Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттырудағы ұлттық ойындардың маңызы


Педагогика пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттырудағы ұлттық ойындардың маңызы»
Мазмұны
Кіріспе
«Біз сапалы білім беру және негізін іргелі зерттеулер құрайтын озық ғылым арқылы ғана жаңарған елге айналып, ХХІ ғасырдың қарапайым емес проблемаларын ойдағыдай шеше алатынымызға терең сенімдеміз.
Еңбек пен білімді ұтымды ұйымдастырғанда ғана келер ұрпақтың кемел тағдырын жасай аламыз. Еркін елдің ертеңі - кемел білім мен кенен ғылымда екенін ұмытпайық», -деп ел Президенті Н. Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде өз сөзін қорытындылаған болатын. (21) . Ұрпақтың білімділігі мен саналы тәрбиесі - қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі жас ұландар - келешектегі еліміздің тіректері, болашақ өкілдері болып табылады.
Ел Президенті 2030 - жылға карай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, “Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады, ” - дейді. Ендеше, 2030 - жылдары еңбек етіп, ел басқаратын болашақ жастарымыздың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Президентіміздің үмітін ақтауға барлық іс-әрекет, күш-жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Жолдауда атап көрсеткеніміздей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өресі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұѓалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекетті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен заңдылықтарын жетік білу, жаңа оқу технологиясын білу және дұрыс қолдану жатады. Бұл міндетке балаларды олардың бойындағы ерекше қасиеттерді бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.
Егемендікке қолы жеткен қазақ қоғамының бүгінгі әлеуметтік обьективтік сұранысы - балаларды адамгершілікке тәрбиелеу арқылы елдің келешегін әзірлеу - ең негізгі мәселенің біріне айналды. Оны жүзеге асыру - қазақ халық педагогикасының бір саласы - ұлттық ойындар деп білсек, оның тиімді әдістерін белгілеп, жол-жосығын айқындау қажеттігін туғызып отыр.
Танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің психологиялық негіздерін зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалымдар: Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Мұқанов т. б.
Танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің дидактикалық негіздерін зерттеуге үлес қосқан ғалым - педагогтар М. Н. Скаткин, Б. П. Есипов, М. А. Данилов, П. И. Пидкасистый, Г. И. Щукина, Т. И. Шамова, Ж. Қараев, А. Әбілқасымова т. б.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д. Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А. В. Вербицкий, Т. В. Кудрявцев, И. П. Пидкасистый, Қазақстандық ғалымдар:Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров т. б.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигізер әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев сынды халқымыздың ойшылдары мен өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі зор болды.
Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы тілді үйрету мәселелерін қарастыру туралы нақты сөз болмағандықтан, біз осы мәселені зерттеу проблемасы ретінде нақтылап, курстық жұмыс тақырыбын «Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарындағы ұлттық ойындар - танымдық белсенділікті арттыру құралы» деп айқындауымызға себепші болды.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - бастауыш мектептің оқыту процесі.
Зерттеу пәні - бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарындағы ұлттық ойындардың педагогикалық жіктемесінің мазмұны.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін ұлттық ойындар жүйесін құру.
Бұл мақсат төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:
1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін ойын арқылы арттырудың ғылыми теориялық негіздерін оқып-үйрену;
2. Оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалану бойынша озат мұғалімдердің ic-тәжірибелеріне талдау жасау;
3. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мен білім, білік, дағдыларының қалыптасуына ұлттық ойындардың ықпалын анықтау.
4. Оқушылардың қазақ тілінен білім, білік, дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін ұлттық ойындар жүйесін құру, оны пайдалану бойынша ұсыныстар қатарын өңдеу.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негізі: жеке тұлға және оның дамуы жөніндегі ілім, ic-әрекетте жеке тұлғаны қалыптастыру бойынша психолог-педагогтардың еңбектері, Қазақстан Республикасы ресми материалдары.
Педагогикалық зерттеу әдістері:
1. Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
2. Педагогикалық бақылау;
3. Озық, педагогикалық тәжірибелерді оқып-үйрену;
4. Сауалнама;
5. Педагогикалық тәжірибе;
6. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына талдау жасау.
Курстық жұмыстың құрылысы: кіріспеден, eкi тараудан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Kipicпе бөлімінде: тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты, құрылымы берілген.
1-тарауда ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге сүйене отырып, ұлттық ойындардың түрлерін ұйымдастыру мен өткізудің негізгі тиімді жолдары мен ерекшеліктері баяндалған.
2-тарауда ұлттық ойындарды оқыту процесінде пайдаланған озат мұғалімдердің ic-тәжірибелеріне талдау жасалып, сауат ашусабақтарында ұлттық ойындардың оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпалын анықтауға байланысты жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген.
Қорытындыда ұлттық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға, білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға байланысты ой - қорытындылары мен ұсыныстар қатары берілген. .
Қосымшада зерттеу барысында алынған тиянақтаушы және тәжірибелік - эксперимент жұмыстарының нәтижелері көрсетілген кестелер және ұлттық ойындардың жүйесі көрсетілген.
1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін ұлттық ойындар арқылы арттырудың ғылыми теориялық негіздері
1. 1. Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі танымдық белсенділікті арттыру мәселелері
Оқу - бала дамуының мектеп жасындағы балалардың негізгі оқу әрекеті.
Баланың оқу әрекеті - күрделі процесс, ол баланың танымдық қабілеттерін, рухани күшін талап етеді. Баланың оқу әрекеті мазмұнгына мыналар енеді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағыттталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Балалардың танымдық әрекеті оқу әрекетіне негізделіп қалыптасады.
Оқу әрекетініңң негізгі құрылымдық элементтері мыналар:
- оқу міндеттері (немесе тапсырмалары) ;
- оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой-тәсіл амалдары) ;
- бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы) ;
- бағалау (мұғалімдердің және оқушының өзіне-өзі беретін бағасы) :
Танымдық әрекет - оқушылардың білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет - танымдық қажеттіліктен, танымдық мақсат, танымдық мотивтен және әрекетті орындаудың тәсіл -амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде балада танымдық белсенділік қалыптасады. (44)
Танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің психологиялық негіздерін зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалымдар: Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Мұқанов т. б.
Танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің дидактикалық негіздерін зерттеуге үлес қосқан ғалым - педагогтар М. Н. Скаткин, Б. П. Есипов, М. А. Данилов, П. И. Пидкасистый, Г. И. Щукина, Т. И. Шамова, Ж. Қараев, А. Әбілқасымова т. б.
Оқушылардың танымдық әрекеті мен танымдық белсенділігін дамытуда бастауыш мектептегі оқыту процесінің ролі орасан зор. Оқыту - таным процесі, өйткені онда ілгері ұмтылыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай әрекет жасайды.
Зерттеуші ғалымдар оқушылардың оқудағы танымдық белсенділігін дамыту барысын практикада шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсетеді: танымдық әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Е. Я. Голант, Б. П. Есипов, М. Н. Скаткин т. б. ) танымдық белсенділіктің тәсіл-амалдарын қалыптастыру арқылы (Д. Н. Богоявленский, Е. Н. Кабанова - Меллер, Н. А. Менчинская, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин), іс-әрекеттің бағдарланушылық құрайтын ой мен практикалық операциялар арқылы (П. я. Галперин, Н. Ф. Талызина) .
Жеке адамның қоғамға қатынасынан туатын көптеген формалардың бірі қызығушылықтың теориялық негізін көптеген философтар мен психологтар, социологтар, педагогтар зерттеген: А. С. Айзикович, Г. И. Гак, Г. Е. Гизерман, М. И. Заозеров, Е. Г. Здравосмыслов, К. П. Карамычев, Г. В. Нестерев және т. б.
Мектеп оқушыларынын педагогикалық психологиялық тұрғыдан зерттеуді одан әрі жақсарту, олардың танымдық қызығушылығын, бейімділін анықтау, тәртіптегі кемшіліктің, артта қалушылықтың, оларды жоюдың тиімді әдістерін дұрыс таңдай білу - бүгінгі таңдағы басты талап. Мұғалім алдында отырған оқушының белгілі бір мөлшердегі қабілет білім иесі екенін, оның өзіне тән өмір тәжірбиесі, қызығушылығы, эмоциясы, дүниетанымы және қауымдастықта алатын өз орны бар екенін ұмытпауы керек. Қазіргі педагогикамен психологияда қызығушылық туралы Л. И. Божович, Н. Ф. Добрынин, Н. Г. Морозова, Г. И. Шукина, Н. Ф. Талызина, И. И. Репина еңбектерінде қаралады. Оқу - адамның жеке басының танымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған ортаны таниды.
Оқу ғылыми танымнан айырмашылығы бола тұра, ол сөзсіз шындықты жеке таным формасының бейнесі, оның үстіне ол ғылыми таныммен тығыз байланысты формасы болып табылады.
Жалпы таным туралы өз ой пікірлерін ортаға салған атақты философтар да жоқ емес. Атап айтсақ: Р: Декарт, Г. Гегель, Г. Лейбниц т. б.
Г. Гегель: “Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің мәні қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйелі ретінде бейнеленудің қайшылыққа толы күрделі процессі” - деді.
Педагогикада таным процесі төмендегідей құрылымдардан айқындалған. 1. Қабылдау. 2. Ұғыну. 3. Талдап қорыту. 4. Бекіту.
Оқушының танымдық дербестігі жөнінде мәселе бүгінгі күндері түрлі пікірталастар түдырады. Оқушының танымдық дербестігі мұғалімнің кәсіптік дайындығына байланысты. Бұл оның педагогикалық процесте оқушылармен бірлесіп мақсатты түрде әрекеттерін ұйымдастыра білу, оларды білім негіздерімен, әрекет тәсілдерімен қаруланып, танымдық тапсырмаларды өмірдің жаңа кезеңдеріне сай қолдана білуге үйрету болып табылады.
Таным және адамның танымдық іс - әрекеті мәселелері бұл филологтардың негізгі мәселесі, генеологияның зерттеу пәні мен түйсінуі.
Философия танымының жалпы әдісі дидактиканы қаруландырады. Оқу процесінің методологикалық негізі - таным теориясы.
Танымдық қызығушылық - оқу процесінің жүзеге асуының басты шарты және оқушылардың өздерінің танымдық әрекеттерінің сипаттамасы. Оқу барысында оқушылардың қызығушылығынсыз оқыту процесі болмайды. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру - бұл ынтаны тудыратын, оқушыға оқу материалдарына қызыға кірісу сезімін оятатын мұғалім әрекетінің жүйесі.
Оқу танымында мұғалім жүзеге асырып отыратын оқушылардың танымдық қызығушылығына бақылау жасау ерекше орын алады, жаңаны танып білуге құштарлығы.
Танымдық қызығушылықты одан әрі дамытуға мотив негіз болады. Белгілі бір ғылымға қызығу, мақсатқа айналу немесе бұрынғы қызығушылықтың жаңа сипат алуы, оқу - тәрбие процесінде оқушыда білім дағды үнемі жаңарып отыруына байланысты.
Танымдық қызығушылықты оятуда төмендегідей жағдайлар ескеру керек.
- Оқу әрекеті үстінде жағымды қолайлы ортаны сабақты түрлендіріп өткізу,
- Оқу әрекеті барысында әрбір балалардың мүмкіндіктеріне сенім тудырып, оларды мақтап отыру.
- Ата - аналардың жағымды қатынастарды қалыптастыруда педагогикалық көмегі.
К. Д. Ушинский қызығушылық сапалы оқытудың негізгі жолы деп қараған. Неміс психологы әрі педагогы И. Ф. Гербарт мұғалім білімінің жан - жақты болып, оқушыны қызықтырып оқыту керектігін айтқан. Осы көп жылғы өткен ғасырда айтылға ой тәжірбиелер оқытуда қызығушылықтың ең негізгі фактор екендігін көрсетеді. Сондықтан оқушыны оятатын оның білуге құштарлығын арттыра отырып, оларды әрі тәрбиелеу керек. Өйткені оқу мен тәрбие бір - бірімен ұштасып бірге жүріп отыруы қажет. Оқыта отырып тәрбиелеу өте күрделі процесс. Оның жемісі тек мұғалімдердің тәжірбиелігіне байланысты.
Қазіргі кездегі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді демократияландыру, ізгілендіру процестері баланың еркін дамуын, белсенді шығармашыл болуын талап етеді. Оқыта отырып дамыту проблемасы Я. А. Коменский еңбектерінен бастау алады. Онда балалардың табиғи ерекшеліктерімен санасу керектігін айтады. Жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әр түрлі басқышын белгілеген. (30)
Жоғарыдағы теориялар негізінде 1960-90 жылдар арасында Л. В. Занковтың басшылығымен зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды.
Бұл тұжырымда “Екіліксіз қалай оқытуға болады” білімге деген қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді. Л. В. Занков жасаған жаңа жүйенің негізгі - өсіп және дамып келе жатқан дара тұлға. Әрине, әр баланың табиғаты әр түрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ол үшіншісінің елестеу қабілеті дамыған. Қызығушылықты тудыру процесі - жұмыс істеу барысын өркендету керек деген мағынаны білдіреді. (18)
Балалардың ой өрісін ақыл есін, зейінін, творчестволық қиялын, байқағыштығын дамытуда математиканың маңызы зор. Әр пәннің жеке ерекшелігіне орай ізденіп, әдіс-тәсілдерді түрлендіру қажет. Яғни, математика сабағында оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастыру үшін жұмбақтар, ойын-есептер, санамақ, жаңылтпаштар, ойындар т. б. жұмыстар жүргізген жөн.
Педагог Г. И. Шукина “ . . . танымдық қызығушылық оқушының мектепке деген жақсы қарым-қатынасының негізінде жатқан маңызды оқу мотивін құрайды” - дейді. (69)
Оқушыларды оқытудағы қызығушылық проблемасымен бірге шұғылданып жүрген педагогика ғылымның докторы Т. И. Шамова - өзінің “Оқушыларды оқуға құнықтыру” деген еңбегінде оқушыларды оқуға қызықтыру құралының жүйесін құрды. Оқушылардың танымдық қызығушылығына жоғары дәрежелі өнімді әрекет ретінде ерекше көңіл аударған жөн. Бұл жүйені қолдану тәрбиелеу мақсатына жетуді қамтамасыз етеді” - деді. /70. 43/. Бастауыш мұғалімдері мен педагогтары ғылыммен бекітілген әдіс-тәсілдерді толық меңгеру қажет, тек осы жағдайда бастауыш сынып оқушыларында танымдық қызығушылықты қалыптастыруға болады. ” - дейді Н. Ф. Талызина. “Формирование познавательной деятельности младших школьников” атты еңбегінде. Н. Ф. Талызина “Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте - бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады. - деген пікір айтты.
Мұғалім оқушы танымның аса нәтижелі болу жолында есте сақтау дәрежесін үнемі сапалы атқарғаны жөн. Оқушылардың танымы неғұрлым жоғары сапада болуы үшін, ұстаз үнемі баланың сенімдері мен қиялына иек сүйеп отыруы керек. Жер бетіндегі байлықты, әсемділік атауын жасайтын адам.
Л. Г. Занков әртүрлі жағдайларға байланысты төменгі сынып оқушыларында оқу-танымдық қызығушылығының қалыптасу деңгейлерін көрсетті. /№1 қосымшаны қараныз/. /18. 32/
М. Н. Скаткин бастауыш сынып оқушыларына берілетін материалдарда проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптаса, В. В. Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Атақты психологтар С. Л. Рубинштейн мен Б. Г. Ананьев танымдық қызығушылықтың субъектінің объектімен өзара әрекетке түсу барысында пайда болатын күрделі диалектикалық процесс түрінде көрсетті.
Г. И. Шукина еңбектерінде танымдық қызығушылықтың оқушының жеке адам болып қалыптасу процесінде жетіліп, маңызданып, байитын дәлелдейді. Н. Ф. Талызина тәжірибесінде жаңашыл-педагогтардың жаңа әдістер қолдана отырып, маңызды мәселе шығарып, ғылыммен бекітілген әдіс-тәсілдерді меңгерген жағдайда ғана оқушыда танымдық қызмет қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды. Дидактиктердің зерттеулерін негіздей отырып қазіргі педагогикалық даму ерекшеліктерін, оқушының ақыл-ойын дамыту, таным қызығушылығын арттыру, қажеттілігі ескерілуде. Танымдық қызғушылық оқу-тәрбие жұмысының шарты ғана емес, сонымен бірге нәтижесі.
Психологиялық- педагогикалық зерттеу бастауыш сынып оқушыларының танымдық қазағушылығын қалыптастырады. Оқушы дүние танымының кеңеюі танымдық қызығушылықтың артуында өзгерістер енгізеді.
Халыққа білім берудің алғашқы тәжірибе станциясындағы жұмысты басқарған педагог С. Т. Шацкий тәжірибесінде мектепті өмірмен байланыстыру, балаларды белсенді қызметке тарту айқын байқалады. С. Т. Шацкий мұғалімдерден балаларын тәжірибесіндегі қызығушылық пен кедергілерді тереңірек оқып үйренулерін талап етті.
Н. Ф. Талызина бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мынандай түрлерін ұсынды: дидактикалық ойындар, көрнекі құралдар, проблемалық оқыту. Оқыту процессінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. А. С. Макаренконың іс-тәжірибесінен мынандай ой қорытындыларын көруге болады. Ол ұжымның қызметіне қызығушылықтары бойынша тексерудің жаңа мүмкіншіліктерін ашты. Ұжымдағы ағарту жұмысы тәрбиеленушілердің қызықтарының негізінде құрылған, білім ұжымдық әрекетте жинақталады. Бүгінгі заманға байланысты ойын туралы теория зерттеулері балалардың өміріндегі орны мен олардың дамуына зор әсер тигізетінін дәлелдеді.
Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетінін дәлелдеді. /29112/
Психолог А. С. Выготский:” Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді - дейді. /16. 150/
Я. А. Коменский “ойынды рухани және дененің даму қозғалысы” - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты. /30. 160/
К. Д. Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді және нәтижелі болады - деді. /67. 78/
Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог Сухамлинский В. А. терең және жан-жақты қарастырды.
Павлыш мектебінде кіші жастан жоғары жастағы балалардың танымдық қызығушылығын оятудың жүйесін ойлап тапты. Оқу процесін осылай ұйымдастырғанда оқушылар қызығушылықпен органикалық түрде ғылыми білімдер мен дене еңбегін байланыстыра алады. Соңғы жылдары оқытудың белсенділігін арттыру жолдары толықтырылады және дамыта оқыту, проблемалы оқыту, пән аралық байланыстар мен техникалық оқу құралдарын пайдалану назарға алынды. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру бойынша жұмыстары жүргізіп, әр сабақта идеялықәдістемелік, жоғары дәрежеге жеткізу, оқыту мен тәрбие берудің дамыта оқытудың жолдарын іздестіруінде.
Танымдық белсенділіктің мынадай көріністеріне назар аудару керек: білуге деген ықыластың, ұмтылыстың, шабыттың жоғары болуы; оқушылардың өзіндік дербестігі, сұрақ беруге құмарлығы, пікір-талас тудыруға ықыласы, оқушылардың матеиалды еркін, өз сөзімен айтып беру мүмкіндігі және шығармашылық әрекетінің жоғары болуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz