Салт - дәстүр ұлттық тәрбие


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы арқылы тәрбиелеу жолдары»

ЖОСПАР

Кіріспе
3
Кіріспе: 1 Қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының теориялық негіздері
3: 5
Кіріспе: 1. 1 Салт-дәстүрлердің мәні және ерекшеліктері
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Отбасындағы сыйласым дәстүрі және тәрбие
3: 8
Кіріспе: 2 Салт-дәстүрлердің жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиелік мәні
3: 12
Кіріспе: 2. 1 Халықтың игі мәдени дәстүрлерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
3: 12
Кіріспе: 2. 2 Әдеп сақтау-адамгершіліктің белгісі
3: 18
Кіріспе: Қорытынды
3: 20
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 21
Кіріспе: Қосымша
3: 22


Кіріспе

Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынаның түп-төркіні сонау 6-8 ғасырдағы Орхон-Енисей ежелгі түрік жазбаларынан басталады.

Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қорғаған батыр жауынгер ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса сәулетші, мүсінші, ұста, зергерде болған екенін дәлелдеді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.

Ал ұрпақты жан-жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім тәрбиелік, білім-танымдылық рөлі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.

Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынас атаулының барлығы салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.

Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек, солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Олар - халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан ол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері анық танылады. Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып-семген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес. Елдің мәдениетіне, экономикасына ілесіп өркендеп отырады.

Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады. Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі - адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.

Тұрақтылық болмаса даму да болмайды. Соның нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ өткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған бойсұнуға әзір. Белгілі француз социологі Э. Дюркгейм “Дәстүр - адамдардың қоғамнан дайын күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады” - дейді.

Бұл жерде әңгіме Бірлестіктің берік өмір сүруі үшін, оған кіретін адамдарға дәстүр талаптарын орындаудың міндеттілігі жайында болып отыр.

Дәстүрдің тағы бір қызметі - жақындастыру. Мұның тарихтағы айқын көрінісі - рулық қауымдастықтар, олардың ауызбірлігі, тұтастықтарын сақтауға ұмтылушылық “Кімнің жерін жайласаң, соның жырын жырлайсың” деген мақал осыған байланысты айтылған.

Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан ғасырға жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара қарым-қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни бұрыннан қалған жол-жосынды басшылыққа алады.

Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған материалдық және мәдениетке ие мұрагер болады. Мысалы халқымыздың “Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар”, “Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер” деуінің мәні бұрынғыдан қалған жөн-жосық, әдеп-салттың басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді.

“Түбірлі мәселені шешерде, түп атадан келе жатқан жолды ұстар” дейтін мақалдардың бір әулеттен келесі әулетке ұмытылмай жетіп келе жатуының өзі- дәстүр. Халық осындай дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды. “Атадан ұл туса - игі, ата жолын қуса игі” деген ұлы арман соған меңзейді.

Сондықтан да жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен, әрі ықтияттылықпен қарауы, яғни оны түсінуі, дәстүрді бұзып алып, адамдардың көңіліне қаяу салудан қатты сақтануы айрықша мәнді қастерлі қасиет саналады. Осы мәселелерді екшелей отырып, тұлға тәрбиесінде халықтың салт-дәстүрлері үлкен рөл атқарады демекпіз. Бұл біздің курстық жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы арқылы тәрбиелеу жолдары» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты : қазақ халқының салт-дәстүрлерінің негізінде тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы тәрбиелік мүмкіншіліктерін анықтау және олардың педагогикалық шарттарын, іс-әрекеттілік нысанасын теориялық тұрғыда негіздеп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде пайдалану жолдарын айқындау.

Зерттеу пәні: оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелей отырып рухани мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеу нысаны : жалпы білім беретін мектептің оқушыларына қазақ халқының салт-дәстүрлерінің негізінде рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары.

Зерттеу міндеттері:

  • қазақ халқының салт-дәстүрлерінің негізінде тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау;
  • зерттеу жұмысының нәтижесінде қазақ халқының салт-дәстүрлерінің құндылықтары негізінде тұлғаның рухани мәдениет жүйесінің іс-әрекеттік үлгісін жасау;
  • қазақ халқының салт-дәстүрлерінің негізінде тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру мазмұны мен шартын іс-әрекеттік нысанын айқындау;
  • тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы қазақ халқының салт-дәстүрлерінің тиімді жолдарын анықтап ұсыну;

Қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінен, ұлттық мәдениетті дамытудың игі құралы болып қалыптасқан. Салт-сана, әдет-ғұрып пен әдеттің, дәстүр мен салттың халық санасына сіңіп, өмірлік заң болып қалыптасуының көрінісі.

Бұл біздің курстық жұмысымыздың көкейкестілігін анықтайды.

1. Қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының теориялық негіздері

1. 1 Салт-дәстүрлердің мәні

Қазақ - дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез-құлқы, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ дәстүрді білмегенді, сыйламағанды надан дейді.

Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә, бірақ әбден орынды баға. Қазақтың туыстық, құда - жекжаттық, той-томалақ өткізу, өлім жөнелту, аруақ сыйлау, үлкенді, ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып, келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу, тоқтау, обал-сауап, дастархан, шаңырақ, қонақ сыйлау т. б салт-дәстүрлерінде қаншалық адамгершілік, ізгілік, көргендік жатыр.

Осындай дәстүрлерімізді ардақтап, қадір тұтуға ақыл-парасаты, мәдениеті, білім-білігі жетпеген жетесіз надан, көргенсіз болмағанда не болады? Рас, кешегі кеңес заманында халықты ұлттық жадынан, тілінен, төлтума мәдениеті мен діни нанымынан қол үздіруге бағытталған зымиян саясат жүргізілді.

Соның салдарынан қазақтың бірнеше ұрпағы, осы күнгі егде, қарт кісілеріміздің көпшілігі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізден бейхабар болып қалады. Оқу-тәрбие орындары болмаса, қазіргі отбасы, ата-аналар салт-дәстүр жөнінен ұл-қыздарына толымды тәрбие беруде білімдері, тілі жағынан қиындық көруде. Қазақты қазақ етіп, ұлтымызды ұлт етіп келген және солай болып қалуға тиісті ата салт, асыл дәстүрімізді, шала, шалағай ортада кездесіп жүргендей, қолжаулық етіп, сөз алдарға ғана қолданып, құнсыздандыруға немесе өңін айналдырып, рухына жат “жаңа замандық” жамаулар жамап боямалауға, әрине болмайды.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінен, ұлттық мәдениетті дамытудың игі құралы болып қалыптасқан: Игі әдет-мәдени бастаулық іс-әрекет, ол мәдени дағдыға айналған (мысалы, кісі күту) ; әдет-ғұрып-этностық игі іс-әрекеттің өмір қолданысына айналуы, халықтық мәдени тіршілік; әдеп-ізгілік пен имандылықтың іс-әрекеттегі мәдени көрініс (әдептілік) ; дәстүр-әдепке айналған игі іс-әрекеттің әлеуметтік көрінісі, ұлттың ізгі қасиетін көрсететін мәдени құбылыс; салт (заң) -ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір заңдылығына айналуы, этностық тіршіліктің заңды, мәдени көрінісі. Салт-сана-әдет-ғұрып пен әдеттің, дәстүр мен салттың халық санасына сіңіп, өмірлік заң болып қалыптасуының көрінісі.

Дәстүрлер мен салт-сананың өмірдегі, тұрмыс-тіршіліктегі іс-әрекеттік үрдістері: жөн-жоралғы, рәсім, рәміз, ырым, тыйым, сенім, обал, сауап, ысырап, ар-намыс деп аталады.

Жөн-жоралғы-ұлттық сый-сияпат белгілері.

Рәсім-салт-дәстүрлердің игі іс-әрекеттегі бір көрінісі.

Рәміз-этностық белгілер мен жоралғылар.

Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ұлттық рәсімдері көп, соның ішінде ырым, тыйым, сенім, обал, сауап, ұлттық намыс рәсімдері-ұлттық ерекшеліктерді білдіретін этнопедагогикалық құбылыстар болып табылады.

Қазақ халқы жас баланы дүниеге келісімен тұзды сумен жуындырып, денесін маймен сылап, қол-аяғын созып «өс-өс»әрекетерін жасайды, сонымен қатар бала ауырса халық медицинасына жүгінген.

Баланың денесін шынықтыру үшін қолданылатын әдістер: иық қағыстыру, маңдай сүзістіру, білек күшін сынау, бел күшін сынау, мықын итерісу, күресу, жаяу жарыс, қоржын байлап жарысу, еңбектетіп жарыстырту, аударыспақ т. б. қолданған.

Әсіресе, балаға дене тәрбиесін беруде ұлттық ойындар теңге ату, соқыр теке т. б. түрлері маңызды рөл атқарады.

Қазақ халқы ақыл-ой тәрбиесін беруде өзіндік дүнитанымға сүйенген. Бұл ұғымдар: Әлем, әлемнің төрт негізі: жер, ана, көк, тәңірі. ; қазақ халқының астрономиялық білімдері: Күн, Ай, жұлдыздар туралы, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті күн туралы түсініктері; ауа райы туралы білімдері ерекше болған.

Балаға ақыл-ой тәрбиесін берудің басты құралдары қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, термелердегі ақыл-нақыл өсиеттер, жұмбақтар, жаңылтпаштар үлкен рөл атқарады. Осылар арқылы баланы өнер-білімге, тапқырлыққа, ойлауға тәрбиелеу халықтық дәстүрге айналған. Халық шежіресі-халық тарихы, ол тәрбие мен білім негізі.

Сонымен қатар дәстүрден, ғұрып-салттан адамдар өзінің жеке басын таниды. Мұнда адамдардың айналадағы заттар - нәрселер мен табиғат құбылыстарына қатынасындағы жеке ұлттың және кәсіби өзгешеліктер көрініс табады. Мысалы, Үндістанда сиыр мен маймылды ерекше құрметтеуі, қытайлардың, жапондардың жыланның етін, италяндықтардың есектің етін аса сый тағамға санауы, қазақта қойдың басын сыйлы қонақ ретінде ер адамға, қырғызда әйелге ұсынуы тағы басқа сияқтылар сондай салт-ғұрыптар өзгешеліктеріне жатады да, соларға байланысты әдептік талаптар келіп шығады. Ел мен ел, ұлыс пен ұлыс шекаралас, аралас-құраласта өмір сүреді. Сондықтан олардың ғұрып- салт ырымдарында ұқсастық та бар. Мысалы Иранда жылдың ақырғы сәрсенбісін киелі күнге балап, ол күнгі барлық тілек қабыл болып, ойлаған ой іске асады деп ырымдайды екен. Ирандықтар бұл сәрсенбіні «қызыл сәрсенбі» деп атайды. Әсіресе ол күнді бойжеткен қыздар асыға күтеді. Олар соңғы сәрсенбіге байланысты шартты орындар, түрлі жоралғы -кәделер жақсы жасалса, тұрмысқа шығуымыздың сәті түседі деп сенеді. Біздің халқымызда бар:

Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз,

Тойыңыз құтты болсын, қыз атасы! - деп «Тойбастар» жырында айтысатын, сол күнгі бастаған ісі сәтті болады деп ұғынылатын «Сәрсенбінің сәттісі» ырымының да иранның «қызыл сәрсенбісімен» бір негізден шығуы да ғажап емес.

Мұның бәрі әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлерінде кейде әріден жалғасатын сабақтастық та, діни наным бірлігінен бастау алған ұқсастық та, тарихи аралас құраластық. Ұзақ уақыт іргелес шекаралас өмір кешуден болған ауыс-түйістер де кездесетіні сондай-ақ өздеріне ғана тән, былайғы жұртқа өрескел, ерсі көрінетіндері де болатыны дәлел.

Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз ата-бабаларының жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған, бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта сергек қараған.

Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойып келелі міндеттер жүктеп, баланы болашақ ел қамқоры, отан қорғаушысы, шаңырақ иесі, өмір гүлі деп бар жақсысын балаған арнаған. Халық дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, бар жақсылықты соған арнап, көркем сөзге, әнге, күйге қосып, түрлі қызықты ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, әңгімелер шығарып оларды ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып келген. Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, педагог, ақын әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқан екен “Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасын да сыйламайды, қоғамға да пайда келтіре алмайды” - дейді. Сондықтан да қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінде ақ тәрбиелей бастаған. Отбасы - мемлекеттің ірге тасы қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекетте де мықты болуы мүмкін емес. Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы жемісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрі де бар. Бұл әдет-ғұрыптар нәсілінің болашағын ескеруден туындаған. Қазіргі заманда ел егемендігін алып, тәуелсіздіктің байрағын көтерген рухани осы мұратымызға бір рет болса да ден қою заңды құбылыс. Ғасырлар бойы қалыптастырған інжу-маржан дәстүріміздің біразын жоғалтып алсақ та, біразын қайтадан көмескілендіріп алдық. Сондықтан да мектептегі оқушыларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу басты талап.

Салт-дәстүр ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепте мұғалім баланың жас дара ерекшеліктеріне сай ұғымына байланысты ертегі, мақал-мәтел және алуан түрлі салт-дәстүрлерді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту ұстаздың басты міндеті. Төменгі сынып оқушыларына ізеттілікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты үйрету тәрбиелеу. Оның бастамасы қазақ халқына тән үлкен бір ерекшелік “сәлемдесу” дәстүрі. Сондықтанда қазақ халқында “Сәлем - сөздің атасы”- деген мақал бар.

Ендеше оқушының басты қарым-қатынас жасауының басты әліппесі сәлемдесуден басталады.

Бұл дегеніміз - қазақ ауылында кіндігі кесіліп, туған халқының әдет-ғұрпын тасындай қалап, дәстүрін жадына жылудай жинап, асыл тілін аманаттай ардақтап, дінін дініне тұмардай тағып, салтын санасына сыбағадай сақтап және олардың бәрін құрандай қастерлеп өскен ұрпақ екенін білдіру. Оның мақсаты ата салтымыздың асыл мұрасы мен алтын қазынасын көпшілікке, кейінгі жас ұрпаққа ұсынып, оны оқып үйренуді өмірге еңгізуді аманат деп тапсыру.


1. 2 Отбасындағы сыйласым дәстүрі және тәрбие

«Отан отбасынан басталады» дейді халық. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке - шеше арқылы өрбіген тұқымның туыстық - адамгершілік қатынастары жүйеленіп, әлеуметтік, қоғамдық құрылысқы байланысты қалыптасқан.

Әрбір отбасында әкеге байланысты: баба, кейуана, ана, әже, әке, аға, іні, қарындас; ал шешеге байланысты: түп нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы ағағ нағыш әпке, нағашы іні, нағашы қарындас деген туыстық ұғымдар бар.

Отбасындағы туыстық қатынастар әкенің жақындығына байлапнысты қалыптасқан. Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары, борыштары бар.

Міндет - күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайырымдылық рәсімдерін орындау әрекетін іске асыру жолы.

Парыз - міндетті іске асырудың қалыптасқан әрекеттері. Борыш - ата-анаға, үлкен адамдарға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырым іс-әрекеттер және ол «қарыз» деген сөздің де баламасы. Яғни бала өзін әлпештеп өсірген ата-ана алдында олардың жан аямай жасаған еңбектерін өтеуге қарыздар.

Егер ол нағыз адам болса, ең әуелі ата-ана алдындағы борышын өтеуді өмір жолына мақсат етіп қойып, сол мақсаттарды орындауға жан-тәнімен әрекет жасап, еңбек етеді.

Отбасының қос шынары - ала таудай атасы және аналардың анасы - әже. Ата - береке, мейірім, өнеге даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін, қсиетті ісімен сый - құрметке бөленген қадірлі қария. Атаны сыйлау - ата-бабаны, елді сыйлау, ал әжені құрметтеу өмірді құрметтеу болып табылады.

Әкенің негізгі мақсат-баланы өмірге баулу, тәлім беріп тәрбиепеу. «Мен балам үшін өмір сүремін» дейді әзіз әке. Әкенің үлгі-өнегесі арқылы, нұсқауы, талап етуі - бала үшін бұлжытпай орындайтын заң іспетті.

Ақ сүт берген ана баласы үшін жанына да аямайды. Қазақта «Әкемді алсаң ал, құдай, шешемді қой, шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой» деген мақал бар. «Түн ұйқысын төрт бөліп, суық бесік таянған, түнде шошып оянған» ананың ақ мейірімі, оның қызметі, еңбегі бағаланбаса, ол - қорлық. Бірақ ана бәрін де кешіреді, аналық міндеттерін айнытпай орындай береді. «Әпке» деген сөз «апа » деген түбірге «еке» деген сыйласым қосымшанының жалғануымен қалыптасқан. Әпке - екінші ана. Ол - әрі анаға көмекші. Ол - әрі анаға көмекші, әрі өзінен кіші ұрпақты тәрбиелеуші. «Ағасы бардың жағасы бар» дейді халық. Аға - әкеден кейінгі отбасының иесі. Ол - әрі әкеге көмекші, әрі отбасындағы бар тірліктің басқарушысы, тәрбиеші, тәлімгер. Аға ініге, қарындасқа үлгі - өнеге көрсетіп, оларға қамқоршы болуға міндетті.

«Інісі бардың тынысы бар» деп, халық інінің ағаға көмек көрсетіп, оған сүйеніш болатынын уағыздайды. «Аға - бордан, іні зордан» деген мақал ағаның кешірімділігін іні пайдалана бермей, іні одан да зор болып, яғни асып түсуге тиіс деген ұғымды білдіреді. Іні ағаны ардақтап, ақылына тәнті болуға, кеңесіп отыруға міндетті.

Інісі мен қарындасы ағасын әкесіндей сыйлауы керек.

Қазақта «қарындасын сыйламағанның қары сынсын» деген мақал бар. Ұлттық дәстүр бойынша қыз баланы, әсіресе, ең кіші қызды әлпештеп аялау - әрбір жақынның жандай міндеті. Қыз баланы сыйлай білу, оның көңіліне қаяу салмау, бар жақсылықты әуелі қызға жасау - ұлттық дәстүрдің салтқа айналған үрдісі. Ал қарындас ағасына қызмет етуді, әпкесіне көмек көрсетуді өзінің негізгі міндетім деп, инабаттылық қарым қатынаста болуы керек.

Отбасында ағасының жұбайы - жеңгесі болса, ол да ананың міндетін атқарады. «Жеңге» деген - қастерлі де сыйлы ұғым. «Жеңгесі бардың теңгесі бар», «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дейді халық. Жеңгені анадай сыйлау қажет.

«Бір үйде қанша болсаң, бір-біріңе меймансың», «Бір-біріңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деп, халық отбасындағы сыйласымды жоғары бағалайды. Әке, жәке, көке, апа, апатайым, ағатайым, айым, күнім, панам, алтыным т. б. ізетті сөздермен сыйласым рәсімдерін іске асырып отыру - отбасындағы әрбір адамның парызы. Отбасындағы сыйласым - қуаныш, бақыт, қызықты өмір!

Қазақта «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген мақал бар. «Жылқы жеті тегіне тартып туады» деп, халық адамның арғы тегіне тартып туатындығын айқындап, «Біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артып туады» дейді де, ұрпағының мейілінше «артып туғанын» тілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрдің пайдаланудағы тәрбиелік мүмкіндіктері
Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары (5-9 сынып бойынша)
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Қазақ салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Қазақ салт-дәстүрлері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz