Өсімдіктер үшін қажет элементтер тобы
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Топырақтану және агрохимия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Органоген және күл элементтер,олардың өсімдік қоректену үшін рөлі.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Алматы 2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Тыңайтқыштар және олардың түрлері
2.2. Өсімдіктер үшін қажет элементтер тобы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда ауылшаруашылық өндірісінің дамуына байланысты түрлі минералды тыңайтқыштарға сұраныс күн санап артуда. Сондықтан өнімдерді минералдық элементтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлығын қалпында сақтау мақсатында жасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылуда.Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне, соның ішінде қоректі элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішіндегі элементтердің мөлшерін алдын-ала болжау қажет. Тыңайтқыштарды қолдану арқылы тұрақты әрі мол өнімді алуға болады. Тыңайтқыштарды қолдану топырақты құнарландыру арқылы өсімдіктердің құрамына және оның пісіп жетілуіне де мол көмегін береді.
Минералды тыңайтқыштарды әлемдік нарыққа ең ірі жеткізуші болып PotashCorp компаниясы, одан кейін Mosaic компаниясы саналады. Көшбасшылардың ондығына Беларусь калий, OCP, Agrium, Israel Chemicals, Yara, Уралкалий, Сильвинит кіреді. Өзге ірі өндірушілер қатарында -- Sinochem (Қытай), IFFCO (Үндістан), Еврохим (Ресей), Фосагро (Ресей), SAFCO (Сауд Аравиясы), Egyptian Fertilizer Company (EFC), Arab Fertilizer and Chemicals Company (AFCCO) (Египет), Тольяттиазот (Ресей), Черкассы (Украина) және Koch (АҚШ) кіреді.Жоғарыда аталып өткендей, фосфатты және азотты тыңайтқыштарды өндіру орталықтары тұтыну аудандарында үлестірілсе, калийлі тыңайтқыштарды өндіру орталықтары - шикізатты табу аудандарында үлестірілген.Осыған сәйкес, бүгінгі күнде азотты және фосфор қамтитын тыңайтқыштардың ең ірі өндірушілері болып Азия (Қытай және Үндістан) және Солтүстік Америка (АҚШ), ал калийлі тыңайтқыштардың өндірушілері - шикізатқа ие мемлекеттер: Канада, Ресей және Белоруссия.Қазақстанда Алматы қаласында орналасқан КосАгроКоммерц сауда өндірістік агрохимиялық компаниясы 18 жылдан аса уақыт бойы Қазақстан нарығында минералды тыңайтқыштарды басты өндіруші және жеткізуші ретінде танылып келеді.
Негізгі бөлім
Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді.Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты.Құрамында қоректік элементтер болатын заттарды тыңайтқыштар деп атайды.
Шығу тегіне қарай жергілікті және өндірістік тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып,химиялық құрамына байланысты минералды және органикалық,құрамындағы қоректік элемент санына сәйкес жай және комплексті деп бөлінеді.
Тыңайтқыштар-өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.
Өсімдіктердің пайда болып,өсіп,гүлдену процесіне 70-тен ас элемент қатысады.Элементтер қызметі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
-Органоген элементтер (С,Н,О,N)
-Күл элементтер (P,K,Ca,Mg,S)
-Микроэлементтер (B,Mo,Cu,Zn,Co)
-Хлорофилл және басқа да фермент құрамына кіретін элементтер (Fe,Mn)
*Өсімдіктің қоректенуінде азот жетіспесе өсуі нашарлайды.Жапырақтары бозғылт, сары-жасыл түсті майда болады.Даму кезеңі мерзімінен бұрын басталады.Түптенуі нашарлайды.Жемістері майда,әрі ертерек піседі. Сабақтары жіңішке, әлсіз келеді.
*Фосфор жетіспесе өсімдіктің өсуі мен дамуы өте баяу өтеді. Сөйтіп оның гүлдеуі мен пісуі кешігеді. Жапырақтары күңгірт-жасыл түске боялады және қызғылт-күлгін, ақшыл-көк немесе қошқыл-қоңыр реңдер пайда болады.
*Калий жетіспесе өсімдіктің өсуі кешігеді. Жапырақтарында көгілдір рең түзіледі және қошқыл-жасыл түске боялады. Кейбір көкөніс дақылдарының жапырақтарында сұрғылт-жасыл немесе сұрғылт-сары түстер пайда болады.
*Кальций жетіспесе өсімдік бүршігінің ұшында ақ рең, жапырақ жиегінде ақ түсті жолақ пайда болады.Жаңа пайда болған жапырақтың өсуі мен дамуы баяу өтеді.
*Магний жетіспесе өсімдіктің төмен орналасқан жапырақтарының түсі ашық-жасыл, сарғыш-жасыл түске ауысады.Жапырақ тақтасында ашық рең пайда болады.
*Бор элементі жетіспесе ең алдымен өсімдіктің сабағы мен тамырының өсуі нашарлайды.Жоғары орналасқан бүршіктер мен олардың айналасындағы жас жапырақтарда сарғылт түсті рең пайда болады.Тамырдың өсу нүктесінің тіршілігі өте баяу өтеді.
*Марганец жетіспесе сабақ бойының жоғары жағында орналасқан жапырақтарда ашық-жасыл, қызыл немесе сұр түсті реңдер пайда болады.
*Мырыш жетіспеген жағдайда өсімдік сабағының буын аралығы қысқарып, жапырағында ашық түсті рең пайда болады.
Қоректену заттарына, олардың санына байланысты минералды тыңайтқыштар екі топқа бөлінеді:
:: қарапайым - азотты, фосфорлы, калийлі, борлы, молибденді және т.б.;
:: кешенді - екі немесе бірнеше негізгі қоректену заттардан тұрады.
Азот тыңайтқыштары
"Батыс Еуропадағы егіншіліктің бүкіл тарихы, егінің орташа шығымдылығымен анықталады да, ал ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің азотпен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты"-деген болатын академик Д.Н.Прянишников.
Азот жер бетіндегі ең көп таралған элемент.Ол табиғатта бос күйінде және түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ауа құрамының 78 % осы газ болса, жер қыртысында азот қосылыстары 0,04% құрайды.
Қоректік элемент ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады.Ол барлық ақуыз құрамына енеді де, өсімдік клеткасы протоплазмасының басты бөлігі болып саналады.Ақуызда азоттың мөлшері оның жалпы массасының салмағының 16-18 пайызыне тең болады.Азот фотосинтез құбылысына қатысатын хлорофилл мен протоплазманың клетка ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылдарының құрамында кездеседі.Сонымен қатар азот фосфатидтерде, алкалоидтерде, кейбір витаминдер мен ферменттерде және өсімдік клеткасындағы басқа көптеген органикалық заттарда болады.
Өсімдік үшін азот көзі болып есептелінетін, топырақтағы қосылыстарды мынадай топтарға бөледі:
1) азот қышқылының тұздары
2) аммоний тұздары
3) азотты қышқыл тұздары
4) азоттың кейбір органикалық, қосылыстары (мочевина, амин қышқылдары).
Қазіргі кезде өндірілетін азот тыңайтқыштары төрт топқа бөлінеді (4-сурет):
1)Аммиак-нитратты тыңайтқыштар.Бұған амоний селитрасы, әк-аммоний селитрасы, аммоний-сульфат селитрасы жатады.
2)Аммиакты тыңайтқыштар.Бүл топқа аммоний сульфаты, аммоний хлориді, аммоний-натрий сульфаты,сұйық аммиак, аммиак суы, аммоний карбонаты, аммоний бикарбонаты жатады.
3)Нитратты тыңайтқыштар.Бұл топқа натрий селитрасы мен кальций селитрасы жатады.
4)Амидті тыңайтқыштар тобына мочевина, кальций цианамиді, уреаформ немесе мочевинді-формальдегидті тыңайтқыштар жатады.
Фосфор тыңайтқыштары
Фосфор өсімдік тіршілігіне аса қажетті элементтің бірі болып саналады. Кезінде орыс оқымысты А.Е.Ферсман "Фосфор - тіршілік пен ақыл-ой элементі" деген.
Өсімдік организміндегі синтездеу процесі мен зат алмасудың көптеген сатысы фосфор қышқылының қатысуымен өтеді.Әсіресе, әр түрлі органикалық қосылыстар құрамына енетін фосфордың маңызы зор.Солардың ішінде нуклеин қышқылдарын бірінші орынға қоюға болады.Нуклеин қышқылының екі түрі де РНК(рибонуклеин),ДНК (дезоксирибонуклеин) ақуыздың синтезделуі, өніп-өсу, тұқым қуалаушылық сияқты тіршілік әрекетінің ең маңызды процестеріне қатысады.Олар өсімдіктің барлық мүшелері мен клеткаларында кездеседі.Көпшілік өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарында нуклеин қышқылының мөлшері 0,1-1,0 пайызға дейін жетеді.Жас жапырақ пен өркеннің өсу нүктесінде нуклеин қышқылы көне жапырақ пен сабаққа қарағанда көбірек болады.Фосфордың органикалық қосылыстарына нуклепротеидтерді-ақуыздың фосфор қышқылымен қосылысын жатқызуға болады.Олар биохимиялық реакцияның өтуін жылдамдатады және клетка ядросының бөлінуіне қатысады.
Фосфор өсімдікте фосфатидтер, фитин, қант фосфаты сияқты қосылыстар құрамында да кездеседі.Фитин кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік мүшелерінің құрамында,фосфор қосылыстарының арасында мөлшері жағынан бірінші орын алады.Мысалы, майлы дақылдарда 1-2%, астық дақылдарының тұқымында 0,5-1% фитин болады.Фитиннің өзінің құрамында 27,5 пайыз фосфор қышқылы кездеседі.Фосфор өсімдікте жүретін түрлі биосинтез процестерін жүзеге асыру үшін, көп энергия бөліп шығаратын қосылыстар құрамына енеді.Олардың ішінде ең маңыздысы АТФ (аденазин үш фосфор қышқылы) болып саналады.
Өсімдікте фосфор шамалы мөлшерде түрлі минералдық қосылыстар түрінде кездеседі Оған негізінен орта фосфор қышқылының тұздары жатады.Өсімдік организмінде фосфор көптеген процестерге қатысады.Мысалы,құрамында фосфор қышқылы бар АТФ-сыз фотосинтез және тыныс алу процестері өтпейді, сондай-ақ өсімдіктегі қосылыстардың түрленуі болмайды.Өсімдіктегі көмірсулардың синтезделуі мен ыдырауы фосфордың қатысуымен өтеді.Өсімдік организмінде фосфор қышқылы азотты заттардың алмасуында ерекше рөл атқарады.Мұнда нитратты азоттың аммиаққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz