Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары»

ЖОСПАР

Кіріспе
3
Кіріспе: 1. Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастырудың теориялық негіздері
3: 7
Кіріспе: 1. 1 Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастырудың теориялық негіздерінің тарихи дамуы
3: 7
Кіріспе: 1. 2 Халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық ерекшеліктері
3: 9
Кіріспе: 2. Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің ерекшеліктері сабақтастықпен қолданудың ғылыми-әдістемелік жүйесі
3: 11
Кіріспе: 2. 1 Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастырудың мазмұны мен негізгі жолдары
3: 11
Кіріспе: 2. 2 Салауатты өмір салтына қалыптастырудың әдістемесі
3: 13
Кіріспе: 2. 3 Салауатты өмір салтына қалыптастыру бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері
3: 18
Кіріспе: Қорытынды
3: 23
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 25
Кіріспе: Қосымша
3:


Кіріспе

Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір сүру мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әр қайсымыздың денсаулығымыз- бұл жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің елдігін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізігі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты.

Сондықтан да Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында: «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты мемілекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл ауқатын арттыра алмаймыз», -деген болатын.

Қазақ елігің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Републикасының азаматтарының денсаулығын сақтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңының, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасының, Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасының, мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамсының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Аталған құжаттарда басты назарда болған мәселенің бірі - жастар тәрбиесі, оның ішінде қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы.

Салауатты өмір сүре алмауда, оған жастайынан дағдыланып, үйренбегендіктен, рухани деңгейіміздің төмендеуінен, экологиялық апаттан адам өмірінде небір жағымсыз көріністер етек алып, ол денсаулықтың нашарлауына, адамның азып-тозуына, қала берді өмірінің өте қысқа болуына әкеліп соғуда. Қоғамдағы жағымсыз жағдайлар мен аурулардың көптеп таралуына көпшілік жағдайда адамдардың өздері кінәлі. Соның ішінде негізігі факторлардың бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыра алмау (режимнің сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз жағдайлардың көп болуы, темекі тарту, арақ ішу, есірткілер пайдалану т. б. ) .

Өкінішке орай, салауатты өмір сүру дегенді көпшілік жастар жағымсыз әрекеттерден: ішкіліктен, темекіден, есірткіден бойды аулақ салу, сақтану деп ғана түсінеді. Ал шын мәнінде салауаттылықтың мән-мағынасы өте кең, ауқымды. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік т. б. сияқты жат қылықтардан салаутсыз өмір сүрудің зардаптары екенінде сөз жоқ, онымен күресу керек. Бірақ ол күрес салауатты өмір салты емес, салауаттылық дәстүрге айналу керек. Салауатты дәстүрді салауатгы өмір салты ғана туғызады. Міне, осыдан-ақ оқушыларды салауатnылыққа тәрбиелсу көкейкесті мәселе екендігі түсінікті.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғүрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажетгілігі атап көрсетілген.

Негізінен кейінгі жылдары халық педагогикасына, қазақ халқының ұлттық кұндылықтарына ерекше көңіл аударылып, оның сан-салалы тәрбиелеу мүмкіндіктері жан-жақты зерттелуі кездейсоқ емес. Халықтық дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мәні зор, мағынасы кең. Олардың ішінде адам баласы қанша өмір сүрсе де ешбір ескірмейтін, қадір-қасиетін, қажеттілігін жоғалтпайтын, тозбайтындары бар, олар бүкіл адамзаттық мәнге ие болып қалыптасқан. Сондай бүкіл адамзаттық мәнге ие болғаны салауатты өмір салтына байланысты құндьлықтар. Олар келешек қоғамда да өз мәнін жоймайды.

Сонда да қазақ халық педагогикасы мүраларының құндылықтары арқылы жастарға тәрбие беру мәселелеріне арналған ғылыми зерттеу жұмыстары мен ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау негізінде және олардың педагогикалық шарттарын қарастыру барысында жастарды салауатты өмір салтына қалыптастыруда халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеу проблемасы ғалымдар назарынан әзірге шет қалып отырғанына көзіміз жетті. Шын мәнісінде бұл проблеманың көкейкестілігі күмән тудырмайды, кайта кең көлсмде зерттеуді қажет ететін өмірдің өзекті мәселесі.

Оның үстіне мектеп практикасын зерттеп, талдау да салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбие жұмысын халықтық педагогика құнды-лықтары негізінде жүргізудің қажетгілігін айғақтай түседі. Көптеген мұгалімдер мектеп окушыларын салауаттылыққа тәрбиелеуде халық дәстүрлерінің сарқылмас мүмкіндіктерін жете бағалай бермейді. Ол бір жағынан мүғалім білімінің осы проблемаға байланысты жеткіліксіздігі болса, екінші жағынан, тұтас алғанда оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеуде халықтық псдагогика құндылықтарын сабақтастықпен пайдалану жөніндегі теориялық жағынан негізделген ғьшыми-әдістемелік үсыныстардың аздығымен түсіндіруге болады. Осы қайшылықтарды негізге ала отырып, жастарды салауаттылыққа тәрбиелеуде халықтық педагогика құндылықтарының тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін ой елегінен өткізу, тәрбиені ұлттық құндылықтарға ұлттық мәдениетке бағдарлауды күшейту және осының негізінде оқу-тәрбие процесіне салауатты өмір салтын енгізу жөніндсгі идеялар зерттеу проблемамызды айқындап «Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары» деген тақырыпты зерттеу жұмысымыздың арқауы етіп алуымызға себепші болды.

Зерттеу мақсаты : халықтық педагогика құндылықтарының бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастырудағы тәрбиелік мүмкіншіліктерін анықтау және олардың педагогикалық шарттарын, іс-әрекеттілік нысанасын теориялық түрғьда негіздеп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде пайдалану жолдарын айқындау.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелей отырып салауатты өмір салтына қалыптастыру процесі.

Зерттеу нысаны : жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларына салауатты өмір салтына қалыптастыру мақсатында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары.

Зерттеу міндеттері:

  • халықтық педагогика құндылықтарының бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмірге қалыптастырудағы тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау;
  • зерттеу жұмысының нәтижесінде халықтық педагогика құндылықтары негізінде жеке тұлғаның салауатты өмір салты жүйесінің іс-әрекеттік үлгісін жасау;
  • салауатты өмір салты мазмұны мен шартын жеке салауатты өмір салтының іс-әрекеттік нысанын айқындау;
  • бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыруда халықтық педагогика құндылықтары арқылы тәрбиелеудің тиімді жолдарын анықтап ұсыну;

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша, оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастырудың тұжырымдамалық-әдіснамалық негізін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының ресми материалдарына, тұжырымдамалар мен бағдарламаларына талдау жасау, ұлттық халықтық педагогика құндылықтарын жастарды салауаттылыққа тәрбиелеу мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, республикалық, облыстық «Салауатты өмір салтының» бағдарламаларын талдау, оқушылар, ата-аналар арасында сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау, әңгімелесі (мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен), эксперимент өткізіп, оның нәтижелеріне баға беру, жиналған материалдарды өңдеу.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зертеудің көкейкестілігі, яғни ақпараттары, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері беріліп, баяндалады.

«Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастырудың тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің теориялық негіздері қарастырылған үкімет құжаттарына, тұжырымдамаларға сипаттама берілді. Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру проблемасы педагогикалық тұрғыдан теориялық жағынан негізделіп, халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама беріліп, қазіргі кездегі оқушыларды халықтық педпгогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық зерттеулеріне талдау жасалынды. Осыны негізге ала отырып, оқушыларды халықтық педагогика құндылықтары арқылы салауатты өмір салтына қалыптастыру мүмкіншіліктері анықталды.

«Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің ерекшеліктері сабақтастықпен қолдануды ғылыми-әдістемелік жүйесі» атты екінші тарауда оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің бүгінгі жай-күйі сипатталады, зерттеліп отырған проблеманың өлшемдері мен деңгейлері негізгі компоненттері анықталып, жастарды салауатты өмір салтына қалыптастырудың мазмұны мен негізгі жолдары көрсетілді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысында бастауыш сынып оқушыларын салауаттылыққа тәрбиелеудің жолдары қарастырылып, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері қорытылып әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қорытындыда зерттеу тақырыбының көкейкестілігімен байланысты зерттеудің нәтижелері көрсетіліп, жалпы тұжырымдар мен ғылыми-практикалық ұсыныстар берілді, бұл салада келешекте жүргізуге болатын зерттеулердің мүмкін боларлық бағыттары анықталды.

Қосымшада зерттеу жұмысына қолданылған анкеталық сауалнамалар, кейбір түпнұсқалық деректер, әдіснамалылық нұсқаулар, сондай-ақ салауатты өмір салтына арналған ережелер берілген.


1. Оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастырудың теориялық негіздерінің тарихи дамуы

Тәуелсіз Қазақстан даму өркениетінің сара жолына түсіп, биігіне көтерілуі үшін оның қуатты экономикасымен қатар, тәрбиелі, өнегелі, білімді ақылды да зерек, денсаулығы мықты, парасатты да салауатты азаматы болуы керск. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық даму бағдарламасында ұлттың денсаулығы мен салауатты өмір салтына ұзақ мсрзімді басым бағыттардың бірі ретінде анықтама берген. "Салауатты өмір салтын ынталандыру әр-қайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған"- делінген бағдарламада. Салауатты өмір салты бұл алдын-ала жасалған жоспар бойынша, берілген нұсқау арқылы емес, өмір қажеттілігінен туған әлеуметтік құбылыс.

Салауаттылық адам бойына туа бітпейді, ол қоғамдық ортаның, игі дәстүрлердің, білім мен біліктіліктің негізінде қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастықпен жалғасуға тиіс. Біз біршама уақыт ұрпақгар бірлігі мен сабақтастығы байланысын үзіп алдық. Ұзақ жылдар тілінен де, дінінен де айырылып, жан дүниесі жұтаңдаған жастарымыздың мәңгүрттікке айналуының басты себебі де осы ұрпақ сабақтастығы сақталмай, ұлттық тәрбиеден қол үзіп, халыктық дәстүрден шет қалуында жатыр.

Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы дегеніміз - салт-дәстүрлерді келер ұрпаққа жеткізудің әдісі, өзінің ұлттық жаны мен мінезін сақтап қалу тәсілі. Уақыт пен ұрпақ байланысы үзілсе, ұлт мәдениеті мен адамның ұлттық ерекшелігі де өзінің мәнін жояды.

Сабақтастық адамдардың өздерінен бұрынғылардың ісін одан гөрі ілгері бастыруға, олардың жетістіктерін дамытып жетілдіре түсуге, бұл жетістіктерді жаңа, неғүрлым жоғары сатыға көтеруге мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысымызда «салауатты өмір салты» ұғымы негізгі категория болғандықтан оған біз толық тоқталамыз. "Өмір салты деген сөздің мағынасына келетін болсақ, ол - жеке адамдардың өмір тіршілігінен бастап, бүкіл бір қоғамның өмір сүру тәсілін зерттеп айқындайтын әлеуметтік ұғым.

Өмір салты туралы философтар мен социологтардық пікіріне сүйенетін болсақ, олар (Л. Н. Арутюнян, Ю. Б. Бромлей, И. Т. Левыкина, Р. В. Рьюкина және т. б. ) өмір салты негізіне - адамдардың іс-әрекеті жатады; дәлірек айтқанда қоғамдық өмірдің әртүрлі жағдайларындағы іс-әрекеттер жиынтығы, адамдардың сол іс-әрекеттегі тәртібі мен мінез-құлқы оның өмір салтын көрсетеді, - дейді.

Социолог Т. Ж. Нақыпбеков, өмір салты - субъектінің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестік тәсілі. Өмір салтынан сол қоғамның экономикалық жағдайы, қоғамдық қатынастары, материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейлері көрінеді, - дейді.

Ал Ю. П. Лисициннің пікірінше, өмір салты - өмірдің белгілі бір жағдайында және соған сай жүретін адамның іс-әрекеті. Өмір салты адамның денсаулығына да әсер етеді, сондықтан денсаулық пен өмір салтының арасындағы байланыс салауатгы өмір салты ұғымын көрсетеді. Социологтар өмір салтының құрылымын зерттеп, оның -жеке адам, әлеуметтік топ және бүкіл қоғамның өмір салты болып бірнеше субъектіге бөлінетінін айтады. Әрбір субъектінің өзіне тән ерекше өмір салты бар. Оны жеке адамның мінез-құлқынан, әлеуметгік топтың әдет-ғұрпынан, қоғам өмірінің салт-дәстүрінен көруге болады. Бірақ біздің мақсатымыз әрбір субъектініқ өмір салтын зерттеу емес, қай субъекті болса да оның өмір салтына салауаттылықты орнату, өмірге енгізу. Әрине, жалпы қоғамымыз салауатты болу үшін, сол қоғамда өмір сүретін әрбір адамның салауатты өмір сүруі қажет-ақ, сонда ғана адамда мықты денсаулық болады.

Ал медицина саласының ғалымдары (И. И. Брехман, М. Я. Виленский, А. Г. Горшков, Б. И. Чумаков, Ю. ГЛисицин және т. б. ) салауатты өмір салтын адамдардың өздерінің денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытгалған іс-әрекет белсенділігі деп түсінеді.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында (БДҰ, 1946) жеке денсаулық түсінігі "тек ауру мен кемістіктің жоқгығымен ғана емес, толық тән саулығы, рухани және әлеуметтік игіліктің күйі" ретінде берілген, сондай-ақ адамның денсаулығы оған әсер ететін факторлармен өте тығыз байланыста қарастырылған. Соның ішінде "өмір салты" факторы 50% құрайды.

Этнопедагогтар мен этнопсихологтар (Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев және т. б. ) салауаттылық - халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі. Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу, т. б. игі іс-әрекет салауаттылықты көрсетеді, - дейді.

Біз зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес, халықтық педагогика құндылықтары негізінде жастарды тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтына қалыптастыруды міндет етіп қойғандықтан «салауатты өмір салты» ұғымын өте кең мағынада, ұлттық тұрғыдан қарастырдық. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде "салауатты" сөзінің мәні - парасатты, байыпты деген мағынаны білдіреді. Парасаттылық болса - адамның дүние танымын, қабілетін білдіретін ақыл, кемел зерделігі, сана-сезімі, ал "байыпты" сөзі - сабырлы, салмақты, орнықты деген мағынаны білдіреді екен. Ендеше "салауатты" сөзі ұлттық ұғымы мызда кең мағына береді, тек қана адамның денсаулығымен ғана емес, оның тәрбиелілігімен, адамдық болмысымен, адами қасиеттерімен байланысты екендігін көрсетеді, салауатты өмір сүру үшін адам ақылды, зерделі, парасатты, сабырлы, салмақты, саналы болу керек деген сөз. Осы айтылғандарды яғни "өмір салты" мен "салауаттылық" сөзінің мағыналарын негізге ала отырып салауатты өмір салты ұғымына өз анықтамамызды беруге ұмтылдық, "салауатты өмір салты дегсніміз - адамның өмір сүруі үшін кажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы, сана-сезімін, яғни рухани деңгейін көрсететін жеке тұлғалық мінез-құлық, нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі".

1. 2 Халықтық педагогика құндылықтары негізінде тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық ерекшеліктері

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерді, халықтық педагогика құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырлардағы ойшылдар Әл-Фараби, Фердауси, Ибн-Сина, Омар Хайям, Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, ал кеңестік дәуірдің 1920-1930 жылдарында Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов , Н. Құлжанова, М. Әуезов және т. б. маңызды ой-пікірлері, қағидалары қазіргі кезде де өз жалғасын табуда.

Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудің қажеттілігі мен олардың тәрбиелік мүмкіншілігі туралы пікірлер Г. Н. Волков, В. Ф. Афанасьев, В. Х. Артюнян, А. Ш. Гашимов, И. Я. Ханбиков, К. Пирлиев, А. Ф. Хинтибидзе, А. Э. Измайлов т. б. ғалымдардың еңбектерінде де айтылған болатын. Қазақтың халықтық педагогикасының прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу Кеңестік дәуірдің 1970-1990 жылдар аралығында біртіндеп қолға алына бастады. Әсіресе Қазақстан Рсспубликасының 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет болуы білім беру мен тәрбие мәселелеріне жаңаша көзқарастар мен талаптар енгізіп, нәтижесінде жаңа идеялар дүниеге келді. Солардың ішінде Қ. Б. Жарықбаевтың, С. Қалиевтің, М. С. Балтабаевтың, С. А. Ұзақбаеваның, Ж. Ж. Наурызбайдың, Ә. Табылдиевтың, Қ. Бөлеевтің, Ж. Қожахметованың және т. б. зерттеу жүмыстары өте құнды еңбектер екенін баса айтуымыз керек.

Халқымыздың тілінен бастап дәстүріне дейін, жасайтын мүлкінен бастап ойнаған ойынына дейін, жайған дастарханынан бастап мінез бітіміне дейін, қонақ қабылдауынан бастап өліп жөнелтуіне дейін оның өмір салтын көреміз. Халқымыздың салауаттылық, парасаттылық туралы ұлттық мұрасының даму тарихына шолу жасау үшін профессорлар Қ. Жарықбаев пен С. Қалиевтің пікірлерін негізге ала отырып, оған төртінші кезеңді қосып қарастырдық, яғни:

Бірінші кезең - педагогикалық ой-пікірдің ілкі бұлақ-бастаулары, яғни VІ-VІІІ-ғасырлардан бергі қазіргі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық сананың алғашқы дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата тағылымдары, т. б. ) . Екінші кезең - ілкі ортағасырлар заманынан бастап, Қазақстанның Ресей қоластына кіру процесі аяқталғанға дейінгі демократиялығы басым тәлімдік ой-пікір кезеңі. Үшінші кезең - ұлттық педагогикалық ой-пікірдің Кеңес өкіметі жылдарында даму кезеңі. Төртінші кезең - ХХ-ғасырдың 90 жылдарынан басталатын казіргі Егеменді Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық педагогиканың даму үрдістері.

Таза ғылыми хронологиялық зандылықты басшылықка ала отырып, қазақ халқы тәліми ой-пікірлер тарихын Орхон-Енисейден бастап XX ғасырға дейін сипаттап шығу мүмкін емес, сондықтан біз олардың ішіндегі ғылыми зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты салауаттылыққа, парасаттылықка байланысты тағылым қалдырған идеяларға мазмұнды сипаттама беруге ұмтылдық.

Адам баласының дұрыс өмір сүруі, қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігін ескерте отырып, парасаттылық, салауаттылық, ар мен ұят туралы казақ даласьның ойшылдары (Қорқыт, Ахмет Яссауи, Әл-Фараби, Жүсіп Баласагұни, Махмұд Қашқари және т. б. ), ақын-жыраулары (Асанқайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Шал ақын және т. б. ), ғұлама ағартушы педагогтары (Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев), қоғам кайраткерлері (Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, Н. Құлжанова және т. б. ) көптеген тағылымдық ой-пікірлер айтқан. Олар жастардың бойында табылуы қажетті білім алу, ақыл парасатқа жетілу, жақсы мен жаманды айыра білу, еңбек, денсаулық, әсемдік, адамгершілік сияқты салауатты өмір сүру үшін қажет-ақ деген қағидаларды уағыздайды. Әсіресе жастарды салауаттылықка тәрбиелеудегі ұлы ойшылдар айтқан "ар", "ұят", "әдеп" сияқты руханилықтың мәңгі категориялары адамның рухани деңгейін қоғамның қай сатыда тұрғанына қарамастан білдіретін негізгі үғымдар. Ар мен ұят құнсызданған заман өркениеттен алшақтай түседі, халықтың өмірін тұрпайыландыра түседі. Оны біз қазір үйреншікті әдетке айналып кеткен, ал бұрын қазақ үшін масқара істер саналған маскүнемдік, жезөкшелік, тасбауырлық, нашақорлық сияқты құбылыстардың етек алуынан-ақ көреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік- педагогикалық технологиясы
Табиғат қорғау дәстүрлері
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи мазмұны
Салауатты өмір сүру сапасы
ҰЛТТЫҚ МҰРАЛАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілігі
Дене шынықтыру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz