Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚ АУЫЗ

ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ»

ЖОСПАР

КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
3: 3
КІРІСПЕ:

1

1. 1

1. 2

3:

Бастауыш мектеп оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері

Адамгершілікті тәрбие мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетін пайдаланудың жолдары

7

7

20

КІРІСПЕ:

2

2. 1

3:

Бастауыш мектеп оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу бойынша мұғалімнің жұмысына талдау

Бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілікті тәрбие беруде оқу пәндерін қолданудағы мұғалім әрекетінің мазмұны

26

26

КІРІСПЕ:

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3:

34

36

Кіріспе

Мектептің басауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу ең негізгі талаптардың біріне саналады. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған ортаның қыр-сырын, сын-сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-мұратына жеткізгеніне, ал жаман қылық, жат әрекеттерінің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау - делінсе, басым міндеттерінің бірі ретінде жеке адамның шығармашылық, рухани және мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектіні байыту - деп көрсеткен.

Ғалымдар тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе деген ортақ пікірді айтады. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байыпты мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру. Сондықтан оқушыларға адамгершілікті тәрбие беру мәселесін күшейту қажет болып отыр.

Адамгершілік тәрбиенің мәніне көптеген педагогтар көңіл аударды. Я. А. Коменский, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо өз еңбектерінде адамгершілік тәрбиенің жас ұрпақты өмірге даярлау ісіндегі мүмкіндігіне тоқталады.

Н. К. Крупская оқушы өмірінде маңызды орынды адамгершілікті тәрбиенің алатындығына үлкен мән берген.

Қазақстандық ғалымдардың ішінде Нұрғалиева Д. Ә. оқушылардың адамгершілік құндылықтарын тәрбие процесінде қалыптастыру мәселесіне көңіл бөлгендігін атап өтуге болады.

Жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің он бойындағы мәнділігі мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан, тәлім-тәрбиесі мен үлгі өнегесінен нәр алары анық.

Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.

Халық ауыз әдебиеті үлгілері балаларға мейлінше жақын, барынша түсінікті дүние болғандықтан, ол арқылы балалар айнала қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік, әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алады. Мұның өзі баланың жеке тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік, ізгілік қасиетттерді бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құңдылығын қуаттайды.

Ауыз әдебиетінің қай жанрын алсақ та, оның педагогикалық тұрғыдан тәрбиелік, білімдік мүмкіндіктерінің саналуандылығы көрінеді.

Жаңылтпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге үйретеді. Айналадағы көріністермен, құбылыстармен таныстыратын қызықты жанр.

Жұмбақ жанры ана тілінің нәрлі, бейнелі сөздеріне қызықтырып, баланы халық поэзиясы әлеміне баурайды, оған эстетикалық ләззат береді. Баланың ойлау қабілетін дамыған, ой-өрісін, танымдарын кеңейтеді.

Мақал-мәтелдер өмірдің сан алуан құбылыстарын кенінен қамтып, қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, яғни адамгершілік, еркіндік, әділеттілік, денсаулық, өнер, білім, т. б. турасында ықшамды, мағыналы, көркем тілімен айтылған өмір тәжірбиелері, ой қорытындылары мен тұжырымдарының тереңдігін айқындайды.

Ертегілер арқылы оқушылардың адамгершілік және эстетикалық тәлім тәрбиенің дамуына ықпал жасалады. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділіккее, әділеттілікке үйретеді. Өмірде кездесетін жайттардың, яғни жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен қатігездіктің, шындық пен өтіріктің, әділеттілік пен әділетсіздіктің, әдемілік пен ұсқынсыздықтың, ерлік пен ездіктің, еңбекқорлық пен жалқаулықтың және т. б. ара жігін ажыратып, түйсіне білуге, бағалай алуға жол ашады.

Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін зерттеуші ғалым А. Байтұрсынов: «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:

1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3. Бұрынғылардың сана-саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе» - деп айтқан болатын.

Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, ерлікке, әсемдікке, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. Батырлық ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап-қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Қазақ халқының көрнекті азаматтары Ы. Алтынсарин, М. Дулатов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов және т. б. өздерінің педагогтық-ағартушылық еңбектерінде халықтың рухани мұрасының өміршеңдігін көргендіктен түйсіне отырып ұсынуда, оны тәрбие құралы деп санап, оған дидактика тұрғысынан мән бергендігін атап айтқан жөн.

Әбілдина С. Қ. бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу әрекетінде қазақ халқының ауызекі шығармашылығын пайдаланудың жолдарын ұсынады. Адамгершіліктің негізгі өлшемі адамгершілік қасиеттер болғандықтан, ол бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптастыруға мүмкін қасиеттерді ескере отырып, қазақ халық ауызекі шығармашылығын үлкенді сыйлау, мейірімділік, кішіпейілділік, әділеттілік, шыншылдық, еңбексүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік, бауырмалдылық, достық, ұқыптылық, ұжымдық, батылдық сияқты өлшемдер бойынша сұрыптайды.

С. Қожагелдиева бастауыш сынып оқушыларын ана тілі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерін қарастырады.

Б. Сүлейменова бастауыш сынып оқушыларын қазақ батырлар жыры арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің жолдарын ашады.

Көтеріліп отырған мәселенің көкейкестілігі курстық жұмыстың тақырыбын: «Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілік тәрбиелеу» деп алуға негіз болды.

Зерттеу нысаны: бастауыш мектептің оқу-тәрбие беру процесі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушылырын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу бойынша мұғалім жұмысының мазмұны.

Зерттеу мақсаты : бастауыш мектеп оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктерін ашу.

Зерттеу міндеттері:

- бастауыш мектеп оқушыларына халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздерін оқып-үйрену.

- бастауыш мектеп оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу бойынша озат мұғалімдердің іс-тәжірибесіне талдау жасау.

- бастауыш мектеп оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жүйесін құру, оны пайдалану бойынша ұсыныстар қатарын өңдеу.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлім мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Бірінші тарауда көтерілген мәселе бойынша қазақстандық және шетел педагогтарының, психологтардың еңбектеріне талдау жасалынып, көтерілген мәселенің ғылыми-теориялық негіздері ашылады.

Адамгершілікті тәрбие негіздерін қарастырған Я. А. Коменский, И. Песталоцци, А. Дистервег еңбектеріне, Қазақстандық ғалымдар Д. А. Нұрғалиева, А. Т. Төленова, К. Ж. Қожагелдиева, С. К. Әбілдина мен Ш. А. Алтынбайдың зерттеулеріне сүйеніп, бастауыш мектептің оқу процесінде халық ауыз әдебиетін оқушыларға адамгершілікті тәрбие беруде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. Халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктері мен оның бала тәрбиесіне әсер ететін факторлары, адамгершілік тәрбиенің педагогикалық, психологиялық сипаты ашылады, халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіне байланысты мақсаты, міндеттері мен қызметтері туралы сөз қозғалады.

Екінші тарауда бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны, эксперименттік жұмыс нәтижелері келтірілген.

Қорытынды бөлімде бастауыш мектептің оқу процесінде халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілік тәрбие беру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесіне байланысты қорытындылар, ұсыныстар қатары беріледі.


1. Бастауыш мектеп оқушыларына ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ адамгершілік тәрбие берудің теориялыҚ негіздері

1. 1. Адамгершілікті тәрбие мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері

«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашаққа қандай сапада көтеруіміз керектігі айтылған. Осыған орай жас ұрпақты тәрбиелеуде халық мұрасын кеңінен пайдаланып, адамгершілікке тәрбиелеу бүгінгі мектеп мақсаттарының бірі.

Жасы үлкендерді, қарияларды құрмет ету, олардың киелі кеңестерін, ежелден келе жатқан халқымыздың дәстүріне сай берген жол-жоралғыларын тыңдай отырып, солар көрсеткен жолмен жүру дәстүрі халқымызда ежелден бар.

Ұлтымызда ата-анасын, жасы үлкенді сыйлау, жасы кішіге қамқорлық жасау, қайырымдылық, мейірімділік ең көп әдеп-ғұрыптардың бірі. Бүгінгі күнде оқу-тәрбие жұмысында жаңарту заманына батыл қадам басып ұлттық санасы, халық қадір-қасиетімізді, әдет-ғұрыптарымызды, психологиялық дара белгілерімізді жандандыру мен жақсартудың қажеттілігі ерекше сезілуде. Халықтық тәрбие мектептің, ата-ананың, жұртшылықтың адам тағдырына мүдделі қоғамдық ұйымдардың бірлесіп жұмыс атқарғанында ғана нәтиже бере алады. Олай болса, бұл бағытта істелер істердің ауқымы өте кең. Ол жұмыстар ұйымшылдықты, білімділікті, ізденуді қажет етеді. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жөн-жосақтарын, жоралғыларын, рәсімдерін, кәделерін, түсінігін жете білу ең алдымен отбасынан басталады. [40]

Бала жаны нәзік, ойы адал, сезімтал да толқымалы. Сол нәзік жанды майыстырып алмай, адал ойға дақ салмай, толқымалы сезімді дұрыс тәрбиелеу ата-ананың сезімталдығына байланысты.

Қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасының өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуде мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқымыз мәдениеті мен әдет-ғұрпын тәрбиелік бұзылмас құралы ретінде ұстаған. [50]

Қазақстан жағдайында халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан. А. Көбесов, С. Қалиев, С. Ұзақбаева және т. б. ғалымдардың еңбектерінің нәтижелері тарихи-педагогикалық мәселенің бүгінгі міндеттерін шешуде өткен дәуірмен сабасқтастыра қарастыруды жүктейді.

Өз ұрпағын ата-баба рухында тәрбиелеп, ұлттық намысты ту етіп ұстаған халқымыз «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» дегенді үнемі еске салатын. Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі мұрасына көз жіберсек, отбасына байланысты тұнып тұрған қаймағы бұзылмаған дәстүрдің бар екенін көреміз. Ұлттық салттармен сай өрнектерін халық жоғары бағалайды. Әдемі әдет пен әсем әдеп, аталық дәстүр, рабайлы рәсім, бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы.

Қай халық болсын өз ұрпағын биік белестерден көргісі келеді. Сол себепті де бүгінгі жеткіншектің азамат болып қалыптасуы оның туған ұясында, өскен ортасында, оқыған, көрген тәрбиесіне байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпесе керек. [50]

Қазақстан Республикасының "Ұлттық энциклопедиясында" адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: Адамгершілік адам бойындағы ізгілікті құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", "Ізгілік", "Имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін мына адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т. б. [27]

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені, ес түзелмей, ел түзелмейді. Олай болса, егеменді еліміздің болашағы бесіктен басталып, оқу тәрбие ісімен шешілмек.

Тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшілігін, психологиялық процестерден ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

- Баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

- Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.

- Дұрыс қарым-қатынас жасауға, жасы үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.

- Әдебиетке, өнерге, мәдениетке тәрбиелеу.

- Ұқыптылыққа, адамгершілікке, ойшылдыққа тәрбиелеу

Бұл мақсаттардың барлығы жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап қоғамдық орындарда, мектепте тәлім-тәрбие беріледі.

Осы тұрғыда Абайдың сөзіне жүгінсек біздің балаларымыз, бүлдіршіндеріміз елдің болашағы, елдің ертеңі. Осы бүлдіршіндердің ертеңгі жетер жетістіктері де, кездесер кемістіктері де отбасынан, мектепке дейінгі және мектептегі тәрбиеге де тікелей байланысты. [53]

Жүсіп Баласағұнның генетика ғылымынан хабардар болғандығын бала тәрбиесіне байланысты тұқым қуалаушылық, ата-бабадан болған жақсы-жаман қасиеттердің балаға берілуі сияқты табиғи заңдылықты - «тектілік» ұғымы арқылы түсіндіргендігінен айқындай аламыз.

«Тектілік» сөзі бұл жерде тұқым қуалаушылықтан көрі адамгершілік, имандылық қасиетеріне жақынырақ.

«Құтадғу білік» дастанында Жүсіп Баласағұн адам баласының игі қасиетерінің дені біліммен, оқумен, ізденумен келетін атап айтады. Сондай-ақ ұлы ойшыл жастарды - еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке шақырады, ерлікті, батырлықты, намыскерлікті дәріптейді. [42]

Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин балаларды білімге, оқуға шақырған өлеңін «Бір Аллаға сиынып, кел балалар, оқылық» - деп бастауында үлкен мән бар. [3]

М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде « . . . дін сезімдері күшті адам, яғни тәңірдің барлығына, құдіретіне сиынып, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмірде ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек» - деп жазды. Болашақ ұрпақ бойына имандылық-адамгершілік тәрбиесі күнделікті оқу тәрбие жұмысының барысында жүзеге асуы тиіс. [22]

Адамгершілік тәрбиенің мазмұнын моральдық кодекс, сондай-ақ педагогикалық білімдердің өзіндік энциклопедиясы болып табылатын этикалық қалыптар жиынтығы құрайды. Халық Отанға берілгендік, адамға сүйіспеншілік, еңбекті сүю, сыпайылылық, ерлік, адалдық, қарапайымдылық секілді адмгершілік сапаларды қашанда дәріптеді. Мұнымен қатар жалқаулық, мақтаншақтық, дөрекілік, өзімшілдік, қызғаншақтық, қорқақтықты мейлінше айыптады. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға болады. Оның құралдары ретінде мақалдар мен мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер, аңыздар мен аңыз-әңгімелер қызмет етті. Халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету құралдары болып табылады. Балалармен әңгімеде тап сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сұрыпталып, реттеліп алынып отырады. Халықта оның моральдық түсініктері, оның жас ұрпақ тәртібіне талаптарын т. б ашып көрсететін нақыл сөздер аз емес. Адамгершілікке тәрбиелеудің үлкендер үлгісі, тікелей және жанама ескертулер, мадақтау мен жазалау әдістері; ишараның балалар мен жастар ортасында ғана емес, сондай-ақ үлкендер арасында да кеңінен тараған көптеген варианттары бар. Қандай халық болсада оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырды. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып ұрпақтан ұрпаққа мұра болып өмір сынынан ерекшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді адамгершілік тәрбиесінде пайдалану үшін өткен тарихи дәуірлердегі халық педагогикасына сүйенген дұрыс. [22]

Адам бойындағы мыңдаған қасиеттердің ішінде негізгі орын алатын қасиет - адамгершілік қасиет. Бұл - аксиома. «Ұлттық тәрбиенің негізгісі адамгершілік, еңбек тәрбиесі» - дейді Мағжан Жұмабаев. Десе дегендей-ақ, шынында адамгершілік тәрбиеге баланы сәби шақтан озық түрде баулу керек. [22]

Жеке адамның адамгершілік дамуы бір актілі емес, ұзақ процесс, ол тәрбиешілердің сыртқы ықпалымен бірге, тәрбиеленушінің өзіне-өзі жүргізетін жұмысын қамтиды.

В. А. Сухомлинский адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды деп атап көрсетті. Оның әбден көз жеткізгеніндей, бала әсемдік дүниесінде өмір сүріп, табиғаттағы адамдардың өзара қарым-қатынастарындағы ғажап сұлулықты сезініп, оны қолдан жасау, сақтау керек екендігін түсінеді, өйткені әсемдік дүниесіндегі өмір көркем болуы талабын туғызады. [44]

Педагогика тарихында адамгершілік тәрбие мәселесі көптеген ойшылдардың пікірлерінен кездеседі. Осы пікірлерді біз сұрыптап, №1 кестеде көрсетуді ұйғардық.

Кесте №1. Адамгершілік тәрбие туралы педагог-ойшылдардың пікірлері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Ана тілі пәнін оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz