АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ»

ЖОСПАР: ЖОСПАР
ЖОСПАР: КІРІСПЕ
3
ЖОСПАР:
ЖОСПАР: 1

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

6
ЖОСПАР: 1. 1
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі оқыту әдістері мен тәсілдері
6
ЖОСПАР: 1. 2
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық идеялары
11
ЖОСПАР:
ЖОСПАР: 2
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
17
ЖОСПАР: 2. 1
Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні
17
ЖОСПАР: 2. 2
Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі білім беру мазмұнындағы өміршеңдігі
31
ЖОСПАР:
ЖОСПАР: ҚОРЫТЫНДЫ
34
ЖОСПАР: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
36
ЖОСПАР: ҚОСЫМША


КІРІСПЕ

XX ғасырдың басындағы оқу-ағарту, ғылым жолындағы өте биік тұлға Ахмет Байтұрсынов болды. Ол алдымен, бастауыш сынып оқулықтарының авторы, екіншіден, алдыңғы қатарлы әдістемелі оқулық жазуда ғана қолданып коймай, қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылыми еңбек жазған. А. Байтұрсынұлына дейін қазақ оқыту әдістемесінен ғылыми еңбек жазған ғалым болмаған. Сондықтан А. Байтұрсынұлы әдістеме заңдылықтарын оқулықтар жазуда іс жүзінде қолданған және әдістемені ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым дейміз.

Ахмет Байтұрсынұлының есімі бүкіл түркі тілдес халықтардың тарихына Кемал Ататүрік, Ысмайылбек Гаспыралы есімдерімен қатар мәңгі өшпестей болып, алтын әріптермен жазылды. Қазақ халқының тарихында өзінің рухани сана-сезімі мен парасаты және жалпы болмысы жағынан айрықша орын алатын ол - фольклорист, ақын - жазушы, публицист, аудармашы, қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалаушы, ірі филолог, лингвист-ғалым, түрколог-реформатор, ағартушы-демократ, гуманист, педагог, зерделі тарихшы, журналист, қазақтың түңғыш реформаторы, профессор, «Алаш» партиясын құрушы, қазақ ғылымының алғашқы ұйымдастырушысы, оқулықтар жазудың білгір маманы, қазақ елінің тәуелсіздікке жетуі үшін жан аямай күрескен ер азаматы, қоғам қайраткері, өз халқының жалындап жанған адал перзенті. Коммунистік-тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінде Ахмет Байтұрсынұлының есімін атауға тыйым салынғаны белгілі. Сөйтіп, 70 жыл бойы Ақаңның рухани мұралары мен оның есімі тарихтан алынып тасталды. Әйтсе де, Ақаң есімі бүгінгі таңда қайта тіріліп, тыныс алып, халқының рухани өміріне өлшеусіз серпіліс әкеліп отырғаны да тарих шындығы. М. Әуезов осыдан 70 жыл бұрын-ақ қазақ халқынын бостандығы, төуелсіздігі мен ұлттық бірлігі үшін жан аямай тер төккен жөне сол мақсатқа жету жолында жанын пида еткен ғүлама азаматтың ғүмырын зор бағалап, «Ахаңды оқыған азаматгардың туңғыш көсемі» деп көрсеткен болатын. Ахаңнын қазақ халқы үшін атқарған істерін, армандаған мақсат-мүратын жеке адам мүмкіндігін өлшеміне сыйғызуға болмайды. Оның жан дүние байлығы, рухани құдіреті оның көрегендігінде. Ахаңның сонау заманның өзінде-ақ көтерген проблемалары, жазба мұрасының мән-мазмұны бүгінгі танда тәуелсіздік алып отырған мемлекетіміздің күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелерге жазьш кеткен жауаптай көрінеді.

Соңғы жылдары А. Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі жайында Р. Нұрғали, С. Қирабаев, Р. Сыздықова, Ш. Сәтпаева, Ә. Қайдаров, А. Мектепов, Ғ. Әнесов сияқты көптеген зерттеушілер кұнды да мағыналы еңбектер жариялады. Ақын, публицист, қоғам қайраткері, ғалым-педагогтың өмірі мен шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына «елу жыл толу мерейтойы» тұсында жарияланды. Москвада 1929 жылы «Коммунистік академия» баспасынан шыққан «Әдебиет энциклопедиясының» 1-томында А. Байтұрсынұлы «Аса көрнекті казақ ақыны, журналисі және педагогі. Ол - қазақ тілі емлесінің рефарматоры, грамматикалық және әдебиет теориясының негізін салушы» деп бағаланады.

Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс ерістерді көруге келгенде Мұхтар Әуезов даналығына таң калмасқа болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың түманда адаспай, Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, орайлас пікір-тұжырымды 25-26 жастағы балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың. «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі, «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазак баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз үмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Мұның шындығына ешкім дауласпайды». Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы орны, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін, оны өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділ бағасын айтқан С. Сейфуллин болатын. Ол; «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: «А. Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандардың қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқығандар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан калың қазақтың ұлт намысын жыртып, арьш жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді». Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі М. Қозыбаев былай дейді: «Ол күрескен кесапаттар - надандық, караңғылық, адами хайуандық, отаршылдық, үлттың азуы мен тозуы, онын бүратаналық болмысы, жараланған жан жарасы, күлшылық санасы, таланған жері, қансыраған тілі, шоқындыру саясатынан жансыздана бастаған діні, орыстандырыла бастаған діні, орыстандырыла бастаған ділі. Бір сөзбен айтқанда қазақ халқының болашақта болу, болмау альтернативасы».

Жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірі Ахмет Байтұрсынұлының жан-жақты эиииклопедист ғалым, жазушы, қоғам қайраткері, педагог, журналист болғандығын дәлелдейді.

Осы жоғарыда айтылғандар негізінде « Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары » -деп зерттеу жұмысымыздың тақырыбын белгіледік.

Зерттеудің мақсаты : казақ ақыны, журналисі және педагогі А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, идеяларын педагогикалық тұрғыда талдау жасау;

Зерттеудің пәні : Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық еңбектеріндегі оқытудың, алғашқы теориясы мен тәрбие мәселелері мен тәлім -тәрбиелік ой-пікірлер жүйесі.

Зерттеу міндеттері:

  • ағартушының педагогиклық ой-пікірлерінің қалыптасуына тарихи педагогикалық талдау жасау;
  • Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік мәні бар еңбектерінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтау;
  • Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық ой-пікрлерін оқып, үйреніп, талдап, қазіргі ұрпақ тәрбиесіне пайдалану мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Зерттеудің әдіснамалық негізі ; Қазақстан білім беру жүйесіндегі педагогикалық ғылыми еңбектер мен ой-пікірлердің дамуы мен қалыптасу теориясы мен тәжірибесі алынды.

Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік және педагогикалық ғылыми әдебиеттердегі зерттеу тақырыбы бойынша теориялық талдау жасау, салыстыру, жинақтау, қортынды жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Кіріспеде зерттеу тақырыбын таңдап алуды негіздеу, зерттеудің мақсаты, обьектісі, тақырыбы, міндеттері, методологиялық негізі, зерттеудің әдістері мен көздері, қорғауға ұсынылатын негізгі ой-пікірлер, зерттеу нәтижесі.«Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы» депаталатын бірінші тарауда Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі оқыту әдістері мен тәсілдері, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық идеялары жайлы сөз етіледі.«Ахмет Байтұрсынұлының идеяларын бастауыш мектепте пайдалану мүмкіндіктері»деп аталатын екінші тарауда Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні, Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі білім беру мазмұнындағы өміршеңдігі айтылады.Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижелеріне негізделген тұжырымдар жасалып, ұсыныстар беріледі.:

Кіріспеде зерттеу тақырыбын таңдап алуды негіздеу, зерттеудің мақсаты, обьектісі, тақырыбы, міндеттері, методологиялық негізі, зерттеудің әдістері мен көздері, қорғауға ұсынылатын негізгі ой-пікірлер, зерттеу нәтижесі.

«Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы» деп аталатын бірінші тарауда Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі оқыту әдістері мен тәсілдері, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық идеялары жайлы сөз етіледі.

«Ахмет Байтұрсынұлының идеяларын бастауыш мектепте пайдалану мүмкіндіктері» деп аталатын екінші тарауда Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні, Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі білім беру мазмұнындағы өміршеңдігі айтылады.

Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижелеріне негізделген тұжырымдар жасалып, ұсыныстар беріледі.

І. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1. 1 Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі оқыту әдістері мен тәсілдері

Тіл - халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілдің азуынан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүтімен сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет, тана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылғандай ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қол жаулығына айналады.

Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қамқарекетсіз болған емес.

Жиырмасыншы жылдарда тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкіл халықтық қозғалыс соның айғағы. Шүкір, бүгін де тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық. Бірақ жаныңа бататыны, сол арындап басталған ұлы істің аяғы нәтижесіз тез басылып қалғандығы. Жиырмасыншы жылдары да солай болған. Әрине, оның себептерін бәріміз де білеміз: елі мен тілінің намысын көтерген ағаларымыздың көбі басы байлауда, аяғы бұғауда кетті. Тұяқ серпуге шамасын келтірмеді.

Ал, бүгінгімізге не жорық? Тегінде, біз тарих тағылымынан көп сабақ ала бермейтін халықпыз ғой. Азға мәз болып, еңсеріп кетер кезде екпініміз басылып, үзіп-жұлып, жартылай біткен істерге көңіліміз толып, арманымыз орындалғандай енжар тарта бастаймыз.

Барша өнерді қадір тұтатын халқымыз солардың ішінен «Өнер алды-қызыл тіл» деп бөле жара айтқаны оның қасиеті мен киесіне сенгендігі болар. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей салмас» - деп Абай арғы-бергі тарихтың сабағын саралай келіп, халқының рухани дүниесіндегі көркем тілдің орны мен құдірет - күшін дәл бағалапты.

Кешегі Мағжанның:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін - не бардың!

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! -

деп қолда қалған асылдың ертеңін ойлап күңіренгені мәлім.

Тіл тағдыры - ел тағдырымен сабақтас. Қазіргі заманда, ғалымдар есебінше әлемде шамамен 6 мыңнан астам әр түрлі тіл бар екен. Соның 100-ден астамы ғана мемлекеттік мәртебе алған. Яғни тіл мәртебесі - ұлттың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейтін шынайы мемлекеттің сыны. Әрбір ұлт жеке мемлекет болған күннен бастап тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды. Оған әлемдегі барша елдердің тарихи даму жолы толық дәлел.

Тіл үйрену ең алдымен балабақшадан басталып, мектепте орта және жоғарғы оқу орындарында жалғасатыны мәлім.

Тіл адам жанының тілмәші. Тілсіз, жүрек түбіндегі бағасыз сөздер, түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар. Жазушы, ақын деген сөз ойлаған ойын әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды. Қысқасы, адамның толық мағынамен адам аталуы тіл арқасында.

Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтыңның ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі боялуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, бір есе желесіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы.

Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,

Таза, терең, өткір, кұшті, кең тілім.

Таралған түрік балаларын бауырыңа,

Ақ қолмен тарта аларсың, сен тілім.

XIX ғасырдың жарқын жұлдыздары - Мағжан, Жүсіпбек, Міржақып салған ағартушылық-демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсыновтар жөнініде сөз қозғалады.

Олар өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салар, ұйқысынан оятар қаруы - өлең сөз деп түсінді. Қазақ халқының тағдыры, бүгінігісі мен ертеңгісін, олар өздерінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады.

Ақтаңдақ ағаларымыздың шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес болып қала бермек. Ол шын мәніндегі нағыз күрескерлер - демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған азаматтық жыр үлгілерін жасады.

Олардың алдына қойған мақсаты - өзінің халқына қызмет ету, қалың көпшілікті еңбекке, мәдениетке шақыру, сауаттарын ашып, дүниені таныту сияқты мақсаттарды көздеген.

Олар адамдық деген ұғымға ең алдымен үлкен адамгершілікті, адалдықты, қалтқысыз еңбекті сыйғызатын тәрізді. Сондықтан ол қай заманда да, қай ортада бар арам ниеттілерді, қарақан басының пайдасына әрекеттенушілерді, күншілдерді, тоқмейілсігендерді кешірмейді. Оны Ахмет Байтұрсынұлының атақты мына тармақтары әр кезде басынан осындай хал кешкен әр адамның көңліне ұялар еді:

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны,

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз аулымның иттері үріп қапқаны.

Олардың ағартушылық ғылымдық еңбектерімен қатар, оның поэтикалық творчествосын, саяси-әлеуметтік көзқарастарын нақтылы арнайы және терең зерттеу - алдағы міндет, әр сала мамандарының жұмысы.

Міне, ақтаңдақ ағаларымыздың кешкен өмір өткелдері, тар жол, тайғақтары осындай.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінді қарасты Тосын болысының 5 аулында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошоқов Арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған: Байтұрсын, Ақтас, Ерғасы, Данияр.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882 жылы әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын хердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886 жылы Торғай қаласындағы екі класты орысша қазақша училищеде 1891жылы Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 июнінен бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы.

1913-1918 жылдар арасында «Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік тарихи қызмет атқарды, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер- білімге үндейді.

Ахмет Байтұрсынов ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз замында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.

Сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет әуелі 1929 жылы бір ұсталып, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы репрессияға ұшырап атылады.

Ахмет қарапайым ғана кісі емес, оқыған кісі. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін салып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды. «Қырық Мысал», «Маса» кітаптары, «Қазақ» газетіне редакторлық еткен еңбектерін Алаш кезеңін артынан компартияға кіргенін біледі.

Ахмет Байтұрсынов қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тілі білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін «фонетика», сөз жүйесін «морфология», сөйлем жүйесін «грамматика» қалыптырған.

1925 жылы 5 майда Ахмет өз қолымен жасап барген «Газет» және журналдарда жарияланған басқа ғылыми, ғылыми- методикалық еңбектердің тізімі», деп деген доқумент КАЗПИ архивында сақталған.

Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы - баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.

А. Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Күш жұмсауға тура келген себебі мынада. Қазақ балаларына арналып 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептің тілі қазақша болғанмен, казақша жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ болатын, сондықтан әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. Жоғарыда айтылды, А. Байтұрсынов пен өзге де бір топ қазақ интеллигенциясы уәкілдері болып, 1905 жылы 26 июньде Россия Империялық Министр Советінің Председателі атына («Кіндік үкіметке») петиция жазады. Мұнда бір пункт етіп қойған талаптары: «Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін» деген болатын.

А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл осы күнгідей суреттермен берілген оқулық болатын, кітапты «Жаңа әліпби» деген атпен 1926 жылы Қызылорда - Ташкент баспалары бірігіп шығарған. 1927 жылдың өзінде оның 2, ал 1928 жылы 3-басылымы Қызылордада шығады. Бұл «Әліпби» «Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткішінде» (Қызылорда, 1926) былайша бағаланады: «Жаңа құрал. Қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған . . . Ахметтің 7 рет басылған бұрыңғы «Әліпби» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді . . . Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұны жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпби» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпби» мазмұны қазақ жағдайына қарай, Мемлекет Білім Кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан.

1927 жылы Смағұл Садуақасов А. Байтұрсынұлын профессионал ақын деуден гөрі ірі- қоғам қайраткері және ғалым деп тану дұрысырақ деп жазған болатын.

Бұл, тегі, соңғы 10-15 жыл бойы (1927 жылға дейін) А. Байтұрсынұлының өлең жазып не баспасөз беттерінде, не жеке басылым түрінде көрінбегендігінен, М. Әуезовтің сөзімен айтқанда, «жұртшылыққа бұрынғы уақыттағы жас буынның әлсіз ойын тербеткен жүрекке жылы, тәтті өлеңдерін ести алмай кеткендіктен» айтылған сөз болу керек. Әйтпесе А. Байтұрсынұлының ақындық таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екендігін танытады.


1. 2 Ұрпақ тәрбиелеудегі Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық идеялары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының рухани көсемі ретіндегі орны
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің алғашқы қадамдары
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары
Ахмет Байтұрсынов қоғам қайреткері
А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту және бастауыш мектепте білім беру мен тәрбиелеу жұмыстары жайлы ой-пікірлері
Әдебиеттің әліп биі-асылы Ахмет
Педагогика және оның тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz