Сұр шірік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Polystigma,Ustilago,Botryt is туыстарының түрлері, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері,қоздырғыштарының даму циклі.

Орындаған:
Қабылдаған:

Алматы 2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1.Polystigmа туысының түрлері, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, қоздырғыштарының даму циклі.
2.2.Ustilago туысының түрлері, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, қоздырғыштарының даму циклі.
2.3.Botrytis туысының түрлері, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, қоздырғыштарының даму циклі.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Фитопатология - өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті - фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бәсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін және оның дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін зерттейді.
Фитопатология пәнінің мақсаты - өсімдік пен патоген арасындағы қатынасты химиялық, молекулалық, генетикалық деңгейде зерттеп, өсімдік ауруының пайда болып, таралуын алдын ала болжау, ауруға төзімді сорттар шығару, химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да әдістерді қолданып, аурулардың алдын алып, олардан келетін шығынды мейлінше төмендету.

Негізгі бөлім
Саңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгілі,олардың ішінде 10000 жақын түрі ауру қоздырғыштары.Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтар сапрофиттер және паразиттер деп бөледі.Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді,ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.
Саңырауқұлақтар морфологиялық, биологиялық, физиологиялық жəне т.б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі. Қазіргі классификация биологиялық ерекшеліктері бойынша саңырауқұлақтарды 2 бөлімге бөледі: шырыштылар (Myxomycota) жəне нағыз саңырауқұлақтар (Eumycota).
I.Шырыштылар бөлімі (Myxomycota)
Бұл саңырауқұлақтың вегетативті денесі көп ядролы плазмодий - протоплазманың жалаңаш бір бөлігі.Плазмодийдің өзіне тəн қабықшасы жоқ,амеба сияқты қозғалады.Жыныссыз спорасы гаплоидты зооспоралар.Олар қосылып жынысты амебоид түзеді.Бұл саңырауқұлақтар негізінен сапротрофтар, бірақ фитопатогенді түрлері де бар.
II.Нағыз саңырауқұлақтар бөлімі (Eumycota)
Саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі жіпшумақ.Жынысты жəне жыныссыз споралардың даму ерекшеліктеріне байланысты нағыз саңырауқұлақтар алты класқа бөлінеді-хитридиомицеттер,оомицетте р, зигомицеттер,аскомицеттер,базидиоми цеттер жəне дейтеромицеттер (жетілмеген).Бірінші үш класс төменгі сатыдағы немесе қарапайым саңырауқұлақтарға (жіпшумағы бір клеткалы),ал соңғы үш класс саңырауқұлақтары жоғарғы сатыдағы немесе күрделі саңырауқұлақтарға (жіпшумағы көп клеткалы) жатады.

2.1.Polystigmа туысының түрлері, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, қоздырғыштарының даму циклі.
Аскомицеттер (қалталылар) класы (ASKOMYCETES)
Бұл класқа 30 мыңнан аса саңырауқұлақ түрлері топтасқан. Жіпшумағы өте жақсы дамыған көп клеткалы, кейбір түрі бүршіктенетін жіпшелерден тұрады. Барлық түрлеріне тəн ортақ қасиет - жынысты спора аскоспоралар (қалтаспоралар) аск (қалта) ішінде дамиды.
Аскомицеттердің жынысты көбеюінде екі түрлі жынысты жіпше клеткалары қосылып, диплоидты ядросы бар зигота түзеді. Зигота аскіге айналып, ішінде аскоспоралар пайда болады. Аскілердің (қалта) пішіні домалақ, сопақша, шоқпар, цилиндр тəрізді. Аскоспоралар да алуан түрлі, домалақтан жіпшеге дейін.
Жыныссыз споралары гаплоидты жіпшеден түзілетін конидиялар. Олар жіпшумақ бетінде жекеленіп немесе шоқтанып (коремияда), бөртпеленіп (спородохияда), тығыздалған жіпшелерде (ложе-төсеніште), шар немесе алмұрт тəрізді пикнидалардың ішінде түзіледі. Конидиялар вегетация кезеңінде пайда болып, ауруды таратады, ал аскоспоралар вегетациялық кезеңнің соңында пайда болып, өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.
Қалталардың (аскілердің) түзілуі бойынша аскомицеттер 3 класс тармағына бөлінеді:
-гемиаскомицеттер (жалаңаш қалталылар)
-эуаскомицеттер (жеміс қалталылар)
-локулоаскомицеттер (қуыс қалталылар)

Эуаскомицеттер (жеміс қалталылар) класс тармағы (Euascomycetidae)
Қалталы саңырауқұлақтардың ең үлкен тобы. Қалталар жеміс дене ішінде түзіледі. Конидиялардың ауруды таратуда маңызы зор. Қалталы саңырауқұлақтарда 3 түрлі жеміс дене - клейстотеций, перитеций, апотеций түзіледі.
Клейстотецийлер жіпшумақ үстінде түзіледі. Оның ішінде қалталар ретсіз немесе топтанып орналасады. Клейстотецийдің қабығы жарылған соң аскоспоралар пассивті босайды.
Перитеций ішінде аскілер негізінен шоқтанып орналасады. Перитецийден аскоспоралар саңлауы арқылы активті босайды, ал кейбір түрлерінде аскоспоралар шырыштанып шығады.
Апотеций - ашық жеміс дене, оның ішкі жағында аскі мен парафизден тұратын гимениалды қабат болады. Аскоспоралар активті босап шығады.
Жеміс дененің типі аскілердің орналасуы жəне олардың босанып шығуы бойынша жеміс қалталылар 3 қатар тобына бөлінеді:
-плектомицеттер (Plectomycetidae)
-пиреномицеттер (Pyrenomyceti-dae)
-дискомицеттер (Discomycetidae)

Пиреномицет қатар тобы (Pyrenomycetidae)
Жеміс денесі негізінен перитеций, сирек клейстотеций, ішіндегі қалталары шоқтанып немесе қатарланып тұрады. Аскоспоралары активті босайды. Перитецийлері ұлпаға батып немесе бетінде орналасады, кейде строма ішінде немесе оның бетінде топтанып тұрады. Конидиялы кезеңі вегетация кезеңінде түзіліп, саңырауқұлақтың таралуында маңызы зор.
Қалталы кезеңі өсімдік қалдықтарында, түскен жапырақта өтеді, өсімдіктің түбірінде де сақталады. Бұл саңырауқұлақтар ақ ұнтақ ауруын, бұтақ пен діңдердің некроз, рак ауруларын, дақтарды, т.б. қоздырады.
Пиреномицеттердің бірнеше қатары бар:
-Эризифтер (ақ ұнтақ) қатары (Erysiphales)
-Гипокрий қатары (Hypocreales)
-Сферий қатары (Sphaeriales)
-Диапорт қатары (Diaportales)
-Клавицепс (қастауыш) қатары (Clavicipitales)

Сферий қатары (Sphaeriales)
Қатарда бірнеше мың саңырауқұлақтар бар. Олар сапрофиттер, паразиттер де болып өмір сүреді. Жеміс дене - перитецийлер ұсақ, домалақтау немесе алмұрт тəрізді, іші қуыс, қысқа кейде ұзындау мойны болады. Перитеций қабығы жақсы дамыған бірнеше қабаттан тұрады. Перитецийлер жеке-жеке кейде топтанып стромада немесе субстрат бетінде түзіледі, ішінде жиегімен орналасқан қалтадан тұратын қабаты бар.

Сферий қатары:
-Polystigma туысы
- Phyllachora туысы

Polystigma туысы
Паразит түрлерінің маңыздысы Polystigma туысынан P.rubrum түрі - сүйекті жемістілердің полистигмоз (қызыл дақ) ауруын қоздырады. Саңырауқұлақтың даму циклінде маңыздысы қалталы кезеңі. Перитецийлер түзілетін стромалар ұлпа ішіне батып тұрады.

Алхорының қызыл дағы (полистигмоз).
Ауру қоздырғышы - Polystigma rubrum DC. саңырауқұлағы. Қоздырғыш барлық сүйекті жемістілерді залалдайды. Ине тəрізді сəл иілген конидиялар пикнидадан ақ таспа сияқты иректеліп шығады. Олар өсімдікті залалдамайды, тек жыныстық үдерісте қатынасып, саңырауқұлақтың қалталы кезеңі дамиды.
Саңырауқұлақ перитеций түрінде түскен жапырақтарда қыстайды. Перитецийлер шар тəрізді, стромаға батып орналасады. Қалталарының пішіні шоқпар сияқты, бір клеткалы 8 сопақша споралары бар. Олар қыс бойы жетіліп, көктемде жас жапырақтарды залалдайды. Жапырақтың екі бетінен де айқын білінетін сарғыш немесе ашық қызыл түсті дақтар пайда болады. Соңынан дақтар қалыңдап, қызыл түске айналып, жалтырап, жапырақ түскеннен кейін олар қоңырланады. Дақ үстінде пикнидалардың саңлаулары көрінеді.

2.2.Ustilago туысының түрлері, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, қоздырғыштарының даму циклі.
Базидиомицеттер класы (BASIDIOMYCETES)
Класта 30 мыңға жуық саңырауқұлақ түрлері бар.
Базидиялардың құрылысына байланысты базидиомицеттер 3 класс тармағына бөлінеді:
-холобазидиомицеттер (Holobasidiomycetidae)
-гетеробазидиомицеттер (Heterobasidiomycetidae)
-телиобазидиомицеттер (Teliobasidiomycetidae)

Телиобазидиомицеттер класс тармағы (Teliobasidiomycetidae)
Саңырауқұлақтардың базидиялары перделі, олар телиоспорадан өніп шығады. Жеміс денесі болмайды.
Өсімдік ауруларын қоздыратын маңызды екі қатары бар:
-қара күйе (Ustilaginales)
-тат (Uredinales) саңырауқұлақтары.

Қара күйе қатары (Ustilaginales)
Саңырауқұлақтар өсімдіктердің қара күйе ауруын қоздырады. Өсімдіктің (астық дақылдарының) гүлін, түйінін, жапырағын, сабағын залалдайды. Залалданған мүшелер ыдырап жойылып, қара күйе массасына айналады.
Саңырауқұлақтар екі түрлі спора - телиоспора жəне базидиоспора түзеді. Телиоспоралар жіпшелердің бөлінуі арқылы пайда болып, промицелийге өніп, қысқа мицелиалды түтік (базидия) түзеді, оның басында немесе бүйірінде базидиоспоралар орналасады
Олардың пішіні алуан түрлі. Гаплоидты базидиоспоралар өніп, бір-бірімен қосылып, дикариоттық жіпше түзеді де, өсімдікті залалдап, оның ішінде дамиды. Гаплоидты мицелий өсімдік ұлпасына енгенімен оны залалдамайды. Өсімдікті дикариоттық мицелий залалдайды.
Телиоспора кариогамия үдерісінде диплоидты зиготаға айналады да, ол өніп мейоз нəтижесінде ядролар гаплоидтанып базидияға кейіннен базидиоспораға өтеді. Сонымен қатар қара күйе саңырауқұлақтарында гаплоидты, дикариотты жəне диплоидты кезеңдер болады. Кейбір қара күйе саңырауқұлақтарының базидиоспоралары бүршіктеніп бөлініп, əрбір үдерісте қатысады.
Қара күйе саңырауқұлақтары белгілі өсімдік түріне бейімделген. Ұзақ уақытқа дейін жас ұлпалардың өсуіне əсерін тигізіп, нəтижесінде ұлпалар еріксіз өсіп ісіктер, бұлтықтар пайда болады, репродуктивті мүшелер орнына вегетативті мүшелер құрылып, түйін саны көбейеді. Кейін өсімдік ұлпасы бұзылып, телиоспоралар түзіледі. Қара күйе саңырауқұлақтарының 1000 жуық түрлері бар.
Олар базидиялардың құрылысына жəне орналасуына байланысты 2 тұқымдасқа бөлінеді:
-устилягина (Ustilaginaceae)
-тиллеция (Tilletiaceae)

Устилягина тұқымдасы - Ustilaginaceae.
Бұл саңырауқұлақтардың базидиясы төртклеткалы, əр клеткада бір базидиоспора түзіледі. Тұқымдаста 20 жуық туыстар бар.
Устилягина тұқымдасы:
-Ustilago туысы
-Sorosporium туысы
-Sphacelotheca туысы

-Устилаго (Ustilago) туысы
Ustilago ең көп таралған туыс. Телиоспоралары майда, түсі қоңыр, тегіс немесе тікенекті, қалың қабықты. Дəнді дақылдардың қара күйе ауруын қоздырады. Өсімдікті тұқымның өнуі немесе гүлденуі кезінде залалдайды.
Бұл саңырауқұлақтар бидайдың тозаңды (U. tritici Jens), сұлының тозаңды (U. avenae Jens) жəне қатты (U. laevis Magn.), арпаның тозаңды (U. nuda Kell. et Swing) жəне тасты (U. hordei Kell. et Swing), жүгерінің көпіршік (U. zeae Unger) қара күйелерін қоздырады.

Бидайдың тозаңды қара күйесі.
Ауру қоздырғышы - Ustilago tririci Jens. саңырауқұлағы(168-сурет). Телиоспоралары шар, кейде сопақша немесе бұрышты, түсі зəйтүн-қоңыр, ұсақ, қабығы тікенекті. Телиоспоралар ауа арқылы бидай гүлінің аналығына түсіп фрагмобазидияларға өніп, екі-екіден қосылған диплоидты жіпшелер ұрыққа еніп, тұқым ішінде, тұқым қабығының перикарпийінде немесе эндоспермінде сақталады. Залалданған тұқымның сау тұқымнан сырттай айырмашылығы болмайды. Сонымен бидайдың тозаңды қара күйе қоздырғышымен алғашқы (бірінші) залалдануы гүлі арқылы өтіп, тұқым ішінде саңырауқұлақ тіршілігін 3 жылдан аса сақтайды.
Көктемде саңырауқұлақ жіпшелері активтеніп, тұқымнан өнген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымды себуге дайындау
Өсімдік ауруларының биотикалық себептері
Жүзім шаруашылығы
Күнбағыс дақылын өсіру технологиясы
КҮНБАҒЫС ЖӘНЕ ПИЯЗҒА СИПАТАМА ЖӘНЕ АУРУЛАРЫ
Сәбізді өсіру технологиясы
Вегетативті көкөністер
Жамбылобылысы шу ауданы жағдайында күнбағысты негізгі зиянкестері мен ауруларынан қорғау шараларын ұйымдастыру
Жалпақ жапырақты ағаштардың зиянкестері мен ауруларымен күресу
Жемістер мен көкөністер
Пәндер