялық, биологиялық, физиологиялық жəне т.б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.Қазіргі классификация биологиялық ерекшеліктері бойынша саңырауқұлақтарды екі бөлімге бөледі: шырыштылар (Myxomycota) жəне нағыз саңырауқұлақтар (Eumycota).
Көбеюіне байланысты олар класс, класс тармағы, қатар тобы, тұқымдас, туыс тармағы,түр тармағы,формаларға жəне т.б. бөліктерге жіктеледі. Саңырауқұлақтардың түрі қоректенуі,морфологиялық,биологиялы қ, цитологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаш-бұта өсімдіктерінде кездесетін саңырауқұлақтардың жіктелуі
Саңырауқұлақ аурулары
Хитродиомициттер туралы түсінік
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Саңырауқұлақтардың топырақ түзілудегі маңызы
Микологиялық және фитопатологиялық анықтамалық сөздік
Саңырауқұлақтар бөлімі (Грибы) - Mycophyta
Капустаға сипаттама
Сұр шірік
Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары
Пәндер