Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру


Педагогика пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Қазіргі заманғы сынып жетекшінің моделі, рөлі»
ЖОСПАР
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтық тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.
Сынып жетекшісінің біліктілігі балалар әлемі терең түсінуге негізделген педагогикалық білім екендігі даусыз. Ережеге сәйкес, сынып жетекшілікке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі мектеп директорының жарлығымен тағайындалады. Ол тәрбие жұмысын өзіне сеніп тапсырылған сынып ұжымымен, сондай-ақ, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, оқушылардың қоғамдық ұйымдары, олардың ата-аналарымен мектептен тыс мекемелерімен, жалпы жұртшылықпен тығыз байланыста іске асыруға бар күш-жігерін жұмсайды.
Сынып жетекшісі жаңа қоғамның барлық өзгерістерін терең түйсініп, қызметіне пайдалана алғанда ғана өз міндеттерін орындай алады. Артта қалушылық - антипедогогикаға ұрындырады.
Талмай үйрену, қажыр-қайрат, төзімділік, ұстамдылық, кешірімділік, жауапкершілік қажет.
Ата-ананы, отбасының әдет-ғұрпын сыйлау, қандай жағдайда да, тіл табысу, мектепке тартудың жолдардың неғұрлым көбірек пайдалану. Білімсіздігін оқушыға да, ата-анаға да көрсетпеу, педогогикалық такт және арақашықтықты үнемі есте сақтау қажет.
Жаңа заманның жаңа қарым-қатынасына төселе отырап, жаңа педогогикалық технологияны, ақпараттық жүйені меңгерген педагогқа сынып жетекшісі болу қиынға түсе қоймас.
Елімізде болып жатқан өзгерістер мектептің өз жұмысын ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдістерін іздестіруді, басқару ролінің өсе түсуін талап етеді. Мектептің басқару жүйесіне мұғалімдер, ата-аналар, оқушыла ұжымы кіреді. Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушы бірлесе отырып, білім берудегі ұстаздың, оқушының, ата-ананың міндетін анықтайды. Оны реттеуші сынып жетекшісі болғандықтан оның жұмысының мазмұнының өзгертіп, жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сынып жетекшісінің басқарушылық қабілетінің жоғары болуы- уақыт талабы.
Осындай талаптарды ескере отырып, курстық жұмыстың тақырыбын «Қазіргі заманғы сынып жетекшісінің моделі, рөлі» деп алдық.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - қазіргі заманға сай сынып жетекшісінің моделін, оқу-тәрбие процесіндегі атқаратын қызметі мен негізгі міндеттерін жүйелеу, негізгі жұмыс формаларын анықтау.
Зерттеу нысаны: Мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Оқу-тәрбие процесіндегі сынып жетекшісінің қызметі.
Осы мақсаттан кейін мынадай міндеттер туындайды:
- оқыту процесінде сынып жетекшісінің жұмысының ерекшеліктері мен шарттарын анықтау;
- сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен атқаратын қызметтері жайлы педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену, жинақтау және талдау;
- сынып жетекшісінің жұмыстарын ұйымдастырудың нәтижелігін
анықтау;
- Іс-шараларды ұйымдастыру формалары бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеудің әдіснамалық негізгі жеке тұлғаны қалыптастыру процесіне әрекеттік қатынас теориясы, тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі қағидалары, мемлекттік құжаттар.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2-тараудан, әдебиеттер тізімінен, қорытындыдан, қосымшалардан тұрады. Кіріспеде таңдап алған тақырыптың көкейкестілігі неізделеді, зерттеу проблемасы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негізгі және әдістері көрсетіледі.
Бірінші тарауда педагогикалық зерттеулердегі сынып жетекшісінің моделі, рөлі, міндет- мақсаттары, оның жүргізетін жұмыстарының мәні және ұйымдастыру шарттары мен ерекшеліктеріне сипаттама беріледі.
Екінші тарауда сынып ұйымдастыру жолдары көрсетіліп, олардың оқу-тәрбие процесіне әсері айқындалады, сынып жетекшісінің құжаттары және оқушылармен жүргізетін педагогикалық зерттеу жұмыстары көрсетіледі.
Қорытындыда тұжырымдама жасалып, ұсыныстар берілді.
1. Қазіргі сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерінің ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Сынып жетекшісінің моделі, оқу-тәрбие процесіндегі рөлі
Сынып жетекшісі мектеп әкімшілігінің сыныптағы өкілі - оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушы. Оқушылардың ақылшысы, тәрбиешісі. Сынып жетекшісі - педагог (тәрбие жетекшісі) ұғымынан туған. Жетекшілік барлық мұғалімнің қолынан келе бермейді. Жетекші болып жаратылу қажет. Жақсы жетекші шәкірттің өмірде жол көрсетуші маягі тәрізді.
Қазақстан Республикасында сынып жстекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер - педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
- Жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
- Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
- Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; төрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
- Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда,
кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде - көмекші, кеңесші;
- Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы; Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық, тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші,
Сынып жетекшісініқ негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты, ол:
Әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интеллекпашн дүрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау.
Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі анықталады. Әрайда баланың білім деңгейінің өзгерісі бақыланып, сарапталады. Ол үшін пән мұғалімдері сынып жетекшісіне ай сайын жекелеме жұмыстың нәтижесін, баланың үлгерімі жайлы есеп береді. Яғни, сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.
Сынып жетекшісінің негізгі міндетті қызметтері оның жұмысының бағыттарын анықтауға көмектеседі.
Оқу - ең қиын әрекеттердің бірі. Осы кезеңде сынып жетекшісінің қорғау ісі „оқу" бағдарламасы бойынша жүреді, олар: баланың сабақ үстіндегі жұмысын көру (сабаққа кіру арқылы) ; „кіші кеңеспен" жұмыс істеу, кейбір пәндер бойынша оқушыларға көмек ұйымдастыру, басқа пән мұғалімдерімен бірге балалар көзқарасын, дүниетанымын кеңейтетін қызықты кештср ұйымдастыру; отбасымен келісе отырып, ата-аналар жағынан көрсететін көмекті жан-жақты ойластыру, жоспарлау;
Оқушының қалыптасуына үлкен ықпалы бар өріс - оның бос уақыты. Осы бос уақыт өрісінің үш міндеті бар:
1. Бала ағзасының демалуы, күш-қуатының жөнге келуі;
2. Қызығушылығы мен қабілетін дамыту;
3. Қызықты адамдармен еркін қатынасу. Бұл өрістің бір ерекшелігі - оқушылар демалыс түрін өздері таңдап алады. Бұл өрістегі әрекеттерді ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің міндеттері мынау: әр баланың құштарлығын анықтау, үйірме
таңдауға көмектесу, таным, мәдени көзқарастарын кеңейту мақсатымен әдеби, тарих, т. б, кештер ұйымдастыру; сабақты нашар оқитын оқушылардың дер кезіндс жақсы жақтарын байқап, сынып балаларына көрсете білу.
Сынып жетекшілері және пән мүғалімдері сыныптағы педагогикалык процестің тұтастығын, мақсаттылығын бірге қамтамасыз етуге міндетті. Олар оқушылар ұжымы мен және жекелеген оқушымен жұмыс барысында жалпы білім беру және тәрбие мәселесіне қатысты міндеттерді бірлесе шешеді: таным белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, жауапкершілігін дамыту т. с. с. Мұндай жүмыстың нәтижелі болуы, көбінесе ондағы мақсат пен міндеттердің, соған сәйкес нақтылы бір сыныпта жұмыс істейтін мүғалімдердің педагогикалық әрекеттеріндегі өзара үйлесімділіктің болуына байланысты. Сондықтан, кез келген мұғалім өзін кәсіби және тәрбиелік әрекеттерінің нәтижелі болуын қамтамасыз етуде осы бағытта күш-жігерін біріктіру немесе үйлестіруге мүдделі болады. Оның негізгі ұйтқысы және ұйымдастырушысы - сынып жетекшісі. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешуі тиіс:
- сол сыныптағы пән мұғалімдерінің дара ерекшеліктерін, олардың балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы мүмкінділігін танып білу;
- мұғалімдердің педагогикалық әрекетінің, балалармен қарым- қатынасының ерекшеліктерін танып білу; мұғалімдер мен сыныптағы оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасындағы үйлесімділік жағдайын реттеп отыру; педагогикалық әрекеттің жалпы мақсатын анықтау, оған қол жетуде барлық қатысушы жақтардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру; мұғалімдердің балалар және ата-аналармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы мүмкіндіктерін педагогикалық тұрғыдан пайдалану тиімділігін қарастыру.
Сынып жетекшісі мен пән мүғалімдерінің өзара байланысының негізіне:
- балалар, олардың өзара қарым-қатынасы, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және оның нәтижесі туралы өзара ақпарат алмасу; күрделі мәселелерді шешуде өзара көмек, өзара қолдау көрсету; сыныптың және әрбір оқушының нәтижелі жұмыс істеуіне мүдделі болу; педагогикалық; мәселелерді шешудің жолдарын бірлесе қарастыру, сыныптың алдына қойылған мақсат пен міндеттерін атқаруда бірлесе күш жұмсау; атқарылған шаралардың нәтижесін бірлесе талдау; сынып ұжымымен немесе жекелеген оқушымен болашақта атқаратын жүмыстарын бірлесе анықтап, белгілеу.
Сынып жетекшісі мұғалімдердің оқушылар ұжымымен жұмысындағы жалпы мақсат пен міндеттерін анықтауда, оның жолдарын және негізгі педагогикалық құралдарын белгілеуде, сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сол сыныпта сабақ беретін көп мұғалімдерді тартады, олардың оқу жұмыстарындағы әрекетін, оқушылар ұжымымен және жекелеген оқушылармен жұмысын үйлестіреді. Сонымен қатар, оқушылардың танымдық, тәрбиелік мүмкіндіктерін танып білуде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Олармен бірлесіп әр түрлі диагностикалық, карталарын құрып, дайындайды.
Кейбір балалардың, оқу қабілеттерін анықтап, бағалауды олардың ата-аналарымен және пән мүғалімдерімен бірлесе жүргізеді. Мұндай жағдайда әр түрлі мәліметтерді салыстырып, талдаудың және оның нәтижесімен мүғалімдерді таныстырып отырудың маңызы ерекше.
Бір жағдайда, сынып жетекшісі балалар жайында мүғалімдерден, ата-аналарынан және өзінің педагогикалық әрекетінен алған әр түрлі мәліметтерді күнделікті тәрбие жұмысын ұйымдастыруда пайдаланады. Ал, екінші жағдайда, сол сыныптағы пән мұғалімдерінің сынып туралы нақтылы көзқарасын орнықтырып, мүмкін болған жағдайда, қосымша тың мәліметтермен қаруландырып отырады. Ол пән мұғалімдерінің педагогикалық әрекетін, олардың оқушылармен жұмыс істеу тәсілдерін алдағы уақытта алдын-ала болжап, түзетіп отыруға жағдай жасайды. Сондықтан, пән мұғалімдерін балалар мен сынып ұжымын зерттеп тануда, оның амал-тәсілдерін таңдауға, педагогикалық процестің өң бойын болжауға оларды тарту орынды. Себебі, олар сыныппен жұмыс істеу барысында өздерінде туындап отырған мәселелерін ескере отырып, соған сәйкес тәрбие жұмысының нәтижесін арттыруға, оның мазмұнын толықтыруға пайдасын тигізері анық.
Сынып жетекшісі пән мұғалімдерін балалардың даму козғалысымен, олардағы жетістіктер мен қиындықтар және жанұядағы өзгеру туралы үнемі жүйелі түрде хабардар етіп отыруы тиіс. Сол үшін де пән мұғалімдерімен кеңесіп, одан шығу жолдарын іздеуде бірлесе отыра өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ, ол пән мұғалімдері мен ата-аналардың қарым-қатынасын реттеп, олардың бала тәрбиесіне қатысты мәліметтер алмасуды, оқушылардың үй тапсырмасын нәтижелі орындауға қажетті кеңес беруін қамтамасыз етуді көздеп, өзара кездесуін ұйымдастырып отырады.
Әсіресе, пән мүғалімдерін сыныптағы тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, соған сай жоспар құруда оларды таратудың да маңызы зор. Сынып жетекшісі тәрбие жоспарын құру, жаңа идеяларды және соларды жүзеге асыруда нақтылы формаларды іздеу барысында пән мұғалімдеріне темендегідей сұрақтарға жауап беруді ұсынады:
1. Сыныпта қандай мәселе бірінші кезекте шешімін табуы керек деп ойлайсыз?
2. Бұл мәселені шешуде қандай шараны ұйымдастыру қажет деп ойлайсыз?
3. Сіздің қатысуыңызбен қандай шара немесе жұмыс формасын ұйымдастыру қажет деп ойлайсыз?
4. Сіздің пән бойынша оқушылармен қандай сабақтан тыс жұмысты өткізу қажет деп ойлайсыз'?
5. Ата-аналармен қандай мәселені кеңесу керек деп ойлайсыз?
Сынып жетекшісі бұл сұрақтардың жауабына қатысты материалдарды ұжымдық жоспарлау барысында қолданады, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, пән мұғалімнің ұсыныстарын жоспарға енгізеді. Тіпті, ол жоспарлау барысында пән мүғалімдерінің оқушылармен бірлесе кеңес құруына ынталы болады.
Мұндай жұмыстардың әрбір кезегінде оның нәтижесін бірлесіп талдау, қорытынды жасау маңызды әсіресе, оны балалар ұжымымен бірлесе атқарған абзал. Сондай-ақ, жаңадан келген мұғалімдерге ерекше назар аудару қажеттілігін де естен шығармау керек. Олар үшін сыныптағы жағдай жеткілікті таныс болмағандықтан, сынып ұжымы және жекелеген оқушылардың ерекшеліктерімен, сыныптың жай-күйімен, ондағы мақсат, міндеттермен, ондағы тәрбие жұмысының барысымен т. с. с. ең қажетті деген мәліметтермен бірінші кезекте таныстырып отыру тиімді болмақ.
1. 2 Сынып жетекшісінің мақсат-міндеттері, негізгі атқаратын қызметтері
Сынып жетекшісінің жұмысы мектеп уставымен белгіленеді. Алайда бұл тізім оның іс-әрекетінің барлық жақтарын қамти алмайды. Оны іс-әрекетінің әртүрлі жақтары көптеген зерттеулерде қарастырылған (әдіс және әдіснамаларда) .
Дәстүрлі емес әдістемелерде сынып жетекшісінің негізгі қызметтері:
а) Баланың денсаулығын сақтау.
э) Баланың адамгершілігін тәрбиелеу.
б) Баланың қабілетін дамытуға қамқорлық.
1. Сыныптың мектептің тіршілік қызмет-әрекетін (Н. Е. Шуркова) ұйымдастыру:
- әрбір оқушыны қажетті оқулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамассыз ету;
- баланың көзінің көруі, құлағының естуі, оның бойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай оқу бөлмесіне санитарлық-гигиеналық талаптарға сай қамтамасыз ету;
- сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы;
- мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалық ережесін қамтамасыз ету;
- оқушы өзін ретке келтіре алатын дәретхана бөлмелерінің орналасуы мен оларды пайдалану мәдениетін ескерту;
- сынып бөлмесінің ішкі керінісін, бөлменің жарықтығы, бөлменің көркем-әдемілгін сақтайтын кезекшілер қою;
- әрбір баланың киімі мен аяқ киімін гигиена, эстетика тұрғысынан деген талап қою; әрбір оқушының сабақ кестесі мен сынып бөлмелерінің орналасуынан хабардар ету;
- оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап, ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру;
- оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.
2. Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру:
- балаға дүниенің көпжақтылығы мен күрделілігін, қарама-қайшылықтарын, танымдық іс-әрекетін ашу;
- баланы дүниедегі адам өміріне қажетті құралдары, материалдық құндылықтарға жататын еңбектің іс-әрекеті;
- баланың күш-жігерін, езінің денесіне, денсаулығына, ағзасының сұлулығы мен күшіне, адамның өз денесін билей алатын спорттық іс-әрекет;
- балаға дүниені көркем образдар арқылы тануға, көркемдік заттар тудыра отырып, дүниені көркейтуге мүмкіндік беретін іс-әрекет.
3. Өмірді түсініп, сезінудің рухани іс-әрекетін ұйымдастыру, ол дегеніміз - оқушылардың рефлексиясы, өмір құндылықтарын түсініп, сезінудегі өзіндік талдауға және өзінің ішкі дүниесін дамытуға жәрдем беру.
4. Тәрбие нәтижелерінің диагностикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің диагностикалық іс-әрекеті тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда келтірілген жеке тұлғаның қасиеттері оқу барысында сабақта да, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында да қалыптасады. Оқушылардың оқу пәндеріндегі тәрбиелік материалдар да аз емес.
Қазақстан Республикасы мектептеріндегі ағарту мазмұны күннен күнге жетіліп келеді. Оны өнегелілік түрде түсініп, ұғыну - мұғалім алдында тұрған маңызды мәселе. Мұғалім оқу пәндеріндегі тәрбие мұмкіндіктерін білуі тиіс. Бұл орайда гуманитарлық саладағы пәндердің орны ерекше. Көптеген мұғалімдердің сабақтың тәрбиелік міндеттерін орындау мүмкіндік деңгейіне дейін нақтыландырып, дегенмен педагогикалық процесс барысында жүзеге асыра алмайтынын ескеретін болсақ, сынып жетекшісінің жауапкершілігі арта түседі.
Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері:
Оқушының өнегелі дара тұлғасын қалыптастыру және дербестігін жетілдіру үшін қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі, олардың тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді.
Оқушының дара тұлғасын, оның бейімділігін және қызығушылығын оқытуды жүзеге асырады.
Әрбір оқушы үшін қолайлы микросфера және моральды-психологиялық климат жасайды.
Қарым-қатынасты жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Оқушыға жолдастарымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынаста туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі.
Оқушылардың дара тұлғасын өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттайды.
Оқу әрекетінде оқушыға көмек беруді жүзеге асырады.
Оқушыға мекемелерінде, тұрған жерлерінде ұйымдастырылған бірлестіктер, секциялар, клубтар, үйірмелер жүйесі арқылы қосымша білім алуға көмектеседі.
Оқушының жас қызығушылығына және өмір талаптарына сәйкес сынып ұжымының өмір әрекеті мазмұнын жаңартады.
Оқу іс жүргізу кезінде оқушының өміріне, денсаулығына және қауіпсізділігіне жауапкершілік алып жүреді, оқушының құқығы мен еркіндігін сақтайды.
Оқушы өзін-өзі басқару ұжымдарымен бірге салауатты өмір салтын насихаттауды белсенді жүргізеді.
Мұғалімдермен, ата-аналармен (олардың орнын ауыстырушылармен) тығыз байланыста жұмыс істейді.
Білу керек:
Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы үкіметінің және білім басқармасы ұжымдары ұстаздық шешімдерін, баланың құқы жөніндегі Конвенцияны, педагогиканы, балалардың жас және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын, балалар мен жасөспірімдердің жеке және жас ерекшеліктерін, жас физиологиясын, мектеп тазалығының, ұстаздык мәдениетін, педагогикалык этиканы, тәрбие жұмысының әдісі мен теориясын, оқушының бос уақытын ұйымдастыруды, еңбек заңының негіздерін, еңбекті сақтаудың нормалары мен ережелерін өртке қарсы қорғануды және техника қауіпсіздігінің сақталуын білуі керек.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеті:
1. Сыныпта оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және оның орындалуын қамтамасыз ету:
2. Оқушыларды сыныптық және коғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту;
3. . Әр оқушының жеке басының қасиетін жан-жақты бақылап, зерттеу;
4. Әрбір оқушының жеке психологиялық ерекшелігін есепке ала отырып олардың кәсіптік бағдарлылығын әрі өмірлік ұғымын қалыптастыру, қабілетін және танымдылық қасиетін дамыту;
5. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
6. Тәрбие жұмысының нәтижесін көрсететін құжаттармен жұмыс (іс-қағаз, сынып журналы, күнделік, сынып жетекшісінің журналы) және олардың сақталуына міндетті;
7. Бала тәрбиелеуде мектеп және сыныпта жұмыс істейтін барлық мұғалімдермен отбасы тәрбиесіндегі талаптар бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналармен тығыз байланыста болу;
8. Өзінің білім деңгейін жетілдіру / педагогикалық, психологиялық/;
9. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметі
Күнделікті:
1 Сабақка кешігіп келген оқушылармен жұмыс және оқушылардың сабаққа келмей қалған себептерін анықтау.
2 Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
3 Оқушылармен жеке-дара жұмыс жүргізу
Апта сайын:
1 Оқушылардын күнделіктерін тексеру.
2 Жоспар бойынша сыныппен іс-шара өткізу.
3 Ата-аналармен жүмыс.
4 Пән мұғалімдерімен жұмыс.
5 Оқушылардың ауырып қалуына байланысты алған анықтамасы бойынша мектеп дәрігерімен кездесу.
Сынып ұжымының іс-әрекетін ұйымдастыру
1. Сынып жетекшісінін журналын жүргізу.
2. Сынып ұжымын ұйымдастыру: тапсырмаларды бөліп беру, сынып белсенділерімен жұмыс, оқушылар кеңесіне сынып мүшелерін бағыттау, әрбір ұжымдық шығармашылық жұмысты дұрыс ұйымдастыру, аға кезекшінің жұмысына жәрдемдесу.
3. Сынып бойынша мектептегі, асханадағы кезекшілікті ұйымдастыру.
4. Бекітілген бөлменің санитарлық күйін қадағалау, сақтау.
5. Тәрбиеленушілердің сырт көрінісіне мән беру.
6. Тамақтануды ұйымдастыру.
7. Сыныптың қаржылай қажеттігін қамтамасыз етуді ойластыру (сынып қоры, түрлі қызметтердің төленуі және т. б. ) .
8. Жағымсыз лидерлерді айқындауға диагностикалық зерттеу жүргізу және оның әсерін жою, сондай-ақ оның бағытының мүмкіндіктерін қарастыру.
9. Жағымды лидерлерді, үздік оқушыларды анықтау, олардың беделін көтеру, тұлғалық сапаларын даралап көрсету.
10. Ұжымның қызметін ұйымдастыруда төмендегідей шарттарды есепке алу:
- оқушылардың қызығушылығын, ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін тұрақтандыру мақсатында іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруда аздаған үзілістердің болуын қарастыру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz