Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсыүлгісі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

« Медицина » факультеті

РЕФЕРАТ

Пән атауы: Cыбайлас жемқорлық

Тақырыбы: Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

Қабылдаған :Сыздыкова А

Орындаған: Маккамбаев Х. Х

Тобы: ЖМ-019

Түркістан2020 ж

Жоспаp

І. Кіріспе

Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

ІІ. Негізгі бөлім

І Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты.

ІІ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

ІІІ. Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. «Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық - бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде. Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бқалыптастыру .

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық нормаларды сақтауы - мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарамақайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсыүлгісі .

Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері бейімделген және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады. Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын - жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді» 2014 жылы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі. Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында Грузиядан тек қана Прибалтика елдері озық тұр. Мемлекеттік басқару құрылымын реформалау және Грузияда сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 жыл, Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңаүкіметтің келуін атауға болады. Стратегиялық құжаттар мен нормативтік-заңнамалық актілерді әзірлеу негізіне америкалық, италиялық, жаңа зеландиялық және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, МВФ және USAID сияқты халықаралық ұйымдардың консультанттары мен сарапшылары шақырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі айырмашылығы репрессивті әдістермен қатар Грузияда превентивті- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 22 алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай жағдайларды болдырмауға бағдарланады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға маңызды рөл берілетінін атап өту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негізіне мемлекеттік қызметшілермен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне этикалық нормаларды оқыту жатыр. Осы мақсатта халықаралық ұйымдардың қолдауымен этика жөніндегі жаңа оқу-әдістемелік материалдар әзірленді, осы саладағы табысты өнімдердің бірі - «Этика және мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық ережелері» оқу құралы болып табылады. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқалар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізумен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.

ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ 1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын» жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу барлығын бір жерде - Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады, азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздырмайды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы куәлігінен бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министрлігінің сайтында жазылса болғаны. 2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды, енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі. Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды. Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы бұзушылықтар азайды. 3) Жүргізуші куәлігін алу рәсімдері де өзгеріске ұшырады. Грузияда медициналық тексеруді алып тастады. Техникалық тексеру де жоқ, бұл рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда парақорларға пайдалы деп шешілді. Жүргізуші куәлігін емтихандар тапсырып, бар болғаны 35 доллар баж салығын төлем (2011 жылғы мәліметтер) алуға болады. Осы барлық рәсімдерді тәулігіне 24 сағат демалыссыз және мереке күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік агенттігі атқарады. Автокөлікті тіркеу 15 минут уақыт алады, оған нөмірді іріктеу мен кез келген банктің өкіліне сол жерде 40 доллар төлеу кіреді. 4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі деп грузин үкіметі шенеуніктің еңбекақысын көтеру деп есептейді, себебі оған қызметкердің мотивациясы тікелей байланысты. Полициядағы еңбекақы, содан кейін барлық мемлекеттік аппараттағы еңбекақы реформалау жылдары 15-40 есеге артты. 5) Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны 18-ден 13-ке, ведомстволардың саны 52-ден 34-ке қысқартылды. Персоналдың саны 35-50%-ға азайды. Өрт инспекциясы, автоинспекция, санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін тоқтатты. 6) Салық жүйесіндегі реформалар. 25 салықтың орнына 6 түрі қалдырылды. Кедендік баж салығы қысқартылды және 2008 жылы толығымен алып тасталды. Жерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң қабылданды. 7) Білім беру жүйесіндегі реформалар. Реформа жүргізгенге дейін әрбір университет оқуға қабылдау емтихандарын жеке-дара жүргізді. Университетке «түсу» бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі барлық абитуриенттер үшін бірыңғай емтихан, анонимді, электрондық база бойынша өткізеді. Содан кейін бірыңғай емтихан нәтижелері бойынша абитуриенттер жоғары оқу орнына түседі. Грузияда болғанның бәрін басқа институционалдық және саяси экономиялық жағдайлары елдерде қайталауға болмайды. Алайда, Грузияның тәжірибесінен көптеген пайдалы сабақ алып, алдында ауқымды әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жеңу бойынша осыған ұқсас міндеттер тұрған басқа да елдердің жағдайына бейімделіп, қолданыла алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Прокуратура қызметіндегі жетілмегендіктер
Конституция
Мүдделер қақтығысы ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫ
Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz