Монтессори технологиясы бойынша өткізілген хас щеберлер жинақтамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ақмола облысы
Бұланды ауданы
Балдәурен балабақшасы МКҚК

Макинск қаласы,
2016 жыл

Мария Монтессори технологиясы бойынша өткізілген хас щеберлер жинақтамасытақырыбындағы материалдар жинағы.

Құрастырушы: Молдахметова Т.С. Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Балдәурен балабақшасының тәрбиешісі. 2016 жыл.

Осы кітапшада Мария Монтессори технологиясы жөнінде шағын мәлімет, Монтессори - педагогтарының жинақталған іс - тәжірибелерінің материалдары, хас щеберлер жинақтамасы енгізілген.

Педагогикалық ұстанымым:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Мақал - мәтел

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
М.Монтессори технологиясын эксперименттік топта жүзеге асыру ... ... ... ... ...
Монтессори технологиясы бойынша өткізілген хас щеберлер жинақтамасы ... .

Кіріспе
Жас ұрпақтан мықты, күшті тұлғалар тәрбиелеп шығаруымыз міндет, ал мықты адамдар деп біз өз-өзіне сенімді, тәуелсіз тұлғаны айта аламыз
М.Монтессори

Ел ертеңі болашақ тұлға жас ұрпақты саналы білім, сапалы тәрбиемен сусындату білім қызметкерлерінің басты міндеті, әрі борышы.
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жолдауында болашақ ұрпақтың дамуын мектепке дейінгі мекемелерден бастап қолға алуды ерекше тапсырады. Сонын ішінде соңғы жолдауы Нұрлы жол жолдауында айтылған.
Мария Монтессори Бала дүниеге келгеннен бастап өзін - өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеттері сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау деген екен.
Педагогтың міндеті:
:: Ең негізгі міндеті - балаларға өзін - өзі дамыту жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай жасау;
:: Балаларды топта сақталатын ережелермен таныстыру;
:: Балалардың іс - әрекетін бақылап, тек қажет кезінде көмек көрсетеді;
:: Дидактикалық материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін үйрету;
:: Топтағы жағымды атмосфераны қалыптастыру, келіспеушілікті шешу;
:: Баланың әрі қарай өзін дамытуда бағыт береді;

Топта сақталатын ережелер:
:: еркін жүріп тұрады;
:: қолданған затын ескертусіз жинап орнына қояды;
:: қажет кезде тәрбиешіден көмек сұрау;
:: үлкен балалар жаңа келген балаларды үйретеді;
:: жіберген қателіктерін тауып оларды түзетеді;
:: бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу;
:: басқа балаларға бөгет болмау;
:: тыныштықты сақтайды;
Мария Монтессори өсиеттері:
♦ Қандай жағдай болмасын, бала өзі көмек сұрағанша оған тиіспе;
♦ Ешқашан бала туралы жаман айтпа,оның көзінше және ол болмағанда да;
♦ Баланың жақсы қасиеттерін дамытуға бағыттал, сонда жаман қасиеттер біртіндеп азая түседі;
♦ Танымдық ортаны дайындағанда белсенді бол. Әрқашан оны талаптар мен ережеге сай дайында. Баланың бұл орталықта дұрыс іс - әрекет жасауына көмектес. Әр дамыту материалының орнын және оны қалай дұрыс қолдану керектігін көрсет;
♦ Сенің көмегіңді қажет ететін балаға көмектесуге және оның сұрақтарына жауап беруге дайын бол;
♦ Қате жіберіп алып оны қазір немесе сәлдең соң түзете алатын баланы қадірлей біл. Бірақ баланың іс - әрекеті немесе материалды дұрыс қолданбаған жағдайында, өзінің немесе басқа балалардың денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін болса жұмысты тоқтат;
♦ Демалып отырған немесе біреудің жұмысын бақылап отырған, немесе қандай іс - әрекет жасағанын әлде жасайтынын ойлап отырған баланы қадірлей біл. Осы сәтте оны ешқашан басқа әрекет жасауға мажбүрлеме;
♦ Немен айналысатынын білмей, іс - әрекет түрін іздеп жүрген балаға көмектес;
♦ Балаға жаңаны игеруге, бұрын бас тартқан материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетуден жалықпа. Қоршаған ортаны мейіріммен, шыдамдылық пен тыныштықпен, қайырымдылық пен махаббатпен толтыр. Ізденіс үстіндегі балаға өзіңнің көмек көрсетуге дайын екеніңді көрсете біл, және басқа балаларға оны білдіртпе;
♦ Баламен қарым - қатынаста тек жақсы әдеп - қылықтарыңды көрсет және өзіңдегі ең жақсы қасиеттеріңді ұсын.

М.Монтессори технологиясын
эксперименттік топта жүзеге асыру
Мектепке дейінгі балалық - бала дамуының ерекше кезеңі. Балабақшадағы жай топтарында балалар белгіленген ережелер бойынша және ересетердің бақылауында ойнап, білім алады. Бұл тәртіп - дәстүрлі түрде тәрбие беру болып саналады. Әрине, жақсы тәрбиеші ойын ұйымдастырып, шығармашылыққа баулып, балаға жапсыру, сурет салу, мүсіндеу дағдыларын қалыптастыра отырып, қызығушылықтарын арттыруға ықпал жасайды. Ал менің басты міндетім - Монтессори қағидасына сүйене отырып, Монтессори жүйесін жүзеге асыру.
Менің тағы да бір басты мақсатым - балалар балабақшаға тек ойнап, күнделікті бір әрекет жасауға ғана емес, сонымен қатар, әр бала жауапкершілікті сезіне білуіне, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай білуіне, өз уақытын ұйымдастыра алуына, өзіңе сеніммен қарауына мүмкіндіктер бере отырып, қолайлы жағдай туғызу.
Осы мақсатыма М.онтессори технологиясы үлкен көмек көрсетуде. Бұл технологияны эксперименттік топта 2014 жылдың қаңтар айының бастап қолданып келемін. Монтессори педагогикасымен танысу ең бірінші кезеңде таңғалу, қызығу сезімдерін туғызады. Мен осы әдістемені оқып үйрену кезінде көптеген жаңа мәліметтер, жаңа білім, жаңа әдістерді танып білдім және оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін баланы жан - жақты дамытуға арналған дамытушылық ойыншықтар, дидиктикалық ойынға арналған ойыншықтар, үлестірмелі ойыншықтар, бисерлер, ағаш, жіп өткізуге арналған ойыншықтар, дыбыстық, музыкалық ойыншықтар, сипап сезуге арналған ойыншықтар, құрылыстық материалдар, жан - жануарлардың түрлері, үтіктер, үй жабдықтары, ыдыс - аяқтар,қызғылт мұнара, қоңыр баспалдақ, қызыл таяқшалар, ертегі кейіпкерлері, дамыту кубиктері,т.б. көптеген ойыншықтар алынды. Жалпы Мария Монтессори технологиясында 5 аймақ арқылы баланың дамытуы көзделген.
Жоғарыда айтылғандай алғашқы кезеңде қызығушылық танытсақ, келесі, екінші кезеңде аздаған қиыншылықтарға тап боламыз. Жеке топпен жұмыс істеген кезде теория мен презентация жасау әдістемесін білудің өзі жеткіліксіз екенін түсінесіздер. Яғни, күмәннің, жауапсыз қалған сұрақтардың, күдіктің кезеңі. Бұл кезде жұмысты таңдау қиындық тудырады. Топтпа бала тым көп болғандықтан, олармен жеке жұмыс істеуге уақыт табылмайды. Жұмыстың мақсатын, түрін анықтау өте күрделі болып табылады.
Үшінші кезеңде, біртіндеп жалпы мәселелерден нақты сұрақтар пайда болады. Ол Не істеу керек? деген сұрақ емес, Оны қалай істеу керек? деген сұрақтар көбейеді. Бұл кезеңде қиындықтарды шешу жолдары қарастырылады. Жұмыс істеуге, оқуға,жетілуге ынта жаңарады.
Келесі төртінші кезең - өте жауапты кезең. Бұл әрекеттің жаңа көкжиектерін ашатын сенімді, үздіксіз жұмыс кезеңі. Бала еркіндік пен тәртіпке үйренеді. Өзі шешім қабылдап, презентация жасай алады. Өзгеге де үйрете алады. Осы төрт кезеңнен жығылмай өте алған педагог жақсы нәтижелерге жетеді.
М.Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді және ол ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына қайшы келмейді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мақсаты негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту болып табылады. Ал, М.Монтессоридің басты мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. Монтессори жүйесінің негізгі ұраны Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер.
Мен осы Монтессори әдісін қолдана отырып, аудандық семинарларда, Көкшетау қаласында өткен семинарларда хас шебер өткізідім. Монтессори материалдарын қолдана отырып аудандық ашық сабақ өткіздім. Кейбір Монтессори материалдарын өз қолымнан жасадым. Түстен кейінгі аусымда үйірме жұмысын ұйымдастырам.
Өзімнің жұмысымның нәтижесін анықтау үшін мониторинг жүргіздім. Бүгінгі күнде жылдың басындағы нәтижемен қазіргі кездегі нәтижені салыстырсақ, жақсы көрсеткішке ие болдым.
Балалар Монтессори материалдарымен жақсы жұмыс атқара алады. Өзіңе сенімді, өзі шешім қабылдай алатын тұлға ретінде қалыптасқан.
Қорыта келгенде, Монтессори жүйесіне сүйсіне отырып, атқарған жұмыс балалар үшін Монтессори педагогикасының маңызы ерекше екенін тағы бір дәлелі болып табылады. Сондықтан да алдағы уақытта осы бағыттажемісті еңбек етерімізге, үлкен нәтижелерге жетерімізге сенімім мол.

М.Монтессори технологиясы бойынша ашық есіктер күніңде өткізілген ата - аналарға арналған
ХАС ШЕБЕР
2015 жылдың 30-шы қазаныңда Жұлдызша ІІ кішілер тобының ата - аналарымен М.Монтессори технологиясы бойынша хас шебер өткіздім.
Ата - аналарға М.Монттесори технологиясы жайлы шағын мәлімет бере отырып, балалармен жұмыс жасау күн тәртібімен таныстырдым:
Күннің екінші жартысында балалармен М.Монтессори технологиясы бойынша құрастырылған үйірме жұмысын жүргізетінімді айттым.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде де М.Монтессори технологиясының элементтерін пайдаланатынымды айттым.
Ойын әрекетінде де балалар өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монтессори әдісін пайдаланудағы негізгі ойындаған сиияқты болу
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Кілем өнері
Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы
Қазақтың шым ши тоқу өнеріні
Web торабын құруды оқыту тақырыбы
Ши тоқу өнері
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Білім берудегі ноу-хау: әдіс. құрал
Пәндер