БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Педагогика пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
3
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ----------------------
--------
5634897890--===============---
1.1 Ғылыми әдебиеттерде патриоттық тәрбие мәселесінің қарастырылуы
6
1.2 Халықтық педагогика құралдарындағы патриоттық тәрбие мазмұнына
сипаттама 6
ІІ. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ- ---------------20
2.1. Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудегі
Халық мұрасының тәлімдік иірімдері бағдарламасының мазмұны------
20
2.2. Халық мұрасының тәлімдік иірімдері бағдарламасының бастауыш сынып
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудегі тиімділігі -----------------
25
ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- ------------------------------
-------- 27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ----------------------------------- -----------------------
------ 28
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл
әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекетіміздің өркендеп өсуі,
халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды Отаным деп
таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы - бұның басты шарттарының
бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына Жолдауының Қазақстан
мұраты деп аталатын бөлімінен көруге болады. Мұнда: ...біздің балаларымыз
бен немерелеріміз... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы
нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат,
жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің
патриоттары болады, - деп үміт артылады. (42)
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iріктеп алған озық тәжірбиесi
мен iзгi қасиеттерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру, баланың қоршаған ортадағы
қарым қатынасын, дүниетанымын, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-
құлқын қалыптастыру.
Жас ұрпақты бiлiм мен тәрбие беретiн мектеп алдына қойылатын талап-
тәуелсiз елiмiздiң азаматын тәрбиелеу, оқушылардың ұлттық сана-сезiмiн
ояту, ұлттық мәдинетке деген сүйiспеншiлiк көзқарасын қалыптастыру болып
отыр. Бүгiнгi ұлттық тәрбиенiң мақсаты: оқушыларды жалпы адамзаттық
құндылықтарға тарту, бiртұтас әлем туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру
болуға тиiс.
Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекеттiк, экономикалық және саяси
дербестiгiн алғанына да бір мүшел жастан асты. Тәуелсiздiк елiмiздiң алдына
жаңа мақсаттар мен тың талаптарды алға тартады. Солардың бiрi – ұлттық
патриотизм немесе қазақстандық патриотизм ұғымдары.
Педагог ғалымдар мен философ-психологтардың пiкiрiне сүйене отырып,
бiз, бiр кездегi кеңестiк патриотизм ұғымы секiлдi қазақстандық
патриотизм болуы керек деген тұжырымға тоқтадық ал оның туындап,
қалыптасып, тәлiм-тәрбие құралына айналуы - ұстаздардың қолында.
Қазақ халқының тарихына көз салсақ, Отансүйгiш, яғни патриотизмнiң
керемет үлгiлерiн көремiз. Бүгiнгi тәуелсiз ел болып, қазақ деген ұлт
болып отыруымыздың өзi ата-бабаларымыздың теңдесi жоқ ерлiгiнiң арқасы.
Жалпы, патриоттық сезiмнiң қай-қайсының болсын қалыптасуы халқымыздың
қаһарман ұлы Б. Момышұлы мен жазушы Ә.Нұршайықов пiкiрлерiне сүйене
отырып, шаңырақта патриотизмге тәрбиелеу, ана тiлiн үйрету, ұлттық мiнез-
құлқын қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлердi сақтау, шыққан ата-тегiңдi
бiлу және тарихи дәстурлердi сақтау, одан соң туған жерiне, отанына деген
сүйiспеншiлiк т.б. асыл қасиеттер өсе келе мектепте әрi қарай дамып
қалыптасуына шарт түзiлу керек.
Психология – педагогика ғылымдары саласында бүгінге дейін жарық көрген
еңбектерге талдау жасау барысында патриоттық тәрбие әрдайым зерттеу
нысанасы болғандығына нақты көз жетті. Мәселен, Н.К.Гончаровтың, М.А.
Даниловтың, И.С.Марьенконың, Э.И. Моносзонның, М.Н.Скаткинның және т.б.
ғалымдардың жалпыпедагогикалық зерттеулерінде патриоттық тәрбиенің мәні
сондай-ақ теориялық әдістемесі және эмпирикалық зерттеу проблемалары
қарастырылған.
Жас ұрпақққа патриоттық тәрбие беруде халықтық педагогиканы тиімді
пайдалану мәселелері Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, М.Х. Балтабаев, И.Р.
Хамитова, Б.М. Бекмұхамедов, М.А. Печенюк, Ш. Жанайдаров сияқты т.б.
көптеген ғалымдардың шығармаларында зерделенген.
Қазіргі таңда Қ.Б.Бержанов, Қ.Қ.Құнантаева, А.Н.Ильясова, Т.Т.Тәжібаев,
Қ.Б. Жарықбаев, Н.Д. Хмель, С.А. Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, И.Б.Мадин,
А.И.Сембаев, С.Қалиев, Г.М.Храпченков, Қ.Н.Меңлібаев, В.Г.Храпченков, С.
Қалиев, А.Р. Жұмаханов, К.Т.Әбілғазиева, С.Т. Иманбаева, Е. Жұматаева, Г.
Кулахметов, С. Нұрмұқашева, С. Ешімханов, Л.Т.Сайдахметова, Д.С.
Құсайынова, Ж. Елемесова, А.А. Бейсембаева, У.К.Санабаев ғалымдар
патриоттық, интернационалдық тәрбие проблемасын зерттеумен тұрақты
шұғылдануда.
Патриотизм сезімінің адам бойында оянуы мен қалыптасу процесін басқа
да бір сезімдерден, эмоциялық ерекшеліктерден бөле-жара қарауға болмайды.
Патриотизм – ең алдымен елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің
байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып келе жатқан жақсы
үрдісін дәріптеу, ана тілін құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада
орнығып қалыптасатын адамгершілік асыл қасиеттер ұлттық патриотизм
деңгейіде өркен жайып, жалпы азаматтық патриотизм биігіне ұласатыны
белгілі. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол - нақты тәрбиенің
жемісі.
Патриотизм - өз Отанына деген сүйіспеншілік – адамдардың бойындағы өте
терең де күшті сезім.
Патриоттық тәрбиенің қажеттілігі туралы көзқарастың әлсіреуі байқалады.
Сондай-ақ, бүгінгі адам дүниетанымын қалыптастыратын рухани кеңістіктің
көне ата-тектік танымдық-тәрбиелік өзектерден ажырап, одан адасып
қалғандығында. Өйткені, әлі де болса имандылыққа қанша ұмтылғанымызбен, біз
ата-бабадан қалған отаншылдықтың киелі шарттарынан алыс тұрған сияқтымыз.
Сондықтан, халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін осы бағытта
белгілі бір этно-мәдени тәрбие жүйесі қалыптасуы керек.
Мұның барлығы бүгінгі таңда балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
мен қажеттілігін, бүгінгі күн талабынан шығып отырған мәселе екендігінің
куәсі.
Оқушылардың адамгершілік қасиеттері мен отансүйгіштік сезімдерін
бүгінгі заман сұранысына сай жетілдіру проблемасын айқындау мақсатында
зерттеу тақырыбын "Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру" деп
алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Халық ауыз әдебиеті арқылы оқушыларды патриотизмге
тәрбиелеу шаралар жүйесінің мазмұнды бағыттарын анықтау.
Зерттеу объектісі: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының
мазмұны.
Зерттеу пәні: бастауыш мектепте халық ауыз әдебеті негізінде оқушыларды
патриотизмге тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
- патриоттық тәрбиенің халық ауыз әдебиетіндегі бағыт-
бағдарлары мен мазмұнын анықтау;
- патриотизм, ұлтжандылық, ұлттык патриотизм, қазакстандық
патриотизм ұғымдарының мәнін айкындау;
- мектеп окушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы патриоттық тәрбие
беру шаралар жүйесін жасау;
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері
болып диалектикалык-материалистік философиянын негізгі қағидалары, жалпы
адамзаттық мұралар негізіндегі демократиялык-гуманистік қарым-қатынастарды
анықтайтын құжаттар, үкіметтің оқу-ағарту мәселесі жөніндегі каулы-
карарлары, Қазакстан педагогика тарихындағы тарихи-педагогикалық
кұбылыстарды, философияльқ, психологиялык, педагогикалық, әлеуметтік ғылыми
зерттеулердегі жүйелілік теориясы
алынды.
Зерттеудің әдістері: мұрағат кұжаттарын, тарихи-педагогикалык
әдебиеттерді талдап зерттеу және жүйелеу, ғылыми әдебиеттерге теориялық.
педагогикалык талдаулар жасау, әңгіме, сауалнама, байқау, салыстыру.
жинақтау, қорыту т.б. әдістері колданылады.
Зерттеудін негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде тақырып анықталып, зерттеудің ғылыми аппараттары
айқындалды. Мектеп оқушыларын халық ауыз әдебиеті негізінде патриотизмге
тәрбиелеу мәселелеріне арналған философиялық, психологиялық, педагогикалық
енбектер мен диссертациялар, монографиялар мен мақалалар талданды; ресми
және мұрағат құжаттары, мерзімді баспа материалдары зерттеліп, жинақталды.
Екінші кезеңде мектеп оқушыларына халық ауыз әдебиеті негізінде
патриоттық тәрбие беруге қатысты жинақталған материалдар теориялық және
практикалық тұрғыдан талданып, тәжірибелік-эксперимент жұмыстары
жүргізіліп, тәжірибелер қорытындыланды.
Үшінші кезеңде Курстық материалдар ғылыми жүйеге келтіріліп, зерттеу
нәтижелері жинақталынды.
Курстық жұмыстың кұрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және косымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, нысанасы, пәні, мақсаты, міндеттері.
әдіснамалық негіздері, зерттеу әдісі мен кезеңдері тұжырымдалды.
Бастауыш мектепте халықтық педагогика құралдары арқылы оқушыларға
патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері атты бірінші тарауда
бастауыш сынып оқушыларына халық ауыз әдебиеті арқылы патриотизмге
тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері ашылған, патриот, патриотизм,
патриоттық тәрбие ұғымдарына ғылыми әдебиеттерді басшылыққа ала отырып
сипаттама берілген, халық ауыз әдебиетінің патриоттық тәрбиедегі
мүмкіндіктері анықталған.
Халықтық педагогика құралдары арқылы оқушыларды патриоттыққа
тәрбиелеу жұмыстарының мазмұны атты екінші тарауда бастауыш сынып
оқушыларына Халық мұрасының тәлімдік иірімдері бағдарлама мен осы
бағдарлама негізінде ұйымдастырылған шаралардың мазмұндары мен олардың
тиімділігі өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы анықталған.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен
ұсыныстар берілді.
Қосымшада жүргізілген сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар үлгілері мен
тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері көрсетілген кестелер
берілген.
1. Бастауыш мектепте халықтық педагогика құралдары арқылы оқушыларға
патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері

Тұңғыш президентiмiз Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсiздiк жолында ту етiп
көтерген реформаторлық идеяларының бiрi - қазақстандық отансүйiштiк
ұғымымен астасып жатуының терең мәнiн содан iздеген жөн. Президент оған
еңселi елдiгімiздi танытар сүйенiш ретiнде қарайды.
Халқымыздың бойында нағыз қазақстандық патриотизм сезiмiн
қалыптастырғымыз келсе, мемлекетiмiздегi барлық этностар күнделiктi болып
жатқан күрделi мәселелердi бiлiп қана қоймай , апыр-ай деп шын
жүректен сезiнулерi керек, сонда ғана қазақстандық патриотизмдi
қалыптастыру, дамыту нәтижелi болмақ. Елiңдi сүю оның ертеңiне сенiммен
қарауға мүмкiндiк бередi .
Қазақ халқының рухани көсемi , қазақ тiл бiлiмiнiң атасы, мемлекет және
саяси қайраткерi, халқымыздың ұлы рефарматоры Ахмет Байтұрсынов: Атадан
балаға мирас болып екi –ақ нәрсе қалады:Ең бiрiншiсi бай тiл, екiншiсi
байтақ жер-деген екен.(14)
Бiз бүгiнгi ұрпақ, осы екi нәрсенi көзiмiздiң қарашығындай сақтап,
келер ұрпаққа табыстыруымыз керек. Ол үшiн бiзге отансүйгiштiк, патриоттық,
ұлттық сана- сезiм қажет.
Ы.Алтынсарин 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген Қазақша
хрестоматия деген бірінші кітабында: Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш,
Талаптың пайдасы, Таза бұлақ т.б өзі жазған тілі жатық, мазмұны
қызғылықты 40-тан астам әңгімелері мен аудармалары бар.Шығармалар идеясы
жағынан бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердің табиғатын, еңбекті
сүюге, достыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеуге, ата-ананы
құрметтеуге негізделген.(1,2)
Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлаумен бала бойында үнемі
үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, ерін-жерін сүюшілік асыл
қасиеттері салт-дәстүрден бастау алатыны белгілі. Ж.Баласағұни:
Балаларға оқу, білім берілсін, сұлу мінез әр өнермен өрілсін, -деп
айтқандай, ұлтымыз өз ұрпағын еліміздің көк байрағындай көлбеңдеп, тәуелсіз
мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуіміз
керек, себебі ,жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана
емес, еліміздің ертеңгі тірегі, мызғымас болашағы.
Мектептің ұлттық тәрбие жүйесінің негізі, оның мазмұнының өзегі, түп
қазығы ретінде мына құндылықтарды аламыз: Туған жер, отбасы, еңбек, ұлттық
мәдиниет, ана тілі, ұлттық өнер, ғылым, бейбітшілік, ұлттық салт- дәстүр.
Мектеп қабырғасынан бастап, оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере
отырып, тәрбиені ұлттық салт пен дәстүрге негіздеп, ұлтжандылық,
отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
Кісінің бойындағы күш-қуатын, білімімен өмір тәжірбиесінен халық
мүддесінің игілігіне, кіндік кескен жеріне ыстық махабаты, оның кісілігін
танытқан асқақ сезім – Отан сүйгіштік.
Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір
дәмді ой түйіндерін осы қасиетіне арнаған.
Қазыбек бидің: Алтын ұяң -Отан қымбат туып өскен елің қымбат, кіндік
кесіп, кір жуған жерің қымбат,-деп айтқан сөзі осыған дәлел.
Сонымен қатар , тәрбиелеу барысында адам бойындағықалыптасатын
мақсаткерлік , борыш пен жауынгерлік, мейірімділік пен ізгілік , адалдық
пен
шыншылдық, достық , имандылық сияқты қасиеттерге зор мән беру керек.
Тұлғаның тухани байлығындағы бастау ақын пікірінше халқының рухани
қазынасы. Отанға , жерге нәзік сүйіспеншілігін ол былай деп білдіреді:
Кіндігімді кескен жұрт , кір қонымды жуған жұрт , қарағайдан садақ тудырып
, қылшанымды сары оққа толтырып , жанға сақтау болған жұрт .
Ж. Аймауытовтың Ыстық қой , шіркін , туған жер ! атты үзіндесінде:
Қартқожа үйге сүйеніп , ашамамайды шынтақтап , ауылға қарап отыр.Оған
ауыл бір түрлі жылы , бір түрлі қызықты , ет бауыр жақын болып көрінді ,
қоңырсыған сүт , қайнатқан қаймақ иісі де тәтті -деп келетін жолдар
арқылы жазушы ауылдың мамыржай қалпын суреттеп қана қоймай , баланың жан
жүрегін баурап алып , оны тебіренте түседі. Онан әрі Ыстық қой , шіркін ,
туған жер ! Кім сүймесін өз жерін ? Сүймесе сүймес зердесіз , шерсіз жүрек
, тілеуі бөлек жетесіз деген жолдар оқушының намысын оятып , ойын ұшқыр
, санасын сергек етуге жәрдемдеседі . Осылайша оқушының туған елге , туған
жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпыадамзаттық құндылыктарға
негізделген қоғамда жаңа идеология қалыптастыру керек болды. Бұл
идеологиялардың негіздерін патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлттық
патриотизм және ұлтжандылық ұғымдары құрады.
Патриотизмнің мәнін ашу барысында ең алдымен осы патриотизм
идеяларының ерте замандарда туып қалыптасқанын, ол туралы сөздіктер мен
энциклопедияларда берілген анықтамаларды және зерттеушілер мен ақын-
жазушылардың еңбектерін қарастырдық.
Ежелгі грек жерінде пайда болған патриот сөзі (patriotes - жерлес,
отандас) дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттердегі
саяси жағдайларға байланысты сан алуан сипат пен мағынаға ие болып отырған.
Ежелгі грек ғұламалары Аристотель, Платон, Цицерон, XVIII ғ. француз
материалистері, неміс философтары, орыс революционер-демократтары, қазақ
ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. еңбектері мен
шығармаларынан еліне, жеріне деген ұлтжандылық және патриоттық
сүйіспеншілік көрініс тапқан.
Қазақ совет энциклопедиясында Патриотизм дегеніміз (грек сөзі
patriotis – отандас, patrio- отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік,
бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған
жерін, ана тілін, елдің әдет - ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты
патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды,- деп атап
көрсетті (32.168)
Патриоттық идея - отаншылдық сезім- адамға туа біткен қасиет емес. Ол
- жүре түзілетін, адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасқан
психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс.
Патриоттық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік-қасиет, оның
еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке
қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім
көрсеткіші болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы- қоғамның идеологиялық бірлігінде
атты еңбегінде Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз -
Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын
билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты
қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын
саналы түрде таңдауын көздейді,- делінген.(42.33) Патриоттық
тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-
әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси-
моральдық, кәсіптік, психологиялық, дене шынықтыру сияқты сапаларды
қалыптастыру.
Дербес тұлғаның немесе ортақ мақсат жұмылдырған топтың әлеуметтік-
ұнасымдық сарыны мен елінің озықтық салт-дәстүрлерінің тарихи заңдылықтарын
қорғауға бағытталған кез – келген қызметін біз патриоттық іс – әрекеттер
деп түсінеміз. Отанның үздік, жалпы адам баласының даму критерийіне жеке
тұлғаның және әлеуметтік топ әрекетінің тарихи нысаналарға, қоғамның
ілгерілеуіне, өмір сүріп отырған ортасына, дәуірінің ұстанған бағдарына
сәйкестілігі жатады. Патриоттық әрекет сонда ғана сыртқа көрініс деңгейінде
қалып қоймай, патриоттық сананың өлшемі, межесі және қоғам мүшелерін
тәрбиелеуші фактор болып табылады.
Патриоттық сана- сезім болса, ол Отан құндылығын бағалау көрінісінің
нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата – баба санасының қажеттілігі мен
ұмтылысынан, құлшынысынан туған тамаша салт – дәстүрлерді адамдардың
санасындағы қажеттілігі мен қызығушылық арқылы түйсіну. Патриоттық тәрбие
барысында саяси сенімділік, Отанға сүйіспеншілік, тәуелсіз өмір сүріп
жатқан елдерге ынтымақтастық, жалпы халықтық намыскерлік, ел тағдырының
болашағы үшін жауапкершілік, оның экономикалық даму қарқынын үдетуге ықпал
жасауға ниеттестік, ғылыми, саяси – моральдік және туған жерін қарумен
қорғау жолындағы борышқа әзірлік, Отанын саяси, идеологиялық қауіптерден
сақтауға бағыттылық, озбырлық пиғылдағы ішкі және сыртқы жауларға
төзбеушілік тәрізді мінез – құлық қалыптасады, дамиды.
Тәрбиенің әлеуметтік – саяси негізі – қоғамдық, мемлекеттік құрылыс,
әлеуметтік – саяси және идеологиялық қоғамның, әскер мен халықтың бірлігі,
мемлекет ішіндегі әртүрлі партиялардың бір – бірімен үйлесімділігі,
тәуелсіз мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастық, жеке ұлттардың халықтық
педагогика принципіндегі патриотизмі мен халықаралық интернационализм.
Патриоттық тәрбиенің идеялық – теориялық, әдіснамалық негізіне барлық
тәрбие жұмысы жатады. Патриоттық тәрбие Отан құндылығын танудың тікелей
және жанама түріндегі түсінігінен бастау алады. Жүргізілген оқу - тәрбие
жұмысының барысында қол жеткен сүбелі табыстарымыз бен көрсеткіштеріміздің
терең ауқымын ашудың мәні үлкен. Бұл ретте әрбір адамның мәртебелі өмір
сүруін, әлеуметтік саланы алға бастыру жолындағы мемлекетіміздің өрлеу
саясатын, Қорғаныс күш – қуатының қызметін, теориялық насихат бағдарын,
алдыға қойған мақсаткерлігін, Отанды қорғаудың жолдарын, сыртқы, ішкі,
арандатушылар мен дұшпандардың қастандық әрекеттерін болдырмаудың әдіс –
тәсілдерін қарастырады.
Патриоттық тәрбие беру ісінде оның әр саласының өзара тығыз
байланыста болуының маңызы туралы мәселені Кенес үкіметі жылдары зерттеген
ғалым – педагогтардың, философтардың, әдебиеттанушылардың, тарихшылардың
шығармаларында айтылған. Мысалы, Н.К. Крупская мектеп жасына дейінгі
балалармен жүргізілетін патриоттық тәрбие жұмыстарының жоспарлы, жүйелі,
күнделікті, бірізді болуы қажеттігін айта келіп, интернационалдық тәрбиені
баланың өз ұлтымен таныстырудан бастаған тиімді деп көрсеткен .
Патриоттық және интернационалдық тәрбие мәселелерін жүйелеуге А.С.
Макаренко сүбелі үлес қосты. Ол еңбектерінде өз Отанын және оның
тұрғындарын - , айналасындағы адамдарды сүйетін интернационалист азамат
тәрбиелеу парыз деген пікірге келді. Осынау интернационалдық және
патриоттық сана – сезімдер әркім өз Отанында болып жатқан оқиғаларды жете
біліп, мемлекеттің тыныс - тіршілігіндегі процестерге араласқан кезде
жемісті қалыптасатынын көрсетті. Аталған жетістіктерге тек жүйелі тәрбие
өріс алған жағдайда, яғни ұрпаққа бөбек шағынан бастап жан-жақты кешенді
тәрбие бергенде ғана қол жеткізуге болады. А.С.Макаренко сонымен бірге
өскелең ұрпақтың тәрбиесі отбасының, мектептің және қоғамдағы саяси –
әлеуметтік күштердің біріге қимылдауын қажет қылатынын атап айтты.
Патриоттық және интернационалдық тәрбие сан салалы процесс, сондықтан
Сухомлинский “Әлемді тану” оның негізі деп есептеді. Балаларды Отанмен
тығыз байланыстыру керек. Педагог баланың түйсігінде, қоршаған табиғат
бөлшектерінің, адам үшін қымбат саналатын әлемнің оның эмоционалдық есінде
біртіндеп қалыптасуы үшін олардың өздері ұнатқан жерлері жадында жатталуын
қамтамасыз ету керек,- деп білген. В.А. Сухомлинский балалардың түйсігі мен
сезімін тек қоршаған ортаны көре білуге ғана емес, сонымен қатар оларды
дұшпандық әрекеттерден қорғай білу қажет деп уағыздайды. Ол жас ұрпақтың
тәрбие процесіне бұрын өткен және бүгінгі күні қатар ғұмыр кешіп жатқан
қаһармандық мысалдарды қолдануды ұсынды. В.А. Сухомлинский педагогтың
барлық білімін, күші мен шеберлігін жас ұрпақтың азаматтық сезімін
тәрбиелеуге жұмсау керек деді. Ол мектеп пен отбасында балаларды анасына,
әкесіне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, Отанға
деген махаббаттың қалыптасуына ықпал жасау қажет деп көрсетті.
Әңгіме болып отырған кеңес дәуірінде А.П. Усованың бөбек шақтан бастап
балалардың Отанға деген махаббатын тәрбиелеу қажеттігі жөнінде жан – жақты
пікір айтқан кітабы жарық көрді. Оның құндылығы - А.П. Усова мектеп жасына
дейінгі баланың патриоттық және интернационалдық тәрбиесінде халық
шығармашылығының алатын орнына ерекше мән беріп, назар аударды. Халық
шығармашылығы балаларға өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тілін, әдет-
ғұрпы мен мінез-құлық ережелерін қажетті деңгейде меңгеруге ықпал жасайды.
Халық ертегілері, өлеңдері мен ойындары әрбір балаға жақын және қажет.
Сайып келгенде, олар әр түрлі ұлт өкілдеріне сыйласымдылық, ізгілік пен
құрмет сезімдерінің қалыптасуына әсер ететін аса зор тәрбиелік мәнге ие.
Н.Ф. Самсонюктің зерттеулеріде патриоттық тәрбие мәселелерін қозғайтын
еңбектер. Ғалым алты жастағы сәбидің патриоттық сезімін тәрбиелеу үшін
қажетті қару ретінде мақал-мәтелдерді қолдану қажеттігін көрсетті, оларды
мақсаткерлікпен таңдап алуды міндеттеді, ересек топтардағы балалардың оқу-
тәрбиесінде және әрекеттің басқа түрлерінде мақал-мәтелдерді пайдалану
мүмкіндіктерін анықтады. Ол мақал-мәтелдер баланың Отан туралы, әр түрлі
ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынастар туралы білімдерін неғұрлым
жемісті меңгерулеріне көмектесіп, халыққа және оның ауызекі поэтикалық
шығармашылығына деген құштарлықты тәрбиелеуге, баланың шығармашылық
әрекетінің әр түрлі деңгейде дамып, сезімталдықпен меңгеруіне әсер
ететіндігіне назар аударды (16).
Ғылыми әдебиеттер мен әртүрлі авторлардын талқылауынан патриотизм
түсінік жөнінде мынадай қорытынды жасауға болады. Ол әр кезеңдерде өз туған
жеріне, Отанына, ұлтына, тайпасына қатынасы бойынша қоғамдағы географиялық,
саяси, әлеуметтік және мәдени ортасына байланысты құндылықтарды жинақтап
жана сипатқа ие болып отырған.
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп гүлденуі
ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары - ана
тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты.
Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайьшың
үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендік саз, айтыс
өлендері, ою-өрнектері мен бостандық үшш жері мен елін қорғаған батыр
бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де
өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп
келгені тарихтан белгілі.
Атамекенге деген құрмет пен қадір қасиет тұтуды, туған жерге деген
сүйіспеншілік ыстық сезім туралы ұлы дала ойшылдары Қоркыт ата, әл-Фараби,
Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари т.б. айтқан болатын.
Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне,
ерлік, адамгершілік тәрбисіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин
болды. Ол көшпелі елдің баласына дүнияуи ғылым-білім, өнер
үйретуді армаңдады.(2)
Ұлы тұлға Абай Құнанбаевтың шығармалараын талдап қарайтын болсақ,
жастарды батырлыққа, ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын,
адамгершілік қасиеттерін оятуды үнемі алдына мақсат етіп қойған.
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді
Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров,
Т.Рыскқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай т.б. туындыларынан да кездестіреміз.
Кеңес үкіметі тұсында А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,
М.И.Калинин, С.Т.Шацкий т.б. әскери-патриоттық тәрбие мәселесіне, жас
ұрпақты өз Отанын қорғау ісіне дайындауға аса көңіл бөлді.
Кеңес мектептеріндегі патриоттық тәрбиенің нәтижесі 1941-45 ж.ж. Ұлы
Отан соғысы кезінде айқын көрінді. Батыс Еуропадағы 14 мемлекетті жаулап
алып, олардың жақсы жабдықталған әскери соғыс техникасын пайдалана отырьш
тұтқиылдан бес есе артық күшпен шабуыл жасаған неміс-фашист басқыншыларымен
4 жылға таяу кескілескен ұрыс жүргізіп ұлы жеңіске ие болған Кеңес
Армиясының ерен ерліктері осы патриоттық тәрбиенің нәтижесі деуге болады.
Соғыстан кейінгі жылдары да жастарды патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
өз өзектілігін жойған жоқ. Бұл жылдары Орталық комитет идеология
мәсслелеріне байланысты жас жеткіншектер тәрбиесін жетілдіру мен бүкіл Одақ
еңбекшілерін ерен ерлікке бағыттаған қаулы-қарарлар шығарды. Одақтас
Республикалардың барлығында осы қаулы-қарарларға байланысты оқу-тәрбие
жұмыстары халықтар достығы мен кеңестік патриотизм рухында жүргізілді.
Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның, әлеуметтік
топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын
айқындайтын саяси-моральдық, кәсіптік, психологиялық, дене шынықтыру сияқты
сапаларды қалыптастыру еді.
Қазақ халкының батыр ұлы, халық каһарманы Бауыржан Момышұлы
"Патриотизм - Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-
саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,
... қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оны
жеке адам мен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнмен және болашағымен
қарым-қатынасын біріктіреді", -деп атап көрсеткен болатын.(36)
Қазіргі егеменді ел жағдайында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу,
олардың елін, жерін сүйетін, aнa тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын
азамат болып өсуін камтамасыз ету - бүгінгі жалпы білім беретін
мектептердің, жалпы білім беру саласының басты мақсаты десе де болады.
Қазақстан егемендік алған алғашқы кезеңде ұлттық идеология туралы
мәселе көтерілуі заңды да еді. Туындап келе жаткан жаңа қоғамның дамуына
белгілі бір саяси-философиялық тұғыр қажет болып отыр. Сол себепті қоғамдық
сананы тәрбиелеуде қызмет атқаратын ұлттық идеология болуы керек деген
пікірлер соңғы жылдары баспасөз бетінде көптеп жариялана бастады. "
Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың,
ақын-жыраулардың, жалпы әрбір азаматтың мақсат-мүддесі халқын бірлікке,
ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпау, оқу білімді уағыздау, адамгершілікті,
адал, шыншыл, өз Отанының патриоты болуға үндегені тарихтан белгілі.
Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Конституциясында да республика қызметінін
түбегейлі қағидаларының бірі - қазакстандық патриотизм деп атап
көрсетілген.
Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған
жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.
Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан
олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай мәңгі тұрақтап қалар
мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп
танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға
еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті
өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсак, ол болашақ Қазакстан
азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм -Отан-
анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы
білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне
арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.
Бұл ретте мектептердің патриотизмге тәрбиелеу жолдарын қарастыра
келіп, олардың, жалпы оқушылардың сана-сезіміне ықпал ету, іс-әрекеттерін
ұйымдастыру бағыттарында жүргізілгендігін анықтадық. Ұйымдастыру жұмыстарын
осы бағыттар бойынша топтастырсақ олар былайша бейнеленеді: соғыс және
еңбек ардагерлерімен кездесулер, әңгіме, кітаптар бойынша оқырман
конферешшяларын ұйымдастыру, ойын-сауық кештері, ертеңгіліктер, т.б. шартты
түрде оқушылардың сана-сезімін қалыптастыруға бағытталса, мұражайларға
материалдар жинау, фотокалканшалар, фото-альбомдар жасау, спорттық
ойындарға қатысу, т.б. оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған.
Сонымен, біздің пікіріміз бойынша, мектеп оқушыларын патриотизма
тәрбиелеу - басты мақсат болса, отаншылдық сана, отаншылдық сезім,
отаншылдық іс-әрекет, отаншылдыққа өзін-өзі тәрбиелеу - оның басты
бағыттарын құрайды. Ал оның міндеттері өсіп келе жаткан жас буындардың ар,
ождан, намыс, құрмет, сүйіспеншілік сана-сезімін ояту, орнықтыру
әрекеттерімен анықталуға тиіс. Осылардың барлығы жинақталып оқушының
бойында ерлік, батырлық, қайырымдылық, мейірімділік секілді ізгі
қасиеттермен көріне бермек. Бұлардың психологиялық тетіктеріне сана-сезім,
ырық (ерік-күш) құрайтыны белгілі. Бұл ретте, А.Н.Леонтьев: "Тұлғаны
өзгертіп, қалыптастыру, оның ерік күшін дамыту деуге болады, - деп
көрсетеді.
Тәрбиелік іс-шараның бағыттары "ұлтжандылық", "ұлттық патриотизмдік"
сананы калыптастыру болса, ол - ар, иамыс, ождан, карыз, парыз секілді,
т.б. ұғымдар мен түсініктерді нақтылауды; олар туралы оқушы білімдерін
жетілдіруді және олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдетуді; сөйтіп Отан,
мемлекет, ел, ұлт, халык, атамекен секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып
көрсетуді талап етеді.
Патриот деген грек сөзінің негізінде француз революциясының мынадай
түсінігі жатыр: Өз отанына деген сүйіспеншілік үздік ұлттық әдет ғұрыптарға
деген сүіспеншілікпен астарласады. Онда қоғам өміріндегі , қатардағы
азаматтардың бір-біріне деген қарым-қатынасының саяси бейнесі бар. Әрбір
адамның өз түсінігі жалпы түсінігі бар , біреуінікі отбасы денгейінде ,
жұмысы , туған жер көлемінде болса , ал екіншісінікі одан да көбірек ,
екені түсінікті –ел , мемлекет , қоғам , тұтастай қоршаған орта деңгейінде
көрінеді. Патриоттық ұлттық және саяси мәдинеттің бір бөлшегі болып
табылады. Ол барлық еуразиялық кеңістікте мемлекет құрылымының саяси ,
тарихи нығаюы болып қаралады.
Патриотизм ұғымының кұрылымын айкындау кезінде біз үшін М.Н.Росенко
ұсынған моралъдық таным деген ұғым жақын болды. М.Н.Росенко бойынша
моральдық таным тұлғаның мінез-құлық нормалары мен прициптерінде, нысыналы
қондырғыларда, сенімдерінде анықталады. Ол адамдар арасындағы қарым-
қатынастарда реттеуіштердің екі деңгейіндс қызмет етеді: олар эмоционалды-
сезімдік және рационалды-теориялық. Рациоиалды-теориялық деңгей сенім
қалыптастырудың негізі болып табылатын мінез-құлықтың нормалары туралы
білім, ұғымдар, принциптер, талқылауларды көздейді.
Оқушы патриотизмінің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін оқу-тәрбие
факторларын айқындау кезіндегі өз зерттеулерімізде біз этномодсни білім
берудің мемлекеттік тұжырымдамасында көрсетілген үш бағыт туралы ережеге
арқа сүйейміз: институционалдық (балабақша, мектеп, гимназия, лицей,
колледж, ЖОО-лар және т.б.); институциональдық емес (курстар, кітапханалар,
бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени ұйымдары, орталықтар, қоғамдық ұйымдар,
діни ұйымдар), ресми емес (отбасында оқыту мен тәрбиелеу, достармен,
таныстармен, көршілермен араласу және т.б.).
Біз оқушылардың патриотизмін қалыптастыруға биологиялық және
әлеуметтік факторлардың әсер ететінін жоқка шығармаймыз. Керісінше, барлық
осы ерекшеліктерді ескере отырып, жеке тұлғаның патриотизмін қалыптасуының
айқындаушы негізгі фактор ретінде оқу-тәрбие саласының әсер етуіне назар
аударамыз. Тәрбиелеу ісі - оқушының дамуы барысына бағыт береді. Ол жеке
тұлғаны қалыптастырудың басты күші болып есептеліп білім беру үрдісінде
жүзеге асырылады.
Оқушыға патриоттық тәрбие беруді дамыту үздіксіз жүретін және күрделі
үрдіс: көптеген факторлар мен жағдайлардың әсерінен онда қайшылықтар
туындайды. Әсер етудің сырткы факторларына мұрагерлік (биогенетикалық және
әлеуметтік), оқыту-тәрбиелеу аясы, өзінің шығармашылық қызметі; ішкі
факторларға - мүдделер, оқушының қажеттіліктері мен мотивтері жатады.
Біз зерттеулерді (9,16,45,47) басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаның табиғи
мінездерін және оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, көптеген басқа да
әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере отырып, біз оқушының бойында
отаншылдық қасиетті қалыптастырудың негізі ретінде оқыту-тәрбиелеу аясының
әсерін бөліп алып қарастыруды Курстық жұмысқа негіз еттік. Бүгін
президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей , 90 пайыз Қазақстандықтар ұлтына
қарамастан өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді. Бұл өте қуанарлық жай ,
өйткені жана қазақстандық патриотизм азаматтын , қоғамның мемлекеттің ортақ
күш жігеріне келіп саяды. Қазақстан өз Әнұраны , Рәмізі , Туы бар ортақ
жеріміз бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасу керек және
оны сүюге , қорғауға біз міндеттіміз.Бүгінгі таңда патриот болу деген-
ғажайып табиғаты бар ұлттық мәдени ерекшеліктері бар бүкіл ғалам шарды
сезіну , бүкіл адамзаттың өзіне бір бөлшегі деп сезіну деген сөз.
Патриот деген сөзді кеңірек түсінетін болсақ бұл-өз елінің , жербетіндегі
адам баласының әр қайсысына бала кезден таныс кұрмет , сыйластық ,
сүіспеншілік сезімі арқылы Отан деген жанына жақын сөзді сезінуді біз әлі
балалық санамен алғаш рет бұл сөздің мағына , мәнісін түсінбегенбіз.
Б.Тұрсынов көрсеткендей, адамдардың Отанына деген қарым-қатынасы ең
алдымен сол адамның адамгершілік деңгейіне , қадір –қасиетіне байланысты.
Өз отанына сүйіспеншілік сезімге толы бұл сөзді жиі естиміз. Бірақ,
өкінішке қарай мақсаттарына жиі пайдаланады. Сондықтан нағыз патриот пен
жалған патриоттарды міндетті түрде ажырата алуымыз қажет және
өтірік, жалған патриотты шын, шын нағыз патриотпен шатастырып қорытынды
жасайсыз, сұралған адамдардың көпшілігі өз Отанына сүіспеншілікпен
қызғанышпен қарайды. Бірақ, бірте-бірте ажыратқан соң, сіз міндетті түрде
Отанға деген қарым-қатынастың қаншалықты шын екенін білетін боласыз. Өз
Отаныңа, халқыңа деген сүіспеншілік адамның жан дүниесінің терең түкпірінен
жүрегінен шығатыны көпшілік жағдайда көп адамдар біле бермейді. Бұл
жарнаманы қажет етпейтін, анаға деген сүіспеншілік сияқты.Өз анаңа
сүіспеншілігің қандай болса, Отанға да сондай сүіспеншілік керек.
Сондықтан, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш , әдемі киім сияқты
көзге түсе бермейтін болуы керек, керісінше, әрқайсымыздың жүрегімізде
сақтаулы , құны шексіз асыл дүние болуы шарт. Сонымен қатар біздің Отанға
деген қарым-қатынасымызды біздің мінез-құлқымыздан да көрніп отырады. Бұл
мемлекет ішіндегі адамға қатысты заңдарға , мемлекет құрылысының өміріне
байланысты: бұл адамдардың өз азаматтық заңмен бекітілген міндеттер
орындауы. Оның үстіне, патриотизм бір жақты құбылыс емес-азаматтан
атамекенге , бірақ міндетті түрде атамекннен азаматқа. Бұл экономика ,
саяси , әлеуметтік және қысқа мерзім құқы , еркіндіктер мемлекеттің өз
азаматтарының толық және жағымды өмірінен көрніс табуы керек.
Адамға өмір берген, өз сүтімен асырған, шексіз махаббат сыйлаған ана
сияқты, халық пен Отан мәдениетпен сусындайды, өз тарихымен, өзінің
адамгершілік салттарымен бір мезгілде қажет шама –шарқына қарай, сол адам
өміріндегі адамгершілікті, рухани азаматтық жеке басын қалыптастырады.
Анасына деген махаббаты жүрегімен сезінібеген адам, сондықтан да аянышты,
бақытсыз болады. Отанға деген жүрегінде махаббаты жоқ адам да дәл
сондай.Мұндай адамдар буырқанған мұхитта жоғалған кеме секілді ондай
адамдар тамырсыз қаңбак шөп. Қасиетті сезім сіз, ессіз өткені жоқ,
болашағымен қазіргісі тағы жоқ адам. Отанға деген махаббат-бұл айқайсыз,
сенімді намыс, бұл, өз ел-жұртына шын жүректен, қарапайым берілу, халқына
қызмет ету.
Әрбір адам , қандай бір адам болмаса да , күнделікті ісінде өзінің
Отанға деген ілтипаты мен сүіспеншілігін көрсету.
Егер сен бүгін оқушы , болмаса студент болсаң да , сенің жақсы оқуың ,
Отанынның берекесі берік болуына қосқан сенің үлесің болады , біздің
мемлекетіміздің экономикасы және рухани мәдинетіне , ғылым мен техника
мезгілінде қосқан баға жетпес жемісің, үлесің болып табылады. Болашақ
қоғамда қандай қызметте, қандай жағдайда болсаңыз да сіздің
қарапайымдылығыңыз, шын берілгендігіңіз, адамдығыңыз, сүйіспеншілігің өз -
Отанға-өмірдің талабына сай сізден Адам және Азамат жасап шығарады.
Отанға деген махаббат-өз халқыңның, өз достарыңның, өз ата-аналарыңның
мен бауыр-қарыдастарыңның жетістіктері не қуана білу. Отанға деген
сүйіспеншілік-өз елінің тағдырына қобалжу, өз еңбегімен, сөзімен және
ісімен Отанына өз пайдаңды тигізу.
Өз отаны үшін ыстық махаббат, берілгендікпен мақтаныш сезім қызмет
бабы бойынша немесе шетелге туристік сапармен барған адамдардың бойында
әрқашан да қатты сезіледі.
Отанды сағыну, ностальгия-қайсы бір себептерден өз Отанын тастап кеткен
көптеген эмиграттардың асқақты сезімі болып саналады.

сипаттама
Біз халықтық педагогика құралдарының ішінде халық ауыз әдебиетіне ерекше
бөліп қарастырамыз. Себебі олар бала тіліне жатық, оқушылар мазмұнын жеңіл
түсінеді, қызыға оқиды. Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам үрдісінде
болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі
келешек қоғам қамын ойлаумен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік,
қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттері салт-
дәстүрден бастау алатыны белгілі.Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан
өзіне тән әлеуметтік мәдени мұрасы бар.
Халық педагогикасы-ата-бабамыздың тәрбиеге қатысты асыл қоры, осы
тұрғыдан ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Сонымен қатар, қазақ
поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі. Оған қанатты сөздер, мақал-мәтелдер,
шешендік сөздер, айтыс, ертегі, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жатады.
Ұлтымыз өз ұрпағы Балаларға оқу , білім берілсін ,
Сұлу мінез-әр өнермен өрілсін -
деп, Ж.Баласағұн айтқандай, еліміздің көк байрағындай көлбеңдеп, тәуелсіз
мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуде,
ғасыр бойы пайдаланып келген ауыз-әдебиетіміздің асыл иректерін бүгінгі
күнге дейін құнын жоймай келген мұраны оқу-тәрбие үрдісінде тиімді
пайдалану көкейкесті мәселе.
Мақал-мәтелдермен жұмбақ, жаңылтпаштар балалардың қиялын ұштап ой-өрісін
қалыптастырушы күш.
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканың озық
үлгілерінің мүмкіндігі мол, сабақ барысында ұлттық мінез-құлық, әдет-ғұрып,
негізінде бата, аталы сөздер, тәрбиелік мақсатта мақал-мәтелдерді пайдалану
қажет. Қазақ халқы сөз қадірін біліп , оны қастерлеп , данышпан , ұлы адам
сөзін өнеге ретінде өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан
халық. Ерте кезде мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарияларымыздың сөзінің
қадірі болмаған. Мақалдап мәтелдеп маңызды сөйлеуді-борышым деп санаған.
Мақал-мәтелді әуел баста жеке адамдар шығарған, біреуден-біреу жаттау, ауыз-
екі айта жүріп, өзгеріп жалпы халықтық мұраға айналған, яғни өмірден көрген
білгендерін жасаған ақыл-ой қорытындысы екені мәлім. Оны айтылатын сөзді
көркейту үшін емес, көркем шығармаларда көп қолданады. Ақын-жазушылар ғана
өз шығармаларында қолданып қоймайды, әрбір мәдинетті сауатты адам өмір
қайығында заманыны қарай оны өңдейд , өз жанынан шағарады:
Мысалы: Оқу-білім жайында Оқу-өмір шырағы, кітап-білім бұлағы десе,
оны Жыланның күші-тілінде, ғалымның күші білімінде деген теңеулермен
салыстыра қолданады.
Мақал мен мәтелдер-халық ауыз-әдебиетінде ерте заманнан бері келе
жатқан көркем жиынтық. Ақылыңа-ақыл, болашағыңа дұрыс бағыт сілтейтін,
өмірдің жағымды-жағымсыз келеңдерін танытатын өнегелі өсиет айтылған
халықтың ұшан- теңіз даналығы сақталған сөзбен ой, тәжірбие елегі.
Сондықтан халқымыздың сөздің көркі мақал - деп бағалаған.
Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіріп мағына берсе, керісінше
мәтел-жеке ойды бере алмайды, тек бір ойды, пікірді айқындау қызметін
атқарады. Осындай әр қайсының өз алдына ерекшеліктерін түсінуде этнограф,
жазушы В.И.Даль ”Мақал-халық сөзімен айтқанда-дән, ал мәтел-гүл“ деген.
Осылайша мақал мен мәтел халықтың тұрмысын, кәсібін, салтын, дүниеге
көзқарасын білдіріп бейнелейтін жанр, яғни ауыз әдебиетінің бір саласы.
Бастауыш сынып оқулықтарында берілген мақал-мәтелдерді қамтитын
тақырыптары төрт –түлік туралы, кішіпейілдік пен адамгершілік, еңбек пен
кәсіп, өнер мен білім, батырлық пен ерлік, туған жер, ел табиғатына
байланысты.
Төрт-түлік жайында:
Түйе атасы- нар
Ағаш атасы-шынар,
Сиырдың сүті-тілінде.
Ат -адамның қанаты.
Мал өсірсең, қой өсір.
Мақалдардың түпкі мазмұны қазақ халқының кәсібі мал шаруашылығы болғандығын
баяндай отырып, оның үнемді тиімді жақтары жан-жақты айтылған.
Өнер-білім жайында:
Өнер- білім бұлағы
Білім өмір шырағы.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Ақыл-тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен. Білім жолы қиын жол.
Халқымыз ғылым жолының қиындығыын Оқу инемен құдық қазғандай, деп
бағалаған Өнер бұлақ,білім-шырақ деп отырып, өнер мен білімді қатар
қойған.
Ерлік-бірлік жайында:
Шешен сөз бастар, Батыр туса -ел ырысы,
Батыр қол бастар. Жаңбыр жауса-жер ырысы.
Ерлік бұзылмас қамал.
Негізгі мазмұны оқушыларды бірлікке, татулыққа, шақыра білсе, ал ерлік
жайында халқымыз азаттығы, елдігі үшін, қандай да болса күресте біріге
білген.
Қорытып айта келгенде, оқулықтағы бөлінген тараулардағы мақал-
мәтелдерде адамның жан-жақты тәрбие алуына мән берілген. Халқымыз өзінің
тәлім-тәрбиесін нақыл сөздер арнасына шеберлікпен сыйғыза білген, яғни осы
тұрғыдан алғанда дидиктикалық жанрларының бай екені даусыз.
Бұл асыл қазынаның оқу-тәрбие үрдісіндегі мәні зор.
Ертегілер мен аңыз әңгімелер жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің
қуатты құралы.
Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін
ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні
зор. Қазақ ертегілері(төрт мыңға жуық) сан алуан. Оларды: хайуанаттар
туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты
ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге
болады.
Хайуанаттар туралы ертегілер көне заманда елдің және аңдардың малдың
киесі бар деген сенім қалыптасқан кезде пайда болған ( ақ қасқыр, шопан ат,
шекшек ата, ойсыл қара, зеңгі баба, қамбар ата, т.б. ) ол дами келе,
тыңдаушыны қуантатын, көңілдендіретін ертегілермен толысты. Қазіргі
хайуанаттар туралы ертегілерде космосқа ұшып жүрген хайуанаттар мен төрт
түлікті көреміз.
Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып , балалық шақтың
болашағын елестетіп, келешекк сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі
ертегілер-қиял-ғажайып ертегілері. Ертеде ұшқыш кілем ойлап шығарған
халық енді Зымыраның өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздар мен
планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Мұндай
ертегілердің көпшілігі ғылым болжамдарына сәйкестендіріліп шығарылады.
Сондықтан оларды ғылыми-фантастикалық ертегілер деп жүрміз.
Тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына
байланысты туған. Онда бай баласы мен жарлы баласының таптық
айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай , қанағатсыз
саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері , мінез-құлықтары
суреттелінеді.
Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің
таңғажайып іс-әрекеттері баяндалады( Күн астындағы Күнекей қыз, Ер төстік
, Керқұла тты Кендебай , т.б ) олардың ерліктері мен еңбектері,
адамгершілік іс-әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде айтылады.
Көбінесе, қиял-ғажайып ертегілер мен батырлық ертегілер бір-бірімен
сабақтас, өзектес келеді. Сондықтан көп батырлық ертегілерді әрі қиял-
ғажайып ертегілер деуге болады.
Ертегілердің ішінде қазақ халқының тұрмысы мен күнделікті өмірімен
пайда болған ертегілердің мән-мағынасы зор. Бұнда көбінекей белгіленетін
көрініс бір жағы ертегіге негізделсе, екінші жағы өмір шындығымен астасып
жатады. Сондай ертегілердің бірі көпшілікке танымал Бауырсақ деп аталады.
Бұнда кемпір мен шалдың аузынан қашып шыққан бауырсақ жеке өз алдына өмір
сүрмекші болып әрекететеді. Сөйтіп ол қасқырдан, қояннан, аюдан аман
құтылып, ақыры түлкінің аузына келіп түседі. Бұл ертегіден біз көбінекей
тек түлкінің қулығын ғана түсініп жатамыз. Ал шындығына келгенде өмірдің
алдамшы заңдылығына сәйкес бауырсақ өзінің орнын түлкінің аузынан тапты.
Осыдан шығатын қортынды әр нәрсенің дүниеде өз орны бар екендігі, одан
қашып құтыла алмайтындығында. Осы ертегі қазақтың Бидай, қашқанмен қайда
барасың баратын жерің диірмен деген ойымен астасып жатыр.
Аңыз ертегілер негізінен, Алдар көсе мен Жиренше шешенің,
Қожанасырдың есімдерімен байланысты. Ондағы кеіпкерлер сараң бай, зұлым
хан, қаныпезер уәзір, қуақы құл, еріксіз қыз, еңіреп туған ер азамат болып
келеді. Онда зұлымдықты тапқырлық жеңіп отырады.
Зиялы отбасында ертегілер бойынша, қуыршақ театрын ұйымдастыру,
ертегілер инсценировкалары бойынша қойылым көрсету ұйымдастырылады. Әрине,
ол үшін уақыт, жағдай керек. Сол уақытты пайдалана білуді, жағдайды
ұйымдастыруды, білімдарлықпен, жауапкершілікпен игеретін ата-аналар болады.
Өйткені, тәрбие ата-ананың негізгі борышы, күнделік іс-әрекеті, абыройы,
ары.
Балалар бақшасында ұйымдастырылатын ертегілер бөлмесі әркім әсер
алатындай әсем, мазмұнды, ғажап көріністермен безендірілуге тиіс.
Мектептегі әдебиет және ертегілер бөлмесі ертегілердің тарихи ,
әлеуметтік мән маңызына сәйкес безендірілуі керек. Мектеп сахнасында
қуыршақ театры арқылы, драма үйірмесі арқылы қызықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz